Банктің несие саясатының құрылымын талдау
ЖОСПАР
КІРІСПЕ - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - - - -
- - - - - - - - - - - - - - - -3
1. НЕСИЕ ТҮСІНІГІ - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
- -- - - - - - - - - -- 5
1.1. Несие мәні мен қажеттілігі - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - -
- - - - - - - - - - - -5
1.2. Банктік несиенің түрлері - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
- - - - -- - - - - - 10
1.3. Несиенің қызметтері - - - - - -- - - - - - - - - - - - - - - - - - -
- - - - - - - - - - - -14
2. БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫ - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
- - - - 16
2.1. Несие саясатының мазмұны мен түрлері - - - - - - - - - - - - - - - - -
- - - - - 12
2.2. Несиелеу механизмі және несиелік процесс - - - - - - - - - - - - - - -
- - - - - 16
3. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ НЕСИЕ ҚОРЖЫНЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУ - - - - - - - -- - - - - - - - - - - - - - - - 21
3.1. Қазақстан халық банкі акционерлік қоғамының несие саясаты - - - --
21
ҚОРЫТЫНДЫ - - - - - - - - - - - -- - - - - - - - - -- - - - - - - -- - - -
- - - -- - - - - - -- 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ - - - - - -- - - -- - - - - - - - - - - - - -
-- 33
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Қазіргі қоғамда несиелік саясаттың мәні өте зор. Ол экономикалық
дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Оны барлық
шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке
азаматтар да пайдаланады.
Несие дегеніміз – уақытша бос ақшаны қайтарымдылық, пайыздылық,
мерзімділік және кепілділік қағидалары бойынша орналастыруды айтамыз.
Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс
процесінде маңызды рөл атқарады. Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың,
ұйымдардың, кәсіпорындардың табыстары мен бос ақшалай қаражаттары
жинақталып несие капиталына айналады.
Несиелік қатынастың субъектілеріне несие беруші мен қарыз алушылар
жатады. Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске
асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Қазіргі
уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші банк болып табылады.
Қарызға алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар –
кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін.
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді
атқарады: қайта бөлу, айналыс шығындарын үнемдеу, капиталдың шоғырлануын
жеделдету, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Банктегі несиелік саясаттың негізгі мақсаты – банктің несиелік жұмысын
ұйымдастыру, банктегі бақылауды ұйымдастыру, несиелік бөлімдердің
жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау
жасау, несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге
асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
Несиелік саясат банктің несиелік қызметін міндеттерін, оларды іске
асыру
құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру
принциптері мен тәртібін белгілейді.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге
болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру
мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа
фактор -
лар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы
біліктілігіне негізделеді. Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі
бақылауды ұйымдастыру болып табылады.
Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуге тиіс: несиелік
қызметті ұйымдастыру, несиелік портфельді басқару, несиелеуге бақылау
жасау, несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – Банктің несиесінің жіктелінуі мен
несие саясатының құрылымын талдау.
Курстық жұмыстың мақсатына байланысты келесідей талаптар қойылады:
1) Несие түсінігін талдау;
2) Банктің несие саясатының құрылымын талдау.
Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін мынадай талаптар қойылады:
- Несиенің экономикадағы орны мен рөлін анықтау;
- Несиенің түрлерін экономикалық – ұйымдастырушылық белгілері бойынша
сипаттамаларын жіктеу;
- Жалпы несиенің атқаратын қызметтерін сипаттау, зерттеу;
- Банктің несиелік саясатының бағыттарын, түрлерін анықтау;
- Несиелік механизмінің құрылымдық элементтерін зерттеу;
- Банктің несиелеу процесінің кезеңдерін талдап, зерттеу.
Осы курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік
экономистердің еңбектеріне, газет – журналдарға, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңдарына сүйене отырып жаздым.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, 3-бөлім, қорытынды, қолданылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1. НЕСИЕ ТҮСІНІГІ
1. Несие мәні мен қажеттілігі
Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады.
Кредит деген сөз, қарыз, несие деген kredo - сенемін деген мағына
беретін латынша kreditum деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже
ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Оны барлық
шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай- ақ жеке
азаматтар да пайдаланады. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап
қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Алғашқы несие
табиғи түрде (астық , мал, еңбек құралдары және т.б.) қоғамның дәулетті
топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен
қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар – ақша қатынастарының дамуымен несие
ақша түріне көшті.
Меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік
тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады. Ауыспалы
айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына (машиналар, шикізат
жабдықтары және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде –
дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші кезеңде
тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Өндірістік жеке шаруашылық
жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген
қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, дайын өнімді өткізуден түсетін
түсім ақша және шикізат, материалдарды сатып алу, еңбекақысын төлеу үшін
бірден – бір сәтте жұмсала қоймайды және бұл жағдайда ақшалай қаражаттың
уақытша босатылуы орын алады.
Қосымша ақшалай қаражатқа деген қажеттілік маусымдарда нақты айналым
ақша қорларының жеткіліксіздігінен (шикізат, материалдар, жанар жағар май)
өндіріс пен тауар айналымының уақыты сәйкес келмеуінен және т.б. туындауы
мүмкін. Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға
деген қажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана
туындамайды. Ол мемлекет те, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай-ақ
халықта да болуы мүмкін. Бюджетке салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау
уақыттары ұзақ пайдаланатын заттарды сатып алуға халықтың ақша қоры және
т.б. бәрі бірдей сәйкес келе бермейді.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар.
Біріншіден – несие мәмілесінің қатысушылары – несие беруші мен қарызға
алушы – экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын
өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды
субъектілер сияқты алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие
алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет
болады.
Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделілік бірдей болған
кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан – оны
алуда несиелік қарым – қатынастар туындайды.
Несиенің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары мынадай
тізбектеледі:
- жеке тауар өндірушілердің өндірістік қорлар айналымы мен жеке
ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес келмеуі;
- несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан дербестігі;
- несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік
танытуы.

Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді
ұстану, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі
керек:
- несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір
мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғал-
татынын білдіреді;
- несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын,
несиенің негізін қарастырған жөн. Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып
қалатын жәйт – құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір
– бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай
элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, бұл
субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және
бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің
мәнін анықтауға болады.
Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру
үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі
болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші – банк
болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың
уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша
пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек
қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа)
тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір
жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып көрінеді.

қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы
туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай
қарызға алушылар – кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен
банктер болуы мүмкін.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие
беруші өз талаптарын қояды. Олардың мүдделері бөлек, несие беруші неғұрлым
жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан
несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады. Несие берушілер мен
қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылы -
мының элементі алыс – берістің объектісі – құнның негізгі бөлігі
сияқты
өзіндік өтелмеген құны – несиеленген құн болып табылады.
Несиеленген құн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке ие.
Несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының үздіксіз болуын
қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді жояды. Бұл
жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес, сонымен қатар өскен пайызбен
қоса, несиенің қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі.
Несие өз құнын бүкіл қозғалысында: басынан бастап, оның банкке
қайтарылуына дейін сақтайды.
Несиеленген құнды орналастыру (несиенің ұсынылуы) несие қозғалысының
алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жиынтық талуы, яғни уақытша
бос қаражаттар себепкер болады. Несие беруші қарыз алушыға белгіленген
мерзімде пайызбен төлейтініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады.
Несие алу қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырады,
өйткені несиелік қатынастың басқа тарапы оны белгілі бір уақытқа ғана
береді. Несиені пайдалану қарыз алушының оны өз шаруашылығында пайдаланып,
несие берушіге несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін білдіреді.
Несиенің қайтарылуы уақытша пайдаланылған құнның қарыз алушыдан несие
берушіге қайтуын көрсетеді. Қарыз алушының шаруашылығында белгілі бір
ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие
берушіге өтеді.
Несиенің мәнін тану оның негізін ашады, яғни несиелік қатынастар
туындайтын базада қарастыруды ұйғарады. Несиенің мәнін ашып көрсететін,
несиенің негізін құрайтын база неден тұрады? О.И. Лаврушкин оның
қайтарылуын есептейді. Несие ақшасын жарату, алу және оны пайдалану –
қайтарым негізінде жүзеге асады.
Несиенің қайтарылуы – уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие
берушіге қайтару процесі. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып
табылады. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол
заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің
қайтарылуы тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді.
Несиенің көп анықтамалары бар. Мысалы, несие – бұл несие капиталының
қозғалысы. Несие капиталы – бұл қайтару талабымен пайызбен төленетін,
меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Ал, капитал – бұл өз -
өзінен өсетін құн.
Несие – кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік,
қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экономиканың бос
ақшалай қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы
себепті экономикалық қарым – қатынасты көрсетеді.
Несие мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік,
қолма- қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.
Несиенің қайтарылу принципі – қарыз алушының несиені пайдаланғаннан
кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол
белгілі бір мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Несиенің төлемділігі – қарыз алушыға берілген несиенің уақытында
қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді
пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болады.
Несиенің жеделдік принципі қарыз алушыға кез келген тиімді уақытта
емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттігін
көрсетеді.
Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы
өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің
мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді.
Бұл принциптердің барлығы бір – бірімен өзара байланысты және олардың
бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы принциптердің біреуі
бұзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп, несиенің дербес экономикалық
категория сияқты өзіне тән қасиеттері жоғалады.
1.2. Банктік несиенің түрлері
Несие түрлері – бұл несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық-
ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни,
несиенің іс – тәжірибедегі нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі: несиелеу объектінің
экономикалық белгілері бойынша:
- айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
- негізгі құрал – жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
- ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ, нормативтен тыс қорлардың
аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
- өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
- жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берілетін
несие , аккредитивтер;
- төлем несиелері.
ә) қамтамасыз етілуі бойынша:
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ – пен, кепілділікпен,
сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;
- ішінара қамтамасыз етілген;
- қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік (сенімділік)
б) қайтарылу мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
в) өтелу тәртібі бойынша:
- бөліп – бөліп төлеу (мерзімін ұзарту);
- бір жолғы өтеу;
- кезең сайын бір қалыпты (бір қалыпты емес) өтеу.
г) тәуекелді деңгейі бойынша:
- субстандартты;
- стандартты;
- күмәнді;
- сенімді;
- сенімсіз;
- ұзартпалы;
ғ) ақылылығы бойынша:
- қалыпты пайыздық мөлшерлемесі;
- жоғары пайыздың мөлшерлемесі;
- төмен пайыздың мөлшерлемесі,
- пайызсыз.
д) салалық бағыты бойынша:
- сауда – саттық несиесі;
- өнеркәсіп несиесі;
- ауылшаруашылық несиесі;
- құрылыс несиесі.
ж) ашылатын шот түрлері бойынш:
- жай ссудалық шот бойынша несие;
- арнайы ссуда шоты бойынша несие;
- контокорренттік шот бойынша несие;
- овердрафт бойынша несие;
- несие желісі бойынша несие.
Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе
құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі ссуда мөлшері бойынша
тіркелетін ломбардтық несие жатады.
Жаңартпалы несие (ағыл. revolve – айналыста болу, кезең сайын ауысып
отыру) – ссуда капиталының және әлемдік нарықтарында қолданылатын
жаңғыртпалы несие.
Коммерциялық несие – тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей
пайда болады. Ол тауарлық формада беріледі және оның пайдалану шегі болады.
Оны бір шаруашылық жүргізуші субъекті екіншісіне сатылған тауар-
лар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен беріледі. Осы несие
формасының құралына вексель жатады.
Вексель – бұл сатып алушы – қарызгердің жабдықтаушының алдындағы
заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие
үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі.
Коммерциялық несиенің басты мақсаты – тауарлардың сатылу процесін
жеделдету және пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету. Коммерциялық несиені
тауар жеткізушілер сатып алушыларға жеткізілген тауар үшін алынатын
төлемнің мерзімін ұзартумен береді.
Банк несиесі – банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты
немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Мұндай несие уақытша
қаржылай көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы – несие ұйымдарына, көбінесе
банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекетке
беріледі.
Банк несиесінің мақсаты: негізгі және айналым капиталын арттыру,
маусымдық қорларды толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу
халықты несиелеу.
Тұтыну несиесі – несие алушыға халық, ал, несие берушіге банк жататын
қатынасты тұтыну несиесінің мазмұны құрайды. Тұтыну несиесі халыққа оның
ағымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде жеке
шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден
өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.
Тұтыну несиесінің қосарлы қызметі бар: бір жағынан, тауар айналымы
артатын болса, несие мөлшері де өседі, өйткені, тауар сұранысы несие
сұранысын тудырады, екінші жағынан халық неғұрлым несиеленетін болса, төлем
қабілеті бар сұранысты арттырады.
Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс
ғимараттарын, жерді және т.б.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін
несие. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ипотекалық несие – бұл қатаң анық-
талған кепілзатпен берілетін ссуда. Несие қайтарылмаған жағдайда
кепілге
салынған жылжымайтын мүлік сатылады және одан түскен қаражатпен несиегердің
алашағы өтеледі. Сол себепті де ипотека несиесі ең сенімді несие
саналады.
- ипотекалық ссуданың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие, өйткені, ол
тұрғын үй мен өндірістік үй – жайларды қаржыландыру, сатып алу,
тұрғызу үшін және жер учаскелерін игеру үшін пайдаланылады;
- ипотекалық несие, әдетте, 10 – 30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі.
Мемлекеттік несие – жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай
қаражаттарының мерзімділік, қайтарымдылық және ақылы шарттары негізінде
мемлекет тарапынан жұмылдырылу бойынша қатынастың жиынтығын білдіреді. Оны
мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін және мемлекет өзінің ағымдағы
мүмкіндіктерінен тыс қажеттіліктерін қосымша қаржыландыру үшін пайдаланады.
Халықаралық несие – несиегер ретінде мемлекет, банк, басқа елдердің
жеке және заңды тұлғалары алға шығатын халықаралық экономикалық қатынас
саласындағы ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.
Халықаралық несие – қайтару, мерзімді және ақылы шарттарының негізінде
елдер арасындағы ссуда капиталының қозғалысына қызмет ететін несие
қатынасын әр түрлі формаларымен субъектілері бойынша біріктіретін үлкен
ұғым.
Халықаралық несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету
импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл несие еңсенімді несие ретінде
саналады, өйткені, ол тек компаниялармен, фирмалармен және банктермен ғана
емес, сонымен бірге, үкімет кепілдігімен қамтамасыз етіледі.
Меншік формасы бойынша халықаралық несие мемлекеттік, жеке және аралас
несиелерге бөлінеді. Қазақстан және халықаралық несиені жиі алады, несиені
жекешк компаниялардан, фирмалардан, банктерден алады.
1.3.Несиенің қызметтері

атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылыми – техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының
толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің
көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал
ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен
айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, салалар мен
аймақтар арасындағы капитал ағымы нарықтық механизм арқылы жүзеге
асырылады.
Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы
қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар
арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде
жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің
экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай
қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей
жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне,
сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары
өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін
несиені пайдаланады.
Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын
уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмас-
тыруға толық мүмкіндік бар.
Бұл қызметті іске асыру процесінде тек қана тауар айналысын емес,
сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да
жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер,
несиелік карточкалар көқмегімен жүзеге асырылады.
Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар,
айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына
жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде
несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға
мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми – техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми –
техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырады. Сондықтан да, несиенің
көмегінсіз көптеген ғылыми – зерттеу орталықтарының (бюджеттік
қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.
Сондай – ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу
үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда
кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің
несиелері есебінен қаржыландырылады.
2. БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫ
2.1. Несие саясатының мазмұны мен түрлері

асыру құралдары мен әдістерін, сондай – ақ несиелік процесті ұйымдастыру
принциптері мен тәртібін белгілейді.
Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және
несиелеу процесінде қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.
Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз
алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынасында, несиелік саясат – бұл несиелік процесті ұйымдастыру
барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz