Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

І бөлім. АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ

1. 2 Ақшаның пайда болу тарихы . . . 5

1. 2 Ақшаның түрлері . . . 9

1. 3 Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы . . . 15

ІІ бөлім. АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ

2. 1 Ақша айналысының сипаттамасы . . . 19

2. 2 Ақшаның металдық тнориясы және метал ақша айналысы . . . 22

2. 3 Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы . . . 23

ІІІ бөлім АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУЫ

3. 1 Ақша жүйесі ұғымы және оның түрлері . . . 26

3. 2 Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы . . . 28

Қорытынды . . . 33

Қолданылған әдебиеттер . . . 35

Қосымшалар . . . 36

КІРІСПЕ

“Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері” атты осы қурстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген.

Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:

  1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
  1. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
  1. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.

Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса - адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.

Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде - ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, оның түрлері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы туралы айта кетемін.

Екінші бөлімде - ақша айналысы туралы, толығырық айтқанда ақша айналысының сипаттама, ақшаның металдық және номиналистік теориясы, қағаз және метал ақша айналысына тоқталамын.

Үшінші бөлімінде- ақша жүйесі және Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасына тоқталамын.

Курстық жұмыстың мақсаты :

-ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және ақша реформасының теориялық аспектілерін қазіргі экономика тұрғысынан ашып қарастыру.
  • Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасының ерекшеліктерін толық қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы:

Курстық жұмыс кіріспеден, мазмұннан, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

>I АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ

1. 1. Ақшаның пайда болу тарихы.

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының бір шама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысының зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызады.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Адам еңбегінің өнімі - зат, оны тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтанда әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.

Айырбас - бұл бір тауар өндірушіден, екінші біруіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал=бидай=балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшеуіне ортақ негіз болуы қажет.

Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бұл тауарды екінші бір таурға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардыңда құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнның(1 мал=1 қап бидайға) ұғымы туындайды.

Айырбас құны - бұл тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.

Натурал шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жан-ұясының қажетін да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес. Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жеткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және бір-біріне ауысады.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, құнның алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ формалары қолданылады ( 1 балта = 1құмыра ) .

Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және тағыда басқаға айырбастауға мүмкін болды.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар - барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Яғни айырбас құнның екінші формасы қалыптаса бастады. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне бір тауар басқа да көптеген балама-тауарлардың айырбасында жүрген. Тауарлар айырбасының дамуы құнның үшінші формасы - бұл құнның жалпылама формасы қалыптаса бастады. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделмеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартты. Бірақ халықтың өзінде әртүрлі уақыттарды және әр түрлі халықтарда біл мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, біріншісі, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал(ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айрбас құралы болды. Шалғынды аудандарда -жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда -түйе; тундрада-бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақашалрда “өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша) “пекус” (мал) сөзінен шыққан. “Рупа”(мал) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018ж. Былай деген «біздің жинаған малдарымыз:ерлерден 4 кұн, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривен тұрады». Ол кездегі қазынашы «малшы», қазына, қазына жинау орны-«мал ұстайтын орын» деп аталынды.

«Капитал» сөзінің шығуы да малмен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетеді. Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарларды сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік Сібір хандықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасау барысында жүн ең басты құндылықтардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 рубль күміс пен 7000 рубль жүн табылды. Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ ақшаларын пайдаланды. Тарихта бақалшақ ақшалардың келесі атаулары сақталған:чангос, цимбис. бонгез, хайква және тағы басқалар. Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауында, Цейлонда және Филиппин аралдарында алғашқы ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет кескінін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Сотүстік американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезиада, Каролин және Соломон аралдарында айрбас құралы ретінде пайдаланылды. Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұраұты формасы болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны-қара түсті, ақ түсті(галиа), аса қымбат-қызыл түсті(ронго) пайдаланылды. Әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін фей ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелек тас түрінде келеді. Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бірге бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.

Сонымен қатар ақша ретінде сонау Ежелгі Спарта кезеңдерінде басқада металдарды да пайдалына бастады. Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын пайдаланылды.

Металл ақшалардың артықшылығы, олар - біркелкі, төзімді, ұсақталынады және тағы басқа. Металл ақшалардың кең таралуына ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті. Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы сапаға ие болды.

Сонымен ақша дегеніміз - бұл барлық тауарлардың құнын бейнелейтін, жалпыға балама ретінде пайдаланылатын ерекше тауарды білдіреді. Әрине металлдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шынжыр, және тағы басқа формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы “драхма” “ бір уыс шеге” деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, білезік түрінде пайдаланылды.

Бірақ б. э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастады. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фует) салмақ бірліктері атауымен аталады.

Ақша объективті қажетті тауарлар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты.

Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория болып табылады.

Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан көрінеді:

  • жалпыға тікелей айырбасталу формасысы;
  • айырбас құнның дербес формасы;
  • еңбек өлшемінің сыртқы заттай (материалдану) формасы.

Ақшаның жалпыға тікелей айырбасталу формасы ретіндегі қасиетті, ақшаның кез келген материалдық бағалы затқа тікелей айырбасталатынын сипаттайды. Кеңес үкіметі кезеңінде бұл мүмкіндік тар көлемде, яғни тек қоғамдық жиынтық өнімді бөлу және пайдалану процесінде ғана қолданылған. Себебі, ол уақытта кәсіпорын, жер, орман, жер қойнауын және тағы басқа сату мүмкін емес болатын. Қазіргі кезде жекешелендіру процесі басталғалы бері, ақшаның бұл қасиетінің қамтитын ауқымы біршама кеңейе түскен.

Ақшаның айырбас құнның дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды сатумен тікелей байланысты емес. Бұл формасында ақша, несие беру, қарыз өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды әр түрлі жолдармен қаржыландыруда Ұлттық банктің несиелік ресурстарын коммерциялық банктерге сатуы барысында және тағы басқа жағдайларда қолданылады.

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауар өндіруге жұмсалатын еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі рөлі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару рөлін орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.

Жекелеген елдердің ішінде алтынның айналысы жоқ. Төлем айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері - қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақта алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

1. 2Ақшаның түрлері

Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас кұны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.

Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.

Толыққұнды ақша - номиналды құны сатып алушылык кұнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың кұрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар жатады.

Толыққұнды емес ақша - сатып алушылық құны ақша қаты-настарының тасымалдаушысы ретіндегі тауар кұнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес ақшаларға билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.

Ақша өзінің даму эволюциясында мынандай сатыларды өтті:

1) Металдық;

2) Қағаздық;

3) Несиелік;

4) Электрондық ақша.

Металл ақшалар - бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны (оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әртүрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монета түрінде шығарылды.

Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі Ш-ІІ ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен белгіленген самағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен (Мысыр, Рим, Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.

Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия мемлекетінде кұйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стаңдартты бөліктері монета деп аталды. Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Македонский болды.

Монеталарды кұю эмиссия ретінде қарастырылады. Эмиссия латындық «еmissiо»сөзінен аударғанда «шығару» деген мағынаны береді. Ақшаның эмиссиясы - бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.

Ақшаның рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын өрнектеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. Карл Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам тарапынан берілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін өте сәйкес келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:

Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне;

Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда, оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.

Алтынды өндіру - өте қиын әрі капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1 кг алтынды алу үшін орташа тереңдігі 3000 м жердің 100 тонна тау кенін өңдеу керек. Алтынның негізгі өндірушілері Оңтүстік Африка Республикасы (әлемдік өндірістің 1/3 бөлігі) Ресей, Өзбекстан саналады.

Қазақстанда көптеген алтын кеніштері бар, шамамен алғанда алтынның жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі ақшаның номиналистік теориясы, оның мәні
АҚШАНЫҢ НОМИНАЛИСТІК ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАҒАЗ АҚШАНЫҢ АЙНАЛЫС ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Ақшаның қызметі және қажеттілігі
Ақша айналыс және төлем құралдары
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
Ақшаның металдық теориясы
Ақша айналысының сипаттамасы және оны арттыру жолы
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары мен қазIргI ақша жүйесIнIң дамуы
Ақша – жалпыға бiрдей эквивалент
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz