Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

1бөлім. Несие туралы түсінік . . . . . . . . . . . . 5-9

1. 1. Несие және оның түрлері . . . 5

1. 2. Қазақстан Республикасының несие жүйесі . . . 6

2бөлім. Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу . . . 10-19

2. 1. Банк несиелерін есепке алу . . . 10

2. 2. Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке алу . . . 16

3бөлім. Басқа да несие операцияларын есепке алу . . . 20-24

3. 1. Тауарларды алу үшін берілетін векселдер

есебі . . . 20

3. 2. Индоссамент бойынша векселді беру

операцияларының есебі . . . 24

Қорытынды . . . 25

Қолданылған әдебиеттер . . . 26

Кіріспе

Бүгінде Қазақстан Республикасы дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық қаржылық есеп стандартына, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп» заңына сәйкес салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Демек, нарықтық қатынастарға, барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерін таңдауға, шаруашылықты басқарудың тиімді механизмін (тетігін) жасауға біртіндеп қолайлы жағдай туып келеді. Сонымен қатар, аталған құбылыстар бухгалтерлік есепке де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойып отыр.

Нарықтық экономика жағдайында болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады. Ол үшін осы аталған жағдайдың мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.

Тап осындай ақпараттың басым көпшілігі бухгалтерлік есептің еншісіне тиетіндігіне дау жоқ. Бұл арада қажет ақпараттармен қамтамасыз ету, көп жағдайда, бухгалтерия қызметкерлеріне жүктелетіндігі белгілі. Сонымен қоса, олар есепті оңайлатуға, салық жүйесінің талаптарын орындауға, нормативтік актілерді катаң сақтауға, басшыға берілетін мәліметтердің дәл және анық болуына жауапты болып келеді.

Берілген тақырып бойынша, яғни несие есебіне тоқтала келе, нарықтық экономиканың дамуының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Несие есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөзсіз.

Несие - бұл кәсіпорындарға, ұйымдарға өздерінің белгілі бір мақсаттарына банктен және банктен тыс ұйымдардан тартылған ақша қаражаттары болып табылады.

Қазіргі таңда сыртқы экономикалық себептерге байланысты, яғни ол инфляция, жұмыссыздық, қаржылық тапшылық жеке және заңды тұлғаларды несиені алуға итермелейді. Сол себептен менің тақырыбым өзекті болып келеді.

Курстық жұмыста қойылған негізгі мақсат - сырттан тартылған ақша қаражаттарын, соның ішінде несие есебінің теориялық аспектісін қарастыру. Осы мақсатқа сай, келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының несие жүйесін талдау;
  • банк несиелерін есепке алу;
  • банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу;
  • жылжымайтын мүлікке беретін несиені қарастыру.

Курстық жұмысты жазу барысында заңдар, нормативтік құқықтық

актілер, С. Б. Мақыштың «Банк ісі» және де В. К. Радостовецтің «Бухгалтерлік есеп» оқулықтарын негізге ала отырып жаздым.

І бөлім. НЕСИЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.

1. 1. Несие және оның түрлері

Несие - бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға, әдетте келісілген мөлшерде пайыз алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі.

Несиенің түрлері - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгеріс барысында толық сақталатын көрінісі. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасында байланыстар қалай өзгермегенде де, несиенің түрі сол күйінде қалады.

Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әртүрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне қарай жіктейді:

Жіктелу белгілері
Түрлері
Жіктелу белгілері: І. Қарыз алушылар категорияларына қарай
Түрлері:

1. Қаржылық институттарға : мақсатты қорларға, қаржылық-несиелік мекемелерге берілетін несиелер;

2. Қаржылық емес агенттіктерге: өнеркәсіп салаларына, ауыл шаруашылығына, саудаға, жабдықтау-сату ұйымдарына, жеке кәсіпкерлерге берілетін несиелер;

3. Тұтыну мақсатына берілетін

несиелер.

Жіктелу белгілері: ІІ. Берілу мерзіміне қарай
Түрлері:

1. Қысқа мерзімді (1жылға дейінгі несиелер)

2. Ұзақ мерзімді (1жылдан жоғары несиелер)

Жіктелу белгілері: ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай
Түрлері:

1. Негізгі қорларға жұмсалатын

2. Айналым қорларына жұмсалатын

Жіктелу белгілері: ІV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай
Түрлері:

1. Қамтамасыз етілген (кепіл хатпен, кепілдікпен)

2. Сақтандырылған

3. Қамтамасыз етілмеген (сенім несиесі)

Жіктелу белгілері: V. Қайтарылу дәрежесіне қарай
Түрлері:

1. Стандартты - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтарылуында еш күмән жоқ несие.

2. Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несие. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді:

1-санатты, 2-санатты, 3-санатты, 4-санатты, 5-санатты күмәнді несиелер.

3. Үмітсіз несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

Жіктелу белгілері: VІ. Валютамен берілуіне қарай
Түрлері:

1. Ұлттық валютамен

2. Шетел валютасымен

Жіктелу белгілері: VІІ. Берілу шартына қарай
Түрлері:

1. Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеу үшін берілетін несие.

2. Ипотекалық несие - қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндірістік ғимараттарды, жерді және т. б. ) кепілдікке ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

3. Сенім несиесі - банктің сеніміне кірген, төлем қабілеттілігі жоғарғы субъектілеріне берілетін несие.

4. Лизингтік несие - құрал-жабдықты жалға алумен байланысты берілетін несие.

5. Овердравт - төлемақы бойынша міндеттемелердің өтелуіне есеп айырысу шотында ақшалай қаражаттардың жетіспеушілігіне байланысты клиенттің банктегі есеп айырысу шотын толықтыратын банк несиесі.

6. Онкольдтік несие - кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несиесі.

7. Овернайт - банктің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотындағы дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несиесі.

8. Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.

9. Банк аралық несие - бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.

10. Рамбустық несие - шикізаттарды алу және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

11. Конторогенттік несие - тәуекелі жоғары банк несиесі. Ол қарыз шоттарынан тұрады. Бұл шот банк клиентінің төлемі, түсімі мен аударым уақыты сай келмеседе ашылатын шот болып табылады.

12. Консорциалдық несие - ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып берген несиесі.

  1. Қазақстан Республикасының несиелік жүйесі

Несиелік жүйе - мемлекет ұйымдастыруынан құралған несиелік ұйымдар мен оларға сәйкес келетін несиелік мекемелердің жиынтығы. Бұл жиынтыққа банктер, сондай-ақ банктік операциялардың жекеленген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелер енеді.

Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады.

ҚР - дағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі - банктік жүйе, ал

екіншісі - парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер) .

Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді. Оған дәлел, ол елде ақша капиталының орташа алғанда 3 / 4 бөлігінің несие жүйесі арқылы өтуі.

Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі ұғым қалыптасқан: біріншісі - несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі - несие-қаржы институттарының жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие жүйесі несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.

Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналысын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және көптеген операциялар өтеді.

Несие жүйесі - жалпы экономикадағы банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығынан тұрады. Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады.

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және оны экономикада белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік сақтандыру, делдалдық, инвестициялық және тағы басқа операцияларды орындайды.

Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің құрылымы (1-кесте) :

1-кесте. Қазақстан Республикасының несие жүйесі

ІІ бөлім. БАНКТІК ЖӘНЕ БАНКТЕН ТЫС МЕКЕМЕЛЕРДІҢ НЕСИЕЛЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ.

2. 1. Банк несиелерін есепке алу.

Банк несиесі есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі бекіткен “Қысқа және ұзақ мерзімді несие беру ережелеріне” сай жүргізіледі. Қысқа мерзімді несие ұйымның айналым қаржысын құрайтын көздердің бірі болып саналады. Несиелерді есепке алу үшін 3000 "Қысқа мерзімді міндеттемелер"және 4000 "Ұзақ мерзімді міндеттемелер" бөлімшелеріне енгізілген.

Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп - кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын атаймыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

Несиелер қайтарымдылық, төлемділік және мерзімділік қағидалары бойынша келісіліп, коммерциялық негізде беріледі.

Несиенің мерзімділігі - белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.

Несиенің қайтарымдылығы - оның экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады. Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл қағидасына ерекше мән берілген. Біріншіден , оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден , бұл қағиданы сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Үшіншіден , әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл қағиданың сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.

Несиенің төлемділігі - бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.

Несие беру банктердің өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Банк қарыздары (ссудасы) бұрындары берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болса ғана беріледі. Банк мекемесінің табысы төмен кәсіпорындарға несие беруі үлкен қауіп туғызатындықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесін жан-жақты зерттейді.

Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асыруның экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша түрінде банкке өтініш біддіреді. Банк жасалған өтініштің негізінде,

кәсіпорынның қарызы жоқ болса және бұрыңдары аталмыш кәсіпорын олардың берген несиесін жиі пайдаланып отырған болса, онда кәсіпорынның берген өтінішінің оң шешімін табуы мүмкін. Әдетте, қарыз шоттары банктерде есеп айырысу шоты ашылған жерінде ашылады. Бұл үшін кәсіпорын банкке өтініш-міндеттемесін ұсынуы керек.

Кәсіпорын банк мекемесінен несие алған уақытында кәсіпорын бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік өткізбелер құрылады:

:
Шаруашылық операцияларының: Шаруашылық операцияларының
Шоттар: Шоттар
:
Шаруашылық операцияларының: мазмұны
Шоттар: корреспонденциясы
:
Шаруашылық операцияларының:
Шоттар: дебет
кредит
: 1
Шаруашылық операцияларының: Несие алынды
Шоттар:

3010

4010

1030

1010

: 2
Шаруашылық операцияларының:

Жабдықтаушылар мен мердігерлердің шотын несиенің есебінен төлегенде

шоты несие есебінен төленгенде

шотын

Шоттар: 3310

3010

4010

: 3
Шаруашылық операцияларының: Несие өтелінді
Шоттар:

3010

4010

1030
: 4
Шаруашылық операцияларының: Алынған несие бойынша мерзімінде өтелмеген қарыздарды төлеу мерзімі жеткенде
Шоттар: 1030

3010

4010

: 5
Шаруашылық операцияларының: Несиені пайдаланғаны үшін үстеме пайыз есептелінді
Шоттар: 7320

3360

4160

: 6
Шаруашылық операцияларының: Несиені пайдаланғаны үшін үстеме пайыз төленді
Шоттар:

3360

4160

1030

Жалпы несиені пайдаланғаны үшін есептелінген пайыз бойынша оның сомасы былайша анықталады:

Жылдық Қарыз Несие

пайыздың х қалдығы х берілген : 360 күн

мөлшерлемесі күннің саны

Мысалы.

Кәсіпорын банктен 1105600 тенге несие алған, ол бір жыл екі айға берілген және оның жылдық пайызы 20% құраған.

Несиені берген кезде, оның эквиваленті 8000 АҚШ долларына тең болған және сол эквивалент бойынша (8000$) қайтарылатын болып, сондай-ақ әр тоқсанның соңында эквивалент сомасын марапаттау пайызын төлейтін болып келісілген.

:
:
:
Шоттар: Шоттар
:
: Шаруашылық операцияларының мазмұны
: Сомасы,
Шоттар: корреспонденциясы
:
:
: теңге
Шоттар: дебет
кредит
: 1
: 2
: 3
Шоттар: 4
5
: 1.
: 21. 01 . 2010 ж. есеп айырыcу шотына несие
: 1105600
Шоттар: 1030
3010
:
: аударылды
:
Шоттар:
: 2.
: Келісімшартқа сәйкес несие
: 266760
Шоттар: 7310
3360
:
: қаражатын пайдаланған мерзіміне есептелген пайызы:
:
Шоттар:
:
:
:
Шоттар:
:
: -І тоқсан
:
Шоттар:
:
: 8000 х 14 1, 8 х 20% х 90/360 = 56720 теңге,
:
Шоттар:
:
: -П тоқсан
:
Шоттар:
:
: 8000 х 142, 6 х 20% х 90/360 = 57040 теңге,
:
Шоттар:
:
: -Ш тоқсан
:
Шоттар:
.
:
: 8000 х 142, 75 х 20% х 90/360 = 57 100 теңге,
:
Шоттар:
:
: -IV тоқсан
:
Шоттар:
:
: 8000 х 142, 75 х 20% х 90/360 = 57800 теңге.
:
Шоттар:
:
: Несиенің нақты сомасы 28. 02. 2010 ж. өтелді,
:
Шоттар:
:
: 2010 жылдың екі айына есептелген пайыз
:
Шоттар:
:
: сомасы - 38100 теңге (8000x145, 3x20% х 59/360) .
:
Шоттар:
:
: Алынған несие бойынша барлық есептелген
:
Шоттар:
:
: пайызы 266760 теңге
:
Шоттар:
:
: (56720 +57040 + 57100 +57800 + 38100)
:
Шоттар:
: 3.
: Есептелген пайыз сомасы төленді
: 266760
Шоттар: 3360
1030
: 4.
: Алынған несиенің негізгі қарызы өтелді, ЯРНИ
:
Шоттар:
:
: 8000 АҚШ долларының эквивалентіне
:
Шоттар:
:
: - алғашқы алынған несие сомасы
:
Шоттар:
:
: - бағамдық өзгерістердің нәтижесінда пайда болған
: 1103600
Шоттар: 3010
1030
:
: айырма сомасы - 56800 теңге
:
Шоттар:
:
: (8000x145. 3-8000x138, 2)
: 56800
Шоттар: 7470
1030
:
:
:
Шоттар:

Сондай-ақ, банктен несие алу үшін бірінші рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмесін, ережелерін, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттің несие алу құқығының барлығын растайтын басқа да құжатгарын банкке ұсынады. Қарыз алушының несиені алғаш рет алып отырғандығына немесе несиені үнемі пайдаланып жүргендігіне қарамастан несиені алудың мақсаты, пайдалану мерзімі зерттеледі, содан соң ғана несиелендірілетін шараның техникалық-экономикалық негіздемесі, күтілетін түсімнің есебі; жылдық пен тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық есептері, қаражат нәтижесі жөніндегі есептері, басқа банктердегі ашылған шоттарының көшірмесі; қарыз алушының несиені қайтару қабілеттілігі және қаражат жағдайын анықтайтын басқа да деректер; банк тәжірибесінде қабылданған нысандағы несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ететін мүмкіндігі (кепілдікке салынатын мүліктері, сақтандыру куәлігі және т. б. ) және басқа да құжаттарының көшірмесі банкке ұсынылады.

Аталған құжаттар болған жағдайда банкке заңмен белгіленген талаптарға, санитарлық-тазалық, экологиялық және басқа да нормаларға жауап беретін кәсіпорындарының құрылысының жұмыс жобасы, сондай-ақ жоғарыда аталған нормалардың, мердігерлік келісімдердің сақталатындығын растайтын сараптау мекемелерінің және смета құжаттары бар болса ғана несиелеу саясаты оң шешімін табуы мүмкін. Ал несие беру келісім-шарты бекітілгенге дейін банк қарыз алушының несиені қайтару қабілеттілігін мұқият талдауға, қарыздың (ссуданың) өтелмеуіне әсер ететін факторларын; қарыз алушының атағын, бұрын алынған ссудасын уақытында өтеуі (соның ішінде басқа банктерден де), басқа міндеттемелерге қатынасын, қарыз алушының экономикалық және қаражаттық жағдайын, балансы бойынша төлем қабілеттілігін және несиені пайдалану тиімділігін және т. б. мүмкіндігін зерттеуге міндетті.

Барлық зерттеу үрдісінен өткен соң келісім-шарт жасалады. Банк мекемесі мен несие алушы кәсіпорын арасындағы несиелік қызмет көрсету бойынша келісім-шарт бір жылға немесе одан да ұзақ мерзімге жасалады. Егер келісімшарт бір жылдан артық уақытқа жасалған жағдайда несие жыл сайын бекітілген несиелік келісім-шарт негізінде беріледі. Несиелік келісім-шарт банк мекемесімен әрбір несие алушы ұйым (клиент) үшін жеке-жеке жасалады.

Банк несиесі кәсіпорынның, яғни несие алушының есеп айырысу шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне (көлеміне) қарамай-ақ беріліп және қолма-қол емес тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісім-шартта қарастырылады.

Егер несие алушы келісім-шартта белгіленіп көрсетілген мерзімінде несиелік борышын өтей алмайтын болса, банк мекемесі алдын-ала несие алушының рұқсатынсыз кепілдік берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.

Сондай-ақ, қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісім-шарт бұзылған жағдайда иелік ете алады. Кепілге алу міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызылады. Кепілге салу жөніндегі келісім тұрғын үйді кепілге салуды қоспағанда, нотариалдық куәліксіз жазбаша түрде жасалады. Қарыз алушыға тиесілі тауарлы-материалдық құндылықтарды немесе шығарылуына қарай дайын өнімді кепілге салу кепілге салудың бір түрі болып табылады. Кепілге салуға ақшалай бағаланатын мүліктер, соның ішінде бағалы қағаздар да ұсынылуы мүмкін. Кепілге салынған құндылықтар әдетте қарыз алушының иелігінде қалады, қарыз алушы кепілге салынған тауарлы-материалдық құндылықтарды басқа құндылықтарға ауыстырған жағдайда сатуға немесе өз өндірісінде қайта өңдеуге құқылы. Кепілге салынған бағалы қағаздар несие

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктер мен банктік емес мекемелердің несиелерін есепке алу
Шетелдік валютада алынған несиенің есебі
Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерінің есебі
Несие туралы түсінік
Несие мерзімі
НЕСИЕ АЛУ ТӘРТІБІ
Банктердің несиелерін есепке алу
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы міндеттемелерінің аналитикалық, синтетикалық есебі
Банк несиелерінің түрлері
Ағымдағы міндеттемелер мәні және мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz