Шығындардың экономикалық мәні


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1-тарау. Шығындарға сипаттама және оларды жіктеу . . . 6
- Шығындар туралы жалпы түсінік . . . 6
- Шығындардың экономикалық мәні . . . 8
2-тарау. Шығындар жіктелуінің негізгі бағыттары . . . 18
2. 1. Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу, мақсаты және
мәні . . . 18
2. 2. Шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу . . . 24
- Өнімнің өзіндік құнын, табысты анықтаудағы шығынның жіктелуі . . . 28
2. 4. Өндіріс есебінің шоттар жүйесі, аналитикалық есепті ұйымдастыру . . . 33
Қорытынды . . . 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 39
Кіріспе
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет. Бухгалтерлік ақпаратты жіктеудің көптеген сызбалары бар, олардың біреуін эталон деп бөлу мүмкін емес, өйткені жіктеу сызбасы ақпарат тағайындауына байланысты. Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. асқару есебінде бухгалтерлік ақпаратгың қалыптасу қағидаттары үш бағытта қолданылады.
Осы тақырыптың маңыздылығы - шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- шығындар туралы жалпы түсінікті айқындау;
- басқару есебінде қолданылатын шығындардың мақсаты және мәнін көрсету;
- шығындар жіктелуінің негізгі бағыттарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
- шығындардың жіктелуін анықтау;
- өндіріс есебінің шоттар жүйесін, аналитикалық есепті ұйымдастыруын анықтау;
- шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктелуін қарастыру.
Шығындардың тікелей және жанама болып бөлінуі, материалдардың қозғалысы мен олардың өндірісте қолдануының есебін ұйымдастыру, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу шығындарының есебі өндірістік үстеме шығындар есебі және олардың жеке өнім түрлерінің өзіндік құнына жатқызу тәртібі, сонымен қатар шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын кальқуляциялаудың жеке әдістерін қолдану - тапсырыстық, үрдіспе-үрдіс, қайта бөлу т. с. с - сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар, кешенді өндірістің жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялау және кысқартылған (тұрақты шығындарсыз), және шығындарды толық тарату калькуляциясын қарастырады.
Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.
Шығындардың берілген пайда болу орнында барлық шығындар жинақталатын нұсқасы кезінде, шығындарга бақылау жүйесінде бюджетті-сметалық әдісті пайдалану шындыққа жакынырақ болады.
Курстық жұмыстың өзекті мәселесі - басқару есебіндегі шығындардың түрлері мен олардың түсінігі.
Курстық жұмыстың объектісі - басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі.
Экономикалық әдебиет пен тәжірибеде шығындардың пайда болу орны бойынша таңдалатын шығындардың құрамын топтастырудың екі тәсілі қарастырылады:
- кәсіпорынның қызметімен байланысты тікелей және жанама шығындар;
- өнімдердің барлық түрлері үшін жалпылама сипатқа ие болатын және жекелеген өнім түрлеріне тікелей жатқызбайтын кәсіпорында туындаған жанама шығындар. Тікелей шығындар өнімдердің жекелеген түрлері бойынша есептеледі.
Өндірістік есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады. Мүндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік құн құрылымын - өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді.
Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт - өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсыбір қызмет адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтынның бәрі де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарының мысалы болып табылады.
Бұл есеп кәсіпорын басшылығына мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұтастай кәсіпорынның да, оның құрылымдык бөлімшелерінің де жұмысы тиімділігін ықпалды және жанжақты бақылау өнімнің өзіндік құнын калькуляцияда қажетті; өнімнің жекелеген түрлері арасындағы қосымша шығындарды бөлу.
Басқару есебі ұйымның менеджерлері мен басшыларына шешім қабылдау, жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере отырып, қызмет етеді.
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.
Бухгалтерлік ақпаратты жіктеудің көптеген сызбалары бар, олардың біреуін эталон деп бөлу мүмкін емес, өйткені жіктеу сызбасы ақпарат тағайындауына байланысты.
Шығындарды жіктеу әр түрлі белгілер бойынша жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және қосымша) ; өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама) ; өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты) .
Шешілетін міндеттеріне қарай шығыстарды жіктеу бар: өнімнің өзіндік құны мен алынған пайданы есептеу - келген және шыққан, өндірістік және кезеңдік; бағалауда есепке алынатын және алынбайтын, болашақ кезеңнің шығындарын жоспарлау мен шешім қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең шығыстары), жүктелген, өсіммен артатын және шектік; бақылау мен реттеу - реттелетін және реттелмейтін.
Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт - өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсыбір қызмет адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтынның бәрі өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарының мысалы болып табылады. Шығындар есебі жүйесі екі негізгі іс - қимыл үшін өндірістік шығындар туралы ақпаратты жинайды: жұмыс күшіне шққан шығындар (немесе шығындар қарқыны бойынша, мысалы, өзгермелік және тұрақты шығындар) сияқты белгілі бір категориялар бойынша жіктейді және оларды есеп бағыттары бойынша бөледі.
Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу - болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.
1 Шығындарға сипаттама және оларды жіктеу
1. 1 Шығындар туралы жалпы түсінік
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.
Шығындарды жіктеу әр түрлі белгілер бойынша жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және қосымша) ; өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама) ; өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты) .
Шешілетін міндеттеріне қарай шығыстарды жіктеу бар: өнімнің өзіндік құны мен алынған пайданы есептеу - келген және шыққан, өндірістік және кезеңдік; бағалауда есепке алынатын және алынбайтын, болашақ кезеңнің шығындарын жоспарлау мен шешім қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең шығыстары), жүктелген, өсіммен артатын және шектік; бақылау мен реттеу; реттелетін және реттелмейтін.
Шығындардың пайда болатын жері - кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі, жұмыс орындары, участкелері, бригадалар, цехтар кәсіпорын бөлімдері мен т. б. Мұндай әрбір учаскеге кәсіпорынның шығын пайда болған орын номенклатурасында белгіленетін өз тіркеу номері беріледі.
Шығындар есебі жүйесі екі негізгі іс-қимыл үшін өндірістік шығындар туралы ақпаратты жинайды: жұмыс күшіне шыққан шығындар, материалдар немесе қосымша шығындар (немесе шығындар қарқыны бойынша, мысалы, өзгермелік және тұрақты шығындар) сияқты белгілі бір категориялар бойынша жіктейді және оларды есеп бағыттары бойынша бөледі.
Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.
Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.
Ұзақ уақыт бойы шығындарды «қазандық» деп аталатын тәсілмен анықтап келді, ол кәсіпорынға өндірістің шығын бағыты, пайда болу орындары шығарылатын өнім түрлері бойынша шығындарды бақылау үшін қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін.
1887 ж. ағылшын экномистері шығын туралы хабардар болуды арттыратын және оларды бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін, шығын есебінің икемдірек жүйесін жасауды ұсынды. Оның негізіне шығынды шартты - тұрақты және шартты - өзгермелі деп бөлу жатты. Ғалымдар мынаны анықтады, шартты - тұрақты шығынды өзгерту өндірілген өнім көлеміне тікелей байланысты емес, ал шартты - өзгермелі шығын өндірістің көлемін пропорциональды өсуіне немесе кемуіне тікелей ұлғаяды немесе азаяды. Осы негізде шығарылған және сатылған өнім көлеміне және кәсіпорын пайдасын жоспарлауға байланысты шартты - тұрақты және шартты - өзгермелі шығын жолдауға жол алатын «директ - костинг» тұжырымдамасын ұсынды. Осыған байланысты кәсіпорынның өзіндік құнды толық және дәл анықтау міндетті емес, өзін-өзі ақтамайтын шығынды болдыртпау күннен-күнге көкейкесті болып келуде. Нақты шығындарды мөлшерленгендігімен салыстыратын «стандарт - кост» жүйесінің өмірге келуі міндеттің шешуі болып шықты.
Шыққан шығындар есебі әкімшілік шығыстарды ғана есептеп қана қоймай, аяқталмаған шығыстардың пайда болмауы үшін алдын алып, ресурстарды пайдаланыуды бақылап, дами бастады. Кейіннен бұл жауапкершілік орталықтарының тұжырымдамасы қалыптасуына әкелді, соған сәйкес шығындар кәсіпорын шегінде ғана қарастырылып қоймай, жауапты адамдарды тағайындап, жауапкершілік орталықтары бойынша әртараптандырылды. Осылайша, шығындар есебі өндірістің түпкілікті өніміне назар аударып қана қоймай, тікелей өндірістік процеске де бағытталды.
Басқару есебі жүйесін толық түсіну үшін мынадай ұғымдардың экономикалық мәнін білу және шектеу маңызды.
Шығындар - шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек - жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, «шығындар» ұғымы «өндіріске шыққан шығындар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.
Көбіне экономикалық әдебиетте «шығыстар» мен «шығындар» түсінігі ұқсастырылып, теңестіріліп жүр, алайда бұлардың үлкен айырмашылықтары бар. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес шығысқа шеккен зиян да шыққан шығын да кіреді. Қазақстан Республикасындағы 2002 жылдың 29 қазанындағы №542 «Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздерге» сәйкес шығыстарға ұйымның және т. б. негізгі қызмет барысында туындайтын шығыстар кіреді. Активтердің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндеттемелердің ұлғаюына байланысты болашақ экономикалық пайданың кемуі ұйымның шығыстары деп танылады.
Басқаша айтсақ, шығыстарды ұйымның кіріс алуына байланысты көтерген шығындарының бөлігі деп түсіндіруге болады.
Есепті кезең қатысына орай шығыстар екі категорияға бөлінеді:
- Ағымдағы есепті кезең;
- Кейінге қалдырылған.
Ағымдағы есепті кезең шығыстары ағымдағы есепті кезеңнің шаруашылық іс-әрекетінің фактілеріне байланысты және осы кезеңнің кірістері мен шығыстары туралы есепте танылады.
Есепті кезеңнің кірістерімен өзара байланысының белгілері бойынша олар мыналарға бөлінеді:
- Осы есепті кезеңде алынған кірістермен байланыстырылған шығыстар (негізгі және негізгі емес қызмет шығыстары) ;
- Ағымдағы кірісті алумен байланысты емес есепті кезеңнің осы (ағымдағы) шығыстары. Осы есепті кезеңнің кірістерін алу фактісіне қарамастан, кірістер мен шығыстар туралы есепте және ағымдағы есепті кезеңде танылады, мойындалады. Олар көбіне кірістің бары немесе жоғынан (мысалы, активтің амортизациясы, кеңсе бөлмелерін жалға алу жөніндегі шығыстар) гөрі, кезеңнің бар болуымен негізделеді.
Кейінге қалдырылған шығыстар болашақта ықтимал кірістер алу мақсатымен есепті кезеңде жүзеге асатын ұйымның ресурстарын қолдану жөніндегі шаруашылық операцияларымен байланысты. Олар ұйым балансында капиталдандыруға жатады.
Ұйымның болашақтағы ресурстарында пайда болу мүмкіндігі белгілеріне қарай кейінде қалдырылған шығыстар былайша бөлінеді:
- Инвестициялар (күрделі қаржы) ;
- Болашақ кезең шығыстары.
1. 2 Шығындардың экономикалық мәні
Шығындар өндіріске және өнімді шығаруға қолданылатын белгілі бір кезеңдегі қорлардың ақшалай көлемін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын, айналымын және өнімнің өтімін көрсетеді.
Шығындар өндірісте жұмсалатын ресурстар (табиғи, еңбек,
құрал-жабдықтар, техника, ақпараттық және т. б. ) жиынтығынан тұрады.
Өндіріс шығындары өндіріске қажетті факторлардың төлемін көрсетеді. Осы өндіріске қажетті факторларды зерттеу дайындалған өнімді сатудан түскен пайда көлемінің шығындарды жабуы мен жағымды пайда әкелуіне жеткіліктілігін қамтамасыз етуі қажет. Пайда кәсіпкерлік қызметтің дамуының кепілі болып табылады. Бірақ, аталған мақсаттарға қол жеткізу жұмсалған шығындар көлеміне тәуелді болады. Сол себепті өндіріс шығындары экономикалық талдаудың маңызды бөлігі болып табылады.
Кәсіпкердің шығындар мен пайдаға деген өз көзқарасы болады. Белгілі бір шығындарды жапқаннан кейінгі пайда өндірістің жақсы мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет. Айтарлықтай тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін шығындар пайдадан аз болуы қажет.
Өндіріс шығындарын көптеген экономистер зерттеген, соның ішінде К. Маркс. Маркстың мақсаты ерекше болды. Ол жалдамалы еңбек эксплуатациясының аспектілерін жан жақты қарастыруды көздеді.
Маркс шығындардың мәнін зерттеудің көмегімен келесі проблеманы
көрсетті - капиталдың орташа пайда нормасын қалыптастыруды талдау қажеттілігі.
Қазіргі таңдағы экономистер өндіріс шығындарын кәсіпкер тұрғысынан қарастырады. Кәсіпорынның оңтайлы стратегиясын негіздейтін міндеттерді шешу барысында өндірістің кез келген факторын сатып алуға жұмсалған әрбір доллардың үстінен таза пайда алу принципіне негізделген мақсатқа қол жеткізіледі. Осылайша, қазіргі таңдағы экономистер дәл Маркстің нәтижесіне қол жеткізді - пайданың орташа нормасын қалыптастырды.
Өндіріс шығындары тауарды дайындау үшін қажетті шығындарды көрсетеді. Бұндай шығындарға материалды өтеуге (шикізат, жанармай, энергия), жұмыскерлердің еңбек ақысын өтеуге, амортизацияға, өндірісті басқаруға кеткен шығындар жатады. Тауарды сату барысында оның құны ақшаға (ақшалай табысқа) айналады. Ақшалай табыстың бір бөлігі өндіріс шығындарының орнын толтыруға кетеді, ал қалған бөлігі пайда болып табылады.
Осылайша, өндіріс шығындары - аталған дайын өнімнің өндірісіне кеткен шығындары болып табылады.
Маркс бойынша айналым шығындары тауарды ұйымдастырумен байланысты, ол таза және қосымша болып бөлінеді. Айналымның таза шығындары өзіне таза күйінде сатып алу-сатумен байланысты шығындарды қосады, атап айтқанда сауда өткізу персоналының еңбек ақысы, сауда орталықтарын ұстап тұру, тұтынушылық сұранысты зерттеу, кеңес беру
және т. б.
Аталған шығындар тауар құнын жоғарылатпайды, ұйымдастырудан келген пайдадан орнын толтырады. Қосымша шығындарға тауарларды орауға, сақтауға, жеткізуге, сорттауға кеткен шығындар жатады. Бұл шығындар айналым сферасында тауар өндіру процесін жалғастырумен байланысты. Айналымның қосымша шығындары тауар құнына кіреді және ұйымдастырудан түскен пайданын есебінен орнын толтырады.
Экономикалық ғылым және тәжірибе шығындарды зеттеуді өндірістің дамуымен бір мезгілде жүргізеді. Қазіргі таңда шығындарды зерттеудің келесі қадамдарын атап көрсетуге болады. Шығындарды еңбек құны теориясына негіздей отырып анықтау, ұлттық шаруашылық және шаруашылық
жүргізуші субъектілердің шығындары бұл дегеніміз тек қана еңбек болып табылады.
Тәжірибеде шығындар құрамында кейбір шектеулі ресурстардың қолданылуы ескеріледі:
- капитал салымдары;
- негізгі және айналым қорлары;
- табиғи байлықтар.
Логистикалық теория тұрғысынан шығынның мәні дегеніміз бұл энергияны жұмсау, яғни адамның физикалық және интеллектуалды энергиясын жұмсауы. Қазіргі таңда шығындарды еңбек құны теориясы тұрғысынан анықтау толық және терең болып табылмайды, оның артықшылығы бар деп айту қиын, ал шығындарды логистикалық тұрғыдан философиялық-теориялық анықтау толықтай өңделмеген. Сол себепті біз шығындар анықтамасын жалпы қалыптасқан тәжірибелік тұрғыдан қарастырамыз.
Кәсіпорынның шығындары туралы түсінік үш маңызды жағдайға негізделеді:
- шығындар белгілі бір кезеңде өнімді өндіру кезінде қанша және қандай қорлар шығындалғанын көрсете отырып, қорларды қолдану арқылы анықталады;
- қолданылған қорлар көлемі ақшалай және натуралды бірліктермен көрсетіледі, бірақ экономикалық есептеулерде шығындардың ақшалай көрінісіне жүгінеді;
- шығындарды анықтау әрқашан белгілі бір мақсаттарға сай жүргізіледі, яғни ақшалай көріністегі қолданылған қорлар көлемін өнімді өндірудің негізгі функциялары және оның жалпы кәсіпорын немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері арқылы есептейді.
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т. б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар.
Кәсіпорын табысы екі түрлі көрсеткішке тәуелді болады:
- өнім бағасы;
- өнім өндірісіне жұмсалатын шығындар.
Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағдайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар - өндіріс шығындарына қарағанда басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін.
Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.
Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.
Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты шығындар қосылады:
- ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде өндірістің ұйымдастырылуы;
- табиғи шикізаттарды қолдану;
- өндірісті дайындау және үйрену;
- өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен қатар өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ тұтыну және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды емес сипаттағы шығындар) ;
- рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын жүргізу, моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру, авторлық сыйақы төлеу және т. б;
- өндірістік процеске қызмет ету;
- өндірісті шикізат, материал, жанармай, энергия, құрал-саймандар және басқа да еңбек құралдары және заттарымен қамтамасыз ету, негізгі өндірістік қорларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау,
санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкес жұмыс жасау;
- қалыпты еңбек жағдайын және техника қауісіздігін қамтамасыз ету;
- өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару аппараты
қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық бөлімшелерін,
іс-сапарларын қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік шығындар және т. б;
- кадрларды дайындау және қайта дайындау;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.
Кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын) өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) кәсіпорынның негізгі құралдары және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, материалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz