Банктік тәуекелді басқару


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1 Бағалы қағаздар нарығы және ондағы коммерциялық банктердің менеджменті мен маркетингісінің мәні

1. 1 Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің менеджментінің маңызы мен рөлі . . . 5

1. 2 Банкілік маркетинг мәні мен ерекшелігі . . . 11

2 Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктерідң маркетингі мен менеджментін «Халық Банкі» АҚ мысалында талдау

2. 1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның басқару жүйесін сипаттау және бағалау . . . 19

2. 2 Бағалы қағаздар нарығындағы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның менеджментін талдау . . . 22

3 Банктердің бағалы қағаздар нарығындағы даму перспективалары және банктік менеджмент пен маркетингті жетілдіру жолдары

3. 1 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығында банк менеджменті мен маркетингін жүргізудің мәселелері мен жетілдіру жолдары . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 40

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі еліміздің нарықтық экономикаға өтіп, қаржы нарығының, оның ішінде банктер қызметінің бүгінгі әлемдік стандарттарға сай дамып келе жатқандығына байланысты, олардың қызметтерін дамытудың негізі банктік қызметтегі маркетинг пен менеджменттің әрекетіне тікелей байланысты болады.

Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің экономикаға тигізетін әсері зор. Олар нарықтық қатынастарды дамыта отырып, мемлекеттің экономикасын дамытады және жандандырады.

Сондықтан коммерциялық банктер менеджменті бүкіл банктің дамуын, оның болашақтағы табысы мен алатын орнына қатысы бар.

Дамыған елдерде банктік менеджментті өндірістің тиімділігін көтерудегі маңызды факторларға жатқызады.

Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарламамен қатар, олардың менеджменттік, маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Жалпы айтқанда, «менеджмент» ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі. Осыған байланысты банктік менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының қызметтерін ұйымдастыру мен басқару жүйесін білдіреді.

Қазақстан Республикасындағы банк секторының дамуы нарықтық механизмінің ең табысты және тұрақты элементтерінің бірі болып табылады. Біздің банк жүйеміз ТМД елдерінің ішінен алдыңғы қатарлы деп саналып, Ресейдің банк жүйесінен кейбір көрсеткіштер бойынша алға шықты. Сондықтан банк менеджментінің проблемаларын ашып көрсету өзекті болып саналады.

Банктің маркетингі мен менеджменті басқарудың ерекше ортасы ретінде тек дамыған нарықтық экономика жағдайында ғана пайда болады. Банк операцияларының өркениетті елдерде қабылданған деңгейге дейін жетуі келесі қызметтердің болуымен сипатталады: бағалы қағаздармен, несиелік карточкалармен, валютамен жүргізілетін операциялар, басқа банктер мен коммерциялық құрылымдардың акцияларын тарату мен үнемдеуге көмектесу, клиенттерге олардың қаражаттарын рационалды түрде салуға, инвестициялық жобаны бағалауға көмектесу, лизинг, факторинг басқа да қызметтер. Нарықтық экономика жағдайында несиелік мекемелер арасындағы қаржылық нарықтағы нақты бәсекеге негізделген, кәсіпорындарды мемлекеттік қаржыландыруға көшетін, инфляцияға әкелетін, нақты инвестициялық жобалар мен бизнес - жоспарларды нарықтық механизммен қамтамасыз ету, жаңа тауар массасын құруға көзделген банк менеджментісіз болуы мүмкін емес.

18 жыл ішінде егеменді Қазақстан терең экономикалық дағдарысты және сонымен байланысты халықтың өмір сүру деңгейін елеулі төмендететін барлық қызметтер мен тауарлар бағаларының күрт өсуін, бұрын байқалмаған жұмыссыздықты басынан кешірді.

Бүгінгі таңда көптеген қиыншылықтар артта қалды» деп қанағатпен айтуға болады. Реформалардың таңдалған бағыттарын тұрақты сақтаудың нәтижесінде дағдарыс бағындырылды. Соңғы жылдарда өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтық өндіріс көлемінің өсуі байқалды; жекеленген кәсіпорындар өздерінің өндірістік күш - қуатын қайтадан қалыптастыруда; шағын және орта бизнес дамуда; басқа да өмірлік маңызы бар орталарда жұмыстар жақсартылуда. Осыған байланысты төлем балансының оң сальдосына қолымыз жетті, инфляция деңгейі біршама төмендеді, ұлттық валюта - теңгенің бағамы тұрақталынды, мемлекеттің қаржылық жағдайы жақсарды. Нарықтық инфрақұрылым жетілдірілгендіктен ақша - несие операцияларында, банктік жүйесінде банк менеджментінің қажеттілігі артты.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты болып дамудың қазіргі кезеңінде банк менеджментінің дамуын көрсету болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қарастырылады:

  • Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің менеджменті мен маркетингісінің маңыздылығы мен мәніне тоқталу;
  • банк маркетингі мен менеджментінің түсінігін қарастыру;
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында банк менеджментін талдау және бағалау;
  • Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы банк менеджменті мен маркетингін жүргізудің мәселелері мен жетілдіру жолдарына тоқталу болып табылады.

Жұмыстың обьектісі - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

Курстық жұмыс құрылымы келесідей: бірінші бөлімде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің маркетингі мен менджментінің мәні мен ерекшеліктері қарастырылады.

Екінші бөлімде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның банк менджментінің ұйымдастырылуы мен банктік маркетингтік саясаты туралы баяндалады.

Үшінші бөлімде банк бағалы қағаздар нарығындағы маркетингі мен менджментін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қарастырылды.

1 Бағалы қағаздар нарығы және ондағы коммерциялық банктердің менеджменті мен маркетингісінің мәні

1. 1 Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің менеджментінің маңызы мен рөлі

Дамыған елдерде банктік менеджментті өндірістің тиімділігін көтерудегі маңызды факторларға жатқызады.

Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарламамен қатар, олардың менеджменттік, маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Тікелей айтқанда, «менеджмент» ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі. Осыған байланысты банктік менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының қызметтерін ұйымдастыру және басқару жүйесін білдіреді.

Банк менеджментінің негізгі мақсаты басқарудың ең оңтайлы жүйесін қолданып, пайда табу. Бірақ, бұл банк менеджментінің жалғыз ғана мақсаты болуға тиіс емес. Пайда табуға тырысумен қатар, менеджмент қоғамдық тұтыну қажеттігін қанағаттандыруға тырысуы керек. Бұл банктің халыққа керекті тауарларды өндіру және қызметтерді көбейтуге көмек көрсетуі керек деген сөз.

Банктік менеджменттің басты бағыты - банктердің активтері мен пассивтерін, оның меншікті қаржысын басқару және де банк қызметіндегі қауіптерді азайту болып табылады. Соңғы айтылған сөйлемнің маңызы зор. Өйткені, қауіп банктің қызметімен әрқашан да қатар жүреді. Жоғарғы деңгейде пайда табу, әрқашан да, жоғарғы деңгейде тәуекелдікпен байланысты. Көп пайда табудың мүмкіншілігі өскен сайын, қауіптілік те өседі. Банк менеджменті осындай жағдайда қауіп пен пайданың өзара қатынасының ең оңтайлысын табу керек.

Банк менеджментінің негізін қалаушы жағдай - алға қойған мақсатын анықтау және де оған жетудің керекті құралын дұрыс сайлау. [4, 89 б. ]

Банк менеджменті банктік сферадағы персоналды басқару мен банк ісін басқарудың ғылыми жүйесін білдіреді. Ол банк ісін жүргізгендегі тәжірибелі ғылыми басқарудың әдістеріне негізделген. (Кесте - 1)

Банк менеджментінің құрамы ағымдық және перспективті жоспарлауды, талдау, реттеу және бақылаудан тұрады.

Жоспарлау арқылы банктер перспективаға мақсат, сфера, масштаб және қызметтің нәтижелерін құрайды, оларды құралу көздермен және шығындармен өлшейді, салыстырады. Бұлардың бәрі қызметкердің жұмыс істейтін шекарасын анықтайтын ағымды және перспективті жоспар-болжауларды құрудың көмегімен іске асырады.

Талдау банктің қызметтерін жалпы және жеке бағыттар бойынша бағалау үшін өткізіледі. Ол нақты орындалған нәтижелерді болжанған нәтижелермен салыстыру арқылы іске асырады. Талдаудың материалдары банктің дамуындағы кері және оң тенденцияларын, қолданбаған резервтерді, жоспардағы жетіспеушіліктерді және шешім қабылданғандағы дұрыс емес шешімдерді шығаруды көрсетеді.

Белгілі ракурста өткізілген баланстың мәндерінің талдауы банктің жиынтық аналитикалық жұмыстардың негізін құрайды. Талдаудың басты бағыттары келесілер болып табылады:

- Банк қызметтерінің көлемді көрсеткіштерінің динамикасын бағалау. Оған активтер, депозиттер, банктің меншікті капиталы, несиелер, пайда жатады. Бұл бағалау басқа банктердің аналогтық көрсеткіштерімен салыстыру арқылы өткізіледі. Ол қазақстандық коммерциялық банктердің жүйесінде осы банктің қай орнын алатынын көруге мүмкіндік береді. Осындай аналитикалық жұмыстардың нәтижесі нақты банктің даму стратегиясын дайындауға көмек береді;

- Ресурстық базаны бағалау: көлемі, құрылымы және оның құрамды бөліктерінің дамуының негізгі тенденциялары (меншікті капитал, депозиттер, банкаралық несие) . Талдау банк ресурстарының жеке баптарын жіктеу, құрылымдық көрсеткіштерді есептеу, оларды динамикада және басқа банктердің көрсеткіштерімен салыстыру негізінде жүзеге асырылады. Ресурстық базаны бағалау банктің депозиттік саясатын жасау үшін қолданады;

- Банктің өтімділігін бағалау қаржылық коэффициенттерді есептеу негізінде, оларды динамикада критериалды деңгейлермен салыстыру, көрсеткіштердің деңгейінің өзгеруіне әсер еткен факторларды көру үшін жасалынады. Талдаудың материалы өтімділікті басқару ауданында банктің стратегиясын және тактикасын анықтауға көмек береді;

- Банктің табыстылығын бағалау баланстың мағлұматтарын бағалау және пайда мен шығындардың есептемесі негізінде іске асырылады. Талдау кезінде банктің пайдалылығы мен табыстылығын білдіретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жүйесі, активті қолдану тиімділігі, банктің табысы мен шығысының құрылымы есептелінеді. Осы талдаудың негізінде банктің пайдалылылығын басқару механизмі жасалынады;

Жиынтық аналитикалық көрсеткіштердің бағыттарымен қатар коммерциялық банктер жеке бағыттар бойынша банктің несиелік портфелін талдау, бағалы қағаздар портфелін талдау, клиенттің несиелік қабілетін талдау, меншікті капиталдың жеткіліктілігін талдау және т. б. аналитикалық жұмыстар жүзеге асырылады. Көрсетілген аналитикалық жұмыстардың материалдары банк тәуекелін басқару облысында саясатты жасау үшін қолданылады. [5, 154 б. ]

Банк менеджмент жүйесіндегі реттеу коммерциялық банктерді мемлекеттік қадағалаумен берілген шарттардың ерекшелігімен анықталынады. Банк қызметі «өзге» ақшаларды қамтып, тәуекелі көп болатындықтан мемлекеттік реттеу банкті лицензиялауға қағидалы талаптар қатарын, олардың қызметтерінің сферасын шектеу, капитал жеткіліктілігін, өтімділігін міндетті резервтер құрауын қарастырады.

Осыған байланыста өзін - өзі реттеу жүйесі, яғни банк ішіндегі реттеу бірінші кезекте мемлекеттік қадағалау органдарымен бекітілген міндеттер мен нормативтерді орындауға бағытталады. Банк ішінде реттеу жүйесі келесі дербес бағыттардан тұрады:

- Банктің ұйымдастырушылық құрылымын жаңарту, яғни банктің болашақтағы дамуын қамтамасыз ету үшін ескі бөлімшелерді жаңарту және жаңаларын ашу, мысалы, жоспарлау және маркетинг ревизиондық және аналитикалық қызмет бөлімдері;

- Банктік қызметті басқару сапасын көтеретін шешім қабылдау процедурасын, нұсқаулық және методикалық материалдарды жасаумен жаңарту;

- Нақты қалыптасқан жағдайды еске ала отырып, бантік саясатты жүзеге асырудың әдістері, мақсаттары мен басымдылықтарын дұрыстау;

- Қызметтің жеке бағыттары бойынша тәуекелдің көлемін шектеу бойынша немесе тәуекелден қорғау үшін қосымша кепілді жүйе құрау бойынша нақты өлшемін қабылдау;

- Кадрлық саясатты, персоналды оқыту жүйесін, банкішіндегі бақылауды ұйымдастыруды жаңарту;

Банктік қызметті бақылау ішкі және сыртқы болып 2-ге бөлінеді:

Сыртқы бақылау Ұлттық Банкпен және сыртқы аудиторлармен жасалынады. Банк ішіндегі бақылауды банк ұйымдастырады. Банк ішіндегі бақылау банк менеджментінің бөлігі болып табылады. Оның функцияларын менеджерлер өз өкілеттілігі бойынша және ішкі аудит органдары орындайды. Банктің жұмысындағы жетіспеушілік пен кері тенденцияларын табу үшін құрылатын жедел жүйені құру және оларды жою үшін әрекет жасау банк ішіндегі бақылаудың басты мақсаты болып табылады.

Сыртқы және ішкі бақылаудың арақатынасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік актілері мен заңдылықтарын, банкаралық ережелерді, сыртқы бақылаушы органдардың жазылымдарын орындаудан тұрады. [6, 83 б. ]

Банк менеджментінің құрамы басқару сферасының жұмысында нақты көрініс табады. Банк менеджментінің сферасы 2 блоктан тұрады: қаржылық менеджмент және персоналды басқару.

Қаржылық менеджмент ақшалай өнімдердің қозғалысын басқарудан, нақты банктің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оны құралудан және орналастырудан тұрады. Қаржылық менеджменттің негізгі бағыттары келесілер болып табылады:

  • Банк қызметінің жеке сфералары бойынша нақты банктік саясатты жасау (депозиттер, несиелер, қызмет көрсетулер, инвестициялар және т. б. ) ;
  • Банктік маркетинг;
  • Активті басқару;
  • Пассивті басқару;
  • Өтімділікті басқару;
  • Табыстылықты басқару;
  • Меншікті капиталды басқару;
  • Несиелік портфелдерді басқару;
  • Банктік тәуекелді басқару.

Бірыңғай банктік жүйе шегінде банк процедурасын ұйымдастыру мен экономикалық үдерістерді басқарудың біркелкілік технологиясының болмауы қаржылық менеджменттің ерекшелігі болып табылады. Әр банк ақша нарығында өзінің жеке стратегиясын және тактикасын жасайды; тұрақты өзгеріп тұратын экономикалық жағдай банк ісін жүргізудегі қалыптасқан әдістерді жаңарту мен түзетуді талап етеді.

Банк менеджментінің екінші сферасы - персоналды басқару банк қызметкерлерінің тәжірибесіне және білімді оңтайлы пайдалануға бағытталынады. Ол еңбекті мотивациялаудан, кадрларды орналастырудан, қызметкерлердің еңбегін ұйымдастырудан, кадрларды дайындау мен қайта дайындау жүйесінен, еңбекті төлеу механизмінен, ынталандыру мен көтермелеу қызметі бойынша көтерілу жүйесінен, бақылау ұйымынан, ұйымда араласу қағидаларынан тұрады. Персоналды басқарудың ғылыми негізі болып психология және іскерлік этика табылады, олардың көмегімен әр жұмыскерге деген тәсілдемені дифференциациялауға, жұмыс карьерасын жоспарлау мен материалды және моральды ынталандыруды ұйымдастыруға болады.

Шетел тәжірибесінде банкті басқару сапасына үлкен көңіл бөлінеді, себебі оған нақты банктің және жалпы банк жүйесінің сапасы тәуелді.

Көп көңіл дұрыс менеджменттің факторларын табуға бөлінеді, оған басшылық пен қызметкерлердің жеткіліксіз құзірет әсерінен болатын басқару үдерісіндегі техникалық қателер, банкте қалыптасқан қиын қаржылық жағдайларды әрекетті көлегейлеу, есептемені бұрмалау, тікелей алдау мен алаяқтық жатады. Уақытында табылған дұрыс менеджменттің факторларын мемлекеттік құзірет органдары анықтап, осындай банктерге әсер ете алады, тіпті басшылықты жұмыс орнынан босатуға, банкті таратуға дейін барады.

Банк менеджментінің құрамы сонымен бірге банктік ұйымдардың қағидаларын ашады. Банкті ұйымдастыру қағидаларымен оның жұмысын ұйымдастырудың бастапқы жағдайлары, олардың функциялары мен операцияларын орындау түсіндіріледі. [7, 108 б. ]

Функционалдық қағида банкті ұйымдастырудың басты қағидасы болып табылады. Банк ірі несиелік мекеме болып табылатындықтан оның басқару аппараттарында несиелік бөлімшелер болуы керек, өйткені банк қолма-қолсыз есеп айырысумен айналысады, сонымен қатар оның құрамына операцияларды басқару кіреді. Банктің масштабы, функциялары және операциялары банктің басқару жүйесін құрауды анықтайды.

Банкті ұйымдастырудың келесі қағидасы - оның жеке бөлімшелерінің билікті өкілеттерінің иерархиясы. Биліктің 2 эшелоны бар. Бірінші эшелонға банктің Басқармасы мен Кеңесі, тексеру комиссия мен несиелік комитеті жатады. Тексеру комиссия банктің жұмысын басқарудан тұрады. Мысалы, банкте және оның бөлімшелерінде шығыстар сметасын орындау және т. б. Несиелік комитет банктің дербес бөлімшесі болып табылмайды, оның құрамына банк бөлімшесінің лауазымды тұлғасы, сонымен қатар банктің Кеңесімен бекітілген кандидатуралар кіреді. Комитет басқарушылық шешімдердің сапасының жақсаруы мен деңгейінің көтерілуіне жауап береді; несиелік операциялар сферасында стратегияны анықтау несие саясаты үлестіреді және қағидалы сұрақтар бойынша шешім қабылдайды. Комитет өз қызметінде несиелік операцияның дамуының стратегиялық және тактикалық міндеттерін анықтайды, несиелік операцияларды есептеу мен жүргізу бойынша негізгі нормативті-методикалық құжаттарды қарастырады, банктің бөлімшелеріне қаржылай көмек беру туралы, ірі несиені беру туралы шешім қабылдайды, несиелік операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемелердің деңгейін бекітеді.

Президенттік сарапшы кеңесі биліктің бірінші эшелонына жатады, бірақ ешқандай биліктік өкілеттігі жоқ. Оған білімнің әртүрлі салаларының өкілдері кіреді. Сарапшы кеңес экономиканы дамытудың ірі сұрақтары бойынша, банктің және мемлекеттің саясаты бойынша кеңес береді, пропорционалды даму тұжырымдамасын жасағанда іске араласады, ғылыми шара дайындауға, персоналдық квалификациясын жоғарлатуды ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

Банктің бөлімшелерінің бағынышты жүйеде екінші эшелонға банктің клиентіне қызмет көрсететін барлық басқарма мен бөлімшелер және барлық службалар жатады (әкімшілік-шаруашылық бөлім, заңды бөлім, кадрлар бөлімі және т. б. ) .

Банктің жұмысын ұйымдастыру басқа қағидаларға да сәйкес келуі керек - қойылған мақсатқа сәйкес келу қағидасы. Банктің мақсаты өзімізге белгілі максималды пайда табу болып табылады. Сондықтан кез-келген банктің жұмысы, банктің табысы әрқашан шығыстан жоғары болатындай ұйымдастырылуы қажет. Бұл жаңа клиенттерді тартумен, банктік операцияларды орындаумен және т. б. айналысатын басқару аппаратының қызметкерлердің топтарымен жүзеге асырылуы банк үшін сыртқы орта шартын сәйкес және банктің жақсы қызмет істеуін қамтамасыз ететің ұйымдастырушылық құрылымын құру өте маңызды.

Басқарудың оңтайлы қағидасы банктің дамуын қамтамасыз етуін білдіреді. Мысалы, жаңа қызмет көрсетулерді енгізу, нарықты зерттеу, шығындарды қысқарту және т. б.

Банкті ұйымдастыру жүйесі бақылауды ұйымдастыру қағидасына сәйкес келу керек. Мұнда міндетті элементі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің нормаларына сәйкес операцияның заңды орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін ішкі және сыртқы аудит болып табылады. [6, 76 б. ]

Банк бөлімшелерінде ішкі бақылауды қамтамасыз ету қағидасы қызметкерлердің қызметтерін регламенттеу арқылы іске асырады. Ол үшін банктер белгілі нұсқамалары болады. Мысалы, жарғы, бөлімшелер мен службалар туралы ереже, лауазымды нұсқаулықтар. Банктің барлық жұмыстары құжаттарда көрсетілген ережелерді орындауы және өз міндетін орындауы керек.

Сонымен қатар банк несиелік мекемені және тұрақты қамтамасыз етуде шешім қабылдау үшін жедел және жеткілікті ақпараты, оны жаңа тәсілдермен өңдеуі керек.

Менеджменттің негізгі мақсаты - басқарудың ең рационалды жүйесінің жолымен пайда алу.

Банктік менеджменттің белгілі-бір ерекшелігі бар. Банк қоғамның капиталын сақтайды және жұмсайды және иеленушінің алдында клиенттің ақша қаражатының сақталуына жауап береді және сонымен бірге өзінің жеке мүддесімен қатар қоғамның да мүддесін көрсетеді. Бұл байланыс әрқашанда банкке тән болған.

Жеке және коллективті мүдделерінің бірігуі банк менеджментінің құрамында көрінеді және банк менеджментінің мақсатының ерекшелігін анықтайды. Ол келесіден тұрады:

- ақша нарығының шарттарына жауап беретін банктті шаруашылық субьект ретінде рентабельді жұмыспен қамтамасыз ету;

  • банктің балансының өтімділігін банктің сенімді кепілі ретінде қамтамасыз ету, кредитор мен салымшылардың мүдделерін орындау; серіктестік байланыстың тұрақтылығы мен ұзақтылығын қамтамасыз ететін банктің клиенттерге қызмет көрсету көлемінде, құрылымдарында және сапасында туатын қажеттіліктерді максималды қанағаттандыруы; берілген ұжымның өнімдерін, коммерциялық және әлеуметтік мәселелерін табысты шешу; мамандарды дайындау қайта дайындау және орындау жүйесінің тиімділігін жасау, бұл олардың әлеуетті мүмкіндіктерін толық өткізуіне көмек береді. [8, 212 б. ]

Көрсетілген мақсаттар банктік менеджментті сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағытталады.

Банктің қызметінің жалпы нәтижесін бағалау және талдау үшін сандық көрсеткіштер қолданады. Оларға банктің клиенттерінің және олардың шоттарының саны, банкпен көрсетілетін операциялар мен қызметтердің көлемі, депозиттердің, несиелік салымдардың және инвестициялардың көлемі жатады.

Сапалық көрсеткіштерді бірнеше түрге бөлуге болады. Бірінші топ табыс пен шығыс көрсеткіштері көмегімен банктің рентабельділігін басқару жүргізіледі. Айналым құралдарының жылдамдығы, операцияны жүзеге асыруға кететін шығындардың еңбек сиымдылығы, құжаттарды өндірудің жылдамдығы - бұл көрсеткіштер екінші топқа жатады. Үшінші топқа клиенттердің қызмет қөрсету сапасы, құрылымы және көлемі, ақпараттың сақталуы, іскерлік келіссөздердің құпияда сақталуын қамтамасыз ету бойынша сұрауларын қанағаттандыру деңгейінің көрсеткіштері кіреді.

Әлеуметтік көрсеткіштер ұжымның мүшелерінің профессионалды дайындығының дамуынан, олардың еңбекке қатынасынан және әлеуметтік мәселелерді шешу деңгейінен тұрады.

Банк менеджментінің басқа ерекшелігі ақшалай қаражаттың иеленушінің мүддесін қорғау мақсатында банктің қызметін мемлекет тарапынан реттеуімен байланысты. Сондықтан ұйым бойынша басқару жеке шешім қабылдағанда да шекті шекарасы болуы керек.

Банк қызметі басқарушысының ерекшелігі басқару сферасының кеңдігі, ақшалай операцияларды орындауда маңызды тәуекелдің болуы болып табылады. Осы тәуекелге бармау үшін банкте жауапкершілігі жоғары шешімді қабылдағанда коллективті шешім қабылдау қағидасы қолданылады.

Қазіргі замандағы шарттар тек қана өте жақсы экономикалық білімді ғана емес, сонымен қатар психология, құқық, іскерлік этиканың негізін білуді қамтамасыз етуді талап етеді.

Банк менеджментінің құрамының белгілі бір ерекшеліктерінің болуы қызметкерлердің негізгі контингентін әйелдер құрайтындықтан туады. Осыған байланысты ұжымның әлеуметтік мәселелерін шешу, жақсы өндіріс сферасын қамтамасыз ету, даулы жағдайларды туғызбау маңызды орын алады.

1. 2 Банктік маркетинг мәні мен ерекшелігі

Банк маркетингісі - бұл клиентураның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі. [10, 46 б. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиелік тәуекелдерді басқару есебі
Банктік тәуекелдерді басқару туралы ақпарат
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару
Несиелік тәуекелдердің пайда болуы және олардың жіктелінуі
Тәуекелдің деңгейі
Несиелік тәуекел
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Банктік тәуекелдердің Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылуы мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді басқаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибе
Қаржы тәуекелі және оны басқару
Банктердегі тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру және тәукелді бағалау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz