Банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I-БӨЛІМ. Банк ресурстарының құрылуының қайнар көздері . . . 6
1. 1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы . . . -
1. 2. Банк ресурстарын жоспарлау мен заңдылығы . . . 9
II-БӨЛІМ. Банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты . . . 28
2. 1. Банктің меншікті капиталы . . . 28
2. 2. Банктің тартылған қаражаттары және депозиттері . . . 39
2. 3. Инвестициялық операциялардың үлесі . . . 49
Қосымша . . . 54
Қорытынды . . . 59
Қолданылған әдебиеттер . . . 61
Кіріспе
Бүгінгі әлемде ел экономикасы дамып, нарықтық қатынастардың қалыптасу мақсатына байланысты банк саласындағы қазіргі заманға сай банк ресурстарын қалыптастыру, реттеу және ресурстар көздерінің құрылуын жоспарлау экономика, нарық қатынастары үшін банктің маңызды мәселесі болмақ.
Екінші деңгейлі банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Екінші деңгейлі банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Ал, «банктің ресурстары» терминіне ұғым беретін болсақ:
Банк ресурстары деп - банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығын айтамыз.
Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражаттары құрайды. Сондықтан да, «банк ресурстары» термині «банктің несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді.
Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланады, яғни табыс табу мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады.
Банктің пассивтік және активтік операциялары бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі
әсерін тигізеді.
Сондықтан да, бұл курстық жұмыстың өзектілігі осында жатыр. Яғни, қазіргі еліміздің нарықтық экономикасына сай екінші деңгейлі банктердің басты өзекті мәселесі осы банк ресурстарының құрылуының көздерін жоспарлауда дұрыс таңдау жасай білу. Мәселен, ең алғаш құрылған банктер үшін де және қазіргі жұмыс істеп жатқан банктер үшін де басты міндет болып, банк ресурстарын дұрыс орналастыру, яғни өзінің өзіндік және тартылған қаражаттарды жинап алу арқылы, оны тиімді жұмсауды жоспарлау банк үшін маңызы зор.
Сондықтан да, мен курстық жұмысымның тақырыбын «Банктің ресурстарының құрылуының көздері» деп алдым.
Бұл курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатым: қазіргі нарыққа сай құрылған банктердің ресурстарын, яғни меншікті және тартылған қаражаттар жиынтығын дұрыс орналастыру, негізгі бағыттары бойынша олардың құрылу көздерін жоспарлау, реттеу, қалыптастыру негізінде жинақталған мәселелерді аша білу.
Бұл курстық жұмыстың әдістемелік нұсқаулары бойынша: банктің ресурстарының құрылуының қайнар көздері және банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты етіп 2 бөлімге бөліп қарастырдым. Бірінші бөлім бойынша, банктің ресурстарының ұғымы, мазмұны, құрылымы және банк ресурстарын жоспарлануы мен заңдылықтары туралы мәселелерді қозғадым. Ал, екінші бөлім бойынша, банктің өзіндік қаражаттары, яғни меншікті капиталы және оның жеткіліктілігі туралы толық мағлұматтары және банктің тартылған қаражаттары, оның ішінде депозиттік операциялар (депозит, аманат қабылдау) және депозиттік емес операциялары (банкаралық несие) бойынша басты мәселелер қарастырылды.
Жоғарыда айтылып өткен тақырыптар негізінде банк ресурстарының
толықтай мәселелері қарастырылды. Айтар болсақ, қазіргі уақыттағы
екінші деңгейлі банктердің меншікті қаражаттары мен тартылған қаражаттарының банк үшін экономикалық нарықта алар орны, қазіргі уақытта олардың дәрежелік көрсеткіштері жайында мәселелері.
Курстық жұмысты жазу барысында жан жақты ізденуім негізінде А. Ә. Ілияс, С. Б Мақыш, А. А. Абишева, С. А. Святова, Ғ. С. Сейітқасымов, Н. Н. Хамитов еңбектерін қорыта отырып қолдандым.
I - БӨЛІМ. Банктің ресурстарынң құрылуының қайнар көздері
1. 1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
Екінші деңгейлі банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Екінші деңгейлі банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
«Банк ресурстары» термині «банктің несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комисcиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Банк ресурстары деп - банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығын айтамыз.
Банк ресурстары банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихта дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындары жабылады. Сондықтан да, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Ал, банктің капиталы өз қаражатынан, тартылған қаражаттарынан және эмиссияланған қаражаттарынан құрылады. Банктің өз қаражатына акционерлік капиталы және резервтік, қосымша қорлары, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы жинақталады. Жарғылық қордың мөлшері, оны қалыптастыру және өзгерту банктің жарғысында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың сомасы заңмен шектелмейді, дегенмен банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк оның төменгі мөлшерін бекітеді. Жарғылық қорды ұлғайту акционерлер қаражаты есебінен, сондай-ақ өз қаражаты (резерв қорынан), акционерлердің дивидендтері және пайда есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Банктің резервтік қоры ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құрылады. Ол ойда болмаған шығындарды және бағалы қағаздар курсының төмендеуінен болатын шығындарды жабуға арналады. Оның мөлшері жарғы қорына байланысты пайызбен белгіленеді. Бөлінбеген пайда шоты деген - ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер арасында дивидент түрінде бөлінбеген және резервке түспеген пайда жинақталады. Пайданы резервке бөліп төлейтін салықты төмендету әдісіне жатады, себебі резервтердің көп түрі салықтан босатылады. Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 % - ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Екінші деңгейлі банктердің өзгешелігі - олардың өзгенің қаражатымен қызмет жасауы. Айтып өткендей, банк капиталының 90 % - ға жуығы тартылған қаражат. Тартылған қаражаттың ең үлкен мөлшері банктің өз капиталына байланысты анықталады.
Екінші деңгейлі банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшелінеді. Осыларды қорыта келгенде банк ресурстарының құрылымы жалпы мыналардан тұрады:
- Банктің меншікті капиталы.
- Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банктік ресурстарды құрудың құрылымы, құрамы және сипаттамасы мыналарға тәуелді:
- біріншіден, Ұлттық банктік секторының интеграцияларының дәрежесінен
дүниежүзілік банктік жүйесіне;
- екіншіден, екінші деңгейлі банктердің ұйымдық түрлері;
- үшіншіден, банктік менеджментінің сапасы;
- төртіншіден, банктің ресурстар тасымалдаушысына бос ақша қаражаттар құралдарының негізгі жабдықтаушысы болып келетін экономиканың нақты секторының даму дәрежесі;
- бесіншіден, толық құнды басқа да банктік секторымен бәсекелестік қызмет атқаратын қаржылық нарықтың сегменттері;
Банктің ресурстарының құрылуының қайнар көздері тартылған қаражаттар бөлімінде банк алдында 2 үлкен мәселені қарастырады: тарту шығындарының басты компонентін құрайтын сый-ақы мөлшерін таңдау, және нарықтық конъюнктураның өзгертулеріне байланысты ресурстық база құру.
Банктік ресурстарды құрудың негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
1) Ресурстарды шығындары аз мөлшерде тарту
2) Ресурстарды ең ұзақ мезгілге тарту
3) Міндеттеме портфелі - мөлшері, мерзімі бойынша диферсифицирленуі тиіс.
Банктік ресурстарды құру және әр түрлі қайнар көздерінің қиыстыруларын өзгерту және оларды тарту, активті операцияларды қорландыру көлемі мен құнын анықтағандай, дәл осылай банк қызметі үшін бұл да, үлкен мәселе болып табылмақ.
Депозиттік саясатты сауатты жүзеге асыруынсыз ресурстарды нәтижелі басқару мүмкін емес. Осы облыстың қызметінің ерекшелігі мынада: ресурстарды тарту бөлімінде таңдау құқығы клиентке беріледі де, ал банктер үшін кейбір кездері салымшыларға арналған өте қатал бәсекені жүргізу болып табылады.
Банктік ресурстарды құру ерекшеліктерінің бірі меншікті қаражат пен тартылған ресурстардың мөлшерлерінің арақатынастары болып табылады. Банктің меншікті қаражаты әдетте қаржылық ресурстың қажетті мөлшердегі үлесін ғана жабады.
1. 2. Банк ресурстарын жоспарлау және заңдылығы
Банк ресурсы банктің пассивтік операцияларды жүргізуінің нәтижесінде пайда болады әрі банктегі баланстың пассивінде көрініс табады.
Айтып өткендей, банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражаты құрайды. Банк олардың жиынтығын активтік операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады, яғни, табыс табу мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады.
Пассивтік және активтік операциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие саласындағы банк саясатының өзгеруі, ресурстардың сипатына елеулі әсерін тигізеді.
Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттерінің салым ақшалары жатады. Алайда, бөтен капиталды тарту үшін банктердің өзіндік капиталы болуы керек. Бұл қиын сәттерде несие берушінің сенімді болуы үшін қажет.
Банктің өзіндік қаражатына жарғылық және резервтік қорлары, сондай-ақ, банк пайдасы есебінен қалыптасқан өзге де қорлар, сақтандыру резервтері және жыл ішінде бөлінген пайда жатады.
Банктің жарғылық қоры (капитал) - банк ісін ұйымдастырудың бастапқы нүктесі. Оның формасына қарай жарғылық капиталдың қалыптасуы әр түрлі болады.
Банктің ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан оның жарғылық қоры толықтай қатысушылардың - заңды және жеке тұлғалардың салым ақшаларының есебінен қалыптасады, әрі олардың міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол банк несиесінің есебінен емес, тек ақшалай қаражатпен ғана, әрі-беріден соң банк қатысушыларының өзіндік қаражатымен құрылады. Тартылған ақшалай қаражат жарғылық қордың жарнасы үшін пайдаланылмайды.
Банктің жарғылық капиталына акционерлер (қатысушылар) салым ақшаны салумен қатар жыл сайын дивидендтер түрінде банк пайдасының бір бөлігін алып отырады.
Аударылатын дивидендтердің мөлшері, аударылатын кезегі мен тәртібі акциялардың түрлерімен және шығарылатын шарттарымен байланысты (пайданың мөлшеріне қарай табыстың деңгейін түзететін артықшылықты акция немесе жай акция) .
Банкке түскен пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша дивидендтерді есептеу резервтік қордың есебінен жүргізіледі.
Екінші деңгейлі банктің резервтік қоры активтік операциялардан болған залалдың орнын толтыруға арналған, банк облигациясы бойынша төлем көзі ретінде әрі алынған пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша дивидендтердің төлем көзі ретінде қызмет етеді. Резервтік қор түскен пайдадан жыл сайын аударылатын аударымдардың есебінен қалыптасады. Оның шекті мөлшері банктің жарғысында жарғылық қор шамасының 25 - 100% деңгейінде анықталған. Шекті мөлшерге жеткеннен кейін қалыптасқан резервтік қор жарғылық қорға аударылады (капиталдандырылады) және оны есептеу қайтадан басталады.
Екінші деңгейлі банктерде резервтік қормен қатар пайдадан аударудың есебінен арнайы қорлар (банктің өндірістік және әлеуметтік дамуына арналған) құрылады. Олардың қалыптасуы мен жұмсалуы банктің коммерциялық есеп айырысу туралы ережесімен реттеледі.
Банктегі өзіндік қаражаттың айрықша құрамдас бөлігіне банктің нақты операцияларды орындау арқылы қалыптастыратын сақтандару резерві жатады. Ол (сақтандыру резерві) - банк сатып алған құнды қағаздардың нарықтық құнының нақты кемуіне және берілген сауданың қайтарылмауына байланысты орын алатын жағымсыз салдарды жою үшін тағайындалады. Бұл резервті қалыптастырудың міндетті сипаты бар.
Банктегі өзіндік қаражаттың маңызды функциясы - банктің өз салымшылары алдындағы міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол шама ретінде қарастырылуы мүмкін, оның шегінде банк өз міндеттемесі бойынша жауапкершілігіне кепілдік береді. Банк іс-тәжірибесінде өзіндік қаражат ресурстардың ысырапқа ұшырауы салдарынан залалдың орын алатынына қарамастан банктің төлем қабілетін сақтауға мүмкіндік беретін резерв ретінде саналады, өйткені, өзіндік қаражат акционерлерге міндетті түрдегі қайтарымға жатпайды. Банктегі өзіндік қаражаттың мөлшері оның қызмет ауқымын анықтап береді. Әдетте, Ұлттық банк экономикалық нормативтерді банктердің материалдық базасын дамытудың көзі болып табылатын өзіндік қаражаттың мөлшеріне қарай белгілейді. Оның есебінен банк өзіне қажетті үй-ғимаратты, машинаны, құрал-жабдықты, есептеуші техниканы және т. б. керек-жарақтарды сатып алады. Аталмыш шығынды қаржыландырудың тікелей көзіне пайданың есебінен қалыптасатын, банкті өндірістік және әлеуметтік жағынан дамытатын қор жатады.
Өзіндік қаражаттың шамасын (мөлшерін) екінші деңгейлі банктер көптеген факторларға қарай дербес анықтайды. Оның ішінде, ол:
- банктегі активтік операциялардың шекті мөлшерін анықтайды;
- өз клиенттерінің өзіндік ерекшеліктеріне тәуелді;
- өзінің активтік операцияларының сипатына тәуелді;
4) Ұлттық банктің жүргізіп отырған несие саясатына және несиелік ресурстар нарығының даму деңгейіне тәуелді.
Дамыған нарық жағдайында несие саясатын ырықтандыратын болсақ, екінші деңгейлі банктер несие ресурстарына оңай қол жеткізеді, әрі банкке қажетті өзіндік қаражаттың деңгейін кемітеді. Қаржы нарығының жеткіліксіз дамуына қарай ұштастыра отырып несие саясатын күшейтетін болсақ, өзіндік қаражатты тұрақты түрде өсіріп отыруға тура келеді.
Бұл арада банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін жинақтау түрінде арттырудың екі әдісі пайдаланылуы мүмкін:
- банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін;
- пайданы немесе шығарылатын акциялардың санын (банк пайшыларының санын) арттыру. Пайданы жинақтау банктің резервтік және өзге де қорларын жылдам құру, әрі оларды кейін капиталдандыру формасында жүзеге асырылады. Жылдың соңында пайданың бір бөлігін жарғылық қорға тікелей қосу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әдіс ең арзан әдіс болғандықтан акцияларды шығаруда (немесе жаңа пайшыларды тартуда) қосымша шығынды қажет етпейді. Алайда, пайданы жинақтау өз кезегінде банктің нарықтағы позициясын әлсіретуге әкеп соқтырып мынадай жағдайға жол беруі мүмкін: пайданы жинақтау ағымдағы жылдың ішінде акционерлерге төленетін дивидендтерді кемітеді.
Отандық екінші деңгейлі банктер әбден қалыптасқан нарықта өз орнын (позициясын) тұрақты, сенімді, берік ету үшін әрекеттенетіні белгілі. Алайда, оларды көбінесе пайданы ұзақ мерзімді келешекте өсіруден гөрі ағымдағы дивидендтер проблемасы қинайды. Сол себепті де олар өзіндік қаражаттың мөлшерін жаңа акцияларды шығарудың есебінен немесе жаңа пайшыларды тартудың есебінен арттыруды жөн көреді.
Коммерциялық кәсіпорынның бір түрі ретінде банк мекемесінің өзіндік ерекшелігі мынада: оның көптеген ресурстары өзіндік қаражаттың есебінен емес, қарыз қаражатының есебінен қалыптасады. Банк қаражатының құрамы әр түрлі. Оның негізгі түріне банктің өз клиентурасымен жұмыс істеу процесінде тартқан (депозит) қаражат және өзге несие мекемелерінен қарызға (банкаралық несие арқылы) алған қаражаты жатады.
Депозиттік операция (латынша depozitum - сақтауға берілген зат) - клиент қаражатының банкке, оның уақытша пайдалануына берілетінін білдіретін экономикалық қатынас.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады: депозит тек салымшыға ғана емес, сонымен бірге, банкке де пайдалы. Депозиттердің көбісі ссудалық капиталды құра алады, содан кейін, ол пайдалы жолмен кез келген шаруашылық саласына орналастырылады. Депозит бойынша проценттегі және қарыз алушыдан алынған капитал процентіндегі айырмашылық, банктің бос ақшалай қаражатты тартуы бойынша және ссудалық капиталды орналастыруы бойынша жүргізген жұмысының сый-ақысы болып табылады. Банктер бұл сый-ақының мөлшерін арттыру үшін «жалған салым ақшаны» құру арқылы өзінің ресурстық базасын ұлғайтуға ұмтылады. Ал, бұл «жалған салым ақшаның» пайда болуына талап етілмелі шот өз септігін тигізеді.
Банктің «Алтын» ережесінде қаржылық банк талабының шамасы мен мерзімі, оның міндеттемесінің мөлшері мен мерзіміне сәйкес келу керектігі айтылады. Осы ережеге сәйкес банктер ағымдағы шот бойынша қалдықтарды несие ресурсы ретінде пайдалана алмайды, өйткені олар кез келген сәтте талап етілуі мүмкін. Алайда, әдеттегіше, клиенттер өзінің барлық қаражатын бір мезгілде өндіріп ала алмайды, сондықтан да банктің қолма-қол резервтері салыстырмалы түрде көп болмайды. Оның үстіне, көптеген банк операциялары қолма-қол ақшасыз түрінде жүзеге асырылады. Қолма-қол ақша сомасы кассалық резерв ретінде әрекет етпейтіндіктен, бұл банктердің өтімділігін арттырады, әрі басқа клиенттерге немесе басқа банктерге несие ретінде берілуі мүмкін. Екінші деңгейлі банктердің депозиттерді несие ресурсы ретінде пайдалануына шек қоятын кассалық резервтерден басқа тағы бір шектеушіге орталық банк белгілейтін міндетті резерв жатады.
Депозит шоттары әр түрлі болуы мүмкін. Оларды жіктеудің негізінде салым ақшаның көздері, олардың мақсатты тағайындауы, табыстылық деңгейі және т. б. секілді өлшемдер болады, алайда, өлшем ретінде көбінесе салымшының категориясы мен салым ақшаны алудың формалары алға шығады.
Салымшылардың категорияларына қарай депозиттер былайша бөліп көрсетіледі:
- заңды тұлға (кәсіпорын, ұйым, өзге де банктер) ;
- жеке тұлға.
Қаражаттың алыну формасы бойынша депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- талап етілмелі (нақты мерзімі болмайтын міндеттеме) ;
- мерзімді (нақты мерзімі бар міндеттеме) ;
- шартты (бұрын айтылған шарт күшіне енгенде алынатын қаражат) .
Талап етілмелі депозит - клиент тарапынан банкке алдын ала хабарлаусыз кез келген сәтте талап етілуі мүмкін қаражат. Оған ағымдық, есеп айырысу, бюджет шоттарындағы қаражат және есеп айырысуды орындаумен немесе қаражаттың мақсатты пайдаланылуымен байланысты өзге шоттардағы қаражат кіреді. Талап етілмелі депозит ағымдағы есеп айырысуға арналған. Клиенттер есеп айырысуды жүргізу, төлемдерді төлеу және банк делдалдығы арқылы ақшалай қаражатқа ие болу үшін мұндай шотты ашу туралы бастаманы өздері көтереді. Қаражаттың бұл шот бойынша қозғалысы (түсуі және есептен шығарылуы) қолма-қол ақшамен, чекпен, аударыммен, басқадай есеп айырысу құжаттарымен рәсімделуі мүмкін.
Банк өтімділігін басқару тұрғысынан алғанда банктер үшін ағымдағы және бюджеттік шоттар, капитал салымын қаржыландыру жөніндегі шот, арнайы тағайындау шоты пайдалы болып табылады, өйткені қаражаттың осылар бойынша қозғалыс сипаты (жүзеге асырылатын немесе келіп түсетін аударымдардың сомасы, мерзімі, кезеңділігі) банкке алдын ала белгілі болуы мүмкін.
Контокоррент (итальянша conto corrente - ағымдағы шот) - бұл бірыңғай шот. Онда банктің клиентпен жүргізген барлық операциялары ескеріледі. Контокоррентте, бір жағынан, банк ссудасы мен клиенттің тапсырмасы бойынша шоттан төленетін барлық төлемдер, екінші жағынан, аударымдар, салым ақшалар, қайтарылған ссуда түрінде шотқа түскен қаражат көрініс табады. Осылайша, бұл есеп айырысу мен ссуда шоттарының қосындысын білдіретін активті-пассивтік шот болып табылады. Несие сальдосы клиенттің өзіндік қаражатқа ие екенін білдірсе, ал дебет сальдосы айналымға қарыз қаражатының тартылғанын әрі шот иесінің несие бойынша банктің борышкері болып табылатынын білдіреді. Несие сальдосы бойынша банк клиенттің пайдасына пайызды есептейді, ал дебет сальдосы бойынша берген ссудасы үшін өз пайдасына пайызды өндіріп алады. Әрі-беріден соң, пайыз шот иесінің пайдасына қарағанда банктің пайдасына ең жоғары мөлшерлеме бойынша есептеледі. Контокорренттік шот ерекше сенімділік танытудың белгісі ретінде сенімді клиентке бірінші класты қарыз алушыға ашылады. Қаражаттың түсуіне жұмсалатын шығын артатын болса, шот иесі әрбір жеке жағдайда несиені арнайы рәсімдеусіз келісім-шартта белгіленген сомада ала алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz