Бала неше жаста
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2–3
1. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-10
1. Отбасы туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-6
2. Отбасының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 6
3. Отбасы
дағдырыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 6-8
4. Отбасында баланың жас және психологиялық даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .9-10
1. Тәжірибелік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...10-34
1. Ата – аналар мен бала арасындағы қарым-қатынастарды зерттеуге арналған
әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...10-28
1. Э.Г.Эйдемиллердің ЖТТ (Отбасылық тәрбиелеудің талдамы)
Сауалнама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1 0-18
2.1.2. Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы
(А.Я.Варға, В.В.Столин) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18-22
2.1.3. Ата-аналарға арналған сауалнама Балаларды тәрбиелеу
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22- 28
2.2. Ата-аналармен өткізілетін тренингтер ... ... ... ... ... ... ... ... ..28-33
2.3. Ата-аналар және балалармен өткізілетін жаттуғылар ... ... ... ...33-34
3. Қолданған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Кіріспе
Кейде өмірде болашақ ата-ана бала тумай жатып, оның қандай болатыны, қалай
өсетіні, немен шұғылданатыны туралы жоспар құрып қояды... Біраз уақыт өткен
соң ата-анасы оның ӨЗГЕШЕ екенін түсінеді!? О, Алла!? Көңілдері қалады,
күйінеді, ренжиді. Осының барлығы баланың, өзінің, атасы мен апасының,
жұбайының, мұғалімдерінің ... және басқаларының басына төгіледі. Жағымсыз
сезімдер шығу жолын іздейді... бұрынғы көзқарас қатырма қағаздан жасалған
үй сияқты қирай бастайды... Көбінесе осындай жағдайдағы ата-аналар бізге –
психологтарға келеді.
Өздерінің бұрынғы армандарына ой жүгіртіп саралай келе, олар өз
баласының ойдан жасаған бейнесі мен өмірдегі болмысының арасындағы
сәйкессіздіктен қанағаттанбаушылық сезінетінін түсінеді. Шынайы көрініс
қиялмен алмастырылады. Шынайы бала мен айналасындағы шынайы адамдар туралы
түсінік көзқарастың, мақсаттың әсерінен бұрмаланады, Герда мен Гай туралы
аңыздағы айнаның сынығы Кайдың көзі мен жүрегіне түсіп кетіп, оның өмір
туралы, жақсылық пен жамандық туралы көзқарасын бұрмалағаны сияқты,
көңілдің қисық айнасы жұмыс істей бастайды. Осыған сәйкес, өзіне және
өзгелерге деген талап күшейеді, сәйкессіздік пайда болады.
Осы кезде бала өзін қалай сезінеді? Нені уайымдайды? Кез келген бала
өзінің жақсы бейнесіне қолдау көрсеткенін қалайды. Бұл қолдау жақсы
көретін ересектер тарапынан, көбінесе ата-анасы жағынан болуы керек. Бірақ
жақсы көретін бұл ересек адамның өз баласынан көңілі қалғандықтан, қажет
қолдауды көрсетуге қабілетсіз болады, көбінесе тек өзінің наразылығын ғана
көрсетеді. Дәл осы жағдай қарым-қатынастың ушығуына әкеп соғады. Өкінішке
орай, ақыл-ойының әлі толық жетілмеуіне байланысты бала өзінің қолдау мен
махаббатқа зәру екенін сөзбен айтып жеткізе алмайды, сондықтан ол
ересектермен клиникалық психологияда белгілер деп аталатын түрлі
аурушаңдықтың көріністері бар түсініксіз тілмен сөйлеседі. Бұл белгілер
тілінің түсініксіздігі сонда, ол физиологиялық тегі жағынан ауру сияқты
болып көрінеді, сондықтан да ата-аналар оны ушыққан қарым-қатынастан
туындаған ішкі сезім қиналысының белгісі ретінде қабылдамайды. Мысалы,
асқазан жарасы, гастрит, демікпе, суық тию сияқты психосоматикалық аурулар
немесе тұтығу, энурез, сезім тұрақсыздығы, есінен тану, ұстама сияқты
невротикалық бұзылыстар түрінде болуы мүмкін. Сондықтан, ата-аналар, абай
болыңыздар! Кез келген тұмау суық тигеннің белгісі емес, баланың жылап
таусылмаған көз жасының куәсі болуы мүмкін!
Сонымен, біз сөз етіп отырған бұл белгілер отбасы қарым-қатынасындағы
психоэмоционалдық ширығудан туындайды. Өйткені, өзінің жақсы бейнесін
сақтап қалу үшін жақсы көретін ересектер тарапынан қолдау таппағандықтан,
баланың психикасына қорғану тетіктерін күшейтуге тура келеді. Басқаша
айтқанда, бала ішкі түйсігімен ата-анасы оның қандай болғанын қалайтынын
сезінеді де, соған икемделеді. Соның салдарынан өзінің ішкі талабы мен
тілегіне қарамастан баланың Мені жалған жолмен дамиды.Басқаша айтқанда,
бала өзінің нағыз, шынайы тілегін жете түсінбейді, сондықтан ол оны басқара
алмайды. Мысалы, бала ашулануға және өзінің ызасын көрсетуге қорқуы мүмкін
де, өзін қорғау үшін ашу-ызасын көрсететін сәттерде мұндай бала оған
қабілетсіз болады. Қайта керісінше, жәбірсіз жағдайларда өзі де
күтпегендей, ызақорлық пен агрессияға баруы мүмкін. Мұндайдан шошыған бала,
бұл сезімдерді өз пайдасына асыруға үйренудің орнына, сондай сезімдерді
басып тастауға тырысады.
Сонымен, біздің алдымызда өзінің баласына қанағаттанбаған ата-ана мен
әзірге өзін және болып жатқан жағдайларды күңгірт түсінетін бала тұр. Кейін
бала өскенде өзінің ата-анасымен қарым-қатынасын Менің ата-анамның үнемі
бірдеңеге көңілі толмайтын, меніңше, олар мені жек көретін, олардың менде
ешқандай жұмысы жоқ болатын, немесе олар мені өте жақсы көретін, бірақ
менен ештеңе шықпады, мен үнемі бәрін бүлдіретінмін деген сияқты сөздермен
суреттейді.
Түңілген ата-аналар жағдайында, балалар да түңіледі. Үміт үздіргіш
дәл өзі деп сезінген бала бұл сезімнен есейгенде де айыға алмайды.
1. Негізгі бөлім
1. Отбасы туралы жалпы түсінік.
Отбасы жүйесін біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады,
белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады.
Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы ( жеке адамдар:
күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен
тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ
диада ері-әйелінен құралады; үшінші топ – сиблингті, төртінші топ ата-ана
диадасы – баладан құралады. Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі
шекара, қажеттілік және үміт етулері болады. Отбасы жүйесі дұрыс
теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін
болады. Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен,
көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.Отбасының
түрлі жүйеді және сыртқы ортада өзара әрекет көрсеткіштері
1шеңбер. центр- - мен немесе индивид
2- шеңбер: ері-әйелі жүйе бөліктері.
Ата-ана-бала жүйе бөліктері:нуклеарлы отбасы; сиблинг жүйе бөліктері.
3-шеңбер;аға-әпкелері; апа-аталары; екі ата-анасы бар кеңейтілген отбасы;
немере аға- әпкесі;
4-шеңбер: денсаулық сақтау жүйесі; әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі;
демалулар мен көңіл көтерулер; жұмыс; тәртіп және құқық сақтау жүйесі; діни
жүйе; әскери жүйе,көршілер;білім беру жүйесі;саяси жүйе.
2. Отбасының қызметтері.
Отбасы қызметі - құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты.
Отбасы тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым –
қатынас сипатына да әсер етеді.
Отбасы қызметі негізі екі тұрғыда қарастырылады:
1. әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі
өзекті міндеттер.
2. Отбасында көрініс алатын мінез – құлық феномені және процестері.
Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты
қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы
мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі,
балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік,
эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру,
бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-
ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір
кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің
дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің
арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау
жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік –
психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген
отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір – біріне
психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.
Баланың ата – ана және құрбыларымен қарым – қатынаста болуы әлеуметпен
кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір
әлеуметтік мінез – құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне
үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы – құрдастарымен
қарым – қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие
екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан
жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының
тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде
меңгерген іс - әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін
айқындайды.
3. Отбасының дамуы.
Отбасы психотерапиясында қолданылатын жүйелі ықпал ету –отбасының әрбір
мүшесі дамудың қандай сатысында болса, онда отбасы толықтай сол деңгейде
деген болжам жасайды. Мүдделі жағдайда отбасы мүшелерінің дамуы және жүйесі
екеуі өзара байланысты болуы мүмкін. Алайда, көптеген жағдайда ол
патологиялық сипатқа ие. Мысалы, 15 жасар жеткіншек қыз перзентті болды деп
елестетіп көрейікші. Бұл жеткіншек жас кезеңі, балада әлеуметтік тәжірибе
белсенді меңгеріліп, өзіндік сана қалыптасатыны бізге белгілі. Егер
жеткіншекке басқа бір адамға деген жауапкершілікті алу ауыртпалығы
жүктелсе, онда ол өзінің жеке мәселесін екінші орында ысырып қоятын болады.
Сондай – ақ жеткіншектің ойлары мен көзқарастары амбиваленттілікпен
сипатталады. Жеткіншектер үлкендер тарапынан көрсетілетін нақты қолдау мен
қамқорлыққа мұқтаж, бастысы тәуелсіздікке ұмтылады. Осылайша, жеткіншектің
басқа бір адамның жағдайын жасау қажеттілігі, оның дамуын айтарлықтай
қиындататын болады.
Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше
кезеңдерден өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың құрылуынан басталады да,
бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы,осылайша жаңа деңгейлерге
өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп
– бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата – анамен бала
арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне
ата – ана тарапынан тәуелсіздік алу процесіне,оның мәні мен міндеттерін
қайта қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде,
ерлі – зайыптылар жеке қалып, бағып – қағу ауыртпашылығынан құтылады.
Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп-
жетілуіне орай ата – ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке
дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата –
аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл
ішінде өздерінің өмірін баланы бағып – қағуға арнап, көбіне басқа
қажеттілік пен ролдерге қатысы жоқтай сезінеді.
4. Отбасы дағдарыстары.
Отбасы психологиясында- өмірде кездесетін дағдарыстың кез – келген
түрі қалыпты деп есептеледі.
Алғашқы некеге тұрудың өзі - дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға
дейін жастар бір – бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір
сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты
үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше Ұқсастық дағдарысына соқтыруы
мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда
болады. Бұл ерлі – зайыптылардың бір – біріне бейімделу кезеңі –алғашқы
жылда жыл бойына созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай
некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа
ерлі – зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып,
түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ
сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге
өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың
туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып,
махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді,
отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен
айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың
жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды,
баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.
Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты
болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты
көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата – ананың
мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада
кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан
байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды,
өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен
туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті
төзімділік талап етіледі.
Қарым – қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе
мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық
жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал
көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана
қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле
бастайды.
Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың қатар келуі:
жеткіншек жас дағдарысы және ата – ананың 40 жастық дағдарысы болып
табылады. Бұл кезеңде ата – аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал
баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың
қызуғушылығын ата – ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл
осы кезде пайда болады.
Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл – ерлі – зайыптылардың
бір – бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін
кәсіби іс - әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын
болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса,
онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын
сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын
деп, өзін жаңа әлеуметтік және жыныстық қарым – қатынаста көрсетуге, әліде
болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.
Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей
бөлінуге, қарама – қайшылықтарға әкеліп соғады.
Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл бірге өмір
сүрген 10-15 жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші
өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.
Одан әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты –
дағдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата –ана бала
болашағының қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық
тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз
етуге ұмтылдырады.
Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз - өзіне қол жұмсауға бару дәл
осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата – ана
қамқаорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып
кететіндіктен, ерлі – зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі –
зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым – қатынасқа дайын
болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.
Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы:
соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі – зайыптылардың бірінің
кенеттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелерінің өмірден
кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқты жағымсыз әсер ететін жағдайларға
кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез – келген
отбасы көтере білмейді , міне сол кезде отбасының құлдырауы – ажырасуы орын
алады.
Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар,
жеңілгендер, аман қалғандар.
Жеңімпаздар ата –анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол
жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын әкеммен
бірге тұруға кетіп қаламын деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар
тарапынан назар аударуды күшейтеді.
Жеңілгендер. Бұл жағдайға байланысты қайғыруы жеңілген балалар. Отбасында
қалған адамның оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының
кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды.
Аман қалғандар бұл барлық ауыртпалықты белсенді түрде басынан өткен, оған
қоса өз жақындарына, басқа адамдарға деген қатынаста зейінді, сезімтал бола
білген балалар. Осындай соққылы тәжірибеден бала жақын эмоционалдық
қатынастың қажеттілігін түсінеді.
1.5. Отбасында мектепке дейінгі балалардың психологиялық даму
ерекшеліктері.
Отбасында баланың даму ерекшелігін зерттеуде соңғы кезде авторлар,
жас ерекшелік кезеңдерін, даму заңдылығын ескеру арқылы, өз кезеңдік көз-
қарасында қосуда. Алғаш психоанализде жас ерекшелік кезеңдеріне әсіресі
балалық шаққа көп көңіл бөлген З.Фрейд болды. Фрейдтің пікірі бойынша
жыныстық құмарту- адам дамуының басты белгісі болып табылады.Бір жасқа
дейін эрогенді аймақта жағымды түйсінуге жету бөлігіне ауыз қуысы мен тіл
сілекейі жатты. Осы негізге сүйене нәрестелік –оралды кезең деп аталды.
Бір жас пен үш жас аралығында эрогенді аймақ болып ішектің сілекей қабаты
қаралды. Бұл аналды кезең деп аталды.Бала бұл жаста сүйкімді және
жекелік тазалық, қыңырлық, тұйықтық агрессиялық ерекшеліктерді, меңгере
бастайды. Келесі фаллистикалық кезең (3-5 жас) деп аталады, балада жыныстық
құмарту жоғарғы деңгейде көрінеді. Фрейдтің жолын құушы Э.Эриксон да
өзінің кезеңдік бөлу негізіне басқа да белгілер енгізді. Бала дамуы өмір
сүрген ортасынының мәдениеті мен экономикалық деңгейіне байланысты. Әрбір
келесі кезеңге сәйкес дағдарыстың берілуі қоғамдағы негізгі элементке
жатады, оның қарапайым себебі адам институты мен өмірлік даму циклы бірге
эволюцияланған болып табылады.
Бірінші кезең (туылғаннан бір жасқа дейін ) негізгі сенім сенімсіздікке
қарама-қарсы деген атқа ие болды. Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы
жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына
қажеттіліктерін қанағаттандыруда өз қамқорлығын, сүйіспеншілік пен
мейірімділік танытса бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-ірекетінің
басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді. Нәресте қоршаған әлемге сеніммен
қарауға үйренеді, ал бұл болмаса бірқатар бұзылыспен ауруға әкеп соғады.
Екінші кезең, бір жастан-үш жасқа дейінгі жас кезеңіне сәйкес келеді,
ұятқа қарама-қарсы автономия деген атқа ие болып, оның аяқталуы Мен
өзім дағдарысын туындатады.
Бала дамуының қарқындылығы оны дербес етеді. Ата-аның бақылау жасау,
шектеу, тыйым салуы жиілей бастайды. Тұрақты түртпектеу баланың өз
қажетсіздігін сезінуге негіз болады. Шектен шығара ұялту жасанды мінез-
құлыққа әкеледі, егер бұл ұялу сезімін жоймаса, онда жасырын шешім
шығарудабала қалайда жағдайдан шығуға талпынады. Бала осы жастың өзінде
секем алу және ұялу сезіміне ие болып, қоғамға балалық қарғыс және ауыр
сөздер арқылы үндеу тастайды. Сондықтан да ата-ана міндеті- бала жеке басын
сыйлау және мөлшерден тыс басынбау болып табылады. Осы жағдайда ғана балада
әділеттік қалыптасып, кінәлілік сезіміне қарсы белсенділік деген жас
ерекшелік даму кезеңіне қоғамның толыққанды мүшесі болып енеді.
Үшінші кезең бастамашылдық немесе кінәлілік сезімі 4-5 жаста балада
айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және оған
қалай әсер етуге болатынын біле бастайды. Олар үшін әлем шынайы және
қиялындағы адам мен заттан тұрады. Жалпы зерттеушілік іс-әрекеті нәтижелі
жүзеге асқанда, олар айналасындағы адам мен затпен конструктивті тәсілде
қатынас жасауға үйренеді және бастамашыл бола бастайды. Алайда оларды қатаң
сынап және жазалайтын болса, олар көптеген іс-әрекетінде өзін кінәлі
сезінуге әдеттенеді.
2. Тәжірибелік бөлім

әдістер.

сауалнамасы
ЖТТ сауалнамасы отбасылық тәрбиелеудің түрлерін диагностикалау және
оны бұзуының сипаттамасы. Отбасылық тәрбиелеу бұзылуының келесі түрлері
диагностикаланады:
І. Деңгей протекциясы – бала тәрбиесіне ата-ананың қанша күш және уақыт
бөледі:
1) гиперпротеция (тым артық) – Г+ шәкілі;
2) гипопротекция (жетіспейтін) – Г- шәкілі.
ІІ. Қажеттілктерді қанағаттандыру дәрежесі – баланың қажеттіліктерін
қанағаттандыруда ата-ананың қандай мөлшерде қызмет жасайды.
1) теңдесу ыңғайы (баланың барлық қажеттіліктерін жоғары деңгейде және
қарсыласпай қанағаттандыруға ата-аналардың ұмтылуы) – У+ шәкілі;
2) баланың қажеттіліктерін елемеулік (баланың қажеттіліктерін
қанағаттандыруда ата-ананың ұмтылуы жеткіліксіз) – У- шәкілі.
ІІІ. Отбасында балаға талап деңгейі. Олар міндеттері, жаза, тыйым салу
түрінде шығады.
1) Міндет-талаптарының артықшылығы психожарақат қауіпін көрсетеді –
Т+ шәкілі;
2) Міндет-талаптарының кемшілігі баланы белгілі бір жұмысқа тартуды
қиындатады – Т- шәкілі;
3) Тыйым салу-талаптарының артықшылығы эмансипация реакциясын
қалыптастырады немесе үрейлі күмәншіл акцентауция және
сенситивті дамуына келтіреді – 3+ шәкілі;
4) Тыйым салу-талаптарының кемшілігі мінез-құлықтың тұрақсыздық,
гипертимдік түрлерін дамуын ынталандырады – 3- шәкілі;
5) Мақұлдаудың артықшылығы – іс-әрекеттін кішкене де болса
бұзылуына әрекеттену артықшылығы – С+ шәкілі;
6) Мақұлдаудың кемшілігі – мадақтауға үміттену, кез келген
жазалаудың нәтижелілігінде күмәндану – Н шәкілі.
Нәтижелер кесте түрінде дайындалады:
Отбасы тәрбиелеу түрлерінің диагностикасы
Бұзу сипаты Жақтау Қажеттілікті Қойылған Тайым Мақұлдау
деңгейі қанағаттандыру талаптар салу қаталдығы
толықтығы дәрежесі дәрежесі
Отбасы тәрбиелеу П(Г+Г-) У Е З С
бұзуды түрлері
Потворствті + + - - -
гиперпротекция
Басым + ± ± + ±
гиперпротекция
Сезімдік терістеу- - + + +
Қаталдық - - ± ± +
Гиперпротекция - - - - ±
Моральдік - - + ± ±
жауапкершіліктің
артықшылығы
Жауаптар бланкісі
V 21 22 41 42 61 62 81 82 Е± 7 Г- 8
X 23 24 43 44 63 64 83 84 У+ 6 У- 4
4
5 25 45 65 85 Т+ 4
6 26 46 66 86 Т- 4
7 27 47 67 87 З+ 4
8 28 48 68 88 З- 3
9 29 49 69 89 С+ 4
10 30 50 70 90 С- 4
11 31 51 71 91 Н 5
12 32 52 72 92 РРЧ 6
13 33 53 73 93 ПДК 4
14 34 54 74 94 ВН 4
15 35 55 75 95 ФУ 6
16 17 36 37 56 57 76 77 96 НРЧ 7 ПНК 4
18 38 58 78 97 98 ВК 4
19 39 59 79 99 ПМК 4
20 40 60 80 100 ПЖК 4
101 107 113 119 125 г+
102 108 113 120 126 г-
103 109 115 121 127 у+
104 110 116 122 128 РРЧ
105 111 117 123 129 ФУ
106 112 118 124 130 НРЧ
Бала неше жаста
Валидизация әдісінің барлық шәкілдерінің мәліметтері: г=0,56; ро=0,60:
п=180; р=Ж=0,01: р0.01.
Ескерту: + тәрбиелеу түрінің артықшылығын анықтайды; - кемшілігін
анықтайды; ± тәрбиенің бүл түрінде артықшылық та кемшілік те болуы мүмкін.
Тәрбиелеу түрінің бірнеше түрі тұрақты үйлесуде болса, бұл
тәрбиелеудің мақсаттылық типін береді.
Отбасылық тәрбиелеу бұзушылықты таптастыру келесі түрде болады:
Потворсттік протекция (Г+, У+, Т-, 3-, С- шәкілдерінің үйлесуі).
Жеткіншек отбасы назарының ортасында, олар баланың барлық қажеттіліктерін
жоғары деігейде қанағаттандыруға тырысады. Бұл тәрбиелеу түрі жеткіншекте
гипертимдік және қыр көрсеткіш мінез-құлқының дамуына әкеліп соғады.
Басым гиперпротекция (Т+, У±, Т±, 3±, С±). Жеткіншек әлі де отбасы
назарының ортасында, олар балаға барлық күш-жігерін жұмсайды, баланы
тәуелсіздіктен айырады, көптеген тыйымдар мен шектер қояды.
Сезімдік терістеу. (Г±, У-, Т±, 3±, С±). Бұл Золушка типтес
тәрбиелеу түрі.
Моральдік жауапкершіліктің артықшылығы (Г-, У-, Т+). Бұл тәрбиелеу
түрі балаға қойылған талаптардың артықшылығы мен ата-ананың оған деген
назарының кемшілігінің үйлесуімен сипатталады.
Гиперпротекция (гипоқолдау) (Г-, У-, Т-, 3-, С±).. Жеткіншек өзіне
өзі берілген, ата-анасы баланы бақыламайды, бала оларды қызықтырмайды.
Дұрыс тәрбиелемеу себептері алуан түрлі. Кейде бұл отбасы өміріндегі
теңбе-тең тәрбиелеуді қалыптастыруға кедергі жасайтын нақты бір жағдайлар
болып келеді. Жиірек ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің төмендігі.
Екінші жағдайда ата-аналардың жеке ерекшеліктері тәрбиелеу процесінің
бұзуына себепші болады. Көп жағдайларда ата-аналар бала есебінен өздерінің
жеке мәселелрін шешкісі келеді. Бұл мынада айқындалады:
• ата-ана сезім өрісінің үлкеюі (РРЧ шәкілі)
• жеткіншекте жас бала қылықтарын қалау (ПДК шәкілі)
• ата-ананың тәрбиелеу сеніміздігі (ВН шәкілі)
• баланы жоғалту қорқынышы (ФУ шәкілі)
• ата-аналық сезімінің дамымауы (НРЧ шәкілі)
• бала жынысына қатысты ата-ананың құрылуының жылжуы (ПЖК шәкілі -
әйелдік сапасын қалау, ПМК шәкілі – еркектік сапасын қалау)
• өзінің қажетсіз сапаларын жеткіншекке проекциялау (ПНК шәкілі)
• ерлі зайыптылар арасындағы жанжалды тәрбиелеу өрісіне шығару (ВК
шәкілі)
Қандай бұзылыстар ата-аналардың осындай қарым қатынастарын шақырады?
Артқан протекцияны немесе керісінше гипопротекцияны, сезімдік терістеу және
қаталдық. Тәрбиелеу түрінің қарама-қайшылығы да болуы мүмкін.
Сауалнамамен қолдану ережелері.
Ана немесе әке сауалнаманы толтырмай тұрып, олармен сенімді
психологиялық қарым-қатынас құруға талпыныңыз. Ата-аналар өзінің
жауаптарында ашық болуы тиіс.
Әр сұранушы жауапты тіркеу бланкісін және сауалнама текстін алады.
Сауалнама басында жазылған нұсқауды оқып, ата-аналардың бәрін дұрыс
түсінгеніне сенімді болыңыз. Жауапты тіркеу бланкісін толтыра бастаған
кезде артық ешқандай түсіндірулер немесе ұсыныстар беру қажет емес.
Нәтижелерді өндеу. Жауапты тіркеу бланкісінде бір шәкілде тиесілі
сандар, санауды тездетету үшін бір қатарда орналасқан. Белгіленген сандарды
санаңыз. Жауапты тіркеу бланкісінде тік сызықтан кейін әр шәкілге
диагностикалық мағынасы көрсетілген. Егер юелгіленген сандар саны
диагностикалық мағынаға жетсе немесе асып кетсе, онда тексерілуші ата-
ананың тәрбиелеуде ауытқу түрі анықталды деп есептеледі.
Сызықтан кейнгі әріптер – берілген әдістемелік ұсыныстарда
қолданылатын шәкілдердің қысқа аттары. Кейбір шәкілдер аттарының асты
сызылған: бұл көлденең жолдағы нәтижеге қосымша шәкілдегі нәтижені қосу
керек деген, қосымша шәкіл бланктің төменгі жағында көлденең сызықтың
астында орналасқан және негізгі шәкіл әріптерімен белгіленген.
Бірнеше шәкілдерде ауытқу байқалса, Отбасы тәрбиелеу түрлерінің
диагностикасын қолданған жөн. Бұл зерттелуші отбасының тәрбиелеуде ауытқу
түрін тура анықтауға көмек береді.
Ата-аналарға арналған ЖТТ сауалнамасы
Жеткіншек нұсқасы
Қымбатты ата-ана! Сізге берілген сауалнамада бала тәрбиелеудегі
бекітулер жазылған. Бекітулер нөмірленген. Сондай нөмірлер Жауаптар
бланкісінде де бар.
Сауалнамадағы бекітулерді кезекпен оқыңыз. Егер сіз бекітумен
келіссеңіз, Жауаптар бланкісіндегі бекітудің нөмірін дөңгелетіп
белгілеңіз. Егер таңдау қиынға соқса, нөмірдің үстіне сұрай белігісін
қойыңыз. Сауалнамада дұрыс немесе дұрыс емес бекітулер жоқ. Өзіңіз
қалай ойлайсыз, солай жауап беріңіз. Бөліп жазылған бекітулерге әкелер
жауап бермесе де болады:
1. Істегенімнің бәрін, балам үшін істеймін.
2. Баламмен бір қызық нәрсемен айналысу үшін, бір жерге бірге бару үшін,
қызық бір нәрсе туралы сөйлесу үшін менің уақытым жетпейді.
3. Басқа ата-аналар рұқсат бермейтін нәрсеге мен балама рұқсат етемін.
4. Балам маған сұрақтарымен келгенін ұнатпаймын. Өзі аңғарса жақсы.
5. Біздің бала басқа балалардан қарағанда үйдегі міндеттері көп.
6. Менің балама үйде тірлік істету өте қиын.
7. Ата-анасының көзқарасының дұрыстығын баланың ойламағаны дұрыс.
8. Балам үйге өзі қалаған уақытта келеді.
9. Егер балаңның адам болып өскенін қаласаң, оның бірде бір жаман қылығын
жазасыз қалдырмауың қажет.
10. Мүмкіндігінше баламды жазаламауға тырысамын.
11. Көңіл күйім көтеріңкі болған кезде баламның басқа уақытта жазаланатын
қылығын кешіремін.
12. Баламды жарымнан да жақсы көремін.
13. Жас балаларды жеткіншектерден қатты жақсы көремін.
14. Егер балам ұзақ уақыт қыңырланса немесе ашуланса, оған қарай жаман
қылық жасау сезімі туады.
15. Көп уақыт күткенімен, бізде бала болмады.
16. Баламен қарым-қатынас - өте бір қиын нәрсе.
17. Баламның кейбір қылықтары мен мінезі мені өзімнен шығарады.
18. Егер маған жарым кедергі болмағанда, баламның тәрбиесі әлде қайда
жақсы болар еді.
19. Әйелге қарағанда еркектің көбісі жеңілтек болады.
20. Еркектерге қарағанда әйелдің көбісі жеңілтек болады.
21. Менің балам мен үшін - өмірімнің ең маңыздысы.
22. Кейбір кездері баламның қайда жүргенін білмеймін.
23. Балама қымбат болғанның өзінде де қалаған киімін алып беруге
тырысамын.
24. Балам түсінксіз. Оған бір рет түсіндіргеннен, өзің екі рет істегенің
жақсы.
25. Кейде балама өзінің кіші інісіне (сіңілісіне, қарындасына) қарап
отыруға тура келеді.
26. Балама бір нәрсені істеуі туралы қайта-қайта есіне түсіремін, ақырында
барып өзім істеймін.
27. Ата-аналар өзінің кемшіліктері мен әлсіздігін балаларына білдіртпеуі
тиіс.
28. Менің балам кіммен дос болуы туралы шешімді өзі қабылдайды.
29. Балалар ата-анасын жақсы көріп қана қоймай, қорқуы тиіс.
30. Мен баламды өте сирек ұрысамын.
31. Біздің балаға деген қаталдығыңызда шамалы тербелістер болады. Кейде
біз өте қаталмыз, ал кейде бәрін рұқсат етеміз.
32. Балам мен күйеуімнен қарағанда, біз баламыз екеуміз бір бірімізді
жақсы түсінеміз.
33. Баламның ерте ертежетуі мені қатты ренжітеді.
34. Егер бала ауырып тұрғанда қырсықса, оның айтқанын істеген дұрыс.
35. Менің балам әлсіз және аурушаң болып өсті.
36. Егер менің балаларым болмағанда, мен өмірде үлкен биіктіктерге жететін
едім.
37. Мен қаншалықты күрессем де, менің баламның жойылмайтын әлсідіктері
бар.
38. Мен баламды жазалаған кезімде, менің жарым мені кінәлап баламды жұбата
бастайды.
39. Әйелдерге қарағанда, еркектер жұбайылық опасыздыққа бейім.
40. Еркектерге қарағанда, әйелдер жұбайылық опасыздыққа бейім.
41. Баламды қамқорлау уақытымның көп бөлігін алады.
42. Маған көп рет ата-аналар жиналысын өткізіп жіберуге тура келді.
43. Балама қаншалықты қымбат болса да қалағанының бәрін алып беруге
тырысамын.
44. Баламның қасында көп уақыт болсаң, қатты шаршайсың.
45. Мен балама көп рет маңызды және қиын жұмыстарды тапсырдым.
46. Менің балама маңызды жұмыста сенуге болмайды.
47. Маңыздысы – ата-ана баласын тыңдайға үйретуі қажет.
48. Менің балам темекі шегу шекпеуін өзі шешеді.
49. Ата-ана балаға қаншалықты қатал болса, соншалықты балаға жақсы.
50. Мен жұмсақ адаммын.
51. Егер менің балама менен бір нәрсе керек болса, ол менің көңіл күйімнің
көтеріңкі болған кездерді таңдайды.
52. Менің балам ержетіп мен оған керек емес болатынымды есіме түсірсем
қатты күйзелемін.
53. Бала есейген сайын, олармен жұмыс істеу қиын.
54. Көп жағдайда бала неге қыңырланады, өйткені ата-аналар балаға дұрыс
қатынас таба алмайды.
55. Мен баламның денсаулығы туралы көп уайымдаймын.
56. Егер менің балаларым болмағанда, менің денсаулығым жақсы болар еді.
57. Мен қаншалықты шара қолдансам да, баламның өте маңызды кемшіліктері
жойылмайды.
58. Менің балам менің жарымды ұнатпайды.
59. Әйелге қарағанда, еркектер басқа адамның сезімдерін түсіне бермейді.
60. Еркекке қарағанда, әйелдер басқа адамның сезімдерін түсіне бермейді.
61. Менің балам үшін менің өмірде көп нәрседен бас тартуыма тура келді.
62. Күнделікті тексермегенімнен баламның ескерту немесе екілік алғанын
байқаман күндерім болды.
63. Балама өзіме қарағанда көп қаражат жұмсаймын.
64. Балам менен бір нәрсе сұрағанын жақтырмаймын. Мен балама не керек
екенін өзім білемін.
65. Менің баламның балалық шағы басқа оның құрдастарына қарағанда қиын.
66. Үйде балам керек нәрсені емес, өзінің қалағанын істейді.
67. Балалар өзінің ата-анасын басқа адамдарға қарағанда қатты сыйлауы
тиіс.
68. Менің балам өзінің ақшасын неге жұмсайтынын өзі шешеді.
69. Мен балама басқа ата-аналарға қарағанда қаталмын.
70. Жазалаудың пайдасы жоқ.
71. Отбасы мүшелері балаға деген қаталдығы әр түрлі. Біреулері еркелетеді,
басқалары керісінше – қатты қатал.
72. Менің балам менен басқа ешкімді жақсы көрмесе екен деймін.
73. Мен баламды қазіргіге қарағанда, кішкентай кезінде қатты жақсы
көретінмін.
74. Кейбір кездері баламмен не істерімді білмеймін.
75. Баламның денсаулығының нашарлығынан, оған көп нәрсеге рұқсат
ететінмін.
76. Бала тәрбиелеу – ауыр және рахымы жоқ жұмыс. Оларға бәрін бересің, ал
орнына еш нәрсе ала алмайсың.
77. Менің балама жақсы сөз жәрдем бермейді. Оған әсер ететін бір ғана
нәрсе бар – үнемі қатал жазалау.
78. Менің жарым баламды өзіме қарсы қойғысы келеді.
79. Әйелдерге қарағанда, еркектер салдарын ойламай ақылсыз жұмыс жасайды.
80. Еркектерге қарағанда, әйелдер салдарын ойламай ақылсыз жұмыс жасайды.
81. Мен үнемі баламды ойлап жүремін, оның жұмысын, денсаулығын және т.б.
82. Баламның күнделігіне бірнеше аптаға бірден қол қоюға тура келеді.
83. Менің балам менен өзіне керектігін оңай алады.
84. Мен тыныш және сабырлы балаларды ұнатамын.
85. Менің балам маған көп жәрдем етеді (жұмыста немесе үйде).
86. Менің баламның үйдегі міндеттері аз.
87. Балалар ата-анасының айтқаны дұрыс емес екендігін білгеннің өзінде,
олардың айтқанын істеуі тиіс.
88. Менің балам үйден шығарда қайда кетіп бара жатқанын сирек айтады.
89. Ең жақсы жаза – белдік болатындай жағдайлар болады.
90. Баламның іс-әрекетіндегі кейбір жаман қылықтары өздігінен жасы келе
жойылды.
91. Баламыз бір нәрсені бүлдірсе, біз онымен айналысамыз, егер бәре жақсы
тыныш болса, қайтадан өз еркіне жібереміз.
92. Егер менің балам менің балам болмаса, ал мен жас болсам, мен баламды
жақсы көріп қалар едім.
93. Маған үлкен балаларға қарағанда кішкентай балалармен әңгімелескен
ұнайды.
94. Менің баламның кемшіліктеріне мен кінәлімін, өйткені дұрыс тәрбие бере
алмадым.
95. Тек біздің үлкен күшіміздің арқасында, баламыз аман қалды.
96. Баласы жоқ отбасыларға жиі қызығамын.
97. Егер менің балама еркіндік берсең, сол сәтте ол өзіне немесе
айналасындағыларға кесірін тигізеді.
98. Егер мен балама бәр нәрсе айтып тұрсам, жарым әдейілеп керісінше
сөйлейді.
99. Әйелдерге қарағанда, еркектер жиі өзін ғана ойлайды.
100. Еркектерге қарағанда, әйелдер жиі өзін ғана ойлайды.
101. Мен балама өзіме қарағанда көп уақыт пен күшімді жіберемін.
102. Мен баламның тірлігі туралы өте аз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz