Бағалы қағаздар классификациясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КІРІСПЕ- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - - - -
- - - - - - - - - - - - - - - -3
1.БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Бағалы қағаздар есебінің экономикалық мәні мен мазмұны - - - - - -- --
-- 5
1.2 Бағалы қағаздар классификациясы - -- - - - - - - - - - - - - - - - - -
- - - -- - - --9
1.3 Бағалы қағаздар құрылымы - - - - - - -- - - - - - - - - - - - - - - - -
- - - - -- - -- 12
2. ҚАЗІРГІ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДЕГІ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР
2.1 Бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларды талдау- - - - -- - -- --
---16
2.2 Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың түрлері және оларға
салынатын салықтар. - -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- --
-- -- -- -- -- -- -23
ҚОРЫТЫНДЫ- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- --
-- -- -- -- -- -26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- --
-- -- 28

КІРІСПЕ

Нарықтық үлгідегі дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп
отырғандай нарықты реттеу механизмінде бағалы қағаздар нарығы маңызды
рөл атқарады.
Бағалы қағаздар нарығы ғана, кез келген тұлғаның (заңды немесе жеке
тұлғаның) ҚР Конституциясына сәйкес меншікке болуға, басқаруға құқығын
барынша жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдай болып
саналады, ол өз кезегінде әрбір мүлік иесінің өз мүлкін пайдалы және
тиімді пайдалану мүдделігін арттыруы тиіс. Бұл сондай-ақ экономикалық
және әлеуметтік прогреске ықпал етеді. Сондықтан да бағалы қағаздар
нарығының (БҚН) қалыптасуы мен қызмет істеуі республиканың экономикалық
саясаттың өзекті міндеттерінің бірі болып саналады.
Бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізгі мақсаты – ҚР экономикасының
тиімді дамуына, бірінші кезекте нарықтық экономиканың барлық субъектілері
қызметінің белсенділігін арттыру негізінде қаржылық тұрақтылық пен
экономиканың өркендеуіне көмектесу болып саналады.
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығы (БҚН) қазіргі уақытта қалыптасу
сатысын басынан өткеруде. Бұл айрықша бір жүйе емес, нарықтық экономиканы
бүтіндей жан жақты дамытусыз қызметін жүргізу мүмкін емес сегмент болып
табылады. Қаржы нарығының жай-күйі бірсыпыра факторларға қатысты болады,
оның ішінде инфляция қарқыны басты рөл атқарады. Мәселе мынада:
өндірістің құлдырауы мен инфляцияның тоқтаусыз өсуі кезінде,
жинақтарды инфляциядан қорғайтын, әрқашан сенімді құрал болып саналып
келген қор нарығының көптеген басымдықтары құр сандыраққа айналады.
Бағалы қағаздар нарығы механизмі экономиканың барлық субъектілерінде
қажетті инвестициялық ресурстарды тарту мүмкіндігігін білдіреді.
Акцияларды шығару бұл ресурстарды шектеусіз мерзімге алуға мүмкіндік
береді, ал облигацияларды шығару неғұрлым пайдалы жағдайларда ақша
ресурстарын алуды қамтамасыз етеді. Мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін,
сондай-ақ ақша белгілері эмиссиясына емес, мемлекеттік бағалы қағаздар
шығаруға жүгіреді.
Барлық елдерде көптеген қатынастарда бағалы қағаздар нарығы (БҚН)
экономиканың өсуін қаржыландыратын ең үздік және неғұрлым ұғынықты
механизм болып саналады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктің
функцияларын және операциларының дамуын талдап мәселесін  ашу. Осы мақсатын
ашу үшін мына міндеттемелерді орындау керек:
– Бағалы қағаздың мәнін ашу, түрлеріне тоқтала кету;
– Бағалы қағаздар құрылымын қарастыру;
– Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен байланысты
операцияларын қарастыру;
– Банктегі бағалы қағаздарды ұйымдастырылуын талдау;
Екінші деңгейлі банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Бағалы қағаздар есебінің экономикалық мәні мен мазмұны

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы
Қазақстанның конституциясына негiзделген және Қ.Р. Азаматтық кодекiсiнен, 2-
шiлде 2003 жылғы құнды қағаздар нарығы туралы Қ.Р. заңынан және басқа
Қ.Р. нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. Егер де Қазaқстан Республикасы
қол қойған келiсiмшаpттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер
бекiтiлген болса, онда халықаралық келiсiмшарт ережелерi қолданылады.
Бағалы қaғаздар бекiтiлген нысанда және мiндетті деректемелердi
сақтай отырып оны ұсынған кезде ғана жүзеге асуы мүмкін болатын мүлiктiк
құқықты куәландыратын құжат.
Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар
мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.
Бiрiншiден, бaғалы қағаздар өз кезегiнде меншік дәрежесi нысанындағы
мүлiктiк құқықты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер және
т.б.) немесе құжат иесi мен оны шығарушы тұлға арасындағы корпорациялармен
мемлекет облигациялары, сертификаттары, қарыздық қатынасты куәландыратын
ақшалық құжаттарды бiлдiредi.
Eкiншіден, бағалы қағаз қорларды инвестициялау туралы куәландыратын
құжат peтiндe қызмет етедi. Бұл әcipece бaғалы қағаздардың рөлi мен
экономикалық мәнін түciнy үшiн өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның
жоғары нысаны peтiндe басты рөль атқарады.
Үшіншіден, бағалы қағаздар – бұл нақты активтерге (акцияларғa, чектерге,
коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т.б.) талаптар
көрсетiлетiн құжаттар.
Tөpтiншiдeн, бaғалы қaғаздардың экономикалық мәнін түсiнудiң маңызды
сәті – олардың табыс әкелуi болып табылады. Иелерi үшін олар капитал болып
табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты капиталдан айырмашылығы бар: ол
өндірістік үдерісте қызмет етпейдi немесе қатыспайды.
Сонымен қатар бағалы қағаздардың өтiмдiлiк, айналымдылық, нарықтық
сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттермен азаматтық
айналымда қатысуын атамай өтyгe болмайды.
Өтімділіктің астарында бағалы қағаздардың сатылуы нәтижесінде ақша
қаражаттарына айналу мүмкiндiгi жатыр. Ол үшін бағалы қағаз нарықта
айналыста болуы кажет. Бағалы қағаздардың айналымдылық қасиеті сатып алу-
сату негiзiнде (акция, о6лигация және т.6.) немесе 6acқa тауарлар нарығымен
(чектер, вексельдер, коносаменттер, жекешелендiру құжаттары) айналымды
6айланыстырып, төлем құралы peтінде іске асырылады.
Бағалы қағаздар өзiне тиесiлi ұйымдары және онда жұмыс істey ережелерi
6ар нарығы болатын ерекше тауар ретiнде өмip сүредi. Алайда 6ағалы қағаздар
нарығында сатылатын тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Ceбeбi бағалы
қағаздар - бұл тек меншiк титулы, табыс алуға құқық бepeтін, бірақ нақты
капитал алуға құқығы жоқ құжат. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы
олардың осы сапасымен анықталады, нарық көп жағдайда epкін және тез қол
жеткiзiлетiн құнды қағаздарды бip тұлғадан екiншi тұлғаға берумен
сипатталады.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты техникалық циклдардың
жоғары деңгейдегi толықтылығы мен аяқталғандылығы болатын күрделi ұйымдық
және экономикалық жүйе болып табылады. Онда бағалы қағаздар баға кешенiн
қолдану арқылы сатып алу-сату заты ретiнде пайдаланылады, бұл жай
тауарлардан ерекшеленеді.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу yaқыты мен әдiсiне байланысты олардың
нарығы алғашқы және екiншi болып бөлiнедi. Алғашқы нарықта жаңадан
шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иемденушiлерiне сатады; екiншi
нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иемденушiлерiнің ауысуы.
Бағалық қағаздардың атаулы (атаулы құн - оларды шығару кезiнде анықталатын
бағалы қағаздар құныныың ақшалай көрінісi), эмиссиялық және нарықтық бағасы
болады.
Атаулы баға дивиденттердi, пайыздарды есептеу базасы ретiнде нақты
есептiк мәні бар және одан кейiнгi есеп айырысуларда қолданылады.
Эмиссиялық баға - бағалы қағадарды алғашқы орналастырy кезiндегi сатылу
бағасы. Ол табыстылық және несиелiк пайыз деңгейiмен анықталады. Нарықтық
баға - бағалы қағаздардың екiншi нарықта айналу бағасы. Оның көлемiне
сұраныс пен ұсыныстың нарықтағы арақатынасы әсер етеді.
Сонымен, бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданатын әр түрлi
құжаттардың жиыны. Сонымен бipгe олар өздерiне тиiстi жалпы бip белгi онда
көрсетiлген мүлiктiк құқықты өткiзу үшiн ұсыну қажеттiлiгiмен
бiрiктiрiледi. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтiмдiлiк
және қаржыландыру кезiнде қажеттiлiктердi қанағаттандыру болып табылады.
Келесідей негізгі (іргелі) талаптарға (қасиеттерге) жауап беретін
ресурстарға құқық қана бағалы қағаздар түрінде танылады:
1. Айналымдылық – нарықта бағалы қағаздардың сатылып алушылық
және сатушылық, сондай – ақ көптеген жағдайларда басқа
тауарлардың қозғалысын жеңілдететін дербес төлем құралы
түрінде қатысу қабілеті.
2. Азаматтық айналым үшін түсініктілік – бағалы қағаздардың тек
сатып алушылық және сатушылық қана емес, сонымен бірге
барлық мәмілелерді өзіне енгізіп отырып (займ, сыйға беру,
сақтау, тапсырма беру), басқа азаматтық қатынастардың
объектісі бола білу қабілеті.
3. Стандарттық – бағалы қағаздың стандарттық мазмұны болуы тиіс
(бағалы қағаздар беретін, құқықтардың стандарттылығы,
қатысушылардың стандарттылығы, сауданың мерзімдері мен
орындары, есеп жүргізу ережесі, бағалы қағаздарды бір қолдан
бір қолға өткізумен байланысты мәмілелердің стандарттылығы ,
бағалы қағаздар формаларының стандарттылығы), стандарттылық
қана, бағалы қағаздарды айналым жасауға қабілетті тауар
жасайды.
4. Сериялық – бірыңғай сериялармен, кластармен шығару
мүмкіндігі.
5. Бағалы қағаздардың құжаттылығы – бұл қағаз сертификаты
формасында немесе шоттар (счеттар) бойынша аударымдар
формасындағы жазбалар түрінде өмір сүретіндігіне қатыссыз,
әрқашанда құжат болып табылады. Бағалы қағаздың құжат ретінде
міндетті түрде реквизиттері болуы тиіс. Олардың тым болмағанда
біреуінің болмауы бағалы қағаздардың жарамсыздығына әкеледі.
6. Реттелгіштігі және мемлекеттің тануы – бағалы қағаздар (БҚ)
мәртебесіне таласушы (үміткер) қор құралы, оның жақсы
реттелушілігі мен халықтың сенімін қамтамасыз ететіндей түрде
мемлекет таныған болуы тиіс.
7. Нарықтылық – егер айналымдылық – бағалы қағаздардың тек
айрықша тауар екендігін көрсететін болса, онда тауар сол
бойынша жұмыс ережесі мен өзіне тән ұйымдастыру белгісі бар өз
нарығы болуы тиіс.
8. Өтімдік (ликвидтілік) – нарық құнының көп ауытқымауы мен
өткізуге жұмсалатын шығындардың көп болмауы жағдайында, оның
иелері үшін түбегейлі шығындарсыз, бағалы қағаздардың ақшаға
тез айналушылығы мен тез сатылушылық қабілеті.
Бағалы қағаз бірқатар міндетті реквизиттерге ие және тараптар арасындағы
мүліктік қатынастарды білдіретін, қандайда бір мүлікке немесе ақша сомасына
құқығын бекітетін, тиісті түрде ресімделген құжат болып саналады.
Осы құқықтарды жүзеге асыру мүмкіндіктерін айқындайтын қандайда бір
жағдайларға қатысты, бағалы қағаздардың әралуан түрлері шығарылады.

1.2 Бағалы қағаздар классификациясы

Бағалы қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және
бiрдей белгiлердiң жиынтығы. Бағалы қағаздар жiктелуін және бағалы қағаздар
түрлерiнің жіктелуін айыра бiлу керек.
Бағалы қағаздардың жiктелуi мен бағалы қағаздар түрлерiнiң жiктелуiн
бөлiп қарастыруға болады.
Бағалы қағаздардың жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздерiне тісті
белгiлерi бойынша бөлiнyі.
Бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі – бұл бip түрдегi бағалы қағаздарды
топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз кезегiнде түрлердi
одан әpi бөлуге болады. Әрбip төменгі жiктеу жоғары тұрған жiктеудің
құрамына кіреді. Мысалы, акция - бағалы қағаздардың бiр түpi. Қарапайым
акция бiр дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы
мүмкін.
Бағалы қағаздар жоғарыда айтылғандай белгiлi бiр сипаттың жиынына
ие.
Уақытша сипаттамасы:
– қызмет ету мерзiмi: айналысқа қай уақытта шығарылған, қай yaқыт
кезеңіне немесе мерзiмсiз;
– пайда болуы: басы өзінің бiрiншi негiзiнен келе ме немесе басқа
бағалы қағаздардан.
Кеңiстiк сипаттамасы:
– қызмет ету нысаны: қағазды немесе заңды түрде айтқанда құжатты нысан
немесе қағазсыз, құжатсыз нысан;
– ұлттық белгiсi: отандық немесе басқа мемлекeттiк, яғни шетелдік;
– аймақтық белгiсi: елдiң қай аумағында шығарылған.
Нарықтық сипаттамасы:
– бағалы қағаздар негiзiнде жатқан актив түpi немесе оның шығy негізi
(тауар, ақша, фирманың жиынтық активi және т.б.);
– иемдену тәртiбi: ұсынушыға, атаулы, ордерлi. Атаулы бағалы қағаздар -
онда көрсетiлген тұлғаның құқығын куәландыратынын көрсетедi. Ұсынушы
бағалы қағаздары – құқық оны ұсынушы адамға жатады. Ордерлі бағалы
қағаздар – құқық онда аталған aдaмға тиесілі.
– меншiк нысаны және бaғалы қaғаздарды нарыққа шығарушы эмитент түрі:
мемлекет, корпорациялар, жеке тұлғалар;
– айналыс сипаты: нарықта epкін немесе шектеулi айналады;
– бағалы қағаздар ұсынатын құқық түрі негiзiнде экономикалық мәні;
– тәуекел деңгейi: жоғары, төмен және тағы басқа;
– табыс көзi: бaғалы қағаздар бойынша табыстың қандай да болса бөлiгiн
төлей ме, жоқ әлде төлемей ме;
– қаражат салымының нысаны: ақша қарызға немесе меншік құқығын
иемденуге қаржылана ма.
Бaғалы қағаздар coнымен қатар мерзiмдi және мерзiмсiз болып бөлiнедi.
Мерзiмдi - оларды шығару кезiнде мерзiмi белгiленетiн бағалы қағаздар.
Әдетте мерзiмдi бaғалы қағаздар екі түрге бөлiнедi:
– қысқа мерзімді, айналымдa бiр жылға дейiн жүрeтiн;
– ұзақ мерзiмдi, айналымдa бiр жылдан жоғары мерзiмде жүреді.
Мерзiмсiз - айналым мерзiмi шектелмеген бағалы қағаздар, яғни олар
шексiз қызмет етедi және бағалы қағаздар шығару кезiнде өтеу мерзiмi
көрсетілмейді.
Бағалы қағаздардың пайда болуының классикалық нысаны – қағаз, яғни
бағалы қағаз құжат тypiндe қолданылады. Бaғалы қaғаздар нарығының дамуы
бaалы қaғаздарды кп түрiнің ең алдымен эмиссиялық нысанын құжатсыз нысанға
ауысуын талап етеді.
Инвестициялық (капиталдық) - капитал салымы үшін объектi болып табылатын
бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлiк келiciмдер және т. б.).
Инвестициялық емес - тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп
айырысyға қызмет көpceтeтiн бағалы қағаздар (вексельдер, чектер,
коносаменттер).
Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және несиелік тәуекел
деңгейін, инвесторлардың қызығушылығы мен басқа факторларды ескергенде
қордың бағалы қағазы үш топқа бөлінеді:
– Мемлекеттік
– Муниципалды
– Мемлекеттік емес
Мемлекеттік бағалы қағаздар – мемлекеттің ішкі қарыздарының нысаны;
эмитент мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар. Мемлекеттік
бағалы қағаздар ішінде қазынашылық вексель мен міндеттемелер, мемлекеттіек
және жинақ қарыздарының оьлигациялары кең тараған.
Муниципалдық бағалы қағаздарға жергілікті өкімет органдарының қарыздық
міндеттемелері жатады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпорациялық және жеке қаржы
институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың,
банктердің қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы
қағаздарға жеке тұлғалар шығаратын вексельдер, чектер жатуы мүмкін.

1.3 Бағалы қағаздар құрылымы

Қазіргі әдемдік тәжірибеде қолданылатын бағалы қағаздар екі үлкен сыныпқа
бөлінеді.
1-сынып – негізгі;
2-сынып – туынды.
Негізгі бағалы қағаздар – қандай да болса бір активке (тауар, ақша,
капитал, мүлік, әр түрлі ресурстар және т.б.) мүлік құқығы жататын бағалы
қағаздар. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы Заңында
туынды бағалы қағаздар – басқа бағалы қағаздар арқылы өзінің құнын айырады
деп айтылған. Туынды бағалы қағаздар – бұл әр түрлі базистік активтермен
бейнеленген, мүліктік жағдайға негізделген ерекше әмбебап туар, оны сатып
ала отырып иесі, белгілі бір мерзімде кәсіпкерлік табыс алуға деген құқығын
жүзеге асырады. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар,
варанттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер және тағы басқалар
жатады.Туынды бағалы қағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне
тіркелген меншік құқын тұрақтандыруға қарағанда , туынды бағалы қағаздарды
пайдалана отырып, болашақ кезеңде орындалатын кәсіпкерлік табысты алуға
құқықты тіркейді. Олардан пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі
нарықта бір активті бір уақытта сатып алу-сатудан алады.
Варрант акционерлік қоғам шығаоратын және варантта бекітілген баға
бойынша бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін одан сатып алу үшін ұстаушы
құқығын куәландыратын туынды бағалы қағаздар болып табылады. Қоғам акция
және облигация эмиссиясымен қатар варрант шығаруға құқығы бар. Варранттар
бағалы қағаздардан оларды шығарғаннан кейін бөлінеді және оларда
көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алғанға дейің нарықта өз бетінше
айналыста жүреді. Варранттар бөлініп шыққанан кейін бағалы қағаздардың
сатылу құны олардың бағасына азайтылады. Қоғам варрантты қоғамның
болашақтағы бағалы қағаздар эмиссиясымен шығаруға құқы бар. Олар
иемденушіге қоғамнан бағалы қағаздарын варрантта келісілген баға бойынша
белгіленген кезең шегінде, кез келген уақытта алуға құқық береді. Варрант
иемденушіге дауыс беру құқығын бермейді және олар бойынша дивидент
есептелінбейді.
Туынды бағалы қағаздар санатына ең алдымен депозитарийлік қолхаттар
жатады. Депозитарийлік қолхат – бұл шетел эмитентінің бағалы қағаздар
бойынша шығарылған және елде еркін айналыста жүретін туынды бағалы қағаз.
Бұл инвестордың шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарын иемдену үшін
қаржылық құрал болып табылады. Эмитенттердің депозитерийлік қолхаттарын
шығару шетел капиталының инвестициясының өсуімен, оларды тіркеу
қажеттілігінің болмауымен, оларды жергілікті салықты төлеуден босатумен
және барлық инвесторлар үшін қол жеткізілуімен байланысты.
Акция – бұл акция иемденушісінің акционерлік қоғам капиталына
қатысқандығы туралы куәландыратын және оның иесіне осы қоғамның пайдасының
белгілі бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін акционерлік қоғам
шығаратын бағалы қағаз.
Банктік сертификат – ақша қаражаттарын салу туралы салымшығы онда
белгіленген салым мерзімі аяқталғаннан кейін, олар бойынша пайыз алу
құқығын куәландыратын банктің жазбаша куәлігі. Сертификаттардың екі түрі
болады: депозиттік және жинақтық. Депозиттік сертификат заңды тұлғаларға ,
ал жинақтық – жеке тұлғаларға беріледі.
1996 жылы 19 қыркүйектегі ҚР депозиттік (банктік) сертификаттардың
шығарылуы мен айналымының жалпы Ережесіне сәйкес сертификаттар тек
мерзімді болуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялар
көлемінің ішінде негізгі үлесті мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері
алып отыр. Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл эмитенті мемлекет болып
табылатын, мемлекеттің ішкі қарыз нысаны, қарыздық бағалы қағаздар.
МЕККАМ – мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер. Үкімет
атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарады, олар
мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады және орнатылған заңдылықтарға
сәйкес Қазақстанның екінші бағалы қағаздар нарығында еркін айналысқа
түседі. Матариалдық емес нысанда мерзімі үш, алты, он екі айға
шығарылады, қаржылық агенттің депозиттеріндегі немес алғашқы диллерлердің
суб депозиттеріндегі оларды ұстаушылардың депо-шотына сейкес жазуларды
жүргізу жолымен орналастырылады және айналысқа түседі. Номиналдық құны –
100 теңге.
МЕОКАМ – айналым мерзімі екі және үш жыл болатын мемлекеттік орта
мерзімді қазыналық міндеттемелер. Үкімет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР бағалы қағаздар рыногы
Қазақстан Республиксындағы бағалы қағаздар рыногының қалыптасу және даму проблемалары
Бағалы қағаздар нарығы пәні бойынша Білім алушылардың оқытушылармен өзіндік жұмысты орындаудың ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
Қаржылық инвестиция портфелінің түсінігі, мазмұны және түрлері
ҚР бағалы қағаздар рыногінің дамуы және қалыптасуының негіздері
Институционалдық бірліктер
Отандық корпоративті бағалы қағаздар рыногының жағдайына талдау
Бағалы қағаздардың теоритеко-әдістемелік негіздері
Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы
Инвестициялық тәуекелдіктер түсінігі және олардың түрлері
Пәндер