Электронды оқу басылымдарына қойылатын дидактикалық талаптар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .
1. Оқу үрдісінде қолдануға арналған электронды оқу
құралдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..
2. Электронды оқу басылымдарына қойылатын
дидактикалық
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Электронды оқу құралдарын жасау технологиялары мен
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Білім жүйесінің ақпараттануы жаңа оқу құралдарын жасауды талап етуде.
Оларға электронды оқу құралдарын (ЭОҚ) жатқызуға болады. Көп жағдайда
электронды оқулықты жауаптары бар сұрақтар жиынымен жабдықталған жай
кітаптың көшірмесі түрінде елестетеді. Мұндай көзқарас қарапайым, дәл емес
және қарастырылып отырған құбылыстың барлық ауқымын қамти алмайды. Ол
компьютерлік оқу құралдарының оқушылардың когнитивті саласына потенциалды
әсер ету мүмкіндіктерін толық бағаланбауымен байланысты.
"Жаңа ақпараттық технологиялар" дегеніміз ақпараттық қамтамасыз ету
және білім беру сияқты интеллектуалды сфераларда сапалы түрде жаңа өнім,
қызмет жасау үшін мультимедия және телекоммуникация құралдарын қолданып,
ақпаратты сандық түрде алу, жинақтау , сақтау, іздеу, өңдеудің ауқымды
ғылыми технологиялары. Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологиялар
компьютер, компьютерлік оқу программаларын және ақпарат алмасу желісінің
болуын қажет етеді. Осы компоненттер бірігіп оқушының өздік жұмысын және
оның оқу материалымен жұмысын қадағалауды қамтамасыз етіп, ақпараттық-
жабдықтық оқу ортасын құрайды.
Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану жөнінде әртүрлі
ойлар айтылуда. Біреулер оны мадақтаса, екіншісі мойындамайды. Бұл
көзқарастар осы салыстырмалы түрде жаңа саладағы субъективті тәжірибенің
шектілігімен түсіндіріледі. Ос сала бойынша объективті баға тек берілген
тақырып жөнінде мәліметтердің үлкен көлемін саралаудан кейін ғана қойылуы
мүмкін.
Мультимедиялық оқыту программалары видео, текст және дыбысты
үйлестіріп, білімді көрнекі көрсетудің барлық мүмкіндіктерін толық
қолдануға жағдай жасайды. Оқу материалын визуализациялау ерекше маңызды,
себебі қазіргі оқушыларға білу қажет ақпарат көлемі өсіп бара жатқан кезде
компьютерді кең қолдану оқу процесінің тиімділігін оны көрнекі және алуан
түрлі қылу арқылы арттыруға көмектеседі.
Оқу орындарында ЭОҚ-н жасау , енгізу, қолданудың бірегей
концепциясын құру:
• Оқушылар мен оқытушылардың қажет оқу құралымен қамтамасыз
етілуін жақсартады;
• Оқу процесін сапалы түрде жақсартатын, ақпаратты беру және
қорытудың қосымша жүйелерін қолданудың арқасында білім сапасын
көтеруге;
• Оқу және біліктілік деңгейін көтеру жүйесіне қазіргі заманғы
ақпараттық технологиялар енгізу арқылы ұстаздардың біліктілігін
арттыруға;
• Түрлі процестер мен құбылыстарды модельдеуге;
• Оқу процесін жетілдіру бойынша басқа білім ордаларымен сайысқа
түсіп, оқу орнының бәсекелестік қабілетін көтеруге;
• Интернет негізінде қашықтықтан оқытуды қолдану арқылы білім беру
қызметінің аясын кеңейтуге;
• Әрбір оқушыға (студентке) жеке әдіс-тәсіл қолдануға;
• Оқушыны қатесін саралау және кері байланыс арқылы жедел
қадағалауға;
• Оқушы оқу -танымдық әрекетін өзіндік бақылаумен қамтамасыз
етуге;
• Оқу мәліметін визуальды демонстрациялауға және т.б.
мүмкіндік береді.
1 Оқу үрдісінде қолдануға арналған электронды оқу құралдары

Ағарту ісінің информатизациясы батыста ертеде басталған. Ал Қазақстан
оған қазір ғана қосылды. Бұл процес көп жағдайда біртекті емес: егер
алдыңғы шепті оқу орындары осы жолға түсіп үлгерсе, басқалары бұл қадамды
әлі жасаған жоқ.
Оқу орындарының дүниежүзілік ақпараттық ортаға қосылудың бастапқы
қадамы жасалды, яғни қажет құрал-жабдықтар сатып алынды, комуникация
мүмкіндіктері бар. Алда жауапты кезең тұр- локальды білім жүйесін жасау
және оларды глобальды ақпараттық кеңістікке енгізу. Осындай білім жүйелерін
жасау оқыту процесінің тиімділігін арттырар еді. Осы тәріздес білім
жүйелерінің негізі ретінде электронды оқыту құралдары бола алады, соның
ішінде білім ордаларында оқыту тәжірибелерін жалпылауға және оны оқу
орындарының ақпараттық жүйесінде нығайтуға көмектесетін электронды оқу
басылымдары.
Қазіргі таңда электронды оқу басылымы (ЭОБ), электронды оқулық (ЭО),
немес электронды оқу құралы (ЭОҚ) түсініктерін қалыптасып қалған, кең
тараған деп айту қиын. "Электронды (компьютерлік, мультимедиялы) оқулық"
түсінігінің ресми анықтамасы еліміздің заңнамасында айқын көрсетілген. Бұл
құжаттарды қазіргі заманғы оқыту жүйесін жасаушыларға басшылыққа алу керек,
себебі онда электронды оқу басылымдарының түсініктердің анықтамалары,
техникалық, оқу-әдістемелік, эргономикалық және тақырыптық саралау
талаптары қамтылған.
"электронды оқулық" , "электронды оқу құралы" , "электронды оқу
басылымы" терминдеріне ресми түрде мынадай анықтамалар берілген:
Электронды оқулық - толық оқу курсын немесе оның бөлімінің жүйелі
мазмұнын қамтитын, көрсетілген басылым түрінің мемлекеттік орган
тағайындайтын ресми мәртебесіне ие электронды оқу басылымы.
Электронды оқу құралы - көрсетілген басылым түрінің мемлекеттік орган
тағайындайтын ресми мәртебесіне ие, оқу курсының маңызды бөлімдерін
қамтитын электронды оқу басылымы , сонымен қоса есептер жинағы,
анықтамалық, энциклопедиялар, жаттықтыру сабағына , курстық, дипломдық
жобалауға нұсқаулар және т.б.
Электронды оқу басылымы - оқуды автоматтандыру және білім деңгейін
қадағалау үшін жасалған, оқу курсына немесе оның бөлігіне сәйкес келетін,
сонымен қоса оқу траекториясын таңдауға мүмкіндік беретін және де оқу
жұмыстарының түрлерін қамтамасыз ететін электронды басылым.
Осы анықтамаларға сүйене отырып, мынадай толықтырылған анықтамалар
ұсынуға болады:
Электронды оқу басылымы - оқу (оқыту) мәліметінің магниттік
(оптикалық) мәлімет жинақтауышта немесе ЭЕМ желілерінде (локальды,
аймақтық, глобальды) орналастырылған электронды жазбасы болып табылатын
жоғары ғылыми-методикалық және техникалық деңгейде жасалған басылым.
Электронды оқу басылымының қағазға басылған көшірмесі болуы мүмкін.
Электронды оқу басылымы ондағы оқу материалының мазмұнының толықтығына
байланысты электронды оқулық және электронды оқу құралы болып бөлінеді.
Электронды оқулық - мемлекеттік стандарттарға толық сәйкес келетін
негізгі электронды оқу басылымы.
Электронды оқу құралы - ішінара немесе толық түрде электронды оқулықты
алмастыратын немесе толықтыратын электронды оқу басылымы. Электронды оқу
құралының мазмұны белгіленген түрде бекітілген пәннің оқу бағдарламасының
талаптарына сай болуы керек.
ЭОБ –н оқу курсын толығымен немесе оның үлкен бөлігін өз бетімен
меңгеруге мүмкіндік беретін, құрамына жай оқулық, анықтамалық, есеп
жинағын және зертханалық практикум қасиеттерін біріктіретін бағдарламалық-
методикалық комплекс ретінде қарастыру қалыптасқан. Бірақ , қазіргі таңда
ЭОБ дәстүрлі оқу формаларына альтернатива емес, керісінше толықтауыш. Ол
әлі де оқушының кітаптармен, конспектілермен, есептер мен жаттығулар
жинағымен жұмысын аустыра алмайды, бірақ келешекте жағадай өзгеруі мүмкін.
Бұл электронды ұстаз кітаптың (оқу құралының) барлық жақсы қасиеттерін
сақтап қалуға ғана емес, сонымен қатар компьютер бере алатын ақпараттық
технологиялар, мультимедиялық мүмкіндіктерді толығымен қолдану үшін
жасалған. Сондай мүмкіндіктердің ішіне мыналарды жатқызуға болады:
• Физикалық, химиялық және т.б. процесстерді динамикада көрсету,
тікелей бақылаумүмкін болмайтын процестерді көрнекі көрсету
(өзіне тән өте ұзақ немесе өте қысқа уақыттық сипаттамалары бар
микроәлем мен космостағы процесстер және т.б.);
• Зерттеуге сирек немесе өте қымбат немесе адам өміріне қауіпті
құрал-жабдық, реогенттерді қажет ететін процесстерді және
объектілерді компьютерде модельдеу;
• Оқулық авторының аудиотүсіндірмелері, оқу материалына аудио және
видеосюжеттерді, анимацияны қосу;
• Контекстік сілтемелер, сыбыр сөз ұйымдастыру;
• Жан-жақты ойластырылған лездік навигация жүйесі (гипертекст);
• Күрделі есептеулерді жылдам атқару және нәтижелерін сандық
немесе графиктік түрде көрсету;
• Жаттығуларды немесе тест жұмыстарын орындау барысында білімді
жедел өзіндік тексеру;

ЭОБ-н классификациялау
ЭОБ-н классифифкациялаудың ресми сызбасы қазіргі таңда жоқ. Ол
біріншіден осы процесті басқаратын орталықтың жоқтығынан. Екіншіден ЭОБ-н
жасау, енгізу және қолдану салыстырмалы түрде бертін басталды және толық
қалыптасқан жоқ; қазір ол өте қарқынды және жақын арада түсініктердің берік
енуін күтуге болмайды.
Келесі жағынан , соңғы кезде компьютерлік технология және онымен
байланысты технология саласында гиппердинамикалық жетілу процесі
бақылануда, сондықтан қандай да бір айқын, түсінікті құрылым туралы айтуға
ерте.
Бірақ, ЭОБ-ң мынадай жалпы классификациясын ұсынуға болады:
Орындалу күрделілігіне қарай
• Күрделі (тәжірибелі менеджерлер, программист, психолог, педагог,
дизайнерлерді (жалдауды) қажет ететін);
• Қарапайым (оқу ордасының қызметкерлерінің қолынан келетін, қор
талғамайтын оқу басылымдары);
Қолдану әмбебаптығына қарай:
• Платформаға (аппараттық-программалық комплекстің жиынына)
тәуелсіз;
• Платформаға тәуелді;
Орналастырылуына қарай:
• Локальды (жалғыз қолданушыға арналған);
• Желілік (қолданушылар тобына арналған);
Қолданылған технологиялар құнына қарай:
• Ортақ (ақысыз қолданылатын) технологиялар негізінде жасалған;
• Арнайы технологиялар мен программалық жабдықтар негізінде
жасалған;
болып бөлінеді.
Қазіргі қолданыстағы ЭОБ-н және оның жасалу жолдарын саралау мынадай
оңтайлы және теріс тенденцияларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Олар
кестеде көрсетілген. Сол бағанда ЭОБ-н жобалау және жасау кезінде сақталуы
қажет талаптар, оң бағанда ЭОБ-н жасау барысында аулақ болу керек
тенденциялар жинақталған.

ЭОБ-н жобалаудағы жағымды және жағымсыз тенденциялар

Оңтайлы Теріс
Қолдану жалғыз жобамен ғана Ақпаратты монитор экра-нынан
шектелмейтін әмбебап бағдарламалық қабылдаудың психо-физиологиялық
жабдықтарды жасау өте пайдалы ерекшелік-теріне көңіл бөлінбеуі

Қолданушыға жұмысқа тез кірісуіне Программалық құралдың сыртқы
мүмкіндік беретін жақсы пішін-келбетіне назар аудармау
ойластырылған анықтамалық жүйесінің(бағдарламаның ойластырылған сыртқы
болуы келбеті қолданушыға онымен жұмыс
істеу әдісін тез меңгеруге
ЭОБ-н жасау барысында "тегін" көмектеседі)
әмбебап технологияларды пайдалану
тиімді Оқулықтың әртүрлі жеке бөлімдерінің
арасында оңай ауысуға мүмкіндік
Күшті функционалдық мүм-кіндік пен беретін ойластырылған бағытбағдар
қолдануда қарапайымдылыққа ұмтылу жүйесінің болмауы

Толық қанды ЭОБ-н жасауда Қымбат технологияларға негізделу
программалық-техникалық талаптары
төмен , бірақ қуатты
технологияларды қолдану

Басылымның дизайнына да үлкен көңіл бөлу керек. Мұнда әртүрлі әдістер
қолданылуы мүмкін. Бастысы, дизайн қолданушының тез бейімделуіне септігін
тигізіп, интуитивті түрде түсінікті және оқулықтың логикалық құрылымына сай
, сонымен қоса қолданушыны негізгі тақырыптан ауытқытатын ұсақ-түйектен
аулақ болуы керек. ЭОБ-н ұйымдастырудың екі әдісін бөліп көрсетуге болады:
• Негізгі функционалдық мүмкіндіктер жеке қабықша-программа
көмегімен іске асырылады;
• Олар HTML кодына енгізіледі, ал қабықша -программа рөлін
қолданушы компьютерінде орнатылған браузер атқарады;
Бұл екі тәсілдің жағымды және жағымсыз жақтары төмендегі кестеде
көрсетілген:

ЭОБ-н ұйымдастыруда қолданылатын амалдардың негізгі оң және теріс жақтары

Қабықша-программасын Функционалдық
мүмкіндіктерді xHTML кодына
қолдану әдісі енгізуге негізделген әдіс
Жағымды жақтары

XHTML -файлдарға күш түспейді, Мұндай әдісті қолдану оқулықты
олардың көлемі шағын болады, желіде орналастыруға ыңғайлы.
жүктелуі жылдам жүреді.
xHTML-JavaScript мүм-кіндіктерімен XHTML мен JavaScript тілдерінен
іске асыру қиынға соғатын тесттік басқа қосымша білімді талап етпейді.
бақылау, бүктеме (закладка) жасау,
басқа бағдарламалармен байланыс
сияқты қосымша функцияларды
енгізуге қолайлы.
Қажет ақпаратты дискіде сақтауға , Қымбат программалық жабдықты, xHTML
журнал жүргізуге, әрбір қолданушы ,XML, JavaScript лицензияланбайтын
орнатқан параметрлер мәндерін программалық құрал болғандықтан
сақтауға болады. жабдыққа жұмсалатын қаржыны жоққа
шығарады.
Жағымсыз жақтары
Қабықша "жазылатын" Borland Delphi ЭОБ-мен жұмыс жайлылығын арттыратын
немесе MS Visual Studio және т.б. кейбір пайдалы функцияларды іске
cияқты программалық комплекстер асыруға болмайды.
сатып алу керек.
Қабықша-программаны таңдалған тілде
жасайтын программист мамандарды
шақыру керек.

2 Электронды оқу басылымдарына қойылатын негізгі талаптар
ЭОБ-на қойылатын талаптар сұрағы өте күрделі. ЭОБ тағдыры оны қолдану
жайлылығы, жетілдіру және т.б. осы сұраққа жауап беруге байланысты болады.
Қойылатын талаптар тобының мынадай сызбасын ұсынуға болады:
Талаптар
• Техникалық
• Психологиялық
• Қолдану және дамыту
• Мазмұны және құрылымы
• Технологиялық
• Экономикалық
"Талап" сөзін бұл жерде ең алдымен бағдарламалық жабдықтың жасалу
процесімен немесе оның өмірлік циклының қандай да бір сатысымен қойылатын
шектеу ретінде түсіну керек. Кез-келген шектеу соңында қолданушылар
шеңберінің азаюына әкеледі. Қолданылуы мүмкін аппараттық -программалық
комплекс (құрылымын ықшам түрде аппараттық (техникалық) және бағдарламалық
бөліктердің жиыны түрінде көрсетуге болатын ЭЕМ) типтерінің өрісін
кеңейтуге тырысу керек. Және сол арқылы қолданушылар санын арттыруға
болады. Ол өз кезегінде әртүрлі жолдармен программалық жабдықтың
функционалдық мүмкіндіктерін шектемей -ақ жасалуы мүмкін.
Талаптар тобының әрқайсысынан ЭОБ-на қойылатын бірнеше талап көрсетуге
болады. Сонымен қоса, идеал жағдайда соңғы тұтынушы (қолданушы)
сұраныстарын да ескеру қажет. Себебі бағдарламалық жабдық соларға жасалады.
Техникалық талаптар тобында мыналарды көрсетуге болады:
• Компьютердің белгілі бір сипаттамасына қойылатын талаптар.
Мысалы, оқулық жұмыс істеуі үшін қолданушыда Рentium
процессорының негізінде жасалған , тактілік жиілігі 200МГц -тен
төмен емес компьютер, тышқан тетігі, CD-ROM және т.б. болуы
керек. Мұндай талаптар компьютердің аппараттық бөліміне қатысты.
• Перифериялық компоненттер мен шығару -енгізу құрылғыларын
қойылатын талаптар. Мысалға, қолданушыда шешуі кемінде 800*600
нүкте болатын түрлі-түсті монитор , принтер және Интернетке
қосылу үшін модем болуы керек.
• Шартты түрде ос топқа қолданушының программалық жабдығына
қойылатын талапты қосуға болады. Бағдарламалық жабдыққа шектеу
былай болуы мүмкін: Microsoft Windows 98SE2000MEXP2003,
Internet Explorer 5.0 немесе одан жоғары, т.б.
Аппараттық және программалық бөлімдеріне арналған талаптар өзара
байланысқан болуы керек: егер ЭОБ-ң дұрыс жұмыс істеуіне Internet Explorer
6.0 және одан кейінгісі қажет болса, онда техникалық талаптарда Pentium
133МГц -тен төмен процессорды жазуға болмайды, себебі Internet Explorer
-дің осы нұсқасы процессоры бұдан әлсіз компьютерде жұмыс істемейді, және
т.б.
Техникалық талаптар тобында қандай да бір технологияны программалық
жабдықты жасау барысында қолдану кезінде пайда болатын шектеулер
ескеріледі. Қандай да бір технологияны таңдау кезінде, оны қолданумен
байланысты көптеген сәттер мен сипаттамаларды ескерген дұрыс: ойластырылған
нәрсені таңдалған технологиямен қаншалықты жақсы іске асыруға болады,
қолданушыға ЭОБ-мен жұмыс істеу үшін қосымша басқа қымбат бағдарламалық
жабдық сатып алу қажет болмай ма, қолданушылар шеңберін көбейтуге бола ма,
яғни қандай да бір технологияны қолдану техникалық талаптарды көтеріп
жібермейді ме, технологиялардың қайсысының болашағы бар (жақын арада
ескіріп, қолданыстан шығатын технологияны қолданудың қандай қажеті бар?!),
бұл программалық жабдықты қаншалықты жеңіл қолдап тұруға, жаңартуға болады
және т.б. факторлар.
Кез-келген программаны, соның ішінде ЭОБ-н жасап, қолдануға енгізуге
қаржы мәселесі үлкен шектеулер қоюы мүмкін. Бұл жағдайда ЭОБ-н жасауға
жұмсалатын ақшаны үнемдеуге мүмкіндік беретін "ақысыз", яғни тегін
таратылатын программалардың бар екенін айту керек.
Кез-келген өнімнің маңызды сипаттамасы оның психологиялық қабылдануы.
Адамның сезім ерекшеліктерін ескеру қажет. Ол:
• Оқу құралының көрнекілігін арттырады;
• Материалдың есте қалуына жәрдемдеседі;
• Қолданушының жаңа программаға, оқу пәніне үйренуіне көмектеседі;
• Монитор алдында жұмыс істегеннен шаршау деңгейін төмендетеді;
• Маңызды деген бөліктеріне зейін қойдыруға мүмкіндік береді;
Адамның ойлау ерекшеліктерін тиімді пайдалану арқылы оқу материалының
қабылдануын жақсартуға болады.
Сонымен, оқушының электронды оқулықта берілген материалды қабылдауы
тек материал мазмұны мен оның оқулықта берілу ретіне , оқулықтың жазылу
мәнері мен стиліне ғана емес, сонымен қатар оның безендірілуіне де
байланысты болды.
Материал мазмұны, оның берілу реті, мәнері мен стилі алға қойылған
методикалық мақсатқа сай толығымен оқулық авторларымен анықталады.
Авторларға тек "қиын" ұзақ сөйлемдерден арылуын тілеуге болады.
Міне осылай электронды оқулықты жасау барысында оның мазмұны мен
сыртқы келбеті, оқулық құрылымы тең дәрежеде маңызды. Сыртқы келбет сән
қуу, оқу орнының даңқын асқақтату емес, бұл оқушының берілген материалды
қабылдауын жақсартатын әдіс-тәсілдердің бірі.
Мәтінді көрсету әдістері
Экранда көрсетілген мәтінді қабылдау (сонымен бірге түсіну) процесіне
мынадай факторлар әсер етеді:
• Мәтіндік аймақтың ені;
• Мәтінді туралау (выравнивание) әдісі;
• Оның экран парағында орналасуы;
• Шрифтің сызылымы, стилі, өлшемі;
Мәтінді қабылдау тиімділігі көз жеке сөздер мен сөз тіркестерін емес,
толық аяқталған бір фрагментті , тіпті абзацты толық қамти алған жағдайда
күрт өседі. Бұл факт баспа ісінде кітап парағының ұзындығын таңдағанда
шешуші рөл атқарады. Сондықтан да парақтың өлшемдері үлкен болғанда мәтін
бағандарға бөлінеді, ал альбомдық форматтағы парақтар ешқашан бір шетінен
екінші шетіне дейін толтырылмайды.
Осы айтылған ережелерді техникалық шектеулерді ескере отырып, экран
дисплейіндегі мәтінге қолдану мынаған әкеледі: текстік аймақ экран енін
толық алмауы керек, ал шрифт өлшемі 12 пункттен кем емес (14 пункт болса
тіптен жақсы) , үлкен мониторлар үшін 16 пункт.
Бұл шарттарды орындамау, әсіресе диагоналі 15 дюймнан үлкен
мониторларда , ұзын мәтін жолы көзді үлкен бұрыш аумағында қозғалуға, кейде
тіпті басты бұруға мәжбүрлейді. Нәтижесінде, адам тез шаршайды, ол өз
кезегінде оқу материалын түсіну деңгейінің нашарлауына әкеледі.
Қарапайым болып көрінгенімен, тексті туралау - безендірудің тиімді
әдісі. Қандай да бір туралауды қолдану тек мәтіннің қажет бөлігіне назар
аудартып қоймай, сонымен бірге тексті оқу ырғағын белгілеп, оны керек жерде
жылдамдатуға немесе бәсеңдетуге мүмкіндік береді.
Алфавитті қолданатын тілдердің көбінде (араб, иврит сияқтылардан
басқа) текст солдан оңға қарай оқылады. Сондықтан тексті солға (немесе екі
жақ шетке бірдей) туралау ең оңтайлы және оқу барысында жеңіл қабылданады.
Бұл жағдайда барлық жолдар парақтың сол жағындағы бір тік сызықтан
басталады.
Текстік аймақтың оң жағына қарай туралау кейбір тақырыптарды, кесте
атауларын немесе жеке бір мағыналық топқа біріктіру керек болатын мәтінді
бөлектеу үшін қолданған абзал.
Ортаға туралау тақырыптарға жақсы келеді және де кейбір текстік
фрагменттерге қосымша мағына беру керек болғанда жақсы.
Қазіргі кезде пайда болған сан-алуан шрифтерді екі топқа бөлуге
болады: жармасы бар (Serif) және майда (San Serif). Біріншісіне (Serif)
Times New Roman типтес шрифтер, екіншісіне (San Serif) Arial- жатады.
Психологтардың айтуынша жармасы бар шрифтер жеңіл оқылады, себебі олар
көзге "ілінеді", жармалар әріптер бойымен бағыттауыш рөлін атқарады да, көз
талмайды.
Майда шрифтер оқу барысында көбірек зейін мен күш салуды талап етеді,
бірақ оқылған нәрсе есте жақсы қалады. Сонымен, оқушының назарын аудару
қажет оқулықтың кіші-гірім бөліктерінде (мысалы , анықтама) майда шрифтер
қолданған жөн.
Электронды оқулық шрифтер түрі шектеулі қолданушы компьютерінде дұрыс
көрінуін қамтамасыз ету керек. Осыны ескеріп, қолданылатын шрифтер тобын
таңдауда мұқият болып, оны алмастыру немесе ЭОБ-мен бірге тарату жолдарын
ойластыру қажет.
Оқулық мәтініне формулаларды енгізу жөнінде гі мәселе жеке шешімді
қажет етеді, себебі кез-келген формат түрлі формулаларды енгізуді
қолдамайды. Гипертекст тілі (xHTML) қолданылса, арнайы тілдерді (MathML,
ChML және т.б.) қолдануға болады. Бірақ, бұл жағдайда оқулық құрамына
мұндай мәліметті дұрыс көрсету үшін арнайы плеерді енгізу керек болады.
Назар аударту әдістері
Экрандағы тексті мынадай әдістермен бөлектеуге болады:
• Тұрған орнымен;
• Фонмен;
• Шрифтпен;
• Шрифт түсімен;
Басылымдардан бір ерекшелігі электронды кітаптарда қабылдау процесіне
түстер арқылы әсер етуге болады. Бірақ, мұнда шектен шықпау керек. Оқулық
мақсаты -оқыту, яғни адамға қажет мәліметті ең тиімді жолмен жеткізу.
Түрлі түстерді керек емес жерде қолдану оқулықты жасау барысындағы
барлық еңбекті жоққа шығаруы мүмкін.
Ең тиімдісі бір парақта тек 3-4 негізгі түсті қолдану және ортақ
тақырыппен байланысқан парақтар тобына бір түсті схема қолданылуы керек.
Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу үрдісінде қолдануға арналған электронды оқу құралдары
Кітаптарды халықаралық стандартты нөмірлеу
Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
КРЕДИТТІК ЖҮЙЕ БОЙЫНШA ГЕОГРAФИЯ ЖӘНЕ ТОПЫРAҚТAНУ КУРСЫН МЕҢГЕРУ ӘДІСІ
Ұзындықты оқыту әдістемесі
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
Электрондық оқулықтарды құру құралдарын жіктеу
Sigil программасында Адам анатомиясынан электронды оқулық құрастыру
Оқытудың электрондық құралдары
Пәндер