Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құралу көздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Кәсіпорын ресурстар мен ақпараттар қозғалысының теориялық негізі

1.1 Кәсіпорынның экономикалық ресурстары

1.2 Ақпараттар қозғалысы түсінігі

1.3 Кәсіпорынның қаржы ресурстары

2 АКА ЖШС қаржылық жағдайын, ресурстардың ұйымдастырылуын талдау

2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы

2.2 Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құралу көздері

2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

3 АКА ЖШС-ның ресурстарын пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық
экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Сондықтан да бұл деңгейде
қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған байланысты
ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды
қолдану мәселелері маңызды болып отыр. Кәсіпорындардың
дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері
артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні
жоғарлады. Осының барлығы кәсіпорынның ресурстарын және оларды құру
көздерін тиімді пайдалануды талап етеді.
Курс жұмысының тақырыбы- "Кәсіпорында ресурстар мен ақпараттар
қозғалысын ұйымдастыру". Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның ресурстарының құрылу
көздерін, олардың құрылымын қарастыру, сонымен қатар кәсіпорынның
ақпараттар қозғалысы болып табылады.
Ресурстар – бұл экономикалық игіліктерді өндіруге пайдаланатын
факторлар. Олар материалдық және еңбек ресурстары болып бөлінеді.
Материалдық ресурстар – жер немесе шикізат материалдары және капитал.
Кәсіпорында өндіріс тиімділігін арттыру және еңбектің соңғы нәтижесі
тікелей еңбек ресурстарының пайдалану дәрежесімен қызметкерлердің
біліктілік деңгейіне байланысты.
Ақпарат істің жай-күйі және біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат,
мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Зерттеу объектісі - АКА ЖШС. Қазіргі таңда жан-жақты өнім түрлерін
өндіреді, тек қана өнім өндірумен айналыспайды, сонымен қатар қызмет
көрсетумен айналысады.
Кәсіпорын ресурстарын қалыптасуын және оны пайдалануын талдаған кезде
“АКА ” ЖШС мәліметтері, оның ішінде бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижелері туралы есеп қолданылды.

1 Кәсіпорын ресурстар мен ақпараттар қозғалысының теориялық негізі

1. Кәсіпорынның экономикалық ресурстары

Кәсіпорын өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін нақты жинақталған
экономикалық ресурстары немесе өндіріс факторлары болуы қажет. Экономикалық
ресурстар дегеніміз – тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшін
пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар және адамдарды өндіретін ресурстары.
Түрліше барлық ресурстарды түрлі көзқарастарда сәйкес топтастыруға
болады.
1. Материалдық ресурстар – жер немесе шикізат материалдары және
капитал
2. Адам ресурстары – еңбек және кәсіпкерлік қызмет.
"Жер" ұғымына жататын барлық табиғи ресурстар, егістік жерлер,
пайдалы қазбалар, орман, пайдалы қазба, кен орындары, су ресурстары.
"Капитал" немесе инвестициялық ресурстар ұғымы - тауар өндіру
және қызмет көрсету, оларды түпкілікті тұтынушыларға жеткізуге пайдалануға
арналған барлық өндірістік өндіріс құралдары (ғимараттар, құрылыс т.б.).
Өндіріс процесін және өндіріс құралдарын қорлануын инвестициялау,
яғни қаражат жұмсау деп аталады.
Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене
және адамдардың ақыл–ой қабілеттілігін көрсетеді.
Кәсіпорында өндіріс тиімділігін арттыру және еңбектің соңғы
нәтижесі тікелей еңбек ресурстарының пайдалану дәрежесімен қызметкерлердің
біліктілік деңгейіне байланысты. Кәсіпорындардың еңбек ресурстарының
әлеуметтік белсенділігі – жұмысшы күші болып табылады.
Жұмысшы күші дегеніміз – адамдар бойындағы физикалық және рухани
қабілетінің жиынтығы. Еңбек ресурстары еңбек процесінде физикалық және
рухани қабілетін жүзеге асырылу барысында жұмысшы күші болып табылады.
Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының құрамы тұрақты, маусымдық және
уақытша болып бөлінеді.
Еңбек ресурстары түсінігін анықтауда біріншіден, барлық халық жасына
байланысты тең емес үш топқа бөледі:
1.Еңбекке жарамды жасқа дейінгі жас адамдар(туғаннан 16-ға дейін)
2.Еңбекке жарамды жастағы адамдар;
3.Еңбекке жарамды жастан жоғары, яғни зейнеткерлер.
Екіншіден, адамдар еңбек қабілеттіліктеріне байланысты еңбекке
жарамды және жарамсыз болып бөлінеді.
Кәсіпорында өнім өндіруді жоғарлату қолданылатын ресурстарының санын
көбейту есебінен немесе оларды пайдаланудың экономикалық тиімділігін
жоғарлату арқылы қол жеткізуге болады.
Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайтын негізгі
экономикалық категориялардың бірі – еңбек өнімділігі болып табылады. Ол
өнім көлемі мен еңбек шығыны арасындағы арақатынасты білдіреді.
Еңбек өнімділігі – нақты жұмысшының жұмыс уақытында тұтыну құнын
жасауға қабілетті екендігін сипаттайды. Жұмыс уақытының бір бөлігінде
немесе бір жұмысшыға неғұрлым көп өнім өндірілсе немесе өнім өндіруге
неғұрлым аз уақыт жұмсалса, соғұрлым еңбек өнімділігі жоғары болады.
Еңбек өнімділігі нақты жұмысшының жұмыс уақытының бір өлшемінде белгілі
өнім мөлшерін өндіру қабілеттілігі. Еңбек өнімділігі жалпы өнім құнын бір
жұмысшыға не уақыт еңбек шығыны арқылы анықталады.
Барлық экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы бір
қасиетке ие, олар сирек немесе өлшеулі мөлшерде болады. Бұл қағида бойынша
қазіргі деңгейдегі экономикалық дамуда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз
етуде ресурстардың әлі де болса кем екендігін білдіреді, егістік жерлердің
пайдалы қазба байлықтардың өндіріс құралдардың, жұмыс қолдарының белгілі
бір шегі болады. Ресурстардың сирек кездесетіні салдарынан өндірістің өнімі
де мардымсыз болады, осыдан қоғам тауарлар мен қызмет көрсетудің
межелеген барлық мөлшерін ала алмайды.
Кез келген кәсіпорынның өндірістік-экономикалық іс-әрекеті
өндірістік ресурстарды заттай және ақшалай нысаны түрінде
қалыптастырудан басталады. Көрсетілген ресурстар оларды пайдалануда қалай
міндет жүктелсе, солай уақытына қарай бір-бірімен айрықшаланады.
Ресурстар сатылатын және сатып алынатын болғандықтан олардың
бағалары да болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының болашақ
нәтижесінің баға ресурстар нарығы ерекшеліктерінің жалпы барлық түрлері
олардың әрбір айрықшаларын қалай болса солай қамтиды.
Ресурстар нарығының ерекшеліктері – ең алдымен олардың шектелуіне
қарай өндіріс көлемінің өзінің және ресурстар ұсынысында да шектелуінің
қорытындысы болып табылады. Қоғам өндіруде мүмкіндігі болмаған жағдайда
тауар мен қызмет көрсету мөлшері тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыра
алмайды.

1. – сурет. Өндіріс факторлардың қосылуы

Экономикалық ресурстардың бағасы әр түрлі болып рыноктарда ұсыныс пен
сұраныстың ықпалымен сәйкестендіріліп үйлестіріледі. Ресурстар ұсынысы
олардың тікелей баға арасындағы байланысы мен нақтылы бар мөлшерін,
ресурстарды иеленушілердің мүдделеріне сәйкес олардың бағаларын жоғары
қоюын көрсетеді. Ал ресурстар сұранысы баға мен ұсыныс көлемінің арасында
қарама қарсы байланысты көрсетеді: егер де баға көтерілсе, онда
кәсіпорын ресурстарын аз сатып алады немесе оларды арзандау басқалармен
алмастырылады.
Ресурстарға сұраныстың ерекшелігіне қысқаша тоқталайық:
1. Ол дайын өнімнің сұранысқа деген туындысы болып табылады.
Демек, біріншінің өзгеруі ең алдымен екіншісінің өзгеруіне байланысты
болады.
2. Ресурстарға сұраныс еңбек өнімділігіне тәуелді. Оның дамуы
экономикалық ресурстарға деген сұраныстың серпініне байланысты. Яғни
орнындағы ресурстар мен қосымша ресурстар бағаларының өзгеруі.
3. Ресурстардың туынды сұранысы көбейеді, егер де өнімге
сұраныс көбейсе, дайын өнімді шығаруда еңбек өнімділігі артса, орнындағы
ресурстардың бағасы төмендесе немесе көтерілсе, қосымша ресурстардың
бағасы төмендейді.

Кесте 1 - Кәсіпорынның өндірістік ресурстары

Материалдық -заттай нысаны Ақшалай нысаны
Қабылданатын Нарықтық жағдайда
есеп-қисаптар
Жұмыс күші Еңбекақы қоры Ауыспалы капитал
Еңбек құралы(машина, жабдықтар, Негізгі қорлар Негізгі капитал
т.б)
Еңбек заттары (шикізат, Айналмалы қорлар Айналмалы капитал
материалдар, т.б)
Дайын өнім(тауарлардың қорлары) Айналыс қорлары Айналыс қорындағы
айналым капиталы
Өндірістің табиғи Айналымдағы ақша Ақша нышанындағы
жағдайы(жер,пайдалы қазба (есептесу шоты, айналыс капиталы
байлықтар, т.б) есептесу, касса)
Ресурстар Жарғылық капитал

Сұраныстың икемділігі мына төмендегі нысандарға байланысты:
• дайын өнімге сұраныстың икемділігі: ол неғұрлым жоғары болса,
соғұрлым ресурстардың сұраныстың икемділігі де жоғары болады;
• ресурстардың алмастырылуы: оларға сұраныстың икемділігі жоғары
болса, егер де баға өскен жағдайда оларды басқа ресурстармен алмастыруға
немесе артығырақ кәміл технологияны өндіріске енгізуге мүмкіндігі туады;
• жалпы шығындарда ресурстардың үлесі: егер де жалпы шығында
ресурстардың үлесі жоғары болса, ал ресурстарға баға өссе,онда бұл оларға
деген сұраныстың төмендеуіне әкеледі. Жалпы шығында ресурстардың үлесі
неғұрлым жоғары болса,соғұрлым сұраныс икемділігі де жоғары болады.

2. Ақпараттар қозғалысы түсінігі

Ақпарат термині латынның “information” деген сөзінен шыққан, яғни
қазақша баламасы “ түсініктеме, баяндама ”. Ақпарат істің жай-күйі және
біреудің іс-әзекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе
туралы мәліметтер жиыны. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейінқабылдау
механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен
нәрсе.
Мұндай анықтама ақрпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді:
синтаксистік, сематикалық және прогматикалық.
Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандайда бір қабылдап алушы кісі
үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынасқарастырылып, бұл жерде оның
мазмұны мен құндылығы ескерілмейді. Бұл ақпараттың сандық сипаты
Сематикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұның меңгеруге мүмкіндік
береді. Мәлімдеменің мазмұны-белгілі бір түрде реттелген білім болып
табылады.
Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын
жабдық ретінде, сондай-ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны
қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге кез
келген объектінің жағдайы туралы деректер, мағұлматтар жатады.
Есептеу техникасы тұрғысынан ақпарат ұғымы-оның жадында сақталып,
қажеттілігіне байланысты өнделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.

Жүйе деп- әртекті элементтер жиынының қойылған мақсаттарға жету
барысында біртұтас және біріктірілген ретінде бір уақыт мезетінде
қарастырыларын кез-келген объекті тусінуге болады. Жүйелер өзара құрамы
бойынша да, бастапқы мақсаттары бойынша да бір-бірімен айтарлықтай
ерекшеленеді. Информатикада жүйе түсінігі өте кен таралған және көптеген
мағыналы мәндерге ие. Атап айтқанда ол техникалық құралдармен бағдарламалар
жиынында өте кең қолданылады. Компьютердің ақпараттық бөлігі деп айтуымызға
болады. Сонымен қатар нақты қолданбалы есептерді шешуде құжаттарды
жүргізудің қосымша процедураларында және есептеулерді басқаруда
қолданылатын көптеген бағдарламаларды есептеуге болады. Жүйе түсінігіне
ақпараттық сөзін қосатын болсақ, оның құрылуымен функционалдануы, іс-қыймыл
жасауы мақсаты бейнеленеді.
Ақпарат жүйесі (А.Ж) дегеніміз - қандайда бір объектіні басқаруға
қажетті қоғамдық қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау,
сақтау жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер
және персоналдардың өзара байланысқан жиыны. Әрбір ақпарат жүйесі
ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпараттық
кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.
Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады:
-Ақпараттық–анықтамалық жүйелер;
-Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер;
-Ақпараттық-қадағалаушы жүйелер.
Ақпараттық-анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы
үшін дайындайды.
Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі
туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді
ұсынады.
Ақпаратты – қадағалаушы жүйелерде мәліметте,р адамның қатысуынсыз
ендіріліп, басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі.
Ақпараттық жүйелер термині автоматтандырылған жүйелер түсінігімен тығыз
байланысты. Автоматтанған ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеу үрдісінде
адамның да, техникалық құралдардың да қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндағы
басты рөлді компьютер алады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деп (А.
А. Ж) деп- ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдау үшін арналған
ақпараттардың экономика математикалық әдістерімен модельдердің техникалық,
бағдарламалық, технологиялық құралдардың және мамандардың жиынтығы.
Ақпараттық жүйелер құрылымын бағыныңқы жүйелер деп аталатын, оның
жекеленген бөліктерінің жиынтығын құрайды. Бағыныңқы жүйе дегеніміз-
қандайда бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі. Ақпараттық жүйенің
жалпы құрылымын қолдану сферасынан тәуелсіз бағыныңқы жүйелерді қарастыруға
болады. Бұл жағдайда қамтамасыз ететін деп аталатын бағыныңқы жүйелердің
классификациясының құрамдық бөліктері туралы қарастырамыз. Кез келген
ақпараттық жүйенің құрылымын қамтамасыз ететін бағыныңқы жүйелердің
жйынтығы түрінде ұсынамыз.
Ақпаратты қамтамасыз ету бағыныңқы жүйесі басқару шешімдерін
қабылдау үшін уақытында қалыптастырудан және нақты ақпаратты беруден
тұрады.
1. Ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз- құжаттамалар жүйесінің ұйымда
циркуляцияланатынақпараттық ағымдардың сызбасы жиынтығы және мәліметтер
қорын тұрғызу метадологиясы. Қажаттамалардың унифисирленген жүиесі
мемлекеттік, республикалық,салалық және аймақтық деңгейде құрылады.
Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі міндеті-қоғамдық өндірістің әртүрлі
сфераларындағы басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық
ақпараттытұрғызып, ұдайы жанартып отыру. Осындай мақсаттв құжаттаудың
унифисирленген жүйелеріне қойылатын талаптар орнатылған стандарттар
әзіленеді. Ақпараттық ағымдар сызбасы ақпараттың қозғаушы маршрутын және
алғашқы ақпараттын пайда болуымен нәтижелік ақпаратта қолданылатын орнын
бейнелейді.
2. Техникалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің жұмыс жасауы үшін арналған
техникалық жабдықтар кешені. Техникалық құралдар кешенініңн: кез келген
модельдегі компьютерлер , ақпаратты жинау, өңдеу, беру, шығару құрылғылары,
мәліметтерді беру құрылғылары және байланыс линиялары, ақпараттың автоматты
түрде алыну құрылғылары, эксплотацияық материалдар және тағы басқалар
құрайды.
3. Математикалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің мақсаттарымен
міндеттерін жүзеге асыруғаарналған математикалық әдістер, модельдер,
алгоритмдер және бағдарламалар жиынтығы, сонымен қатар техникалық құралдар
кешенін қалыпты функциялауға жағдай жасайды.
Математикалық қамтамасыз ету құралдарына:
-басқару үрдістерін модельдеу құралдары;
-басқарудың типтік есептері;
-математикалық бағдарламалау, математикалық статистика,массалық қызмет
көрсету теориялары және тағы басқалар жатады.
4.Бағдарламалық қамтамасыз ету- есептеу техникасын қолдау арқылы ақпарат
жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын бағдарламалар
жиыны. Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге- ақпаратты өндеудің
типтік есептерін шешу үшін арналған және қолданушыға бағытталған
бағдарламалар кешені жатады. Олар ақпаратты өңдеудің үрдістерін басқару
және бақылау, компьютердің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған.

1.3 Кәсіпорынның қаржы ресурстары

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы – біртұтас қаржы жұйесінің
құрамдас бөлігі. Елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, атап
айтқанда, материалдық өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар
қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. өйткені нақ сонда жиынтық
қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар –
халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық шығындары,
ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесі қамтамасыз етілетін бірден бір көздер.
Мемлекеттегі сияқты, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы тауар –
ақша қатынастары мен құн заңының нәтижесінде құралады. Тауар - ақша
қатынастарын қоғамдық еңбек бөлінісі, меншіктің алуан формалары
айқындайды. Жеке тауар өндірушілердің еңбек бөлінісінің дәрежесі әр
тұрлі, дербес кәсіпорындарды, олардың құрылымдық бөлімшелерін
айқындайды. Жекеленген тауар өндірушілер өздерінің еңбектерінің
нәтижелерінің өнімдерін, қызметтерін айырбастайды немесе тауардың құнын
көрсететін ақшаға сатады. Бұл қатынастар жиынтығы тауар – ақша
қатынастары болып табылады.
Кәсіпорындардың қаржысы ақша түрінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің
негізгі процестерін көрсетіп, экономикалық заңдардың талаптарына
сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді. Оларды мемлекет халық
шаруашылығын дамыту ұшін қажетті ақшалай табыстар мен қорларды бөліп,
пайдалануға қолданады. Кәсіпорындар, ұйымдардың дұрыс жолға қойылған
қаржысынсыз экономикалық дамуы мұмкін емес. Кәсіпорындардың қаржысы
халық шаруашылығын басқару жұйесінің, экономиканы өзгертудің аса
маңызды құралы. өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа
өндірістік қатынастармен бірге халық шаруашылығын басқаруға төменгі
буындардың шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы мыналар: кәсіпорындар,
ұйымдар, бірлестіктер, концерндер, ассоциациялардың салалық министрліктер
мен басқа шаруашылық органдардың, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс,
көлік, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау тұргын ұй –
коммуналдық қызметін жұзеге асырушы шаруашылық аралық, салааралық,
кооперативтік ұйымдардың ( оның ішінде ұжымдық шаруашылықтардың халыққа
қызмет көрсетудің, байланыстың, қоғамдық тамақтандырудың) қаржыларын
қамтиды.
Халық шаруашылығындағы әрбір саладағы қаржының техникалық
экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын айырмашылықтары бар. Сонымен
бір мезгілде халық шаруашылығындағы салалардағы кәсіпорындардың
қаржысын ұйымдастырудың негізгі принциптері бірдей. өйткені, бірыңғай
экономикалық заңдар, ортақ принциптерге негізделген. Мұның өзі
олардың барлығын бір бастапқы буынға біріктіруге мүмкіндік береді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысының өзіндік мәні және
көрінісінің сыртқы формалары бар және олар сан алуан. Олардың
беріктілігі біркелкі емес. Қаржының сыртқы формалары жиі
өзгертілуде. Мысалы, кәсіпорындардың мемлкеттік бюджетпен қарым –
қатынас формасы жиі өзгертіліп, жетілдірілуде: көп арналы
төлемдерден пайда салығына көшіріледі: қаржының бюджеттен шаруашылық
мұқтаждықтарын қаржыландырудың кері қозғалысы өзін – өзі
қаржыландырумен ауыстырылды; кәсіпорындардың ішкі қаржы қозғалысының
формалары өзгереді; бұл қатынастар нормативтік сипат алып шаруашылық
коммерциялық негіз алуда. Қаржы ресурстарының құрылымы, әдістері,
жұмсалу бағыттары да өзгеруде. Қаржының мәні де өзгеруде, ол
өндірістік қатынастары, олардың даму барысы, мемлекеттің шаруашылық
мәдени, әлеуметтік өмірлегі роліне байланысты. Қаржы қатынастары, ең
алдымен бөлістік қатынастар. Олардың бөліс жүйесінің өзгерістерге
ұшырап, өндірістің тиімділігін ынталандыруға ролі артуда. Қоғамдық
өнім мен ұлттық табысты бөлу әдістері мен формаларының өзгеруі
кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен және несие жүйесімен нарыққа
алу процесінде қаржы қатынастарын өзгертіп, олардың ғылыми –
техникалық прогресті жеделдету өндірістің өнімділігін артыруда
ынталандырушы ролін баса көрсетуде.
Кәсіпорындар қаржысының мәні жөнінде әзірге ортақ пікір жоқ.
Кәсіпорындардың қаржысын айқындайтын экономикалық қатынастар жүйесіне
не кіреді( Бір қатар ғалымдар тауарларды сатып алу, сату кезінде
және еңбекақы кезінде пайда болатын ақша қатынастарын қаржы
қатынастары деп қарауға болмайды, өйткені олар бұл қатынастардың
элементтері емес деседі. Алайда өндірістік қағиданың жақтаушылар
керісінше пікірде. өйткені өндірістегі қаржы қатынастары ұдайы
өндіріс кезеңдерін көрсететін экономикалық категория. Мысалы айырбас
кезінде өнімді өткізуден түскен түсімнен өнім беруші кәсіпорын
тұтыну және қорлану қорларын құрайды. Оның барысында өнім беру
шартының талаптары орындалмаса, екі жақ бір-біріне қарыздар болса,
тиісті қаржы айыптары қолданылады. Еңбекақы, сыйлықтар төлеу
барысында туындаған ақша қатынастары арнайы қорлар (тұтыну, еңбекақы,
айналым қаражаттарын) құрып, жұмсау арқылы жүргізіледі. өндіріс
қағидасын жақтаушылар қаржы қатынастары өндіріс процесінің барлық
кезеңін қамтиды деп санайды.
Осыған байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы бөлу,
бақылау және ұдайы өндіріс қызметін орындайды деп тұжыруға болады.
Ұдайы өндіріс қызметінің мазмұны жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс
кезінде материалдық және қаржы қозғалыстары айналымын қамтамасыз
ету. Бұл ұшін кәсіпорын өндіріс жоспарлары, болжамдары негізінде
өнімдерді өткізу, нақты мерзімдерге сай белгіленген экономикалық
нормативтері, кірістер мен шығыстар көлемін белгілейді, шығындардың
меншікті қаржы есебінен, уақытша алынған басқа кәсіпорындар мен өз
қызметкерлерінің қаржысы банк несиелері, айрықша жағдайда бюджет
есебінен ақталуын анықтайды.
Кәсіпорындар қаржысының бөлу қызметінің ерекшелігі – жиынтық
қоғамдық өнімнің құны айналым қаржысы процесінде белгіленген
экономикалық нормативтер негізінде бөлінуі. Мұның өзі ұдайы өндіріс
процесінде құнның бөліске және қайта бөліске түсуіне қаржының
қатысуын анықтайды. Ақшалай бюджеттер мен қорлардың экономикалық
негізінде бөлінуі қаржының ұдайы өндірістегі қызметінің басты шарты.
Кәсіпорын экономикасында қаржының бақылау қызметі маңызды рол
атқарады. Есеп пен бақылаусыз шаруашылықты жұргізуге болмайды.
Кәсіпорындардың қаржысы басқа да экономикалық тұтқалармен бірге
экономиканы жоспарлы басқару, өндірісті ұлғайту, еңбек, материалдық
табиғи, қаржы ресурстарының ұтымды пайдалануына бақылау жасауды
қамтамасыз етуде маңызды рол атқарады. Үнем мен ұқыптылық режимін
өмірде дәйектілікпен жүргізу маңызды міндеттердің бірі болып
табылады. Кәсіпорынның ішінде ғана емес, оның басқа кәсіпорындар,
ұйымдар, қаржы – несие мекемелерімен өзара қарым-қатынасында теңге
бақылауы пайдаланады. Кәсіпорын ішінде еңбектің саны мен сапасы,
негізгі, айналым және ынталандыру қорларының құралуы, пайдалануы
бақылауға айналады. Кәсіпорындардың өзара қарым – қатынастарында
берілетін тауарлар, көрсетілген қызметтер орындалған жұмыстар,
шарттардың орындалуы бақыланады. Қаржы және несие органдарымен іс-
қимыл барысында бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы, банк
несиелерінің алынуы, қайтарылуы кезінде бақылау жүзеге асырылады.
Кейбір экономистер кәсіпорындар қаржысына үш қызмет жіктейді:
1) ақшалай ресурстармен айналым қаражаттарына қызмет көрсету;
2) ақшалай табыстарды бөлу;
3) кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметіне бақылау жасау.
Халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, кәсіпорындардың
экономикалық қызметі саласында өндірістік қатынастардың өзіндік
ерекшеліктері, қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен
астасуы, олардың өндірістік қорлар айналыммен тығыз байланысы,
кейбір ғалымдардың пікірінше, халық шаруашылығы салалары,
бірлестіктері, кәсіпорындары қаржысының жалпы мемлекеттік қаржыдан
ерекшеленуіне әкеп соғады.
Қаржы саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың сан қилы
қатынастары ірілендірілген топтарда жинақталады; бұл қатынастар
ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінде мыналардың арасында пайда болады:
Мемлекет пен өндірістік кәсіпорындар арасында мемлекеттік
бюджеттен қаржыландырғанда, сондай- ақ бюджетке төлемдер төлегенде,
валюта қорларын қалыптастырғанда:
- шикізат, материалдар, отын т.с.с. төлеу ұшін өзара қатынастарға
тұскен әр тұрлі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында;
- кәсіпорындар мен ұйымдар арасында акциялар мен құнды қағаздар
шығару және өткізу кезінде бірлескен кәсіпорындар құру барысында
несиелеу мен ұлестік қатыста;
- кәсіпорындар мен несие жұйесі ұзақ және қысқа мерзімде несиелер
берілгені ұшін проценттер төлегенде және т.б.
Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының негізгі белгілері:
1) қаржы қатынастарының көп қырлылығы, олардың формалары мен
мақсатты арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік қорлардың міндетті болуы, олардың құралуы, тұрақты
толықтырылуы, көбеюі, бөлінуіне байланысты қатынастар туындауы.
Өндірістік қорлар - өндірістің серпінді элементі. Олар,
өндірістің өзі сияқты, ұдайы қозғалыста болады; оның ұстіне құн
формалары ұнемі өзгереді. Кәсіпорынның өндірістік қорлары оның
қызметі кезінде материалдық – заттық және ақша формасы қалады;
3) жоғары белсенділік, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық
қырларында ықпал жасау мұмкіндігі.
Сөйтіп, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы – халық
шаруашылығындағы ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды
жасауға, бөлуге және пайдалануға байланысты туындайтын экономикалық
қатынастар.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын 2 кестеде көруге болады. Қаржы
ресурстары меншікті капиталдан,қарызға алынған капиталдан, тартылған
ресурстардан, сонымен қатар бюджеттен алынған субсидиялар мен басқа
қорлардан түсімдерден құралады.

