Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ...5
ІІ тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар ... ... .10
2.2. Соғыс қылмыстары ... ... .14
2.3. Адамзатқа қарсы және Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен
ұйымдарға қарсы қылмыс ... ... ..18
2.4. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық
астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі
конституциялық принципке қол сұғу ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ..26

КІРІСПЕ
Берілген курстық жұмыс қазіргі таңдағы ең актуальді және маңызды ғаламдық
проблемалардың бірі – бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстарға арналған. Өйткені бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі қазіргі
өркениетті қоғам дамуының және жекелеген адамдардың тыныштығының бірден бір
міндетті шарты болып табылады. Мемлекет пен халықтардың, әлеуметтік,
этникалық, діни топтардың тыныш тіршілігіне қол сұғу, агрессивті соғыс,
геноцид нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру
халықаралық құқықпен ауыр қалмыстар қатарына жатқызылады. Соңғы кезде
қылмыстардың аталған түрлерінің саны едәуір артуда. Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін алғашқы рет геноцидпен байланысты, соғыс жүргізу ережелерін
бұзумен байланысты қылмыстар пайда болды. Халықаралық қылмыстармен күресуде
мемлекет қызметінің құқықтық негізі болып халықаралық қылмыстық құқық
табылады. Қазіргі таңда әлемде үш жүзден аса халықаралық қылмыстар және
олардың жазалануы туралы халықаралық шарттар жасалған.
Құқықтық мемлекетті құра отырып және ұлттық қауіпсіздікті нығайта отырып,
Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастық мүшесі ретінде жоғарыда
аталған қылмыстармен күресу үшін көптеген халықаралық конвенцияларға
қосылуы тиіс. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексіне
бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау бойынша баптар қосылған.
Өйткені Қазақстан Республикасына терроризм, діни экстремизм мәселесі жат
емес. Әлемде кең тараған Хизб-ут-Таһир ұйымының құлаш жайып, мақсаты
ислам халифатын құрып, Қазақстанның конституциялық құрылымын өзгерту болып
табылатын бұл қауіпті ұйымның қолдаушылары өкінішке орай аз емес. 2004 жылы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Хизб-ут-таһир, Өзбек-Ислам
халифаты сияқты барлығы бес террористік, экстремистік ұйымның ел аумағында
қызмет етуіне тыйым салу туралы шешім шығарылған болатын .
Осыған орай берілген курстық жұмыстың негізгі мақсаты келесілер болып
табылады:
бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама
беру;
бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жекелеген
түрлерін ашып көрсету;
Осы мақсаттарды орындау үшін курстық жұмыс келесі міндеттерді шешеді:
бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың объектісі мен
объективтік жағын, субъектісі мен субъективтік жағын ашып көрсету;
бейбітшілікке қарсы, соғыс қылмыстары, адамзатқа қарсы, халықаралық(
қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыстар деп жіктеп, әр
қайсысына жеке жеке тоқталу.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауы Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстардың жалпы сипаттамасы деп аталып, онда аталған қылмыстардың мәні
ашылып, толық сипаттама берілген, халықаралық құқықтық нормалардағы алатын
орны бейнеленген. Екінші тарау Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне
қарсы қылмыстардың түрлеріне арналған. Қылмыстардың әр түрлері ашылып
көрсетіліп, мән-мағынасы ашылған, субъектісі мен субъективтік жағы
бейнеленген. Соңғы қорытынды бөлімде, осы жұмыстың барлық өзекті мәселелері
түйінделіп, жинақталған, Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен адамзат
қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары көрсетілген.

І тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы
сипаттамасы

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар деп мемлекеттік кәсіпорының,
мекеменің, ұйымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзтын
қылмыстық занда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті
айтамыз.

Жаңа қылмыстық Кодексте осы тұрғыдағы қылмыстардың қатарына жаңадан
бірнеше баптар қосылады.

Олар: жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға
қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету.

Қылмыстық кодектің 14-тарауындағы осы қылмыстардың топтық объектісі
басқару тәртібі болып табылады.

Басқару тәртiбi мемлекеттiк ұйымдастыру, мекемелердiң,
кәсiпорындардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басқару саласындағы
дұрыс қызметiн қамтамасыз ететiн қоғамдык қатынастардың жиынтығы болып
табылады.

Баскару тәртібiне қарсы қылмыстар мен мемлекеттiк қызмет мүдделерiне
қарсы қылмыстардың топтық объектiсi сырттай қарағанда бiр-бiріне ұқсас
сияқты болғанымен, бұл қылмыстар топтың объектiсi, субъектiсi арқылы бiр-
бiрiнен ажыратылады.

Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi мемлекеттiк
немесе мемлекеттiк емес органдардың тек қана басқару саласындағы дұрыс,
бiрқалыпты қызметi, ал мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың
топтық объектiсi мемлекеттiк аппараттың тұтастай дұрыс, әрi бiрқалыпты
қызметi болып табылады.

Басқару тәртiбiне қарсы кылмыстардың субъектiсi жай адамдар,
лауазымды адамдар болуы мүмкiн, ал мемлекеттік қызмет мүдделерiне қарсы
қылмыстардың субъектiсi мемлекеттiк аппараттың лауазымды адамы немесе
мемлекеттiк қызметшiлер болады. Мiне осы көрсетiлген белгiлер арқылы
көрсетiлген қылмыстар тобы бiр-бiрiнен оқшауланып бөлiнедi.

Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың тiкелей объектiсi басқару
саласындағы қоғамдық қатынастардың нақты түрлерi болады. Қосымша тiкелей
объектiге — адамдардың өмiрi, денсаулығы, ар-намысы, адамгершiлiгi,
қауіпсіздігі жатуы мүмкiн. Кейбiр қылмыс құрамдарында (317, 323—325, 33i-
баптар) қылмытстың заты және қылмыстың жәбiрленушiсi (318—322, 327-баптар)
көрсетiлген.

Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың құрамы негiзiнен формальдық
құрамға жатады. Тек қана ҚК-тiң 322-бабының 2-тармағында, 331-бабының 2-
тармағына көрсетiлген қылмыс құрамдарының мiндеттi белгiсi — ауыр
зардаптардың орын алуы қажет.

Екi қылмыс құрамының (330, 331-баптар) мiндеттi белгiсi ретiнде
қылмыс iстелу орны көрсетiлген.

Субъективтiк жағынан басқару тәртiбiне қарсы қылмыстар
қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстық ниет және мақсат қайсыбiр қылмыс
құрамдарының (318, 320, 321, 322-баптар) қажеттi белгiсi болып табылады.

Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған кез келген адам. ҚК-тiн 326-
бабында көрсетiлген қылмыс субъектiсi арнаулы — әскери қызметтен жалтарған
адам, ал 331-баптың 2-тармағы бойынша бiрнеше рет қылмыс жасаған адам осы
құрамның, субъектiсi болып табылады.

ІІ тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Тiкелей объектiлерiне байланысты басқару тәртiбiне қарсы кылмыстар
мына төмендегiдей түрлерге бөлiнедi:

Мемлекеттiк органдарды басқару әрекетiне байланысты өкiмет өкiлдерi
мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар: Қазақстан Республикасы Президентiнiң
ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау.
Депутаттың ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және кызметiне кедергi
жасау. Өкiмет өкiлiн қорлау. Өкiмет өкiлiне қатысты күш қолдану. Жауапты
мемлекеттiк лауазымды иеленушi лауазымды адамға қатысты қолданылатын
қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасының мызғы-мастығына қол
сұғатын қылмыстар: Қазақстан Республикасының күзетiлетiн мемлекеттiк
шекарасынан әдейi заңсыз өту.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын құқыққа қарсы
өзгерту.

Ресми құжаттар мен мемлекеттiк наградалардың айналым тәртiбiне қарсы
кылмыстар: ресми құжаттарды және мемлекеттiк наградаларды сатып алу немесе
өткiзу. Құжаттарды мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру. Жалған
құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк
наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу.

Әскери қызметке шақырылу тәртiбiне қарсы қылмыстар: әскери қызметтен
жалтару.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерiне қарсы кылмыстар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын, Мемлекеттiк елтаңбасын немесе
Мемлекеттiк әнұранын қорлау. Мемлекеттiк туды заңсыз көтеру.

Басқару тәртiбiң қамтамасыз ететiн жекелеген ережелерге қол сұғатын
қылмыстар: өзiнше билiк ету. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын өкiмет
өкiлiнiң немесе лауазым адамының атағын өз бетiнше иелену. Қызыл Жарты ай
және Қызыл Крест эмблемалары мен белгiлерiн заңсыз пайдалану. Байланыс
желiлерiн күзету ережелерiн бұзу. Жиналыстарды, митингiлердi, пикеттердi,
көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу.
Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге басшылық жасау,
кәсiпорынның, ұйымның жұмысына кедергi келтiру. Қоғамдық бiрлестiк
мүшелерiнiң мемлекеттік органдардың қызметiне заңсыз араласуы. Заңсыз
қоғамдық бiрлестiктер құру немесе олардың қызметiне қатысу. Шет
мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарьң жәрдем көрсету.

2.1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне
қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан
Республикасының Президентi — мемлекеттiң бас шысы, мемлекеттiң iшкi және
сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және
халықаралық қатынастарда Қазакстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары
лауазымды тұлға. Республиканың Президентi — халық пен мемлекеттiң билiк
бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен
бостандықтарының нысаны әрi кепiлi (40-баптың 1, 2-тармақтары).

Қазақстан Республикасының Президентiне, оның абыройы мен қадiр-
қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды (46-бап, 1-тармақ). Республика
Президентi мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және
қорғау мемлекет есебiнен жүзеге асырылады (46-баптың 2-тармағы). Қазақстан
Республикасының Конституциясының жоғарыда көрсетiлген нормаларына сәйкес
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексiнде Республика
Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр касиетiне қол сұғу және оның қызметiне
кедергi жасаушылық үшiн жауаптылықты көздейтiн арнаулы бап көрсетiлген.

Қылмыстың тiкелей объектiсi Қазақстан Республикасы Президентiнiң
басқару қызметіне байланысты ар-ұжданы мен қадiр- касиетiн корғау жөнiндегi
қатынастар.

Қылмыстыңжәбiрленушiсi- Республика Президентi, оныңжақынтуыстары.

Қылмыстыңобъективтiкжағы Қазақстан РеспубликасыПрезидентiнжария
түрде қорлаунемесеоның ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiнеқол сұғу
арқылысипатталады.

Республика Президентiнжария түрдеқорлаудеп басқа бiреудiңнемесе
көпшiлiктiң көзiнше ел Президентiнәдепсiз сөздермен, шектеншыққан
арсыздығымен көзге түсетiнденеқимылдарынжасау арқылықоғамдықмiнез-
құлықтарға қайшыкелетiн басқа да әрекеттер жасау арқылы,
ауызшанемесежазбаша түрдетiлтигiзулерболыптабылады.

Президенттiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiнеқол сұғу
деполтуралышындыққа сайкелмейтiн жалған сөздертарату, плакаттар салу,
адамгершiлiгiн, қадiр-қасиетiн көрiнеуаяққа басатың, оны
жұртшылықалдындамасқаралайтын, беделiн түсiретiн жалған лақаптарайту,
тарату сияқты әрекетгердiайтамыз.

Қылмысқұрылысы жөнiненформальдыққұрамға жатады және олПрезиденттi
жария түрдеқорлаунемесеоның ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiнеқол
сұғатынәрекетжасаған уақыттан бастапаяқталған дептанылады.

Қылмыссубъективтiкжағынантiкелейқас ақаналықпен және
әртүрлiниетпенжасалады. Қылмыстықниетiс-әрекеттi саралауға әсер етпейдi,
бiрақжаза тағайындағандаескеалынады.

Қылмыстыңсубъектiсi 16-ға толған адам. Осы қылмыстыңауырлататын түрi
— бұқаралық ақпаратқұралдарынпайдаланаотырыпжас алған
нақсоләрекетүшiнжауаптылық ҚК-тйң 318-бабының 2-тармағында көрсетiлген.

Бұқаралық ақпарат құралдарына - газет, журнал, радио, телехабар және
басқа да көпшiлiкке арналған осындай құралдар жатады.

Кылмыстык кодекстің 318бабының ескертуiне сәйкес Қазақстан
Республикасы Президентiнiң жүргiзiп отырған саясаты туралы сын тұрғасында
айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауапқа тартуға әкеп
соқпайды.

Депутаттың ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның
қызметiне кедергi жасау.

Қылмыстың тiкелей объектiсi — Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
мемлекетгiк заң шығару қызметiне байланысты ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiн
қорғаут жөнiндегi қоғамдық қатынастар. Қылмыстың жәбiрленушiсi Республика
Парламентiнiң депутаты.

Қылмыстың объективтiк жағы, субъектiсi және субъективтiк жағы,
ауырлататын және аса ауырлататын түрлерi бойынша ҚК-тiң 318-бабындағы
көрсетiлген құрамдағы белгiлермен ұқсас. Айырмашылық қылмыстың
жәбiрленушiсiнде ғана. 318-бапта қылмыстан жәбiрленушi Республика
Президентi, ал 319-бапта Республика Парламентiнің депутаттары. Депутаттың
ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу, қорлау оның депутаттың мiндеттерiн
атқару кезiнде немесе оны атқаруға байланысты жүзеге асырылады. Мұндай
болмаған ретте iс-әрекет жеке адамға қарсы қылмыс ретiнде саралануы мүмкiн.

Өкiмет өкiлiн қорлау.

Қылмыстың тiкелей объектiсi қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген
немесе атқаруына байланысты өкiмет өкiлiнiң заңды қызметi болып табылады.

Қосымшатiкелей объект — олардыңбеделi мен абыройы.

Қылмыс объективтік жағынан қылмыс бабындағы мендеттерiн атқарып
жүрген немесе оны атқаруына байланысты өкiмет өкiлiн қорлау әрекетi арқылы
жүзеге асырылады.

Өкiмет өкiлiнiн беделiн, абыройын, адамгершiлiгiн көпшiлiк алдында
аяққа басатын, оларды масқаралайтын әрекеттердi қорлау деймiз. Оларға
өкiмет өкiлi туралы ауызша немесе жазбаша, көзiнше немесе сыртынан, болмаса
баспасөз құралдарын пайдаланып, оларды масқаралайтын, даттайтын, абыройын
аяққа басатын әрекеттер жатады. Осы қылмыстың жасалу себебi өкiмет өкiлiнiң
өз қызметiн жүзеге асыруына, атқаруына тiкелей байланысты. Қылмыстың
объективтiк жағының тағы бір белгiсi өкiмет өкiлiн қорлау жария түрде -
копшiлiк алдында болуы қажет. Көпшiлiк алдындағы қорлау деп өкiмет өкiлiн
қорлауды бөтен адамның көрiп, естiп тұруы немесе бiр топ адамның осы
әрекетке куә болуы. Жазбаша қорлау деп баспасөз кұралы арқылы көпшілiкке
мәлiм болған жағдайларды айтамыз.

Қылмыс субъективтiк жағынан теқ қана тiкелей қасақаналықпен жүзеге
асырылады. Кiнәлi адам өкiмет өкiлiн оның қызмет бабындағы мiндеттерiн
орындауына байланысты көпшiлiк алдында жария түрде қорлағанын сезедi және
соған саналы түрде жол бередi және аталған адамлардың абыройын, беделiн
түсiрудi тiлейдi.

Қылмыстың субъектiсi - 16-ға толған, есi дұрыс, кез келген азамат
болады.

Өкiмет өкiлiне қатысты күш колдану.

Қылмыстық кодекстiң 32I-бабының 1-тармағында өкiмет өкiлiнiң
қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты оған немесе оның жақындарына
қатысы өмiрi мен ден саулығы үшiн қауiпсiз күш қолдану немесе күш болып
қорқыту үшiн жауаптылық белгiленген.

Кылмыстың тiкелей объсктiсi өкiмет өкiлдерiнiң дұрыс басқару
қызметi, ал қосымша тiкелей объектiсi олардың өзiнiң және жақын туыстарының
өмiрi мен денсаулығы. Бұлар қылмыстың жәбiрленушiсi болып табылады.

Қылмыс объективтiк жағынан мына әрекеттердi iстеу аркылы көрiнiс
табады:

а) өкiмет өкiлiнiң өзiне немесе оның жақын туыстарына қатысты өмiрi
мен денсаулы үшiн қауiпсiз күш колдану;

б) осы көрсетiлген адамдарды күш қолданбақ болып қорқыту;

в) аталған адамдарға қатысты өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш
қолдану.

Өкiмет өкiлiнiң өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты оның
өзiнiң немесе жақындарының өмiрi мен денсаулығына қауiпсiз күш қолдануға
жәбiрленушiнің киiмiң жырту, олардьт сабау, денесiне жеңiл жарақат келтiру,
бостандығын шектеу, өмiрiне немесе денсаулығынақауап келтiрмейтiн жағдайда
жәбiрленушiнiң организмiне есеңгiрететiн нәрселер егу сияқты ерекеттер
жатады.

Қылмыс құрылысы жағынан формальдық-материалдық құрамға жатады.
Жәбiрленушiлерге күш қолданбақ болып қорқыту - формальдық құрамға, ал басқа
әрекеттер материалдық құрамға жатады.

Субъективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен
iстеледi.Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған адам.

Жауапты мемлекеттiк лауазымды иеленушi лауазымды адамға қатысты
қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету.

Көрсетілген қылмыстың объективтiк және субъективтiк белгiлерi
жауапты мемлекеттiк лауазымды иеленушi адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы
заңда арнайьт көрсетiлген.

Қылмыстыiң негiзгi тiкелей объектiсi жауапты мемлекеттiк лауазымды
адамдардың бiрқалыпты, дұрыс қызметi, ад қосымша тiкелей объектiсi —
көрсетiлген осы адамдардың немесе олардың туыстарының қауiпсiздiгi болып
табылады. Осы адамдар қылмыстың жәбiрленушiлерi болып табылады. Жақын
туыстары — ата-аналары, балалары, атасьт, әжесi, немерелерi, iнiлерi,
қарындастары, жиені, асырап алған балалары асырап алған ата-аналары,
келiнi, құдасы, жақын досы және т.б. жатады.

Қылмыс объективтiк жағынан алғанда жоғарыда аталған жебiрленушiлерге
тiкелей байланысты қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi кез келген
тәсiлмен жария ету жолымен әрекет немесе әре кетсiздiк арқылы жүзеге
асырылады.

Қылмыс құрылысы жағынан формальдық және ол заңда көрсетiлген iс-
әрекььер қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi бөтен адамға немесе
адамдарға жария еткен уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтiк жағынан қасақана (тiкелей немесе жанама) түрде
iстеледi.

Қылмыстың субъектiсi арнаулы 16-ға толған, осы мәлiметтер өзiне
сенiп тапсырылған немесе оның қызметтiк iс-әрекеттерiне байланысты белгiлi
болған адам (жеке күзетшiсi, хатшысы, көлiк жүргiзушiсi дәрiгерi, үй
күтушiсi және т.б.).

Қылмыс құрамы материалдық. Ауыр зардаптарға - жауапты лауазымды
адамды немесе оның жақын туыстарын өлтiруге оқталу, оларға ауыр дене
жарақатын келтiру, үй-мүлкiн жою т.б. зардаптар жатады. Кiнәлiнің зардап
жөнiндегi кiнә нысаны абайсыздық арқылы көрiнiс табады.

2.2. Соғыс қылмыстары

Басқару тәртібіне қарсы қылмыс деп мемлекеттік кәсіпорынның,
мекеменің, ұйымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзатын
қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті
істеуді айтамыз.

Жаңа Қылмыстық кодексте осы тұрғыдағы қылмыстардың қатарына жаңадан
бірнеше баптар қосылды. Олар: жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші
лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы
мәліметтерді жария ету (322-бап); мемлекеттік туды заңсыз көтеру (329-бап);
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту (331-
бап); шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем
көрсету (338-бап).

Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде көрсетілген мына құрамдар:
қоғамдық тәртіпті бұзатын топтасқан әрекеттерді ұйымдастыру немесе оған
белсене қатысу; көлік қызметкерін өзінің қызметтік міндеттерін орындап
алуға мәжбүрлеу; шекаралық өңірге немесе шекаралық аймаққа бару және сонда
мекендеу ережелерін бұзу; паспорт жүйесінің ережелерін бұзу; шетелдік
азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың СССР-де болу және СССР аумағы
арқылы транзиттік сапармен өту ережелерін қасақана бұзу; әскери міндеттінің
әскери есептен бұлтаруы; әскери міндеттінің оқу немесе тексеру жиындарынан
бұлтаруы; азаматтық актісін тіркеу жөніндегі заңдарды бұзу қылмыс қатарынан
шығарылады. Жаңа Кодексте мұндай қылмыс түрлері атымен жоқ. Бұрынғы Қазақ
ССР Қылмыстық кодексінің 180-2-бабында көрсетілген әкімшілік бақылау
ережелерін қасақана бұзу әрекеттері Жаңа Қылмыстық кодекстің 362-бабында
көрсетілген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау
құрамымен қамтылатындықтан ендігәрі жеке құрам ретінде көрсетілмейді.

Қылмыстық кодекстің 14-тарауындағы осы қылмыстардың, топтық объектісі
басқару тәртібі болып табылады.

Басқару тәртібі мемлекеттік ұйымдастыру, мекемелердің,
кәсіпорындардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару саласындағы
дұрыс қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып
табылады.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар мен мемлекеттік қызмет мүдделеріне
қарсы қылмыстардың топтық объектісі сырттай қарағанда бір-біріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жайлы
Адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Қылмыс құрамы материалдық
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Адамзатқа қарсы қылмыстар
Әскери қылмыстың түсінігі, сипаттамасы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен күрес
Халықаралық терроризмнің жалпы сипаттамасы
Халықаралық қылмыстық құқық бойынша соғыс қылмыстары және оларды жасау үшін жауаптылық сұрақтары
Пәндер