БАНК ДЕПОЗИТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
1 БАНК ДЕПОЗИТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банк депозиттері және олардың топтарға 7
жіктелінуі ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Депозиттік саясаттың экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2 Банктік депозиттердің құрылымын талдау
2.1 Қазақстан Республикасы депозит нарығының 21
құрылымы ... ... ... ... ... ...
2.2 Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
3 Қазақстан Республикасындағы банктердің депозиттік операцияларын
ұлғайту жолдары
3.1 Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын жетілдіру
бағыттары 34
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2 Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі және оны дамыту
бағыттары 36
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ 42
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 43
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .

Тақырып: Банк депозиттері және олардың құрылымы

Аннотация

Депозит – бұл клиенттің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі
бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты, банктердің депозиттері және олардың
құрылымы, оны талдау болып табылады. Банктің тартылған қаражаттарының
ішінде ең көп бөлігін құрайтын депозиттер. Депозиттер банк үшін бірден-бір
арзан ресурс көзі болып табылады. Сондықтанда депозиттің екінші деңгейлі
банктердің қызметіндегі рөлі жоғары.
Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде банк
депозиттерінің құрылымынң теориялық негіздері, екінші бөлімде банк
депозиттерінің құрылымына талдау жасалған, үшінші бөлімде банктердің
депозиттік операцияларын ұлғайту жолдары қарастырылған.
Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР – Қазақстан Республикасы
ҰБ – Ұлттық Банк
СМА - cash management account (қолма-қол ақшаны басқару шоты)
ATS - automatic transfer service (ақша қаражаттарын автоматты түрде аудару
шоттары)
NOW - negotiable order of withdrawal (айналыстағы алынып тасталу туралы
шығарылатын бұйрықтарға қарсы шоттар)
ЕО – Еуро Одақ
ДСЖ – депозиттерді сақтандыру жүйесі
ЖІӨ - жалпы ішкі өнім
ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
АҚ – акционерлік қоғам
KASE – Қазақстан қор биржасы
ЕДБ – екінші деңгейлі банктер
ДКБЖ – депозиттерге кепілдік беру жүйесі

Кіріспе

Нарық жағдайында банктік қызмет өте үлкен мәнге ие болып отыр. Себебі,
банктік қызметтердің дамуы халық үшін, тіпті жалпы экономикалық қатынастар
үшін оң әсерін тигізеді. Ал банктік қызмет түрлерінің әр алуан болуы заңды
және жеке тұлғаларға өздерінің қажеттіліктеріне сәйкес солардың арасынан
қызықтырғанын таңдап алуға мүмкіндіктері бар.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар
тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына
ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негізі болып табылады.
Коммерциялык банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты есеп айырысу және қаржылық
операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары
анықтайды. Сол операциялар ішіндегі депозиттік операциялар – коммерциялық
банктің ең маңызды операцияларының бірі болып келеді. Депозиттік
операциялар негізінде банктердің депозиттік портфелі қалыптасады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты, банктердің депозиттері және
олардың құрылымы, оны талдау болып табылады. Банктің тартылған
қаражаттарының ішінде ең көп бөлігін құрайтын депозиттер. Депозиттер банк
үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады. Сондықтанда депозиттің
екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі рөлі жоғары.
Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде банк
депозиттерінің құрылымынң теориялық негіздері, екінші бөлімде банк
депозиттерінің құрылымына талдау жасалған, үшінші бөлімде банктердің
депозиттік операцияларын ұлғайту жолдары қарастырылған.
1 БАНК ДЕПОЗИТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Банк депозиттері және олардың топтарға жіктелінуі

Депозиттік операциялар алғашқыда алтын тиынды сақтаудың формалары
түрінде, яғни оларды ақша сарайларында, менялдарда (айырбастауларда) және
т.б. көбірек жинақтау мақсаттарында пайда болды. Сақталғаны үшін иесі
белгілі бір сыйақы төлеуі қажет болатын. Клиенттің тілегі бойынша
менялдарда өзіне сеніп тапсырылған тиынның нақ өзін сақтауға кепілдік
беретін. Мұндай жағдайда олар алынған тиындармен ссудалық операцияларды
жүзеге асыра алмайтын, олар иелеріне ақша пайызын төлейтіндей пайда ала
алмайтын. Уақыт өте келе олардан нақ сол тиындарды қайтару талап етілмей,
орналастырылған ақшаның сомасы ғана қайтарылатын. Сақтау мерзімі де
ұзартылатын. Егер осыған дейін менялдар несиені тек өз капиталына қарай
беріп келген болса, ендігі жерде несие ұсыну, ссудаға пайыз алу және ақша
иелеріне өз сомасының бір бөлігін төлеу үшін қарыз қаражатын пайдаланудың
мүмкіндіктеріне ие болды.
Бүгінгі таңда депозиттік операциялардың сан алуан түрлері мен формалары
бар. Олар елдер бойынша айтарлықтай сараланған. Алайда, әрбір қаржы
институтының артықшылықты міндеттерінің біріне – бұрынғыша несиелік
ресурстардың негізгі көзі ретіндегі депозиттік базаларды кеңейтіп,
салымшыларды көптеп тарту жатады.
Ақша – жинақтау функциясын атқара отырып, халықтың, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және т.б. жинақтар секілді депозиттерге түрлендіреді.
Клиенттердің барлық салым ақшалары депозит деп түсіндіреді. Оған
орналастырылған қаражат көздері әр түрлі. Бұл корпорациялық клиенттердің,
мемлкеттік мекемелердің және кәсіпорындардың шоттарындағы қаражат және
уақытша пайдаланылмайтын жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы.
Банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне
байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:
– депозиттер;
– депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозитік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды, екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі екінші деңгейлі
банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялары сипатына жатқызуға
болады.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті
депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа
кореспондент-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар.
Олар банктің өтімді активі ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін
алады.
Пассивті депозитті операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты
операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының
көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әртүрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
• талап етуіне дейінгі депозиттер;
• мерзімді депозиттер;
• жинақ салымдары;
• бағалы қағаздар.
Сондай-ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
– мерзімдеріне қарай;
– салым иелерінің категорияларына қарай;
– қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
– пайыз төлеу тәсіліне қарай;
– банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
– тағы басқалары.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай
түрлерге бөлінеді:
– жеке тұлғалардың шоттарына;
– қаржылық мекемелердің шоттарына;
– шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуге дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы
талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын
алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әртүрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтар.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылды.
Ал, кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе
біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыған келіп талап етуге
байланысты олардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге
асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
коммиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны
үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, екінші деңгейлі банк Орталық
банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар
жасады.
Мерзімді депозит - бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз
төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша
алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды,
бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа
аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі
айып-пұл төлеуге міндетті.
Бұл салымдардың ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке
қарағанда оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын-ала хабарлау негізінде немесе уақыты
жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы
алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
• меншікті-мерзімді депозиттер;
• алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
• 30 күнге дейінгі;
• 30-90 күнге дейінгі;
• 90-180 күнге дейінгі;
• 180 күннен 360күнге дейінгі;
• 360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесіне алдын-ала хабарлау депозиті
бойынша міндетті түрде өтінішіне талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала
келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте,
алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да
есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп
отырады;
- ақшаны алу туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары.
Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді,
салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ
кітапшасын көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны
ресімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай
екі жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьютердің көмегімен жасалған
жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен
басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіндігі бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың
біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі
бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төлейді.
Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері бар:
– ақшалай қаражаттарды сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
– шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап
етілмейді;
– ақшаны шотқа саларды немесе шоттан аларла міндетті түрде ақшалай
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуын талап
етеді;
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары
салым оперцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге
бөлінеді:
– мерзімді жинақ салымдары;
– қосымша жарна қосылатын мерзімді жинақ салымдары;
– ұтыс салымдары;
– ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
– мақсаттық және ағымдық салымдар;
– алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
– валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгілентін және сол мерзім
өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа
жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың
біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Қосымша жарна қосылатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын ала
келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын
салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталған сомма белгілі бір күнде (жаңа
жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдары, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз
төлемдерді төлеу үшін жинақталтын және пайдаланылатын қаражаттарды
білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Отандық банктер тәжірибесінде халық салымдарының бірнеше түрлері
қолданылады. Айталық, "Халық банкі" АҚ мынадай салымдардың түрлерін жеке
тұлғаларға ұсынады:
- Халықтық – стандарты - салым мерзімі 1,2,3,6,9,12,18, 24,30,36 ай.
Салым бойынша сыйақы төлеу: салым мерзімі аяқталғанда. Салымды толықтыру
мүмкіндігі қарастырылмаған. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі
қарастырылмаған. Салымның ең төменгі мөлшері: 15 000 теңге немесе 100 АҚШ
доллары немесе 100 евро. Банктік салым шартында немесе Шартқа қосымша
келісімде өзге жағы қарастырылмаған болса, сыйақы мөлшерлемесі салым
мерзімі ішінде өзгермейді.
- Халықтық – зейнетақылық - ерекше талаптары: бұл салым жасы
кемінде 50-ге толған немесе 50-ге жақындаған, зейнеткерлік куәлігі бар
тұлғаларға арналған. Салым мерзімі: 6, 13 ай. Салым бойынша сыйақы
мөлшерлемесі салым мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады. Сыйақы төлеу: ай
сайын, банк салымы туралы шарт күшіне енген күннен бастап, әрбір
күнтізбелік ай аяқталғанда. Салымды толықтыру мүмкіндігі: қосымша жарнаның
ең төмен мөлшері 500 теңге немесе 5 АҚШ доллары немесе 5 евро болса,
толықтыруға болады. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі: қарастырылмаған.
Салымның ең төменгі мөлшері: 2 000 теңге немесе 20 АҚШ доллары немесе 20
евро. Салымшының таңдауына қарай салымды қолма-қол ақшамен де, ақша аудару
арқылы да ашуға болады.
- Halyk – әмбебап - салым мерзімі: 12 ай. Сыйақы төлеу: салым
мерзімі аяқталғанда. Салымды толықтыру мүмкіндігі: қосымша жарнаның ең
төмен мөлшері - 7 000 теңге немесе 50 АҚШ доллары немесе 50 евро болса,
толықтыруға болады. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі: жинақ шотындағы
кемімейтін салым қалдығы 75 000 теңге немесе 500 АҚШ доллары немесе 500
евро мөлшерінде болған жағдайда. Салымның ең төмен мөлшері: 75 000 теңге
немесе 500 АҚШ доллары немесе 500 евро. Банктік салым шартында немесе
Шартқа қосымша келісімде өзге жағы қарастырылмаған болса, сыйақы
мөлшерлемесі салым мерзімі ішінде өзгермейді. Ерекше талаптары: 5 000 АҚШ
долларына балама мөлшердегі кредиттік лимитпен төлем карточкасы қоса
беріледі. Салымшының таңдауына қарай салымды қолма-қол ақшамен де, ақша
аудару арқылы да ашуға болады.
- Halyk- балалар үшін - ерекше талаптары: бұл салым жасы 16-ға
толмаған салымшының атына қабылданады. Салымшының атына кез келген тұлға,
туыстық қатынасының баржоғына қарамастан, тиісті құжаттарын көрсете
отырып, ақша сала алады. Салым мерзімі 1айдан 10 айға дейін. Салымның ең
ұзақ мерзімі баланың 16 жасқа толу талабымен реттеледі. Капитализация: әр
жыл сайын, 12 ай сайын. Сыйақы төлеу: салым мерзімі аяқталғанда. Салымды
толықтыру мүмкіндігі: қосымша жарнаның ең төмен мөлшері 1000 теңге немесе
10 АҚШ доллары немесе 10 евро болса, толықтыруға болады. Салымнан ішінара
ақша алу мүмкіндігі: қарастырылмаған Салымның ең төмен мөлшері:Алматы және
Астана тұрғындары үшін -15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары немесе 100
евро. Басқа өңірлер үшін – 7 000 теңге немесе 50 АҚШ доллары немесе 50
евро. Банк салымның сыйақы мөлшерлемесін бір жақты тәртіппен шарт
бекітілген күннен бастап әрбір 12 айдан кейін өзгертіп отыруға құқылы
болады. Жасы 14-ке толмаған салымшының атына салынған салымға салымшының
заңды өкілдері (ата-анасы, асырап алушысы, қамқорлық жасаушысы) иелік
етеді, ал жасы 14-ке толғаннан кейін салымға өзі иелік етеді. Жасы 16-ға
толмаған салымшыға салым Қазақстан Республикасы азаматының туу туралы
куәлігін көрсеткеннен кейін және оның заңды өкілдерінің (ата-аналары,
асырап алушылары, қамқоршылары) көзінше жүргізіледі. Егер салымшының жасы
14-ке толмаса, салым мен оның сыйақысы ақша салушыға тек салымшы немесе
оның заңды өкілдері міндетті түрде банкке келіп ұсынған жазбаша бас тарту
негізінде ғана беріле алады. Салымшының таңдауына қарай салымды қолма-қол
ақшамен де, ақша аудару арқылы да ашуға болады.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі
мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға
құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражаттарының барлығы
куәландыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.
Депозитті және жинақ сертификаттары иемденушісіне қарай екі түрге
бөлінеді:
1. Атаулы сертификаттар;
2. Мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атынан
толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттартарда салым иесінің аты-
жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып
табылады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және
көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу
қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада
шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік депозиттік сертификаттардың екі түрі бар:
1. Аударылатын;
2. Аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында
болады, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші
нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ
сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды.
Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын
төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады,
бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Екінші деңгейлі банктер үшін бұл
сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни соманың белгілі бір
мерзімге түсуін сипаттайды.
АҚШ-тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік
шарттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шот және куәландырылған
чектер сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады.
Нау-шоттар бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер болып табылады.
Нау шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады:
– бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;
– бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
– салым иелерінен бұл шотты ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.
Куәландырылған чектер шоттары – бұл куәландырылған чектерді төлеу
үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінге депозиттік шоттағы
қаражаттар.
Куәландырылған чектер – бұл банктің, шоттағы қаражаттың барлығын
чектер арқылы куәландыруы.
Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының
депозитті шоты ашылады.
Оның мынадай ерекшеліктері бар:
– ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне
байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп
отыруы;
– шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
– салымдардың сақтандырылуы;
– иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма
жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі
телефон арқылы жүзеге асады.
Банктердегі депозитте түріндегі бағалы қағаздар мынадай түрлерге
бөлінеді:
– кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардағы банктердің акциялары мен
облтгациялары;
– банкке сақталуға берілген және ссудамен қамтамасыз етілген акциялар
мен облигациялар;
– шетелдік валюталрмен жасалатын операциялар бойынша бағалы қағаздар
мен құндылықтар.
Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін
қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің
несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде
тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы
нарығынан сатып алынаған ресурстары жатады.
Банкаралық несие – бұл екінші деңгейлі банктердің бір-біріне беретін
несиелері.
Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат
ресурс болып табылады.
Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды.
Банкаралық депозиттер – бұл банктердің бір-бірінде ашқан корреспонденттік
шотындағы қаражат қалдықтары.
Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің екінші
деңгейлі банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында
беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік)
және күндізгі заемдар.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі коррепондеттік шотында дебеттік
қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Мысалыға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға
тура келеді. Кей жағдайда бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе
жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.
Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте
ашқан корреспондеттік шотында уақытша қаражат жоқтығын немесе жетіспеуіне
байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін
несие.
Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейлі
банктерге бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімді несиелерді бермейді.
Банктік ресурстарды тартудың жаңа бір формасына банктің вексельдерін
жатқызуға болады. Банктер тек қарапайым вексельдерді ғана шығарады.
Банк вексельдерін шығарудағы артықшылықтарға; біріншіден,
вексельді тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуда
пайдаланылады; екіншіден, вексельдер несие алу барысында кепілдік ретінде
жүреді; үшіншіден, вексельді жеке және заңды тұлғалар қолдана
алады; төртіншіден, вексельдердің өтімділігі жоғары; бесіншіден, вексельдер
бойынша дисконт мөлшерлемесі жоғары; алтыншыдан, вексельдің заңды немесе
жеке тұлғаға өту барысында шектеулік болмайды;
жетіншіден, вексельдердің мерзімі әр түрлі болады.
Екінші деңгейлі банктер өздерінің меншікті капиталы мен банктік
ресурстар көлемін ұлғайту мақсатында облигациялау арқылы қосымша қаражат
тартады. Облигацияларды отандық тәжірибеде көбіне ірі екінші
деңгейлі банктер шығарып отыр. Мұндай қарыздық міндеттемелер
түрлерін шығару бір жағынан, банк капиталы, екінші жағынан, оның
ресурстарын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл операцияларды ұйымдастырудың
басты мақсаты – банктің өтімділігін жақсарту.
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуы
екінші деңгейлі банктердің осы салаға жұмсаған несиелік ресурстарының
көлемімен анықталады. Бұл қазіргі несиелеу қызметінің қаржылық жүйе
құрылымының өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады: несие жүйесінің
басқа элементтеріне қарағанда экономиканың дамуы үшін банк жүйесінің
рөлі мен мәні ерекше.

1.2 Депозиттік саясаттың экономикалық мәні

Тартылған қаражаттарды тиімді басқару банктің депозиттік саясатының
жасалуын көздейді.
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты салым иелерінің ақшалай
қаражаттарын депозитке тарту және тартылған қаражаттарды тиімді басқарумен
байланысты банктік саясатты білдіреді.
Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы
мен тактикасын қамтиды.
Депозиттік саясат – банктік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде банктің
депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға бағытталған шаралардың
жиынтығын білдіреді.
Кең мағынасында депозиттік саясатты депозит қызметін көрсетуші мен
салым иелері арасындағы қатынасты реттеу құралы ретінде қарастыруға болады.
Тар мағынасында, бұл кез-келген коммерциялық банктің депозиттік
операцияны ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын
сипаттайды.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының басты мақсаты – Қазақстан
Республикасы заңына сәйкес депозиттік операцияларды жүргізуде банктердің
бар мүмкіндіктерін пайдалану және өтімділіктің қажетті деңгейіне қолдау
көрсету, сондай-ақ өте икемді және тиімді банктің өтімділігіне тікелей
ықпал ететін, табыс көзін молайта түсуді қамтамасыз ететін депозиттік
портфельді қалыптастыру болып табылады.
Банктердің депозиттік саясатының міндеттері мынадай болуға тиіс:
- банктің депозиттік базасын нығайтып, депозиттік нарықтағы үлесін
кеңейту;
- меншікті капиталға қатысты нормативтерді сақтай отырып, банктің
депозиттік портфелінің көлемін ұлғайтып, оның сапасын арттыру;
- банктің активі мен пассивін басқаруға байланысты шешімдерге сәйкес
және өтімділік саясатына қарай банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
депозиттерінің өзара шекті қатынасын қолдау;
- барлық салым иелеріне қатысты өлшемді және икемді саясат ұстану.
Депозиттік саясаттың ұғымын екі тұрғыдан қарауға болады. Кең мағынада
бұл салым иелерінің және өзге де кредиторлардың ақшалай қаражаттарын
тарумен, сондай-ақ қаражат көздерін анықтаумен байланысты банктің қызметін
сипаттайды. Ал, тар мағынада бұл банктің өтімді қаражаттарға деген қажетін
қанағаттандыру мақсатында тартылған қаражаттарды іздестіру шараларын
білдіреді.
Депозиттік саясат банктің стратегиясына сәйкес жасалуы тиіс. Сондықтан
банк өзінің депозиттік саясатын жасау барысында өзінің әлеуетті
клиенттерін, яғни жеке салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды
тұлғаларды дұрыс таңдай білуі қажет.
Банктік ортадағы күшті бәсекелестік жағдайында банктер агрессивтік
депозиттік саясат жүргізуді таңдайды. Сонымен қатар, клиенттерді тартуда
банктердің тиімді пайыз ставкасын қолданғаны дұрыс. Ол үшін банк депозиттік
саясат шегінде өзінің тактикасын жасауы қажет.
Депозиттік операцияларды жүргізуде банктер мынадай принциптерді
басшылыққа алады:
- депозиттік базаны қалыптастыру барысында заңдық және нормативтік
талаптардың орындалуын сақтау;
- депозиттік операциялар банктің пайда табуына ықпал етуге тиіс;
- тартылған депозиттік ресурстар банктің өтімділігін қамтамасыз етуге
тиіс;
- депозиттік ресурстардың субъектілері, түрлері және мерзімдері бойынша
дифференциалдануын қадағалауы қажет.
Банктің депозиттік саясаты депозиттік операцияларға байланысты
туындайтын тәуекелдерді басқаруға аса мән береді.
Депозиттік саясаттың міндеті: банк балансының өтімділігін сақтау; ең
төменгі шығынды ресурстарды дарту; барынша ұзақ мерзімге қажетті мөлшерде
депозит тартуды қамтамасыз ету; алдағы уақыттарда банкте тұрақты
ресурстардың шоғырлануын қамтамасыз ету.
Депозиттік саясат туралы ереженің құрылымы мынадай баптарды қамтуға
тиіс:
- жалпы ереже;
- депозиттік саясаттың мақсаты мен міндеттері;
- банктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеті;
- банк ресурсының құрылымы;
- ақшалай қаражатты тарту мерзімі және депозиттік келісім шартты
бекіту тәртібі;
- депозиттік келісім шартты жасауға және банкте шот ашуға қажетті
құжаттардың тізімі;
- депозиттік және жинақ сертификаттарын сатумен
байланыстыоперацияларды рәсімдеу тәртібі және оған қажетті құжаттар;
- банктік және банктік емес ұйымдардың қаражаттарын тарту және
рәсімдеу тәртібі;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің белгілеген міндетті резерв
нормалары негізінде резервтік шотқа қаражат аудару тәртібі.
Клиенттердің құрамына және банктің қызметінің бағытына байланысты
депозиттік саясаттың өзге де бөлімдері болуы мүмкін.
Депозиттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына ықпал ететін
факторларды екі тұрғыдан бөліп қарауға болады. Бірінші клиенттің
тұрғысынан: жинақтау шартына байланысты анықталатын экономикалық қатынастар
субъектілерінің мүдделерінің әр түрлілігі, жағрафиялық жағдайы, ұлттық
дәстүрлер, әлеуметтік топтың ерекшеліктері, соның ішінде жасы, олардың
рухани, саяси, әлеуметтік мүдделері, отбасы жағдайы, білім деңгейі,
мамандығы, табысының деңгейі, зейнетақымен қамсыздануы, салымдарды
сақтандыру жүйесінің дамуы және т.б. жатады. Ал банк тұрғысынан алсақ,
ондай факторларға мыналар жатады: бәсекелестік деңгейі, банктік қызмет
түрлерінің даму қарқыны, бәрі клиенттер үшін деген саясат, банктік
қызметтердің сапасы, тәуекелдің диверсификациялануы, банк қызметкерлерінің
біліктілік деңгейі, қаражатты тарту технологиясының жағдайы, банктік
операциялардың қазіргі техникалармен қамтамасыз етілуі және т.б.
Депозиттік нарықтың қазіргі жағдайына жасалған талдаудан салым иелері
үшін мыналардың маңыздылығын айта кету ажет:
Біріншісі бұл банктің сенімділігі. Көптеген салымшылардың пікіріне
сүйенсек, еліміздегі ең тұрақты банктерге Халық жинақ банкі АҚ,
Қазкоммерцбанк АҚ жатады. Себебі аталған банктердің банктік қызмет көрсету
тәжірибесі жеткілікті немесе сапасы жоғары деңгейде бағаланады.
Екіншісі – бұл депозиттер бойынша белгіленетін пайыз мөлшерлемелерінің
деңгейі. Бұл жерде банк қаншалықты тұрақты болса, соғұрлым олардың
депозиттер бойынша пайызы төмен. Ал кейбір танымал емес банктеріміз
керісінше барынша жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп, депозиттік нарықтан
клиенттерді тартуға тырысады.
Үшінші, банктің құрылымдық бөлімшелерінің көп болуы және қызмет көрсету
сапасы. Әрине неғұрлым филиалы көп болса соғұрлым депозиттік нарықтағы
клиенттерді көбірек тартуға мүмкіндік туады. Ол үшін қызмет көрсету сапасы
жоғары болуы тиіс.
Депозиттік саясат бірнеше принциптерге негізделіп қарастырылады. Ол
әрбір банкке дербес қалыптастырылады, ғылыми негізделуі тиіс, сонымен қатар
жеделдігі, икемділігі және тиімді болуы негізінде құралады.
Депозиттік саясат макро және микро деңгейлерінде анықталады.
Макроэкономикалық факторға:
- ұлттық банктің ақша несие саясаты;
- мемлекеттің фискалды саясаты;
- нақты сектордың жағдайы;
- ұлттық экономиканың дүниежүзілік экономикамен байланысы;
- бағалы қағаздар нарығының даму қарқыны жатады.
Банк тепе-теңдігін, банктер тәуекелдіктерінің кемуі және салым иелері
мен банк клиенттерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етушінің ең бір
маңызды құрал міндетті қорлар болып табылады. Бұл механизмнің ықпалы Ұлттық
банк белгілейтін міндетті резервтер нормасымен реттелініп отырады. Ол өз
кезегінде, яғни міндеттік резервтер қаржылық рыноктарда операциялар жүргізу
үшін база, негіз жасайды.
Банктердің депозиттік саясатын қалыптастыруға әсерін тигізетін
микроэкономикалық факторларға мыналар жатады: коммерциялық банктердің
нарықты ортадағы репутациясы; коммерциялық банктердің клиентуралық
нарықтағы экспансиондық іс – қимыл әрекеті; коммерциялық банктердің
маркетингтік қызметтерінің тиімділігі, яғни клиентуралық нарықта өз
қызметтерін жария ете білуі, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрін
пайдалануы; сырттан тартылған қаражаттарға, әсіресе депозиттерге дұрыс
баға белгілеу, яғни депозиттерді тартумен байланысты шығындарды мейлінше
азайту жолдарын қарастыру, себебі бұл шығындар банктің қаржылық жағдайына
тікелей ықпал етеді; коммерциялық банктердің менеджментінің сапасы, яғни
банк қызметкерінің кәсіби деңгейі мен мәдениетінің жоғары болуы;
коммерциялық банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігі.
Депозиттік саясаттың мазмұны коммерциялық банктердің депозиттік
нарықтағы іс - әрекет қимылдарын түгел қамтуы керек. Осының ең үлкен бөлігі
- банк қызметкерлеріне деген тарифты немесе бағаны белгілеу саясаты немесе
депозиттік қызметтің бағасы. Депозиттік қызметтің бағасы сыйақы
көрсеткіштерінде өз көрінісін табады.
Депозиттік саясаттың келесі үлкен мазмұны – коммерциялық банктердің
депозиттік базасын орнықты ету. Әрине, коммерциялық банктердің балансындағы
депозиттердің барлық түрі де олардың депозиттік базасына жатпайды.
Депозиттік база банктердің депозиттерінің белгілі бір тұрақты бөлігі болып
келетін және нарықтық ортаның конъюнктуралық өзгерістерінің ықпалы
нәтижесінде өзгерістерге ұшырамайтын және сыйақы мөлшері басқа депозит
түрлерімен салыстырғанда төмен болып келетін депозиттердің бөлігін айтамыз.
Кейбір ғылыми көзқарастарға сүйенсек, коммерциялық банктердің
депозиттік базасының орнықтылығын мерзімді депозиттердің үлес салмағының
жоғары болуымен байланыстырады.
Депозиттік саясат пен несиелік саясаттың өзара тығыз байланысы банктің
өтімділігін бір деңгейде демеп отыру қажеттілігімен сипатталынады. Осы
саясаттардың өзара тығыз байланысының мазмұнының тағы бір қыры
коммерциялық банктер тарапынан ақша ағынын тиімді басқару проблемасында
жатыр. Коммерциялық банктердің менеджментінің сапасы да осылармен
бағаланады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей депозиттік саясаттың негізгі мақсаттарының
бірі - өте икемді және тиімді банктің өтімділігіне тікелей ықпал ететін,
табыс көзін молайта түсуді қамтамасыз ететін депозиттік портфельді
қалыптастыру.
Егер сапасы жоғары депозиттік саясат өте тиімді депозиттік портфельді
қалыптастыратын болса, ал өте тиімді депозиттік портфель депозиттік
саясаттың табысты және ойдағыдай жүзеге асыруының нәтижесі болып табылады.
Депозиттік портфель - коммерциялық банктердің депозиттік саясаты
нәтижесінде қалыптасқан және банктердің балансының пассивінде көрсетілетін
сырттан тартылған қаражаттардың немесе банктің міндеттемелерінің жалпы
жиынтығы. Депозиттік портфельде тартылатын қаражаттардың барлығы сыйақы
негізінде қалыптасады (1-сурет). Депозиттік портфель коммерциялық
банктердің міндеттемелер портфелінің бір бөлігі бола тұра депозиттік
саясаттың бірден бір нәтижесі. Депозиттік портфельді қалыптастырумен
байланысты банктер тарапынан белгілі бір шығындарды жұмсауды қажет етеді.
Олар депозитті портфельді басқарумен байланысты шығындар деп атайды. Мұндай
шығындардың ең негізгісі сыйақымен байланысты шағындар құрайды. Егер
коммерциялық банктердің депозиттік саясаты неғұрлым тиімді болса,
депозиттік портфельді басқарумен байланысты шығындар соғұрлым төмен болуы
мүмкін.

Ескерту: Автормен құрастырылған
1-сурет. Банктің депозиттік портфелінің құрылымы

Депозиттік портфельдің мазмұнын оның құрамы мен құрылымы аша түседі.
Олар өз алдына мынадай факторлармен байланысты: коммерциялық банктердің
банк қызметтерінің көтерме сауда нарығындағы репутациясымен; коммерциялық
банктердің басқа банктермен корреспондеттік қатынастарының дамуы және
олардың ауқымы; коммерциялық банктердің өзінің клиентуралық нарығындағы
стратегиясы мен тактикасы; коммерциялық банктердің географиялық немесе
региональдық орналасу мекен-жайы. Егер коммерциялық банктер өндіріс
ошақтары шоғырланған аймақта бөлек қызмет етсе оның депозиттік портфелінің
құрамы және оның құрылымы соғұрлым күрделі болып кетеді; жұмыспен
қамтамасыз ету деңгейі және жеке азаматтардың номинальдық табысының
мөлшері. Егер банк қызмет көрсететін ортада халықты жұмыспен қамтамасыз ету
деңгейі жоғары болса, онда банктің депозиттік портфелінде жеке азаматтардың
салымдары жоғары болады; коммерциялық банктердің өздерінің депозиттік
портфелін басқару барысындағы диверсификациялау саясаты. Депозиттік
портфельдің диверсификациясы дегеніміз – оның құрамы мен құрылымының
күрделі көп спекторы және әр-түрлі болып келуі. Егер банктің депозиттік
портфелінің диверсификациясы жоғары болса, онда мұндай банктердің
депозиттік бағасы да орнықты болады.
Депозиттік нарық дегеніміз – заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша
бос ақшалай қаражаттарын жинақтап, оларды тиімді және табысты
орналастырумен байланысты сұраныс пен ұсыныс пайда болатын ресми және
бейресми ұйымдастырылған экономикалық орта.

2 Банктік депозиттердің құрылымын талдау

2.1 Қазақстан Республикасы депозит нарығының құрылымы

Шаруашылық субъект ретінде кез-келген қаржы институты өз жарғылық
қызметін іске асыру үшін қаржы ресурстарына, яғни ғимарат, құрылыс, техника
мен технология сатып алу үшін, айналым капиталын жасақтау үшін, жалақы және
бюджетке төлем жүргізу т.с.с. үшін ақша көздеріне мұқтаж болып табылады.
Ол шығындар өз есебінің негізінен қаржыландырылуы, не заем мен тартылған
қаржының есебінен қаржыландырылуы мүмкін. Оның негізгі бөлігін жеке және
заңды тұлғалардың түрлі салымдары немесе депозиттер құрайды.
Қазақстанның депозит нарығының құрылымын институттар тұрғысынан және
нарықтың қаржылық құралдары тұрғысынан да көрсетуге болады.
Институционалдық құрылым қадағалаудың реттеуші органдары мен тікелей
қатысушы - шаруашылық жүргізуші субъектлердің желісі болып табылады.
Республиканың Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы несие жүйесінің жоғары
буыны бола отырып, коммерциялық банктердің және мамандандырылған несие
мекемелерінің қызметін реттейді. Сонымен қатар, елдегі барлық қаржы нарығын
мемлекеттік тұрғыдан реттеуші органы болғандықтан, депозит нарығында
реттеуші орган ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржылық
ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі алға шығады.
Депозит нарығында әрекет ететін институттарға байланысты құрылым 2-
суретте келтірілген.

Ескерту: Искаков Ұ.М., т.б. Қаржы нарығы және делдалдары, А.2008
2-сурет. Қазақстан Республикасы депозит нарығының институционалдық құрылымы

Нарықта негізгі депозит институты ретінде коммерциялық банктер алға
шығады. Олар өз қызметінің 80%-ынан көп бөлігін жеке және заңды тұлғалардың
депозиттері құрайтын тартылған ресурстар есебінен жүзеге асырады. Алайда
депозит нарығының жүйесінен және мамандандырылған депозит институттарынан
парабанктік жүйенің ұйымдарын шығарып тастауға болмайды.
Депозиттерді сақтандыру жүйесіне кірмейтін депозиттік жинақтаушы
мекемелер де халықтың салымдарын нақты табыс алу мақсатында тартады, әр
түрлі инвестицияларға шоғырландырып, бағыттап отырады. Олардың депозит
нарығындағы рөлі айтарлықтай маңызды емес. Мысалы ретінде, жинақтаушы
зейнетақы қорындағы азаматтардың өз еріктерімен салған салымдарын айтуға
болады. Мұндай қорлар қосымша зейнетақымен қамтамасыз ету болып табылады.
Бірінші бөлімде қарастырғанымыздай, депозиттердің көптеген түрлері
бар. әр институт заң шеңберінде тартылатын депозиттердің шартын дербес
анықтауға құқылы. Депозиттердің мөлшері осыған байланысты болуы мүмкін.
Қазақстандағы депозит нарығында мерзімді, жинақтаушы және талап етілгенге
дейінгі депозиттер бар. 3-суретте осы депозиттердің негізгі құралдары
негізінде депозит нарығының сегменті келтірілген.

Ескерту: Искаков Ұ.М., т.б. Қаржы нарығы және делдалдары, А.2008
3-сурет. Қазақстандық депозит нарығының сегменті

Қазақстан Республикасы депозит нарығы күрделі динамикалық жүйе болып
табыла отырып, ішкі және сыртқы факторлардың әсерін ұдайы сезінеді.
Әрбіреуі өз мүддесін жүзеге асыруға ұмтылып көптеген субъектілермен көрінсе
де, ол Қазақстан экономикасында қалыптасқан негізгі ағымдардың арнасынан
табылады.
Халықтың отандық қаржы жүйесіне сенімін арттыру міндетін жүзеге асыру
және оның жинақталған ақшасын банк жүйесіне тарту мақсатында Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1999 жылғы мамырда Қазақстан
қаржыгерлерінің бірінші конгресінде жүйелі шаралар кешенін әзірлеуді және
оны жүзеге асыруды ұсынды, соның бірі халықтың депозиттерін ұжымдық
сақтандыру жүйесін құру болатын. Ұлттық Банкке екінші дәрежедегі аса ірі
банктермен бірлесе отырып, аса қысқа мерзімде осындай жүйені әзірлеуге және
оны іске қосуға тура келді. 1999 жылдың қарашасында екінші деңгейдегі
банктерде жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын міндетті түрде ұжымдық
сақтандыру Ережесі енгізілді, 1999 жылғы 15 қарашада “Қазақстанның жеке
тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қоры” ЖАҚ (бұдан былай – Қор деп
аталады) құрылды. Қордың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкі болып табылады, ол оның жарғылық капиталына 1 миллиард теңге берді.
2000 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының “Банктер және банк қызметі
туралы” 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 заңына “Депозиттерге міндетті
ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жүйесі” аталатын 52-ші бап
енгізілді.
Қордың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі
банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету.
Ережеге енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Қорға
қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымдық
кепілдендіру (сақтандыру) объектісіне мыналар жатады:
- жеке тұлғалардың теңгедегі мерзімді салымдары сыйақыларымен;
- жеке тұлғалардың шетел валютасындағы мерзімді салымдары сыйақысыз;
- жеке тұлғалардың талап етілетін салымдары сыйақысыз.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың
салымдарына кепіл беру Қорға қатысушы банктерге берген куәлік негізінде
жүзеге асады.
Қорға қатысушы банктер үшін олардың қаржылық жағдайына байланысты
жекеше түрде міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесі кепілдендірілетін
депозит сомасы мен оған есептелген сыйақы көлемімен 0,125%-дан 0,375%-ға
дейін белгіленеді. Міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесін есептеу үшін
кепілдендірілетін депозит сомасына көбейту қажет.
Жеке тұлғалардың салымдары және оның сыйақылары қандай валютада
салымға салынса сол валютамен қайтарылады.
Қордың негізгі міндеттері – қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз
етуге қатысу және қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда салымшылардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Осы міндеттерді орындау үшін Қор
мынадай функцияларды орындайды:
кепілдік берілген өтемді төлейді;
• депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің
тізілімін жүргізеді;
• өз активтерін инвестициялайды;
• кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резерв
қалыптастырады;
• конкурстық негізде агент банкті таңдайды;
• қатысушы банкті консервациялау кезеңінде немесе барлық банк
операцияларын жүргізу лицензиясын қайтарып алу кезеңінде
тағайындалатын уақытша әкімшіліктің құрамына, сонымен бірге мәжбүрлеп
таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясының және кредиторлар
комитетінің құрамына қатысады.
Қорды басқаратын жоғарғы орган Акционер – Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі. Қордың қызметіне жалпы басшылықты Директорлар кеңесі жүзеге
асырады, оның құрамына 5 мүшелер кіреді: Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және
қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының орынбасары,
Қаржы министрлігінің вице-министрі, Қазақстан қаржыгерлерінің
ассоциациясының өкілі және Қордың Төрағасы. Қордың атқарушы органы -
Төраға, ол Қордың ағымдағы қызметіне басшылық жасайды.
Қор құрылымы төрт бөлімнен тұрады:
- проблемалы банктермен жұмыс жүргізу бөлімі;
- методология жəне құқықтық қамтамасыз ету бөлімі;
- статистика жəне банктерге талдау жасау бөлімі;
- қаржы-əкімшілік бөлімі.дай
Статистика жəне банктерге талдау жасау бөлімінің негізгі міндеттері:
қатысушы банктердің сараланған топтарын жəне оларға сəйкес міндетті
күнтізбелік жарналарының мөлшерлемелерін белгілеу жəне қатысушы банктерге
уақтылы хабарлап отыру, қатысушы банктер, Ұлттық Банк жəне Қаржы бақылау
агенттігі беретін есептерді өңдеу жəне талдау жасау, Қордың жəне
мемлекеттік реттеуші органдардың басшылығы үшін ақпараттық-талдау
материалдарын дайындау, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияларымдар
əзірлеу, жұртшылықты Жүйенің жұмыс істеу ерекшеліктері жайында хабардар
етіп отыру, Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйесінің қауымдастығымен
(IADI) жұмыс жүргізу жəне басқа мəселелер.
Методология жəне құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің негізгі міндеттері:
Қордың қызметін құқықтық қамтамасыз ету, оның құқықтары мен зағды
мүдделерін қорғау, методологиялық жұмыс жүргізу, Қордың Қазақстан
Республикасының заңдарының талаптарын Қордың сақтап отыруына бақылау жасау,
мемлекеттік органдар мен сотта талап-арыз жұмыстарын жүргізу жəне мүддесін
қорғау, мəжбүрлеп таратылған қатысушы банктің салымшыларына кепілдік
берілген өтем төлеу ісіне бақылау жасау, Қор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банк
ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША - НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері
ҚР банк қызметін даму ерекшеліктері мен экономикадағы рөлі
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі нарығы
Депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді талдау
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының сыныптамасы
Банк ресурстарын басқаруды жетілдіру
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары туралы
Коммерциялық банктің экономикалық тұрақтылығын күшейту жүйесінде оның депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау
Пәндер