Ағышын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І . АҒЫЛШЫН ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . .

II. НЕОЛОГИЗМДІК ТЕРМИНДЕР . . .

2. 1. Неологизмдік терминдер және оларды аударудың теориялық негіздері . . .

2. 2. Реалия, терминдер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Табиғатта бір ғана жақты зат та, құбылыс та жоқ. Бұған келіссек, біз аударма деп жүрген ұғымда қатып қалған, қасаң тұрақтылық болмаса керек. Аударманы қарым-қатынас құралы дей отырып, біз одан өзге тілдегі хабарларды (ақпаратты) осы тілге жеткізудің әр түрлі тәсілдерін, амалдарын, қалыптарын, түрлері мен пішіндерін күтуіміз керек. Өйткені қарым-қатынас ешқандай стандарттық қалыпқа көнбейді. Мұндай жағдайда басты мақсат - өзге тілдегі айтылған, жазылған ақпаратты мүмкіндігінше түсіну, байыптау, парықтау. Мұнан шығатыны - тілден тыс адам жоқ, адамнан тыс тіл жоқ, ал адам болса, оның негізгі бір қыры - қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы екендігі. Ал аралық дәнекер арқылы қарым-қатынас жасау - ұлтаралық қажеттілік. Осы айтылған ойлар тұрғысынан келсек, аудармаға оның қоғам тағайындаған қызметі жағынан, коммуникативтік мәнділігінің мөлшері жағынан да анықтама беруге тура келеді. Өйткені жақсы аудару үшін екі тілді білу жеткіліксіз. Ол үшін табиғаты күрделі, қайшылықты аударма заңдылықтарын білу керек, аударма мен аудармашыға қоғам тарапынан қойылып отырған талаптарды білу қажет.

Аударма теориясының міндеті - түпнұсқа мен аударманың арақатынасын анықтау, белгілі бір әдісті, форманы неге таңдап алып қолданғанын түсіндіру, ғылыми айғақтарға сүйеніп аударманың жекелеген жайттарын бақылаудан туған нәтижелерді қорыту, аударма жүйесіне көмектесу. Аударма предметінің объективтілігі сонда, ол - аударманың нақты мүмкіндіктерін анықтайды, басқаша айтқанда, аударма төңірегінде не бар екенін көрсетіп береді. Бірақ аударма болашағында не болатынын болжамайды, екінші сөзбен айтқанда, оның жүйелеуші, жалпылап қорытушы сипаты бар, алдын ала сәуегейлену - аударма теориясына жат құбылыс. Мұнымен қатар аударма теориясының белгілі бір ғылыми ұғымдары, санаттары бар, олар белгілі бір нақты жағдайға байланысты үзінді түрінде айтылған ойлар емес, жүйелі түрде айналымда қолданылып отыратын санаттар.

Аударма теориясының жүзелік маңызы сол, ол аудармашының өз бетімен субъективтік жолмен тілге, ойға еркіншілік, нақтырақ айтсақ, қиянат жасауын мейілінше шектейтін объектіивті, ғылыми негізделген ұстанымдардың қажеттілігін көрсетіп береді. Аударма теориясының бұл қызметі объектівті қажеттіліктен туады, өйткені кез келген сыни-шығармашылдық іс өзінің белгілі бір заңдылықтарын айқындауды, теориялық қорытындылауды қажет етеді. Бұл неғұрлым кең көлемді қорытындылар, пайымдаулар жасауға, оны басқа көптеген жағдайларға, сәттерге бірден қолдануға, жұмыстың ретсіздігін, жүйесіздігін оңдауға, қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік береді.

БӨЛІМ I

АҒЫЛШЫН ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Терминдер - өзіндік құрылымдық, семантикалық, деривациялық, функционалдық ерекшеліктері бар тілдің өзгеше категориясы. Аталған ерекшеліктерді ескерусіз термин жасау, басқа тілден терминдер алу, калькалау, терминдерді ұтымды қолдану мүмкін емес. Терминдер адам қызметінің ерекше түрін атап көрсететін болса, ең алдымен, ғылыми, кәсіби деңгейлерін айқындайды. Сондықтан терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби және өндірістік салалардың, ғылыми таным мен әлем көрінісінің дамуын бейнелейді. Терминдер мен терминологиялық жүйелер қоғамның әлеуметтік құрылымының біртекті еместігін, әр түрлі топтарға, бірлестіктерге бөлініп, әрқайсысының өз тілі, өзіне ғана тән әрі түсінікті терминологиясы барлығын айқындайды. Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі терминсіз, терминологиялық жүйесіз бірде-бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түсінігі жайлы арнайы білім, ұғымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау қабілетінің, танымының, ақиқат шындықтың бейнеленуі мен көрінісінің ерекше бір түрдегі негізін сипаттайды. Терминдердің концептуалдық құрылымын анықтауда ұғым мен мазмұн мәселесінің маңызы зор. Себебі терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз - белгілі бір ұғымдық сала иелерінің коммуникативтік байланысын қамтамасыз ететін референциялардың инвариантты жүйесі, оны концептуалды құрылымды тіл жүйелері мен арнайы ұғымдар арасын байланыстыратын негізгі буын деп қарастыруға болады. Бұл арада тілмен тікелей байланыс мазмұнды аспект арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан концептуалдық құрылымның өзі де белгілі бір семантикалық және ұғымдық категориялармен сипатталады. Бұл үшін біз «сема» немесе «семантикалық белгі» категорияларын қолданғанды жөн көрдік. Егер терминді тек жеке сөз ретінде ғана қабылдамай, оны белгілі бір терминологиялық жүйе бірлігі ретінде қабылдайтын болсақ, онда ол өзінің негізінде бүкіл сол жүйенің құрылымдық және мазмұндық жақтарын сипаттауымен қоса, онымен семантикалық қатынаста болуы тиіс. Яғни, бір жеке терминнің концептуалдық құрылымын айқындау арқылы сол терминологиялық жүйенің де концептуалдық құрылымын анықтауға болады. Қазіргі таңда кез келген ғылым саласының концептуалдық-ұғымдық аппаратының басты мәселесі терминологиялық синонимия құбылысы болып табылады. Бұл мәселе мынадай сұрақтардан тұрады: синонимдік терминдерге стилистикалық қарама-қарсылық қасиеті тән болып табыла ма; терминологиялық дублеттілікті қалай түсіндіруге болады; синонимдер қатарына қандай терминдерді жатқызуға болады және т. б. Біздің ойымызша, бұл тілдік құбылыс терминологияның бір ұғым - бір таңба деген негізгі қағидасын жоққа шығарады. Сондықтан да синонимдік терминдердің терминологиялық жүйедегі жұмсалымдық қажетсіздігі жайлы пікірлер туындайды. Алайда бұл мәселенің екінші жағы тағы бар. Кез келген ғылым саласының терминологиясы сол сала мамандарының қарым-қатынас құралы қызметін де атқарады: ғылыми конференциялар мен симпозиумдардағы баяндамалар, ғылыми мақала жазу, түрлі ғылыми және техникалық құжаттамаларды құрастыру, ғылыми-көпшілік басылымдарға қатысу, ғылыми тақырыптағы ауызша әңгіме және т. б. Осыған байланысты, бір ғылыми-техникалық ұғымды бірнеше терминдермен белгілеу қажеттілігі пайда болады. Мысалы, терминологиялық жүйе және терминдер жүйесі; таңбалық жүйе, семиотикалық жүйе және таңбалар жүйесі; лексика және сөздік қор т. с. с. Біз қарастырып отырған материал негізінде бір ұғым - бір таңба шартын қатаң сақтаумен ерекшеленетін синонимді терминдер мағына жағынан біршама ұқсас болып келгенімен, семалық тұрғыдан ұғымдары айқын ажыратылады. Мысалы, аударма барабарлығы - барабар аударма - толыққанды аударма (түпнұсқа мазмұны мен пішін бірлігінің берілуі - түпнұсқаға сәйкес келетін аударма және т. б. - аударма мәтінінің түпнұсқаға жұмсалымдық-стилистикалық жағынан сәйкес келуі) ; баламасыз лексика - реалийлер (білім алушылардың ана тілінде тең мағынасы жоқ лексикалық бірліктер - нақты бір әлеуметтік қоғамдастықтың, этникалық топтың ерекшеліктерін құрайтын заттар, құбылыстар, дәстүрлер және оларды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері) ; дәлме-дәл аударма - нақпа-нақ аударма (сөйлем, синтагма, фраза деңгейінде орындалатын аударма - сөзбе-сөз аударма) және т. б. Ал концептуалдық ұғымы бір терминдер қатарына мыналар жатады: морфемалар деңгейіндегі аударма - морфемалық аударма; фонемалар деңгейіндегі аударма - фонемалық аударма; автоматтандырылған сөздік - машиналық сөздік; автоаударма - авторлық аударма; агенс - іс-әрекет субьекті; коммуникация акті - айтылым; екі тілді есептеуіш лексикография - аударылған есептеуіш лексикография; дефиниция - анықтама т. б. Сонымен, терминологиядағы синонимия құбылысы оны қолданушылардың ғылыми коммуникативтік қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды рөл атқарады.

Терминдер мен терминологиялық жүйелер жалпы лексика мен лексикалық жүйелерден мына аспектілер тұрғысынан ажыратылады:

1) басқа тілге аудару;

2) басқа тілден алу (кірме сөз) ;

3) тұрпат межесінің өзгеруі немесе айқындалуы;

4) мазмұн межесінің өзгеруі немесе айқындалуы;

5) көп мағыналылық;

6) омонимия;

7) синонимия;

8) антонимия.

Осы аталған аспектілерге жеке-жеке тоқталып, атап өткенді жөн көрдім.

1. Аударма. Арнайы лексика сөздерінің аударылуы жалпы тілге емес, сол заттық-ұғымдық өріске қатысты жүзеге асырылады, өйткені лексикалық тұрғыдан түрлі жүйелердегі бір сөз әр түрлі аударылуы мүмкін.

Қазақ аударматану терминдерінің басым көпшілігі осы негізде жасалған. Мысалы: сөзбе-сөздік, мақсатты сөзбе-сөздік; өзі туындайтын сөзбе-сөздік, сөзбе-сөз аударма, уақытша балама, барабар алмастыру және т. б.

2. Кірме сөз. Бастапқы тілде бар сөздің аударма тілінде баламасының жоқтығы оны басқа тілден алуға мәжбүр етеді, яғни терминдердің басқа тілден қабылдануы бастапқы тілдегі ұғымның қабылдаушы тілде жоқтығына байланысты болады. Мысалы: денотат, трансформация, транслят, рецептор, селектор, референт-аудармашы, символ, фразалық аударма, аударма-девальвация және т. б.

3. Тұрпат межесінің өзгеруі немесе айқындалуы. Арнайы лексиканың сөздері белгілі бір дәрежеде тұрпат межесін өзгертуге немесе айқындауға, сондай-ақ денотаттардың да қайта аталуға мүмкіндіктері бар. Бұл қасиет жалпы лексикаға тән емес. Ал сөздер мен олардың мазмұн межесі жасанды түрде қалыптастырылған жағдайда тұрпат межесінің өзгеруі немесе айқындала түсуі әбден мүмкін. Себебі бұл тұста атау тікелей ұғыммен емес, таңбаланушы нысанмен (денотатпен) шартты байланыста болады. Мысалы: адекватты аударма  барабар аударма; синхронды аударма  ілеспе аударма; адресант  тыңдаушы; адресат - сөйлеуші; анализ  талдау; аналогия  телнұсқалық; билингв  қостілді адам; билингвизм  қостілділік және т. б.

4. Мазмұн межесінің өзгеруі немесе айқындалуы. Арнайы лексикада бастапқы тұрпат межесі сақталады да, ал бірліктерінің мазмұн межесі ауысатын құбылыстар да байқалады. Бұл құбылыс жаңа концепциялар туындаған жағдайларда ғана қарастырылады.

5. Полисемия. Көп мағыналы сөз бірнеше ұғымға сәйкес келеді. Көп мағыналы сөздің мазмұн көлемі маңызды белгілері негізінде бірнеше бөлшектерге бөлініп, десигнат топтарын бір-бірінен ажыратып тұрады.

Мәселен: барабар аударма - 1) толыққанды аударма; 2) толыққанды алмастыру; 3) түпнұсқа мәтініне толық сәйкес келетін аударма мәтіні; 4) стилистикалық ерекшеліктерді ескеретін аударма; 5) түпнұсқа мазмұны мен пішіні бірлігінің аудармада берілуі; 6) поэтикалық мәтін; 7) әдеби аударма; баламасыз лексика - 1) баламасы жоқ лексикалық бірліктер; 2) бастапқы тіл сөздері; сөзбе-сөздік - 1) аудармалық қате; 2) екі тіл таңбаларының жалған байланысын жасау; 3) тіл нормаларының бұзылуы; 4) аудармашының қатесі; айтылым - 1) таңбалар тізбегі; 2) хабарлама бірлігі; 3) сөйлеу бірлігі; 4) мәтіндік шындықтың кіші бөлігі; 5) сөйлеу барысында рәсімделген аяқталған ой, тұжырым; шығыс тіл - 1) аударма тілі (машиналық аудармада) ; 2) аударма жасалған тіл; 3) салғастырылушы тіл; 4) мәтін тілі және т. б.

6. Омонимия. Омонимдер - айтылуы бірдей, мағыналық жақындығы жоқ сөздер. Омонимдердің пайда болу себебі әр түрлі: 1) көп мағыналы сөздердің арасындағы семантикалық байланыс үзілуі арқылы жасалады; 2) сөздердің тарихи дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; 3) кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан сәйкес келуі арқылы жасалады. Мысалы: сәйкестік І - бір-біріне сай үйлестік, ұқсастық; сәйкестік ІІ - аударма жайындағы ғылымның ең негізгі категорияларының бірі. Аудармадағы абсолютті сәйкестік бастапқы және аударма мәтіндерінің формалды, мағыналық және ақпараттық құрамдас бөліктерінің сәйкес келуі арқылы сипатталады, алайда іс жүзінде оған қол жеткізу мүмкін емес деуге болады. Сәйкестік категориясы аудармада «сөзбе-сөздік аударма - еркін аударма» оппозициясында көрінеді. Сондай-ақ, сәйкестік деп бастапқы мәтін бірлігін аудару нұсқаларының бірін айтады; түпнұсқа І - алғашқы негіз, бастапқы; түпнұсқа ІІ - аудармадағы бастапқы мәтін, аударма осы мәтіннен жасалады; бейімдеу І - жуықтау, жақындау, икемдеу; бейімдеу ІІ - 1. рецепторға бірдей әсер ету мақсатында сипатталған жағдаятты өзгерту нәтижесінде сәйкестіктерге қол жеткізу амалы. 2. мәтіннің түрлі өңделуі; 3. қажетті дәрежеде дайын емес оқырмандар үшін мәтіннің әзірленуі; қабылдау І - адам миында болатын түсіну, сезіну процесі; қабылдау ІІ - аудару барысында бастапқы тілде оқу немесе тыңдау іс-әрекетінің бастамасын білдіреді; нақтылау І - дәлдей түсу, анықтау, айқындау; нақтылау ІІ - бастапқы тіл бірлігіне қарағанда аударылған бірлік мағынасының нақты болуына байланысты аударма амалдарының бірі.

Сонымен бірге, аударматану терминдік бірліктерінің материалы негізінде салааралық терминдер-омонимдер түрлері де анық байқалады. Мысалы, транслят - транслят (аударматану - радио, теледидар) ; селектор - селектор (аударматану - байланыс жүйесі) және т. б.

7. Синонимия. Тілде белгілі бір ғылыми-техникалық ұғымды бірнеше терминдермен атау қажеттілігі пайда болуы мүмкін. Мысалы, терминологиялық жүйе және терминдер жүйесі т. б. Терминдер синонимділігі құбылысы автордың ғылыми сөз байлығын көрсетуімен сипатталады. Ал мына аударматану терминдерінің концептуалдық мағынасы бірдей болады: бастапқы айтылым, бастапқы хабарлама - бастапқы мәтін; кинетикалық тіл - ым, ишара тілі; когнитивтік-танымдық; конвенция - норма; таңбаның коннотативтік мағынасы - таңбаның прагматикалық мағынасы; қисынды предикат - қисынды баяндауыш; қисынды субьект - қисынды бастауыш; механикалық аударма - нақпа-нақ аударма.

8. Антонимия. Антонимия құбылысы дербес және көмекші сөздер арқылы берілетін семантикалық қарама-қарсылықты білдіреді. Антонимия көркем әдебиетте антитеза сияқты әр түрлі стильдік фигураларды жасап, экспрессия үшін қолданылады.

Антонимия құбылысы терминологияда терминологиялық өрістің шеткі нүктелерін белгілеуге, сондай-ақ терминологиялық жүйенің қисынды мүмкіндіктерін сұрыптауға жағдай жасайды. Мысалы: кеңейту - тарылту, сәйкестік - сәйкессіздік, ауызша аударма - жазбаша аударма, кіріс тіл - шығыс тіл, кіріс сөздік - шығыс сөздік, кіріс сөйлем - шығыс сөйлем, лексикалық жайылма - лексикалық ықшамдау және т. б.

Терминдерді терминологиялық өрістен бөліп қарауға болмайды. Терминологиялық өріс бойынша моносемантикалық термин жасалуы тиіс. Терминдерді талдау барысында ұғымдық өріс ерекшелігіне басты назар аудару қажет. Бұл тілден тыс негіздемесіз терминологиялық өріс қалыптасуы мүмкін емес. Себебі жай лексикалық өрістен терминологиялық өрістің айырмашылығы - оның құрамына жай сөздер емес, арнайы ұғымдарға сәйкес келетін арнайы лексика жатады.

Терминологиялық өріс теориясында сөздердің басым көпшілігі жасанды жолмен туындайтын болған соң, сөзжасамға ерекше мән беріледі. Сол себепті әрбір терминологиялық өрісте жалпы лексикаға және өрістің басқа түрлеріне тән емес өзінің сөз тудырушы және сөз түрлендіруші парадигмалары қалыптасады. Мысалы, аударматану өрісіндегі балама терминіне зат есімді баламалық, сын есімді баламалық терминдері сәйкес келеді.

Үлкен, ірі терминологиялық өрістер одан кіші, микроөрістерге жіктеледі. Мысалы, аударматану өрісінің мынадай микроөрістерін атап көрсетуге болады:

1) Көркем аударма микроөрісі төмендегідей терминдерден құралады: авторланған аударма, авторлық аударма, бейімдеу, бейімделген аударма, барабар алмастыру, барабарлық, аударма барабарлығы, барабар аударма, антонимдік аударма және т. б. ;

2) Машиналық аударма микроөрісі: автоматтандырылған ақпараттық жүйе, аудармашы, АЖО (автоматтандырылған жұмыс орны), кіріс сөздік, кіріс тіл, шығыс сөйлем, шығыс сөздік, шығыс тіл, іріқұрылым бірліктері, машиналық сөздік, машиналық интерпретация, машиналық құрылым және т. б.

3) Мәтін аудармасының микроөрісі: газет мәтіндерінің аудармасы, фельетонды мақалалар аудармасы, көркем аударма, техникалық әдебиет аудармасы, ғылыми әдебиет аудармасы, қоғамдық-саяси әдебиет аудармасы, патенттік рефераттар аудармасы, құжаттар аудармасы, мәтін тақырыптарының аудармасы, кино-бейне материалдар аудармасы және т. б. ;

4) Аударма процесінің микроөрісі: аудармашының түпнұсқа мәтініндегі бағдарлау үрдісі, аудармашылық шешімдердің жүзеге асырылу үрдісі, аудармашылық шешімдерді іздестіру және қабылдау үрдісі, аудармашылық шешімдерді іздестіру немесе таңдау үрдісі, оңтайлы шешімді іздестіру үрдісі, бағдарлау үрдісі, коммуникация акті, екі тілді коммуникация акті, аудармалық іс-әрекет, аудармалық амалдар және т. б. ;

5) Аударма әдістемесінің микроөрісі: аударма техникасы, аударма практикасы, таңбалық аударма, мазмұндық аударма, ілеспе аударма, жазба әдісі, мәтінді құрақтау әдісі, семантикалық өрісті қысқарту әдісі, статистикалық оппозициялар өрісі, транформация әдісі, бастапқы мәтінді трансформациялау әдісі, сүзгілер әдісі және т. б.

Терминдердің лексика-семантикалық құрылымы термин интенциясы мен экстенциясы ұғымдарымен байланысты болып келеді. Термин интенциясы дегеніміз - бұл таңбаланушы нысанды белгілі бір ұғымдық өріс шеңберінен айқындап алу ниеті мен мақсаты. Сондай-ақ, оның ерекше белгісін сипаттайтын дәл және нақты атаумен таңбалануын білдіреді. Термин экстенциясы - бұл оның мағынасын көрсететін ұғымдық өріс аумағы. Терминжасамның басты талаптарының бірі - атаудың уәжді болуы. Ендеше атау қатаң шарттылықтан аулақ болу керек, кез келген ұғымның атауы уәжді болу керек, сонда өзге тілден еніп, аударылып немесе жаңадан пайда болып жасалып отырған ұғымның мазмұн-мағынасы оның атауынан көрініп тұрады. Яғни, атаудың ар жағында тұрған ұғым аударма немесе түсіндірме сөздіксіз-ақ түсінікті болып тұру керек.

Кез келген тілде терминжасам процесі, ең алдымен, сол тілдің өз сөздік құрамы, ұлттық лексикасы негізінде жүзеге асырылады. Демек, терминдер тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлерден жасалады. Осыған орай, терминдер қатарында сол тілге тән әр түрлі құрылымдық түрлер кездеседі: түбір сөз, туынды сөз, күрделі сөз, сөз тіркесі және т. б.

Туынды терминдердің терминжасам процесінің семантикалық нәтижелері төменде келтірілген түрлерде болуы мүмкін:

1) таза транспозиция (сөздің бір сөз табынан басқа сөз табына ауысып, мағынасының ешбір өзгеріссіз қалуы) : аударылған мәтін - аударма мәтін;

2) транспозиция (туынды сөздің синтаксистік сипаты мен мағынасының бірдей өзгеруі) : кеңесші - кеңесшілдік; балама - баламалық;

3) модификация (бір сөз табына жататын сөз тудыруға негіз болатын және туынды терминдер арасындағы айырмашылықтар) : аударма - аудармашы.

Осы орайда, біздің ойымызша, семантикалық өзгерістердің біріншісі синтаксистік деривация, екінші және үшінші түрлері лексикалық және терминдік деривация ұғымдарына сәйкес келеді.

Терминологиялық жүйеде уәжді терминдермен қатар бейуәжді терминдер де болады. Уәжді терминдер арасында уәжділік деңгейі әр түрлі терминдер кездеседі. Уәжді терминдердің ішкі құрылымының айқындығы нақты белгілерінен көрінеді. Жалпы, уәжділіктің төмендегідей түрлері бар: сөзжасамдық-морфологиялық, семантикалық және синтаксистік. Сондықтан уәжді терминдер қатарына төмендегідей тұлғалар жатады:

1) аффиксті терминдер;

2) күрделі сөз терминдер;

3) сөз тіркесі терминдер;

4) семантикалық тасымалдаудан пайда болған терминдер.

Осы тұжырымға сәйкес аффикстік терминдер: барабарлық, аударма, аудармашы, жөнелтуші, сәйкессіздік, сәйкестіктер, балама, баламалық және т. б. ; күрделі терминдер: қостілділік, дереккөз, мәнмәтін, тіларалық, метатіл, көптілділік, түпнұсқа, референт-аудармашы, аударма-реферат, аударма-реминисенция, аударма-бейімдеу, аударма - диктант, аударма -девальвация, микроаударма және т. б. ; терминдік тіркестер: ауызекі аударма, нұсқалық сәйкестік, баламасыз лексика, қысқаша аударма, өзі туындайтын сөзбе-сөздік, ықтималды болжам, баламалық түрлері, уақытша баламасыз терминдер, уақытша семасиологиялық байланыстар және т. б. уәжді терминдер қатарына жатады.

Терминология бүгінгі күні ең күрделі және проблемасы көп сала. Қазір не көп, жарыса шығып жатқан жаңа сөздер көп. Сөздіктер ала-құла. Кәсіби, салалық, ғылыми терминдердің әр жерде әртүрлі жазылуы бәрімізді де жаңылдырды

Терминологиялық электрондық қор жасау жөніндегі әңгіме де шешімін таппады. Әлі күнге дейін осындай қордың болмауынан бір терминнің алты рет қабылданған кезі де болыпты. Терминком терминдер мен атаулар мәселесін мықтап қолға алуға тиіс. Қоғам өмірінің экономика, ғылым-білім, мәдениет пен өнер сияқты секторлары өз кезегінде сала-салаға тарамдалып кететіні белгілі. Міне, осы салалардың әрқайсысында басшылыққа алынатын бір ғана сөздік болуға тиіс. Оған сол салада шығып үлгерген барлық сөздіктердегі қамтылған және жұртшылық қабылдаған сөздер екшеліп алынуы керек. Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе - мен ресми тіл, заң терминдері жөнінде айтып тұрмын. Ал жалпы қазақтың тіліне мұндай талап қоя алмайтынымыз белгілі. Бір ұғымды бірнеше синониммен айтуға болатын қазақ тілінің мүмкіндігін мұндай талаппен тұсаулап тастауға, әрине, болмайды.

II БӨЛІМ

НЕОЛОГИЗМДІК ТЕРМИНДЕР

2. 1 Неологизмдер және оларды аударудың теориялық негіздері.

«Неологизм» терминінің түсінігі және мазмұны

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неологизмдердің жасалуы және оның аудару жолдары
«Неологизм» терминінің түсінігі және мазмұны
Америкалық ағылшын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктерін зерттеу
Ағылшын тіліндегі неологизмдердің аудармада берілуі (техникалық лексиканың негізінде)
Неологизмдердің жасалу тәсілдерін саралау
Қазіргі ағылшын тілі терминологиялық жүйесін толықтырудағы неологизимдердің рөлі
Жалпы неологизмдердің ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тіліндегі неологизмдердің пайда болу тәсілдерін зерттеу
Сөз жасамдық элементтері түбір сөздер
Drug Trafficking Offences Act - барлық бөліктері зат есім
Неологизмдер және оларды аударудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz