Банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық мәні
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ҰҒЫМЫ, МӘНІ ЖӘНЕ
МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Банктердің инвестициялық қызметінің ұйымдастырылуы және
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ АҚ-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..11
2.1. Қазақстан халық банкі АҚ-на экономикалық
сипаттама ... ... ... ... ... ...11
2.2. Қазақстан халық банкі АҚ-ның инвестициялық қызметінің нәтижелері
және
табыстылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...13
3. БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 16
3.1. Шетел банктерінің инвестициялық қызмет
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... .16
3.2. Қазақстан банктерінің инвестициялық қызметі мәселелері және оны
жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .23
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс
әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып,
еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – коммерциялық банктердің
инвестициялық қызметі, оның ұйымдастырылу ерекшеліктері және даму
перспективалары.
Курстық жұмыстың өзектілігі – қазіргі кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-
экономикалық дамуының ажырамас бөлігі ретіндегі инвестициялардың, оның
ішінде инвестициялық субъект ретінде банктердің инвестициялық қызметінің
ерекшеліктері мен ұйымдастырылу реттілігін айқындауында.
Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры
болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп,
сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының
көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп
халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді[1].
Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті
экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын
қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті
талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін
әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Курстық жұмыстың мақсаты – коммерциялық банктердің инвестициялық
қызметінің ерекшеліктерін, оның ұйымдастырылу тәртібін анықтау және нақты
жағдайдағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің нәтижелілігін
талдап, оның даму жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, курстық жұмыстың келесідей
міндеттері қойылады:
- коммерциялық банктердің қызметін анықтау, оның ішінде
инвестициялық қызметінің алатын орынына ерекше көңіл бөлу;
- банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық роліне
тоқталу;
- банктердің инвестициялық қызметінің ұйымдастырылу
ерекшеліктерін және сипатты белгілеріне байланысты жіктелуін
қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы банктердің инвестициялық
қызметіне нақты банк негізінде талдау жасау;
- оның ішінде, банктердің инвестициялық қызметінің нәтижелерін
қарастыру және салыстыру;
- аталмыш банктің инвестициялық қызметінің табыстылығына
дәйекті баға беру;
- банктердің инвестициялық қызметінің дамуын болжауда шетел
банктерінің инвестициялық қызмет тәжірибесіне сүйене отырып,
қазақстандық банктердің инвестициялық қызметінің мәселелерін
және оларды жетілдіру жолдарын қарастыру.
Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктіріледі.
Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы
қағаздарымен сауда-саттық операцияларды жүргізеді. Берілген операциялар
бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді
қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы
алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюктурасы
алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық
төлемақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және
бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.
1.БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ҰҒЫМЫ, МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
1. Банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық мәні
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды
жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді[2].

әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс
- әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым
мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:
1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды:
экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды –
реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі
инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып,
соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.
3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
• Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
• Мемлекеттік зейнетақы қорына;
• Аймақтық бюджетке;
• Республикалық бюджетке;
4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әралуан
өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда
өзін де пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін
пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің
коммерциялық банктері кредит жүйесінің негізгі операциялық буыны болып
қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-кредит нарығының жағдайына
көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттаhынан айырмашылығы және
ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде
ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі
салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте
маңызды. Ол тиімді кредит жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне
қажетті жағдай туғызады. Банк кредиттерінің жетіспеушілігі және өте жоғары
пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес, ал экономиканың
басқа буынында қажетті қор пайда есебінен жиналуын күтіп, болмаса сырттан
келуін күтіп қозғалыссыз жатыр. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-
тәжірибелер тиімсіз, себебі, бір жағынан, мынандай ірі ақша сомасы белгісіз
уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалардың
жетіспейтіндігі сезіліп тұрады.
Инвестиция дегеніміз – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және
шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ
мерзімді қаражат бөлу.
Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал-
жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді
салуға жұмсалады.
Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы (бағалы
қағаздар портфелі) және ұзақ мерзімдік банк кредиттерін беру арқылы
(қарыздар портфелі) жүзеге асады[3].
Сонымен, жеке, мемлекеттік, шетелдік инвестициялар инвестициялық
заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің
инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор
құқықтары қорғалады.
Қазақстанда заңға сәйкес инвестиция деп - кәсіпкерлік іс-әрекет және
басқа да пайда әкелетін іс-әрекет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары
мен бағалы қағаздарды айтады. Инвестициялық қызметтің қатысушылары – жеке
және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады.
Берілген жағдайдағы әңгіме коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіне
қатысты[4].
Әдетте банктердің инвестициясы деп - ақша қаражаттарын банктердің
өздерінің басшылығымен табыс алу мақсатында, белгілі бір мерзіміне ақшалай
қаражаттар салуы аталады. Тар мағынада, банктердің инвестициялық қызметі
деп - банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы
қағаздарға ақша қаражаттарын салуы айтылады.
Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге
асырылады.
Банктердің инвестициялық саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс
жасауын, нәтижелігін немесе пайдалығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз
ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және
іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығы [5].
Cонымен, инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жасау үшін
біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне
инвестиция портфельдің құрылымын оңтайландырудан тұрады.
Банктің инвестициялық саясатының басты багыттары мынадай бөлімдерді
қамтиды:
* инвестициялық саясаттың басты мақсаты;
* баланс активі мен пассивіндегі квазиинвестициялық операциялардың
шегін (үлесін) анықтау;
* инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен
атқарушылардың жауаптылығын;
* инвестициялардың құрамы мен құрылымы;
* бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің
тиімділігі;
* инвестициялар портфелінің диверсифиакциялануына қойылатын негізгі
талаптар;
* потрфельдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;
* сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі;
* пайдалар мен зияндардың есебі;
* компьютерлік қамсыздандыру бағдарламалары[6] .
Яғни, банктердің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат
орналастыруға кепілдік беру ( андеррайтинг ), сондай-ақ клиенттерге қандай
бағалы қағаз түрін , қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға
болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.
Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг – бұл бағалы қағаздарды сатудан
ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндігі туралы эмитентке
кепілдік беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент қор құндылықтарын
орналастыру жоспарын құрады.
Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы
қағаздары екі топқа бөлінеді: қор ( акция, облигация) және коммерциялық
бағалы қағаздар ( коммерциялық вексель, чек қоймалық , кепілдік куәліктер
).
1.2. Банктердің инвестициялық қызметінің ұйымдастырылуы және жіктелуі
Банк қызметіндегі инвестициялаудың өзіндік ережелері бар. Кең
мағынада, банктік инвестиция – пайда табуында банктің ресурстарын
орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.
Ал тар мағынада, банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында
ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.
Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп - негізгі капиталға жұмсаған
қаражаттарды да түсінуге болады.
Банктердің қызметіндегі инвестиция және кредит ұғымдарын шатастыруға
болмайды. Инвестицияның қарыздан бірқатар айырмашылығы бар. Біріншіден,
қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен қолданылады, ал
инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын, салыстырмалы ұзақ мерзімде
ақша қаражаттарының ағынын қамтамасыз ету мақсатында жасалыды. Екіншіден,
кредиттеу кезінде бастамашылық қарыз алушыдан болған, ал инвестиция
кезінде – кредит берушіден (банктен) болады. Үшіншіден, кредиттік мәміле
нақты кредит беруші мен қарыз алушы арасында жасалады, ал инвестициялау
нарықта міндетті қызметті қарастырады.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты –
қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және
өтімділікті қамтамасыз ету.
Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар,
оларда көрсетілген құқықты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну
қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады
(вексельдер, чектер)[7].
Cөйтіп, қорлық бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен
ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік немесе
облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.
Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы
қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция,
облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқықтар мен талаптарды
білдіреді (купондар, талондар).
Соңғыларына пайыз немесе дивидент түрінде табыс алу құқығын беретін
купондар – белгілі бір бағалы қағаздардың сатылу құқығын беретін купондар
жатады. Олар нарықта айналысқа түсе алады. Талондар купондарды алу құқығын
береді.
Олар өздерінің айналысқа қатысуының ерекшеліктерімен нарықтық және
нарықтық емес болып бөлінеді. Бірінші нарықта еркін айналады, яғни биржалық
немесе биржалық емес айналым шеңберінде еркін сатып алынып, еркін сатылады
және эмитентке мерзімі жетпей қайтарылмайды. Екіншілерінің керісінше екінші
ретті айналымы (яғни биржада және тысқары жүруі) болмайды, бірақ мерзімі
бітпей эмитентке қайтарылуы мүмкін.
Бағалы қағаздар иелерінің құқықтары ерекшеліктерімен байланысты
мәлімдеуші, ордерлік және атаулы болып бөлінеді.
Мәлімдеуші бағалы қағаздар – бұл мәлімдеуші чектер, акциялар,
облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б.. Оларды
сату және иесінің құқықтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.
Ордерлік бағалы қағаздар – оларды ұстаушылардың құқықтары сол қағаздың
мәлімдеушісімен және сол сияқты аударып жазу белгілерінің сәйкестігімен
расталады.
Атаулы бағалы қағазда ұстаушының аты міндетті болады[8].
Яғни, бағалы қағаздардың иемденушісіне байланысты олар атаулы,
мәлімедушісіне және ордерлік болып бөлінеді. Осылардың ішінде ең ыңғайлысы
мәлімдеушісіне бағалы қағаздар болып табылады. Себебі ол нарықта еркін
айналымға түсуі мүмкін және сату-стаып алу барысында қосымша шараларды
қажет етпейді
Қаржылық бағалы қағаздар мемлекеттік және мемлекеттік емес
субъектілермен эмиссияланады.
Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазыналық вексельдер, қазыналық бондар,
қазыналық міндеттемелер жатады. Мемлекеттік еместерге акциялар,
облигациялар, қысқа мерзімді міндеттемелер, депозиттік сертификаттар
жатады.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде коммерциялық банктерде
мынандай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе
басқарма, орташаларында мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор
бөлімдері. Олар банктің инвестициялық саясатын банк есебінен, немесе клиент
тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың,
ведомостволардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы
қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.
Банктердің бағалы қағаздармен операциялары қорлық, коммерциялық,
эмиссиондық, саудалық, сенімділік, кепілдік, гарантиялық түрде болады.
Бағалы қағаздар қозғалысы – акцияларды сату, немесе қарыз беру –
бағалы қағаздар нарығын қалыптастырады. Бағалы қағаздар нарығының негізін
құрайтын биржа – бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыратын ерекше
экономикалық институт. Биржа – бұл екінші реттегі нарық, бұнда бағалы
қағаздармен сауда-саттық нәтижесінде халық шаруашылығы ауқымында қаржылық
ресурстарды қайта бөлу, бағалы қағаздардың өтімділігінің жүзеге асады және
бағалы қағаздарды қосымша шығару үшін жағдай жасалады. Бар акционерлік
қоғамдардың, компаниялардың, банктердің бағалы қағаздың қосымша эмиссиялауы
алғашқы нарықты қалыптастырады.
Бағалы қағаздар нарығы – бұл қаржылық нарықтың анағұрлымдамыған
бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары кіреді. Нарықта айналыста жүрген
бағалы қағаздардың бағамдары төмендесе, сол сияқты бағалы қағаздарға деген
қызығушылық та төмендейді[9].
Cонымен, банктер бірден-бір акциялардың (үлесті бағалы қағаздың)
эмитенттерінің анағұрлым белсенділері болып табылады. Үлестік бағалы
қағаздардың эмиссиясы қарыздық бағалы қағаздың эмиссиясымен салыстырғанда
анағұрлым тиімді болып көрінеді.
Акцияларды орналастырудың нарықтық бағамына бағытталған жоғары бағасы
алғашқы шығарылған акциялардың номиналдық құнсыздануымен байланысты
иелерінің инфляциялық шығындарын өтей алмайды. Банк акцияларының қор
биржасындағы бағамының динамикасы ұзақ мерзімді және орта мерзімді
болашақта инфляция қарқынын компенсациялауды жүзеге асырады. Ірі банктердің
акцияларының бағамы, тіпті, екі номиналдан аспаған. Акция ұстаушылардың
мүдделерін қорғау банкі активтерін жыл сайын қайта бағалауға, сондай-ақ
бұрынғы акционерлер арасында үлестірілетін жаңа акциялар шығаруға мүмкіндік
береді.
Қазіргі уақытта қарыздық міндеттемелер нарығының дамуына жақсы жағдай
жасалған. Бірақ, бұл депозиттік және жинақ сертификаттарына, вексельдерге
қарағанда, облигацияларға анағұрлым аз қатысты. Себебі, облигацияларды
шығару банктермен қарыздық міндеттемелерді шығарумен салыстырғанда заңмен
қатаңырақ бақылананды.
Ал, депозиттік және жинақ сертификаттарының нарығы жеткілікті мөлшерде
ауқымды және бәсекелес болып табылады. Бірақ, сертификаттардың екінші
реттік айналысы іс жүзінде дамымаса да, алғашқы орналастыру шегінде олар
орташа табысты тұрақты бағалы қағаз ретінде үнемі сұраныста болады және
сатып алушы үшін біршама қолайлы.
Банктердің үлкен қызығушылығы вексель айналысымен байланысты. Банктік
вексель ақша сертификатының барлық қасиеттеріне ие. Оның артықшылығы – ол
тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлем құралы ретінде пайдаланылады.

2. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ АҚ-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан халық банкі АҚ-на экономикалық сипаттама
Қазақстан Халық Банкі АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 87 жыл табысты
қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап
коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған
қаржылық құрылымдардың бірі.
Қазақстан Халық Банкі АҚ бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің
негізінде қайта құрылды және біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы мен
жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді.
2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде
Қазақстан халық банкі АҚ өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы
қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол
жеткізді.
Қазақстан халық банкі АҚ Visa International және MasterCard
International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық
пластикалық карточкалар рыногының тұрақты көшбасшысы болып келеді.
Қазақстан халық банкі АҚ-тің жалпы шығарылған карточкаларының саны 2,7
млн. бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы
Қазақстан халық банкі АҚ-тің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 40 пайыздан
асады.
Қазақстан Халық Банкі АҚ мен оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі - Банк)
2010 жылдың 30 маусымында аяқталған бірінші жартыжылдықтағы қызметі бойынша
біріктірілген аралық қаржылық нәтижелерді жариялады.
2010 жылдың алғашқы 6 айындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер(1-қосымша):
▪ Таза табыс көлемі 285,1 %-ға, 2009 жылдың бірінші
жартыжылдығындағы 4,3 млрд теңгеден 16,6 млрд теңгеге дейін өсті.
▪ Активтер өсімі 7,8 %-ды құрады
▪ Клиенттер қаржысы 15,8 %-ға ұлғайды
▪ Жеке тұлғалардың қаражаты 7,5 %-ға артты
▪ Ағымдағы шоттар саны 27,7 пайызға өсті
▪ Клиенттер қарызының көлемі (брутто) 1,4 %-ға азайды
▪ Капитал көлемі 4,3 %-ға өсті
▪ Таза пайыздық табыс көлемі (құнсыздану резервінен кейінгі) 19,1
млрд теңгеге дейін ұлғайды (2009 жылдың алғашқы алты айындағы 5,5
млрд теңге шығындық көрсеткіштен өсіп отыр)
▪ Қызметтер бойынша таза табыс пен комиссиялар (зейнетақы қорынан
және активтерді басқарудан алынатын табысты қоспағанда) 9,6 %-ға
ұлғайып, 13,0 млрд теңгеге өсті (2009 жылдың алғашқы алты айындағы
көрсеткіш - 18,0 млрд теңге болған)
▪ Зейнетақы қорынан және активтерді басқарудан алынған табыс 63,2
%-ға немесе 3,5 млрд теңгеге азайды (2009 жылдың бірінші
жартыжылдығында 9,4 млрд теңге болған)
▪ Пайыздық емес өзге табыстың көлемі 6,9 %-ға немесе 11,1 млрд
теңгеге төмендеді (2009 жылдың алғашқы алты айындағы көрсеткіш 11,9
млрд теңге болды)
▪ Операциялық шығыс көлемі 12,8 %-ға (20,2 млрд теңгеге дейін) өсті
(2009 жылдың 1-ші жартыжылдығында - 17,9 млрд теңгеге өскен)
▪ Таза пайыздық маржа (құнсыздану резерві есебіне аударылатын
қаржыны қоспағанда) 4,7 %-ға төмендеді (2009 жылдың алғашқы
жартыжылдығында 5,8 % болған)
▪ Операциялық шығыстардың операциялық қызметтен түсетін табысқа
қатысты алғандағы ара-қатынасы 2009 жылғы 23,4 %-дан 30,3 %-ға
дейін ұлғайды
▪ Базель нормативтеріне сәйкес есептелетін бірінші деңгейлі
капиталдың жетімділік коэффициенті 17,4 %-ға ұлғайды
▪ Базель нормативтеріне сәйкес есептелетін капиталдың жетімділік
коэффициенті 21,0 %-ға ұлғайды
▪ Депозиттер мен клиенттер қарыздарының ара-қатынасы - 0,74
▪ Құнсыздану резерві қаражатының ауқымы жалпы несиелік портфельге
қатысты алғанда 17,5 %-ға ұлғайды
▪ Орташа капиталдық қайтарым көлемінің жылдығы 11,7 %-ға ұлғайды
(2009 жылдың алғашқы алты айындаға көрсеткіш 3,9 % болды)
▪ Орташа активтерге қатысты қайтарым көрсеткішінің жылдығы 1,6 %-ға
ұлғайды (2009 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы көрсеткіш 0,5 %
болған)[10].
Яғни, 1-қосымшадан көріп отырғанымыздай, банктің тапқан таза табысы 2009
жылдың бірінші жартыжылдығындағы 4,3 млрд теңгеден 16,6 млрд теңгеге дейін
өсті, негізінен, бұл көрсеткішке қызмет көрсету кезінде ұсталатын
комиссиялар мен пайда көлемін 9,6 пайызға ұлғайту, пайыздық шығысты 15,1
пайызға азайту және құнсыздану резервін 51,8 пайызға дейін азайту арқылы
қол жеткізілді (зейнетақы қорларынан және активтерді басқарудан алынатын
табысты қоспағанда). Таза табыс көлемі ішінара пайыздық табыстың - 11,2
пайызға, зейнетақы қорларынан және активтерді басқарудан алынатын табыстың
63,2 пайызға азайтылуымен және шетел валютасымен операциялар бойынша таза
пайданың 41,8 пайызға кемуімен, сондай-ақ операциялық шығыстар ауқымының
12,8 пайызға артуымен байланысты болды.
Пайыздық табыс 2009 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы 102,3 млрд теңгелік
көрсеткіштен 11,2 пайызға немесе 90,9 млрд теңгеге дейін төмендеді, бұл
пайыздық активтер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеменің 12,5 пайыздан 9,7
пайызға дейін төмендеуімен тікелей байланысты болды. Клиенттердің заемдары
бойынша қалдық сомасы орта есепен 9,5 пайызға азайтылды, ал бұлардың
пайыздық активтердегі үлес шамасы 59,5 пайыздан 50,1 пайызға дейін
төмендеді, жылдық орташа мөлшерлемесі 15,9 пайыздан 15,3 пайызға дейін
азайды. Мұндай деңгейдегі азаю көрсеткіші ішінара қолдағы бар, сатуға
арналған инвестициялық бағалы қағаздар бойынша пайыздық табыстың 50,6
пайызға ұлғайтылуымен өтелді.
Ал пайыздық шығыс көлемі 15,1 пайызға немесе 45,9 млрд теңгеге төмендеді
(2009 жылдың алғашқы алты айында бұл көрсеткіш 54,1 млрд теңгені құраған).
Негізінен, бұл пайыздық міндеттемелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеменің
6,7 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеуі нәтижесінде мүмкін болды және
пайыздық міндеттемелер бойынша орташа қалдық сомасының 8,3 пайызға
ұлғайтылуы арқылы ішінара өтелді. Клиенттердің депозиттері бойынша орташа
мөлшерлеме 2009 жылдың 1-ші жартысында 6,1 пайыздан 4,7 пайызға дейін
азайған болатын.
2009 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда, құнсыздану резервінің
көлемі 51,8 пайызға азайтылды, мұның бір көрінісі ретінде 2009 жылдың
ортасынан бастап байқалған кредиттер сапасының тұрақтандырылуын атап өтуге
болады
Көрсетілген қызметтер бойынша таза табыс пен комиссиялар (зейнетақы
қорынан және активтерді басқарудан алынатын табысты қоспағанда) 12,9
пайызға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz