Бала зейінін дамытуда ойынның маңызы
Жоспар
Кіріспе 3
2.1 Зейін туралы теориялық ұғым 6
2.2 Зейіннің түрлері мен қасиеттері 9
2.3 Зейіннің орнықтылығы - тұлғаның дамуының маңызды көрсеткіші 14
2.4 Бала зейінін оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастыруда 19
бастауыш мектептің ролі 19
2.5 Бала зейінін дамытуда ойынның маңызы 24
ІІІ Іс-тәжірибелік бөлім 27
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер: 32
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Білім негізі бастауышта, тіпті бірінші сыныпта
қаланады десек, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндердің туған
жерге деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығы, еңбек сүйгіштігі, адалдығы мен
шыншылдығы нақ осы кезеңнен бастау алады. Міне, осы тұрғыдан туындайтын
міндеттерді жүйелей отырып, жас ұрпақ тәрбиесінің бастауында “бұлақ көзін”
алғаш ашатын бастауыш сынып мұғалімдері бойына балаға деген шынайы
сүйіспеншілікті сіңіре отырып, терең біліммен қаруландыруды және оларды
жеке тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелеуді басты назарда ұстайды.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де
батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс
қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп
қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп
өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына
негіз салады.
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға
бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан
дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш
мектеп болғандықтан білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы
болып табылады. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен
формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке
бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке
дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ.
Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық
қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі – бастауыш мектеп.
Бастауыштың негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы
қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен
дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру
болып табылады. Ол үшін тәрбиенің басты міндеттерінің бірі – баланың оқуға,
тәрбиеге деген деген зейінін қалыптастыру қажет. Міне, курстық жұмыстың
өзектілігі осында.
Адамның өмірдегі саналы іс-әрекеті, бір-бірімен қарым-қатынасы,
ынта-ықыласы, мақсат-мүддесі адамның зейіні мен зердесіне тығыз
байланысты. Мұны біздің данагөй ата-бабаларымыз бұрыннан біліп, ұл-қызын
зейінді де зерделі етіп тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлген, зейін мен зердені
шыңдауға, адамның есте сақтау қабілетін арттыруға тамаша тәсілдер де ойлап
тапқан. Зейін дегеніміз не?
Адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып
шоғырлануын зейін дейді. Ол адамның сезіп, таныған, көріп, естіген, біліп,
байқаған құбылыстарын, заттарын анық та ашық тануы, жан қуаттарының оларға
бет алып, бағытталып, жинақталуы үшін қажет. Егер де адамның зейіні
болмаса, ағзаның сыртқы ортамен байланысқа түсуі дәрменсіз болып
қалады да, ойы мен дене еңбегінің іс-қимылы еш нәтижесіз аяқталады. Адамның
таным, түйсік процесінде, білім, ғылымды меңгеруінде зейіннің мән – маңызы
өте жоғары.
Курстық жұмыстың мақсаты – оқушылардың зейінін оку-тәрбие үрдісінің
талаптарына байланысты жүйелі түрде калыптастырып дамытудың теориялық және
практикалық негіздерін қалыптастыру.
Зерттеудің нысаны – жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып
оқушыларының зейінін тәрбиелеу процесі.
Зерттеу пәні – бастауыш сынып оқушыларының тәрбие процесінде
психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып
табылатын зейінді қалыптастыру.
Ғылыми болжамы – егер бастауыш мектеп оқушы зейінін оқу-тәрбие
процестерінің талаптарына сай жүйелі түрде қалыптастырып, дамытатын негізгі
орын екенін дәлелдесе, психологиялық іс-әрекет құндылықтарын
қалыптастырудың педагогикалық негіздері анықталса, диагностикалық
бағдарламасы ғылыми тұрғыда негізделсе, тәрбие жұмысының жолдары дұрыс
таңдалса, онда мұғалімнің алдына қойып отырған мақсатының дұрыс болғаны.
Курстық жұмыстың міндеттері –
-оқушының негізгі таным үдерістерін (қабылдау, зейін, ес, қиыл, ойлау)
жетілдіру;
-зейіннің жалпы ұғымын ашу, түрлері мен қасиеттерін сипаттау;
-баланың зейін ерекшеліктері және оны тәрбиелеу жолдарын айқындау;
-баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру және ойын әдістерін қолдана
отырып зейінін қалыптастыру жолдарын баяндау;
-психологиялық-педагогикалық әдістемелер арқылы бала зейінінің қалай
дамығанын анықтау.
