Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлаудың және жергілікті
өзін-өзі басқарудың теориялық негіздері. ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері
1.2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың халықаралық тәжірибесі және жергілікті
өзін-өзі басқару құрылымының қазақстандық үлгісі
2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың әлеуметтік-экономиканың дамуына әсері
және нәти ... ... ... ... 11
2.1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы
жағдайы
2.2 Жергілікті өзін өзі басқаруды енгізудің маңызы және құқықтық негіздері
2.3 Аймақ Қазақстан Республикасында өңірлік дамуға және жергілікті өзін-
өзі басқаруға жәрдемдесу қоры
3.
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізудің маңызы мен проблемалары,
аймақтардағы әлеуметтік экономиканың дамуына әсері
3.2 Қазақстан Республикасының 2012 – 2016 жылдарға арналған әлеуметтік-
экономикалық даму болжамы
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Кіріспе
Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар. Ол мемлекеттік басқару және
жергілікті басқару болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен
демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты.
Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және
мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі
күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік
билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды
қажет етеді.
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының қабылдануымен
әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ
оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту
мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің
базалық негіздерін жасау аяқталды.
Қабылданған Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару – заңнамалық
актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар)
және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты
жүргізеді және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады.
Әкiм - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi
атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта
мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық
мемлекеттiк органдардың барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет
iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты
қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк
басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық
дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi.
Мәслихаттар мен әкiмияттар өз қызметiнде:
1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық
саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының
мүдделерiн сақтауға;
3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк
стандарттарды ұстануға;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге
мiндеттi.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында нақтылаған
аудандық мәслихаттардың өкілеттігін күшейту мәселесі де еліміздегі
демократияның кең қанат жаюына талпыныс екені аян. Президент Қазақстан
халқына Жолдауында: “...Біз мәслихаттарды күшейтіп, оларға қосымша
өкілеттіктер беретін боламыз... Уақыт өте келе аудандық мәслихаттар
жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады”, деген
болатын.
Еліміз өтпелі кезеңде биліктің атқарушы тармағын күшейте отырып, өзін-
өзі басқару органдарының сатылық қалыптасуын анықтады. Енді бүгін,
экономика мен мемлекеттігімізді нығайтып, аяғымыздан нық тұрған кезде
жергілікті өкілетті органдарды күшейту туралы сөз бастауымыздың дұрыс
таңдау, дұрыс жол екендігіне ешкімнің күмәні бола қоймас.
Сондықтан өзін-өзі басқаруға біз қоғамда сұраныс пен шынайы қабылдау
болып, ол пісіп-жетілген кезде ғана табиғи жолмен келуіміз керек. Асығыстық
өзін-өзі басқарудың мәнін жоғалтуға немесе мемлекеттің бүлінуіне әкеліп
соғады. Мемлекет басшысы мәслихаттарды жергілікті өзін-өзі басқаруды
қалыптастырудың негізі деп атады, өйткені, жергілікті өкілетті органдар мен
жер¬гілікті бірлестіктер органдарының түпкі табиғи бастауы ұқсас — олардың
екеуін де жергілікті жерде халық өзі сайлайды және өзінің әкімшілік-
аумақтық бірлігінің проблемаларын өздері шешуге шақырады.
Барлық елдерде жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілік-аумақтық
бірліктің төменгі буынынан, яғни ауылдық буыннан басталған. Дегенмен,
жергілікті өкілетті органдар өзін-өзі басқару органы сияқты биліктің
өздерінен жоғары тармағына тікелей байланбаған. Аудандық мәслихаттар мен
жергілікті өзін-өзі басқарудың ауылдық органдарының тікелей қатысы заңда
нақты көрініс табуы керек. Бұл жерде басты мәселе оның бюджетінде, қаржылай
негізінде болып отыр. Бүгінде жергілікті бюджеттерді мәслихаттар бекітеді.
Онда мәслихаттар туралы заңға да түзетулер енгізілуі тиіс еді. Бюджетаралық
қатынастар проблемасының үлкен бір бөлігі – бюджет қаржысын мақсатты
пайдалануды, басымдықтарды, мемлекеттік сұраныстарды бақылау шешімін табар
еді.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық-құқықтық реттеудің
теориялық базасы Еуропа Хартиясы бекіткен муниципалды демократия мен
муниципалды басқарудың әлем мойын¬даған құндылықтарынан тұратыны белгілі.
Олар мыналар: жергілікті өзін-өзі басқару кез келген демократиялық құрылыс
негіздерінің бірін құрайды; азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысу құқы
тікелей жергілікті жерде жүзеге асырылады; жергілікті өзін-өзі басқару
органдарына шынайы биліктің үлес беруі; демократиялық жолмен құрылған
жергілікті өзін өзі басқару органы өзінің құзырына кіретін мәселелерді үй
ішінен үй тіккендей бөліп алуы және оларды жүзеге асырудың тәртібін анықтап
алуы керек және ол үшін қаржысы болуы қажет.
Жергілікті жерлерде өзін-өзі басқаруды енгізу Қазақстанның бірнеше
халықаралық саяси институттарға және үдерістерге қатысуына, бәсекеге
қабілетті елдердің қатарынан көрінуіне, ЕҚЫҰ-ны басқару мақсаттарымызға
және Президенттің Қазақстан халқына биылғы Жолдауын жүзеге асыруымызға
қызмет етуге тиіс.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының екі ерекшелігіне тоқталсам
деймін. Біріншіден, онда халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселесі нақтылы
цифрлармен дәйектелген. Әсіресе, ана мен баланы әлеуметтік жағынан қорғауға
ерекше көңіл бөлінген. Екіншіден, Жолдауда жергілікті өкілетті органдардың
жұмысын одан әрі жетілдіріп, дамыту мәселесінің де қамтылғанына риза¬шылық
сезімімізді білдіреміз. Бұл өзі еліміздегі саяси реформаны жүзеге асырудың
заңды жалғасы деп білеміз. “Мәскеу бірден орнаған жоқ” деген қанатты сөз
бар ғой. Сол секілді саяси реформаны жүзеге асыру әсіре науқаншылдықты,
асығып, аптығуды көтермейді. Ол үшін, ең алдымен, тәжірибе жинақтауымыз
керек. Мәселен, өткен жылы аудандық, қалалық деңгейдегі әкімдерді
депутаттар корпусы арқылы сайлау басталды. Әкімдердің мәслихатта,
депутаттардың алдында есеп беруі дағдылы іске айналды. Жергілікті бюджетті
бекітіп, оны қадағалап отыру мәслихаттың құзырында. Міне, енді жергілікті
мәслихатқа қосымша мүмкіндіктер беріліп отыр.
Елбасы айтқан қандай міндет пен тапсырма да еліміздің дәулеті мен
Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт, тату-тәтті өмірін
орнатуды мақсат тұтады. Ал оны жүзеге асыруда биліктің жергілікті
органдарының тиімділігін, халықтың өзі сайлап қоятын мәсли¬хаттардың рөлін
арттыру керек. Ол орталықсыздандырусыз жүзеге аспайды. Мәжілісте сөз алған
сенаторлар, Сенат жанындағы Жергілікті өкілетті органдармен
(мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің мүшелері қоғамды
демократияландырудың бір жолы – орталықсыз¬дандыру мен жергілікті өзін-өзін
басқарудың өзекті мәселелерін ортаға салды.
Жалпы алғанда жергілікті мемлекеттік басқару - заң актiлерiнде
белгiленген құзырет шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi
аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында жүзеге
асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып
табылатын қызмет.

Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды
экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды
роль атқарады.
Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу
факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.
Академик Н.Н.Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның
саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір
аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын
анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын
зерттейді".
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді аймақтық дамуының стратегиялық
позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш күштердің орналасуы аймақтық
экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.
Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ
оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық
экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі
болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық
болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік -
экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық
мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны,
географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады.
Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу
Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами
бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады.
Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз біртекті
табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған
бір елдің ірі территориясы.
Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар
Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони
Куклинский, орыс ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский және тағы да басқа
АҚШ , Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.
Жоспарлау мен басқарудың аймақтық мәселелері республикадағы
экономикалық қатынастарды қайта құру бойынша іс-шаралар жүйесінде маңызды
орын алады. Мемлекеттің дамуында аймақтар мен олардың билік органдарының
ролін арттыру әлемдік тенденцияға жатады. Аймақтық басқаруға қойылатын
негізігі міндеттерге:
- Республика мен ТМД елдерінде кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс істеуінде
қорықтық қатынастар мен тауар - ақша, жоспардың арақатынасы;
- өзін-өзі басқару механизміндегі экономикалық және ұйымдастырушылық -
әкімшілік әдістері мен экономикалық арақатынасы;
- аймақтық басқару процесіндегі орталықтанған және орталықтан-дырылмаған
басқару шешімдерінің арақатынасы.
Басқарудың экономикалық механизмінің маңызды элементіне ақша айналымын
үздіксіз нығайту кезінде жоспарды қаржымен қамтамассыз ету жатады.
Сондықтан да жергілікті шаруашылықтың аймақтық жүйесінің дамуы мен қызмет
етуіне кешенді әлеуметтік – экономикалық дамуға қызмет ететін механизм
қажет, ол механизм мыналарды қарастыруға тиіс:
- аймақтық экономикалық мүмкіндігінің материалдық өндірістік саласының
тиімді қызмет етуіне байланысты болуы;
- аймақтық жүйенің барлық тармақтарының тепе – тең болуы;
- аймақтық әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенді жоспарын қаржылай
және материалды – техникалық қамтамасыз ету;
- әлеуметтік саланың дамуының нәтижелілігі мен аймақтың шаруашылық
қызметінің тиімділігін есепке ала отырып бюджеттік жоспарлауды қайта құру;
- әрбір өндірушінің жағдайының жақсаруы әлеуметтік мәселелерді шешуге
байланысты болады.
Аймақтық басқарудың әдістері аймақтың өндірісітік және өндірістік емес
сфералар жиынтығы мен кәсіпорындар мен ұйымдарға шаруашылық әрекеттің пайда
болуын қамтамассыз етуі тиіс. Соның ішінде:
- республикалық стратегиялық тұжырымдардың әлеуметтік – экономикалық даму
жағдайына біртұтас мақсатты бағыттанушылық;
- жергілікті өзін - өзі басқару органдарының саяси және әкімшілік
қызметтерінің біртұтастығын сақтау;
- әлеуметтік – экономикалық , құрылыс – инвестициялық және табиғатты қорғау
саясатының жылдық жоспарын жан-жақты және біртұтас мамандануын қадағалау;
- аймақтық басқару мен жоспарлаудың тікелей және керсінше иерархиялық жүйе
бөліміне біртұтас бюджеттік және қаржы - несиелік негізіне территориялық
әкімшілік білім беру.
Аймақтық басқару органдарының экономикалық компетенциясын кеңейту
барлық сұрақ территорияның әлеуметтк – экономикалық дамуымен байланысты
болса, аймақтық органдар кәсіпорын коллективімен бірлесе отырып шешімін
табуы қажет, өйткені жергілікті әкімшілік құқығы нақты экономикалық
мүмкіндіктермен сәйкестенуі тиіс.
Аймақтық саясат механизмдерін жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік
–экономикалық ұдайы өндірістің қоршаған ортамен тепе теңдігінің бұзыуына
байланысты, экологиялық қауіпті аймақтарға арнайы мемлекеттік бағдарламалар
жасап нақты аймақтардың дамуының өзекті проблемалары шешімін табуы қажет.
Шағын және орта қалалардың өркендеуі екі – үш өндірістік
кәсіпорындардың қызметіне тәуелді болады. Жалпы жағдайдың экономикалық
тоқырауы, инфляцияның күшеюі, шаруашылық қатынастардың үзілуі, көптеген
шикізат пен өндіріс түрлерінің сұранысының төмендеуі кәсіпорындардың
жұмысын тоқтатуына алып келді. Бұның әсерінен қала және ауылды аймақтарда
жұмыссыздықтың белең алуына, жоғары кадрларымыздың басқа елге кетіп
қалуына, жергілікті халықтың тұрмысының төмендеуіне алып келді.
Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның
аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм
келесілермен қалыптасу керек:
- аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми-
техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған
біртұтас бөлігі болуы тиіс;
- бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық
байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ;
- басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірісітің дамуына
орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі ;
- аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау , қаржыландыру , несиелеу, ақшалай
айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады .
Экономикалық механизмге деген қажеттілік ұдайы өндіріс циклінде
әлеуметтік- экономикалық аспектісінің біртұтастығын сақтауын қажет етеді.
Сондықтан, экономиканы дамыту саласында қандай да бір басқарудың шешіміне
практикалық қызметі халықтың материалды және мәдени тұрмысын қамтамассыз
етуімен бағалануы тиіс. Әлеуметтік даму көрсеткіші тұрғын үй проблемасын
шешумен халықтың рухани қажеттілігін қамтамассыз ету арқылы еңбек етуіне
әсер етеді. Сондықтан, экономикалық-әлеуметтік шаруашылық салаларының тепе
– теңдігін ұстау маңызды болады. Ол мемлекет пен демографиялық ұдайы
өндіріс арасындағы кәсіпорынмен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының
экономикалық жүктеулерді тарату арқылы әлеуметтік әділеттілікті тудыруы
қажет. Дәл осы кезде өндіріс шығынымен байланысты шыѓындардың толық
көрсетілуі қажет. Бұл республиканың демаграфиялық жағдайына еңбек
ресурстарын тиімді пайдалануға демеу жасайды және көп еңбек етуді
төмендетіп, ғылыми – техникалық прогресстің дамуына жол ашады. Сонымен
бірге әлеуметтік бағдарламалар екі маңызды қаржылық ресурстарды қамтиды.
Олар: қаржы – несие жүйесі және жергілікті бюджет.
Әлеуметтік тұрмыс инфрақұрылымның дамуына кәсіпорын мен бірлестіктердің
еңбек ресурстарының төлем ролін күшейтуге тырысады. Эквивалентті
байланыстардың барлық экономикалық жүйе түйіндерімен қамтамассыз етуі,
нарықтық жүйенің экономикалық механизмде талап етуі болады. Экономикалық
жүйелерді зерттеуді аймақтық басқару мен жоспарлау келесідей жағдайларда
жүргізіледі:
- кәсіпорын – аймақтың басты экономикалық көзі болып табылады. Кәсіпкерлік
қызметнің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Осыдан келіп территориялық
басқарудың міндетті шаруашылық және өндіріс-технологиялық даму шартына
араласпауы аймақтық кәсіпорындардың әлеуметтік- экономикалық кешенді дамуын
ынталандырады.
- облыс, қала, аудандардағы шаруашылық субъектілердің есеп принціпі мен
экономикалық есептертің эквивалентті негізін басқару органдары мен жалпы
қатынас.
- жергілікті бюджеттің қалыптасуы кәсіпорын мен ұйымдардың жұмысының
тиімділігіне байланысты .
Ұйымдық құрылым - шаруашылықтың өзін-өзі басқаруы жаңа әдістеріне,
ғылыми- техникалық прогресске сәйкес жүргізілуі керек.
Аймақтық жоспар алдындағы зерттеулерді жүргізудің басты мақсаты
әлеуметтік – экономикалық дамудың комплексті жоспарының ғылыми деңгейін
арттыру жатады. Жоспар алдындағы зертеулер маңызды әлеуметтік-экономикалық
және аймақтың дамуының ғылыми-техникалық мәселелерін анықтау болып
табылады.
1.2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың халықаралық тәжірибесі және Жергілікті

Әлемдік қауымдастықта жергілікті өзін-өзі басқару ертеректен дамып
келеді. Сондықтан батыс елдерінде Қазақстанның пайдалануына болатын бай
тәжірибе жинақталған. Жергілікті өзін-өзі басқару төңірегіндегі ұйымдастыру
және экономикалық шешімдерде үлкен әр түрлілік бар. Еуропада жергілікті
өзін-өзі басқарудың екі негізгі үлгісі қалыптасты деседі. Олар агнлосаксон
және континенталды болып бүкіл әлем бойынша таралған.
1. Англосаксон үлгісі осындай құқықтық жүйесі бар: Ұлыбритания, АҚШ,
Канада, Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б. елдерде көбіне
таралған.
Оның белгілері:
• жергілікті өзін-өзі басқарудағы автономияның жоғары дәрежесі, ең
алдымен тұрғындар тарапынан бақылау;
• жергілікті жерлерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын бақылайтын
арнайы мемлекеттік өкілдіктің болмауы;
• жергілікті мемлекеттік әкімдіктердің (жергілікті деңгейдегі
мемлекеттік билік органдарының) болмауы.
Мұндағы негізгі қағида ұсынылған өкілеттілік төңірегінде дербес
жұмыс жасау (Ұлыбританияда өкілеттіктер мемлекеттің парламенті, яғни
орталықтан, ал АҚШ-та штаттары, яғни өңірлік деңгейде ұсынылады). Сайланған
жергілікті өзін-өзі басқару органдары заң аясында, дәстүрден шықпай,
қалыптасқан тәжірибе, ықтимал соттық шешім негізінде дербес және өз
жауапкершілігіне ала отырып, мемлекет құзыретіне жатпайтын мәселелерді
шешеді.
Мемлекеттік реттеу жанама формада, мысалы, жергілікті өзін-өзі
басқару органдары өз аумағында өзгерістер ендіре алатын модельді заңдарды
қабылдау арқылы іске аса алады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын мемлекеттік бақылау сот бақылау
формасында атқарылады. Ықпал ету құралы – мемлекеттік демеу қаржылар.
2. Континенттік үлгі Еуропаның континенттік елдерінде (Франция, Италия,
Испания, Белгия) және Латын Америкасы, Таяу Шығыс, франкотілді Африка
елдерінде кең таралған.
Оның белгілері:
• жергілікті өзін-өзі басқару мен жергілікті әкімдіктердің (жергілікті
деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының) үйлесімі;
• басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару жоғары тұрған
мемлекеттік жүйеге қарағанда ең төменгі сатыдан табылар белгілі бір
сатылық;
• жергілікті өзін-өзі басқарудағы шектелген автономия; жергілікті
жерлерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын бақылайтын арнайы
мемлекеттік өкілдіктің болуы.
Осы ретте, жергілікті өзін-өзі басқару коммуналар деңгейінде
қарастырылған, ал ауқымды кантондар мен округтер мемлекеттік биліктің
жергілікті деңгейі ретінде қабылданатын, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі
басқару элементтері өңірлер деңгейінде мемлекеттік билікті толығымен
ауыстыра алу үшін департамент деңгейінде қайта пайдаланылатын Франция елін
айқын мысал етуге болады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудағы негізгі буын коммуналар. Әрбір
коммунаның өз өкілетті органы – кеңес пен кеңес депутаттары арасынан
сайланатын мэрі бар. Мэр және тұрақты негізде жұмыс жасайтын муниципалдық
кеңестің депутаттары муниципалитетті құрайды. Сонымен қатар, мэр
мемлекеттік қызметші болып табылады.
Мэрдің қызметі муниципалдық кеңес және республикалық комиссардың
әкімшілік бақылауы арқылы жүзеге асырылады. Республикалық комиссар сондай-
ақ, коммуна қабылдайтын шешімдердің заңдылығын бақылайды және қажет
жағдайда оның күшін жою туралы сотқа шағымданады (яғни, муниципалды кеңеске
әкімшілік бақылау принціпі жүрмейді).
Барлық муниципалды жүйелерге демократиялық шарттарда даму, жергілікті
өзін-өзі басқарудың түрлі формаларын сақтау және дамыту сияқты мазмұнды
белгілер тән. Бұл әр түрлі аумақ тұрғындарының бірыңғай өмір сүру деңгейіне
ерекше назар аударатын елдер үшін әділетті болмақ. Мысалы, Германияда
коммуналдық құқық –жерлердің ерекше құзыреттілігі ретінде саналып, жер
Коммуналдық Конституциялары арасында көптеген айырмашылықтары бар.
Мемлекетте жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың төрті үлгісі
бар:
1. мықты мэр – жергілікті мәселелермен де, мемлекеттік өкілеттіктердің
орындалуымен де айналысады (француздық үлгі);
2. мықты магистрат – депутаттар жиналысында сайланады және атқарушы
билікті алқалы түрде жүзеге асырады (солтүстікгермандық үлгі);
3. мықты директор – атқарушы билік басшысы, коммуналдық кеңес сайлайды
бургомистр негізінен өкілеттілік функцияларды атқарады (англосаксондық
үлгі);
4. мықты кеңес – қауымдастықтың ең жоғарғы билік органы болып
табылады, бургомистр кеңестің және бір уақытта атқарушы биліктің төрағасы
қызметін атқарады (оңтүстікгерманиялық үлгі);
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын бірыңғайлауға байланысты
Германияда бірнеше мәрте талпыныстар болған, бірақ тиімсіз ретінде танылды.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың есеп нүктесі.
Жалпы, Еуропада жергілікті өзін-өзі басқару солтүстік – оңтүстік осі
бойынша танылуда. Скандинав елдері автономиялы жергілікті өзін-өзі
басқарудың жоғары деңгейімен, ал Оңтүстік Еуропа елдері төмен деңгейімен
ерекшеленеді.
Адольф Гессер өзінің Еркін муниципалитеттердің құрылуы Еуропаны
құтқару ретінде кітабында жергілікті өзін-өзі басқарудың даму деңгейін
қоғамдық бостандық пен мемлекеттіліктің дамуымен байланыстырып, оның
ішінде:
ежелгі-еркін дәстүрлі жоғары деңгейлі азаматтар бостандығы бар, яғни
монархиялы-бюрократиялық орталықтандыруға қарсы иммунитеті қалыптасқан
елдер (Ұлыбритания, Солтүстік Еуропа мемлекеттері, Нидерланды, Швейцария,
Еуропадан тыс – АҚШ) және жоғары биліктің либералды мемлекеттері, яғни
бюрократиялық аппараттың жалпы қарамағы негізінде құрылған және жергілікті
деңгейде өз жауапкершілігіне ала отырып, басқаруға мейлінше аз мүмкіндік
береді (Испания, Франция, Италия және Германия).
Алғашқы топтағы елдерді топтастырудағы есептеу нүктесі жергілікті
қауымдастық, ал екіншілері үшін – мемлекет болып табылады. Мысалы, XIX
ғасырда Белгияның заң шығарушылары: қауымдастық мемлекеттен жоғары тұрады,
заң оны табады, құрмайды деген тезисті қорғайтын. Франция үшін керісінше,
мемлекеттің үстемдік етуі, яғни заң қауымдастық құра алу мүмкіндігі
неғұрлым әділ болмақ.
Бірінші топтағы мемлекеттер арасында қауымдастықтың үздіктері
жергілікті өзін-өзі басқаруға ықпал ету мен бақылауға азаматтарының ерекше
назар аударуымен анықталады.
Финляндияда азаматтардың демократиялық құқықтары жергілікті өзін-өзі
басқару туралы заң арқылы жүзеге асырылады. Ол 105 баптан, оның ішінде 6-уы
азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға тікелей қатысу құқықтары туралы
және 13-і азаматтардың муниципалитет шешіммен келіспеуі немесе оған
шағымдануға байланысты құқықтар. Заңда муниципалитеттің азаматтарды өз
қызметі жайында ақпараттандыруы тиіс ережелері бар. Азаматтар жергілікті
маңызы бар кез-келген мәселелер бойынша өзі жеке пікірін білдіре алады. Бұл
ретте, заң жергілікті өзін-өзі басқару органдарына азаматтардың жеке
бастамаларын қарау жөнінде міндеттер жүктейді. Скандинавия мен Дания
мемлекеттерінде азаматтардың арыз-шағымдарын қарау муниципалитеттердің
маңызды әкімшілік жұмысы болып табылады. Мұндай шағымдар қарапайым соттық
талаптардан өзгешеленеді және арнайы әкімшілік соттарда қарастырылады.
Онысы әрі тез, арзан, негізді болады.
Екінші топтағы мемлекеттер де белсенді азаматтар муниципалитет бағы
деп есептейді, алайда мемлекеттік бақылауға ерекше назар аударады.
Германияда округтік басқарма бастығы — жер ауданның жетекшісі, аудандық
басқарудағы қауымдастықтарға жалпы және құқықтық бақылауды жүзеге асырады,
округ әкімшілігі аудандық емес қалаларға құқықтық бақылау жүргізеді,
сонымен қатар, аудандық басқарудағы қауымдастықтар үшін жоғарғы орган
ретінде саналады. Федералды жерлердің ішкі істер министрлігі аудандық және
ауданнан тыс қалаларға бақылау жүргізді. Мемлекеттік қаржылық бақылауға
қатысты ерекше нормалар бар. Әр муниципалитеттің бюджеті ол игерілемін
дегенше мұқият мемлекеттік бақылаудан өткізілетін. Әсіресе, кіріс пен
шығыстың үйлесімі және арнайы бюджеттік процедура келісімі шеңберінде
бекітілуі тиіс еді.
Тоталитарлық жүйе құрсауынан күні кеше ғана шыққан еліміз алғашқы
мезеттен бастап-ақ демократиялық мемлекет құруды жария еткен болатын.
Тоталитарлық жүйеден мұра болып қалған билік институттары жаңа жағдайға
байланысты реформалауды қажет етті. Сонымен қатар, коммунистік партияның 70
жылдық басшылығы кезінде тұншықтырылған, тіпті жойылған демократияның
бірсыпыра институттарын қайта орнату мәселесі туындады. Бұл қатарда
жергілікті өзін-өзі басқару институтын енгізудің маңыздылығы өте жоғары
еді. Демократиялық елдер өмірінің ажырамас бейнесіне айналған жергілікті
өзін-өзі басқару жүйесін біздің қоғамның аяғына нық тұрып кетуінің және
қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз етудің тиімді
құралына айналдыру уақытты созғанды қаламады.
Соған қарамастан, төменнен басталған өзіндік ұйымдасудың алғашқы
қадамдарына ел басшылығы немқұрайлылық танытты. Ал билік вертикалін
қатаңдатуға бағытталған іс-шаралар елдің қай бағытта дамитындығын
айқындағандай болды. Дегенмен, Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кеңінен
тартылуы жүйеге демократиялық рең беруді ел басшылығының алдына қойды.
Жергілікті өзін-өзі басқару жаңа конституциямызда орын алған соң, ол туралы
арнайы заңды қабылдау күн тәртібіне шықты. Бірнеше заң жобалары
дайындалғанымен, барлығы Парламенттен өте алмады. Арнайы заңды жақын арада
қабылдау қиындай түскендіктен, бұл мәселені конституциялық өзгерістер
арқылы ғана шешуге болатын еді. Нәтижесінде 2007 жылғы конституциялық
өзгерістерге сәйкес мәслихаттар мен әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару
институты болып табылатындығы бекітілді. Әрине, бұл өзгерістер өз кезегінде
аталмыш сала бойынша бірсыпыра заңнамалық актілерге де өзгерістер әкелді.
Бұл өзгерістер еліміздегі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің мазмұндық
сипатына айтарлықтай әсер етпегенімен, оның белгілі бір құрылымды иеленуіне
әкелді. Тиісті елді-мекен тұрғындарының өз мәселелерін шешудегі дербестігі
толық қамтамасыз етілмегенімен, бұл қадамды келешектегі үлкен өзгерістердің
басы деп есептеуден басқа амалымыз қалмайды.
Біздің жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру үшін
оның тиімді құрылымдық үлгісін таңдау бірден-бір шешім болмақ. Осы ретте
жергілікті өзін-өзі басқару құрылымының негізгі үлгілерін қарастырып, соның
негізінде еліміздегі қазіргі құрылымды салыстыра сипаттау үлкен назар
аудартады.
Басты айырмашылықтарына байланысты нақты бір мемлекеттегі
жергілікті өзін-өзі басқару құрылымының негізгі төрт үлгінің біріне
тиістілігі туралы айтуымызға болады. Ол үлгілер мыналар:
1) Кеңес – комитеттер жүйесі үлгісі;
2) Басқарушы (атқарушы) комитет үлгісі;
3) Кеңес – менеджер үлгісі;
4) Күшті мэр үлгісі.
Кеңес – комитеттер жүйесі үлгісі. Кеңестің әр түрлі бағыттағы
әрекеті ең алдымен, өкілдік етілген құзыреттердің маңызды бөлігіне ие кеңес
комитеттерімен жүзеге асырылады. Атқарушы биліктің жалғыз күшті саяси
басшысы болмайды. Бас басқарушы ақы төленетін шенеунік аппаратының басшысы,
тек теңдердің арасындағы бірінші, менеджер болып табылады және толықтай
кеңеске тәуелді. Әдетте бұл нұсқада кеңестің күшті саяси комитеті, қаржы
комитеті және жоғарғы шенеуніктерден тұратын әкімшілік басқару тобы болады.
Басқарушы (атқарушы) комитет үлгісі. Кеңес атқарушы биліктің
ұжымдық басшысы ретінде қызмет ететін кішігірім басқарушы (атқарушы)
комитетін тағайындайды. Комитет мүшелері белгілі бір департаменттер мен
қызметтер үшін атқарушылық жауапкершілікке ие болуы мүмкін. Егер қандай да
бір комитеттер болса, онда олар атқарушы болып табылмайды. Олар басқарушы
комитетке және жалпы кеңеске тек кеңес беру қызметін атқарады. Басқарушы
комитет әкімшілік басшысының тұрақты қолдауымен әрекет етеді. Және де
аталмыш нұсқада әкімшілік басшысы шенеуніктерге үлкен құзыреттердің өкілдік
етілуімен қатар күшті билік құзыретіне ие.
Сонымен қатар бұл үлгіге кеңес – комитеттер жүйесі үлгісінде
де бар кемшіліктер тән болады. Өйткені саяси қабілеттер мен департаментті,
нақты қызметті басқару қабілеті әрдайым бір адамға тән емес. Осыдан көп
жағдайда менеджерлік қателіктер орын алады.
Кеңес – менеджер үлгісі. Тұрғындармен сайланатын әрі мэрмен
немесе төрағамен басқарылатын кеңес формальды түрде заң шығарушылық, саяси
және жалпылама билікке ие бола отырып, азаматтар алдында қалалық басқарудың
барлық аспектілеріне жауап береді. Алайда, ол отырыстарды жиі өткізбейді
және бюджетті бекітумен, негізгі саяси басымдықтарды анықтаумен және т.б.
ғана шектеледі. Кеңес комитеттері тек кеңес беру сипатына ие (мысалы, заң
шығару бойынша, бюджет бойынша). Кеңес куратор ретінде кең өкілдік етілген
атқарушылық құзыреттерге ие кәсіби менеджерді тағайындайды. Бұл кең өкілдік
етілген атқарушылық құзыреттерге ие куратор жүйесі болып табылады. Бұл жүйе
және кеңес – комитеттер жүйесі үлгісі бір-біріне айтарлықтай ұқсас болу
үстінде. Аталмыш үлгінің кейбір модификациялары менеджердің тағайындалуы
(орнынан түсірілуі) орталықтың бақылауында болуымен сипатталуы мүмкін және
де оның қызметтері тиісті заңнамамен анықталып, ал кеңес мүшелеріне
ақпаратты алуға және атқарушы биліктің кейбір шешімдерін қайта қарастыруға
айрықша құқықтар берілуі мүмкін.
Күшті мэр үлгісі. Мэр атқарушы билік басшысы ретінде не
кеңеспен, не кеңестен бөлек барлық тұрғындардың тікелей дауыс беруімен
сайланады. Кеңес заң шығару билігіне, кеңесушілік қызметтерге ие, сонымен
қоса бюджетті бекітуде шешуші роль атқарады. Кеңес отырыстары, оның
қызметтері және комитеттері кеңес – менеджер үлгісіндегі бар нәрселерге
сәйкес келеді. Соған қарамастан, мэр айтарлықтай, нақты көрсетілген
құзыреттерге ие (мысалы, кадрлық тағайындаулар бойынша) және кеңестің
тікелей бақылауына жатпайды. Бұл үлгінің бір модификациясына орталықтың
мэрді орнынан алып тастау құқығының болуы жатады.
Ендігі кезекте елімізде жүргізілген соңғы заңнамалық
өзгерістерге сәйкес қалыптасқан өзін-өзі басқару құрылымының қазақстандық
үлгісін жоғарыда аталған жүйелерге сүйене отырып қарастырайық.
Қазақстандық үлгі деп атаудың өзі кездейсоқ емес. Өйткені
елімізде қалыптасып жатқан өзін-өзі басқарудың құрылымы белгілі төрт
үлгінің ешқайсысына жатпайды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
санатына мәслихатпен қатар әкімдердің енгізілуі ерекше жағдайды
қалыптастырды. Мәслихат тиісті аумақ тұрғындарымен сайланатын өкілдік
органы болып табылса да, жоғарыдағы үлгілердегі кеңестерге қарағанда
жергілікті атқарушы биліктің жасақталуына ықпал жасауы төмен. Себебі
әкімдер жергілікті тұрғындардың қызығушылықтарын жүзеге асырумен қатар
жалпымемлекеттік қызметтердің орындалуына жауапты тұлға болып табылады.
Соған байланысты қазақстандық үлгіде Президент те жергілікті өзін-өзі
басқару құрылымына кірістірілген (облыс (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) әкімін облыс (республикалық маңызы бар қала және астана)
мәслихатының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке
тағайындайды).
Мәслихат депутаттарына заң бойынша әкімдердің шешімдеріне ықпал
етуге кең мүмкіндіктер берілгенімен, олардың жоғары тұрған әкімдер мен
Президенттің араласуларынан тиісті дәрежеде қорғалмағандығын байқауымызға
болады. Бұл мәселе өз шешімін барлық деңгейдегі әкімдердің мәслихатпен
немесе тікелей тұрғындармен сайлану жағдайында табуы мүмкін. Ал қазіргі
таңда аудандық деңгейден төменгі әкімшілік-аумақтық бірліктерде өкілдік
органдарының болмауы жағдайында аталмыш аумақ әкімдерінің тұрғындармен
тікелей сайлануын енгізу жоғарыда айтылған бағыттағы алғашқы қадам болмақ.
Айтылған ұсыныстар іске асатын болса, қазақстандық үлгінің күшті мэр
үлгісіне трансформациялануы орын алуы мүмкін. Дегенмен, атқарушы комитет
үлгісі де біздің шындыққа жақынырақ болмақ.
Қорытындылай келсек, Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың
қазіргі кездегі дамуы оның алғашқы сатыдан әрі қарай айтарлықтай қозғала
қоймағандығын аңғартады. Сол себепті Қазақстанда шынайы жергілікті өзін-өзі
басқару институты қалыптаса қойған жоқ. Оның басты себептері мыналар:
1)билік басындағылардың жергілікті өзін-өзі басқаруға деген немқұрайлы
қатынасы;
2) жергілікті өзін-өзі басқару институтының тұрғындардың мәселелерін
шешудің тиімді құралынан гөрі билікке демократиялық бейне жасаудың
құралына айналуы;
3) тұрғындардың өзіндік ұйымдасу дағдысының толықтай өмір шындығына
айналмауы.
Сонымен қатар Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруда
жүйелік пен кешенділіктің жоқтығы саяси өмір шындығына айналып отыр. Ал
жергілікті өзін-өзі басқарудың конституциялық мәртебесінде екі жақты
пайымдауларға жол берілуде. Конституциялық мәртебенің шикілігі жергілікті
өзін-өзі басқару туралы арнайы заңның жоқтығымен қосылғанда аталмыш сала
бойынша мәселелердің үлкен шоғырын қалыптастырды. Мәслихаттар мен
әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару органдары ретінде мойындалуы тек
мәртебе тұрғысынан өзгерістер әкелді. Құзыреттердің конфигурациясына
айтарлықтай әсер етпеді. Әкімдер қос қызметтілік жағдайында халық еркінен
дербес болып қалуда. Сонымен қатар мәслихаттар мен әкімдер қызметтері жаңа
жағдайда жіті талқылаудан өтпеді. Мәслихаттардың сайлануы мен әкімдердің
тағайындалуында айтарлықтай өзгерістер болмады. Жергілікті өзін-өзі басқару
органдары міндеттерінің нақтыланбауы да ахуалды күрделендіріп отыр.
2.1 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы
жағдайы
ЖІӨ өндірісі. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жедел
деректері бойынша 2011 жылғы қаңтар-маусымда ЖІӨ өндірісі 7,1%-ға өсті.
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚЭИ) 2011 жылғы қаңтар-тамызда 2010
жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 106,1%-ды құрады.
Экономиканың нақты секторы. 2011 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің
көлемі 10 235,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы қаңтар-тамызбен
салыстырғанда 4,6%-ға көп. 2011 жылғы қаңтар-тамызда кен өндіру
өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда нақты көлем индексі 102,7% құрады.
Көмір және лигнитті (107,8%), табиға газды (105,3%), темір кенін (102,8%),
шикі мұнайды (101,4%) өндіру өсті.
Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 7,4%-ға өсу болды.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондициялау 7,2%-ға өсті.
Сумен жабдықтау 0,8%-ға төмендеді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2011 жылғы қаңтар- тамызда 756,0
млрд. теңгені құрап, 2010 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 0,1%-ға
ұлғайды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2011 жылғықаңтар-тамызда 2010 жылғы қаңтар-
тамызбен салыстырғанда 2,7%-ға өсті.
2011 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының көлемі 271,0 млрд. ткм
(комерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен
кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалау есебімен) құрап, 2010 жылғы
тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға өсті.
2010 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда жолаушылар айналымы 25,4%-ға
артып, 113,2 млрд. жкм құрады.
Байланыс қызметі 2011 жылғы қаңтар-тамызда 17,5%-ға өсті.
2011 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда тауар айналымы 2 245,4 млрд. теңгені
құрап, 2010 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 13,0%-ға өсті.
Есепті кезеңде көтерме сауда тауар айналымы 6 044,6 млрд. теңгені құрап,
2010 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 16,0% ұлғайды.
Негiзгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемi 2011 жылғы қаңтар-
тамызда 2 771,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы қаңтар-тамызбен
салыстырғанда 0,9%-ға көп.
Ресей және Беларусь елдерімен өзара сауданы есепке ала отырып Қазақстанның
сыртқы сауда айналымы 2011 жылғы қаңтар-шілдеде 71,5 млрд. АҚШ долл. құрап,
2010 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 41,1%-ға өсті, оның ішінде экспорт
– 50,0 млрд. АҚШ долл. (44,0%-ға ұлғайды), импорт – 21,5 млрд. АҚШ долл.
(34,6%-ға ұлғайды).
Тұтыну бағаларының индексі 2011 жылғы тамызда 2010 жылдың желтоқсанына
қарағанда 105,9%-ды, оның ішінде: азық-түлік тауарлары 8,1%-ға, азық-түлік
емес тауарларына баға – 3,6%-ға және ақылы қызметтерге 5,4%-ға өсті.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші-кәсіпорындар бағалары 2011 жылғы тамызда 2010
жылғы желтоқсанға қарағанда 28,3%-ға өсті.
Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша 2011 жылғы қаңтар-тамызда Brent
маркалы мұнайдың әлемдік бағасы бір баррелі үшін 111,6 АҚШ долларын құрады
(2010 жылғы қаңтар-тамызда 77,2 АҚШ долл).
Еңбек нарығы. 2011 жылғы тамызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 461,2 мың
адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 5,3%-
ына жетті. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер
саны 2011 жылғы тамыздың соңына 73,5 мың адамды құрады немесе экономикалық
белсенді халық санының 0,7%-ын құрады. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау
бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,5%-ын құрады.
Халықтың табысы. 2011 жылғы қаңтар-шілдеде халықтың орташа жан басына
шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 304,1 мың теңгені
құрады. Өсім 2010 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда атаулы ақшалай
табыстар үшін 13,0%-ды, нақты ақшалай табыстар үшін – 4,1%-ды құрады.
2011 жылғы қаңтар-шілдеде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы
жалақы 84,2 мың теңгені құрады. Өсім 2010 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда
13,6%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 2010 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда
4,7%-ға өсті.
Ақша-кредит және банк статистикасы. Ұлттық қордың валюталық активтерін қоса
алғанда (40,3 млрд. долл.) елдің халықаралық резервтері 2011 жылғы 1
қыркүйектегі жағдай бойынша 76,4 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл 2010 жылғы 1
қыркүйектегі жағдайдан 38,2% артық.
ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің экономика
салаларына салған кредиттік салымдары 2011 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
8 184,3 млрд. теңгені құрады және бұл 2010 жылдың 1 тамызынан 9,8%-ға көп.
Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 2011 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
8 507,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың 1 тамызынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz