Төлем карточкаларымен есеп айырысу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I бөлім. Банктегі есеп айрысу шотының
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1. Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі ... 5

2. Есеп айырысу операциялары және олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... 8

3. ҚР-ның II деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шот жоспары ... 9

II бөлім. Банктегі есеп айырысу шотының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .13

2.1. Банктегі есеп айырысу шоты бойынша бастапқы
құжаттау ... ... ... 13

2.2. Есеп айырысудың аккредитивтік нысанының
есебі ... ... ... ... ... ... 20

2.3. Вексельдермен операциялар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...24

III бөлім. Банк операцияларының
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...34

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Кіріспе

Банк ісі нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динмикалық құрылымы
болып табылады. Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп, экономиканы
неиелеп, капиталдың қайта бөлінуінде делдал ретінде өндірістің жалпы
тиімділігін арттыруды әрі елдің қорлануына өз ықпалын тигізеді. Бүгінгі
таңда, яғни осы заманғы жағдайда банк жүйесінің құрылымы күрделене түсті.
Қаржы мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несие құралдары және клиентке қызмет
көрсетудің жаңа әдістері пайда болып үлгерді. Пайда алуға, коммерциялық
жетістікке бағдарланған, әр түрлі меншік формаларына негізделген серпінді
әрі икемді несие жүйесіне өту қолға алынды.
Нарықтық экономика Казақстан Республикасында өзінің алғашқы қадамдарын
жасап даму үстінде, жаңа шаруашьшық қатынастарды дамытуға бағытталған
заңдар мен қаулылар топтамалары қабылданды. Қазақстанда жарнама өнеркәсіп,
сауда салаларымен салыстырғанда қаржы-несие жүйесінде, соның ішінде банк
қызметінде нақты дамып келеді. Банк жүйесінің екі деңгейге бөлінуі
нәтнжесінде көптеген коммерциялық банктер ашылып, қатаң бәсекелестіктің
туыңдауын жеделдетті. Республикамыздың каржы-несие жүйесі қазір өз
дамуындағы калыптасу кезеңінен өту үстінде. Әлемдік ірі қаржы
орталықтарымен, банктермен арадағы тығыз қарым-қатынас нәтижесінде
халыкаралық тәжірибе қазақстан банктерінің күңделікті тірлігіне енді.
Екінші деңгейлі банктердегі есептің ерекшелігі операция сипатына,
есеп жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп
құжаттарының мазмұнына байланысты.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты: банктегі есеп айырысу шотының
теориясы мен есебі және оның аудиті болып табылады. Курстық жұмыстың
міндетіне мыналар жатады:
• Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі;
• Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі;
• ҚР-ның II деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шот жоспары;
• Банктегі есеп айырысу шоты бойынша бастапқы құжаттау;
• Есеп айырысудың аккредитивтік нысаны;
• Вексельдермен операциялар есебі.

I бөлім. Банктегі есеп айырысу шотының теориясы.

1. Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі

Банктік шот – бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас
салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісім шарттарда қарастырылған,
клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті
қабылдау және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент
арасындағы келісім шарттық қатынасты бейнелеу әдісі.
Клиенттің есеп айырысу шоты банктік шот келісіміне немесе есеп
айырысу-кассалық қызмет келісім шартына сәйкес жүргізіледі. Келісім
клиенттің шот ашуға жазған өтініші негізінде жасалады. Осы келісім шартқа
сәйкес банк клиентке есеп айырысу және басқа да шоттарды ашады, оған
түскен қаржыны есепке алады, клиент тапсырмасы бойынша шоттан қаржы алады,
клиенттен қолма-қол ақша қабылдайды, босатады, қалдықты сақтағаны үшін
пайыз төлейді және шот бойынша басқа да операцияларды жүргізеді.
Банктік шот ашу үшін ҚР-ның резидент заңды тұлғалары келесі
құжаттарды ұсынуы тиіс:
▪ Клиенттің салық есебіне тұрғандығын растайтын салық қызметі берген
құжаттың түпнұсқасы;
▪ Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжат көшірмесі;
▪ Жарғының нотариалды бекітілген көшірмесі, ал оқшауланған бөлімшелер
үшін – бекітілген ереженің көшірмесі;
▪ Қол қойылып, мөр басылған карточка үлгісі.
Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды немесе жеке тұлғаға шот ашқан
жағдайда, банк салық қызметін 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс. Есеп
айырысу шоты арқылы жүргізілген операциялар бойынша банк клиентке шот
көшірмесін ұсынады. Көшірме клиентке сенімхат негізінде беріледі. Банктік
шот ашпастан жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлем және ақша аударымдары
төлем құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.
Төлем құжаттары – бұлардың көмегімен немесе негізінде азаматтық-
құқықтық мәмәлелер, келісім шарттар, ҚР-ның заңдық нормалар және сот
шешімдерінің шарттарына сәйкес ақшалай міндеттемелер орындалатын құжаттар.
Олар банкке банк бекіткен операциялық күн ағымында қабылданады және
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерімен
бекітілген төлем хабарламасының нысаны болмаса, алушы-банк бекіткен немесе
іскерлік қатынаста қалыптасқан нысанда қабылданады. Алушы-банк ақша
жөнелтушіден төлем хабарламасын алады және оны акцептейді. Төлем құжатын
алу кезінде алушы-банк жөнелтушіге қолма-қол ақшаны қабылдағаны туралы
тиісті бекітімді береді. Төлем хабарламасын акцептей отырып, алушы-банк
бенефициар есебіне ақша аударымдарын жүзеге асыруға міндеттеме қабылдайды,
алушы-банк оны Қазақстан Республикасының заң актілері белгілеген мерзімде
орындайды. Банктік шот ашпастан орындалған клиенттік төлемдер мен ақша
аударымдары бойынша банк комиссиялық сыйақы ұстайды. Егер бұл алушы-банк
пен ақша жөнелтуші арасындағы келісімде қарастырылмаса, сыйақы еш уақытта
төлем сомасынан ұсталмайды.
Банк ақша жөнелтушіден келесі жағдайларда төлем хабарламаларын
қабылдаудан бас тартуы мүмкін:
▪ Төлем құжаты талаптардан бұрмаланып толтырылса және ұсынылса;
▪ Аударымды жүзеге асыруға қажетті ақша сомасын жөнелтуші қамтамасыз ете
алмаса;
▪ Төлем құжатында санмен және сөзбен көрсетілген соманың банкпен
сәйкессіздігі анықталса;
▪ Қазақстан Республикасыың заңдарымен және ақша аударымы туралы келісім
шарттарының талаптарымен бекітілген басқа да талаптар орындалмаса.
Банктік шотты ашпастан ақша аударымын жасау үшін алушы банк және
жөнелтуші ақша аударымы туралы келісім жасайды. Сондықтан бір тарап (алушы
банк) екінші тараптың тапсырысы бойынша (ақша жөнелтушінің) оған дербес
сәйкестендірілген код белгілеместен үшінші тарапқа ақша аударымын
жүргізеді. Келісімде қатысушы тараптар аударымды жүзеге асыру тәртібін,
соның ішінде комиссиялық сыйақы алу ретін және өз құқықтарын, міндеттерін
және жауапкершіліктерін келісуі тиіс. Бенефициар келмеген жағдайда, банк
екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік шоттар жоспарында қарастырылған
тиісті банктік шоттарға төлем хабарламасына сәйкес аталған соманы банктің
бекітілген ішкі ережелеріне сәйкес есепке алуы тиіс. Аударым қате
жүргізілсе, оның сомасы ақша жөнелтушінің банкіне келесі операциялық күннен
кешіктірілмей, себептері көрсетіле отырып қайтарылуы тиіс. Қате аударылған
сома ақша жөнелтушінің банктік шоты бар болып, жөнелтуші банкіне
қайтарылғанда, сома жөнелтушінің банктік шотына құйылады, ақша жөнелтушінің
банктік шоты болмаған жағдайда сома, екінші деңгейлі банктердің
бухгалтерлік есепшот жоспарына сәйкес банктік шотқа есепке алынады. Ақшаны
қайтарған жағдайда жөнелтушіні үш банктік күн ішінде хабардар етуі тиіс.
Егер ақша, ақша аударымы қате белгіленуі себебімен қайтарылған болса, онда
жөнелтуші банк ақша жөнелтушіні ақшаның қайтарылғандығы туралы хабардар
етпеуге құқылы және құжат қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде
бенефициар банкке төлем құжаттарын тиісті деректемелерімен жолдайды. Егер
жөнелтушінің банктік шоты болмаса, онда аударымның қабылданғандығы туралы
банк белгісін қойып, тиісті құжаттарымен жөнелтушіге ақша касса арқылы
қайтарылады.
Банктік шоттың жабылуы клиенттің шотты жабу себебін көрсеткен өтініші
негізінде жүзеге асырылады. Егер банк клиенті – заңды тұлға таратылып
немесе қайта құрылса, шотта бір жылдан аса мерзімде қаржысы болмаса, ал
жеке тұлғаларда – үш жылдан аса, онда орындалмаған талаптар бойынша шот
жабылады. Банк кәсіпкерлік қызметті жүргізуші заңды немесе жеке тұлғаның
банктік шотының жабылғандығы туралы 10 күн мерзімде салық қызметінің тиісті
органдарын жазбаша хабардар етуі тиіс.

2. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі
Қатысушыларға байланысты банктің есеп операциялары негізгі екі топқа
бөлінеді:
▪ Клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде
банк және оның клиенттері қатысады;
▪ Негізгі субъект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу
операциялары және банкаралық есеп айырысулар.
Есеп айырысу нысандарындағы ерекшеліктергі байланысты банктің келесі
есеп айырсу операцияларын бөліп көрсетуге болады:
▪ Аккредетивтік операциялар;
▪ Инкассолық операциялар;
▪ Аударым операциялары;
▪ Клирингтік операциялар.
Есеп айырысу операцияларында қолданылған төлем құралдарына байланысты
есеп айырысу операциялары былайша жіктеледі:
▪ Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;
▪ Чектермен есеп айырысу;
▪ Вексельдермен есеп айырысу;
▪ Төлем карточкаларымен есеп айырысу;
▪ Қолма-қол есеп айырысу.
Атқарымдық негіздерінде, есеп айырысу мәні мен жүзеге асыу кезеңдеріне
қарай банктің есеп айырысу операциялары былайша бөлінеді:
▪ Ағымдағы, мерзімдік есеп айырысу және басқа да шоттар операциялары;
▪ Әр түрлі шоттарды жүргізу, қаржыларды өтеу және қосу, сыйақы мен
комиссиялық ақылар есептеу операциялары;
▪ Кассалық операциялар (қолма-қол ақшаларды қолма-қол емес ақшаға
айналдыру және керісінше);
▪ Тиісті құжаттарды төлеуге төлеушінің келісімін (немесе қарсылығын)
алуға байланысты акцептік операциялар;
▪ Төлем алу құқығын беруге байланысты операциялар: факторингтік, есептік,
индоссациялық (банк индоссант болып табылатын кездегі);
▪ Банк төлемге келіп немесе тапсырыс беруші болып табылатын, банктің
авальді (кепілді тапсырманың) операциялары.
Банк аударым операцияларының үлкен көлемін жүзеге асырады, яғни заңды
және жеке тұлғалардың қаржы аударымдарын жүзеге асыру тапсырыстарын орындау
бойынша операциялар. Аударым операциялары кредиттік және дебеттік болып
бөлінеді. Кредиттік аударымдар - төлем құжатын, алушы банкке инициатор
ұсыну жолымен жүзеге асырылатын қолма-қолсыз төлем.
Дебеттік аударым - ақша жөнелтуші төлеу үшін төлем құжаттарын банкке
бенефициар ұсынатын қолма-қолсыз төлем түрі.Аударым операцияларын жүзеге
асыру үшін банкте төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырысудың келесі
нысандары қолданылады: төлем тапсырмаларымен, төлем-талап тапсырмаларымен,
инкассолық өкімдермен, чектермен, аккредитивтермен, вексельдермен, банктік
карточкалармен және басқа Ұлттық банктің нормативті құқықтық актілерінде
бекітілген төлем құжаттары.
Кредиттік аударымдар төлем тапсырмасын қолдану арқылы жүргізіледі.
Дебеттік аударымдарда келесідей төлем құжаттары қолданылады: чек, төлем-
талап тапсырмасы, инкассалық өкім, вексель.

3. ҚР II деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шоттар жоспары.

Қазақстан Республикасы банктерінде бухгалтерлік есепті жүргізудің
негізгі – есепшоттар жүйесі, яғни екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік
есептің типтік шоттар жоспарын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2002
жылы 30 шілдеде бекіткен. Шот жоспары төрт санды кодты шоттар тізімі болып
табылады. Бұл құжат кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметінің
бухгалтерлік шот жүйесінен ерекше. Қазақстандағы барлық екінші деңгейлі
банктер үшін бірыңғай есеп нысаны болуы банк қызметіне талдау жасауға
мүмкіндік береді.
Шот жоспарының барлық шоттары 7 классқа бөлінеді:
I класс – Активтер;
II класс – Міндеттемелер;
III класс – Меншікті капитал;
IV класс – Табыстар;
V класс – Шығындар;
VI класс – Шартты және мүмкін талаптар мен міндеттемелер;
VII класс – банк балансына меморандум шоттары.
Бухгалтерлік шоттар баланстық және баланстан тыс шоттар болып
бөлінеді. Баланстық шоттарға бірінші класстан бесінші классқа дейінгілер
кіреді – активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, табыстар шығындар, ал
алтыншы және жетінші класс шоттары баланстан тыс шоттарға жатады. Баланстық
шоттар өз кезегінде екіге бөлінеді – актив және пассив. Актив шоттарға
бірінші және бесігші класс шоттары жатқызылады, пассивке – екінші, үшінші
және төртінші класс шоттары жатады.
Банк балансында алғашқы үш класстың шоттары бейнеленеді. Төртінші,
бесінші класс шоттары қаржылық нәтиже туралы есеп беруде бейнеленеді,
сондықтан қаржылық нәтиженің өзі үшінші класс меншікті капитал шоты бойынша
есепті мерзімнің аяқталуымен анықталады. Алтыншы класстық шоттар банктің
шартты және мүмкін міндеттемелеріне есеп беруді жасауда пайдаланылады,
жетінші класс шотын пайдалана отырып банктің операциялар жайлы қосымша
ақпарат алуға болады.
Шоттың сандық кодының бірінші цифрі класын, екінші, үшінші – шот
тобын, төртінші – шот топтарын одан әрі бөлшектуге және кеңейтуге
болжанатындығын көрсетеді. ІІ деңгейлі банкте бухгалтерлік есеп шот
жоспарының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктің мәнісі активтердің,
міндеттемелердің, есептелген кірістер мен есептелген шығындардың, активтер
және міндеттемелердің өзара қарым-қатынасы, кірістер мен шығындар, пайыздық
кірісжәне пайыздық шығынның есебі бойынша қисынды тізбесінде. Пайыздық
кірістер есептелуі мүмкін активтер – есептелген кірістер – пайыздық
кірістер. Пайыздық табыстар есептелінуі мүмкін активтер 1000-1499 шоттарда
ескеріледі. Сәйкес пайыздық кірістер 4000-4499 шоттарында ескеріледі.
Активтердің әрбір шотына пайыздық кіріс шоты сәйкес келеді, сондықтан
активтер шотының кейінгі үш цифры кірістер шотының кейінгі үш цифрына тең.
Есептеу принципіне сәйкес несие бойынша банктер пайызды есептеуге
міндетті төлемі кейін жүргізілген жағдайда депозиттерге де пайыз
есептеледі. Есептелген кірістерді есептеуге қисынды құрылымы бар 1700
шоттар тобы арналған. Есептелген кірістердің кейінгі екі цифры пайыз
есептелетін шоттар тобының ортаңғы екі цифрына тең. Оларға жатпайтындар:
▪ Әдетте есептеу жасалмайтын 1000 шоттар тобы;
▪ Пайыздар есептеу тоқтатылған шоттар – 1257, 1307, 1424 (бекітілген
актив);
▪ 1731, 1741, 1749 (мерзімі өткен пайызды есептеу бойынша) –активтер
шотыныңжекелеген тобында сәйкестік жоқ;
▪ 4349 және 4449 (комиссиялық кірістер) 1300 және 1400 шот топтарына
сәйкес келеді;
▪ 4455 (своп бойынша табыс) баланстан тыс шотта ескерілетін операция
бойынша пайыздық кірістерді бейнелейді.
Пайыздық шығыстар есептелуі мүмкін міндеттемелер 2000-2499 шоттарында
есептеледі, соған сәйкес пайыздық шығындар 5000-5499 шоттарда есептеледі.
Міндеттеменің әрбір шотына пайыздық шығыстар шоты сәйкес келеді, сонымен
бірге міндеттемелер шотының кейінгі үш цифры шығыстар шотының кейінгі үш
цифрына тең.
Төлемдер алдағы уақытта төленетін жағдайда есептеу принципіне сәйкес
банктер кредиттер мен депозиттер бойынша аә сайын пайыз есептеуі керек.
Есептелген шығыстарды есептеу үшін қисынды құрылымы бар 2700 шот топтары
белгіленген. Яғни есептелген шығындардың кейінгі екі цифры пайыз
есептелетін шот тобының ортаңғы екі цифрына тең. Бұл қисынға жатпайтындар:
▪ Есептеулер жасалмайтын 2010 тобының шоттары;
▪ Міндеттемелер шотының жекелеген топтарымен сәйкестігі жоқ2749 шоты;
▪ 5091 шоты, 5095 (басқа да табыс) және 5230 (комиссиялық шығыстар)
2050шоттар тобына сәйкес және 2050 мен 2200 сәйкес;
▪ 5304 шоты (своп бойынша шығыс) баланстан тыс шотта ескерілетін
операцияларбйынша пайыздық шығыстарды көрсетеді;
▪ 5024 шоты (банктің корреспонденттік шоты бойынша пайыздық шығыстар)
банкаралық корреспонденттік қатынас жағдайда мүмкін болатын активтік
шотпен байланысты (1052).
Алтыншы класс бойынша операциялардың есебі – шартты және мүмкін талаптар
– шартты және мүмкін міндеттемелердің келесідей логикалық байланыстары бар,
яғни бір шоттың дебеті бойынша корреспонденттік шотты жүзеге асыру кезінде
500 саны арқылы анықталатын кредиттік шот бойынша корреспонденция жүзеге
асады.

ІІ бөлім. Банктегі есеп айырысу шотының есебі.
2.1. Банктегі есеп айырысу шоты бойынша бастапқы құжаттау.

Төлем құжаты ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке, тапсырмада
көрсетілген соманы, оның ақшасын бенефициар есебіне аудару туралы берген
тапсырмасы. Аударымды жүзеге асыру үшін жөнелтуші өзіне қызмет көрсетуші
банкке бекітілген үлгідегі төлем тапсырмасын ұсынады. Төлем құжаттарын
электронды түрде де, сол сияқты қағаз тасымалдаушыларымен де ұсынуға
болады. Қағаз тасымалдаушыларында оларды қайтару немесе орындалуын тоқтату
жөніндегі кез келген түзетулерді жүргізуге болмайды. Алушы банк немесе
бенефициар банк талаптарға сәйкес келмейтін нысанда толтырылған және
ұсынылған төлем құжаттарын акцептеуден бас тартуға құқылы.
Алушы банк ақша аударымына жазылған төлем тапсырмасын немесе өтінішті
оның жазылған күнін көрсете отырып, он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.
Ол Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес, төлем тапсырмасы мен
аударымға өтініштен тыс төлем негізін дәлелдейтін басқа да құжаттарды талап
етуге құқылы. Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банк келісімі бойынша
төлем тапсырмасында немесе ақша аударымы өтінішінде валюталау күнін
көрсетеді.
Жөнелтушінің төлем құжатын орындаудағы банк міндеттемесі төлем
құжатының акцепті деп аталады. Акцепт кезінде алушы банкке жөнелтушінің
банктік шотынан төлем тапсырмасында көрсетілген мөлшерде, сондай-ақ оны
орындаумен байланыстырады, шығындар үшін ақша алу құқығы беріледі.
Төлем құжатын алушы-банк келесі жағдайларда акцептейді:
▪ Алушы-банк акцепт туралы жөнелтушіге хабар жіберсе немесе төлем
тапсырмасын төлеу туралы хабарлау жолдаса;
▪ Алушы-банк жөнелтушінің төлем тапсырмасы негізінде ақшаны шоттан алса
(банктік шотты дебеттейді);
▪ Төлем тапсырмасын алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде алушы-банк
акцепт туралы немесе акцептен бас тарту туралы хабарлама алмаса;
▪ Қазақстан Республикасының заңдылығымен немесе алушы-банк пен жөнелтуші
арасындағы келісімде көрсетілген жағдайларда.
Алушы-банк келесі жағдайларда төлем құжатының акцептінен бас тартуы
мүмкін:
▪ Егер жөнелтуші аударым үшін қажетті ақша сомасымен қамтамасыз ете
алмаса;
▪ Егер төлем тапсырмасында жалған белгілер болса, ол жөнелтуші және
алушы-банк арасындағы келісімде белгіленбеген төлемдерден қорғауәрекетін
бұзып жолданса;
▪ Қазақстан Республикасының заңдылығы және келісім талаптары
орындалмаған жағдайда.
Акцептелген төлем құжаты бойынша төлем келесі тәртіппен жүргізіледі:
жөнелтуші өзі мен алушы-банк арасында жасалған келісімге сәйкес,
акцептелген төлем тапсырмасының сомасына алушы төлем жүргізуге және
санкцияланған төлем тапсырмасын іздестіру немесе орындауға байланысты
шығындарды қалпына келтіруге міндетті. Бұл кезде жөнелтуші төлем
тапсырмасын орындаған кезден бастап алушы банкте төлем жүргізу міндеттемесі
пайда болады. Алушы банкке жөнелтуші төлемі алушы банк жөнелтуші шотын
дебеттегенде жүргізіледі.
Төлем құжатын бюджет және басқа да Ұлттық банктің нормативтік құжаттары
мен заңдылығында қарастырылған мақсатқа ұсынғанда, қаржы жетіспесе төлем
ордері қолданылады (Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасының 2000
жылғы 25 қарашадағы №133 қаулысымен бекітілген, клиент пен оған қызмет
көрсетуші банк арасында қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыру Ережесіне
сәйкес).
Төлем құжатымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шоттардың келесі
клрреспонденциясы құрылады:
1. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға әр түрлі банк қызмет көрсетсе,
онда келесі өткізбе құрылады:
Дт 2203 клиенттердің ағымдағы есепшоттары ақша жөнелтуші
Кт 2203 клиенттердің ағымдағы есепшоттары бенефициар
2. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға әр түрлі банк қызмет көрсетсе,
олардың арасындағы есеп айырысу кореспонденттік шоттар арқылы
жүргізіледі:
Дт 2203 клиенттердің ағымдағы есепшоттары
Кт 1051 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі
корреспонденттік есепшоты
Немесе
Кт 1052 Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоты
3. Есеп айырысуды жүзеге асырғаны үшін банк комиссиялық ақы ұстайды:
Дт 2203 клиенттердің ағымдағы есепшоттары
Кт 4601 банктің аударым операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін
есептелген комиссиялық кірістер.
Төлем-талап тапсырмасы – қызмет көрсетуші банкке жолданған есеп
айырысу және тиеу құжаттары негізінде жеткізілген өнім, орындалған жұмыс,
көрсетілген қызмет келісімі бойынша құнын төлеу туралы бенефициардың
жөнелтушіге берген талабы.
Төлем-талап тапсырмасын бенефициар бланкке жазып бенефициар банкіне
немесе жөнелтуші банкке тізіліммен бірге ұсынады, егер төлем электронды
жолмен жүзеге асырылса, екі данада. Бенефициар төлем-талап тапсырмасын
қабылдай отырып, өзіне инкассалаушы банк міндеттемесін алады.
Инкассо – банк өз клиентінің тапсырысы бойынша және есеп айырысу
құжаттары негізінде ақша аударушыдан оған тиесілі ақша сомасын алып, бұл
соманы клиенттер есебіне аудару ісі жүргізілетін операция. Инкассалаушы
банк міндеттемесі төлем-талап тапсырмасын инкассаға алумен байланысты,
бенефициармен жасалған келісім немесе қолданыстағы заңдылық негізінде пайда
болады. Бұл кезде инкассалаушы банк өзіне келесі міндеттемелерді
қабылдайды:
▪ Төлем-талап тапсырмасын төлемге немесе акцептке кезекті ұсыну;
▪ Бенефициарға акцептен бас тарту немесе төлем туралы төлем-талап
тапсырмасын қайтару туралы хабарлама жолдау;
▪ Төлем-талап тапсырмасының орындалғандығы туралы бенефициарға хабарлау.
Тиісті міндеттемелерді қабылдай отырып, инкассалаушы банк төлем-талап
тапсырмасын алғаннан кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей
қызметтің орындалуын анықтайды. Инкассаға инициатордың инкассалаушы банктің
төлем-талап тапсырмасын алғаннан кейінгі келесі операциялық күні ағымында
жүргізіледі және оны инкассаға қабылдау кезінде тізілімнің барлық данасына
күні және түсу уақыты қойылады. Ал жөнелтуші-банк аталған құжатта төлем-
талап тапсырмасын алған күні мен алу уақытын белгілейді. Жөнелтуші-банк
құжатты тіркеп, акцепт үшін ақша жөнелтушісіне жолдайды. Бұл кезде ол
жөнелтуші банкке түскен күннен бастап үш күн ішінде банкке төлем-талап
тапсырмасын ұсынуға міндетті. Төлем-талап тапсырмасы тек жөнелтуші шотында
ақша болған жағдайда ғана қабылданады.
Төлемге келісім білдірілген жағдайда аталған төлем-талап тапсырмасы
акцептеледі. Жөнелтушінің төлем-талап тапсырмасының акцептеуді талап
етпейтін төлем-талап тапсырмасынан басқалары соңғының аталған талаптарға
сәйкес төлем жүргізуге келісімін білдіреді. Ақша жөнелтушінің акцептсіз
төленетін төлем тапсырмасымен акцептелген құжаттар бойынша баланстан тыс
есеп жүргізіп және оларды корреспонденттік шотқа кезекті төлем және аударым
үшін ақша түскенге дейін сақтауға міндетті. Бұл кезде Қазақстан
Республикасының заң актілерінде қарастырылмаған болса, жөнелтуші-банк өзара
келісімге сәйкес ақша жөнелтушісіне айып немесе өсімақы төлеуге міндетті.
Жөнелтушіде ақша сомасы жеткіліксіз немесе болмаса, алушы-банк төлем
тапсырмасын ақша жөнелтушінің банктік шотына оларды орындауға жеткілікті
ақша сомасы түскенге дейін сақтайды. Төлем-талап тапсырмасын толық немесе
жартылай төлеуге келісім білдірілген жағдайда, жөнелтуші оның барлық
данасын банктік шотты жүргізуге өкілетті тұлғалар қолы және мөртаңбасымен
рәсімдейді және оны қызмет көрсетуші банкке жолдайды, оның:
▪ Бірінші данасы жөнелтуші шотынан ақша алуға негіз болады және операция
аяқталған соң банктің құжаттарына орналастырылады;
▪ Екінші данасы бенефициарға қызмет көрсетуші банкке жолданады;
▪ Үшінші данасы тауар, көрсетілген қызмет, орындалған жұмыс үшін төлем
жүргізілгендігі туралы қолхат ретінде тиеу құжаттарымен қоса жөнелтушіге
қайтарылады.
Заң актілеріне сәйкес ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның шотынан ақша
алу жүргізіледі, бұл кезде икассолық өкім деп аталатын құжат қолданылады,
сондай-ақ салық қызметі және кеден ұйымдарының инкассолық өкімі
қолданылады. Ақша жөнелтушінің банкіне ақша өндіріп алу туралы сот
анықтамасы қаулылрының , шешімдерінің, өкімдерінің, аталған өндіріп алуды
сендіретін сот бұйрығы немесе көшірмесі, атқарушы парақтар және бұйрықтарға
қоса инкассолық өкім ұсынылады. Салық қызметі органдары мен кеден
органдарының инкассолық өкімі ұсынылмайды. Бұл талаптарды Ұлттық банк
бекітеді.
Инкассолық өкімде жөнелтуші келісімінсіз оның банктік шотынан ақша алуға
құқық беретін заң актісінің сәйкес нөмірі мен күні көрсетіліп, төлем мәні
жазылуы тиіс. Салық және кеден қызметі органдарының инкассолық өкімінде
қосымша бюджеттік жіктелу коды, операция түрі көрсетіледі. Банктер ақша
жөнелтушінің олардың келісімінсіз банктік шотынан қаржы алуға қарсылық
білдірген арызға қарамайды. Жөнелтуші алушы банкке бекітілген банк нысанда
жазылған қайтарып алу өкімін жолдау арқылы бұйрықты тоқтатуға болады.
алушы-банк Қазақстан Республикасы заңдылықтарының талаптарына және
жөнелтуші мен алушы банк арасындағы келісімге қайшы келетін бұйрықты
қайтару туралы өкімдерді қабылдамауы тиіс. Алушы-банк немесе бенефициар
банк төлем тапсырысын қайтару туралы өкімді уақытылы алмаса ақша аударымын
жүзеге асыруға құқылары жоқ. Бұл кезде алушы-банк немесе бенефициар банк
түскен соманы жөнелтушіге қайтаруға міндетті. Бұйрық алушы банкке бұйрықты
орындауды тоқтата тұру туралы өкім жөнелтушінің жолдауы арқылы тоқтатылуы
мүмкін.
Чек банк клиентінің банкке ақша қаражатын өз шотынан алушы шотына аудару
туралы арнайы бланкте жазылған жазбаша тапсырмасын білдіретін бағалы қағаз
болып табылады.
Чек кімнің есебіне жазылғандығына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
▪ Арнайы – тек осы кісіге төлеңіз;
▪ Ордерлік – осы кісіге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-дағы пластикалық төлем карточкаларының одан әрі жетілдіру мәселесі
Қазақстан Республикасында қолданылатын қолма-қолсыз есеп айырысу нысандарына сипаттама
Бухгалтерлік есептің концепциясы
Ақша қаражаттар қозғалысы мен есебі
Банктердің электрондық қызметтерін дамыту
Ақша қаражаттарының сипаттамасы
Алынуға тиісті вексельдер, бағалау және мойындау есебі
ҚР қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру
Төлем карточкаларының есебі
Пәндер