Зерттеу көздері –Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың оқу-
тәрбие жөнінде айтқан еңбектері, Халқына арнаған Жолдаулары, білім беру
туралы мемлекет бағдарламалары мен тұжырымдары, Мәдени мұра бағдарламасы,
оқушыларды тәрибелеу туралы жазылған мектеп мұғалімдері мен сынып
жетекшілерінің озық тәжірибелері.
Қурстық жұмыстың құрылымы – кіріспе, негізгі бөлім, іс-тәжірибелік
бөлім және қорытынды, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
2.1 Зейін туралы теориялық ұғым
Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын
көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін айналадағы
объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді
тұрақтата алу. Ұғынықты болу үшін мысал ретінде делелдейік: оқушы
математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңіліп, бұл психикалық
жағынан жақсы көрінеді, яғни бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін
ішіне тартады т.б. Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінан
кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін
тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін,
түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің
әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп
отырады.
Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт
алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын байқаймыз.
Адамға тән әрекеттің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның
нәтижелі болуы қиын. Ғалым К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын
былайша көрсеткен еді. Зейін адам санасынан корытылып өтетін барлық ойды
аңғар татын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл
есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе,
онда баланың санасында ештеңе де қалмайды.
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді.
Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне
түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін
болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп
келетін психикалық әрекетгің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып
табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді
күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект
жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші сыныптан естілген ән-
күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял
процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Зейіннің физиологиялық негіздері туралы И.П.Павлов, егер ми қабығының
бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында
тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен
іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде
мидың бір алабында күшті процесс болып жатады да, айналасындағы алаптарда
тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы А.А.Ухтомскийдің
(1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.
Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға
көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады,
осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған
алаптардағы әлсіз козу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың
күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапты беріле
оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, кайта
олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам
бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден
(мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа
нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге
жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз
тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен
күшейіп отырады.
А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И. П. Павловтың Қозудың
оптимальдық алабы дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі. И. П.
Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын
физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. '"Доминанта — латынның
доминанс деген сөзі, қазақша үстемдік ету деген мағынада.
Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені
онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды оптимальдық жағдай жасалып
отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап - ми қабығының творчестволық
бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И.П.Павлов былай
дейді: Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, оңда
ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз
ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы
өз геретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми
сыңарларының барлық жерлерін алып жаткан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде
үздіксіз қозғалып жүрген болар еді. Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі
қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруыньщ өзі зейін
бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен
екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы
оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара
индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.
Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған
объектілерді байқамайтын болады. Опти мальдық қозу алабын екінші сигнал
жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми
қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын,
сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы
көрсетеді. Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің,
бастың, көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, қүлақ тігу т.б.) жақсы
көрінеді. Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені, осы
айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге
болады. Сондықтан да, кейбір мүғалімдер сыныптағы оқушылардың кескініне
қарап, бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз
отырғанын ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі
кездеседі. Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тәрбиелей
отыру - мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық
істерінің бірі [1,277].
2.2 Зейіннің түрлері мен қасиеттері
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Сыртқы дүниенің кез-келген объектілері кейде ырықсыз- ақ біздің назарымызды
өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның көзі әдемі
жазылған жарнамаға түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына
жалт қарайды т. б.
Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі
әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның
күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да,
осының нәтижесінде сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұнда бала
есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет.
Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып
отырады. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске
көңіліміз тез ауады. Мысалы, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін
жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу – ырықты зейінді керек етеді. Ырықты
зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама дәнекерге
шығуды керек етеді. Мұнда адам өз ісінен шығатын нәтижеге қызығады, оны
орындау үшін күш жүмсайды, әйтпесе іс өнбейді, сөйтіп нәтижеге қол
жеткізе алмайды.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентированный)
рефлекстің жемісі болып табылады. Зейіннің бүл түрі жануарлар мен
адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз
зейін кез-келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз
зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркенгіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы
заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т.б.), заттар мен ққбылыстардың
жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі,
дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.);
ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі
(қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы
әсер етеді.
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік жүшін жұмсау
арқылы орындалады. Ырықты зейін белгілі бір мақсат –объектіге ерекше
зер салып отыру көзделеді, жұмыстың басынан аяғына дейін ерік- жігерді
сарқа жұмсауда талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен
сипатгалады:
1.Қандай да болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу
үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
2.Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдатайтын
нәрселерден ойды аулақтатқан жөн.
3.Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын
ықыласпен берілген дұрыс.
4.Түрлі жайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану.
Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-
гүрсілдер) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді орнықтырудың, оны
мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
5.Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір
сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды
айтады.
Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады.
Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады.
Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес.
Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан
кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да
зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға
түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты
зейінінің пайда бола бастағаны.
Зейіннің үйреншіктіі деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін -
адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.
Мәселен, бала оқуға төселсе, бүл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні
де үйреншікті бола бастайды.
Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-
әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас.
Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай
түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа
өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты
тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге
орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып
шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра
отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет [2,324].
Зейіннің қасиеттері: тұрақтылығы, аударылуы, бөлінушілігі, көлемі,
жинақтылығы, алаңдаушылығы болып табылады.
а) Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы. Адамның зейіні бір
объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оның зейіннің
тұрақтылығы деп атайды. Мысалы, дәрігер,өндіріс озатының жұмыс үстіндегі
зейіні. Зейінді бір жерге тұрақтап, жинақтап алу арқасында адам істеп
отырған ісін гереңінен түсініп, оның ортүрлі байла- ныстарын анықтайды.
Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеңе алудың басты бір
белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде
баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір
әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттену керек. Сонда ғана бала
есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті обьектіге жинақтай
алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс үстінде зейінін 40 минуттай бір объектіге
тұрақтата алады. Осындай 10-20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше
секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары
ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бүл секілді тынығу,
жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді.
Адам соншалық ерік-жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да
оқтын-оқтын ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің
бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруын зейіннің толқуы дейді. Толқу-
зейіннің табиғи қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқыған
адам да анда-санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан-жағына қарайды.
Зейіннің мұндай толқуы, әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне ойының
бөлінуіне, зейінін тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні
толқымалы келеді. Бүған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер,
сондай-ақ адамның өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін,
әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл көп
күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге
қарсы күресу - қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс,
қоңыраудың сылдыры, сырнай-керней т. б. адамның тынышын кетіреді. Зейінін
жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және
сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанмен,
олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның дүрілі,
музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап
отыра беруге болады. Ал қасындағы адамның айқай-шуы, реніш т.б. адамды
күштірек алаңдатып, жұмыс істетпейді. Бұндай жерде көңіл аудармай жұмыс
істей білу үшін ерік-жігер қажет.
Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назар аударуды
айтады. Мектеп жағдайында бала зейінін бір пәннен екінші пәнге үнемі
аударуға тура келеді. Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз
дамыған кезде ғана, яғни оқу материалдарын ұмытпайтындай есте сақтай алатын
етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады.
Зейіннің бөлінушілігі - адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті
атқара алу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш
нәрсеге бөле алады. Мысалы, оқушы бір мезгілде есеп шығарады, сонымен қатар
басқа оқушылының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды.
Зейіннің көлемі деп - бір уақыттың ішінде қамтитын объектілердің санын
айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп
деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде орта есеппен әртүрлі 5-9
әріпті қамти алатынын, 12-14 әріптен тұратын мағынасы бар сөзді де осы
мерзімде қамтитынын көрсетіп отыр.
Бастауыш сынып оқушыларының зейін көлемі ересек адамдарға қарағанда
шағын болады, сондықтан оларға бір мезгілде сан жөнінде де, сапа жөнінде
артық материал беруге болмайды.
Зейін көлемін арттыру үшін мұғалім балаларды комплекс заттарды байқай
алуға, оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны дұрыс.
Алаң болушылық деп - белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді
ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ
адамдардың зейіні болады. Мектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық
жиі ұшырайды, өйткені олар әлі қүрделі іс-әрекетпен айналыспағандықтан,
зейіннің жоғары түрлері өз дәрежесінде болмайды [3,328-33].
Қорыта айтқанда, адам қолға алған ісіне көңіл бөліп, оны ыждағатты
істеуге әдеттенсе, зейін адамның тұрақты ерекшелігіне айналады да,
зейінділікке ұласады. Мұндай адам байқағыш, жан-жағындағы жағдайларды жақсы
қабылдауға қабілетті болып қалыптасады. Сөйтіп, ол болып жатқан оқиғаларды
басқалардан терең түсініп, оған ерекше толғанатын болады, ықыласы жоқ
жұмысқа да зейінін тез жұмылдырып, көндігіп кетеді.
2.3 Зейіннің орнықтылығы - тұлғаның дамуының маңызды көрсеткіші
Қазіргі жас ерекшелік психологиясы американ психологі Майкл Познердің
үш бөлімді сызбасына тіректеледі. Балалардың дамуын байқау мен
нейрофизиологиялық мәліметтер негізіндегі зерттеулерінің нәтижесі бойынша
зейінді дамытуда белгілі деңгейде ішкі жүйенің қалыптаса бастауын қуаттау
(сергектік), зейін арқылы ішкі жүйені тұспалдау және ішкі жүйені басқару.
Бұл ішкі жүйелер олардың жұмысын қамтамасыз ететін бас миының пісіп жетілуі
өлшемінің көрсетілген ретте дамып отырады.
Мектепке дейінгі жаста зейіннің дамуы олардың орындайтын іс-әрекетінің
шеңберінде дамиды. Зейіннің жоғарғы формасының қалыптасуы екі бағытта
қарастырылады.
Біріншіден, ол зейінді тәрбиелеу ретінде көрсетілуі мүмкін, яғни,
тұлғаның еріктік сапаларын тәрбиелеуге негізделеді. Берілген зерттеу бағыты
Т. Рибо және Н.Ф. Добрыниннің еңбектерінде көрсетілген.
Екіншіден, зейіннің дамуы қалыптасу ретінде - ақыл-ой әрекетінің талап
етілген сипаттамаға қарай құрылуы (П.Я.Гальперин) немесе жоғарғы психикалық
функцияның дамуы (Л.С. Выготский). Выготскийдің көзқарасы заманауи
психологияда жалғасын тапты. Бұндағы зерттеулерде жоғарғы психикалық
функция рөтіндегі бірлескен зейін бірнеше адамдар арасында бөлінеді. Бұл
зерттеулер жұмыс техникасын пайдалануда, кіші топтардың жұмысын
ұйымдастыруда, сонымен қагар балалық шақтағы аутистикалық, аймақтағы
психикалық бұзылулардың алдын алу мен коррекциялауда қолданбалы маңызға ие.
Бала әуелден зейінді болып тумайды, ол қасиетке өсе келе ие бола
бастайды. Зейін туа пайда болмаса да, табиғи механизмі - "Бұл не?" рефлексі
іштен туа пайда болады және кейіннен дамиды.
Жас баланың (1-3 жастағы) "Бұл не?" рефлексінің күшті болатыны сондай,
ол түрлі қимылдар жасауға үйреніп, балада шартты рефлекстер пайда болады.
Бала туғаннан кейін біраз уақыт дәрменсіз болады. Бастапқы уақыттағы
дәрменсіздігі оның тек кішкентайлығынан ғана емес, оның өмірлік
тәжірибесінің жоқтығынан және жануарларға қарағанда инстинктерінің
аздығынан болады. Бала алғашқы кезде дәрменсіз болғанымен, өсе келе әр
нәрсеге әуестеніп, сыртқы қоғамдық ортамен үздіксіз байланыс жасап, түрлі
әрекеттерге әдеттене бастайды.
Бала есейген сайын "Бұл не?" рефлексінің негізінде өзінен-өзі пайда
болатын оның еріксіз зейіні дами бастайды. Зейіннің осы түрінің балада
жоғары дамитындығы сондай, кейбір оқымыстылар осы жастағы балалардың зейіні
ересек адамдармен салыстырғанда кейде жоғары болады деген пікір айтады. Тым
жас балалар өзін қоршаған құбылыстарға өте әуес келеді, бірақ олардың
зейіні көбіне өте толқымалы болады да, заттың тек сыртқы көрінісімен
шектеледі. Зейін тұрақты болмағандықтан олар ілезде-ақ бөтен нәрселерге
алаң болып кетеді. Балалар зейінін бір заттан екінші затқа сонша
ауысқыштығы бір заттың екінші бір заттан әсерлірек болып келетіндігіне
байланысты. Жаңа әсер бұрынғы әсерден неғұрлым басым келсе, бала соның
жаңасына, әсерлісіне соғұрлым көбірек зейін аударады [5, 20].
Мектепке дейінгі жастағы балаларда ырықсыз зейінмен қатар ырықты зейін
де пайда бола бастайды. Ырықты зейінді дамытуға ересек адамдардың балаға
беретін тапсырмаларының әсері зор. Балаға берілетін тапсырмалардың
барлығына олар ықылас қоя бермейді. Бірақ ересектер тарапынан болатын
қатынастың түріне қарай, бала тапсырманы қызық болмаса да орындап шығады.
Мұндай жағдай баланың ерікті зейінін дамытады. Орындалуға тиісті тапсырманы
қызық болмаса да іске асыру балаларда бірте-бірте шыдамдылық, ұқыптылық,
тұрақтылық қасиеттердің пайда болуына жағдай жасайды. Дегенмен, бүл жастағы
балалардың ырықты зейініне қарағанда олардың ырықсыз зейіні басымырақ болып
келеді.
