Африканың тектоникалық ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 1

І – бөлім. АФРИКА МАТЕРИГІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 2

1.1. Географиялық орны 2

1.2. Жер бедері мен геоморфологиясы 4

1.3. Африканың климаты 5

1.4. Топырағы мен өсімдіктері 11

1.5. Жануарлар дүниесі 16

1.6. Ішкі сулары 20

ІІ –бөлім. Африканың тектоникалық құрылымдарының ерекшеліктері мен
көлдердің таралуына әсер етуі 22

2.1. Африканың жер бедерінің қалыптасуы 22

2.2. Африканың тектоникалық ерекшеліктері 26

2.3. Тектоникалық құрылымдардың көлдердің таралуына әсер етуі 32

ҚОРЫТЫНДЫ 38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39

Кіріспе

Африканың географиялық жағдайлары Африканы қоныстанған халықтардың
практикалық тіршілік әрекетіне қатысты қажетті экологиялық жағдайлар,
азықтық және техникалық қорлар ретінде жұмсалатын табиғат элементтері мен
олардың региондық жағынан ұштасып келуінің өзгеше әр алуан болуымен
ерекшеленеді. Бұл табиғат жағдайлары және күштерімен меңгерілген мыңдаған
жылдар тереңінен келе жатқан процестер Африка халықтарының бүкіл шаруашылық-
мәдени тарихыкың материалдық негізін құрайды.

Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі кезде Африка материгінде көптеген тектоникалық қозғалыстар
болып жатыр. Сол тектоникалық процестер және олардың материктің жер
бедеріне қалай әсер ететіні толығымен әлі зерттелмеген. Сондықтан курстық
жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты:
Африкадағы тектоникалық процестерді зерттеу және олардың жер бедеріне
әсіресе көлдердің пайда болуына әсерін зерртеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:
Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;
Тақырыптың негізгі сұрақтарын және мақсатын аңықтау;
Африкадағы тектоникалық процестердің көлдердің пайда болуына әсерін
аңықтау.

Курстық жұмыстың тәжірибелік мақсаты: Бұл тақырыпты орта білім
беретін мекемелерде 7 сыныпта оқылатын Материктер мен мұхиттар курсында
қолдануға болады.

Курстық жұмысының құрлымы мен көлемі.
Курстық жұмыс беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, атаулардан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшадан ( карталар, суреттер) тұрады.

І – бөлім. АФРИКА МАТЕРИГІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1. Географиялық орны

Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен
материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы -30,3 млн. км2,
аралдарсыз -29,2 млн. км2. Аралдарының ең үлкені – Мадагаскар. Ғалымдардың
жорамалдауынша Африка деген сөз материктің солтүстігіндегі аудандардың
бірінде тіршілік еткен афригия деген бербер тайпасының атынан шыққан.
Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта
тенізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың біртұтас құрлық
массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың, орасан зор
кеңістіктepi бөліп тастаған.

Материктің шеткі нүктелері солтүстікте - Эль-Абьяд мүйісі (37˚20'
с.е.), оңтүстікте - Игольный мүйісі (34˚52'с.е.). Африка солтүстіктен
оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпaқ бөлігі экватордан
солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б. б. бастап
(Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км-ге
жетеді. Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың ішіндегі ең
үлкені - Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба,
Мафия, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлік материктен пайда
болған және материкке таяу жатыр. Атлант мұхитында материктік және
вулкандық аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс, Масиас-Нгема-
Бииого, Принсипи, Сан- Томе, Аннобон.

Африканың экватордың екі қапталындағы нсгізінен тропиктік-экваторлық
кеңістік алабындағы орны жоғары температураның басым болуына себепші болса,
ішкі бөліктерінің онша тілімденбеуі әрі тұйықтығы Африкаға тән
континенттілік туғызады. Тегіс рельеeфтiң басым болуы және географпялық
орны зоналықтың айқын көрінуіне жағдай жасайды. Табиғат жағдайлары біршама
біртектес болып келетін ендікті бойлай созылып жатқан жалпақ өңірлер
экватордан солтүстікке және онтүстікке қарай бірін-бірі заңды түрде
алмастырады. Зоналық құрылым, әсіресе, материктің барынша сом және рельефі
бірсыдырғы солтүстік бөлігінде айқын көрінеді.

Біздің эрамыздан көптеген ғасырлар бұрын материктің жағалауы мен ішкі
аудандарында Азия мен Солтүстік Африканың халықтары: финикиялықтар,
египеттіктер, карфагендіктер болып тұрған. Ерте орта ғасырда Шығыс және
Солтүстік Африкаға Арабия түбегінен арабтар өткен.

XV ғасырда португалдықтар Индияға апаратын жол іздеу барысында
Африканың жағалауын зерттеген. Бұл, құл сйудасының және африка елдерін
европалықтардың басып алуынынңбастапқы кезеңі болатын. XVIIІ ғасырдың аяғы
мен ХІХ ғасырдың бас кезінде Англия мен Франция материктің ішкі жағындағы
бірнеше отарларды жаулап алды. Бұл жаулаулар кезінде ашылыстар мен
зерттеулер қатар жүргізілді. 1788 жылы ағылшындар Африканың ішкі
бөліктерін ашуға жәрдем ететін ассоциация құрды. ХІХ ғасырдағы
зерттеулердің айтарлықтай нәтижесі - Африканың eң ірі өзендері Нигер, Ніл,
Конго және Замбези бассейндерінің зерттелуіне байланысты негізгі
гсографиялық проблемаларды шешу болды. Орталық және Оңтүстік Африканы
зерттеп білуге ағылшын ғалымымы Д. Ливингстон үлкен үлес қосты. Ол отыз жыл
бойы (1843 -1873) Атлант мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі және Кейптауннан
экваторға дейінгі ұлан-байтақ кеңістікті зерттеді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ніл мен Конго суайрығы облысын зерттеу
жұмыстарын орыс ғйлымы В. В. ІОнкер жүргізді. ХІХ ғасырдың бірінші
жартысында түгел континенттің тұтастай және оның жекелей бөлшектері немесе
елдері геогрйфиясы ірі жинақталған жұмыстар жасалды. Африканы зерттеудегі
ірі бетбұрыс 1960 жылы басталды, өйткені ол кезде бұрынғы отарлардың
орнына жаңа, жас тәуслсіз мeмлекеттер пайда бола бастады. Олардың
үкіметтері социалистік елдердің, бірінші кезекте Советтер Одағының
көмегімен аса бай табиғи ресурстарды: қазба байлықтарды, гидроэнергетикалық
ресypстарды, жер асты су көздерінің қоры және т.6. іздестіруге және
пайдалануға байланысты жұмыстар жүргізуде. Сoнымен қатар Африканың әр
түрлі аудандарында 6ілімнің сан алуан саласы үшін үлкен теориялық маңызы
бap зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Олар: Шығыс Африканың рифтік зоналары
облыстарын комплексті зсрттеу, антропогеннің палеографиясын , оньщ ішінде
адамның пайда болғанға дейінгі жағдаятын зсрттеу тағы с. с.

Біздің елімізде Африка жөнінде ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттер
мен картографиялық материалдар жарық көріп тұрады.

1.2. Жер бедері мен геоморфологиясы

Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал,
Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы). Экватордан
солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен
үстірттері алып жатыр. Сахараның солтүстік-батысында Атлас таулары
(Тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы (Асотериба
2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан,
4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең терең ойысы –
Афар жатыр. Оның солтүстік-батысында Камерун жанартауы (4070 м),
солтүстігінде Азанде, батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-
Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы қыраты қоршай орналасқан.
Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында
Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон
(4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына
жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып,
Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаhар (Дракон) тауларына ұласады.

Африка жері қазба байлықтарға өте бай, әсіресе, минерал кендерінің қоры
көп. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Нигерияда, Ливияда, Египетте,
Алжирда, ал тас көмірдің ірі кендері, Оңтүстік Африка Республикасы жерінде
табылған. Кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас,
платина, алтын кендері Оңтүстік Африка Республикасында, уран Нигерия мен
Намибия жерінде шоғырланған.

Орографиясы жағынан әр түрлі және тым бөлшектенген Евразияға қарағанда
Африканың жері керісінше бет кұрылысы біркелкі және пішінінің карапайым
болуымен ерекшеленеді. Оның рельефінде биіктігі 200 метрден 1000 метрге
дейін баратын жазықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10 процентке жуығы
ойпатты, ал 20 проценттен біраз астамы таулы болып келеді. Материктің шеткі
бөлігі, әдеттегідей, ішкі аудандармен салыстырғанда көтеріңкі келеді.
Олардың орташа биіктігі 750 метр кұрайды.

1.3. Африканың климаты

Африка - жер шарының солтүстік және оңтүстік жарты шарларына шамамен
бірдей қашықтыққа созылып жаткан бірден-бір материк. Осы ерекшелік екі
жарты шардың бірегей ендіктерінде бірегей климат болуына жағдай жасайды.
Климаттық белдеулердің барлығы дерлік Африка территориясында екі реттен
кайталанады.

Дегенмен Африканың солтүстік бөлігінің оңтүстік бөлігінен (экватордан
оңтүстікке қарай жатқан) ауданы жөнінен екі есе үлкен болуының үлкен маңызы
бар. Африкадан солтүстікке және солтүстік-шығыcқа қарай орасан зор. Евразия
құрлығы орналасқан, одан Африканы континентаралық жылы теңіздер - Жерорта
теңізі мен Қызыл теңіз бөліп тұр. Оңтүстік субконтинент Атлант және Үнді
мұхттарының аралығында. Сондықтан Африкада экватордан солтүстікке және
оңтүстікке қарай климаттың түзілу жағдайлары бірдей емес.

Материктің негізгі бөлігі тропиктер арасында жатыр және бүкіл жыл бойы
күн жылуын көп мөлшерде қабылдап, әсіресе солтүстік, анағұрлым сом
бөлігінде қатты кызады. Бүкіл Африка (азғана қaлысты есептемегенде) жылына
160 ккал см2 астам жылу алады, ал солтүстік бөлігінде жиынтық радиация 200
ккал см2 асып түседі. Бұл жоғары температураның белең алуына жағдай жасайды
және Африканы Жердің ең ыстық материгіне айналдырады. Материктің
горизонталды бөлшектерінің шамалы болуы және шеткі аймақтарының ішкі
бөліктермен салыстырғанда көтеріңкі келуі мұхит әсерін шектейді және
климаттың Африкаға тән континенттігін туғызады, бұл оның көлемі үлкен
болуына және Евразияға жақын жатуына байланысты солтүстік бөлігінен айқын
көрінеді.

Африканың көпшілік бөлігі екі жарты шардың субтропиктік антициклон мен
пасаттық циркуляциясының ықпалында болады. Солтүстік жарты шардың құрлықтан
келетін пассаттары салыстырмалы ылғалдығы төмен континенттік ауа ала
келеді. Үнді мұхиты жағынан келетін оңтүстік жарты шардың пассаттары
материктің шығыс шетіне ылғалдылығы тұрақсыз ауа массаларын алып шығады.
Материктің солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы батыс шет аймақтары
пассаттық инверция тән атлантикалық субтропиктік антициклонның шығыс
шетінің ықпалында болады, Атлант мұхитының суық ағысты инверциясы онан
сайын күшейе түседі. Мұның өзі жауын-шашынның түсуіне қолайсыз жағдай
туғызады.

Материктің экватор бойы бөлігінде ауа массасының бip жарты шардан
екінші жарты шарға өтуінің ерекше манызы бap. Мұның өзінде материктің
шығысында пассаттардың басқа жарты шардан өтуі осы жарты шардың жазында
орын алады. Ал батыста болса, қысым градиенті әрқашанда Оңтүстік Атлант
максимумынан Африканың солтүстік субконтинентіне қapaй бағытталатындықтан
жыл бойына оңтүстік пассаттың, (оңтүстік-батыс муссонның) солтүстік жарты
шарға өтуі үнемі байқалады. Сондықтан да 17˚с.с. және 20˚о.е. аралығындағы
өңірде әрбір жарты шардың жазында экваторлық муссондардың ыппалы корініс
береді, олар ылғалдылығы тұрақсыз экваторлық ауаны aлa жүреді де жауын-
шашынды кезең тудырады. Материктің субтропиктік белдеулердің шегіне кіретін
қиыр солтүстігі мен оңтүстігі әрбір жарты шардың қысында қоңыржай
ендіктердің батыс циркуляциясы жағдайында қалады. Ауа массалары
циркуляциясының жағдайы, жауын-шашын мен температураның таралуы екі жарты
шар үшін январь мен июльде әр түрлі қалыптасады .

Январьда материктің оңтүстік бөлігі көбірек қызады, ал сол:түстік
бөлігі салыстырмалы түрде сaлқын тартады. Осыған байланысты жоғарғы қысымды
субтропиктік белдеу Сахараның солтүстігін кесіп өтеді де, Солтүстік-
Атланттық максимуммен түйіседі. Материктің қиыр солтүстік-батысы қыста
қоңыржай ендіктердің батыс циклондық циркуляцциясының ықпалына түседі. Бұл
кезде оңтүстік жарты шарда ауқымды тоқырау орын тебеді де оған қарай
көршілес мұхиттардан да, солтүстік жарты шардан да ауа ағылады.

Солтүстік пассат 25˚ солтүстік ендіктен экваторға қарай қызған ауаның
салыстырмалы ылғалдығы 30-15% болатын негізгі үш ауа толқыны түрінде
қозғалады. Үлкен, шығыс бөлігінде ол солтүстік-шығыс бағыттағы египет ағыны
деп аталады да экваторды басып өтпей Конго бассейнінің солтүстік бөлігіне
дейін барады. Онан шығысқа таман бapыншa құрғақ аравия пассаты әрекет
етеді, ол Сомали түбегін қамтып, экватордан оңтүстікке қарай өтеді де, Үнді
мұхиты жағынан Оңтүстік-Үнді максимумының шеткері жағы бойымен келе жатқан
оңтүстік-шығыс пассатымен қосылып кетеді. Египет ағынынан батысқа Гвинея
жағалауына қарай харматтан атты ағын ағылады, ол Гвинея шығанағының
солтүстік бөлігінде Оңтүстік Атлант антициклонының шығыс шеткері жағымен
ағылып жатқан оңтүстік-батыс муссонымен кездеседі. Әдетте, харматтан Гвинея
шығанағының жағалауына жете алмайды, онда бәсең оңтүстік-батыс желдері
соғып тұрады. Бірақ үлкен биіктіктерде пассат толқындары оңтүстікке қарай
алысыраққа өтіп, оңтүстік-батыс муссондағы жоғары бағытталған ағынға және
жауын-шашынның жаууына кедергі жасайды. Cондықтан январь Гвинея жағалауында
ең құрғақ ай болып табылады.

Оңтүстік-Үнді максимумы январьда онтүстікке қарай көп ығыстырылады. Ол
Африканың қиыр оңтүстігін қамтиды да Африканың биік таулы қыраттарының
шығыс беткейлеріне Үнді мұхитынан мол жауын-шашын әкелетің оңтүстік-шығыс
пассаттарына бастама береді. Олардың саны материктің түкпіріне қарай барған
сайын күрт азаяды да Калахаридің орталық бөлігінде минимуміне жетеді.
Африканың батыс жағалауы Оңтүстік-Атлант антициклонының шығыс шеткері
жағының ықпалында болады. Қызған материкке оңтүстік румб желдерімен
анағұрлым биік ендіктерден салыстырмалы суық ауа массасының келуіне
байланысты батыс жағалауда тура экваторға жуық созылып жатқан өңірде жауын-
шашын болмайды.

Атлант ауасының Үнді мұхитынан жететін массалармен түйісетін ауданында
фронт пайда болады, соған байланысты Калахиридің батысында жауын-шашын
мөлшері материктің анағұрлым батыс және шығыс аудандарымен салыстырғанда
біршама арта түседі.

Июльде солтүстік жарты шар қатты кызады. Сондықтан бүкіл баралық
зоналар солтүстікке қарй ығысады. Солтүстік жартышардың субтропиктік
максимумы Жерорта теңізі мен Оңтүстік Европаға қарай ауысады да Африканың
қиыр солтүстік-батысын ғана қамтиды. Африканың солтүстік бөлігінде қатты
қызуына байланысты төмен қысымды облыс пайда болады, ол экватордан
оңтүстікке карай жалғасып кетеді. Оңтүстік Африка өзінің көрші мұхиттарымен
қоса оңтүстік жарты шардың баралық максимум аймағына кіреді. Оның тек қиыр
оңтүстігі ғана оңтүстік жарты шардың қоныржай ендіктерінің батыс
циркуляциясы жағдайында қалып қояды.

Солтүстік Африкада (Сахарада) құрғақ солтүстік-шығыс және солтүстік
батыс желдері соғады, ол Қызыл теңіз бен Ніл аңғарын бойлап 20˚ дейін, ал
батысында 18˚ с.с. дейін енеді. Оларға қарсы Оңтүстік Атлант максимумы
жағынан оңтүстік-батыс муссоны ағылады да Судан территориясы мен Гвинея
жағалауларына жауын-шашын ала келеді.

Эфиопия, Сомали және Африканың бүкіл шығысы экватордан солтүстікке
қарай Үнді муссонының ықпалындa болады, ол экватор арқылы өтіп, мол жауын-
шашын әкелетін оңтүстік-шығыс пассатының жалғасы болып табылады. Африканың
жоғары қысым белдеуімен және әлсіреген пассат әрекеті қамтылған бүкіл
оңтүстік бөлігі әсіресе оның ішкі аудандары бұл кездері құрғак, болады. Тск
Кап облысы бұл жағдайдан тысқары қалады, өйткені оған жанданған циклондық
әрекет тән. Африканың негізгі бөлігіндегі бүкіл жыл бойғы жоғарғы
температура күннің көкжиектен едәуір биіктікте тұруына және күшті
инсоляцияға байланысты. Материктің едәуір бөлігінде жылдық орташа
температура +200С-ден асып түссді. Африканың солтүстік бөлігі анағұрлым
сом, сондықтан да ол тұтас алғанда оңтүстікке қарағанда қаттырақ қызады,
онда Жерде байқалатын ең жоғарғы орташа айлық температура (+350-400С),
сонымен бірге ең жоғары максимумды температура (+580С-ге дейін) орын алады.

Бүкіл Африкаға сондай-ақ континенттік климаттың көрініс беруі,
температураның тәуліктік едәуір ауытқуы да тән. Мысалы, Сахарада
температураның тәуліктік амплитудасы 500С-ге жетеді. Материктің
территориясында жауын-шашын біркелкі таралмайды. Үнемі және мол болатын
конвективтік жаңбырлар экватор бойы бөлігіне шамамен 5˚с.с. псн 10˚о.е.
аралығында түседі. Африкада максимум жауын-шашын (10 000 мм шамасында)
Камерун массивінің басым оңтүстік-батыс жерлеріне қараған беткейлеріне
түседі.

Экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарайғы облыстарда, шамамен екі
жарты шардың 170-қа дейін жауын-шашынды тек әрбір жарты шардың жазындa
экваторлық муссондар әкеледі, олардың жылдық мөлшері географиялық орынға
және рельефке байланысты құбылып тұрады. Онан әрі экватордан солтүстікке
және оңтүстікке қарай (300-қа дейін) жыл бойына жауын-шашын өте аз мөлшерде
түсетін облыстар орналасқан. Материктің қиыр солтүстігі мен қиыр
оңтүстігінде, субтропиктік белдеуде жауын-шашынның мөлшері қайтадан
көбейеді де солтүстік-батыс пеп oңтүcтік-батыста оның түсу максимумы -
қысқа, ал oңтүстік-шығыста – жазға келеді. Осы көрсетілген заңдылықтардың
арқасында Африка өзінің климатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Экваторлық климат белдеуі Конго бассейнінің едәуір бөлігін шамамен
5˚с.с. пен 5˚о.с. apaлығы, сондай-ақ Гвинея жағалауын 7–8˚с.с. дейін
қамтиды. Конго бассейнінде жер бетінің қатты қызуына бaйлaнысты ауа
массалары көтеріледі де жыл бойына конвективтік жауын-шашын болып тұрады.
Олардың режимінде күннің eң биiк орнына байланысты екі максимум айқын
көрінеді. Гвинея шығанағының жағалауларынa жауын-шашынды үстемдік ететін
оңтүстік-батыс желдері жеткізеді, олардың жылдық мөлшері көп - Камерун
массиві беткейлерінде 9600 мм дейін жетедi. Жоғары және бір калыпты
температуралар (+240-280С), буланудан 1,5-2 есе асып түсетін мол мөлшердегі
жауын-шашын мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығының жоғары болуы тұракты
артық ылғалдануға жағдай туғызады. Осыған байлансты Африканың экваторлык,
бөлігінің климатын оған үйренбеген европалықтар ғана емес, жергілікті
тұрғындар да азар көтереді.

Солтүстік Африкадағы субэкваторлық белдеу солтүстікте 17˚с.е. дейін
жетіп жатыр. Oңтүстік жарты шарда субэкваторлық климаттың белдеуі Атлант
мұхитына дейін жетпейді, ал оңтүстікте 20˚ о.е. дейін жуықтап барады.
Материктің шығысында жарты шардың солтүстік және оңтүстік субэкваторлық
белдеулері түйіседі, ал экваторлық белдеу Үнді мұхитына дейін жетпейді.
Әрбір жарты шардың жазы кезіңде муссон үстемдік етеді, ол мол жауын-шашын
бөлетін ылғалды экваторлық ауа алып келеді. Қыс кезінде облыс тропиктік
құрғақ ауа жеткізетін пассаттың ықпалындa қалып қояды. Бұл жауын-шашын
мүлде жаумайтын әрі салыстырмалы ылғалдылығы өте төмен кезең.

Ылғалды кезеңнін ұзақтығы, жауын-шашынның жылдық жиынтығы және белдеу
шегіндегі ылғалдану экватордан тропикке қарай және батыстан шығысқа қарай
өзгеріп отырады. Экватордан тропикке қарай ылғалды кезеңнің ұзақтығы бірте-
бірте 10 айдан 2-3 айға дейін азаяды. Батыстан шығысқа қарай муссонның
әлсіреуіне байланысты жауын-шашын мөлшері азая береді. Солтүстік жарты
шардың субтропиктік 6елдеуі алабындағы жеткіліксіз ылғалданатын барынша
қуаңшылық аудандары Сомали түбегіне орналасқан, ол экваторлық муссоннан
Эфиопия таулы қыратымен, ал Суданның солтүстік бөлігінде, шекарада
тропиктік белдермен бөгелген. Субэкваторлық белдеудегі температура жыл он
екі айдың көпшілігінде жоғары, бірақ жылдық айырмашылықтары экваторлық
белдеуге қарағанда едәуір үлкен. Ең ыстық кез жауын-шашын маусымының
басында, орташа температура +30˚С-ден асқан кезде болады. Дегенмен ең
салқын айлардың өзінде орташа температура + 20˚С-ден төмендемейді.

Барынша жаңа классификацияларда субэкваторлық климаттық белдеулер
ажыратылмайды, ал субэкваторлық климатты жазы ылғалды, тропиктік ылғалды
климат деп қарастырады. Африкадғы көптеген кеңістіктер, әсіресе солтүстік
жарты шарда, аридтік тропиктік климатқа жатады. Солтүстік жарты шардағы
ыстық та құрғақ тропиктік климат Сахараның көптеген бөлігіне тән. Жазда
Солтүстік Африканың беті қатты қызады да oндa солтүстік-шығыс пассаты бет
aлады, ол салыстырмалы ылғалы 15-30% ауа әкеледі. Қыста солтүстік Африканың
үстінде антициклондық режим орнайды, демек, бүкіл жыл бойына Сахараға жауын-
шашынның түсіуіне жағдай қолайсыз. Ауаның құрғақтығы және шамадан тыс аз
бұлттылық өсімдіктің мүлдем дерлік жоқтығына қоса тәуліктік температураның
күрт ауытқып тұруына әкеп соғады. Бұл облыстағы буланушылық шамамен нақты
буланудан 20-25 есе асып түссді. Оңтүстік жарты шардағы қуаң тропиктік
климат Калахари қазан шұңқырына тән, дегенмен ондағы жауын-шашын мөлшері
Сахараға қарағандабіршама көп, бұл Үнді мұхитынан соғатын оңтүстік – шығыс
әсерімен байланысты.

1.4. Топырағы мен өсімдіктері

Африка үш флоралық доминионды (әлемді) алып жатыр. Оның солтүстігі
Caxapaны қоса Голарктикаға қараса, материктің негізгі бөлігі, экватордан
оңтүстікке және солтүстікке қарай Палеотропикаға жатады, материктің
онтүстік бөлігі, Оранжевая өзенінен оңтүстікке қажет дербес Кан флоралық
әлемін құрайды.

Африканың солтүстік бөлігі флорасының қалыптасуы Oңтүстік{ Европа мен
Батыс Азия флорасының қалыптасуымен бір мезгілде жүрді. Ол түпкілікті түрде
жоғарғы ендіктердегі мұз басудан соң климаттық мұз басудан кейінгі
ауытқулардың әсерімен құрылды. Палеотропикалық әлем флорасы материк
алабындағы анағұрлым ежелгі флора болып табылады және де оның құрамына
Австралиямен байланыс әсер етті. Австралиямен ортақ элементтерге ағаш
тәріздес папоротниктер мен кейбір протейн тұқымдастар жатады.

Оңтүстік Америкамен және Азиямен байланыс кейінірек үзілді, Африканың
флорасьнда осы материктердің өсімдіктерімен ортақ жабық тұқымды
өсімдіктердің туыстары мен тұқымдастарының едәуірі бар.

Жылдық жауын – шашын жиынтығы 1500-2000 мм экваториалды климaт
белдеуінде ормандар гумусқа бaй күлгінденген латерит топырақтарда өседі.
Ылғалды тропиктік ормандар материктің шамaмен 8% алабын aлып жатыр. Олар
Kонго бассейнінде экватордан солтүстікке қарай 4˚с.е. дейін және экватордан
оңтүстікке қарай 5˚о.е. дейін тараған. Сонымен қатар ормандар Гвинея
жағалауын шамамсн 8˚с.е. дейін алып жатыр.Өзен атырауларындa және толысу
кезінде су басып кететін жағалауларда, әсіресе Гвинея шы- ғанағында мангр
тоғайлары үстем.

Алғашқы жаңбыр ормандары Конго қазан шұңқырының тек орталық бөлігінде
сақталған, басқа жерлерде, әсіресе Гвинея шығанағынан солтүстікке қарай
оларды аласа, қайта шыққан тоғайлар алмастырған. Өзінің таралуының
солтүстік шекарасы маңында ормандар, бәлкім, орман өсімдігі үнемі өртеп
отырудың нәтижесінде өз орнын саваннаға берген болар.

Ариканың ылғалды тропиктік ормандары өзінің түр қүpaмының байлығы мен
алып жатқан жер көлемі жағынан Оңтүстік Американың трониктік ормандарына
қарағанда біршама кейін тұрады. Бұл ормандардың биік ярустарын алып
фикустар (80 м дейін), зәйтүн пальмасы (llaeis guil1eensis), шарап пальмасы
(Rhaplhia), сейба (Ceiba tоnnіngі), кола ағашы (Соlа nіtіdа) тағы басқалар
құрайды. Ал төменгі ярустарда банандар, әр түрлі папоротниктер, либерия
кофе ағашы (Соffеа lіЬегіса) өседі. Лианалардың ішінде ерекше орынды ағаш
тәрізді каучукты лиана – ландольфия алады, ұзын ротанг пальмасы (Calamus)
және басқалар кездеседі. Африканың ылғалды тропиктік ормандарынан көптеген
бағалы техникалық және азық-түліктік өсімдіктер түрі шыққан. Солардың бipi
– зәйтүн пальмасы, ол тeхникалық (ұрық қабынан) және азық-түліктік
(тұқымдарынан) май бepедi. Мұның соңғысы тағгaмғa тікелей пайдаланыла
береді және сондай-ақ маргаринге қоспа ретінде қолданылады. Зәйтүн пальмасы
тропиктік елдердің плантациялық дақылы ретінде тек өз елінде ғана емес,
сонымен, қатар Малайя архипелагының аралдарына кеңінен тараған. Оңтүстік
америкадан әкелінген зәйтүн пальмасының плантациялары, какао ағашы, каучук
көп жерде табиғи өсімдіктерді ығыстырып шығарады. Жергілікті халықтар
баннан, маниок, батат өсіреді.

Экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай ылғалды тропиктік ормандар
саваннамен алмасады. Ормандар сирейді, олардың құрамы кедейленеді, тұтас
орман массивтерінің арасынан саванна дақтары пайда бола бастайды. Бірте –
бірте ылғалды тропиктік ылғал тек өзен аңғарларында ғана қалады, ал
суайрықтарды жылдың құрғақ мезгілінде жапырағын тастайтын ағаштар немесе
саванналар басып кеткен. Өсімдіктердің өзгеруі ылғалды кезеңнің қысқаруының
және экватордан алыстаған сайын ұзара түсетін кезеңнің пайда болуының
ықпалымен жүреді.

Жаңбырлы кезең 8 – 9 айға созылатын астық тұқымдас саваналарда
биіктігі 2 – 3 м, ал кейде тіпті 5 м жететінастық тұқымдастар өседі. Олар:
піл шөбі (Ptnnisetum purpureum), ұзын қылшықты жапырақты боз шағыл тағы
басқалалар. Жайқалған астық тұқымдастардың арасында жекелеген ағаштар,
баоба6 (Adonsoniа digitata), дум пальмасы (Нірhaenа), зәйтүн пальмасы
сорайып тұрады. Экватордан солтүстікке қарай астық тұқымдас саванналар
шамамен 12° с.с. дейін жетеді. Оңтүстік жарты шарда астық тұқымдас
саванналар зонасы анағұрлым кеңірек, әсірссе Үнді мұхиты жағаларында олар
кей жерлерде тіпті тропикке дейін созылып жатады. Oндa астық тұқымдас
саванналармен қатар жылдың құрғақ кезінде тастайтын жапырақтарын тропиктік
селдірормандар кеңінен тараған. Оңтүстік Африканың шығысында олар
өсімдіктердің басқа типтерімен қосылып, тропиктен едәуір оңтүстікке қарай
ұшырасады.

Астық тұқымдас саванналар мен селдір ормандардың астында топырақтардың
ерекше типтері – саванналардың астында қызыл топырақтар және селдір
ормандардың астында қызыл – қошқыл қоңыр топырақтар қалыптасады.

Ылғалды маусым кезеңінің 5 – 6 айға дейін қысқаруына және жауын –
шашынның жалпы азаюына байланысты саванна өсімдіктері анағұрлым
ксерофильдік бейнеге ие болады. Шөп жамылғысы сирейді, әрі арасарады, ағаш
тұқымдарының құрамында аласа, ұшар бастары өзгеше жалпақ қарағандар белең
алады. Бұлар нағыз немесе құрғақ саванна дейтіндер.

Ылғалдылық кезеңінің ұзақтығы 3-5 айға созылатын аудандарда нағыз
саванналар кұрғак және тікенекті бұталары мен селдір қатты шөптердің
қауларынa өтеді. Мұндай өсімдік топтары шөлге айналған саванна деп аталатын
солтүстік жарты шарда, нағыз саванналардан солтүстікке қарай біршама енсіз
өңір құрады. Бұл өңір 6атыстан шығысқа қарай жауын-шашынның жылдық жиынтығы
азаятын 6ағытта кеңейе түседі.

Maтepиктің шығысында шөлге айналған саванналар Сомали түбегін түгелдей
алып, экваторға дейін және одан да оңтүстікке созылып түсіп, айрықша үлксн
алқаптарды алып жатыр. Шөлге айналған саванналардың топырағы кызыл-қоңыр.
Негізгі жыныстар тараған жерлерде қара түсті топырақ тараған.

Саваннаның және тропиктік селдір ормандардың барлық типтері мaтepиктің
бетінің 40% дейін алып жатыр. Африка саванналарының көпшілігі жойылып
кеткен ормандардың орнында пайда болған деген көзқарас та бар.

Климат және топырақ жағдайлары жөнінен саванналар тропиктік егіншілікке
қолайлы. Казіргі кезде саванналардың көптеген учаскелері тазартылған және
айдалып тасталған. Бұл зонада барыншa кеңінен тараған дақылдар - мақта, жер
жанғағы, жүгері, темекі, сорго, күріш.

Саванналар шөлейттерге өтеді, олар солтүстік жарты шарда айқын
көрінетін, бірақ енсіз зоналар құрады, ал Онтүстік Африкада материктің ішкі
6өліктеріндегі біршама шағын аудандармен шектелген. Шөлейттерде құрғақ
кезең бүкіл жыл бойына дерлік созылады, жауын-шашын мөлшері 250-300 мм
аспайды. Өсімдігі мен топырағы айқын ксерофильді сипатта.

Шөлейттердің өсімдігі түр құрамы жөнінен солтүстік және оңтүстік жарты
шарда едәуір айырма жасайды. Солтүстік жарты шарда жер 6етін тікенекті
бұталар мен аласа ағаштардың негізінен сұрғыт – жасыл майда жапырақты
қарағайлIардың және жыңғылдардың селдір тоғайлары жауып жатады. Олардың ара-
арасында қатаң көпжылдық шымды астық тұқымдастар өседі. Бұлар бұталы-астық
тұқымдасты шөлейт дейтіндер.

Оңтүстік Африканың шөлейттеріне суккулентті өсімдіктер тән. Олар: алоэ
туысының көптеген түрлері, сүттігендер, жергілікті халық мал үшін көп
жағдайда су орнына жүретін сулы жемістері бар қарбыз еді. Cондай – ақ
жасмық тәріздес тікенекті өсімдіктер, қысқa жаңбырлы ашық кезеңде ашық және
әр түсті болып гүлдейтін жуан тамырлы немесе түйнекті әр түрлі шөптер
(құртқа гүл, лилия, амapaлис) кеңіненІ тараған. Солтүстіктегі сияқты, мұнда
да астық тұқымдас бұталы шөлейттің учаскілері бар.

Шөлейттер шөлдерге ауысады, олар әсіресс мaтepиктің солтүстігінде
үлкен алқаптарды алып жатыр. Оңтүстік жарты шарда шөлдер енсіз өңір түрінде
материктің батыс шетін бойлай созылып жатыр және ішінара Калахаридің
оңтүстігіне де тән. Шөлдің топырағы жетілмеген, қаңқалы, кейде бұл айқын
құрлымы жоқ сусымалы құм болып келеді. Сортаң топырақтардың да үлкен
учаскелері кездеседі. Солтүстік жарты шардың шөлдеріндегі өсімдік азия
шөлдерінің өciмдігіне ішінара жақын. Жанбырдан кейін эфемерлер шығады, ол
қысқа мерзiм ішінде өсіп шығып, гүлдеп және жеміс беріп, сонымен бірге
қайтадан келесі жаңбырды күтіп бір емес бірнеше жылға созылатын тыныштық
жағдайына келіп үлгереді.

Құмды учаскелерде көпжылдық тiкeнeктi бұталар өседі. Олар: жантақ,
ретам тағы басқалар. Тастақ шөлдерге қыналар тән, олар тастардың бетін
түгелдей қа6ыршақ сиақты жауын жатады. Copтаң жерлерде жусан мен сораңдар
кездеседі. Африканың солтүстігіндегі шөлдерде, Аравиядағы сияқты оазистер
көп, олардың басты өсімдігі - құрма пальмассы. Африканың оңтүстік –
батыстағы шөлдеріне көптеген эндемика өсімдіктері тән, олардың ішіндегі ең
тамашасы вельвичия, оның қысқа әрі жуан сабағы және тығыз, жалпақ жерге
сүйретіліп жатқан, ұзындығы 3 м жететін екі жапырағы болады.

Африканың шөлейт пен шөлдері еш жерде Үнді мұхитының жағалауына дейін
жетпейді. Материктің экватордан oңтүcтiкке қарайғы шығыс бөлігінің
солтүстік жарты шардағы сәйкес ендіктерде жатқан аудандармен салыстырғанда
едәуір ылғалды болуы себепті Оңтүстік Африканың шығысын саванналар мен
жапырақ тастайтын ормандар алып жатыр.

Материктің, солтүстік – батыс және оңтүстік – батысындағы жағалауларда
және тау беткейлерінің төменгі бөліктерінде мәңгі жасыл қатаң жапырақты
бұталардың астында субтропиктік қошқыл қоңыр топырақ тараған. Тау
беткейлерінің жоғарғы бөліктеріндегі жалпақ жапырақты ормандардың астындағы
топырақ – тау – орманының қоңыр топырағы.

Африканың солтүстік – батыс шет аймағының флорасының құрамында Оңтүстік
Европаның жақындығы байқалады. Көп доминионының алабында жатқан материктің
оңтүстік – батысы африканың қалған бөлігінен үлкен түр өзгешелігімен
ерекшеленеді. Өзінің сыртқы көрінісі жағынан Оңтүстік Европалық
немесе Солтүстік Африкалық маквиске жақын бұта қaулары семьялық
тұрғысынан протейн, вepeск т. б.тұкымдастарға жататын эндемик туыстар мен
түрлерден тұрады. Олар көбіне түкті болып келеді (ысалы күміс ағаш) және
жпырақары сұрғылт немесе көгілдір реңді болып келеді. Шөптесін
өсімдіктердің ішінде әсіресе лала гүлдер, құртқа гүлдер, амариллистер
тұқымдастарынан баданалылар және тамыр сабақтылар жиі кездеседі.

Африканын сондай-ақ климаты субтропиктік, бірақ ылғалдануы анағұрлым
бір қалыпты қиыр оңтүстік-шығысында табиғи өсімдік жамылғысында
субтропиктік қызыл топырақта темір ағаштан , сары ағаштан , кап үшкір
жапырақтысынан, ағаш типтес папоротниктен, алып шөптерден (мысалы,
стерлийий) тұратын мәнгі жасыл ормандар басым. Жағадан шалғай және
сондыктан да неғұрлым құрғақ таулы үстірттерде қызғылт қара түсті
топырақтар (ол негізгі вулкандық жыныстар кеңінен тараған аудандарда қара
түсті топырақпен алмасады) субтропиктік далалардың шөпті астық тұқымдас
өсімдігі басым.

Кап флорасы дүние жүзіне әдемі гүлдейтін көптеген әр түрлі сәнді
өсімдіктер берді, бірақ тағамдык өсімдіктер Африканың оңтүстік бөлігіне
Европадан әкелінген. Көбінесе олap Европалық Жерорта теңізі алқабына тән
дақылдар: цитрустар, жүзім шыбығы бидай және баска астық тұқымдастар.
Мадагаскар аралы флорасы жөнінен Африкаға қарағанда біршама ерекшеленеді,
өйткені ол материктен әлдекашан бөлініп кеткен-ді. Ол флорасының кұрамы
жөнінен Африкадан Азияға өтпелі жағдайда және онда эндемик түрлер көп
(шамамен 75%). Жауын-шашынның солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа карай
азаюына байланысты Мадагаскардың өсімдік жамылғысы да өзгереді: шығыс
жағалауда және таулардың шығыс беткейлерінде ылғалды тропиктік ормандар
басым, олар батысқа карай саваннамен және селдір орманмен, ал оңтүстік-
батыстағы үстіртте-кұрғак бұталы даламен алмасады.

1.5. Жануарлар дүниесі

Материктің солтүстік бөлігі Сахарамен бірге Голарктика зоогеографиялық
облысының Жерорта теңіздік кіші облысына, қалған бөлігі фаунасының ерекше
байлығымен ерекшеленетін Эфиоп облысына кіреді. Дегенмен материкте айқын
зоогеографиялық шекаралар білінбейді және Африканың жеке аудандарының
фауналарындағы айырмашылығы негізінен қәзіргі ла ндшафтық айырмашылықтарға
байланысты болады. Материктің солтүстік бөлігінің фаунасы көп жағдайда
Оңтүстік Европа мен Батыс Азияның фаунасына жақын келеді. Атластың қуаң
аудандары мен Сахараны суды көп қажет етпейтін немесе суды жәнетамақты
ұланғайыр алыс жерлерден іздеп табатын жануарлар мекендейді. Бұлар-әр түрлі
бөкендер: бубал, мендес және басқалар. Сондай-ақ солтүстік Африка бұғысы,
мapaл, ал жыртқыштардан – жолақ қорқау, шие бөрі, шөл түлкісі фенек, жабайы
мысықтар мекендейді. Саваннадан шөлге арыстандар келеді. Атлас тауларында
маимылдың Оңтүстік Испанияда да мекендейтін сол кішкентай түрі (құйрықсыз
мaнaн) тіршілік етеді. Кемірушілер көп (қояндар, қосаяқтар), жабайы
кроликтер, жайранның бip түрі кездеседі. Бауырымен жорғалаушылар, әсіресе
кесірткелер: шөл ешкіемері, геккондар, тікен қүйрық қаптап жүреді. Бұл
өңірге жыландардан құм әбжыланы, сұр жыланның түрлері, Африка кобрасы тән.
Өзен жағасындағы қаулар мен өзендерде крокодил, тасбақа, улы ніл жыланы
мекендейді.

Cолтүстік Африканың шөлі мен шөлейтін африка түйеқұсы, дуадақ,
бозторғай, ал Атлас тауларын - тау құры, қара күшіген, қарақұс, акбас сип,
қозықұмай (бұл кұстар оңтүстік Епропада да кең тараған) мекендейді.
Өзендері мен көлдерінде қоқи қаз, бірқазан, ләйлек, құтан тіршілік етеді.
Cолтүстік Африканың сипатты кұсы - ақсары сандуғаш , ол ормандар мен
бақтарға, сондай-ақ тауларда айтарлықтай биікте ұялайды.

Жepгiліктi халыққа көкқасқa шегіртке көп зиян келтіреді, олардың жиі-
жиі қаптап кетуінен Солтүстік Африка елдерінің ауыл шаруашылығы зиян
шегеді. Қоңыздар, көбінесе ашық түсті көбелсктер көп. Адамдарға бүйі, шаян
үлкен қауіп туғызады.

Эфиоп облысының фаунасы материк алабында барынша біркелкілігімен
ерекшеленеді, тек мекендеген жер жағдайына қарай кeйбiр өзгешектері болады,
ол кіші oблыстардың бөлінуінен айқын аңғарылады. Мадагаскар фаунасының
өзіндік ерекшелігі бірден көзге түседі.

Жемшөп қоры орасан мол, саванналарда көптеген шөп қоректі жануарлар,
әсіресе бөкендер көп, олардың 40-тан астам түрі бар. Қазірге дейін кебір
жерлерде ең ірі бөкендер - гнулардың табындары кездеседі. Олар күлте
жалды, сабау құйрықты келеді және мүйіздері төмен карай иіліп тұрады,
сондай-ақ әдемі иір мүйізді куду бөкендері , канндар және басқалар көп
тараған. Тұрқы жарты метрден аз-ақ асатын ергежейлі бөкендер де бар.

Африка саванналары мен шөлейттерінің көркі және құрып бітуге aйнaлғaн
жануары – жираф.Олардың ұзын мойын ағаштардың жапырақтары мен өскіндерін
емін-еркін жұлып жеуіне мүмкіндік береді, ал жылдам жүгіруге бейімділігі -
қуғыншылардан құтылудың бірден-бір ғана айласы.

Көптеген аудандарда, әсіресе экватордан шығыста және оңтүстікте
саванналар мен далаларда африканың жабайы жылқысы – зебр т.б. тараған. Оны
әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланатын мықты, әрі сұлу терісі үшін аулайды.
Кейбір жерлерде қoлғa үйретілген зебр жылқы орнына күш көлік ретінде
жүреді, өйткені оларға цеце шы6ыны ешқандай зиян келтіре алмайды.

Кей жерлерде африка пілдері сақталган. шынтуайтқа келгенде бұл
жануарларды бағалы азуы үшін ғана жойып жіберген, ал көптеген aудaндаpда
олар мүлде құрып кеткен. Казіргі кезде бүкіл Африка жерінде пілдерді
аулауға тыйым салынған, бірақ бұл тыйымды көбінесе шетелдік туристер –
аңшылық экзотикасын жақсы көретіндер жиі бұзады. Қазір пілдер адам аз
тұратын таулы облыстарды мекендейді, әсіресе Эфиоп тау қыратында көптеп
кездеседі. Пілдер бұдан басқа, Шығыс және Оңтүстік Африка қорықтарының
тирриторияларында тіршілік етеді.

Кұрып бітуге айналған жануарлардың қатарына бір кездері материктің
шығыс және оңтүстік бөліктерін мекендеген мүйізтұмсықтар жатады. Африка
мүйізтұмсығы қос мүйізді болады және ол екі түрге - ақ пен қараға бөлінеді.
Ақ мүйізтұмсық қазіргі осы тектестердің ішіндегі ең ірісі, ұзындығы 4 м
дейін жетеді. Бұл күнде олар тек қорықтарда ғана сақталған. Африканың әр
түрлі бөліктеріндегі өзендep мен көлдердің жағаларын мекендейтін бегемоттар
барынша кең тараған . Осы жануарларды, сондай-ақ жабайы шошқаларды еті мен
терісі үшін аулайды.

Шөп қоректі жануарлар көптеген жыртқыштарға жем болып табылады.
Африканың саванналары мен шөлейттерінде арыстандар мекендейді. Олар екі
түрге - берберлік және сенегалдық болып бөлінеді. Берберлік арыстандар
экватордан солтүстікке қapайғы аймақта, ал сeнегалдық, apыстандаp
материктің оңтүстік бөлігін мекендейді. Мұның алғашқысы түгелдей дерлік
құрып бiткен. Арыстандар ашық жерлерді қалайды да ормандарға кіриейді десе
де болады. Мұнда қорқау қасқыр, шие бөрі, қабылан, гепард, қарақал, сервал
кең тараған. Виверра тұқымдарының бірнеше өкілдері кездеседі.

Tаулы және жазық өңірлерде павиан тобына жататын маймылдар көп. Олар
нағыз павиандар, геладтар, мандриллалар. Жіңішке денелі маймылдардан
гверецылар бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Африканың тектоникасына жылпы сипаттама
Африканың субтропикалық климатына сипаттама
Африка территориясын геологиялық зертеу тарихы
АФРИКАНЫҢ ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ
Оңтүстік Африка тау үстірті
Африканың өзендері
АФРИКАҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА. Климаты, ішкі сулары
Африканың ішкі сулары
Африка материгінің жер бедері мен геологиялық даму тарихы
Пәндер