Банктің вексельді операциялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 HOME CREDIT BANK -мен ЖАЛПЫ ТАНЫСУ
а) HOME CREDIT BANK АҚ-ның негізгі даму
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .4
ә) Банктің басқару
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..4
б) HOME CREDIT BANK АҚ-ның қызметтер
ассортименті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
в) HOME CREDIT BANK АҚ есептің
жүргізілуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2 HOME CREDIT BANK БӨЛІМДЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР

2.1 Заңды тұлғаларға қызмет
көрсетулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .11
ә) Пластикалық карточкалар бөлімінде
тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
б) Шоттармен операциялар жүргізі бөлімінде
тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ..13

2.2 Жеке тұлғаларға қызмет көрсету
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 15
а) Несие бөлімінде
тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..16
ә) Депозиттік бөлімінде
тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

б) Төлем карточкалар бөлімінде
тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
в) Кассалық қызмет көрсету
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
г) Шоттармен жүргізілетін операциялар
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .24

3 HOME CREDIT BANK ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
а) Есеп айырысу операциялары және олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... .26
ә) Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және
жүргізу ... ... ... ... ..27
б) Кассалық есеп айырысу
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
в) Банктің вексельді
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.33

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

КІРІСПЕ

Банк корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын қалыптастыруда. Олай
болса, HOME CREDIT BANK директорлар кеңесінде ірі компанияларда басқару
тәжірибесін жинаған адамдар жұмыс істейді. Батыс нарығының мінсіз іскерлік
беделі бар кәсіпқойлары өздерімен бірге жақсы бизнес-тәжірибелерін HOME
CREDIT BANK әкеліп енгізуде. HOME CREDIT BANK-нің меншік құрылымының
түсінікті, қарапайым әрі ашықтығы – мықты бәсекелі артықшылық. Банкке сенім
артатындықтан, ірі халықаралық инвесторлардан қаржы аламыз. Алайда банк
салымшылары болып келетін қазақстандық-тардың консервативтік стратегиясын
түсініп, қолдайтындығын бәрінен де ерекше бағалайды. Бұл сенімнің ең
жоғарғы деңгейі. HOME CREDIT BANK- осы жауапкершілікті сезіне отырып
өзінің консервативтік даму стратегиясын жалғастырады.
Банк қызметін мемлекеттік реттеу аясында банктерді қадағалаудың
орталықтандырылған жүйесінің құрылуы, банктік қызметті ішкі және сыртқы
тексеру үшін қадағалау тәртібінің ережелері мен нақты процедураларын
анықтады және банктерді тәуекел дәрежесіне қарай жіктелуді қамтамасыз етті.
Осы кезде банктік қызметке қадағалау жүргізу жолдары өзгерістерге ұшырады.
Бұл өзгерістер келесі нормативтік актілерде көрініс тапты: Банкке бақылау
жасау құқығын сатып алу мен жүзеге асыру шарттары туралы Ереже, Теріс
капиталы бар банктердің акцияларын мәжбүрлі түрде сату және сатып алу
тәртібі туралы ереже. Жалпы 1996 жыл ішінде ҚР ҰБ 104 нормативтік акті
дайындап, бекітті.
ҰБ қызметті реттеу және әлемдік стандарттарға неғұрлым жақын банк
секторын құру аясындағы негізгі мақсаттары: банк жүйесіне сенімділікті
көтеру (05.11.99 ж. ҚР ҰБ БҚ №340 Екінші деңгейлі банктер жеке тұлғалардың
салымдарын міндетті сақтандыру ережелерін бекіту туралы), банктерге
қадағалау мен бақылау жүйесін жетілдіру, банктік бизнес ерекшеліктерін
есепке ала отырып салық заңдарын жетілдіру, нақты секторды несие аясында
банктің белсенділігін көтеру болады.

HOME CREDIT BANK -мен ЖАЛПЫ ТАНЫСУ

а) HOME CREDIT BANK АҚ-ның негізгі даму бағыттары

Әрбір клиентке үздік сапалы қызмет көрсету арқылы оның қажеттілік-терін
күткенінен де асыра қамтамасыз ету.
Банк клиенттері мен серіктестеріне озық нарық мүмкіндіктерінің толық
спектрін ұсынуды өз қызметінің басты мақсаты деп біледі.
HOME CREDIT BANK АҚ кәсіби қызмет тиімділігі мен корпоративтік әдеп
нормаларына бейімділігін үйлестіре отырып, мемлекеттің көркеюіне өз үлесін
қосу арқылы нарықтағы өз позициясын нығайтуға және болашақта жоспарлы түрде
даму үшін база қалыптастыруға ниетті.
HOME CREDIT BANK АҚ-ның негізгі даму бағыттары:
Мына ресурстардың есебінен клиенттік базаны ұлғайту:
-Ресеймен бірге жұмыс жасауға қызығушылық танытатын ірі корпорациялар;
- несиеге және жедел кассалық есеп айырысу қызметіне мұқтаж орта және
шағын кәсіпорындар;
- депозиттік базаны кеңейтуге және несие портфелін түрлендіруге үлкен
әлеуеттік мүмкіндіктері бар тұрғындар;
Активтер мен меншікті капиталдың кірісін арттыру, жоғары өтімділікті қолдай
отырып тәуекелдіктердің барлық түрлерін басқарудың қазіргі заманғы
тәсілдерін қолдану, соның салдарынан теңгерімділік пен әртараптандыру.
Технологияларды жаңарту, қызмет саласын кеңейту және қызмет сапасын арттыру
арқылы пайданы өсіру;
Жаңа акционерлерді тартып, бағалы қағаздар эмиссиясы арқылы меншікті
капиталды арттыру актив мөлшерін де өсіруге мүмкіндік береді. Салымдар
бірінші кезек экономиканың қарқынды дамып келе жатқан бөлшекті желілер,
құрылыс, машина жасау, ауыл шаруашылығы, мұнай химиясы, көлік және байланыс
сияқты салаларына жасалады;
Банктік халықаралық стандарттарға сәйкес болу, соның ішінде бөлшекті
бизнес, жаңа қаржы өнімдерін уақтылы енгізу;
Банктің орталық кеңсесінің, оның барлық филиалдары мен кассалық есеп
айырысу орталықтарындағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Бизнесті дамыту және күшейту мәселелерін шешуге қабілетті командада жұмыс
істеу дағдыларын жетілдіру.

ә) Банктің басқару құрылымы

1) жоғары органы – Акционерлердің жалпы жиналысы;
2) басқару органы – Директорлар кеңесі;
3) атқарушы органы – Басқарма;
4) Банктің қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылау жасайтын орган – ішкі
аудит қызметі.

Банк тұрақты жұмыс істейтін комитеттер құруға құқылы, олардың қызметі
ету тәртібі Банктің ішкі процедуралары арқылы белгіленеді

Акционерлердің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс деп
бөлінеді.
Банк жыл сайын акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізіп тұруға
міндетті. Акционерлердің басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс деп саналады.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында Банктің жылдық қаржылық есебі
бекітіледі, өткен қаржылық жылдағы таза табысын бөлу тәртібі мен Банктің
бір қарапайым акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшері анықталады.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қаржылық жыл аяқталғаннан кейін
бес айдың ішінде өткізілуі керек. Есептік кезең үшін Банктің аудитін
аяқтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, көрсетілген мерзім үш айға созылған
деп есептеледі.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын Директорлар кеңесі шақырады.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы:
1) Директорлар кеңесінің;
2) ірі акционерлердің;
Акционерлердің жалпы жиналысын дайындауды және өткізуді:
1) Басқарма;
2) өзімен жасалған шартқа сәйкес Банктің тіркеушісі;
3) Директорлар кеңесі;
4) тарату комиссиясы бастамасымен шақыралады.
Егер жиналысқа қатысушыларды тіркеу аяқталған сәтте барлығы бірігіп
Банктің дауыс беруші акцияларының елу және одан көп акцияларын иеленетін
және акционерлер тізіміне қосылған акционерлер, оған қатысуға және онда
дауыс беруге құқығы тіркелген болса, онда акционерлердің жалпы жиналысы күн
тәртібіндегі мәселелерді талқылап, олар бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Акционер жеке өзі немесе өзінің өкілі арқылы акционерлердің жалпы
жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқылы.

Дауыс беру нәтижелері жиналыс жабылған күннен кейін үш күннің ішінде
жасалып, қол қойылуы керек.
Директорлар кеңесінің мүшесі тек жеке тұлға ғана бола алады.
Директорлар кеңесінің мүшелері:
1) жеке тұлға акционерлердің;
2) акционерлердің мүддесін көздеуші ретінде директорлар кеңесіне
сайлауға ұсынылған тұлғалардың;
3) басқа тұлғалардың (бұл кезде мұндай тұлғалардың саны директорлар
кеңесі құрамының елу пайызынан аспауы керек) ішінен сайланады. Ағымдағы
қызметті Басқарма басқарады.
Басқарма Банк қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заң актілері
мен Жарғы бойынша Банктің басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының
құзырына жатқызылмаған кез келген мәселелер бойынша шешім қабылдауға
құқылы.
Басқарма Акционерлердің жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің
шешімдерін орындауға міндетті. Басқармаға Банктің акционерлері мен
акционерлер болып табылмайтын қызметкерлері мүше бола алады. Басқарма
мүшесі басқа ұйымдарда тек Директорлар кеңесінің келісімімен ғана жұмыс
істеуге құқылы.
Банк өз бетінше, қолданыстағы заңдардың талаптарын ескере отырып, өз
қызметін кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі барлық мәселелерді шешеді,
еңбекақы төлеу және ынталандыру талаптарын, жұмыс күні мен жұмыс аптасының
ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы және басқа демалыстар беру көлемі мен тәртібін
белгілейді.
Банктің басшы жұмыскерлері деп директорлар кеңесінің Төрағасы мен
мүшелері, Басқарама Төрағасы мен мүшелері, Банктің құрылымдық
бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және оған бақылау жасауды жүзеге
асыратын, банктік операциялар жүргізуге негіз болатын құжатттарға қол қою
құқығына ие Банктің басқа басшылары, бас бухгалтер мен оның орынбасарлары,
филиал директоры мен бас бухгалтері саналады.
Банктің лауазымды тұлғалары болып Директорлар кеңесінің мүшелері мен
Басқарма мүшелері танылады. Банктің лауазымды тұлғалары:
1. өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындайды және Банк пен
акционерлердің мүддесін көбірек дәрежеде сипаттайтын тәсілдерді
пайдаланады.
2. банктің мүлкін жарғыға, акционерлердің жалпы жиналасының және
директорлар кеңесінің шешімдеріне қайшы, сондай-ақ жеке мақсаттарында
пайдаланбауы керек және басқалардың осындай пайдалануына жол бермеуі керек,
өзінің аффилиирленген тұлғаларымен мәміле жасаған кезде қиянат жасамауы
қажет.
3. бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есепшілік жүйелерінің
тұтастылығын қамтамасыз етуге, соның ішінде тәуелсіз аудит жүргізуге
міндетті.
4. Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес Банк қызметі
жайлы ақпаратты жариялауға және беруге бақылау жасайды.

б) HOME CREDIT BANK АҚ-ның көрсететін қызметтері

Банк уәкілетті органнан лицензия алған кезде банктік операциялардың
төмендегі түрлерін жүзеге асырады:
1) заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік есепшоттарын ашу
және жүргізу;
2) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік есепшоттарын ашу
және жүргізу;
3) банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға корреспонденттік есепшоттар ашу және оларды жүргізу;
4) жеке және заңды тұлғаларға тиесілі тазаланған асыл металдардың нақты
саны көрсетілетін металл есепшоттарын ашу және жүргізу;
5) кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны қабылдау және беру, сонымен
бірге оларды майдалау, айырбастау, қайта есептеу, сұрыптау,буу және сақтау;
6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша аудару
жөніндегі тапсырмаларын орындау;
7) есеп жүргізу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдері
мен басқа қарыздық міндеттемелерінің есебін жүргізу (дисконт);
8) банктік қарыз операциялары: ақылы, мерзімді және қайтарылуға тиісті
деген талаптармен ақшалай нысанда банктен несие беру;
9) шет ел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
10) банкаралық клиринг: төлемдерді жинақтау, салыстыру, сұрыптау және
растау, сондай-ақ олар арасында өзара есеп айырысу жүргізу және клирингке
қатысушы – банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асырушы ұйымдардың таза позицияларын анықтау;
11) төлемдік карточкалар шығару;
12) банкноталарды, монеталарды және құнды заттарды инкассациялау;
13) төлемдік құжаттарды (вексельден басқа) инкассоға қабылдау;
14) аккредитив ашу (шығару) және растау, ол бойынша міндеттемелерді
орындау;
15) ақшалай нысанда орындауды көздейтін банктік кепілдіктер беру;
16) ақшалай нысанда орындауды көздейтін банктік кепілдемелерді және
үшінші тұлғалар үшін басқа міндеттемелерді беру.
Уәкілетті органның лицензиясы болған кезде Банк төмендегі операцияларды
жүргізуге де құқылы:
1) тазаланған сом асыл металдарды (алтын, күміс, платина, платина
тобындағы металдар), асыл тастан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге
алу, есебін жүргізу, сақтау және сату;
2) құрамында асыл металдары мен асыл тастары бар зергерлік бұйымдарды
сатып алу, кепілге қабылдау, есебін жүргізу, сақтау және сату;
3) вексельдермен операция жасау: вексельдерді инкассоға қабылдау,
төлемшінің вексельге төлем жасауы бойынша қызмет көрсету, сондай-ақ
домицильдендірілген вексельдерге төлем жасау, делдалдық тәртібімен
вексельдерді акцептеу;
4) лизингтік қызметті жүзеге асыру;
5) өзінің бағалы қағаздарын (акциядан басқа) шығару;
6)факторинг операциялары: төлем жасамау қаупін өзіне алып, тауар-ларды
(жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алушыдан төлемді талап ету құқығын
алу;
7) форфейтинг операциялары (форфейттеу): сатушыға кері қайтарыл-майтын
вексельді сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді)
сатушының қарыздық міндеттемелерін төлеу.
8) сенімдік операциялар: сеніп тапсырушының мүддесінде және тапсырмасы
бойынша ипотекалық қарыздар мен тазаланған асыл металдар бойынша талап
ету құқықтарын, ақшасын басқару;
9) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және жайларды
жалға беруді қоса, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарының құжатта-малық
нұсқада шығарылған құнды қағаздарын сақтау бойынша қызметтер.
Банк бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметтің төмендегі түрлерін
жүзеге асыруға құқылы:
1)брокерлік–Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттік-тердің
біреуінің қажетті ең кіші рейтингі бар немесе уәкілетті органның шешімі
бойынша ондай ретингі жоқ елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен, базалық
активтердің тізімі мен алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды
бағалы қағаздармен;
2)дилерлік - Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің
біреуінің қажетті ең кіші рейтингі бар немесе уәкілетті органның шешімі
бойынша ондай ретингі жоқ елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен, базалық
активтердің тізімі мен алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды
бағалы қағаздармен, Қазақстан Республикасының “Банктер мен банк ісі туралы”
Заңының 8-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда басқа бағалы
қағаздармен;
3) кастодиандық;
4) трансфер-агенттік.
Банктің бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметтің жоғарыда
көрсетілген түрлерінің бір немесе өзара сәйкес келетін бірнеше түрін жүзеге
асыруына лицензияны уәкілетті орган береді.
Банк Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тыйым салынбаған басқа
қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

в) HOME CREDIT BANK АҚ-ның есеп саясаты

HOME KREDIT BANK акционерлік қоғамының есеп саясаты Қазақстан
Республикасының заңнамасының талаптарына, қаржылық есептіліктің халықаралық
стандарттарының ұстанымдарына негізделген, және Банктің бухгалтерлік есепті
жүргізу және қаржылық есептілікті ашу үшін қолданылатын әдістер мен
тәсілдерді орнатады.
Есеп саясаты көрсететін есеп объектілері активтер, капитал, қызмет
нәтижелері (табыстаршығындар).
Жылдық қаржылық есептілігіне есептік мерзім күнтізбелік жыл, яғни 1
қаңтардан 31 желтоқсан аралығы.
Бас бухгалтерлік кітап бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары
негізінде құрылған. Шоттардың типтік жоспары ҚР екінші деңгейлі банктерінің
жүзеге асыратын операцияларының көрсетілу тәртібін анықтайды. Қосымша
есепті жүргізу үшін банк қабылдаған аналитикалық шотттар құрылымы
қолданылады. Аналитикалық шоттар есептелетін қаражаттар, құндылықтар
түрлері бойынша синтетикалық шоттың әр баланстық немесе баланстан тыс шоты
бойынша ашылады. Аналитикалық шоттарға номерлер тағайындалады. Оның номері
қайсы бір клиентке жататындығын анықтайды.
Банкте жүргізілетін операциялар есебін операцияларды іске асыратын
жауапты бөлімше және осы операциялардың қосымша есебін жүргізетін, бэк-офис
жүргізеді. Жауапты бөлімшенің негізгі қызметі – келісім-шарттардың жасалуын
қамтамасыз ету, алғашқы құжаттардың дұрыс және өз уақытында толтырылуы,
банкке түскен және жауапты бөлімшенің өзі құрастырған құжаттарды тіркеу
және олардың уақытылы орындалуын қадағалау.
Бэк-офистің негізгі қызметі – жауапты бөлімшеден алынған алғашқы
құжаттар негізінде операцияларға қосымша есеп жүргізу және операцияларды
жүргізілуін бақылау.
Есеп саясатында көрсетілген әдіс-тәсілдер банктің жүргізетін
операциялары бойынша операциялар Сыныптамасында көрсетіледі.
Корреспонденттік шоттар тобына Ұлттық және басқа да банктердің
шоттарында орналасқан HOME CREDIT BANK ақшалары мен осы банктегі шоттарда
орналасқан басқа банктердің ақшалары.
Банктің филиалдарының бөлек корреспонденттік шоттары жоқ, барлық
қаражаттар Бас кеңсемен ашылған бір корреспонденттік шоттарда көрсетіледі.
Жалпы тәжірибе өткенде мен аударым операцияларын жасауды үйрендім. Жеке
және заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын аудару жөніндегі тапсырыстарын
жүзеге асырдым. Бұл жерде клиент ең біріншіден, жауапты бөлімшедегі өзінің
жеке шот бойынша менеждерімен қажетті сұрақтар бойынша кеңес алып, әр
операцияны жасауға әр түрлі өтініштер бланкілерін 2 экземплярда толтырады.
Шот бойынша менеджер бланкіде көрсетілген барлық ақпараттың дұрыс болуын
қадағалау қажет, алғашқы құжаттың атауы, номері, клиенттің атауы, операция
мазмұны, және оның ақшалай нысанда көрсетілуі, өкілетті тұлғалардың
қолтаңбалары. Мұндай құжаттарға конвертация, аударым жасау үшін өтініштер
жатады. Бұл құжат бек-офиске келгеннен кейін бек-офис қызметкері келесі
күннен кейінге қалдырмай орындалуын қадағалайды.
Негізнен банк ақша және құнды қағаздармен көптеген операция түрлерін
жүзеге асырады. Оларға: аккредитивтермен, вексельдерменкоммерциялық және
бизнес чектерімен, төлем карточкаларымен операциялар. Сонымен бірге
факторингтік операциялар, кепілдіктер беру және т.б.
Банк жылдық қаржылық есептілігін дайындау сатылары.
Бұл сатылар АҚ HOME CREDIT BANK Бас кеңсесіндегі жылдық қаржылық
есептіліктің халықаралық стандарттар есебімен және банктік қызмет
тәжірибесіне сай құрастыру тәртіптері, мерзімдері және шығарылуын
анықтайды.
Есептілікті басып шығару банк акционерлері, инвесторлар, корпоративті
клиенттер үшін арналады.
Есептілікті дайындау бойынша ұйымдастырушылық шаралар есептік жылдан
кейінгі жылдың қаңтар айынан басталады.
Есептілікті дайындауды жалпы бақылау толығымен Басқарма Секретарына
беріледі.
Ең біріншіден, басқарма Председателінде жұмыс жиналысы - Әкімшілік
департаментінің директоры Есептіліктің мазмұны бойынша 1-2 бет көлемінде
ұсыныстар мен нұсқаулықтарын ұсынады. Есептіліктің соңғы нұсқасын таңдау.
Әр бөліміне жауапты Департаменттерді анықтау.
Департаменттер Директорлары Есептіліктің өз бөлімін аяқтап, Әкімшілік
департаменттің құжаттық басқармасына жеткізеді. Есептіліктегі жалпы
мәліметтердің дұрыстығын қаржылық жоспарлау және бақылау Департаменті
жүргізеді.
Басқарма құжаттық басқару ұсынған есептіліктің соңғы нұсқасымен
танысып, келіседі. Маркетингтік басқару бөлімі оны басылым агенттігіне
береді.

2 HOME CREDIT BANK БӨЛІМДЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР

1. Заңды тұлғаларға қызмет көрсетулер

HOME CREDIT BANK жұмысының басты бағыты - Қазақстандағы әртүрлі
саладағы заңды тұлғаларға қызмет көрсету. Банк клиенттеріне қызметтің
бірнеше түрлерін ұсынады.

HOME CREDIT BANK әрбір клиенттің қызметін ерекше бағалай отырып,
әрқайсысына жеке тұрғыда банктің негізгі қызметтерін ұсынып, стандартты
емес қаржылық шешімдерді де шешеді. Банк икемді тарифті саясатты қолданады.
Біз банк өнімдері жиынтығын үнемі сапалы кеңейтіп отырамыз.

HOME CREDIT BANK заңды тұлғалар үшін қолайлы бірыңғай тариф және
жоғары сапалы бірнеше қызмет түрлерін ұсынады. HOME CREDIT BANK заңды
тұлғаларға жан-жақты қызмет көрсетуі арқылы Қазақстан экономикасының
әртүрлі өндіріс салаларында бизнестің сапалы дамуына мүмкіндік туғызады.

Заңды тұлғалар үшін келесідей қызмет түрлері мен өнімдері ұсынылады:
- Қаржыландыру
- Төлем карталары
- Жалақы жобалары
- Шоттармен жүргізілетін операциялар
- Тендерлік кепілдік
- Қазынашылық
- Валюта айырбастау операциялары
Қаржыландыру
HOME CREDIT BANK АҚ қызметінің басты бағыттарының бірі заңды
тұлғаларды қаржыландыру (несиелендіру) болып табылады. Біз өз
қаражаттарымызбен, сондай-ақ шетелдік несие желілерін тартумен қысқа
мерзімді қаржыландыруды, орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды жүзеге
асырамыз.

Қандай да бір жобаны уақтылы қаржыландыру оның іске асуына себеп
болады, ал егер қаражат қарастырылмаған жағдайда тамаша жобалар тек қағаз
бетінде ғана қалып қояды.

Артықшылықтары
• Қаржыландыруларды төмендету. Банк кешендік несиелендірудің әртүрлі
сұлбаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді
жұмсауға ықпал етеді.

• Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары
бойынша мөлшерлемелер рыноктық конъюнктурадағы өзгерістерге сәйкес
белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ мөлшерлемелер банк пен
клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың ұлғаюына қарай төмендетілуі
мүмкін.

• Несиелік өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын
жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырады, осының нәтижесінде
жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады. Біздің банктің
қызмет түрлерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға
болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық
филиалдары мен есеп-айырысу кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет
елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.

а) Пластикалық карточкалар бөлімінде тәжірибе

HOME CREDIT BANK өз клиенттеріне ең беделді халықаралық төлем
жүйелерінің карталарын шығарады және олар бойынша қызмет көрсетеді.

Банк халықаралық Visa International және MasterCard International төлем
жүйелерінің толық құқылы мүшесі болып табылады.

Жалақы карталары

Банктің пластикалық карталар бойынша көрсететін қызметтерінің бірі –
корпоративтік клиенттерге қатысты – жалақы алуға арналған карталар бойынша
қызмет.

HOME CREDIT BANK кәсіпорндар үшін пластикалық карталар көмегімен
жалақы есептеу және оны төлеу шараларын ұйымдастырады.

Клиент бүкіл қазақстандық банктердің банкоматтары мен сауда орындарында
(POS-терминалдарда) қабылданатын VISA Classic Domestic немесе Cirrus
Maestro Local георграфиялық жергілікті картасын тегін алады. Картамен
халықаралық стандарттар деңгейінде қызмет көрсетіледі және VISA Сlassic
және MasterCard Standard халықаралық картасы бойынша көрсетілетін барлық
қызмет түрлерін ұсынады. Бұл карта тек Қазақстан Республикасының аумағында
ғана қолданылмайды.

Корпоративтік карталар

HOME CREDIT BANK заңды тұлғалар үшін Visa немесе MasterCard Gold,
Visa немесе MasterCard Business класына жататын копоративтік халықаралық
карталарға қызмет көрсетеді.

Корпоративтік карталар — Visa Business, MasterCard Business — бұл
Сіздің компанияңыздың қызметкерлері қатысында өкілдік және іссапар
шығындарын ұйымдастырудың және бақылаудың ең тиімді жолы.

Компания басшылары үшін Gold категориялы корпоративтік картасын ашыңыз
— бұл Сіздің корпорацияңыздың жоғары мәртебесінің айқын көрсеткіші.

Эквайринг
HOME CREDIT BANK төлемге пластикалық карталарды қабылдайтын сауда-
қызмет көрсету орындарының кең желісімен ынтымақтастық құрады.
Банкпен ынтымақтастық құру және Visa, MasterCard пластикалық карталарын
төлемге ұсыну Сіз үшін толып жатқан мүмкіндіктерге жол ашады. Сіздің
кәсіпорныңыздың бақталастыққа қабілетін арттырады және жаңа клиенттерді –
пластикалық карталарды ұстаушыларды тарту есебінен табысыңызды арттыра
түседі.
Компания үшін артықшылықтар:
- Сіздің қызметкерлеріңіздің жалақы алуға кететін жұмыс уақытын
тиімдеу;
- Қолма-қол ақшаны инкассациялаумен, сақтаумен және тасымалдаумен
байланысты шығындардың азаюы;
- Төлем карталарын жеңілдетілген шарттармен шығару;
- Компанияға дербес банк менеджерінің берілуі.
Компания қызметкерлеріне ұсынылатын артықшылықтар:
- Жалақының теңгеде немесе АҚШ долларында берілуі;
- Банкоматтар арқылы ақшаға тәулік бойы қол жеткізе алу мүмкіндігі;
- Жалақыны есептеу кезіндегі құпиялылық;
- Карточка шотын өз бетінше толтыру мүмкіндігі;
- Жеңілдетілген шарттармен тегін несие картасын және тұтынушылық
несиелерін алу мүмкіндігі;
- Бүкіл әлем бойынша картамен тауарлардың немесе көрсетілген
қызметтердің ақысын төлеу мүмкіндігі;
- "Synergy Standard" дисконттық бағдарламасының қатысушыларына сауда-
қызмет көрсету орындарында жеңілдіктер алу мүмкіндігі
- Интернет-Банкинг арқылы банктегі шоттарды басқару.

ә) Шоттармен операциялар жүргізі бөлімінде тәжірибе

Шотты ашу – тегін.

Банк клиенттен банктің тарифтеріне сәйкес банк операцияларын жүзеге
асыру және банк қызметтерін көрсету үшін комиссиялық сыйақыны өндіріп
алады.

Банк шот бойынша төмендегі операцияларды жүзеге асырады және қызмет
көрсетеді:
• Клиенттің шотына оның басқа шоттарынан, сондай-ақ ҚР резиденттерінің
немесе резидент емес тұлғаларының шоттарынан қолма-қол немесе қолма-
қолсыз түрде теңгеде жәненемесе шетел валютасында түсетін ақшаны
есептейді;

• Клиенттің шотынан оның нұсқауы бойынша оның басқа шоттарына, сондай-ақ
басқа ҚР резиденттерінің немесе резидент емес тұлғаларының шоттарына
теңгеде жәненемесе шетел валютасында төлемдер жасайды және ақша
аударады. Клиент шотынан төлемдер мен ақша аударымдар тек оның
тапсырысы бойынша немесе клиенттің нотариалды түрде расталған тиісті
сенімхатымен келген үшінші тұлғаның тапсырысы бойынша ғана жасалады;

• Клиентке оның шотынан теңгеде жәненемесе шетел валютасында қолма-қол
ақша береді. Үшінші тұлғаларға - ҚР резиденттеріне немесе резидент
емес тұлғаларына теңгеде жәненемесе шетел валютасында қолма-қол ақша
шоттан тек клиенттің нотариалды түрде расталған тиісті сенімхаты
негізінде ғана беріледі;

• Клиенттің шот бойынша жасалатын барлық шығын операцияларын банк
шоттағы сома шектерінде ғана жүзеге асырады;

• Шот көшірмелері клиенттің талабы бойынша беріледі;

Қолма-қол және қолма-қолсыз валютаны сатып алусату операциялары
клиенттің өтініші бойынша оның шотындағы сомалар шектерінде жасалады.
Заңды тұлғаларға ағымдағы шотты аштыруда қажетті құжаттар:
- Жеке басын растайтын құжат (төлқұжат, жеке куәлік);
- ҚР салықтық есебінде тұрғандығын растайтын құжат(СТН куәлігі);
- Клиенттің шоттарындағы айналымдар бойынша кепілдік
- Шоттарында тұрақты айналымдары бар банктің ұдайы клиенттеріне
кепілдіктер қамсыздандырусыз беріледі.
Банк кепілдіктерінің артықшылықтары:
- Кепілдіктер өте қысқа мерзімде рәсімделеді;
- Қамсыздандыруды берудің тиімді жолдары;
- Кепілдік сомасы бойынша шектеулер болмайды. Кепілдік сомасы компания
айналысатын қызметке қарай белгіленеді.

Қазынашылық

HOME CREDIT BANK АҚ қазақстандық банктердің арасында көшбасшылар
бестініне кіреді.

Халықаралық рейтингілік агенттіктер банк рейтингісінің жоғарылағаны
туралы хабарлады. Рейтингілердің жоғарылауы басқа қазақстандық банктермен
салыстырғанда банктің тұрақтылығы мен сенімділігінің дәлелі болып табылады.

HOME CREDIT BANK АҚ Қазынашылығына 2008 жылғы 30 қыркүйекте ҚР Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің ұлттық және
шетел валютасында банк заңдарында көзделген операцияларды жүргізуге №242
лицензиясы берілді. Сондай-ақ, 2004 жылғы 18 тамызда Қаржылық Қадағалау
Агенттігінің номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу
құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметпен
айналысуға № 0401100854 Мемлекеттік лицензиясына берілген. Осы
мүмкіндіктерге сүйене отырып банк клиенттеріне мынадай қызмет түрлерін
ұсынады:

- Конверсиялық операциялар
- Депозиттік операциялар
- Өндіруші аспаптармен операциялар (форвард және фьючерс келісім-
шарттары)
- Бағалы қағаздармен брокерлік-дилерлік операциялар, портфельді
басқару, кеңес беру қызметтер
Басты операциялар:
- Ұлттық және шетел валютасында төлемдер
- Шетел валютасын сатып алу және сату
- Компания қызметкерлерінің жалақыларын карт-шоттарына аудару
- Міндеттемелі жарналарды зейнетақы қорына аудару
- Міндетті әлеуметтік жарналарды аудару
HOME CREDIT BANK жүйесінің артықшылықтары:
- Көлік және офис шығындарына қаржы мен уақытты үнемдеу
- Шапшаңдық: Интернет желісі бар, әлемнің кез-келген нүктесінен банк
қызметтерін пайдалана алу мүмкіндігі
- Анықтамалық жүйені (КНП, КБК, мемлекеттерді топтастыру, экономика
секторларын, валюта кодтары және т.б.) және қолданыс анықтамасын
(бенефициары, ұйымдар, қаржылық шоттар т.б.) пайдалану мүмкіндігі.
- әртүрлі форматтағы көшірмелер мен есептер алу
- сенімділік қатынас шеңберінде (басқарма-филиалдар) қосалқы компа-
ниялар мен филиалдардың шоттарын жедел басқару және бақылау
мүмкіндігі
- көпқолданбалы тәртібінде құжаттармен жұмыс істеу мүмкіндігі
(бухгальтер офисте құжаттарды қалыптастырады, ал директор соңында
авторизовать етеді)
- бухгальтерлік бағдарламалар жүйесінде интеграциялау мүмкіндігі,
құжаттардың импортэкспорты және шоттар көшермесі.
- Құпиялылықты қатаң сақтау
- Жүйеде жұмыс істеу үшін қызметкерлерді қосымша оқытудың қажеті жоқ,
тек Интернет желісінде жұмыс істеуге дағдыланса болғаны.
- Құжаттарды жасауда авторизацияланған (бекітілген) құжаттардың
шаблондарын пайдалану мүмкіндігі (құжаттарды енгізуде операцияларды
жеңілдетеді, мүмкін қателердің санын азайтады, транзакция
қауіпсіздігін арттырады).

2.2 Жеке тұлғаларға қызмет көрсету бөлімі

Банк дегеніміз - бұл, ең әуелі, оның клиенттері. Біз тұтынушыларымыз өз
ақшаларын тиімді орналастырып, банк қызметінен жеткілікті дәрежеде пайда
алуларына бар жағдайды жасаймыз.

Қазақстанның экономикалық және қаржылық дамуы халықтың әл-ауқатының
жақсаруын және ертеңгі күнге сеніммен қарайтындығын көрсетеді, бұл жеке
тұлғалардың несиелендіру қызметтеріне тікелей әсер етіп, қызығушылығын
арттырады. Бұл тұрғыда HOME CREDIT BANK клиенттердің қажеттілігіне
бейімделген және несиелендірудің бірнеше түрін ұсынады. Сондай-ақ,
несиелендірудің жаңа түрлерін үзбей шығарып тұрады. Бұл қызметтің
түрлеріне, ең бірінші, несиелік карталар, автонесиелеу, ипотекалық
несиелеу, сонымен қатар, зәру мұқтаждыққа несие беру, шұғыл несиелендіру
және т.б. көптеген несиелендірудің түрлері енгізілген.

HOME CREDIT BANK несиелендірілмейтін өнімдер бөлігінде депозиттердің
бірнеше түрлері ұсынылады. Сондай-ақ, банк барлық клиенттерінің ыңғайына
қарай, жеке қызмет көрсетеді.

HOME CREDIT BANK жеке тұлғалар үшін мынадай қызмет түрлері мен
өнімдерді ұсынады:
- Несиелер
- Салымдар
- Ақша аударымдары
- Төлем карточкалары
- Тұрғындардың төлемі
- Жол чектері
- Сейфте сақтау
- Шоттармен жургізілетін операциялар
- Валюта айырбастау операциялары

а) Несие бөлімінде тәжірибе

HOME CREDIT BANK-нің тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары – бұл
сіздің проблемаларыңызды шешудің ыңғайлы жолы және халықтың тұтыну
тауарларын несиеге алу, әртүрлі қызметтердің ақысын төлеу, тұрғын үй,
автокөлік және – өзге де құралдарды сатып алу үшін қажетті соманы
оперативті түрде беру. Бұл үшін банкке көп құжат өткізудің қажеті жоқ,
берілген құжаттар мұқият қаралған соң әрбір клиенттің өтініші бойынша шешім
қабылданады.

HOME CREDIT BANK тұтынушылық несиелері – бұл ұзақ уақыт бойы ақша
жинамай-ақ, өзіңіздің қалаған затыңызға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік
беретін қолайлы ұсыныс.

Қызмет көрсетудің артықшылықтары
• Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі
схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді
жасауға ықпал етеді.

• Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша
мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және
түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың берік
орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.

• Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында жобаларды
қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға ғана емес, сондай-
ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді.
Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету
сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау
жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.

• Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету
сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау
жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.

• Аймақтарды қаржыландыру. Біздің банкіміздің қызметтерін Республиканың
барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан
бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп айырысу-кассалық
бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.

HOME CREDIT BANK несиелендірудің келесі түрлерін ұсынады:

"Любимая"несие желісі!"

• HOME CREDIT BANK өз уақыты мен жайлылықты бағалайтын клиенттеріне
арналған Любимая"несие желісі" жаңа бағдарламасын ұсынады. Сіз бұл несие
желісін аша отырып, бір жолғы несиелеуге қарағанда көптеген артықшылықтарды
пайдалана аласыз.

"Любимая" несие желісі" (жалақы жобалары үшін)

HOME CREDIT BANK “Любимая” несие желісі – бұл Сіздің тұрмыс
жағдайыңызды әп-сәтте жақсартудың ең дұрыс шешімі. Бір сөзбен айтқанда,
әдемі өмір сүргіңіз келсе, HOME CREDIT BANK ұсынатын барлық
мүмкіндіктерді пайдаланып көріңіз. Ақшаңызды айқын болашақ пен ауқатты өмір
үшін жұмсаңыз.

HOME CREDIT BANK-інде жалақы карточкасы арқылы еңбекақыларын алатын
банк клиенттеріне тамаша мүмкіндіктер жасалған.

Тауар сатып алу үшін

Тұрақты кірісіңіз болса шамамен 20 пайыздық үлеспен қалаған тауарыңызға
ие бола аласыз. Сіз ұзақ уақыт ақша жинамай-ақ қалаған тоңазытқышыңызды
немесе өзге де кез-келген затыңызды ала аласыз. HOME KREDIT BANK халықтың
тұтыну тауарларын иелену үшін берілетін несиелері - Сіздің арманыңызды
орындайды!

"Сенің мақсатың" несиесі

Зәру мұқтаждықтар үшін несие. Табысты растайтын құжатсыз несие алу
мүмкіндігі. Қажетті ақшаңызды ең қысқа мерзімде ала аласыз!

Экспресс-несиелеу (жалақы жобасы үшін)

• Аз құжаттар, берілген құжаттарды жылдам қарау, несиені жедел беру және
несиені уақытынан бұрын өтегенде айыппұл алмау – міне біздің несиелердің
артықшылығы! Сондай-ақ, сіздерге арнайы менеджерлер қызмет көрсетеді, олар
барлық ауыртпалықты өздеріне жүктейді.

ә) Депозиттік бөлімінде тәжірибе

HOME CREDIT BANK көп жылдар бойы жеке тұлғаларға арналған депозиттер
рыногында алдыңғы қатарда келеді.
Қаржы - қаражаттарыңызды орналастыру мерзімінің өзіңізге тиімді түрін
таңдай алу мүмкіндігі Сізге нақты таңдалған уақытта қаржыңыздың қозғалысын
жоспарлауға көмек береді.

HOME CREDIT BANK Қазақстан Республикасы аумағында есеп айырысу-
кассалық бөлімшелердің кең желісіне ие, бұл бөлімшелердің кез келгенінде
депозит рәсімдеуге болады. Сондықтан, Сізге депозит рәсімдеу үшін үйіңізден
алысқа ұзаудың қажеті жоқ. HOME KREDIT BANK филиалдық желісінің тағы да
бір ерекшелігі - кез келген жақын жерде орналасқан есеп айырысу-кассалық
бөлімшесінде (нақты бір ЕКБ-де ғана емес) депозитт ашуға да, жабуға да
болады.

HOME CREDIT BANK депозиттердің келесі түрлерін ұсынады:

"Формула Успеха" депозиті

Депозит бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер ғана көрсетілмеген,
сондай-ақ, салым шотынан қажетті уақытта керекті соманы алуға, қаржылай
сыйақы алуға, қосымша салымдарды енгізуге мүмкіндіктері бар. Ал сыйақыға
салымшылар Visa және MasterCard төлем карталарын алады. Ай сайынғы ұтыс 100
ақшалай сыйлық, басты сыйлық - 1 000 000 теңге.

Пенсионный депозиті

Елеулі жас - тиімді пайыз.

Депозит 50 жасқа толған немесе зейнеткерлік уақытқа жеткен адамдарға
арналып рәсімделеді. Пенсионный депозиті бұл: төменгі алғашқы жарна,
қаржыны орналастырудың ауқымды мерзімі, шотыңыздан кез-келген уақытта
қалаған сомаңызды алу мүмкіндігі, қаржылай сыйақыға ие болу, салымды
мерзімінен бұрын бұзған жағдайда жеңілдіктер мүмкіндігі. Пенсионный
депозиті –зейнетақыға үстеме пайда.

Platinum депозиті

Ерекше жеңілдіктердің жиынтығы. Ыңғайлы сервис пен жеке қызметті
қалайсыз ба? Онда сізге Platinum депозитін аштыру қажет.
Депозитті рәсімдеу кезінде Сізге банктегі мүддеңізді білдіретін персоналды
менеджердің шоты беріледі. Өзіңізді банктің ерекше клиенті екендігіңізді
сезініңіз!

б) Төлем карточкалар бөлімінде тәжірибе

Банктік төлем карточкасы – бұл қолданушыға төлемдерді жүзеге асыруға,
қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және осы карточканы шығарған
банкпен белгіленген басқа да операцияларды оның талаптары бойынша жүргізуге
мүмкіндік беретін электрондық немесе басқа жабдықтар арқылы ақшаға рұқсат
беру құралы. Төлем карточкаларын қолдану аумағы жыл сайын өсіп келеді.

Төлем карточкалары қазіргі заманғы төлем құралдары саласында болашағы
зор бағыттардың бірі болып табылады. Қолма-қол ақшамен салыстырғанда төлем
карточкаларының толып жатқан мүмкіндіктері мен артықшылықтары бар, қазірдің
өзінде 3 млн. қазақстандық, оның ішінде студенттер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем жүйесі және банк аралық есеп айырысу
Коммерциялық банктердің активті операциялары
«Банктің вексельдермен операциялары және есебі»
Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің қайтару тәртібі
Ішкі банктік чектермен есеп
Бенефициар - ақша алушы тұлға
Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесі
ҚР қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру
Жай вексельдің айналысы
Несиелік ақшалар және оның түрлері
Пәндер