Осы жастағы бала зейінінің дамуына ықпал ететін ең негізгі нәрсе -
ойын болып саналады. Ойын - адамның іс-әрекетінің ерекше бір түрі. Күрделі
іс-әрекеттермен (оқу, еңбек т.б.) салыстырғанда ойын онша көп еріктілікті
қажет етпейді. Өйткені балалардың ерекшелігіне байланысты ойынның түрлері
де көп түрлі болады.
Баланың ойлау қабілеті қабылдау процесінің қалыптасуы барысында жүзеге
асады. Сабақ барысында баланың заттың және оның жекелеген бөлшектерінің түр-
түсін, үлкенді-кішілігін, қатты-жұмсақтығын, пішін өзгешеліктерін басқа да
сипатты белгілерін әр түрлі ерекшеліктеріне қарай айыра білу қабілеті
жетіледі. Ойын әрекеті кезінде бала белгілі бір затты зерттеу арқылы сол
заттың өзіне тән ерекше сипатын, белгісін айыра алатын болады, сонымен
бірге олардың түйсігінде жалпы адамзатқа ортақ заттардың атаулары мен
қасиеттері жөнінде алғашкы ұғымдар қалыптасады.
Баланың ойлау қабілеті ойлаудың кимыл-әрекет, көзбен көру және
логикалык түрлерін меңгерумен тығыз байланысты. Қимыл-әрекет арқылы ойлау -
ол әр түрлі заттарды қолмен ұстап, түрлі ойыншыктармен ойнау барысында
дамиды. Сондай-ак баланың ойлау жүйесінде көзбен көру арқылы әр заттың
өзіндік ерекшелігі, бір-бірімен байланысы туралы түсінік қалыптасады. Ойын
барысында бала әр түрлі сызбалармен, суреттермен жұмыс істеуге үйренуі
тиіс.
Мектепке дайындық кезеңіне дейін баланың логикалык ойлауы жүйеге түсе
бастайды, яғни біртіндеп логиканың зандарына сәйкес сараптау, ой
қорытындысын жасай білу қабілеті қалыптасады. Сабақ барысында баланың таным
кабілетін дамытуды жеңілдетудің бір жолы психикалық әрекетті бағыттауға,
яғни қандай да бір тапсырманы орындау кезінде зейінді, ынталы болуына
тікелей байланысты.
Зейінділік, ынталылық кез келген психикалық процестен көрінеді: ойлау,
сөйлеу, есте сақтау барысында. Зейіннің орнықтылығы - тұлғаның дамуының
маңызды көрсеткіші.
Ойындар баланың негізгі зейін қабілетін дамытуға, оны қажет жағдайда
белгілі мақсатпен байланысты жинақтауга, басқа жаққа аударуға немесе
бөлшектеуге жаттықтырады.
Әлдебір затқа немесе құбылысқа ұзағырақ көңіл аудару зейін тоқтату
арқылы жүзеге асады. Мектепке дейінгі кезеңде бала бір тапсырмамен бір
сағатқа дейін айналысуға ынталы болады. Бір әрекет түрінен екіншісіне көшу
немесе ойын түрін ауыстыру арқылы зейінді басқа жаққа аударуға болады. Ал,
бір мезетте бірнеше затқа көңіл аудару зейінді бөлшектеумен байланысты.
Мысалы, көз алдындағы екі затқа (айталық, біреуі үлкен доп, екіншісі кіші
доп, біріншісінің түсі қызыл, екіншісінікі - жасыл) бірден зейін аударудың
нәтижесінде айырмашылығын тауып сипаттай алады.
Зейінді қалыптастыру ерікті түрден мектеп алды даярлығына қарай
біртіндеп міндетті түрге ауысады. Ерікті зейін баланың сәт сайынғы
кызығушылығына карай әлсін-әлсін өзгеріп, түрленіп, жаңа заттармен.
ойыншықтармен, ойындармен жаңаланып отырады. Ал міндетті тапсырмаларда онша
қызықты болмаса да зейін кою талап етіледі.
Ойындардың келесі тобы есте сақтауды дамытуға арналып, зейін сияқты ол
да біртіндіп еріктіліктен міндеттілікке ауысады. Есте сақтау қабілетін
дамытуды құрғақ жаттату түрінде қалыптастыру дұрыс емес, нәтижеге жету үшін
сіздің ойға алған мақсатыңызды, нені есте сақтау керек екенін баланың өзі
түсінуі маңызды.
Баланың шығармашылық қабілетінің дамуы қалыпты ойлаудан өзгешелеу.
Шығармашылық көп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz