Әлеуметтік қызметкердің мүгедектермен жұмысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Ι.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ΙΙ Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...4-18
1.Әлеуметтік қызметкер.Әлеуметтік қызмет
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .. 4-6
1.1.Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік
құндылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-8
2. Әлеуметтік қызметкердің рухани адамгершілік
қасиеттері ... ... ... ... ... ..9-1 0
2.1Әлеуметтік қызметкердің мүгедектермен
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... 11-14
2.2Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету
орталықтары ... ... ... ... ... ... ... ...15-18
III.Практикалық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..19-24
IV.Қорытынды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .25-28
V.Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
9-30

Ι.Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілі. Әрбір әлеуметтік қызметкер ол кәсіби маман
болуы үшін ол көптеген жылдар еңбек ету керек. Яғни практика жинап,
әлеуметтік кәсіби маман болуы керек. Ол кәсіби маман болуы үшін оның жан-
жақты білім салаларынан білімі, әлеуметтік мәселелерді жақсы білу,
әлеуметтік жұмыс теориясын, әдістерін, технологияларын білу, адам
психологиялары жақсы білу, адамды түсіну сияқты сапалары болуы керек.

Курстық жұмыстың мақсаты:Қиын өмірлік жағдайға түскен тұлғалармен
әлеуметтік психологиялық жүмыс,оларды әлеуметтенуінің әдістемелерін жасау
Курстық жұмыстың міндеттері Қиын өмірлік жағдайға түскен тұлғалармен
әдістемелерді қолданып, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық проблеманы
шешу үшін қолдануға болады
Курстық жұмыстың объектісі– Әлеуметтік қызметкер көмегіне мұқтаж адамдардың
проблемаларын шешу үшін қолайлы әдістерді қолданып,олардың психологиялық,
құқықтық, әлеуметтік проблемаларын шешу барысында әдістерді дұрыс қолдану
Курстық жұмыстың оқу пәні әлеуметтік жұмыс ерекшелігі мәселесінің
теориялық және тәжірбиелік аспектілері болып табылады

II.Негізгі бөлім
1.Әлеуметтік қызметкер.Әлеуметтік қызмет жүйесі
Әрбір әлеуметтік қызметкер ол кәсіби маман болуы үшін ол көптеген жылдар
еңбек ету керек. Яғни практика жинап, әлеуметтік кәсіби маман болуы керек.
Ол кәсіби маман болуы үшін оның жан-жақты білім салаларынан білімі,
әлеуметтік мәселелерді жақсы білу, әлеуметтік жұмыс теориясын, әдістерін,
технологияларын білу, адам психологиялары жақсы білу, адамды түсіну сияқты
сапалары болуы керек.
И. А. Зимняя әлеуметтік қызметтердің 13 професионалды ролін функционал
арқылы анықтаған:
- әлеуметтік қызметкер. Ол адамдар, топтар, халық ішінен қиындықтары барын
анықтайды, кризисті ситуацияда, қиын жолдарға түсуі адамдарды тексереді.
Оның негізгі тапсырмасы мәселе, туғызатын, қоғам факторларын анықтау.
Клиентті анықтаушы( outreach worker) деп аталады.
Брокер( broker) – проблемасы бар адамдарға тиісті көмек көрсету орнына
жіберу. Яғни әлеуметтік мекемелерді халыққа таныту және оған орналастыру.
Буфер (mediator) - екі топ пен адам арасында болуы мүмкін, сондықтан оның
міндеті осы екеуінің арасындағы келіспеушілікті тоқтату бірге жұмыс істеуге
үйрету.
Адвокат, қорғаушы (advocate) – қорғауды қажет ететін адамдардың құқығын
қорғаушы әлеуметтік қызметкер.
Бағалаушы ( ekaluktor) – ақпаратты жинаушы әлеуметтік қызметкер, тұлғаның
топтың проблемасын бағалау, шешім табуға көмектесу.
Мобилизатор ( mobilizator) – проблеманы шешуді болмайды, оның міндетін шешу
жолдарын табу, істі бастау, ұйымдастыру. Ол өз жеке адам әрекет немесе
ішіндегі әрекет болуы мүмкін.
Оқытушы ( teacher) – ақпарат береді, халыққа білімін дамытуға көмектеседі.
Корректорлы әрекет ( Bavior chorder) – ол адамның істерін, әрекеттерін
өзгерту, топтың немесе тұлғаның қабылдауына өзгерту енгізуші.
Консультант ( consultant) – кешен проблемасын шешуде басқа жұмыскерлермен
немесе ұжыммен бірігіп жұмыс істеуші.
Проектоист (Community plaanner) – бірігіп жұмыс істеушілер, қызметінің
бағдарына, дамуына өз үлесін қосуда.
Ақпарат менеджері ( Data mannader) - әлеуметтік орта туралы мәлімет жинап
таратушы.
Администратор ( administrator) - әлеуметтік көмек мекемесі ақпаратты,
мекемені , ұйымды басқарушы.

Әрбір кәсіби маман міндеті
- адамгершілік;
- силамдық;
- адамды ол қандай, солай қабылдау;
- кішіні құрметтеу, үлкенді қадірлеу;
- Өзінің мамандығына деген қызғушылық;
- өз ісіне жауаптылық т.б қасиеттер . Себебі әлеуметтік қызметкердің
қолында адам өмірі тұр . Ол өз ісіне жауапты , тұрақты болуы тиіс.
Әрбір әлеуметтік қызметкер бірден кәсіби маман болып кетпейді. Біз осыны
есімізде сақтауымыз керек. Ол оның қызметінің барысында дамып, оның бойына
сіңіріледі.
Әлеуметтік жұмыс жеке адамға бағытталған. Тіпті ол топпен жұмыс істесе де
ол олардың әр қайсысымен жеке-жеке жұмыс атқарады.
Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік тұлғасы мына жағдайларда ерекше көрінеді:
-Белгілі бір мәселені шешкенде, әлеуметтік қызметкердің методологиялық
базасының кеңдігі;
- Қызмет процесіндегі клиент пен әлеуметтік қызметкер арсындағы әлеуметтік
қақтығыстарды шешуі;
- Мәселені шешу кезіндегі болжау, шешу, басқару .

Әлеуметтік қызметкер кәсіби маман ретіндегі міндеті оның қызметін
күрделендіреді.
Әлеуметтік қызметкер міндетіне мүгедектердің үйіне немесе станционарлық
жағдайда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру кіреді. Әлеуметтік
қызметкердің атқаратын жұмысы әртүрлі .
Ұйымдастырушылық қызмет әр жерде ( аймақта , тұрғындық жерлерде )
әлеуметтік қызмет мекемелерін құрумен және басөқару мен байланысты
байланысты әлеуметтік қызметкер адамдар қызығушылығын біле отырып, олардың
бос уақытын ұйымдастрыуна әр түрлі ұйымдар қатыстыра отырып өткіщуге себеп
болады.
Бұдан басқа тікелей және жанама түрде маргиналдық тұоғындар бөлігіне қолдау
көрсетеді.

1.1 Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік құндылықтары

Көмек сұраушымен жұмыс істегенде әлеуметтік қызметкер психиканың денсаулық
факторларын қалыпқа келтіруге тиіс.
1 . Адам өз өміріне жауапкершілігін сезінуге міндетті.
2. Өздік рефлексия мен өздік таңдауға қабілеттілігі
3. Өзінің кім екенін тануы.
4. Бүгінгі күнмен өмір сүруі.
5., Жеке әлемін құру, жеке өһмірінің мәнін өз құндылықтар жүйесін құру
қажеттілігімен байланысмтыра ойлау.
6. Басқаларды түсінуде адамды тек жай ғана тыңдап естіп қана қоймай қоршағн
социумды қапбылдау деп түсіну.
7. Өмірді сол қалпында қабылдау.
Әлеуметтік қызметкер міндеті жеке адамға қиын жағдайда қорғана білуге ,
түрлі қоқыныштардан, үрейлерден қорғана түсуге үйрету.
Әлеуметтік қызметкерлер барлық мұқтаж адамдардың проблемасын ( яғни
мәселесін) шешуге көмектеседі., ең алдымен әлеуметтік жағынан
қаралмағандарға :
Қарттарға, мүгедектерге, дұрыс отбасы тәрбиесін алмаған баларға , психикасы
бұзылған адамдарға, маскүнемдерге, нашақорларға, СПИД дертіне
шалдыққандарға е сепке алынған отбасыларға , және т.б. әлеуметтік қорғауға
мұқтаж әлеумсеттік топтарға.
Сондықтан әлеуметтік жұмыс – бұл теория ғана емес, ол адамдардың бір-
бірімен өзара әрекеттік қарым-қатынасының өнері. Ескре кететін жағдай ,
біздің мемлекетімізде әлі әлеуметік жұмыстың технологиясы мен әдістері
жеткіліксіз. Адамның бабын табу, әлеуметтік жұмыстың принципі ретінде
адамға назарын аударту сияқты қиын мәселені өте қажет етеіді.
Әлеуметтік жұмыс ол – қайырымдылық іс. Яғни кез- келегн адам, кез-келген
маман бойында халыққа деген жан ашушылық, , халыққа деген сүйіспеншілік
қасиеттері болмаса, шын ниетпен халыққа адамгершілік, қайырымдылық қызмет
көрсетуге тырыспаса ол маман клиент мәселесін шеше алмайды.
Сондықтан әлеуметтің қызметкердің бойында біріншіден адамгершілік
қасиеттері қалыптасуы қажет деп ойлаймын.
Әр қазақ жастарының бойында және әр болашақ әлеуметтік қызметкердің бойында
адамгершілік, қайырымдылық қасиеті болса, еліміздің халқы бір-біріне жаны
ашып, көмек көрсетіп тұрса бұл мемдлекетімізге тіптен де пайдалы.
Осы мақсатта мен әлеуметтік қызметкерді елімізге қажетті және оны көбейтуге
шақырғым келеді.

әлеуметтік қызмсеткердің қызмет түрлерін :
- Психологиялық қызмет;
- Кеңес беру қызметі:
- Мәселені шешу;
- Басқа мандармен байланыс;
- Құжаттық қызмет;
- Үйге көрсететін қызмет;
- Әр түрлі әлеуметтік қорғау мекемеріндегі қызмет ;
- Қоғамды реттеу қызметі;

2. Әлеуметтік қызметкердің рухани адамгершілік қасиеттері
Қызмет көрсетілетін адамдардың болу шарттары санитарлық-эпидемиологиялық
нормаларға, қауіпсіздік талаптарына, соның ішінде өртке қарсы талаптарға
сай келуі тиіс. Аумақтық орталықтың ғимараты оған кедергісіз кіруді,
қолайлы болуын, үй-жайдың ішінде жүріп-тұруды, оңалту шараларын өткізу,
демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру мақсатында арнайы құралдармен
жабдықталуы тиіс. Аумақтық орталық ғимаратының ішкі жағындағы үй-жайлар
мөлшері, орналасуы мен үйлесімі бойынша сапалы әлеуметтік қызмет
көрсетулерді ұсыну үшін жағдаймен қамтамасыз етілуі тиіс. Әлеуметтік қызмет
көрсетулерді ұсыну кезінде қызмет көрсетілетін адамның жасы мен денсаулық
жағдайы, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасыны Заңнама бойынша асырап-
бағуға және қамқорлығына алуға міндетті жақын кәмелетке толған еңбеке
қабілетті туған-туысқандары жоқ, сондай-ақ объективті себептермен тұрақты
көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын (жасы келуіне, бірінші, екінші,
үшінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психиалық ауру болуына, бас
бостандығынан айыру орындарында жатуына, елден тыс жерге тұрақты тұруға
кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты) жақын туған-
туықандары бар адамдар үйде қызмет көрсетуге қабылданады.
Мүгедектер, Ұлты Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген
адамдар бірінші кезекті тәртіппен үйде қызмет көрсетуге қабылданады.
Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді талап ететін
невроздарды, соматикалық ауру кезіндегі невроз ұқсас жай-күйлерді,
жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын
білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес)
тырыспалы синдромдарды, карантинді инфекцияларды, жұқпалы тері мен шаш
ауруларын, венереологиялық ауруларды, ЖҚТБ-ны қоспағанда, ауру процесінің
белсенді сатысындағы туберкулездің, психикалық аурулардың болуы үйде қызмет
көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалар болып
табылады

2.1Әлеуметтік қызметкердің мүгедектермен жұмысы

МҮГЕДЕКТЕРДІ ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы Заңының 10 бабы 2 тармағының 1) тармақшасына
сәйкес облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 17236-III шешімімен
2006-2008 жылдарға арналған Мүгедектерді оңалту бағдарламасы, осы
Бағдарламаны іске асыру іс-шаралар жоспарымен қоса, жасалды және облыстық
мәслихаттың 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 17236-III шешімімен бекітілді.
2007 жылғы 1 шілдеге жедел мәлімет бойынша облыс көлемінде барлығы
48663 мүгедек бар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 4489 бала бар.
Облыста 12 интернат-үйі қызмет етеді, оның ішінде – қарттарға және
мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі 8 интернат-үйі, мүгедектер мен
психохрониктерге арналған 3 интернат-үйі, ақылы жетілмеген балаларға
арналған 1 интернат-үйі. Ағымдағы жылдың 5 айында интернат-үйлерге 163
адам жіберілді.
Ардагерлерге арналған Уба шипажайында 2007 жылдың өткен мерзімінде
1000 ардагер мен мүгедек демалды және өздерінің денсаулығын түзеді.
Шипажайды қаржыландыруға ағымдағы жылдың 5 айында 13237,8 мың теңге
жұмсалды.
Облыста 42 жалғызілікті қарт азаматтар мен мүгедектерге үйінде
әлеуметтік көмек көрсету бөлімі жұмыс істейді, сондағы 528 әлеуметтік
қызметкер 4563 адамға қызмет етеді, оның ішінде мүгедектер – 1171 адам.
17 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі 1903 мүмкіндігі шектеулі
балаға қызмет көрсетеді. 368 әлеуметтік қызметкер балаларға үйде көмек
көрсетеді.
Осы мақсаттарға 2007 жылдың 5 айында 133574,6 мың теңге жұмсалды.
Облыста екі протездік-ортопедтік орталық жұмыс істейді - Өскемен және
Семей қалаларында. 2007 жылы 992 мүгедектерге 21870,0 мың теңге сомасына
протездік-ортопедтік көмек көрсетілді.
2007 жылдың өткен мерзімінде 1 топ мүгедектеріне 2083,4 мың теңге
сомасына жекеше көмекші қызметі жасалды, есту бойынша мүгедектерге 1202,5
мың теңге сомасына ымдау тілі мамандарының қызметі жасалды, жекеше оңалту
бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерге 9690,2 мың теңге сомасына
міндетті түрде берілетін гигиеналық құралдармен қамсыздандырылды.
2007 жылы 2575,0 мың теңге сомасына ересектерге арналған 30 серуен
арбашасы, балаларға арналған 20 мүгедектер арбашасы сатылып алынды.
Психологиялық-медициналық-педагогик алық комиссиялардың шешімдеріне
сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүмкіндіктері шектеулі балаларға
ай сайын жәрдемақы төленеді. 2007 жылдың өткен мерзімінде жалпы 44134,7 мың
теңге сомасына төлемдер жасалды.
Мүгедектерді оңалту бағадрламасын іске асыру мәселелері Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің тұрақты бақылауында.
Бюджет қаражы есебінен қызмет көрсету кезінде аумақтық орталықтарға
халықты әлеуметтік қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның жолдамасы
бойынша азаматтар қабылданады.
Мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген
адамдар бірінші кезекті тәртіппен қабылданады. Бюджеттен тыс қаражаттың
есебінен қызмет көрсету үшін адамдардың қабылдауына рұқсат етіледі.
Егде адамдар мен мүгедектер әлеуметтік қызмет көрсетуге мынадай құжаттардың
негізінде қабылданады:
1.уәкілетті органның жолдамасы (бюджет қаражатының есебінен қызмет көрсету
кезінде);
2.жеке куәлік;
3.тұрғылықты жері туралы анықтама;
4.денсаулық жағдайы туралы медицицналық карта (белгіленген үлгіде);
5.амбулаторлық картадан үзінді көшірме;
6.зейнеткерлік куәлік (зейнет жасындағы адамдар үшін);
7.мүгедек, ҰОС қатысушы және соларға теңестірілген адамдар мәртебесін
растайтын куәлік (мүгедектер, ҰОС қатысушылар мен соларға теңестірілген
адамдар үшін);
8.мүгедектігі туралы анықтамадан үзіндінің көшірмесі;
9.мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.
Қызмет көрсетілетін адамдардың болу шарттары санитарлық-эпидемиологиялық
нормаларға, қауіпсіздік талаптарына, соның ішінде өртке қарсы талаптарға
сай келуі тиіс. Аумақтық орталықтың ғимараты оған кедергісіз кіруді,
қолайлы болуын, үй-жайдың ішінде жүріп-тұруды, оңалту шараларын өткізу,
демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру мақсатында арнайы құралдармен
жабдықталуы тиіс. Аумақтық орталық ғимаратының ішкі жағындағы үй-жайлар
мөлшері, орналасуы мен үйлесімі бойынша сапалы әлеуметтік қызмет
көрсетулерді ұсыну үшін жағдаймен қамтамасыз етілуі тиіс. Әлеуметтік қызмет
көрсетулерді ұсыну кезінде қызмет көрсетілетін адамның жасы мен денсаулық
жағдайы, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны, жеке
қасиеттері ескеріледі.

2.2Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары
Аумақтық орталықтың негізгі міндеті қызмет көрсетілетін адамдарға үйдегідей
қолайлы тұрмыс жағдайын жасау, мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету
стандартына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсыну және оңалту
шараларын өткізу болып табылады.
ҚР Президентінің Жолдауларында үндендірген және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2005-2007 жылдарға арналған Әлеуметтік
реформаларды әрі қарай тереңдету бағдарламасын бекіту туралы 2004 жылғы 30
қарашадағы №1241 Қаулысымен нығайтылған Қазақстан Республикасындағы
әлеуметтік саласын реформалаудың негізгі бағыттарын іске асыру шеңберінде
облыстың Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру
департаменті, аймақтық бөлімдер халықты әлеуметтік қолдау түрлері мен
әдістерін жетілдіруге бағытталған іс-шаралардың нақтылы жоспарларын бекітті
және іске асыруда.
Атап айтқанда, алдыңғы қатардағыларға мынадай мәселелер қосылған:
• Азаматтарды белсенді жұмыс іздеуге талпындыратын көмек жүйесін
қалыптастыруды есепке ала отырып, халықты әлеуметтік қолдау түрлері мен
әдістерін жетілдіру
• Стационарлық әлеуметтік мекемелер жүйесін либерализациялауға қажет
жағдайларды туғызу. Аз сиымды, соның ішінде туыстары бар қарттар мен
мүгедектерге арналған, төлем негізінде ұйымдастырылған интернат-үйлерді,
пансионаттарды, құру.
• Қарттарды, ауруларды және мүгедектерге қызмет көрсету жүйесін
либерализациялауға қажет жағдайларды туғызу. Төлем негізінде
ұйымдастырылған үйде қызмет көрсету мамандырылған орталықтарды
(ересектерге, балаларға т.с.с. арналған патронаж) құру.
• Ересек мүгедектерге арналған оңалту орталығын ұйымдастыру.
• Дүниежүзілік практикалық тәжірибені ескере отырып, психоневрологиялық
аурулар үшін медициналық-әлеуметтік мекемелер жүйесін жетілдіру.
• Жұмыссыз жастардың кәсіби бағыттауын, оқытуын және жұмысқа орналастыруын
ұйымдастыру үшін аймақтық орталықтар (жастар еңбек биржаларын) құру.
• Ауылдық жерде үйдегі және кәсіпшілік өндірістерді жетілдіру,
микронесиелер, босаған өндірістік алаңдар мен құрал-жабдықтарды беру
арқылы халық кәсіпшілігінің салт-дәстүрін қайта жаңғыртуға қолғабыс
жасау.
Аталған мәселелі сұрақтар, әлеуметтік заңнаманың өзгеруін ескере
отырып, 2008-2010 жылдар көлемінде және одан арғы уақытта кезең-кезеңмен
шешіледі.

КЕДЕЙЛІКТІ ТӨМЕНДЕТУ

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары жергілікті
билікті атқару органдарының белсенді қатысуымен үнемі аз қамтылған
отбасыларды тексереді, әлеуметтік карталарды құрастырады және осы негізде
әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың санын нақтылы белгілейді. Соңғы
жылдарда экономиканың барлық салалары белсенді дамуының, әлеуметтік
көмектің түрлері мен әдістері жетілуінің нәтижесінде кедейлер саны күрт
төмендеді.
01.01.2003 жылға аз қамтылғандардың саны 166937 адам болды, немесе
жалпы облыс халқы санының 11,3%. 01.04. 2007 жылға кедейлер саны 56365
адамды құрайды, немесе облыс халқының 4,0%, және 2003 жылдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүгедектерді әлеуметтіндіру
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі
МҮГЕДЕКТЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мүгедек балалармен әлеуметтік жұмыс
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты
Қазақстандағы мүгедектердің жағдайы
МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРЛІ
Мүгедектер проблемасын шешудегі құқықтық аспект
Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Жас мүгедектерге әлеуметтік педагогикалық - психологиялық көмек түрлері
Пәндер