Протон зымырантасығышының апаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1. Байқоңыр космодром – ракетадромы қазақ жерін қашанғы тозаққа
айналдырмақ?

2.Сорым ба едің Байқоңыр, бағым ба едің?

ІІІ.Қорытынды

Кіріспе

Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен
тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қадетінің барлығын табиғаттан
алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін
таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап
дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің
көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда.
Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік
қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне,
ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың
денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді.
Токсиндік және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК
молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың
тіршілік ету қабілеттігін төмендетеді.
Адамзат баласы қазіргі кезде шамамен 70 мыңға жуық химиялық қосылыстарды
пайдалануда, осы көрсеткішке жылына 500-1000-ға жуық химиялық қосылыстар
қосылып отырады.
Әрине, бұл қосылыстар атмосфералық ауа, топырақ, су, өсімдік арқылы адам
ағзасына қайта жинақталып, белгілі бір мөлшерде әсір ететіні белгілі.
Табиғи ортаны зиянды заттармен ластайтын орындардың бірі – ғарышқа
зымырандар ұшыратын әскери-өндіріс кешендерінің жұмысы.
Қорғаныс министрлігінің негізгі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі
бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару-
жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады.
Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі – Байқоңыр.
Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс
бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7
мың км2 жерді алып жатыр.
Аймақтың рельефі – тұздытопырақты, жылжымалы құмды төмпешіктерден
тұрады. Өсімдік түрлері көп, біпақ сирек орналасқан, негізінен эфермелерден
тұрады, шілде айының ортасына дейін сақталып, сонан соң күйіп кетеді. Бір
жылдың үш жүз күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады.
Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуін, жылдың әр
мезгілінде температураның күрт өзгеруін ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен
байланыстырады.
Алғашқы (1981 – 85 жж.) эксперименттік бақылаулар қуатты ғарыштық ұшу
аппаратының Спейс - Шаттл немесе зымыран жеткізгіш Сатурн - 5
аппаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал – Европа жағалауымен Солтүстік
Атлантаға дейінгі аралықтың ауа ағынының (циклон) өзгеруін, ал жылдың жылы
уақытында (жаздық) Плесецк ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу
аппаратының әсері бұрынғы Одақ территориясының Орталық Европалық бөлігіне
және солтүстік-батыс облыстардың атмосфералық ауа ағынының активтілігінің
жоғарылауына әсерін тигізетінін дәлелдейді.
Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын Байқоңыр ғарыш айлағына жақын
орналасқан аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм
суырып, жел болып, температураның (0-60С) төмендеу процесі жиі байқалатыны
белгілі.
Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін
қаншалықты кері әсері барын айтпасқа болмайды.
Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі
– Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа
айналу процесі. Сондықтан ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға қосымша
кері әсерін тигізуде.
Ғарыш ұші аппаратының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын
(циклон) күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3,2 тоннадан –
16,2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жанармай қалдықтары
құрамында химиялық токсидті қосылыстардың болуында.
Соңғы 30 жылдың көлемінде осы салаға қатысты мамандар химиялық жанармай
мен жұмыс істейтін зымыран двигательдерінен бөлінетін қалдықтардың
атмосфераның төменгі қабатына ауқымды масштабта зиянды әсерінің жоқтығын
дәлелдесе, 40 жылдан бері жинақталған мәліметтерге қарағанда олардың зиянды
әсерлерін анық көруге болады.
Ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран жеткізгіштердің двигателіне
пайдаланылатын жанармайына нақтырақ тоқталсақ:
1. Азоттетраоксиді (АТ) және азот қышқылы тотықтырғыштарымен
симметриясыз диметилгидрозин (СДМГ);
2.Сутегі асқын тотығы мен сұйық оттегі тотықтырғыштарымен көміртегі (РТ-
1, РГ, Т-1) жанармай, бұл қосылыс жұмысын аяқтаған бөлшектің жерге құлауы
кезінде буланып оттегі және сутегіне айналып кетеді. РТ-1 және осы тектес
басқа қосылыстар қоршаған ортаға керосин және бензин тәрізді әсер етеді, ал
симметриясыз диметилгидрозин (гептил) қауіптілігі жағынан бірінші класқа
жататын химиялық токсинді қосылыс.
Толығырақ тоқталар болсақ, зымыранның сұйық жанармай компонентіне
кіретін гептил азотты органикалық қосылысы гидрозин туындыларына жатады.
Химиялық құрамына сәйкес симметриясыз диметилгидрозин активті
тотықсызданғыш, әртүрлі тотықтырғыштарда оңай тотығып, тетраметилтеразен
(ТМТ), нитрозодиметиламин (НДМА), диметилметиленгидрозин (ДММГ),
диметиламин (ДМА), формальдегид (ФА), су, азот,аммиак және басқа өнімдерге
айнала бастады.
Симмтриясыз диметилгидрозин және оның алкилгомологтарының тез тотығуы
тотықтырғыштардың түріне және концентрациясына байланысты. Мұндай
тотықтырғыштардың қатарына (су, ауа, топырақ, температура) активті металдар
Cu, Fe, Cr, Mn және олардың оксидтері, пассивті металдар Al, Ni, Mg және
олардың оксидтері жатады.
Бұл металдарға аймақтың топырағы бай екенін ескеруіміз қажет.
Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді:
- ұшу процесінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады;
- атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының
қалдықтарыман ластайды;
- атмосфераның озон қабатын бұзады;
- территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен
зақымдайды;
- қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
- ауқымды масштабта температураның жоғарлауына әсерін тигізеді.
Қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын симметриясыз
диметилгидрозиннің биологиялық объектілерге әсері жөніндегі қазыіргі
түсініктер толық мәліметтер бере алмайды.
Зымыран жанармай компоненттеріне кіретін токсинді қосылыстардың табиғи
жағдайдағы микробтар мен өсімдіктерге әсері туралы түсініктер мүлдем жоқ.
Сондықтан осы бағыттағы зерттеулер қазіргі кезде аса өзекті мәселелерге
жатады.
Лабораториялық жағдайда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі өсімдіктердің
бойының қысқа болып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып,
ауылшаруашылық өсімдіктерінің сапасы нашарлап және өнімділігінің
төмендейтінін көрсетеді.
Мысалы, сандық мәліметтерге тоқталсақ, 50 км биіктікте зымыран Спейс -
Шаттл 150 тонна көмір оксидінғ, 500 тонна су және сутешін бөледі, осындай
биіктіктегі энергия ұшу аппараты 740 тонна көміртегі оксидін, 750 тонна
су және сутегін бөледі. Қысқа қашықтықта (1 км) мұндай қалдықтар жасанды
бұлт түзіп, қышқылды жаңбырға айналады және ұшыру аймағынан 200 км2
қашықтыққа дейінгі аймақтың ауа райын өзгертеді. Байқоңыр ғарыш айлағынан
ұшырылатын Протон зымыран жеткізгішінің бір рет ұшырылуына 180 тонна
гептил құйылады. Ғарыш айлағы жұмыс жүргізгеннен (1956 ж) бастап мұндай
Протон зымыран жеткізгішінің 260-тан астамы ұшырылған.
Көп сатылы Протон зымыран жеткізгішінің алғашқы блогы (алты бакты блок
болады) жұмысын аяқтап, жерге құлағанда 1,5 тоннадан – 3,5 тоннаға дейін
гептил қалдығы жерге төгіледі. Сонда бір рет ұшырылғанда, орта есеппен 2
тонна гептил жерге төгілгенде, 44 жылда 520000 тонна гептил төгіледі.
Экологиялық қауіпсіздікті сақтадық дегеннің өзінде, Қазақстан
Республикасының ұлттық аэрокосмостық агенттігінің мәлімдеуінше, қазіргі
кезде зымыран жеткізгішінің жерді зақымдайтын гептил мөлшері 150-200 литр
шамасын құрайтыны анықталған.

Деректер
Біздің облыс аймағында әлемдегі ең ірі экологиялық қауіпті үш объекті
– Семей ядролық сынақ полигоны, Сарышаған әскери полигоны және Байқоңыр
ғарыш айлағы орналасқан.
Байқоңыр пайдалануға берілген уақыттан бері 1300-ге жуық зымыран
ұшырылған.
Ақтоғай ауданы жерінің 37 %-ы, Шет ауданы жерінің 93 %-ы, Жаңаарқа ауданы
жерінің 37 %-ы, Ұлытау ауданы жерінің 74 %-ы Протон зымырантасығышының
отыны – гептилмен ластанған.
Гептил – адам және жануарларға концерогендік және мутагендік әсері бар
улы зат.
Протон зымырантасығышының алғашқы сатысына (5 сатылы) 500 тонна гептил
отыны толтырылса, оның бөлініп, жерге құлайтын бөлшегінде 10-30 тонна отын
жанбай қалады.
Гептилдің концентрациясы бір текше метр ауада – 0,001 мг., ал 1 кг
топырақта 0,1 мг болғанда ғана зиянсыз.Қазмехонобр кәсіпорнының 1994 жылы
жасаған есебіне қарағанда, зымыранның бірінші сатысы құлайтын жерлердегі
малдың еті мен сүтіндегі гептил мөлшерден ондаған есе асып кеткен.
Республика аумағындағы 47 аймаққа зымыран қалдықтары түсетін болса,
соның 39-ы біздің облыстың үстінде.

Апаттар
1996 ж. 14 мамыр – Союз зымырантасығышы құлады.
1997 ж. 20 мамыр – Зенит зымырантасығышы құлады.
1999 ж. 5 шілде – Протон зымырантасығышы құлады.
1999 ж. – Протон зымырантасығышы құлады.
(Негізінен осындай 37-38 апат болған, бірақ нақты дерек жоқ).

Тарихи анықтамалар
1955 ж. 12 ақпан – Байқоңыр ғарыш айлағын салу жөнінде шешім қабылданды.
1955 ж. 12 мамыр – кешеннің құрылысы басталды.
1957 ж. – Р-Э зымыраны ұшырылды.
1961 ж. 12 сәуір – Тарихта тұңғыш рет ғарышқа адам ұшты. Ю. Гагарин ғарышта
болып қайтты.
1991 ж. 2 қазан – Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров ұшты.
1957-95 жж. – Айналадағы ортаға және халық денсаулығына кері ықпал туралы
деректер шектеліп келді.
1997 ж. 4 қазан – Ресей Федерациясы Байқоңыр кешенін жалға (аренда) алған
жағдайда оның аймағындағы экология және табиғатты пайдалану мәселесі
жөніндегі келісімге қол қойылды.
1998 ж. 21 қазан – табиғатты қорғау заңының бұзылуын болдырмау жөніндегі
Қызылорда облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы ұйғарым шығарды.
1998 ж. қараша – 1999 ж. мамыр ұйғарымды орындау туралы Ресей жағымен хат
алмасылды. Ресей жағы ұйғарымның барлық тармақтарын орындайтындығы туралы
хабардар етті.
1999 ж. 29 наурыз – Ресей-Қазақстан комиссиясы кездесіп, бірлескен
хаттамаға қол қойды.
1999 ж. 2 шілде – Қызылорда облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы
ғарыш айлағынан зымырантасығыштардың ұшуына тыйым салынатыны туралы Ресей
жағына ескерту хат жолдады.
1999 ж. 5 шілде – Ақаумен ұшырылған Протон зымырантасығышы Қарқаралы
ауданының жеріне құлады.
1999 ж. 27 қазан – Протон зымырантасығышының апаты. Оның сынықтары Атасу
поселкесінің жанына құлады.
1999 ж. 18 қараша – келісімдерге қол қойылды. Келген шығынның орнын толтыру
Ресейден талап етілді.

Байқоңыр кешенінің инфрақұрылымы
- Байқоңыр қаласы.
- Ғарыш айлағы:
- құрамында 52 ұшыру қондырғысы бар кешен (85 х 125 км);
- көмекші объектілер (заводтар, аэродромдар, жылу-электр орталығы).
- Зымырантасығышының бөлініп қалатын бөлшектері құлайтын аудандар (жалпы
көлемі 4,8 млн га болатын 22 алаң).

Жалға беру шарты (1994 ж.)
Жалға беру ақысына (жылына АҚШ-тың 115 млн. доллары) табиғатты
пайдалану төлемі де қосылған. (Бірақ қоршаған ортаны қорғау қорына одан бір
тиын да түспей отыр).
Экология және табиғат қорғау мәселесі 1997 ж. 4 қазанда жасалған
келісіммен жеке реттеледі.
Ғарыш айлағы объектілеріне бөгде адамды кіргізу көзделмеген. Бұл мәселе
1999 жылдың 1 қарашасындағы жеке ережемен кейіннен реттелген.
Байқоңыр ғарыш кешенінің мәселесімен айналысып жатқан жоғары оқу
орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, олардың бағдарламалары
Өткен жылы (1999 ж) Протон екі рет құлағанда, біздің мұндай төтенше
жағдайға дайын емес екендігіміз белгілі болды. Қазір бірталай тәжірибе
жинадық. Бірінші жағдай бойынша ғылыми зерттеуді Қазақстан ғалымдары
жүргізе бастады. Байқоңыр кешенінің қызметіне байланысты халық денсаулығы
жағдайының мониторингі бағдарламасы боынша облыстық денсаулық сақтау
басқармасының бастығы Қанат Ермекбаевтың басшылығымен облыс дәрігерлері де
жұмыс істеуде. Солардың ішінде ҚР ҰҒА-ның корреспондент – мүшесі, ҚММА-ның
ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мақаш Әлиакпаровтың
басшылығымен Байқоңыр кешенінің адам денсаулығына әсері туралы
тереңдетілген ғылыми зерттеу бірінші рет жүргізіліп отыр. Бұған қоса
зымырантасығыштың бөлінген бөлшектері түсетін Ұлытау, Қарқаралы және
Жаңаарқа аудандарындағы жерлерде ҚазМУ мен Қазмехонобр ғалымдары да
экологиялық зерттеулер жүргізілуде. Ал Е.А. Бөкетов атындағы Қар МУ-дың
ғалымдары жүргізіп жатқан жұмыстар өте ерекше. Онда экологиялық зерттеу
орталығы құрылып, университет ректоры, техника ғылымдарының докторы,
профессор Жамбыл Ақылбаевтың басшылығымен зымыран отының құрамын анықтайтын
жаңа аспап және оның жұмыс істеу әдістемесі жасалып жатыр.

Байқоңыр ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы
Байқоңыр ғарыш айлағы өткен ғасырдың еншісіне жазылған адамзат баласының
ең бір теңдесі жоқ жетістігінің бірегейі десек артық болмас. Сол арқылы
адам табиғат құпиялары мен ерекшеліктерін игеру үрдісіндегі өзінің алар
биігі мен жетер асуын нақты істермен дәлелдеп берді.
Байқоңырдың қызмет ете бастағанына 40 жылдай уақыт болса, осы уақыт
ішінде ол Қазақстанды әлемге танытты. Алғашқы жер серіктері осында
ұшырылды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, мұнда тұрған ғимараттар мен басқа
да жарақтардың құны 25-30 млрд долларға бағаланады екен. Ол бұрынғы Кеңес
Одағынан қалған мұра. Ол Қазақстанның ғылыми дәрежесінің өсуіне де үлкен
әсер етті.
Байқоңырдан ғарышқа бірінші адам аттанғаннан бері қаншама жер
серіктері, ғылыми зерттеу станциялары, ғарыш корабльдері ұшырылды. Соның
нәтижесінде ғылымымыз өркендеп, табиғаттың талай тылсым құпиялары ашылды.
Демек, Байқоңыр ғарыш айлағының адамзат баласы үшін де, еліміз үшін де
алар орны ерекше.

Негізгі бөлім

Байқоңыр космодром – ракетадромы қазақ жерін қашанғы тозаққа айналдырмақ?

Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы болып отырған космодром
Байқоңырдың құрылысы 1955 жылы басталып, қазір 6717 шаршыкилометр аймақты
алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бергі 40
жылда 1100 әртүрлі мақсаттағы космос аппараттары және 100-ден астам
континентаралық баллисти-калық ракеталар ұшырылып сыналыпты. Сонымен қатар
38 түрлі соғысқа қажетті, жаппай қырып жоятын ракеталар мен космос
кемелерінің 80–нен астам модификациялары да сыналған.  
Космодромдардан ұшқан ракеталардың бірінші бөліктері Қарағанды
облысындағы №25 зонаға түссе, екінші бөліктері сол облыстағы №4 зонаға,
үшінші бөліктері де Қазақстанда орналасқан №310-шы зонаға (Шығыс Қазақстан)
тұрақты түрде құлап, күз, қыс, көктемде дауылдар мен үсік, аяздарды, жазда
қатты ыстықтардан басқа орман, дала өрттерін де көбейтуде. 
Радиоактивті улы ракета сынықтары далаларымызда шашылып жатыр.
Ракеталарда қолданылатын отындардағы улы, зиянды қоспалар, сауылдап түсіп
жатқан ракета сынықтары да экологиялық зардаптар әкелуде. 
Ресей космос әскерлерінің негізгі стратегиялық базасы боп саналатын
Байқоңыр, мына алмағайып заманда, біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігіне,
еліміздің тәуелсіздігіне де үлкен қатер тудырып отыр. Себебі, космодромнан
жиі –жиі Камчаткадағы Кура сияқты полигондарға сынақ үшін жіберіліп
тұратын, СС-18, , НАТО –ның классификациясы бойынша Стилет деп аталатын
СС-19, СС-20 ракеталары бар, оның үстіне космостағы ұшып жүрген ядролық
Космос сериялы әскери спутниктерді басқарып отырған Байқоңыр, біз қанша
жерден атом қаруы жоқ аймақпыз десек те , ядролық қаруы бар елдердің өзара
соғыс жанжалы туа қалған жағдайда, бірінші нысана көзі болары даусыз!!!
Бүкіл ғаламшарымызды қоршап тұрған атмосферадағы, ауа құрамының 20,95
пайызы ғана, тіршілікке қажетті оттегінің үлесіне тиеді. Ал енді осы
оттегіні тазалап, негізінен бөліп шығаратын, планетаның қос өкпесі
саналатын қылқан жапырақты Сібір ормандары мен Оңтүстік Америкадағы
Амазонка бассейніндегі тропикалық ормандар мен өсімдіктер әлемі екені
белгілі.
Қазір космосқа ұшатын ракета двигательдерінде гептилден бастап, небір
улы құрамды заттармен қатар, криогенді отындарда қолданылады. Яғни ауа
бөлгіш қондырғыларда оттегі мен сутегіні-184 градуста сұйылтып алып, ерекше
технологиялық әрекетпен қатайтылып, ауасыз кеңістікте ракета отындарын
жағуға қажетті, біздің өзімізге, өмірімізге қажетті оттегі газдары
тонналанып, ауа кеңістігіміз тоналып космосқа қайтарымсыз кетіп жатады. Бұл
қондырғылар Ресейде, орман іштерінде емес, жері де, ауасы да күйіп кеткен,
орманы жоқ, теңізі мен көлі жоқ, ай тақыр сол Байқоңырдың айналасында
орналасқан. 1957 жылдан бері, әр сағат, тәулік, айлар, жылдар бойы сорылып,
өңделіп, оттегіден айырылып, тіршілікке қажеттсіз болған ауаның көлемінің
қанша екенін бір Алла ғана білер. Табиғат-ананың әр аймаққа өлшеп берген
ауасы, суы, желдері болады. Әрі осы космодромның теңіз бен мұхит
жағалауында емес, ай тақыр құрылықта орналасуы, жерімізде күн өткен сайын
оттегінің ауадағы қалыпты мөлшерден азайып кетуіне әкелуде. Тіптен сәуір
мен қазан арасында бұл жерден оттегі алу мүмкін болмай қалған. Оттегінің
ауа құрамындағы аз ғана ауытқушылығы, тек қана тыныс алуға емес, адам
ағзасындағы зат алмасу процесстеріне де кері әсерін тигізіп, анемия,
лейкомия, рак, тері аурулары мен көптеген медицинаның шамасы келмейтін
аурларды да көбейтуде, әрі оған неше түрлі мутацияға ұшыраған жан-жануарлар
әлемі мен өсімдіктер дүниесін қосыңыз...
Ауа мен бұлттардың табиғи ағымдары әлдеқашан бұзылған, ғарыш кемелері
ұшқаннан кейінгі апталап тұратын желдер, көктем келіп, жеміс ағаштары
гүлдеп тұрған кездердегі аяқ астынан пайда болатын үсіктер, дауылдар мен
бұршақты нөсерлер, керек десеңіз біздің ауа райын болжаушылар мен халық
арасынан шыққан көріпкел есепшілер де сол Байқоңырға қарап алаңдайтын
болған...
Осыншама қолдан жасалып жатқан зардапты апаттардың негізгі себептері
Ресейдің істен шығарылған Satan SS-18, 19, 20 ракеталары болып тұр.
Орысша МБР РС-20А деп белгіленетін ракеталардың ядролық тастұмсықтары
алынып тасталып, жер серіктерін ғарышқа ұшыруға бейімдеген. Бұл ракеталар
Совет басшысы Горбачев пен АҚШ президенті Рейганмен арадағы келіссөз
негізінде, қоршаған ортаға аса қатерлі қару ретінде жойылуға тиіс болатын.
Оны сырт көзден және халықаралық қауымдастықтан жасыру үшін ауыр Протон
ракеталары деп, жаңа ат берген. Және де бұл ракеталарды орбитаға шығарған
кездегі болып қалатын кездейсоқтықтан сақтану мақсатында 20 тонналық
қосымша ракеталық отын бактары қойылған. 
Бұл ракеталарда қоршаған ортаға аса қауіпті гептил отыны қолданылады.
Оның ауадағы рұқсат етілген шекті таралу мөлшері 1 мгкубокилометр. Яғни
өте улы зиянды бұл Гептил, химия тілімен айтқанда симметриясыз
диметилгидразин (С2Н8N2) мен бірге ауасыз кеңістікте отынның жануын
қамтамасыз ететін, Байқоңырдан, яғни қазақ жерінен сорылып алынған, ғарышқа
қайтарымсыз кетіп жатқан, тіршіліктің көзі, Жаратушының әрбір жерге, әрбір
елге және бізге де өлшеп берген несібесі – оттегі газы. Оттегі газы,
айналамызды қоршаған атмосферадағы ауа құрамының - 20,95%-н, азот – 78%-н,
ал қалған 1% -н барлық қалған аргон, сутегі, ксенон, криптон, неон, көмір
қышқыл газы сияқты басқа да газдар құрайды.
Бұл экологияға аса қауіпті ракета отындарының 50-60% ғана жанып үлгеріп,
қалғандары жерімізге төгіледі екен. Гептил сұйық отыны - аса улы,
тіршіліктің нағыз қас жауы. Осы ракеталарда жануды күшейтетін катализатор
ретінде, күмістің ионы қолданылады. Бұл өз кезегінде гептилмен бірге
төгіліп, ракета ұшып өткен траектория бойында мыңдаған шаршы километр
жерлерде ылғалды бұлттар мен жерден ұшқан буларды қоюлатып, қатты
буландырады. Әсіресе күз, қыс, көктем айларында көктегі кәдімгі жай шуда ақ
бұлттар мен қатпар бұлттардың қалыңдығы 100-500 метр болса, Протондар
ұшқаннан кейін бұлттар буланып қалыңдығы 7 шақырымға дейін жетіп, ауада жер
бетіне күн сәулесін түсірмей орап қымтай жапқан, күннен тарайтын энергия
көзін тұмшалап, одан ауа райы күрт суып, жаңбыр, артынан қалың (қыс
кезінде) қар жауып, соңы 40-50 градустық аязға айналады.
2001 жылы желтоқсан айында, Ресей Байқоңырдан кетпек ниетпен, ылғалы көп
Архангелскі облысында орналасқан Плесецкі космодромынан осы Протонның
біреуін ұшырғанда, Ресейдің Европалық бөлігінде қалыңдығы бірнеше метрге
жеткен қар жауып, Мәскеудің өзінде 40 градустай аяз болып, мыңдаған
қаңғыбас – бомжылар қырылып, одан кейін бұл ракеталарды Ресей
космодромдарынан ұшыруға тиым салынды. Батыс елдерінің өлердей қорқып
Сатана деп атаған ракеталары ылғалы көп жерлерден ұшырғанда сұмдық аязды
апаттар әкелетіні әскерилерге бұрыннан белгілі жағдайлар.  
Тәжікстан мен Өзбекістанның оңтүстігінде өсірілетін биязыталшықты мақта
плантацияларын жазғытұрымда бұршақтан қорғап, оны жауынға айналдыру үшін
бұлттарды күмісті-иодтты снарядтармен атқылау тәжірибесі қолданылады.
Ал, Грузияның ылғалды таулы қыраттарындағы шай плантацияларын суғару
үшін жаз айларында метеоракета ұшырылып, одан күміс иондары бүркіліп, жауын
жаудырылады.  
1997 жылы Жапон елі қысқы олимпиада өткізерде, күміс иондарын ұшақтармен
бүркіп, қар жаумайтын жерде орасан қалың қар жауып, айналасын ылғалды теңіз
қоршаған елде апатты жағдай қалыптасып, пайда болған қалың бұлттарды
ыдырату үшін жүздеген истребитель-ұшақтарды қолданып зорға тоқтатқан.  
Және есептен шығарылған бұл ракеталардың бүгінгі күндері 150 ден астамы
Байқоңырда сақталып отыр. Оның үстіне оқу-жаттығу жиындарында Ресейдің
Байқоңырда орналасқан стратегиялық мақсаттағы космос әскерлері негізгі
қолданыста тұрған жаңа ракеталарды үнемдеп, ескі, есептен шығарылған
ракеталарды Камчаткада орналасқан Кура (аумағы 10 000 шаршы километр)нысана
– полигонына қалаған уақытында, Қазақстаннан сұрамай-ақ жібере береді. Егер
бұл ұшырулар осылай жалғаса берсе, жоғарыдағы ракеталар 2018 жылы ғана
таусылып, оған дейін осылай табиғатымыздың ойран-топалаңын шығара
бермек... 
Бұрындары жер серіктері Целиноград-Ақмола үстінен ұшып өтіп, бұл
аймақтарда сұмдық аяздар болып тұратын. Қазір бұл қала Астанаға айналғасын
мемлекеттік басшылық органдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін,
ғарышқа шығатын жер сер-іктерінің басқарылу траекториясы өзгертіліп,
қазіргі күндері қыста бұрынғыдай қатты аяздар азайған. Оның есесіне
траектория бағыты ОҚ облысының солтүстік аудандары мен Жамбыл, Алматы,
Шығыс Қазақстан облыстарына қарлы борандар әкеліп, оның әсері республиканың
барлық аймақтарына тарап, оңтүстікте өзбек, қырғыз жері түгілі сонау тәжік
жеріне дейін жетуде. Биылғы қыстағы Шығыс Қазақстан мен Монғолиядағы жалпы
ғаламдағы сұмдық аяздар мен оңтүстіктегі теңіз бен мұхит жағасындағы
елдердегі су тасқынды апаттар да осы Протондардың әкеліп жатқан қасіреті.
Бұл жер серіктерін алып ұшатын зымырандар тапсырыстағы белгіленген өз
орбитасына шыққанша ғаламшарымызды ондаған рет айналатындығы көпшілікке
белгілі. Сондықтанда батыс елдері бұл зымырандарды Сатана - деп
атаған... 
Жоғарыда аталып өткен аяздардан кейін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік
Қазақстан, Қызылорда жерлеріндегі көктемде гүлдеп тұрған жеміс ағаштары мен
жидектерді үсіктер ұрып кетуде. Осыдан келетін шығындарды қарапайым
арифметика тілімен есептеп көрейік. Оңтүстік облыстарда республика халқының
жартысына жуығы мекендейді. Ең аз мөлшерді алып, бұл өңірлерде 1 миллион
отбасы тұрады деп есептесек, оларды адам басына бөлмей, тағы да ең аз
дегенде бір жылда бір отбасы 200кг жеміс-жидектен пайдаланған жағдайында
200 000 000 килограмм болады екен. Ал осы өнімдердің әр килосын орта
есеппен 150 теңгеден есептеп көрейік, сонда 200 000 000 * 150 = 30 000 000
000 (отыз миллиард) тенгенің жеміс-жидектерін жоғалтқан болып шығамыз.
Бұған жыл сайын әр отбасының үйлерін жылытуға кеткен отындарын (газ, мазут,
дизель отыны, көмір, ағаш, электр энергиясын) қосыңыз. Бала-бақшалар,
мектептер, денсаулық сақтау мекемелері, қарттар үйлері мен басқа да
мемлекеттік мекемелердің пайдаланған энергокөздерін қаржымен есептеп
көріңіз. Осы ұшырулардан пайда болған суықтардың әсерінен туындайтын тұмау
және басқа да ауруларды емдеуге кеткен дәрі – дәрмектерге кеткен халықтың
шығынын кім көтереді? Және осы космостық ұшырулардан кейін пайда болатын
дауылдар мен қарлы борандардың зардаптарын жоюға, қар басқан үйлер мен авто
және темір жолдарды аршуға кеткен шығындар қанша болады? Жабайы аңдардың
(ақбөкен, киік, арқар, таутеке, жайран т.б.) көктемде төлдеп жатқанда үсіп
өлген шарана- жандықтарын кім есептеп жатыр? 
Ұлы Жасаған иеміздің бізге берген жайлы табиғатының арқасында, осы
оңтүстік өңірлерінде 1957 жылға дейін жылына екі рет ауыл шаруашылық
өнімдерін алып келген. Ал енді осы жерлерімізден осынша уақыттан бері
алынатын өнімдерді, жоғалтқан табыстарды кім есептеп жатыр? Мұның ең
сұмдығы, ауа құрамындағы тіршіліктің көзі оттегінің азайып кетуінде,
медицинаның шамасы келмейтін ауруларды көбейтуінде болып отыр.
Байқоңырды үкіметіміз 50 жылға Ресейге жалға берді. Олардан алатын жылақы
бар болғаны 115 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоғарыда атап өткен жалпы
шығын-дардың бәрін қосқанда бұл жал ақыға төленетін қаржының түкке де
тұрмайтындығы белгілі. Аумағы алты мың шаршы километрден астам жерді алып
жатқан Байқоңыр кос-модромынан Қазақ Еліне, бүгінгі күндері зияннан басқа
ешбір пайда түсіп жатқан жоқ. Өткен сандарда және жоғарыда аталып өткен
Байқоңыр зардаптарынан табиғатымыз бен халқымыз енді қашанғы азап шекпек?
Қасіретті көп көрген көп ұлтты халқымыз қашанғы басқа елдің зертханасындағы
тәжірибе үшін жаралған көжектердің күйін кеше береді? Осы елдің егесі бар
ма, бар болса неге оны, яғни Назарбаев мырзаны бірінші, елдің мүддесі
ойландырмайды? Адам баласына күнделікті нанынан басқа, таза ауа, таза су,
экологиялық жағынан таза өнімдер керек емес пе?
Америкадан бастап, космостық державалар космодромдарын теңіз жағасына,
мұқит ортасындағы аралдар мен атоллдарға орналастырады, себеп жоғарыда
айтылған жалпы эколгиялық зардаптарды мейлінше азайту. Атлант мұқиты
жағасында орналасқан Флорида штатында орналасқан космодромнан ұшқан әрбір
космос кемесіне, НАСА сол штатқа 85 миллион доллар экологилық компенсация
төлейді. 
Ресей құрылықтардағы космодромдардың табиғат пен тіршіліктің қас жауы
екенін ескеріп, өз жеріндегі космодромдарын, Қиыр Шығыстағы Свободный мен
Архан-гельск облысындағы Плецескіні теңіз жағаларына орналастырған.
Құрылықтағы Байқоңырдан коммерциялық ұшырулар, қосымша табиғатты
қорғауға, тасымалдау және басқа да шығындарды олар үшін көп азайтады, әрі
жергілікті халықтың экологиялық ақпараттардан мүлдем хабарсыз екенін, және
өкіметіміз арттарынан жүгіріп жүргесін Ресей, әрине, өз жері емес, қуана-
қуана, әрбір күнді тиімділікпен пайдаланып қалуға ұтылуда. Бүгінгі күндері
Росавиакосмос агенттігі, 2010 жылға дейін Байқоңыр жерінен коммерциялық
ұшырулардан, 40 млрд. АҚШ долларынан астам пайда табуды жоспарлаған
болатын. 
Кешегі одақ кезінде, космосқа шығып келген космонавтар мен сол аймақтарда
қызмет атқарған үлкен шенді әскерилер Кисловодскі курорттарында жылына 2-3
ретке дейін ем қабылдап, ерекше бақылауда болып, оларға сол жерлерден
тұрақты түрде тұруға үйлер берілетін және қазір де солай, тіпті кейбірі
алыс шет елдерде денсаулықтарын түзеуде. 
Қорғанысқа келетін болсақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ядролық қарудан
өз еркімен бас тартқан Қазақстанға, ядролық клубқа кіретін елдердің біздің
елдің алдында берген кепілдік-міндеттемелері бар екенін үкімет неге
ұмытады, жерімізде ядролық қаруды жеткізетін құралдарды сақтау мен ядролық
қаруы бар елдің бірі Ресейге сол қаруларды сынатып қою қандай логикаға
жатады, қандай саясатқа негізделген? Сыртқы саясатта көп векторлы бағыт
жүргізіп жатқан біздің елімізге, әскери блоктарға қосылмай-ақ бейтарап
саясат жүргізгені дұрыс емес пе?!. 
Соншама зиян келтіріп жатқан космодромды Ресейге 50 жылға жалға беруді
созған өкіметіміз қандай мақсатты негізге алды?- деген осындайда заңды
сұрақ туады. Ал ракета сынықтары түсіп жатқан жоғарыда аталған зоналарға
төленетін өтем-қаржы есептелген бе, жоқ әлде космодромға төленетін жылдық
115 миллион долларлық жалақысының ішіне кіреме? 
Біздің өкімет басшыларымыз да, бизнесмендер де экологиясы нашар Қазақстанда
емес, алыс шет елдерде демалыстарын өткізіп жүргенін, мерзімді БАҚ-нан
естіп те, көріп те жүрміз. Ал экологиялық қиын зардаптарды, сол аймақтарда
кедейшілік жағдайында тұратын, күнделікті рациондары негізі нан мен шайдан
тұратын, тойып тамақ ішпейтін, қарапайым халық тартуда.
Жерімізді тозаққа айналдырып, еліміздің қауіпсіздігіне қатер төндіріп
отырған тажал-космодромның қандай қажеттілігі бар? 
Бүгінгі күндері ескі, есептен шығарылған, қолдану мерзімдері әлдеқашан өтіп
кеткен қоршаған ортаға аса қауіпті салмағы 700 тоннадан астам Сатана –
Протондарды, салмақтары 300 тонналық Союзды, 459 тонналық Зенитті, 207
тонналық Днепрді, 2360 тонналық Энергия – Буранды және басқа да аса
ауыр әскери зымырандарды қазақ жерінен ұшыруға тиым салатын уақыт жетті деп
есептейміз.  
Өткен жылдары, яғни 2008 жылдың 6 қыркүйек күні Протон–М ракетасы
құдай сақтап Жезқазғаннан 40 шақырым жерге асып барып құлап түсті. Соңғы 6
жылда бұл ракеталар 10 рет құласа, енді әбден тозығы жетіп ескірген
бұлардың құлауы ендігі жерде жиілей бермек.  
Жоғарыдағы жайларды қорыта айтқанда, еліміздің, жеріміздің, мемлекетіміздің
экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп сақтау үшін, төмендегі іс-
шараларды жүзеге асыру қажет:
1. Елімізде орналасқан Байқоңыр космодромынан және Сарышаған, Ембі,
Мұғаджар және басқа да Ресейге жалға берілген ракеталық-әскери
полигондардан Ресейдің Протон, Зенит, Союз, Днепр типтес, және
гептил отынын қолданатын басқа да ауыр зымырандарын ұшыруға қатаң тиым
салу; Қазақстанға көршілес Ресей облыстарында орналасқан космостық – сынақ
полигон алаңдарынан, яғни Ясный (Орынбор), Капустин Яр (Астрахань) мен
Плецескіден (Архангельск) Қазақстандағы нысана - полигондарға ракеталарды
сынақ – жаттығу үшін атуды үзілді – кесілді тоқтату;  
2. Байқоңыр космодромында кезекшілікте тұрған Ресейдің барлық
стратегиялық ядролық зымырандарының және жойылуға тиісті Сатана
зымырандарының барлығын, оның компоненттерімен қосып Қазақстаннан тыс жерге
әкеттіру;
3. Қазақстанның кез - келген жерінде орналасқан Байқоңырдан ұшатын
космос пен басқа да зымырандарда пайдалануға тиісті оттегіні ауадан бөліп
алатын қондырғылардың жұмыстарына тиым салу. Оның орнына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Байқоңыр» ғарыш аймағы
Байқоңыр ғарыш айлағы
Байқоңыр ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы
Байқоңырдың экологиялық проблемасы
Ғарышты игеру
Ғарышты игеру. Байқоңыр
Тарау «байқоңыр» ғарыш айлағының құрылуы және ресейге жалға берілуі
Ғарыш кеңістігін ғарыш қалдықтарынан тазарту — өзекті мәселе
Экология жəне табиғат қорғау мəселесі
Қазақстан және Орта Азияға Аралдың маңызы
Пәндер