Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
І БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1. 1 Коммерциялық банктердің қаржылық операцияларының мәні, түрлері . . . 5
1. 2 Қызметінің ұйымдастыру ерекшелігі, тәртібі . . . 9
ІІ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
2. 1 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларының қазіргі жағдайына талдау . . . 15
2. 2 Қазақстандық коммерциялық банктердің факторингтік операцияларын талдау және бағалау . . . 29
2. 3 Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары . . . 36
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
- Қазақстанда коммерциялық банктердің лизингтік операцияларды жетілдіру шаралары . . . 39
3. 2 Қазақстанда коммерциялық банктердің факторингтік операцияларын жетілдіру жолдары . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 49
КІРІСПЕ
Коммерциялық банктер - ақша айналыс жүйесін жүзеге асыруға, толық бағалы ақшаларды қамтамасыз етуге, арнайы банктік әдістер барлық халық шаруашылық кешенге әсер етуге бағытталған макроэкономикалық міндеттерді шешетін банк жүйесінің ажырамайтын құрамдас бөлігі. Меншік капиталдың үлкен мөлшерге ие банктер ірі инвесторларға айнала алады, яғни, халық шаруашылығының дамуына тікелей әсер ете алады, құрылымдық қайта құрылуларға белсенді қатыса алады және экономиканың көптеген салаларының перспективаларын анықтай алуы мүмкін. Осылайша, елдің экономикасының нақты секторының кәсіпорындары үшін өзінің қаржылық нәтижелер тиімді басқаратын банктер ұдайы өндіріске шаруашылық субъектілерді инвестициялаудың, яғни банктердің бар болу факті елдің кәсіпорындары үшін көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікпен байланысты. [1]
2010 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының алтыншы бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы «ұшқыр» жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.
ҚР Президентінің 2008 жылғы 7 ақпандағы халыққа жолдауында банк секторының бәсекелестік қабілеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігі айтылды.
Нәтижесінде кейбір халықаралық рейтингтік агенттіктер тарапынан еліміздің ірі компанияларымен қоса ірі банктерінің рейтингтерінің төмендеуі, олардың әлемдік нарықтардағы акцияларының құндарының төмендеуіне жол берді.
Көптеген банк қызметкерлері банктің қаржылық жағдайын талдау пайданы арттырып, тәуекелді азайтады деп пікір айтады. Біздің ойымызша, бұл жерде күтілетін табыстар мен өтімділікті дұрыс бағалау қауіпі бар. Бұл жерде банк активі мен пассивін басқару тәуекел мен табыстардың ара қатынасын дұрыс түсіне білу қажет, себебі, банк тәуекелін бір бағытта қысқарту, банк қызметінің басқа бағыттары бойынша оның артуына жол береді. Банк қызметінде тәуекелдің жоғары деңгейде болуы, өз кезегінде тек қана табыссыздыққа ғана емес өтімсіздікке ұшырауға себеп болары сөзсіз. Ендеше, банктік сектордағы орын алған өтімділік дағдарысынан шығуға тиісті қолданылатын шаралардың кешігуі, ертеңгі банктік дағдарысқа жол беруі әбден мүмкін. Демек, міне осы сияқты оң шешімін таппаған мәселелердің банктік тәжірибеде болуы зерттеу жұмысы тақырыбының аса өзектілігін одан әрі нақтылай түседі.
Қаржылық нарықтың барлық субъектілерінің бір-бірімен
байланыс жағдайында банктердің банкроттығын болдырмау үшін
привентитивті шаралар қолдану керек. Бұл үшін қаржылық
нәтижелерді, табыстарды, шығындарды, балансты, макроэкономикалық жағдайды талдау және оларға баға беру керек. Бүгінгі күнде, қаржылық нарықтың барлық субъектілері, соның ішінде банктерді де бәсекелестік ортада қалу және тиімді қызмет ету үшін дайындау мәселесі өте актуалды. Сонымен бірге, коммерциялық банктердің қаржылық нәтижелерін тандау тақырыбы жағынан жете зерттеле қоймаған және теориялық пен тәжірибелік қарастыруды қажет етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - қаржылық операцияларын талдаудың әдістемелерін қарастыру және олардың елдің ұдайы өндірістік секторының жағдайына әсер етуін негіздеу болып табылады.
Осы мақсат келесі міндеттерді шепіуде қажеттілік тудырады:
- банктердің лизингтік операцияларын талдау; банктердің факторинтік операцияларын талдау; банктердің форфейтингтік опрацияларын талдау;
Екінші денгейлі банктердің қаржылық операцияларын талдауға бағытталған жасалған талдаудың ең бастысы банктің қаржылық жағдайын жақсартуға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды. Өкінішке орай, екінші денгейлі банктердің қаржылық жағдайын талдау теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеулер белгілі ғалым-экономистердің еңбектерінде әр жақты көрініс тапқан. Сондықтан да, банктің қаржылық жағдайын талдау, бағалау теориялық және тұрғыдан жеткіліксіз мазмұны мен оның аз зерттелген әдістемелері, сондай-ақ оларды тиімді басқару тәжірибесіндегі орын алатын өзекті мәселелер бұл курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
І БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР
1. 1 Банктің қаржылық жағдайын талдау мен бағалаудың мәні мен мазмұны
Коммерциялық банктің қаржылық қызметіне талдау нәтижесі, жұмыс бағыты үшін ең бір маңызды болып табылады. Осының көиегімен мемлекеттік реттеу мен банк қызметін банк ішіндегі талдау мақсатымен қадағалау элементтерін байланыстыру болып табылады.
Банк бір жағынан банктің қызметін қарапайым түрде елестетсек ол нарықты экономиканың артериясы деп қарастыруға болады және мемлекеттік ақшалай несиелік саясатының дәнекері деп білеміз. Банктің қаржылық қызметін талдау Қ. Р Халық банкінің белгіленген нормативтерін және лимиттерін бақылай алады. Екінші жағынан банктер табыс алу мақсатымен функционалданған коммерциялық ұйымдар болып табылады.
Қаржылық нәтижені талдау - белгіленген нормативтердің орындалуын ғана емес, қаржылық тұрақтылығын оның аспектілерін бөлек есебі арқылы бақылап отырады.
Қаржылық нәтижедегі теориялық тұжырымдама әдістемесін талдау келесі деңгейдегі негізге сүйенген жөн:
Активтер = қарыз капиталы + банктің жоғарғы деңгейдегі меншік капиталы
Үлкен шешімдерді дайындау үшін анықталған ақпаратты, барлық банктердің активтері мен пассивтерінің ағымдағы жағдайының сипаттылығын, оның келісімін, жеделдігін, олармен байланыстырылған тәуекелдерді өңдеу сонымен басшылық дұрыс нақты ақпараттарды және белгіленген нақты уақыт режімінде алып отыруы тиіс.
Барлық шарттар орындалуы үшін, банк қызметінің тиімділік мәнін жиынтық алдын ала жеткізу, барлық басқарушылық шешімін коммерциялық банктің қаржылық қызметінде экономикалық кешенін талдау деректерінің негізінде алынуы қажет.
Коммерциялық банктің қаржылық қызметін талдауда технологиялар тұжырымдамасын құруды суреттеу және оның бөлек аспектілерін, қалыптастырылған мәселені ашу болып табылады.
Бұл деңгей банктің қаржылық нәтижесін анықтауға, оған әсер ететін факторларды белгілеуге және банк қызметінің басқару тиімділігін пайда алып келуіне көмектеседі.
Банктің қаржылық нәтижесін талдау объектісі ретінде - оның коммерциялық қызметі, ал субъектісі ретінде - банктің өзі болып табылады.
Қаржылық нәтижелерді талдау мақсатында - банктің пайдалы қызметінің резервтер өсімі, сонымен қатар дағдарысқа ұшырауына дейін мәселелердің туындауына алып келуі және банктің келешек жұмысында осы ұсынылған негізі ретінде қалыптастыру.
Банк стратегиясы келесі принциптерін қалыптастыруы керек:
- капиталдарды барынша төмен бағамен сатып алу; капиталды сату және тиімділік тұрақтылығының қызметі; банктік тәуекелдердің төмендеуі, сенімді клиенттерді іріктеу жолымен айырылуы және кепіл алуы, әртараптандыру операциясы.
Коммерциялық банктің қаржылық жағдайының нақтылығын бағалауда тек қана экономика субъектісінің айырмашылығын мүдделік етпейді, елдің ақшалай-несиелік тұрақтылығын қолдау мақсатымен қалыптасады. Өз капиталын салған банк құрылтайшысыда оның қаржылық тұрақтылығына мүдделі болады.
Осылардың барлығы коммерциялық банктің мінез-құлық стратегиясын өзгертуге мәжбүрлейді, тәуекелдер есебімен активтер портфелін, соншалықты жоғарғы табысты операция емессоның ішінен бірыңғай сенімді табыс әкелуін қадағалау. Осы шарттармен коммерциялық банктерді басқару технологиялық процессте қиындап кетеді. Берілген орталық элементтер процесінің бірі банктің қаржылық жағдайын талдауды өткізу ретінде қолданады. Осыған байланысты банктің негізгі міндеттері шешіледі:
- активтер құнының нақтылығын анықтау;
- қаржылқ нәтижелеріне оның қызметіне әсер ететін факторларды талдау;
- активтер сапасын талдау;
- жеткіліктілік капиталын талдау;
- пайдаллығын талдау;
- басқарушылық шығынының сапасын талдау;
- банк тәуекелдерінің басқарун талдау;
- активтерді пайдаланудан түскен табыстарды талдау;
- банк қызметінің тиімділігін талдау.
Банктің қаржылық қызметіне әсер ететін факторлар. Коммерциялық банктердің қызметі өзімен бірге көптеген факторларға тәуелді жиынтық процесті қалыптастырады. Егер бір фактор қаралмаған жағдайда басқа факторларға әсер етеді, сонымен қатар негіздеме жеткіліксіз болып табылады.
Әр бір өзара тығыз байланыстағы факторлар, банк қызметінің қапжылық нәтижесіне әртүрлі бағытта ықпал етеді. Ал бір фактордың кері әсер етуі, төмендеуіне қабілетті немесе басқаларға дұрысдұрыс әсерін тигізеді. Сондыұтан мынаған жіктеуге болады:
- сыртқы факторлар;
- ішкі факторлар.
Сыртқы факторларға жататындар: социалды-саясат жағдайы, жалпы экономикалық жағдайы, қаржылық нарықтың жағдайы, банктік жүйенің даму деңгейі.
Әлеуметтік-саясат жағдайы - үкімет пен ел президентінің ықпалымен тұрақтылық саясаты және сонымен қатар ұлттық этникалық арақатынастың аймақтық тұрақтылығын қалыптастырады.
Жалпы экономикалық жағдайына - экономиканың өнеркәсіп ахуалының табиғи байлықтың қолда барының, тауарлардың бәсекегк қабілеттілігінің, қаржылқ нарықтық жағдайының ұғымы жатады.
Қаржылық нарық жағдайы мыналарды анықтайды:
- активтік және пассивтік операциялардың Қ. Р Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне әсер етуші пайыздық мөлшерлеме, ақша және қаржы нарығның табыстылығы, банкаралық бәсеке; шетел валютасының сұраныс пен ұсыныс көлеміне ұлттық валюта бағамының әсері; несие эмиссиясы, ұлттық валютаны сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі, инфлияция қарқыны және құнсыздануды күту, Қ. Р Ұлттық банкінің саясаты, ақша мссасына ұсыныс; банкаралық қызмет нарығындағы бәсеке.
Банк жүйесінің даму деңгейі мыналармен анықталады: жекешелік, банк жүйесінің өтімділігі, салмды сақтандыру жүйесінің қолда бары.
Ішкі факторларға мыналарды жатқызуға болады: банктің жеке сипаттамасның жиынтығы, банктің стратегиясы мен тактикасы және оның ішкі саясаты.
Банк қызметінің қаржылық нәтижесін мына факторлар көп әсерін тигізеді: қызмет сипаты және ауқымы, құрылымы, тәуелсіздік деңгейі, қызмет тұрпаты. Сонымен қызмет ауқымы көп болған сайын, активтер портфелін әртараптандыру арта түседі. Ауқымды капиталданған банктер өсу үшін сенімді жағдайлар жасап, клиенттерге кең түрде қызметтер ұсынады. Басқару капиталы бұл - активтегі тәуекелдерді жабу жеткіліктілігін меншік капиталында қалыптастыру.
Банктің қаржылық қызметін талдау бойынша ұйымның принциптері. Коммерциялық банк қызметінің тиімділігін - тартымды қорларға шығынның арқатынасы мен орналастырылған табыстардың негізінен анықтауға болады. Банк қызметінің нәтижелерін талдау ерекшеліктері пайдаллық көрсеткіштерін анықтаумен шектелмеуге тиіс. Міндетті түрде қандай есепке табыс шамасының нақты жетістікке жету керек екендігін анықтау керек.
Меншікті және тартымды капиталдар арақатынасын, олар өздеріне жүктелген міндеттемелерін атқарып жатқандығын, тартымды және аралас қорларды уақтылы қамтамасыз етілуін, актив пен пассив сапасының құрылымын, несиелік, пайыздық, валюталық және тағы басқа банктік тәуекелдер пайда деңгейіне қалай әсер ететінін білген жөн.
Мына белгіленген параметрлер тиімділік сапасын бағалай алады, келешекте қандай өзгерістер болады және олар банктің табысы мен шығынының шамасына әсерін және бір уақыт аралығында бірнеше мәселені алып кетуін қадағалау, нашар капиталданған банктерде мәселелер тундауы мүмкін, банкротқа ұшырауыда мүмкін.
Активтердің құрамы мен құрлымы оның сапасы, банктің пайдасы мамандандырылғанына байланысты. Сонымен банкаралық несие нарығында үлкен көлемде операциялар жүргізеді және пайыздық тәуекелі, тіркелген пайыздық мөлшерлемесі бар, жоғарғы өтімді бағалы қағаздар жатады.
Егер банктер клиенттеріне үлкен көлемде қарыздар берсе, онда олар несиелік тәуекелге бас тігеді. Банктер актив пен пассивтің өтемділігін ескермеген жағдайда өтімділік тәуекелімен кездеседі.
Егер банк табысының құрылымында ауқымды бөлігін алып-сатар операцясы орын алған жағдайда, сыртқы жағдаятынан біраз тәуелді екенін көпсетеді, артынша жоғары тәуекелге ұшырауы мүмкін (мысалға, валюталық) .
Ішкі фактордың тиімді қаржы нәтижесін алу маңызы, олар актив пен пассивтің құрамы мен құрылымы, сонымен қатар оларды басқарудағы тактикас мен стратегиясын дұрыс таңдау болады.
Банктің қаржылық қызметінің соңғы нәтижесіне әсер ететін факторлар жиынтығын анықтау үшін, алдымен айырмашылқ деңгейінің тиімділігін бағалаған жөн: бөлек операциялар бойынша, бөлімшелер бойынша, соңында әрине барлық банктер бойынша.
Сапалы талдау жүргізу үшін, міндетті түрде дұрыс және уақтылы ақпараттар болғаны дүрыс. Ақпараттарды негізігі еік классқа бөлуге болады: сыртқы және ішкі.
Функционалдаған банк ортасының жағдайы туралы мәліметтрін алу үшін, сыртқы ақпараттар жүйесін қолданады. Бұл жағдайда нарықтағы әр түрлі алымдар мен қорлану көздерінің, бәсекелес, клиенттер, нормативтік құжаттар туралы мәліметтер алуы керек.
Сыртқы ақпараттқа қатыстылар:
- қаржы статистикасы бұл - жергілікті және шетелдік нарықты нарықтық мөлшерлемені орналастыру және жұмылдыру (валюта бағамы, бағалы қағаздар нарығындағы табыстылық бағамы, депозит пен несие бойынша пайыздық мөлшерлемесі, қайта қаржылындыру мөлшерлемесі, LIBOR және тағы басқалары) ;
- баланстар, табыс пен шығын туралы есебін, басқа да қаржылық есебін, банктік бәсекемен, клиенттермен, банктік корреспонднттермен және басқа конрагенттермен құрастыру;
- заңды және нормативті құжаттар;
- сыртқы ақпараттар көмегімен сыртқы экономиканың дамуымен болжау және банк жұмысына мүмкін жағдацдағы өзгерістердің әсерін анықтауға болады. Сыртқы ақпарат банк жағдайын салыстыру үшін, басқа банктермен салыстыра отырып қызметінің тиімділігін және оның нарықтағы орнын анықтай қажет.
Ішкі ақпараттар жүйесі банктің ішкі істерін анықтауға көмектеседі:
- бухгалтеплік есебінің мәліметтрі;
- статистикалық және қаржылық есебінің белгіленген формалары;
- есеп берудің ішкі формалары;
- банкпен отырған келісім-шарттары;
- аудиторлық қызметпен шарттасу.
Барлық ақпараттар банктің экономикалық талдау қызметіне келіп түсуі керек. Мұндай қызметтер коммерциялық банктерге басқаатаумен болады. Банк құрылымында экономикалық талдау қызметінің тығыз өзара әсері және ішкі аудит пен бухгалтерлік есеп қызметімен жоспарлауға қол жеткізу керек. Ірі банктердің әр департаментінде аналитикалық қызметрі бар, өздерінің қызиетінебағыт көрсетеді.
Мұндай құрвлвм жеткіліксіз қатарында болады. Мысалға, төлемдердің функциясы, департаменттерді талдау және банкті талдау қызметі жиі басылып шығады. Көп уақыттарын және жұмыс күшінің қаражаттарын әдіснамамен елісуге және бөлімдер арасындағы есеп нәтижелеріне көп күштерін жұмсайды.
Банк құрамында бухгалтерлік, аналитикалық және аудиторлық қызметтер бөлек департаменттер құрса, онда ол оңтайлы болып есептелінеді. Департамент банк басқармасының төрағасын басқарады және бір уақытта экономикалық талдау және жоспарлау басқармасының бастығы болып отырады. Бұл басқарма бөлімінде экономикалық талдау жиынтығында әр түрлі департаменттер қызметінің аналитикалық, топтастыруын көрсеткен жөн (несие беру, клиенттерге қызмет көрсету және тағы басқалар) . Осы арқылы алғашқы ақпарат есеп пен аудитті талдау департаментіне келіп түседі. Арықарай ақпараттар бухгалтерияда іріктеліп жүйелендіреді, ешқандай қосымша іріктемесіз талдауға жарамды бөлу үшін қажет.
Экономикалық талдау қызметі келесі функцияларды орындайды:
- есеп беруді талдау және құрастыру;
- қызметті жоспарлау және бақылау;
- басқарушылық шешімін бағалау және ақыл-кеңес беру (консалтинг) ;
- тиімділік қызметін бағалау;
- алғашқы әдіснама құрал-жабдықтарын банктің әрбір бөлімшелері үшін әзірлеу.
Эконмикалық талдау бойынша мамандардың қатысуынсыз, басқарушылық шешімін қабылдауға мамандардың есептеу деректерімен тоқтап қалмау керек.
1. 2 Коммерциялық банктердің функциялары мен операциялары
Коммерциялық банктердің экономикалық мәні олардың атқаратын қызметтерінен (функцияларынан) көрініс табады. Банктердің негізгі операцияларын топтастыра отырып, олардың атқаратын негізгі қызметтерін қалыптастыруға болады:
- ақша қаражаттарын шоғырландыру және жұмылдыру;
- несиелеу және дәнекершілік (делдалдық) қызмет көрсету;
- экономикадағы есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу;
- бағалы қағаздардың эмиссиясын және олардың орналстырылуын ұйымдастыру;
- клиенттерге кеңес беру қызметін жүргізу.
Уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды капиталға айналдыру - бұл коммерциялық банктердің ең көне қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардан тартылған ақша қаражаттары, бір жағынан, олардың иелеріне (салымшыларға) пайыз түріндегі табыс алып келеді, ал екінші жағынан, - несиелік операцияларды жүргізу үшін ресурстық базаны қалыптастырады. Жұмылдырылған ақша қаражаттары алуан түрлі экономи-калық және әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалуы мүмкін. Ақша қаражат-тарын жұмылдыру және оларды капиталға айналдыру процесі дәл осы банктер арқылы жүргізіледі.
Коммерциялық банктердің тағы да бір маңызды қызметі - несиелік және дәнекершілік (делдалдық) қызмет көрсету. Уақытша бос ақша қаражат-тары бар тұлға мен қарыз алушы тұлға арасында көптеген бөгеттер бар. Біріншіден, қарыз берушінің қолында бар және қарыз алушыға қажетті қаражат көлемі бірдей бола бермейді. Екіншіден, қарыз алушыға қажетті қаражаттар оның қалаған уақытында бос бола бермейді. Үшіншіден, қаражат иесі қарыз алушының қаржылық жағдайы туралы ақпаратпен қажетті деңгейде қамтамасыз етілмеген, ал бұл соңғысының төлем қабілетсізігінің тәуекелін өсіре түседі. Коммерциялық банктер, қаржылық дәнекерлер қызметін атқара отырып, аталған қиындықтарды шешіп беруге қабілетті. Банктер қоғамдағы уақытша бос ақша қаражаттарын тарта отырып, оларды мұқтаж тұлғаларға қажет кезінде несиелік негізде ұсынып отырады. Банктік несиелер экономиканың түрлі салаларына бағытталады, өндірістің өсуіне септігін тигізеді. /1/
Кез-келген мемлекеттің экономикасы ұйымдастырылған және белгілі бір тәртіпке келтірілген төлем жүйесінсіз қызмет етуі мүмкін емес. Осы тұр-ғыдан банктердің есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізудегі ролі айтарлықтай маңызды болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдар арасын-дағы есеп айырысулардың басым бөлігі қолма-қолсыз ақшаның көмегімен жүргізіледі. Банктер, төлемдер жүйесінде дәнекерші ретінде қызмет көрсете отырып, клиенттердің тапсырысы бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады, шоттарға ақша қаражаттарын қабылдайды және барлық ақшалай түсімдер мен төлемдердің есебін жүргізіп отырады. Төлемдерді банктерде орталықтан-дыру айналым шығындарын үнемдеуге септігін тигізеді, ал төлемдердің жылдамдығын және сенімділігін арттыру үшін қазіргі таңда есеп айырысу-дың электронды жүйелері енгізілуде.
Коммерциялық банктер бағалы қағаздар, дәлірек айтар болсақ, акциялар мен облигациялар, шығаруды және оларды орналастыруды жүзеге асыра отырып, эмиссиялық қызметті атқарады. Сонымен қатар банктер қаражаттарды өндірістік мақсатта да қолдануы мүмкін. Бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып отырады және онымен өзара қатынасқа түседі. Ұзақ мерзімді қаражат көздерінен мұқтаждық көріп отырған кәсіп-орындардың тапсырысы бойынша бағалы қағаздардың түрлерін, шығару шарттарын, мерзімін, мөлшерін анықтауды, сонымен қатар оларды орналас-тыруды өз міндеттеріне алады. Банктер шығарылған бағалы қағаздарды өз атынан және өз қаражаттарына сатып алып, оларды сатып алушыларға (клиенттерге) ұсынады.
Коммерциялық экономикадағы құбылыстар мен өзгерістер туралы толық ақпараттарға, сонымен қатар банктер мемлекеттегі экономикалық жағдайды бақылау мүмкіндігіне ие. Бұл банктерге клиенттерге қаржылық кеңес беру қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Банктер кәсіпорындар-дың қаржылық жағдайын, бухгалтерлік есебінің жағдайын талдайды, даму стратегиясын бақылайды және табысты арттырудың мүмкін болатын бағыттарын анықтайды. Бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыра отырып, банктер клиенттің жаңа акцияларының эмиссиясының болашағын (перспективасын) және оларды орналастырудың нақты мүмкіндігін бағалай-ды, клиенттерге бағалы қағаздарды сатып алатын фирмаларды таңдау жөнін-же кеңестер береді. Коммерциялық банктер бұдан өзге де көптеген қызметтер бойынша кеңестер береді: есеп-шоттар ашудан бастап ақша және тауар нарықтарында операциялар жасауға дейінгі сұрақтар бойынша клиенттерге көмек көрсетеді.
Банктердің операциялары өздерінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Банктерді уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыратын және оларды қайтарымды негізде орналастыратын мекеме ретінде қарастыру олардың қызметінде активтік және пассивтік операцияларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz