Мұнай өндіру саласының пайдалылық деңгейіне әсер етуші инвестиция көрсеткішінің тренд үлгісі


- ЖОСПАР
КІРІСПЕ
- Негізгі бөлім:
1. Экономикалық өсу түрлері және себептері.
2. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.3. Мұнай өндіруші салалардағы экономикалық өсудің қазіргі жағдайы.
II негізгі бөлім : Экономикалық және экологиялық дамудағы тұрақты жағдайдың маңызы
1. Экология мен экономиканың қатынасы
2. Экономикадағы экологиялық факторлар
3. Тұрақты дамудың міндеттерін шешуде экологиялық-экономикалық механизимнің тиімділігін арттыру
4. Жер ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың әдістері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
- КІРІСПЕТаңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Өсу жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының жағдайын көтеруге және туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру - макроэкономикалық реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты. Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар дамуының маңызды көрсеткіштері болып қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі болып табылады. Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында өнім өндіруді жоғарлату сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінгі күнде жас мемлекет бұл мәселелерді сәтті шешіп келе жатыр, бірақ экономикалық өсу қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл сұрақ өте маңызды және дер кезде қаралуын талап етеді. Курстық жұмыстың мақсаты - экономикалық өсудің теориялық және практикалық аспект жетістіктерін оқу. Қойылған мақсатқа қарай, қаралатын мәселелер: экономикалық өсу түсінігін қарастыру; экономикалық өсуге әсер ететін факторларды көрсету; экономикалық өсудің негізгі көрсеткіштерін анықтау;
экономикалық өсудің типтерін қарастыру;
экономика дамуын жоғарлатудағы мемлекеттің ролін анықтау;
ҚР-ның қазіргі экономикалық даму жағдайын сараптау;
Болашақта дамуын анықтау;
Берілген тақырып өзінің белсенділігінің арқасында көптеген батыс экономисттері Ж. . Б. Сэй, Дж. Кейнс, Солоу, Сакс және отандық озық ғалымдар К. Н. Нарыбаев, С. С. Оспанов, Б. М. Мұхамедиевпен қарастырылған. Айналадағы табиғи ортаны қорғау, яғни экология проблемасы бүгінгі таңда жер бетіндегі бүкіл адамзатты толғандырып отыр. Оның бүгінгі заманғы негізгі проблемалардың санатында аталуы әсте кездейсоқ емес. Сондықтан табиғатты қорғау жөніндегі іс-әрекетімізді жандандырып, ұлғайта түсу, онда қоғам, адамзат үшін қолайсыз, зардапты өзгерістерді барынша болдырмау және мүмкіндігінше азайту- баршамыздың қасиетті борышымыз.
Экология проблемасы қысқа мерзімді, өткінші науқан емес, ол мақсатты түрде жүргізілуге тиісті процесс. Ал өндірістің уақыт талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, өзгерістер енгізіліп отыратыны сөзсіз. Ендеше осыған орай табиғаттың өндіріспен өзара байланысы ұдайы да өзгеріп отырады. Өндірістің дамуы нәтижесіндегі антропогендік әсерлер топырақтың құнарлығына, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төніруде. Сондықтан аталмыш мәселе жөніндегі білімді әрдайым тереңдетіп, кеңітіп отыру қазіргі заман талабы.
1. Экономикалық өсу түрлері және себептері.
2. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
Мақсаты: Экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторларын және модельдерін қарастыру арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелеріне басты назар салу керек. Негізгі түсініктер мен терминдер
Экономикалық өсу, Экономикалық өсудің типтері, Жандану, Рецессия (дағдарыс), Стагфляция Өсу, Тоқырау, Экономикалық өсудің факторлары
Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу.
Экономикалық өсу
дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары
- халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
- Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
- Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
- Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
- Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс
дәрежесін салыстырғанда қолданылады. Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
- қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту) ;
- ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру) .
2. Экстенсивті типі - қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
- жұмыс күшінің санының өсуі;
- капиталдың көлемі өсуі.
3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
2. адамның бос уақытының көбеюі;
3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары-
дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.
Экономикалық өсудің факторлары:
Тікелей факторлар: Жанама факторлар:
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
- Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
- Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі. - Сұраныс факторлары - тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
- Ұсыныс факторлары - бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
- Бөлу факторлары - қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану. Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты - шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4, 5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат - жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3, 5-8, 5 %) . Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді) .
Қазақстан экономикасының өсу динамикасы. Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде. Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.
Мемлекет басшысы Үкiметтiң алдына, 2015 жылы жалпы ішкі өнімнің мөлшерін әр адамға шаққанда 15 мың АҚШ долларына дейiн жеткізе отырып, табыстарының деңгейi жоғары елдердiң тобына кiру міндетін қойды. Ол үшін орта мерзімді кезеңде жыл сайын экономиканың өсу қарқынын 7%-дық деңгейде қамтамасыз ету керек. Үкімет тапсырмасына сәйкес Экономикалық даму және сауда министрлiгі мемлекеттік органдармен бірлесіп 2011-2015 жылдардағы экономиканың 7% өсуiн қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, сонымен бiрге осы өсуді қамтамасыз ететін жалпы ішкі өнім құрылымындағы салалар дамуының индикативтік көрсеткiштерiн әзірледі. Осы құжат бірнеше рет Үкімет кеңестерінде, Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырыстарында қаралған. Нақты сектор салаларындағы көрсеткіштерде 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаларда айқындалған салаларды дамыту индикаторлары ескеріледі, оларды іске асыру бағдарламаларда көзделген инвестициялық жобалардың есебінен болжанған. Сондай-ақ, Индустрияландыру картасына сәйкес өзектендірілген қосымша инвестициялық жобаларды іске асыру мен жаңа өндірістерді енгізу ескерілген. Егер барынша iрi салалар бойынша қарастырсақ, онда көрсеткiштер төмендегiше көрiнедi. 2011-2015 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнiмнiң көлемi орташа 4-5 пайызға өседі. Өнеркәсiп өндiрiсiнің өсу көрсеткiші негiзiнен ағымдағы жылғы 6 пайыздан 2015 жылға 9, 1 пайызға дейiн ұлғаюы айқындалған. Өңдеу өнеркәсiбіндегi өндiрiстiң өсу қарқыны (орташа 10 пайыздан көп) тау-кен өндiрісі секторындағы өсуден жоғары болуы керек. Құрылыс саласындағы жоспарланған шаралар мен өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық объектілердің кеңеюін, бағдарламалық құжаттарда ескерiлген инвестициялардың көлемiн ескере отырып құрылыс саласындағы өсу 2011 жылы 2, 5 пайыз, 2012 жылы 3, 1 пайыз деңгейінде айқындалған. Нақты сектордың өсуі ұсынылатын қызметтер көлемiнің ұлғаюына ықпал ететін болады. Сауда көлемiнің өсуі ағымдағы жылы 12 пайызға және 2012-2015 жылдары 8-10 пайызға бағаланады. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің насаналы параметрлер шегінде ұлғаюы көлiк қызметiнің жыл сайын 7-8 пайызға арттыруына себеп болады. Ақпарат және байланыс қызметтерi жыл сайын 7-9 пайызға өсуi керек. Нақты сектор және көрсетiлетiн қызметтер салаларының осылайша даму серпiндерiн ескере отырып, ЖІӨ-нің нақты өсуiнің деңгейі 2011 жылы 7, 0 пайыз, 2012 жылы - 6, 9 пайыз, 2013 жылы - 6, 5 пайыз, 2014 жылы - 7, 1 пайыз, 2015 жылы - 7, 4 пайыз деңгейінде бағаланды, бұл 2011-2015 жылдары жыл сайын орташа 7, 0 пайызға өсуге мүмкіндік береді. 2011-2015 жылдары экономиканың өсуінің нысаналы көрсеткiштері 2, 0-3, 0 пайыздық тармақта болды, бұл бұрын бекiтiлген болжамды параметрлерден жоғары. Шикізат емес салаларды белсендi дамыту арқасында орташа 7 пайыздан артық қосымша өсім қамтамасыз етiлетін болады. Жұмыспен қамтылған халық саны 2015 жылы 8, 5 миллион адамға дейiн өсуі керек.
2011-2015 жылдардағы сыртқы сауда айналымының жыл сайын орташа 7 пайыздан аса, соның iшiнде экспорт - 5 пайыздан көп, импорт - 10 пайызға ұлғаюы болжануда.
Өсу индикаторларын мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында бекiту қажет, өйткені олардың табыстары әрбiр жетекшiнiң тікелей жауапкершiлiгінде болады. Экономикалық өсу жеткiлiктi экономикалық ресурстармен (инвестициялар, еңбек ресурстары, энергия ресурстары, инфрақұрылым) қамтамасыз етілуі тиіс.
Жалпы ішкі өнімнің жыл сайын орташа 7, 0 пайызға өсуi үшiн есептер бойынша негізгі капиталға инвестициялардың көлемi 2011-2015 жылдары 2010 жылға қарағанда 58, 5 пайызға, 2015 жылы 7, 6 триллион теңгеге дейiн өсуі тиіс. Экономикалық даму және сауда министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры экономикаға шетелдiк капиталды (инвестициялар, қарыздар және тағы басқалар түрiнде) тарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын пысықтауы керек.
Өнеркәсіп өндірісінің және жүк тасымалының өсуі көлік инфрақұрылымына қосымша жүктеме түсіретін болады.
Сондықтан да, Көлiк және коммуникация министрлiгi, Қазақстан темір жолы және тағы басқа көлiк компаниялары көлiк инфрақұрылымымен (көлiк желiсінiң мүмкiндiгi, вагондармен жарақтану, жүк ағыны, өткiзу қабiлетi және тағы басқалар) қамтамасыз етілу бөлiгiндегi мүмкiндiктерін бағалаулары қажет. Экономиканың өсуі электр энергиясын тұтынудың ұлғаюымен қатар жүретін болады. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Мұнай және газ министрлігі электр энергиясын өндіруді, сондай-ақ энергия тиімділігін ұлғайту мүмкіндігін ескере отырып, экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеуі тиіс. Қазақстан экономикасының энергия тиімділігінің кешенді жоспары әзірленуі қажет. Бұл құжатты Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ағымдағы жылдың соңына дейін әзірлеу ұсынылады.
Бүгінгі күнде салалық және аумақтық аспектілерде еңбек нарығының ағымдағы және перспективті қажеттілігінің жалпы мониторингін жүргізуге мүмкіндік беретін еңбек нарығындағы жағдайдың мониторнингі мен оны болжамдаудың нақты жүйесі жоқ. Экономикалық даму және сауда министрлігі өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп аталған құжатты ағымдағы жылдың соңына дейін әзірлеуі қажет. Осыған байланысты қабылданған «Жұмыспен қамту - 2020», «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламаларын және әзірленіп жатқан 2001-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын, сондай-ақ басқа да бағдарламалық құжаттарды іске асыруды ескере отырып орта мерзімді кезеңдегі сияқты ұзақ мерзімді кезеңде еңбек ресурстарының балансын жүйелі жоспарлаудың Бірыңғай тетігін әзірлеуі керек. Тұтастай алғанда нысаналы көрсеткіштер шегінде экономика салаларының дамуы сыртқы және ішкі жағдайларға тәуелді болатынын бұған дейін атап көрсеткен болатынбыз. Халықаралық ұйымдар күтетін орта мерзімді перспективада әлемдік экономиканың қалпына келуі және одан әрі өсуі Қазақстан экономикасының дамуына оң ықпалын тигізетін болады. Сыртқы конъюнктура нашарлаған жағдайда баламалы жоспар болуы шарт, қазір біз оны да әзірлеу үстіндеміз.
Ішкі жағдайларға келетін болсақ, олар көбінесе сыртқы факторларға тәуелді болады. Ал біз, сыртқы факторларға ықпал ете алмайтын болсақ, онда экономикалық белсенділіктің өсуіне ықпалын тигізетін экономиканың ішінде жағдайлар жасау қажет. Ағымдағы жыл инфляциялық үрдістердің үдейе түсуі тұрғысынан алып қарағанда әсіресе қауіпті болып көрінеді. Инфляцияның жыл басынан бергі серпіні осыны растап отыр. Жоспарланған параметрлерде қалу үшін және жыл соңына инфляция деңгейінің бір таңбалы саннан асып кетпеуі үшін негізінен азық-түлік нарығында және жанар-жағармай материалдары нарығындағы бағаларға назар аудару қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тұтастай алғанда ағымдағы жыл соңына дейін азық-түлік тауарларына бағаның 9, 5-10 пайыздан асуына жол бермеуі тиіс. Мұнай және газ министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мұнай өнімдері мен көмір бағаларына бақылау жасауды, ағымдағы жылдың соңына дейін олардың одан әрі жоғарылауына жол бермеуін қамтамасыз етуі қажет. Экономикадағы жоғары инфляциялық аяны ескере отырып ағымдағы жылы инфляцияға реттелетін қызметтер тарифтерінің шекті үлесі 1, 58 пайыздық тармақ деңгейінде анықталған. Ақша-кредит саясаты бірінші кезекте бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Сондықтан, 2011 жылдың бюджетін нақтылауды ағымдағы жылдың екінші жартысына қалдыру ұсынылады. Бюджет және Ұлттық қор теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында осы фискалдық ереже орта мерзімді кезеңге салық-бюджет саясатын қалыптастырғанда негізге алынуы тиіс. Халықтың өмірлік қарекетіне, әсіресе денсаулығы мен өсіп - өнуіне, тікелей немесе әлеуметтік-экономикалық жағдай арқылы жанама түрде табиғи ортаның құрауыштары мен олардың жиынтығы - атмосфералық ауа, табиғи сулар, топырақ жамылғысы, геологиялық құрылым, өсімдіктер мен жануарлар, сонымен қоса төтенше құбылыстар мен барлық биосферада жүретін процестер ықпал жасайды. Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Қазақстанда «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң 1991 жылы қабылданған. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық сан алуан тіршілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануы ұйымдастыруға бағытталған.
Еліміздегі экономикалық ахуалдың өзгеруіне байланысты қоршаған ортаны қорғау және табиғи қазбаларды тиімді пайдалану жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны да ретке келтіру қажеттілігі туындауда. Осыған орай ауаға тарайтын зиянды заттардың мөлшерін азайту мақсатында "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заң және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы және басқа да заңдар қабылданды.
Мұнай өндіруші салалардағы экономикалық өсудің қазіргі жағдайы. Қазақстанның мұнай өндіруші саласындағы инвестициялық үрдістердің қазіргі жағдайына республикалық статистикалық мәліметтер негізінде талдау жасау нәтижесінде, бүгінгі күнде елімізде шетелдік инвестициялардың ролінің маңыздылығы, инвестициялық ортаның тартымдылығы, Қазақстанның жекелеген аймақтары бойынша мұнай өндіруші саланың даму ерекшеліктері және мұнай өндіруші салаға инвестицияларды тарту тетіктері, инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты болған кей бір мәселелер, сондай-ақ, бұл мәселелерді шешуде мемлекеттің ролін күшейту жағдайлары анықталды.
Стратегиялық аспектте инвестиция елдің дамуындағы барлық жинақ мәселені шешуді анықтаушы және ең алдымен экономиканы жаңғырту, тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, ішкі және әлемдік нарықта отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маңызды түйіні болып табылады. 2003 жылы үкімет тарапынан Қазақстанның дамуының 2015 жылға дейінгі индустриалдық- инновациялық стратегиясы қабылданды. Оның басты орындалуы үшін, қомақты инвестициялық бағдарламаны іске асыру ішкі көздерді жұмылдыру және шетел инвестициясын тарту болды. Мәселе тек қана инвестиция көлемінде емес, оның тиімді қолданылуында, сонымен қатар, ресурстардың басымды секторының дамуына бағыттауында. Қазақстандағы инвестициялық үрдістің қазіргі кездегі даму бағыттарының ерекшеліктеріне, олардың әлеуметтік мазмұнына мынадай сипаттама беруге болады:
... жалғасы1. Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі шетел капиталын (инвестициялардың барлық түрлерін) қабылдаушы негізгі мемлекеттердің біріне жатады.
2. Инвестиция тартудан алдыңғы қатарда тұруына қарамастан Қазақстанға шетел капиталының келуі әлі де жеткіліксіз.
Әрине, шетел инвестициялары қазіргі уақытта қай елде болмасын экономиканың жанданып өсуіне себеп болып отыр. Олар Қазақстан экономикасын демонополизациялау үрдісінде жоғары роль атқарып, еркін бәсекелестікке, өндірісті дамытып, реттеумен ынталандырудың нарықтық тетіктерінің қалыптасуына әсер етіп және осыған сәйкес жүргізілген шаралардың арқасында терең инфляциядан шығуға мүмкіндік берді.
3. Келесі бір атап көрсететін жағдай, Қазақстанды тікелей инвестициялау үрдісіне негізінен алғанда дамыған шетел резиденттері үлес қосуда. Мысалы, АҚШ-тың үлесі 36%-дан жоғары, Ұлыбритания-17%, Италия-12, 8%. Бұлардан кейін Оңтүстік Корея, Қытай, Канада және тағы басқалар. Ал таяу көршілес мемлекеттің үлесіне тек тікелей инвесторлардың 6%-ы ғана келеді.
4. Республикаға тікелей инвестицияларды тартудың негізгі түрі - мұнай-газ салаларына қалыптасқан бірлескен кәсіпорындар мен негізгілерден бөлініп шыққан кәсіпорындар болды. Осыған орай атап кететін мәселе, ол салық және басқа да төлемдер бойынша мұнай-газ өндіруші компаниялардың үлесі мемлекеттік бюджеттің маңызды бөлігін қамтиды. Соған қоса осы компаниялардан жоспардан тыс түсетін табыс салығы, роялти, бонус тағы да басқа түрлеріндегі түсімдер - Ұлттық қорымыздың негізгі бөліктерін құрайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz