Қола дәуір мәдениеті


МАЗМҰНЫ
Қіріспе 4
1. Ежелгі тас дәуір мәдениеті 6
1. 1 Адам қоғамындағы көне, орта және соңғы тас дәуір мәдениеті 6
2. Қола дәуір мәдениеті 9
2. 1 Қола дәуіріндегі Қазакстан жеріндегі Андронов мәдениеті 9
2. 2 Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі Дәндібай-Беғазы мәдениеті 14
3. Темір мәдениеті 19
3. 1Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар мәдениеті 19
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25
Кіріспе
Қазіргі заманғы сөзддіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениетіжәне т. б. ) ; б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т. б. ) ; в) мәдениет - агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениеті және т. б. ) . Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті.
Алғашқы қауымдық мәдениет - тарихи-мәдени типология бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Көне, ежелгі, архаикалық мәдениеттер ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Антропология ілімінде кейінгі палеолит дәуірінде (30 - 40 мың жыл бұрын) "нағыз адам" пайда болуымен, кару-жарақтар мен карапайым еңбек күралдарын қолдана бастауымен және экзагамияның нәтижесінде отбасы және рулық қауымның калыптасуымен, діннің, өнердің, рәміздік салт-дәстүрдің алғашқы нышандары өріс алуымен түсіндіріледі. Ауызекі тіл карымқатынастық, сабақтастық функцияларын атқара бастайды.
Осының негізінде мифтік сана пайда болды. Алғашқы қауымдық мәдениет адамдық қарым-қатынастарды реттеудің дәстүрлік жүйесін қалыптастырады. Еңбектің коғамдық жолмен бөлінуі, магиялық, тотемдік, аниматикалық, фетишистік сенім-нанымдардың алдымен политеистік, кейін монотеистік діндерге ауысуы, жазбаша тілдің, қалалардың, колөнердің пайда болуы
Алғашқы қауымдық мәдениеттен ежелгі өркениеттерге өту мүмкіндігін туғызды. Алғашқы қауымдық мәдениет қазіргі өркениетті халықтардың "архетиптік жадында" сақталып қалған.
Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғаш еңбек құралдарының пайда болғанына 2, 5 млн. Жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.
Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуы да тегіннен-тегін емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік гылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді.
Көне тас дәуірі (палеолит) «Палеолит» термині гректің «палайос» - көне, «литое» - тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит) . Археология ғылымы саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XIX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2, 5-2, 6 миллион жылдай бұрын басталып, біздің заманымаздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған. [7]
Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуыда тегіннен-тегін емес сияқты.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бұл курстық жұмыстың мақсаты алғашқы қауымдық мәдениетке талдау жасау, зерделеу және жан - жақты қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеті: .
- Ежелгі тас дәуір мәдениетінің ерекшеліктерің анықтау;
- Қола дәуір мәдениетіне сипаттама беру;
- Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар мәдениетінің ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.
1. Ежелгі тас дәуір мәдениеті
1. 1 Адам қоғамындағы көне, орта және соңғы тас дәуір мәдениеті
Өз кезегінде тас дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді: бірінші тас дәуірінің ең алғашқы кезеңі - б. з. б 1-2 миллион жыл мен біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдар арасын қамтыса, ал екінші - көне тас дәуірінің орта кезеңі біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдан біздің заманымаздан бұрынғы 40 мыңыншы жылдар, ал үшінші кезеңі - көне тас ғасырының соңғы кезеңі - бұл біздің заманымаздан бұрынғы 400 мыңыншы жылдан - 10 мыңыншы жылдың арасын қамтиды. [7]
Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ-ұзақ кезендерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит) .
Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады. [5]
Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізіледі. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді қамтитын ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б. ж. б. 2, 5 млн. жылдан басталады.
Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.
Ағашқы адам тақылеииес тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді.
Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см/3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептәуір көлемді де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырыл- ған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланыл- ған.
Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін «Homo erectus» («түрегелген немесе бойын жазған адам») питекантроп (маймыл-адам) және синантроп (адам) болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуына сабақтастық барын байқатады.
Бірінші питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол «Homo habilis» - пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырған. Ми көлемі үлкейіп, 959 см/3 бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.
«Homo erectus» - тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 жылы Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген (геологиялық жер қыртысы) тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. Б. з. б. 300 мың жыл бұрын «Homo erectus» қазіргі кезеңдегі адам түріне, немесе «Homo sapienske» («ақылды адам») айналды. «Ақылды адамның» қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі. [5]
Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі-Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жлтасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады.
Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдарды аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Орталық Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда осы маңда орналасқан ежелгі адамдар еңбекке тас құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі дөңгелек құралдар жасап, қажеттеріне жарата білген.
Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқаоршысы, бала өсіруші ана төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық-матриархаттық дәуір деп аталды.
Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы XII-V және V-III мың жылдықтардың арасын қамиды (мезолит-орта тас дәуірі, неолит-соңғы тас дәуірі) . Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.
Біздің заманымыздан бұрынғы V мың жылдықта басталған неолит тас құралдарны барынша пайдаланған дәуір болды. Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Қиын өңделетін тастар бірте-бірте тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпен- дер, келілер, дән үккіштер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары дүниеге келген. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі еді. Онда бірігіп еңбек ету және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық жағына және шаруашылықтың түріне қарай құрылды. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Кейініректе олар мал өсірумен, егіншілікпен және кен өнеркәсібімен шұғылдана бастайды. [1]
Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарына да жиі қолданылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.
2 Қола дәуір мәдениеті
2. 1 Қола дәуіріндегі Қазакстан жеріндегі Андронов мәдениеті.
Тас ғасырынан кейін қола дәуірі келді. Біздің жерімізде қола дәуірі б. з. д. 3-мыңжылдықта басталған. Қола дәуірі адамзат баласы тарихында ерекше орын алады. Бұл дәуірде адамзат металды игерді. Ал өндіріске металдан жасалған құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды. Осы мәселелерді таратып, талдап көрейік.
Адамзат баласының ой-санасы, өмір сүру тәжірибесі заман өткен сайын өсіп, өзгеріп отырды. Өндірістік тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Сөйтіп, қоғамдық дамуда көбіне алға басу, ілгерілеушілік болып отырды. Қоғамдық дамуды біз тек ұдайы алға басу тек сатылап биікке әрлеу деп түсінбеуіміз керек. Адамзат қоғамының тарихында әр түрлі себептермен (табиғи зілзалалар, соғыстар, жаппай қуғын-сүргіндер, формациялардың ауысуы, т. б. ) үлкенді-кішілі шегіністер де болып тұрды. Бірақ бұлар адамзат тарихындағы ілгерілеушіліктің уакыттық тоқыраулары, мезгілдік шегіністері еді.
Сонымен жер жүзінде адамзат баласы металды қай кезде және кай жерлерде игерді? Бұрынырақта ең көне металлургияның отаны Иран жері деп келген. Онда б. з. д. 4500-4000 жылдарға жататын мыс және күміс заттар табылған. Кейініректе Түркияның Анадолы жерінен б. з. д. 7-мыңжылдыққа жататын мыс және қорғасын заттар табылған. Бұл - неолит заманында өндірілген металл бұйымдар. [4]
Металлургияның ең көне орталықтарына Қазақстан жері де кіреді. Оның санатында қазіргі Жезқазған маңайы, Қалба жоталары, Алтай қойнауы бар. Өндірісте, тұрмыста ең бірінші пайдаланылған металл - мыс. Адамдар алдымен табиғатта кездесетін таза мыс қорытпасын пайдаланған. Осындай энеолит дәуірінен бастап табиғи таза мыстан жасалған ұсақ құралдар - біздер, жебе ұштары, мыс тілікшелер біздің жерімізде жиі кездеседі. Ал енді тотыққан мыстан металл қорыту тек қола дәуірінде басталды.
Қола табиғатта таза күйде кездеспейді. Ол, негізінен, мыс пен қалайының қосындысынан жасалады. Қазақстан жерінде қола дәуірінде, ерте темір дәуірінде мыс, қалайы, алтын өндірген көне кеніштер өте көп. Мысалы, ондай кеніштер қазіргі Шығыс Қазақстанда (Риддер, Бұқтырма, Қазаншұңқыр, т. б. ), Орталық Қазақстанда (Жезқазған маңайында, Қызылеспе, Қарқаралы, Ақшатау тауларында) болған. Бұл сонау қола дәуірінен бастап көне заманда біздің жерімізде металлургия өндірісінің өте күшті дамығандығын көрсетеді.
Қазақстанның қола дәуірі, шамамен б. з. д. XVIII-VIII ғасырлар аралығын қамтиды. Кең тарихи-мәдени мағынасында қола дәуірінің алдыңғы (б. з. д. XVIII -XVI ғғ. ) ЖӘНЕ ортаңғы кезеңдерінде (б. з. д. XV-XII ғғ. ) тұстас. Қазақстанның қола дәуіріне үңілмес бұрын "Андронов мәдениеті" деп аталатын мәдениетке тоқталайық.
Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қалдырған мәдениеті тарих ғылымында "Андронов мәдениеті" деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері "Андронов" деген селоның жанында ашылған. Бұл село Оңтүстік Сібірдегі Ачинск каласының жанында орналасқан. Бүгінгі таңда Андронов мәдени- тарихи бірлестігінің қола заманында өте кең таралғандығы белгілі болып отыр. Бұл ендік бойынша, Жайық өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі аралықта, ал бойлық бойынша, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, оңтүстікте Хорезмге, Сырдың төменгі ағысына дейін таралды. Олар Тянь-Шаньға, Ферғанаға, тіпті Вахш өзенінің төменгі сағасына дейін барған екен. Бұл мәдениет құрамына Қазақстан жері түгелімен кіреді.
Қола дәуірінде Қазакстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі - Андронов мәдениеті. Ал б. з. д. XII-VIII ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптаскан. Б. з. б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола-әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайынның, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорыптасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б. з. б. 2 мың жылдықтың аяғында - I мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады.
Қазақстан жері түгелімен кіреді. Қола дәуірінде Қазакстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі - Андронов мәдениеті. Ал б. з. д. XII-VIII ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптаскан. [4]
Орталық Қазақстанның қола дәуірі
Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы - Орталық Қазақстан. Бұл аймак қола дәуірінде адамның өмір сүруіне өте жайлы болды. Онда: Қарқаралы, Баянауыл, Ұлытау, Атасу, Көкшетау, Имантау, Жақсы-Жаңғыз- тау, т. б. кішігірім таулар бар. Бұл таулардың өзен-бұлақтарының бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ағып жатады. Оның үлкендері - Есіл, Нұра, Сарысу, Торғай өзендері. Біз бүгінге дейін Бұл өлкелерде қола дәуірінде қандай тайпалар өмір сүргендігін білмейміз. Археология ғылымында осындай аты белгісіз жұрттарды солардың қалдырған археологиялық мәдениетінің атымен атайды. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде Андронов мәдениеті таралғаны белгілі. Біз Бұл кезеңде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде "андрондықтар" деп атаймыз.
Орталық Қазақстанды археологиялық жағынан жоспарлы, нысаналы зерттеу 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылуымен байланысты. Оны ұйымдастырған және 80-жылдардың басына дейін баскарған Әлкей Қақанүлы Марғүлан болатын. Ә. Х. Марғүланның кезеңдеуі бойынша, Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке - Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы-Нұра кезеңі; б) ортаңғысы-Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің арасында өтпелі кезең бар. Өтпелі кезеңнің мерзімдемесі - б. з. д. XII-XI ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті б. з. д. X-VIII ғасырлар, Бұл соңғы қола дәуіріне жатады.
Нұра кезеңінін ескерткіштерін, негізінен алғанда, жерлеу орындары - көне қорымдар құрайды. [4]
Жерлеу орындары кішігірім қазандай, жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Тас қоршаулардың пішімі әр түрлі, киіз үйдің орны сияқты дөңгелек, тіктөртбүрышты, кейде тіпті шаршы (квадрат) түрінде де кездеседі. Әдетте, қоршаудың орта шенінде қабір болады. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты. Тас сандық үсті (беті) бір немесе екі-үш жалпақ тастармен жабылады. Кейде тас сандықтың қабырғалары да тігінен қойылған үлкен жалпақ тастардан жасалады.
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz