Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
I. Құндылық ұғымының ғылыми-теориялық негіздері
1. 1. Ұлттық құндылықтар туралы жалпы түсінік . . . 6
1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделі . . . …. . 9
II. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылықтарын қалыптастыруды оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асырудың тиімді әдістерін зерттеуге арналған педагогикалық тәжірибе жұмыстарының нәтижесі
2. 1. Бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген эксперименттік жұмыстың нәтижелері . . . 16
2. 2. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын оқу үдерісі барысында қалыптастыру . . . 22
Корытынды . . . 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28
Қосымша . . . 31
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды боиымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн». [1]
Олай болса, басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т. б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз.
Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.
Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше құрметті ата-аналар, ұстаздар оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қоспақ. «Баланы жастан» демекші, мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы - салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.
Қазіргі кезде халықтық педагогика элементтерін бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, дене шынықтыру сабақтарында кеңінен қолданудың маңызы артып келеді. Мысалы: математика сабағында ақыл-ой қабілетін дамытатын ойындармен, ән-күй сабақтарында түрлі әуендермен, дүниетану сабағында табиғи денелерді қолдануды және хайуанаттар дүниесін елестететін ойындармен танысады. Оқушыларды жоғары мәдениетті адам етіп тәрбиелеу сіздер мен - біздің басты міндетіміз.
Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіруде ақын-жазушылар мен еліміздің ұлтжанды азаматтарымен болған кездесулер әсер етеді десек артық болмас.
Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М. Шахановтың «халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек» дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз, ұстаздар қауымы оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы - отбасында, екінші - мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты нәрсе дей келе мектебімізде ата-аналармен бірлесіп көптеген іс-шаралар өткізіледі, атап айтсақ соның ішінде салт-дәстүрді дәріптеуде Наурыз мейрамы, Ораза Айт күндеріне байланысты имандылық тәрбиесі сынып сағаттарында өткізіліп тұрады.
Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды».
Сонымен қорытындай келе, осындай халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды өздеріңіздің талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында дарынды да тәрбиелі оқушылардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей атсалысайық!
Зерттеудің көкейкестілігі. Жас ұрпақтың санасын шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру - қазіргі заманның өзекті мәселесі болып тұр. Ал мұндай білім жүйесі сол ұлттың төл болмысымен санасу арқылы жүзеге асады. Өйткені, өткен тарихтың сын көзінен өткен құнды ұлттық дүниетаным мұралары жас буынның рухына негіз болып қаланып, болашаққа бағыт жасап отырған жағдайда ғана ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілмейді.
Оқыту үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық және ғылыми әдістемелік жолдарын қарастыра отырып тақырыпты « Бастауыш мектептің пән сабақтарында оқушыларды ұлттық құндылықтармен таныстыру » деп алдым.
Зертеудің мақсаты : ұлттық білім мен тәрбие беру негізінде бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылықтарға бағыттап, пән сабақтарында пайдаланып отыру.
Зерттеу пәні: қазақ мектебінің оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық құндылықтарды пән сабақтарында пайдалануды ұйымдастыру, оны теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау.
Зерттеу міндеті: бастауыш мектептің пән сабақтарында оқушыларды ұлттық құндылықтармен таныстыру.
Зерттеу ғылыми болжамы: егер, бастауыш сынып оқушыларының пән сабақтарында ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері педагогикалық шарттар тұрғысында айқындалып, мазмұны мен әдістемесі жасалса, нәтижесі шығарылса, онда, оқушылардың сезімталдығын ояту және оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық мәдениет негізін қалайтын ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың мүмкіндіктері артады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: қазақ халқының мәдени, рухани және ұлттық құндылықтарын дамыту және пайдалану жөніндегі идеялар мен тұжырымдар, халық педагогикасы дәстүрлерінің жетістіктері.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Ресми материалдары, Үкіметтің қаулы-қарарлары, белгілі педагогтардың еңбектері, қағидалары және т. б. оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық құндылықтар туралы материалдарын тиімді жүзеге асыру жөніндегі озық тәжірибелер.
Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты психологиялық, педагогикалық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау, мектеп құжаттарын, бақылау, сауалнама, сұхбат, сұрақ-жауап өткізу, әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестілігін және педагогикалық тиімділігін тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында тексеру.
Зерттеу объектісі: бастауыш мектеп оқушылары.
Зерттеу базасы: эксперименттік тәжірибе Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №1 ЖОББ мектебінің бастауыш сынып оқушыларына әдістеме, сауалнамалар мен ашық сабақтар жүргізу түрінде өткізілді.
I. Құндылық ұғымының ғылыми-теориялық негіздері
- Ұлттық құндылықтар туралы жалпы түсінік
Құндылық дегеніміз не? Құндылық - тәрбие мен оқутудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады.
Құндылықтар - шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «құндылық - нарқы жоғарылық, қымбаттылық, бағалылық. Құндылық арқылы сол заттың маңызын, мәнділігін, пайдалылығын, қажеттігін білуге болады» - деп сипаттайды.
Қазақ инцеклопедиясында «құндылық» обьектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуеттік ұғым деген анықтама берілген. Ежелгі философиялық көзқарастарда құндылыұтың әртүрлі көріністеріне жататын табиғи, қоғамдық құбылыстар, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылады. Құндылықтар обьектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беру қатынасын тұрады. Құндылық қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады, реттейді. [17]
Отандық философ Т. Қ. Ғабитов құндылықтар - қасиеттер дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Ол құндылық қатынас әрқашан да субьектінің бойында белгілі бір эмоцияларды - қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т. б. туызатындығын айта келе, мынадай құндылықтарды анықтайды: адам өмірі, еркіндік, адамгершілік, отбасы, қарым-қатынас, жеке бақыт, ұрпақ көбейту, күнкөріс көзі және әрекет мәні ретіндегі жұмыс, игілік, белсенділік, заңдылық, мейірімділік, тәуелсіздік. Құндылықтар өмір сүріп қана қоймайды, сонымен қатар бір-бірімен салыстырыла отырып, өзіндік құндылықтық қатарды, құндылықтықсатыны құрайтындығын айтады.
Әлеуметтанушы Б. Ерасов «құндылықтың пайда болуы, адамның қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекет, бүл блгілі бір мақсатта жүреді», -дейді. Сөйтіп, әлеуметтану ғылымында әлеуметтік-мәдени құндылықтардың мынадай түрлерін ажыратады: саяси мұраттар, мемлекет тарихы, мемлекет мәдениеті, мемлекеттік шекара, дәстүлері, тіл, т. б.
Педагогикалық сөздікте: «құндылық» - адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы кезінде, іс-әрекет кезіндегі көрсетілген тұрақтылығы, қайырымдылығы, мейірімділік тәрбиесі делінген. Себебі педагогикада «құндылық» тәрбие барысында жүзеге асады.
Педагогика ғылымында құндылық мәселесіне қатысты көптеген еңбектер жарық көрді. Бұл еңбектерде құндылық ұғымы әр қырынан қарастыпылып, оның мәні мен табиғатына, тәлім-тәрбиелік жақтарына жан-жақты көңіл бөлінген. Мәселен, В. А. Караковский өз зерттеулерінде құндылықтардың тәрбиелік ықпалына ерекше мән беріп, төмендегідей құндылықтар иерархиясын ұсынады: Адам, Денсаулық, Өмір, Отбасы, Отан, Жер, Адамзат, Бейбітшілік, Еңбек, Білім, Мәдениет, Даму.
Қ. Жарықбаев құндылық мәселесін ұлттық психология тұрғысынан қарастырды. Құндылық тұлға іс-әрекетінің барлық түрінде маңыздылығы, пайлалылығы, қажеттілігі арқылы көрініп отырады да іс -әрекетін, мақсат-мұраттарын, себеп-салдарын анықтап, олардың іске асуына ықпал етеді және жеке тұлғаны қалытастыруға тигізетін әсері де мол болады.
Ал жеке тұлға - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Нақтырақ айтсақ, ана тілі мен ұлттық салт-дәстүрін құрметтейтін, басқа тілде де жетік сөйлей білетін, дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы қалыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа жету жолдарын таңдай білетін, жауапкершілігі мол, мінез-құлқы, айналадағы адамдарға, қарым-қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, күрделі жағдайларда нақты шешім қабылдай алатын, өзіне сын көзбен қарай білетін салауатты тұлға. [8]
Ұлттық құндылық. Ұлттық құндылықтар - нақты бір ұлт өкілдерінің құнды деп есептейтін дүниелері мен ең маңызды, бағалы қасиеттерінің жиынтығы. Ұлттық құндылықтар - әрбір халықтың, этностың мәдениетінің өзегі, жеке тұлғаның ішкі мәдениетінің іргетасы.
Ұлттық құндылықтар әрбір этникалық қауымдастықтарының өзіндік тұрмысы, табиғаты, мәдениеті негізінде түзген құндылықтарының жүйесі. Нақтылай түссек, құндылықтар дегеніміз - халықтың ұлттық тілі, ұлттық мінез-құлқы, салт-дәстүрлері, ерекше адамгершілік қасиеттері, ауызша-жазбаша ұлағатты тәлім-тәрбиелік мәні бар даналық өсиеттері, ділі мен діні.
Педагог-ғалым К. Оразбекова ұлттық тәрбиенің негізгі тамыры арқылы ұлттық тұлғаны қалытастырудың педагогикалық негіздерін жүйелей отырып, ерекше құнды қасиеттер ретінде ақыл мен парасатты атап айтады. Ол қазақ даналығындағы он қасиеттен тұратын адамгершілік құнды сапаларды адамдарға сезіммен қарау, өз ісінің дұрыс-бұрыстығына баға беру, халқына қымет ету, өз сырларын өзгеге шашпау, әр жағдайда сақ болу, артық сөйлемеу, әдептілікті сақтау, кішіпейіл болу, кешірімді болу, біреудің ісіне араласпау деп қарастырады. Бұл еңбек бойынша қарым-қатынас құндылықтарын меңгертудің мүмкіндігі мол.
Ұлттық құндылықтарды танып білу және меңгеру мәселелері ұлы ойшылдар еңбектерінен бастау ала отырып, ағартушыларымыз Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, сонымен қатар, XX ғасырдың I-жартысындағы педагогтар мен қоғам қайраткерлері М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, А. Байтұрсыновтардың рухани мұраларымен үндестік табады. Осынау мол мұраны жас ұрпақтың игілігіне айналдыра отырып, олардың ұлт азаматтары ретінде қалыптасуына көмектесудің маңызы күннен күнге артып отыр.
А. Байтұрсыновтың ұлттық құндылық бағдарға қатысты мынадай ой-пікірлері бүгінгі ұлт мектебінің ұлы мұраттарының үндестігі:
- оқулықтардағы оқу материалдарында этнопедагогика элементтерінің қамтылуын ескеру;
- бастауыш мектепте берілетін білім мен тәрбие ұлттық негізге бағытталуы;
- бастауыш мектептегі оқудың ана тілінде жүргізілуі.
Бүгінгі таңда қазақ халқының ұлттық құндылықтарының мәнділігі егеменді ел болуымызбен байланысты, сонымен қатар, жаһандану үдерісі жағдайында жас ұрпақтың ұлттық келбетін қалыптастыру қызметіне байланыстыодан әрі артып отыр. Мәселен, философ С. Нұрмұратов этно-ұлттық құндылықтар мәселесін зерттеуде осы құрылымды, жүйені құрайтын ұғымдарға тоқталып, ұлттылық ұғымына талдау жасайды. Ұлттылық ұғымын және оның құрамдас салаларын талдай келе, оның маңызды саласы ретінде этникалық келбеттің қалыптасуын қарастырып, оны әр халықты басқа халықтардан ерекшелеп отыратын өзіндік тұрақты құндылығы мен дәстүрлерінің жиынтығынан көруге болады деген тұжырымды ой түйді.
Ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін ұлттық санадан кейінгі маңызды орын алатын ұлттық құндылық. Ұлттық құндылыққа - ұлтымыздың мәдениетін, әдебиетін, өнерін, музыкасын, т. б. жатқызамыз.
Егерде ұлттық мәдениетке келетін болсақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігіне бейімделген ежелден өзінінің ұлттық мәдениетін қалыптастырды. Ол мәдениет негізінен көшпенді өмір салтына бейімделген болатын. Сондықтан қазіргі қазақ мәдениетін еуразиялық ұлы дала көшпенділерінің мұрагері деуге болады. [8]
Ұлттық құндылықтарымыздың туын биік ұстап, жас ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу- ең маңызды міндет.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз құрап жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы - адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр», - деген. Олай болса, оқушының өз өмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда, ер бала мен қыз баланың өмірлік ұстанымын, табиғи міндеттерін түсіндіруде, өз өміріне ойлы көзбен қарап, адам өмірі ең жоғары құндылық екенін санаға сіңіруде ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор деп білемін.
- Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделі
Қазақстан мектебінің жаңа ұлттық моделі қалыптасуына байланысты ұлттық идеяның дамуына ерекше мән берілуде. Ұлттық идеялар ғасырлар бойы келе жатқан мәңгілік ұлттық құндылықтармен сабақтасып, ұлттың өзіндік ділімен үнемі дамып, жаңа сипат алып, қоғам дамуының заңдарына айналып отырады. Ұлттық мектептің ұлы мұраты - аталар сөзімен өсіп-өніп, бабалар бұлағынан нәр алған, ұлылар тәрбиесіне тағзым етер өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып кіретін дана халқымыздың ұрпағын қалыптастыру. Бүгінгі сәбилер ертеңгі күннің болашақ ұрпағы, өз ұлты арасында ұлт мүддесі үшін қызмет ететін азамат. Сондықтан болашақта «Мен қазақпын»-деп мақтана алатын ұрпақтарымыздың ірге тасы бастауыш сыныптан қалануы тиіс. [8]
Бастауыш мектеп жасы баланың адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі тануымен, әлеуметтенуі, яғни әлеуметтік тәжірибені меңгерумен ерекшеленеді. Өзінің жеке басының құндылығын жоғары бағалай алатын, жеке басының мүддесін қоғамдық мүдделермен ұштастыра білетін, ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру жұмысының мәні зор.
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыруда олардың жетістік жақтары мен кемшіліктерін көре білуі, өзінің жеке басының құндылығын, даралық сипатын саналы түрде сезінуге бағыттап отырудың мәні зор. Өйткені құндылықтарды игеру механизмі адамның өзін-өзі айқындау құндылығының үлгісі арқылы жүзеге асады. Өзін-өзі айқындаудың алғашқы кезеңінде оқушы игеретін құндылықтардың мәнін аша келе белгілі бір құндылықтарға ие болады. Оқушының өзін-өзі реттеуі жүзеге аса отырып, жеке тұлғаның ар-ұят, өзін-өзі сынау, өз мінез-құлқын қоғамдағы үлгімен, досымен салыстыра алу қабілеттері көрініс табады.
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың теориясын қарастыра отырып, оны тәжірибелік тұрғыдан нақты және дәйекті талдау мазмұн мен мәнді сақтап, ықшамдауды қажет етеді. Ол «модель» ұғымының мағынасын ашу арқылы жүзеге асады. «Модель» термині латынның «modules» сөзінен шыққан, ол «өлшем», «әдіс», «бейне» деген ұғымдарды білдіреді. Оқу-тәрбие үдерісін зерттеуде модель - сол зерттеліп отырған мәселенің жалпы құрылымы мен жеке бөліктері арасындағы байланысты көрнекі түрде елестету құралы болып табылады. Модель құру модельдеу деп аталады.
Педагогика ғылымында 70-80 жылдарда тәрбие жүйесін модельдеу ісімен А. В. Мудрик, О. С. Газман, педагогикалық оқу орындары студенттерінің гуманистік бағдарын модельдеумен И. А. Колесникова, тұлғаның адамгершілік мәдениетін қалыптастыруды модельдеумен С. В. Поляков, Н. В. Кузьмина айналысқан.
Жеке тұлғаның тәрбие арқылы құндылық бағдарын қалыптастыруды модельдеу (Г. Қ. Нұрғалиева, Б. Кудышева, т. б. ), құндылық негізінде ұлттық тәрбие жүйесін, құндылықтар негізінде қазақ этнопедагогикасының логикалық-құрылымдық моделін жасау ( К. Ж. Қожахметова және т. б. ), рухани-адамгершілік қасиеттер арқылы жеке тұлғаны қалыптастырудың моделін жасауда (К. А. Исмаилова, Б. Н. Игенбаева, А. Қаплиева, т. б. ), оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру моделін жасауда (К. Қ. Найманбаева) зерттеушілер айналысқан.
Демек, ұлттық құндылық бағдар оқушының идеалын, сенімін анықтайды, жеке тұлға ретінде қалыптасуында жетекші рөл атқарып, жаңа қажеттіліктердің туындауына ықпал етеді. Сондай-ақ, ұлттық құндылық бағдар бастауыш сынып оқушыларын өз бетіндік, дербес іс-әрекетке бағыттайды. Ұлттық құндылық бағдарды сезінуі оқушының өз бетінше сол құндылықтарды ой санадан өткізіп, өзіндік тұжырымдар жасауы және соларға ұмтылуы түрінде көрініп отырады.
«Құндылық», «Ұлттық құндылық», «Ұлттық құндылық бағдар» ұғымының теориялық негізіне сүйене отырып, бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделін құруды жөн санадым.
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудағы бұл модельдің негізі мақсат, міндеттерден, қағидалар мен нормативтік негіздер жүйесінен, құндылық бағдар қалыптастыру механизмінен, тұтас технология ретінде қарастырылған мазмұн, әдіс, құралдар жүйесінен, нәтижеден тұратын кешен.
Мақсаты - ұлттық құндылықтар жүйесі туралы бастапқы білім негіздері қалыптасқан, ұлттық құндылықтарды танып, бағалайтын және оны таңдайтын, өзіндік сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық рухы жоғары тұлға қалыптастыру.
Міндеттері - бастауыш сыныптағы ұлттық құндылықтардың мазмұндық жүйесін нақтылау, оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың бағдарламасы мен әдістемесін жасау, ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру жолдарын көрсету, нәтижесін бағалау.
Модельде көрсетілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру механизмі мен мазмұндық, технологиялық құрылымын анықтау үшін Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы, Бастауыш білім стандарты, Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы, Бастауыш білім тұжырымдамасы, т. б. нормативтік құжаттар зерделенген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz