Интерактивті тақтаның шығу тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Интерактивті тақтаның шығу тарихы.
2.2.Интерактивті тақтаны қолдану жолдары.
2.3. Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу әдісі.
2.4. Ағылшын тілі сабағында электронды оқулықтар мен интерактивті
тақтаны пайдаланудың тиімділігі.
2.5.Ағылшын тілі сабағында интерактивті тақтада жұмыс жасау
мүмкіндіктері.
ІІІ. Қорытынды.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бүгіні мен келешегі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қоғамның дамуының қазіргі кезеңі, елімізде
болып жатқан түрлі өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, мұғалім
іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында "Білім беру мазмұны шетел тілін және
информатика негіздерін ертерек оқытумен толықтырылатын болады"- деп
қарастырылған. Сондай-ақ мектепте оқушыларды шетел тіліне баулу мәселесі
кеңінен қолға алынғанын көрсетеді.
Бұл негізінен мектептегі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, арнайы даярлығы бар шетел тілі
мұғалімдерін даярлауды жетілдіруді алға тартады.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі – білім
беру жүйесінде ақпараттандыру болып есептеледі. Осыған орай педагогикалық
үдеріске қатысты әртүрлі технологиялар жасалып білім беру жүйесінің
құрылымдарына кеңінен енуде.
Шетел тілі сабақтары неғұрлым жаңашыл, тиімді технологияларға толы
болып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беріліп, олардың
шығармашылық қабілеттерінің дамуына бағытталса, оқушылардың шетел тілдерін
меңгерулері соғұрлым жоғары деңгейде болады. Сондықтан да шетел тілі пән
мұғалімдері қазіргі заман талабына сай жаңашыл, ізденімпаз, өресі биік,
білімді, білікті, шетел тілін үйретудің жаңа формаларын, қазіргі ғылыми
технологиялық прогресс дәуірінде олар интерактивті тақта, электронды кітап,
Интернет сияқты көп арналармен сабақ жүргізу технологияларын, шетел тілі
сабақтарын өткізудің басқа да тиімді технологияларын меңгерулері қажет.
Біздің зерттейтін мәселеміз – қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын
технологиялардың бірі интерактивті тақтаны қолдану болып табылады. Бұл
инновациялық технологияның ашылу тарихына, қолданылуына, жақсы және жаман
жақтарын зерттеу барысында мәнін ашамыз.
Сондықтан, біздің зерттеу мәселеміз шет тілін оқыту барысында
интерактивті тақтаны қолдану болып табылады. Бұл мәселе біздің зерттеу
жұмысымыздың өзектілігін анықтайды. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру
бізге зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: "Ағылшын тілін оқытуда
интерактивті тақтаны қолдану" деп таңдауға негіз болды.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен
және қорытынды мен пайдаланылынған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Тақырыпты зерттеу барысында
мынадай өзекті мәселелерді айқындауды мақсат еттік:
• Шетел тілін оқыту барысында интерактивті тақтаны қолданудың
маңызы.
• Интерактивті тақтаның тиімділігін айқындау және мәнін ашып
көрсету.
• Интерактивті тақтаны қолдану барысында өлшемдерін,
көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
• Шетел тілін оқытуда интерактивті тақтаны қолдану арқылы
тәжірибелік-эксперимент жүргізу, қорытынды нәтижесін шығару.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Интерактивті тақтаның шығу тарихы
Smart Technologies Inc. компаниясы 1991 жылы дүниежүзінде бірінші
болып интерактивті тақтаны ұсынған болатын. Ал Ресейде 1995 жылы
мультимедиа-проекторы пайда болды. Аталған құралдар, ең алдымен, білім беру
секторларында, оқыту орталықтырында ауадай қажет болды. Өйткені, дәл осы
салада кез келген адамның белгілі бір ақпаратты қабылдауы 80 пайызға дейін
көру қабілеті арқылы жүзеге асырылатындықтан, көз алдында болып жатқан
ақпаратты түсінікті де көрнекті түрде суреттеу өте қажет екені белгілі.
Уақыт өте басқа мемлекеттерде де интерактивті технологиялар кеңінен
шығарыла бастады.
Дүниежүзі бойынша интерактивті құрал-жабдықтарды шығаратын алдыңғы
қатарлы компаниялар:
1. Promethean (Ұлыбритания, ИД Activboard),
2. Interwrite Learning (АҚШ, ИД Interwrite™ Board),
3. SMART Technologies Inc. (Канада, SMART Board),
4. Hitachi (Жапония, ИД Hitachi Starboard),
5. Polyvision (Корея, ИД PolyVision),
6. Panasonic (Жапония, Panasonic Panaboard және т.б.)‏
1) ACTIVboard (Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы
арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және
ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
2) Interwrite Board интерактивті тақтасы (ертеректе GTCO
Interwrite SchoolBoard) GTCO CalсComp Inc. (АҚШ) негізіндегі технология
электромагнетик, жоғарғы мүмкіндіктерге қол жеткізетін, ең жоғарғы
жылдамдықтағы және қолжазба мәтінін нақтылайтын, сонымен бірге ұзақ жылдар
бойы қолдануға болады. Бұл тақтада дәстүрлі сызу құралдары қолдануға болады
(сызғыш, транспортир, бұрыштама және т.б.) геометрия, алгебра, сызу, физика
және т.б. кеңінен қолданылады. АҚШ (7125 Riverwood Drive Columbia, MD
21046, USA)заводында жасалынған тақтаның беті бүлінбейді, соған байланысты
бұл тақта білім мекемелерінде үлкен сұраныста.
3) SMART Technologies Inc технологиясы. SMART Board интерактивті
тақтасында екі әр түрлі технологиялар қолданылады: Технология резистивті
матрица Резистивті матрица – бұл жұқа сілтеуішті екі қабаттан тұратын тор,
әуедегі саңылаумен бөлінген. Технология DViT (Digital Vision Touch) –
меңзер координатын қолданатын (маркер немесе сааусақ) тақтаның бұрыштарында
сандық бейне камералар орналасқан. Бұл технологияны қолданғанда меңзердің
жылдамдығы артады да, функциональдық мүмкіндіктері артады.
4) Hitachi экраны және интерактивті тақта. 24 функционалды
батырмалары бар, 72 виртуальды түстермен сурет салуға болады, жаңаStarBoard
FX Duo софт ның негізінде Интернет арқылы 50 басқа StarBoard FX бір
мезетте қашықтықтан конференция өткізу үшін байланысқа шыға алады.
5) Webster тақтасы. Электронды интерактивті Webster тақтасының
сериясы TS (TS-400 TS-600 TS-800) Polyvision компаниясынан – кәсіптік
презентациясын өткізуге арналған құрал. Комплектіге Webster тақтасы,
дербес компьютер, мультимедиа проектор жатады. Маркер Тақта Маркер 4
түсті (қызыл, қара, жасыл, көк) және өшіргіштің көмегімен қарапайым тақта
тәрізді кез келген жазбамен суреттерді салуға, құруға және редакторлеуге
болады. Электронды тақта маркермен немесе саусақпен басқара отырып
қажетті операцияларды атқарғанда компьютерлік тышқанның қызметін атқарады.
6) Panaboard KX-BP800 интерактивті тақтасы. Электронды Panaboard KX-
BP800 интерактивті тақтасының жиналыстар, семинарлар, тақтамен
телеконференциялар, презентациялар мен сұхбаттасу жүргізуге мүмкіндігі мол
тақта. Мұнда тақтаның көшірмесін алуға болады, проектор түсіретін экран,
интерактивті монитор және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. Оны
компьютерге және проекторға қосқанда, Panaboard KX-BP800 тақтасы
интерактивті мониторға айналады, электронды маркердің көмегімен
компьютердің қосымшаларын басқаруға болады.
2.2. Интерактивті тақтаны қолдану жолдары
Елбасының Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында: Біз бүкіл
еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін
көрсетуге қол жеткізуіміз керек десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, 18-ші
бағытының 7-ші тармақшасында: Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты
таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру
бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр делінген, сондай-ақ 17-ші
бағыттың 3-ші тармақшасында Он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып,
елімізде оқу теледидарын құру қажет деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні
білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және
ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие
үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап
отыр.
Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш
техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға,
интернетте жұмыс істеуге, компьтерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын
пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты
білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол
ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы
аса мол.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет
дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне
мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын
жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі
мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр – ақпараттандыру
ғасыры деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылымы – техникалық
прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне
енді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім
негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту,
ақпараттық технологияны өзіндік даму және оны іске асыру құралы ретінде
пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік –
ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық
бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының
құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір
жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық-техникалық
базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;
Оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог
мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне,
оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында
интерактивті құралдарды қолдануды. Интерактивті құралдардың көмегімен
мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі –
inter бірлесу, act әрекет жасау ұғымын білдіреді, сабақ барысында
оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір
толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын
оқыту барысы.
Интерактивті тақта дегеніміз не?
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі
және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды
біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін
құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында
қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIV-board (Promothean компаниясы) – ACTIV studio программасы арқылы
іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және
ақпараттарды енгізуге арналған автивті қаламнан тұрады.
Активті қалам - дегеніміз не?
Активті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен
тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
ACTIV-wand указкасы
Электронды ACTIV-wand указкасының ұзындығы 54см тақтаның жоғарғы
бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында
орналасқан батырма тышқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIV-
board – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен
астынан шығуға мүмкіндік береді. Оң қол сонымен бірге сол қолмен жұмыс
жасауға қолайлы құрал.
ACTIV panelpro
ACTIV ponelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларға қолдануға өте
қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIV ponelpro арнайы
қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан
көруге мүмкіндік береді. ACTIV ponelpro (Активпанель) өте жеңіл зат,
бөлмеден бөлмеге қиындықсыз-ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса
кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIV ponel-pro ДК басқарады, сурет салады,
жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
ACTIV-slate
Радио портты ACTIV-slate панель құрылғысы топпен жүргізілетін
конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Конференция немесе презентация кезінде аудиторияға еркін қозғалуға болады
ACTIV-slateXR панель аудиториясының кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай
алады. ACTIV-slateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-
ақ тақтада жаза алады.
ACTIV-tablet
ACTIV-tablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады,
презентация мен конференция материалдарын ACTIV-studio2 немесе ACTIV-
primary тақтасыз (ACTIV-board көмегінсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік
беретін құрылғы. ACTIV-tablet компьютерге USB порт арқылы қосылады,
бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз
қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIV-ote
ACTIV-ote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына
сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио
пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттің
көмегімен ақпарат ACTIV-board қабылдайды және өңделіп конференция
қатысушының жауабын қабылдайды. ACTIV-ote қарапайым тест жүргізуге өте
қолайлы зат. ACTIV-ote 16 немесе 36 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу
үшін қолданылады.
ACTIV-ote қолдана отырып:
Тест дайындау шеберінде ACTIV-studio бағдарламасында флипчартта
мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сатылады да,
тесттің нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында
сақталады. Тесттің нәтижесін EXCEL немесе WORD редакторларында экспорт
жасауға болады.
ACTIV-studio программасы
ACTIV-studio РЕ программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны
сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIV-board
және ACTIV-pen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIV-studio
программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды
құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі
кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге
және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
Флипчарт
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс
аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті
құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір
флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе
объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу
құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
Активті экран кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты
көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап
интерактивтік жүйе болып табылады.
Активті экран бағдарламалық-техникалық кешенінің дидактикалық
мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен
кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл
құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе
білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен
жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.
Бағдарламалық-техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік
тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық
құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға
мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру
барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне
құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде
мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат
сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу
және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше
мәселелерді шешуге көмектеседі:
➢ Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
➢ Алған білімді жүйелеу;
➢ Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
➢ Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
➢ Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік
көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты
меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін
қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенін 20% есте
сақтайтыны белгілі. Аудио және видио ақпаратты бір мезгілде қолдану есте
сақтауды 40-50% дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны
оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің
бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал
жекеленген курс бойынша мәселелік-бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің
болуы мұғалімге мұғалім - оқушы жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және
қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы
жүзеге асу үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер
мен іскерліктерді игеруі қажет. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін
компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда
компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Елбасы атап көрсеткендей Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-
мөте қажет - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу
үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа
ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын
бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық
біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала
дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық
ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін
қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, Активті экран кешенін қолдану арқылы
оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау
мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның
үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда
оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін
белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды
қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға
болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және
т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны,
физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет
болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіндік береді.
Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық
жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары
Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары. Power
Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен
төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы
құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе
амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет
салу панелінің төртбұрыш объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде
бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим
Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай
мүмкіншіліктердің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни
экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен,
мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып,
оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады (тіктөртбұрыш
объектісін жылжыту немесе жою арқылы) және дайындалған материалды шаблон
ретінде келесі сабақтарда пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим – тақтаның интерактивті режиміндегі жұмысы.
Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда
интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға
болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған
құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалауортасының көмегімен
құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға
мүмкіншілік береді.
Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім
аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір
объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер
орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға
арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған (есеп шығаруда
дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты) және материалды оқу
барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.
Қазіргі уақытта Қоғамды ақпараттандыру, Білім беруді
ақпараттандыру деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті.
Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамдық ақпараттандыру
дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа
ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды
түрінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты объективті
процесс.
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін
тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын
өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету –
өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте,
маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді
ақпараттандыруды жайдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына
ауысады. Иұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи
ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау
болып саналады.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес,
тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси
экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман
талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс
істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер
меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде
ұлағатты саналады.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында
оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану
қажеттілігі туындап отыр. ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін
қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу
көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі,
электрондық және телекоммуникациялық құралдары, интерактивті құралдарды,
электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын
көтеру.
Еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім
беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар
ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік
сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп рәндерін компьютер , интерактивті
құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды
шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын
компьютерлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлі толық
шешілмегені.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен
перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық
техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі және орнында түбегейлі
өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру
қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен
бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен
халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын
орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері,
сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар,
әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның
материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру
деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен
де анықталады.
Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық
салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады.
Ақпараттық-технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы,
адамның тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік
қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру
мен қоғамдастықтар, жеке адам және бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір
сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық-телекоммуникациялық
технологиялар маңызды рөл атқарады.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне
жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде
қолдануды қажет етеді.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру
жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын
толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де,
түп қазығыда – мектеп.
Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды
пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп
ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған
бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте
жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді
ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен
экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық
деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын
меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре
алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті
білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп, Елбасы атап
көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу
үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту
процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік
байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби
потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық
қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және
компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын
педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге
асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау
жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес,
қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.
Интерактивтік құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1. Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі-
түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды;
2. Тақта мен бордың көмегінмен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты
түсіндіру қиын әрі мүмкін емес;
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге
болады;
4. Сабақта ACTIV-ote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін
қолдануға болады;
5. ACTIV-wand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне
кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді;
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады;
7. Сабақтың өнімділігі артады;
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде
тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың
негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан
жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни
жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең
меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Проблемалық оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы
Информатиканың даму тарихы
ЭЛЕКТРОНДЫ КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
Ақпарат және оны өрнектеу жолары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы
ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА туралы
Интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерімен танысу арқылы шығармашылық жұмыстарын интерактивті ортада түрлі мазмұндық деңгейде флипчарттар құру
Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технология түрлері
Қашықтықтан оқыту тәсілі
Лабораториялық жұмыстарға қажетті құралдар
Пәндер