Кәсіпорынның айналым капиталын бағалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1. Айналым капитал түсінігі, құрамы мен құрылымы
1.2. Кәсіпорында айналым қорларын үнемдеу элементтері
1.3. Қаражаттың ауыспалы айналымы және айналым қаражаттарын қалыптастыру
көздері

II. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАҒАЛАУ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Кәсіпорынның айналым капиталын бағалау
2.2. Айналым қаражатының қажеттілігін бағалау
2.3. Айналым қорларының айналысы және оны жеделдету жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету
үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған еңбек заттары мен материалдық
ресурстар қажет. Еңбек заттары еңбек еңбек құралдарымен бірге өндіріс
үдерісіне қатысып, олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін
жасап, өнімнің өзіндік құнын құрайды. Өндірістік айналым капиталдың заттық
элементтерінің айналымдылығымен, еңбек үдерісімен және негізгі өндірістік
қорлармен тығыз байланыста болады.
Айналым капиталы (айналым каражаты) – кәсіпорын капиталының өзінің
ағымдағы активіне салынған бөлігі. Материалдық-мүліктік белгі бойынша
айналым капиталының кұрамына: еңбек заттары (шикізат, материал, отын және
т.б.), кәсіпорын қоймасындағы даяр өнім, кайта сатуға арналған тауар,
ақшалай каражат және есептердегі каражат енгізіледі.
Айналым каражаты өзіне тән ерекшелікпен жоғары жылдамдықпен айналады.
Айналым каражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін камтамасыз етеді.
Курстық жұмысымның мақсаты. Кез келген бизнесті бастау үшін қолма-кол
ақшаның біраз сомасы қажет, осы сома өндіріске арналған (немесе сатуға
арналған тауар) белгіленген ресурстың мөлшеріне айналады.
Өндіріс кезеңінде ресурс тауарға, жұмысқа немесе қызметке айналады.
Осы сатының нәтижесінде айналым капиталы өндірістік нысаннан тауарлық
нысанға өтеді.
Айналым капиталы сату сатысында тауарлық нысаннан акшалай нысанға
қайтадан өтеді. Ақшаның бастапқы сомасы және өнімді (жұмысты, кызметті)
сатудан түсетін түсімнің мөлшері үйлеспейді. Бизнестің нәтижесі (пайда
немесе залал) сәйкессіздіктің себебін түсіндіреді.
Айналым қорларын қолдануды ұйымдастырудың негізгі мақсаты -
өндіріс процессіз үзіліссіз жалғастыру және сатуға шығарылған
өнімді айналым қорларының ең аз мөлшерінен қамтамасыз ету.
Курстық жұмысымның міндеті. Айналым капиталының бөлігі өндіріс
саласында (өндірістік запас, аяқталмаған кұрылыс, қоймадағы даяр өнім
және т.б.), ал басқа бөлігі - айналыс аясында (жөнелтілген өнім, дебиторлық
берешек, ақшалай қаражат, бағалы қағаз және т.б.) үнемі болады. Сондықтан
кәсіпорынның айналым капиталының кұрамы мен мөлшері өндірістің
қажеттілігімен ғана емес, айналыс қажеттілігімен де байланысты. Яғни,
кәсіпорынға қажетті айналым капиталын бағалауымыз қажет.
Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Бұл курстық жұмыстың бірінші бөлімінде,
айналым капиталдың мәні, құрамы, құрылымы және де кәсіпорында
айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері туралы қарастырылады. Екінші
бөлімде, кәсіпорынның айналым капиталын бағалау және айналым
қаражаттарынның қажеттілігін бағалау жөнінде тоқталынады.
I. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1. Айналым капитал түсінігі, құрамы мен құрылымы

Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігін, оның мәнін,
қызметі мен құрамын қарастырайық. Бұл түсініктер барабар ұғымдар емес
екенін естен шығармау керек. Айналым қоры – бұл өндірістік үдерістің
міндетті, ал өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі (элементі). Оның
негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі-айналым қоры әрбір өндірістік
циклде толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен
өткізеді.
Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгілі бір жұмыс пен
қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай
өңделген өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа арналған
материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар аяқталмаған
өндіріс түрінде болады. Өнім бірлігіне жұмсалған шикізат, материалдар, отын
мен энергия шығыны неғұрлым аз болса, өнімді өндіруге және дайындауға
жұмсалатын еңбек шығыны солғұрлым үнемді, әрі оның өзіндік құны арзан
болады.
Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде
кең мағынаны білдіреді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады.
Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар,
сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айырысу шотындағы
қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде көрінде.
Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші
болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі – ақшалай қаражат арқылы
айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету [1, 120].
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт-қолда
бар айналым капиталының (айналым қаражаттары) болуы. Айналым капиталы –
бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік
процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай
қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік
процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен
анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын
негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік
кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің
құнын тікелей дайын өнімге апарады. Әдетте, өзінің табиғи нысанын
сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Айналым капиталының элементтері шаруашылық операциялары үздіксіз
ағынының бөлігі болып табылады. Сатып алу өндірістік запастың және
кредиторлық берешектің ұлғаюына әкеп соқтырады; өндіріс даяр өнімнің
артуына жол ашады; сатып алу дебиторлық берешектің, сондай-ақ кассадағы
және есеп айырысу шотындағы ақшалай қаражаттың ұлғаюына себеп болады. Осы
операциялар циклі көп есе кайталанады және корытындысында ақшалай түсім
және ақшалай төлем түседі [2, 29].
Ақшалай қаражаттың айналымы жасалатын уақыт кезеңі өндірістік-
коммерциялық циклдің ұзақтығы деп аталады.
Аталмыш цикл шикізат пен материалға ақша төлеу және даяр өнім сатудан
ақша түсу арасындагы уақыттың бір бөлігінен құралады. Осы циклдің
ұзактығына жеткізушінің кәсіпорынды кредиттеу кезеңі, кәсіпорынның сатып
алушыны кредиттеу кезеңі, шикізат пен материал запаста болатын кезең, даяр
өнім шығару және оны қоймада сақтау кезеңі ыкпал етеді.
Айналым капиталының жекелеген элементтері немесе олардың құраушы
бөліктері арасындағы меншікті қатынасы айналым қорының құрылымы деп
аталады.
Айналым капиталын жоспарлау, есептеу және талдау практикасында келесі
белгілер бойынша топтастырылады:
1) өндіріс процесіндегі функционалдық рөліне байланысты-өндірістік
айналым қоры (құрал-жабдық) және айналыс қоры (2-кесте);
2) бақылау, жоспарлау және басқару практикасына байланысты -
нормаланатын айналым капиталы және нормаланбайтын қарыз капиталы;
3) айналым капитал қалыптасатын көзге байланысты - меншік айналым
капиталы және қарыз айналымкапиталы;
4) өтімділікке (ақшалай қаражатқа айналу жылдамдығы) байланысты -
абсолютті өтімді қаражат, жылдам сатылатын айналым қаражаты, баяу
сатылатын айналым қаражаты;
5) капиталды салу тәуекелінің дәрежесіне байланысты - салу тәуекелі
барынша аз айналым капиталы, салу тәуекелі шамалы айналым капиталы, салу
тәуекелі орташа айналым капиталы, салу тәуекелі жоғары айналым капиталы;
6) материалдық-мүліктік маңызына байланысты - енбек құралы
(шикізат, материал, отын, аяқталмаған өндіріс және т.б.), даяр өнім мен
тауар, есептердегі ақшалай қаражат пен құрал-жабдық.
Айналым қаражатының өндіріс және айналыс процесінде болатын уақытты
жеке есептеп талдау үшін айналым капиталы функционалдық белгі бойынша
айналым қорына және айналыс қорына бөлінеді.

1 кесте
Айналым каражатынын өндіріс процесіндегі функционалдык рөлі бойынша кұрамы
мен кұрылымы
Айналым қаражатының топтары
Өндірістік айналым қоры Өндірістік запас:
(өндіріс саласындағы және Шикізат;
өндіріс процесіндегі айналым Негізгі материал;
қаражаты) Сатып алынатын жартылай фабрикат;
Қосалқы материал;
Арзан бағалы және тозғыш зат.
Өндіріс процесіндегі құрал жабдық:
Аяқталмаған құрылыс;
Меншікті өндірістегі жартылай фабрикат;
Алдағы кезеңнің шығысы.
Айналыс қоры (айналыстағы Сатылмаған өнім:
айналым қаражаты) Кәсіпорын қоймасындағы, алайда әлі
төленбеген даяр өнім;
Қайта сатуға арналған тауар.
Ақшалай қаражат:
Касса;
Есеп айырысу шоты;
Валюталық шот;
Бағалы қағаз;
Өзге ақшалай қаражат.

* Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы. Оқу
құралы, Алматы: Экономика, 2008 ж

Өндірістік айналым қорына алдағы уақытта өндіріске қажет материалдық
запастар мен аяқталмаған өндіріс өнімі жатады. Айналым капиталының едәуір
бөлігі (шамамен 80%-ы) өндіріс саласында қамтылған, себебі тек өндіру
барысында ғана жаңадан құн түзіледі. Айналым капиталының барлық жиынтығын
пайдалану кезіндегі тиімділігі, олардың өндіріс саласындағы үлесіне әуелді.
Айналыс шеңберіндегі айналым капиталы өндіру үдерісінің үздіксіздігін
қамтамасыз етеді.
Айналым қаражаты басқарылу дәрежесі бойынша нормаланатын және
нормаланбайтынға бөлінеді. Нормаланатын қаражатқа, әдетте, барлық
өндірістік айналым қоры, сондай-ақ айналыс қорының кәсіпорын қоймасындағы
сатылмаған даяр өнімнің қалдығы түріндегі бөлігі жатады.
Нормаланбайтын қаражатқа айналыс қорының қалған элементтері, яғни
тұтынушыларға жіберілген, алайда әлі төленбеген өнім мен ақшалай қаражаттың
және есеп айырысудың барлық түрі жатады. Алайда нормалардың болмауы айналым
қаражатының осы элементтерінің мөлшерлері өз бетімен әрі шексіз өзгеруі
мүмкін және олар бақыланбайды деп түсінуге болмайды. Кәсіпорындар
арасындағы есеп айырысудың қолданылатын тәртібінде мемлекет тарапынан
төлемеудің артуына қарсы қолданылатын экономикалык санкциялар жүйесі
қарастырылған [3, 130].
Нормаланатын айналым қаражаты кәсіпорынның қаржы жоспарында (бизнес-
жоспарында) көрсетіледі, ал нормаланбайтын айналым қаражаты іс жүзінде
жоспарланбайтын объект болып табылады.
Айналым капиталының нормативі әрқашан да өндірістің нақты мұқтажын
қанағаттандырып отыруы тиіс. Нормативтің деңгейі аз болған жағдайда
кәсіпорын өндірісті келешекте қажет болатын қормен қамтамасыз ете алмайды
және өнім жеткізушілер, жұмыскерлер, қызметкерлер және тағы сол сияқты
басқалармен дер кезінде есеп айырыса алмайды.
Норматив тым жоғары болса, нормативтен тыс қорлар пайда болып, қосымша
шығынға ұшыратады. Сонымен қатар, айналым капиталының қажеттілігінен жоғары
болатын норматив өнімнің табыстылық деңгейінің төмендеуіне, кәсіпорын
мүліктерінің құнын өсіре отырып, төлемдер мөлшерінің артуына әкеп
соқтырады.
Айналым каражатын меншікті және қарыз қаражатына бөлу кәсіпорынға
тұракты немесе уақытша пайдалануға берілген айналым қаражатының
шыккан тегі мен оньің нысандарын көрсетеді.
Меншікті айналым қаражаты кәсіпорынның меншік капиталы (жарғылык
капитал, резервтегі капитал, жинақталған пайда және т.б.) есебінен
қалыптастырылады. Әдетте меншікті айналым капиталының мөлшері баланс
пассивінің 1-тарауының корытындысы мен баланс активінің 1-тарауының
қорытындысының арасындағы айырма (меншікті қаражаттан айналымнан тыс актив
шегеріледі) ретінде анықталады. Шаруашылық кызметті айналым қаражатымен
қалыпты қамтамасыз ету үшін оның мөлшері меншікті капиталдың мөлшерінің 13
шегінде белгіленеді. Меншікті айналым қаражаты тұрақты режимде
пайдаланылады.
Кәсіпорынның меншікті айналым капиталының жалпы көлемін (норматив)
жоғарғы басшылар бекітеді және ол бір жыл ішінде тек кәсіпорынның
өндірістік жоспары өзгерген жағдайда ғана өзгеруі мүмкін. Өндіріс жоспарын
орындауға, өнімді өткізуге, сондай-ақ төлемақыларды белгіленген мерзімінде
төлеуге қажет кәсіпорынға бекітілген аз мөлшерлі меншікті айналым капиталын
құру үшін норматив белгіленеді.
Жыл сайын кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы жоспарында меншікті
айналым капиталының нормативінің көбейгені немесе азайғаны көрсетіледі. Ол
жоспарлы жылдың басы мен аяғындағы нормативтер айырмасымен анықталады.
Меншікті ацналым капиталы нормативінің өсімі, ең алдымен, жеке ресурстар
(пайда және т.б.) есебінен құралады.
Қарыз айналым қаражаты банк және банк емес кредит, облигациялық қарыз,
кредиторлық берешек және өзгеде көз нысанында қалыптастырылады. Ол
кәсіпорынға уакытша пайдалануға беріледі. Қарыз айналым қаражатының бір
бөлігі ақылы (кредит пен карыз), ал екінші бөлігі - тегін (кредиторлық
берешек) болады. Кәсіпорынның қарыз айналым қаражатына қажеттілігі де
жоспарланады және бизнес-жоспарда (қаржыландыру стратегиясы) көрсетіледі.
Өнеркәсіп кәсіпорындары банкіден несиені белгілі бір нысандарға алады.
Кәсіпорын қаражаттарының айналым кезеңіне байланысты банкілік несие
нысандары өндіріс саласына немесе айналыс саласына жатуы мүмкін. Өндіріс
саласындағы несиелеу нысаны өндірістік қорлар мен өндіріс шығындары болса,
айналыс саласындағыға – келіп жетпеген есеп айырысу құжаттары мен дайын
өнімдер жатады.
Түрлі елдерде меншікті және қарыз капитал арасындағы әр түрлі
арақатынас (норматив) пайдаланылады. Ресейде 5050, АҚШ-та - 6040, ал
Жапонияда - 3070 арақатынасы колданылады.
Капиталдың ауыспалы айналым процесінде айналым қаражатын
қалыптастыру көзі бірінен-бірі ажыратылмайды. Мәселен, өндіріс барысында
тұтынылатын шикізат пен материал қандай қаражат есебінен сатып алынғаны
жөніндегі ақпарат ешқашан пайдаланылмайды. Алайда айналым қаражатын
қалыптастыру жүйесі айналымды баяулатып немесе оны жеделдете отырып оның
жылдамдығына ыкпал етеді. Сонымен бірге меншікті және қарыз айналым
қаражатынқалыптастыру көзі мен оны әр түрлі пайдалану режимдері айналым
капиталын және бүкіл капиталды тиімді пайдалануға ықпал ететін негізгі
фактор болып табылады. Айналым қаражатын ұтымды қалыптастыру және
пайдалану өндіріс барысына, кәсіпорын қаржысының нәтижелері мен оның
каржысының жай-күйіне жан-жакты әсер етеді, сонымен бірге осы жағдайда
ең аз мөлшердегі айналым капиталының мөлшерімен табысқа жетуге мүмкіндік
береді.

2 кесте
Айналым каражатының өтімділік дәрежесі бойынша құрамы мен құрылымы
Айналым каражатының Енгізілетін каражаттың құрамы
топтары
1.Ең өтімді актив 1.1. Ақшалай қаражат:
- касса;
- есеп айырысу шоты;
- валюталық шот:
- өзге де ақшалай қаражат;

1.2. Қысқа мерзімді қаржы салымдары:
2.Жылдам сатылатын 2.1. Жөнелтілген тауар
актив 2.2. Дебиторлық берешек:
- тауар, жұмыс, кызмет үшін
- алынған вексель бойынша
- еншілес кәсіпорындармен
- бюджетпен
-қызметкерлермен өзге операциялар бойынша
- өзге дебиторлармен
2.3. Өзге айналым капиталы
3.Баяу сатылатын актив 3.1. Алдағы кезеңде шығысы шегерілген запас және
сатып алынған құндылык бойынша ҚҚА

* Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы. Оқу
құралы, Алматы: Экономика, 2008 ж
Кәсіпорынның айналымдағы қаражатының сапасы айналым капиталының
өтімділігі мен қаржы тәуекелінің дәрежесі бойынша жіктеледі (2, 3-
кестелер). Жіктеуде қойылатын мақсат - сатылуы екіталай ағымдағы активті
анықтау. Кәсіпорынның айналым капиталын тиімді басқару үшін қосымша
қаржыландыру көзін іздестіріп қана қоймай, оны кәсіпорын активінде, әсіресе
ағымдағы активте ұтымды орналастыру кажет [4, 200].

3 кесте
Айналым қаражатының капиталды салу тәуекелінің дәрежесі бойынша құрамы мен
құрылымы
Айналым қаражатының Енгізілетін қаражаттың құрамы
топтары
1. Салу тәуекелі 1.1. Ақшалай қаражат:
барынша аз айналым - касса;
қаражаты - есеп айырысу шоты;
- валюталык шот;
- өзге де ақшалай каражат
1.2. Қыска мерзімді қаржы салымы
2. Салу тәуекелі 2.1.Дебиторлык берешек (күмәндіні шегергенде)
шамалы айналым 2.2.Өндірістік запас (сүр тауарды шегергенде)
қаражаты 2.3. Даяр өнім мен тауардың қалдығы (сұранысқа ие
еместі шегергенде)
3. Салу тәуекелі 3.1.Арзан бағалы және тозғыш зат.
орташа айналым 3.2.Аяқталмаған құрылыс (нормативтіктен тысты
қаражаты шегергенде).
3.3. Алдағы кезеңнің шығысы.
4. Салу тәуекелі 4.1. Күмәнді дебиторлық берешек
жоғары айналым 4.2.Өндірістік сүр запас.
қаражаты 4.3.Нормативтіктен тыс аякталмаған құрылыс.
4.4.Сұранысқа ие емес даяр өнім мен тауар.
4.5.Айналым қаражатының айтылған топтарына
енгізілмеген өзге элемент.

*Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы. Оқу
құралы, Алматы: Экономика, 2008 ж

Айналым қаражаты тәуекелділік деңгейі бойынша 4 топқа бөлінген. Әр топ
өз сатысында айналым қаражатының құрамын жеке-жеке көрсеткен. Қорытындыла
келе, нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін
жеткілікті көлемде айналым капиталының болу қажетті алғышарт болып
саналады. Демек, айналым капиталы өндірістің үздіксіз жұмыс атқаруын
қамтамасыз етеді.
1.2. Кәсіпорында айналым қорларын үнемдеу элементтері

Нарықтық экономикаға көшу кезінде әрбір кәсіпорын үшін
маңызды болып материалдық ресурстарды үнемдеу, нақтырақ айтсақ,
өндірісте материалдық шығындар шығынының үлкен бөлігін құрайды,
оның нәтижесінен табыстың көлемі тікелей байланысты. Нарықтық
экономика жағдайында табыс - кәсіпорынның өмірін қамтамасыз етудегі
негізгі көзі.
Кәсіпорынның айналым қорларын үнемдеу элементтерінің әр түрлі көздері
және жолдары болады.
Үнемдеу көздері ненің есебінен үнемдеуге жетуге болатынын,
үнемдеу көздері немесе бағыттары қалай, қандай шаралар арқасында
үнемдеуге жетуге болатынын көрсетеді.
Әрбір кәсіпорында материалдық ресурстарды үнемдеу резервтері
болады. Резерв деп пайда болған немесе болатын, бірақ әлі
қолданылмаған материалдық ресурстарды жақсартудың мүмкіндіктері жатыр.
Материалдық ресурстарды үнемдеу резервтері пайда болу және
пайдаланылу деңгейіне қарай мынадай 3 топқа бөлінеді;
- Халық шаруашылық;
- Ортақ өндірістік - салааралық;
- Ішкі өндірістік (цехтық, зауыттық, салалық).
Халық шаруашылығының резервтеріне: халықшаруашылығында және оның
барлық салаларында маңызды, сонымен бірге оларды қамтамасыз ететін,
өндіріс құрылымында халық шаруашылық пропорциясын прогрессивті
бекіту, өндіруде және үнемдеу өндірісінде, синтетикалық шикізат пен
материалдарды өндірісте қолданылатын резервтер жатады.
Ортақ өндірістік – салааралық резервтер – бұл резервтер өндірісте
алғашқы орындағы кәсіпорындардың өндірістік-экономикалық байланыстарын
модернизациялау. Бұл резервтер жекелеген өндірістер мен экономикалық
райондардың дамуымен байланысты. Олардың ішінде халық шаруашылығы
маңызды болып табылады. Сонымен бірге олардың практикалық
мобилизацияда қолдану масштабы шектелген және үлкен бөлігі бірімен –
бірі байланысқан салаларда кең таралады немесе ірі өндіріс немесе
аумақтық өндірістік комплектер.
Ортақ өндірістік – салааралық резервтерге: пайдалы қазбалардың
жаңа тиімді әдістерін ендіру мен кен орындары жүйесін жобалау,
прогрессивті технологиялық процесстерді өндіру, жер қойнауынан
пайдалы қазбаларды табуды жоғарылату, минералды шикізаттарды
комплекстік қайта өндіру, маманданудың дамуы, өндірісті
коперациялау және комбинациялау, әртүрлі меншіктегі кәсіпорынды
құру мен дамыту, тиімді шикізат пен материалдар түрін өндіретін
өндірісті қарқынды дамыту.
Ішкі өндірістік резервтерге: материалдық ресурстар қолдануды
жақсарту мүмкіндіктері, техниканың жетілуімен, технология мен
ұжымдық процестердің дамуымен байланысты бұйымдардың жаңа түрлерін
меңгеру, нақты және сала асты өндірістерде өнімнің сапасын
арттыру қасиеттері жатады.
ҒТП ғасырында барлық халықшаруашылық салаларында ғылыми-
техникалық прогрестің жетілуі қоғамның өндіргіш күштерінің
дамуының қозғаушы күші болып табылады. Көптеген жағдайда
органикалық ұғым мен өндіріс арасында интенсивті процесс жүреді.
Ол өндірістік өнімнің материал сыйымдылығын систематикалық азайту
үшін үлкен мүмкіндік тудырады.
Өндірісте немесе өнеркәсіпте ресурстарды үнемдеуге бағытталған
шараларға байланысты резервтер өндірісті-техникалық және ұйымды –
экономикалық болып бөлінеді.
Өндірісті – техникалық бағытқа өндірістік тұтынуға шикізатты
сапалы дайындаумен, машинаны құрастыруды жетілдірумен, құралдар мен
бұйымдарды, шикізатты тиімді қолданумен, жанармай, жаңа
техникамен және прогрессивті технологияны ендірумен байланысты
шаралар кіреді [5, 301].
Халық шаруашылығы саласындағы негізгі өндірістің материалдық
сыйымдылығын төмендету – машина құрастыру қара металлургияға жатады.
Сондықтан қара металлургияны әрі қарай дамытудың басты бағыты
болып металл өнімдерін тиімді шығару мен оның сапасын жақсарту
табылады.
Машина құрастыру саласында барлық өндіріс-техникалық бағыт
болып материалдық ресурстарды үнемдеуді келесі шараларға бөлуге
болады.
- ҒТП-ң жеделдеуінен машинаға қатысты металл сыйымдылығы,
механизмдері, агрегаттары төмендейді. Белгілі болғандай,
ҒТП-ң маңызды бір қасиеті машина құрастыру- құралдар мен
машиналардың өндіргіштігін және қуаттылығын көтеру, сонымен
қатар, таза және қатысты салмақтың салыстырмалы
бағасымен, материал сыйымдылығымен, сыртқы немесе ішкі
түрлерінің жақсаруымен, олардың меншікті салмағының
шығындарының төмендеуі мен оның сапасының жоғарылауымен,
ең бастысы еңбектің өндіргіштігінің көтерілуімен
сипатталады.
- Прокаттың түрлерін үнемдеуге бағытталған бағыттар 10-70%
шамасында болады. Машина құрастыру салаларында прокат
тиімді табылады.
- Конструкторлық материалдарды дәстүрлі түрде алмастыру.
Машина құрастыру өндірісінде қара металдарды синтетикалық
смолармен, түсті, жеңіл және жиі кездесетін металдармен
алмастыру процесі жүреді. Қара металдың маңызды
мақсаттарының бірі болып өнімнің метал сыйымдылығы және
еңбек сыйымдылығы төмендетеді, ол ақырғы кезеңде машина
құрастыруда өнімнің сапасын жоғарылатады.
Пластикалық массалар автомобиль құрастыруда, авиациялық
өндірісте, электр және радио техникалық өндірісте, станок жасауда,
антифрикциондық деталдар өндірісінде тиімді деп саналады.
Пластикалық массаны қолдану, ол қара және түсті металдарға
қарағанда физмкалық меншікті салмағы аз, ол машина мен құралдардың
қатысты салмағын төмендетуге, сонымен бірге металдарды үнемдеуге
мүмкіндік туғызады. Пластикалық массалардан деталдар, бұйымдар жасау,
технологиялық операциялардың санын металдарды өңдеуден 3-8 есе аз.
- Машина жасау базасындағы өндірістік техникалық деңгейін
ары қарай дамыту, жоғары дәрежелі дайындауды қамтамасыз
ететін автоматтандырылған құрал – жабдық кешенін енгізу,
сонымен қатар құйма және сварка өндірісіндегі еңбек
жағдайын жақсарту және өнімділікті біршама жоғарылату.
Материалдарды қағаз формасында болатын өнеркәсіптің және
өндірістің өңдеу салаларындағы материалдарды үнемдеу тиімді қаптау
схемаларын қолдану. Осы мәселені шешуде экономика - математикалық
әдістері және электронды-есептеу машиналарын қолданған тиімді, олар
арқылы қаптау схемасының оптималдығы анықталады.
Ғылыми-техникалық прогресс жағдайындағы өнеркәсіптің барлық
салаларындағы үлкен экономикалық тиімділік құрамында құнды шикізаты
бар жергілікті және жанармай-энергетикалық ресурстарды максимальды
қолдану арқылы жеткізіледі. Сондықтан халық шаруашылығында маңызды
орында қуаттылығы көп емес металлургиялық зауыттар құрылысын қара
түсті металл қорлары бар жерлерде салу транспорттық шығындарды
азайтады. Бұл кәсіпорындар арасындағы тікелей ұзақ байланысты
орнатуға кең мүмкіндіктер алады.
Металдық ресурстарды экономикада негізгі экономикалық –
ұйымдастырушылық бағыттарға мыналар жатады: өнеркәсіптік өнімнің
материал сыйымдылығын жоспарлау мен нормалардың ғылыми деңгейін
өсірумен байланысты кешендік шаралар, материалдық ресурстарды
шығындауда ғылыми негізделген норма және нормативтерді өңдеу және
енгізу, жаңа тиімді шикізат және материал, жанармай-энергетикалық
ресуртарды дамыту, елдің жанармай тепе-теңдігін жетілдіру.
Әрбір кәсіпорындағы материалдық ресурстарды үнемдеу жөніндегі басты
бағыт-жұмыс орындарында бірдей мөлшердегі шикізат пен тариалдардан
дайындалатын соңғы өнім көлемін ұлғайту. Ол өндірістің техникалық
жабдықталуына, жұмыскерлердің шеберлік деңгейіне, материалдық-техникалық
қамтуды шебер ұйымдастыруға, материалдық ресурстар шығыннны мен қор
мөлшеріне, олардың негізделген дедңгейіне байланысты.
Бұл бөлімді қорытындылай отырып, өндірістік үдерістегі шығындарды
қысқартудың да маңызы зор, себебі оның есебінен материалдық ресурстардың 15-
20%-ын үнемдеуге болады. Ол үшін өнімді сақтау және тасымалдау ережелерінің
қатаң сақталуын қамтамасыз ету керек.

1.3. Қаражаттың ауыспалы айналымы және айналым қаражаттарын
қалыптастыру көздері

Айналым қаржылары үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең
аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда
кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге
жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына
өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндірс процесіне тікелей өтіп,
әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң
аяқталған өндіріс процесі - дайын өнімге айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айнылым қорлары өндіріс
саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар
жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.
Бірақ,айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді
дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір иезгілде айналымның барлық үш
сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып
алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай
өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнмдерді сатуды
қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай- әрбір сатыдағы айналым
қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтұнушылық,
технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.
Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады (1):

А-Қ...Ө...Д-А1 (1)

Мұнда:
А-шаруашылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;
Қ-өндіріс құралы;
Ө-өндіріс;
Д-дайын өнім;
А1- өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша
қаражаттары

Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір
бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты
өндірстік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға
түседі, содан соң тұтынушыларға жібереді. Оның төлеуге дейінгі мезетінде
өндіруші айналым қаражат мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждықтың бұл
деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге
алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі
себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын
қалыптастыруда басқа қиындық көздеріне ұшырайды – орнықты пассивтер,
несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.
Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді
пайдаланады. Орнықты пассив деп кәсіпорын айналыста үнемі пайдаланатын,
бірақ оның менгішіне жатпайтын пассивтерді айтады.
Орнықты пассивке жататындар:
- Жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік
сақтандыруға, зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына,
жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;
- Ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы
жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты
бойынша жеткізушіге берешегі;
- Аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс
берушілерге берешегі;
- Салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда
есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын
жатқызуға болады.
Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті
сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады - ол өндіріс
тұрақсыздығы.
Айналым қаражатының ауыспалы айналымы процесінде олар қалыптастырылған
көздер, әдетте, ажыратылмайды. Алайда айналым қаражатын қалыптастыру жүйесі
айналымды баяулатып немесе оны жеделдете отырып оның жылдамдығына ықпал
етеді. Артық айналым қаражаты кәсіпорын капиталының бөлігі әрекетсіз және
кіріс әкелмейтінін білдіреді. Сонымен бірге айналым капиталының жетіспеуі
кәсіпорын қаражатының шаруашылық айналымының жылдамдығын баяулатып,
өндірістік процестің жылдамдығын тежейді.
Айналым қаражатын қалыптастыру көзі жөніндегі мәселені екінші маңызды
жағынан алып қарастырайық. Нарық жағдайы үнемі өзгереді, сондықтан
кәсіпорынның айналым қаражатына сұранысы да тұрақсыз болады. Іс жүзінде осы
қажеттілікті тек меншік көздің есебінен өтеу мүмкін емес. Кәсіпорынның
меншікті қаражат есебінен жұмыс істеуі тартымды екені назарға алынбайды. Ал
көп жағдайда тәжірибе меншікті қаражатты пайдаланғаннан гөрі қарыз
қаражатты пайдалану тиімді екенін растайды [7].
Сондықтан қарыз қаражат тартудың тиімділігін қамтамасыз ету айналым
қаражатын қалыптастыру процесін баскарудағы негізгі міндет болып табылады.
Айналым қаражатын қалыптастыру көзінің құрылымы:
- меншікті көзді;
- қарыз көзін;
- қосымша тартылған көзді қамтиды (4-кесте).

4 кесте
Айналым қаражат көзінің құрамы мен құрылымы
Айналымның қаражат көзі
Меншікті Қарыз Қосымша тартылған
1. Жарғылық капитал 1. Банкінің ұзақ 1. Кредиторлық берешек:
2. Үстеме капитал мерзімді кредиті - жеткізушілер мен
3. Резервтегі капитал 2. Ұзақ мерзімді қарыз мердігерлерге
4. Бөлінбеген таза 3. Банкінің қысқа - енбекақы төлеу бойынша
кіріс мерзімді кредиті - сақтандыру бойынша
5. Жинақтау қоры 4. Қысқа мерзімді -бюджетпен
6. Мақсатты қарыздар - өзге кредиторлармен
қаржыландыру, 5. Коммерциялық кредит 2. Тұтыну қоры
сондай-ақ 6. Инвестициялық салық 3. Алдағы шығыс пен
бюджеттен және кредиті төлемнің резерві
бюджеттен тыс қордан 7. Қызметкерлердің 4. Күмәнді борыш бойынша
түсетін түсім инвестициялық жарнасы резерв

* Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы. Оқу
құралы, Алматы: Экономика, 2008 ж

Әдетте, кәсіпорынның айналым қаражатына барынша аз қажеттілігі келесі
меншікті көздің: пайданың, жарғылық капиталдың, резервтегі капиталдың,
жинақтау және мақсатты қаржыландыру қорының есебінен жабылады. Алайда
бірқатар объективті себептерден (инфляция, өндіріс мөлшерінің ұлғаюы,
клиенттердің шоттарын төлеуді кешіктіру және т.б.) кәсіпорынға уақытша
қосымша айналым қаражаты қажет болады. Бұл жағдайда шаруашылық қызметті
қаржымен қамтамасыз ету үшін қарыз көзі: банк және коммерциялық кредит,
қарыз, инвестициялық салық кредиті, кәсіпорын қызметкерлерінің
инвестициялық жарнасы, облигациялык қарыз тартылады.
Уақытша мұқтаждық тудыратын айналым капиталына деген қосымша
қажеттілік екінші деңгейлі банкілерден қысқа мерзімді несие алу арқылы
қамтамасыз етіледі. Банкіден қысқа мерзімді несиелер алатын кезде оның
қайтымдылығы мен материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуі қатаң
тексеріліп, содан кейін ғана беріледі.
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның жыл бойындағы айналым капиталына деген
мұқтаждығы әрдайым біркелкі бола бермейді. Сол себепті айналым капиталын
толықтай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның айналым капиталының мазмұнының теориялық аспектілері
Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсартудың теориялық мәселелері
Айналым капиталының элементтері
Кәсіпорынның меншік капиталын оңтайландыруын бағалуы
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
Корпорация капиталын басқару ерекшеліктері
Өндірістік айналым қоры
Айналыс қорлары
ААҚ «Тұк казхром» кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау
Айналым капиталын басқару тиімділігін талдау (“Астана трэйд интернэшнл” АҚ мысалында)
Пәндер