Кесте 2 - Кәсіпорынның қаржы ресурстары

Қаржы ресурстары Қаржы ресурстарын құру Ескерту
көздері
1 2 3
1.Меншікті капитал
Амортизация өнім өткізуден түскен Егер амортизациялық
Жалпы табыс түсім қор құрылмаса,
өнім өткізуден түскен кіріс өнім өткізуден түскен амортизация
Басқа да өткізуден болған түсім пайдадан көрініс
кіріс Басқа өткізулерден түскентабады
өткізуден тыс операциялардың түсім
сальдосы өткізуден тыс кірістер
Резервтік қор
Жөндеу қоры Жарғылық қордан 15%
Басқалары Таза табыс мөлшерінде
2. Қарызға алынған капитал өнімнің өзіндік құны
2.1. Банк несиелері
2.2 Банктік емес мекемелердіңСәйкес кредиторлардың Соның ішінде –
несиелері несие ресурстары лизинг
2.3 Бюджеттен алынған --
несиелер Соның ішінде
2.5 Кредиторлық қарыздар -- мерзімі кейінге
2.6 Басқалары қалдырылған
-- салықтар
Тартылған ресурстар
3.1 Инвестициялық Сәйкес инвесторлардың
қызметтерден алынған қаржыларқаржылары
3.2 Құнды қағаздардың
эмиссиясынан алынған қаржылар-
3.5 Франчайзинг, селенг, -- Соның ішінде
жалгерлік бойынша түскен Бюджеттік қаржыландыру қайырымдылық,
төлемдер қаржылары спонсорлық көмек,
және бюджеттен
4. Бюджеттен алынған төленетін
субсидиялар мен басқа дотациялар мен
қорлардан түсімдер субвенциялар

2 АКА ЖШС қаржылық жағдайын, ресурстардың ұйымдастырылуын талдау

2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданының Луговое
ауылында орналасқан “ АКА ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1988
жылдың қараша айының бесінші жұлдызында қалыптасып, өзінің қызметін 1999
жылдың 4 ақпанында бастаған. Жаукпкершілігі шектеулі серіктестіктің
орналасқан жерінің ерекшелігі бар. Ол Республикалық маңызы бар “ Алматы-
Екатеринбург ” тас жолының бойында орналасқан. Сонымен қатар Темір жолдың
бойындағы “ Тастақ ” станциясына жақын орналасқан.
“Жеке кәсіпкерлік туралы” заңға сәйкес қалыптасқан күннен бастап
жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. Заңды
тұлғанын құрылтайшысы Ахмедин Қуанышбек Ахмединұлы серіктестікті
анықталмаған мерзімге аша отырып, 103 мың теңге көлемінде ақша
сомасымен жарғылық қорын құрастырған.

1999 жылы кәсіпорын ең алғаш қызметін көктемгі егін егу науқанына
дайындықпен, сонымен қатар тоқтап тұрған өніріс орындарын жандандырумен
бастады. Серіктестікте егінді егу мен оны жинап алуға жететін техника мен
оны өңдеуді жүзеге асыратын мүмкіншілігі бар. Кәсіпорын еншісінде бұрынғы
савхозды жекешелендіруден кейінгі қалған мүлкі мен техникасы, сонымен қатар
құрылтайшысының өзі қосқан (интелектуалды салымдары қоспағанда) мүлкі мен
серіктестік қызметін ұйымдастыру үшін ақша қаражаты болып табылады.
Осы жылдың көктемінде алғашқы рет жер өңдеп егін егілді. Алғашқы
жылда атқарылған айтарлықтай жұмыстар:
- Серіктестікте бидайды кептіретін, өндейтін, тартатын,
тазартатын, сұрыптайтын екі диірмені жұмыс істеуге дайын тұрды;
- Ауылшаруашылық техниканын жанар-жағар маймен қамтамасыз ететін
АЗС жұмысы қалыпты;
- Көлік техникаларын жөндеудеуден өткізетін МТМ жұмысын
жүйелендіру;
- Құрылыс заттарын жасап шығаратын құрылыс алаңын қалпына
келтірлді. Жаңа қалыптасып отырған серіктестік үшін оның маңызы зор еді.
Құрылыс алаңының арқасында кейінгі жылдарға деген өндірісті ұлғайту
жоспарлары қиындықсыз, қайта үлкен қарқынмен жүзеге асты;
- Егін шаруашылығымен қоса серіктестік мал шаруашылығын да қоса
дамытуды алдына мақсат қойды;
- Сонымен қатар нан өнімдерін дайындайтын, оларды өңдейтін,
пісіріп сататын нан пісіретін уйдің құрылысы осы алғашқы жылдарда
атқарылған айтарлықтаз қызметтерінің қатарында болатын;

2000 жылы кәсіпорын қызыметін бастағаннан кейінгі екінші жылболып
табылады, бұл кәсіпорынның бірінші жылғы атқарылған қызметтінің алғаш
жемісін кору деген сөз болып табылады.
Екінші жылдағы ең манызды шара. Ол шара жаңа, екінші жанар-жағар
маймен қамтамасыз ету станциясының құрылысымен байланысты. Жаңа станцияның
бұрынғыға қарағандағы ерекшелігі оның орналасқан жерінде! Яғни
Республикалық маңызы бар “Алмата – Екатеринбург ” тас жолының бойында
орналасуы. Осының арқасында жанар-жағар май сатудан түсетін пайда тұракқты
және өте жоғары болды.
2001 жылы Луговое ауылында Кеңсе құрылысын бастады. Кеңсе құрылысы
6 айға созылды. Жаңа евро-ремонт стандартына сәйкестендірілген кеңсе екі
қабаттан тұрады. Біінші қабатында Луговое ауылды мекенінің әкімшілігі
толықтай кошірілді. Екінші қабатта жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
кеңсесі орналасты. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Атқарушы орган –
директорының жұмыс орны осы кеңседе орналасқан. Екінші қабатта сонымен
қатар есеп айырысу кассасы және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
экономикалық бөлімі, соның ішінді бухгалтериясы орналасқан.
2002 жылдан бастап кәсіпорын льготты салық түрін өсімдік
шаруашылығы, мал шаруашылығы және оларды өңдеу қызметінде пайдалануды
бастады.
2004-2006 ж.ж аралығын егіннен түсетін пайдамен байланысты. Осы
жылдар аралығында серіктестіктің экономикалық бөлімі бидайдан және бидай
өнімдерін сатудан түскен пайда максималды болды деген тұжырымға келген. Ол
темір жол арқылы экспортқа байланысты болатын.
2000 – 2003 ж.ж аралығында серіктестк егін шаруашылығы саласында
дәнді дақылдардан тек қана бидай өсіріп келсе. Және де бидайдың “ Астана ”
деп аталатын бір сорты ғана. 2004 жылдан бастап жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің егетін дақылдарының қатарына күнбағыс қосылды. Жоспар
бойынша 2004 жылы “Май сығу” шағын зауыты жұмыс істеуге дайын болатын.
Күнбағыс егумен қатар бидайдың жаңа сорты “ Светланка ” өсіру қолға алынды.
Бидайдың бұл сорты жоғары сапалы болып табылады.
2006 жылы “Тас үгіту” зауытының құрылысы аяқталды. Жол құрылысымен
айналысатын фирмаларға жол құрылысына арналған майда тас сату қызыметі
жүзеге асырылды. Осы жылы Тас зауытымен қатар Астана қаласында орналасқан
құрылыс нысанының жұмыс аяқталды. Бұл нысан бірнеше қызмет түрлерін
атқаруға мүмкіншілік берді. Ол мүмкіншілікті “Қонақ үй” қызметін жүргізу
мен кеңсені жалға беруге пайдаланды. Сол жерде жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің бас кеңсесі орналасқан. Бас кеңсе серіктестіктің генерелды
директоры, бас бухгалтері, бас экнономисінің жұмыс орны.
Қазақстан республикасында бірінші, валюталық дағдарыстан кейін
қызметін ауылшаруашлық өнім өндіруден бастаған шағын кәсіпорын. Қазіргі
таңда жан-жақты өнім түрлерін өндіреді, тек қана өнім өндірумен
айналыспайды, сонымен қатар қызмет көрсетумен айналысады. Он жылдың ішінде
шағын кәсіпорыннан алуан түрлі өнім өндіретін, қызмет көрсететін қаржылық
жағдайы тұрақты, өндірісті әрі қарай дамытуға қаржылық жағынан мүміншілігі
өте зор серіктестікке айналды.
“ АКА ” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі коммерциялық ұйым.
Кез-келген коммерциялық ұйымның, кәсіпорынның мақсаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк және банктен тыс мекемелердің есебі
Бухгалтерлік баланс туралы жалпы түсінік
Шаруашылық субъектінің түрлері
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Бухгалтерлік баланс және оны талдау амалдары
Шағын кәсіпорындардың қаржыларын басқару мәселелері
Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
Бухгалтерлік баланс аудиті
Бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары
Қаржылық менеджмент туралы
Пәндер