Бюджет жүйесінің экономикалық мәні
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 Бюджет жүйесінің теориялық аспектілері
1. Бюджет ұғымы және экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Бюджет жүйесі:құрылымы және ұйымдастыру
принциптері ... ... ... ... ... ... ...7
2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі буындары арасында кірістер мен
шығыстардың жағдайын талдау
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары және оның қалыптасу
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 ҚР-ның Ұлттық қоры және оның экономикадағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.3 ҚР-ның бюджет жүйесіндегі кірістер мен шығыстар жағдайына
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі буындары арасында қаржыларды
бөлудегі мәселелер мен оларды шешу жолдары
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...29
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Кіріспе
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған
нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен
шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның
шығыстарының абсолютты және қатысты тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл
инфляциялық процесстерден және егеменді мемлекет функцияларының кеңеюінен,
Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету
қажеттігінен туып отыр. Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жуйесі
алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген
түрлі деңгейлер бюджеттсрінің, сонымен бірге бюджет процссі мен
қатынастарының жиынтығын білдіреді.

шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр
Осы курстық жұмыстың мақсаты- бюджет жүйесінің жекелеген буындары
арасында кірістер мен шығыстарды бөлу. Мемлекеттік кірістер мен табыстардың
экономикадағы атқаратын рөлі мен қызметін, мемлекеттік кірістер мен
табыстардың Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы
алатын орны көрініс табады. Сондай-ақ мемлекеттік кірістер мен шығыстардың
қазіргі кездегі экономикалық жағдайын ашып көрсетуді мақсат етеді. Курстық
жұмыста осы өзгерістерді негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік кірістер жүйесіне толық сипаттама берілген.
Мемлекеттік кірістер мен табыстардың экономикалық мәні мен мазмұны
жан-жақты ашылып, кірістердің атқаратын негізгі қызметтері көрсетілген.
Салық механизмі анықталып, оның құрамына талдау жасалған. Жаңа салық
Заңдарының қабылдануына байланысты салықтар мен алымдар жүйесін басқару
және оны жетілдіру жолдары айтылған.
Курстық жұмысымның бірінші тарауында бюджет жүйесіне оның
экономикалық рөлі мен құрлымына түсінік берілген.
Ал курстық жұмысымның екінші тарауына келетін болсақ, онда
мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарына талдау көрсетілген . Онда
мемлекеттің кірістері мен шығыстары пайыздық және ақшалай көрсеткіштері
берілген. Осы мәліметтерді негізге ала отырып, мемлекеттік бюджеттің
орындалу деңгейі, әр жыл сайынғы өсуі немесе кемуі жөнінде талдау
жасалынған.
Үшшінші тарауында Қ.Р-ның бюджет жүйесінің проблемалары мен
жетілдіру жолдарын қарастырдым.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – мемлекеттік кірістер мен
шығыстар болып табылады.
1 Бюджет жүйесінің теориялық –әдістемелік аспектілері
1.1 Бюджет жүйесінің экономикалық мәні
Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды
қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры.
Бюджет деген сөз сөзбе-сөз алғанда ақша сақтауға арналған ақшалы
сөмке, былғары қапшық дегенді білдіреді.
Мемлекеттік бюджет - олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын
ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын
білдіреді.
Мемлекеттік бюджет:
1. Мемлекеттің тиісті жылға арналған ең маңызды мақсаттарын
айқындайды. Бұл өте маңызды функция, өйткені ол жұртшылыққа елдің саяси
басшылығы мәлімдеген мақсаттарды іс жүзінде бюджетке енгізілген және яғни
ағымдағы жылы іске асырылуға жататын мақсаттармен салыстыруға мүмкіндік
береді.
2. Мемлекетке елдегі экономикалық жағдайға әсер етуге мүмкіндік
беретін құрал қызметін атқарады.
3. Бюджеттік ресурстарды басқаруға арналған жүйе қызметін атқарады.
Конституцияға сәйкес өзінің мемлекеттік құрылымы бойынша Қазақстан
Республикасы унитарлық мемлекет болып табылады. Біздің еліміздің бүкіл
аумағында бірыңғай бюджет заңнамасына, бюджет үдерісін жүзеге асырудың
бірыңғай рәсімдеріне және т.б. негізделген біртұтас бюджеттік жүйе әрекет
етеді. Сондықтан бюджеттік қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акт ҚР
Бюджет кодексі болып табылады.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару
аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын
қалыптастыру, оларды тендестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі
бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы
- бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының
өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының
жиынтығы - бюджет құрылысын құрайды.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жуйесі алады, ол
экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі
деңгейлер бюджеттсрінің, сонымен бірге бюджет процссі мен қатынастарының
жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы,
бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді,
өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты
болады.Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады.
Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы
мүмкін.Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйссі үш буыннан
тұрады:мемлекегтік бюджет немесе федералдық бюджет немссе орталық
мемлекеттің бюджеті;федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та - штаттардың,
ГФР-да-жерлердің (ландтардың), Канадада- провинциялардың, Рессйде
-федерация субъектілерінің бюджеттері);жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті
бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі
дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідсй, әлеуметтік-экономикалық
процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі
бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте
сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджст жүйесі бюджет құрлымының
унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес,
басқарудың Президенттік нысаны және сайланылатын Парламенті бар унитарлық
мемлекет. Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті
құрайтын бекітілетін, атқарылатын жәнс дербес болып табылатын мынадай
бюджеттер жұмыс істейді :республикалық бюджет;облыстық бюджет,
республикалык, маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;ауданнын, (облыстық
маңызы бар қаланың) бюджеті.Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында
төтеншс мемлекеттік бюджеттін әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі
өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа
одақтас республикалардың мемлексттік бюджеттсрі сияқты, КСРО-ның
мемлекетгік бюджетіне кірді, онда ол аумағының барлық бюджеттері, соның
ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық
бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-
1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның
35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті
бюджеттердің қарамағында болды.Бюджет кодексінс сәйкес, мемлекеттік бюджет-
араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық
және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде
пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.Мемлекеттік
(республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез-келген басқа
мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны
болып табылады. Бюджет-мсмлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің
негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық
құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бүл қорлар олардың жалпы маңызды
міндеттерін орындауды қамтамасыз етсді, мсмлекеттік билік пен жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін
жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі
шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы
саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажст [1].
1.2 Бюджет жүйесі:құрылымы және ұйымдастыру принциптері
Бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының,сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық және жергілікті
бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын
білдіреді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын
жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін
азайту үшін құрылды.
Республикалық бюджет – бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және
басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай
қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың
бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық
қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын
іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет
Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы
күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31
желтоқсанда аяқталады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті
де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық
деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің
міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-
аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті
қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
мәслихатының шешімімен бекітіледі. .
Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді –
Қазақстан Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде
республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше
мемлекеттік бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны
тоқтату үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың
бүкіл аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою
туралы Жарлығы болып табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің әрекет етуі кезінде республикалық бюджет
туралы заңның және мәслихаттардың жергілікті бюджеттің барлық
деңгейлеріндегі бюджеттер туралы шешімінің қолданысы тоқтатыла тұрады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Республика Парламенті жедел
хабардар етіледі.
Шоғырландырылған бюджет – республикалық бюджетті, облыстардың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың
арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді біріктіретін
мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті
заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда
пайдаланылады.
Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
– республикалық бюджет;
– облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;
– Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке
түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдары.
Елдің мемлекеттік құрылысында аумақтық құрылымдардың болуы оларда
тіршілік ету қызметін қамтамасыз ету үшін оларға белгілі бір өкілеттіктер
мен қаржы ресурстарының көлемін беру қажеттілігін негіздейді. Осыған
байланысты қаржылық жүйенің құрылымында жергілікті бюджеттер ерекше буын
ретінде бөлінеді.
Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін,
түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды
жүзеге асыру үшін айқындайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды
қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану)
қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің
ақшалай қорын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті
мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен
және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және
саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.
Жергілікті бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады.
Оларға мыналар жатады:
- елдің жалпы экономикалық жағдайы;
- тиісті аумақтың экономикалық әлеуеті;
- жергілікті билік және басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін
реттейтін мемлекеттік заңнаманың деңгейі;
- жергілікті билік және басқару органдарының өздеріне берілген
құқықтарды іске асырудағы құзыреттілік дәрежесі
Жергілікті бюджеттер тұрақтылығының басты шарты нақты қаржы кезеңі мен
нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың келіп түсетін
кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-
теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық
бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар
қаланың және астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.
Облыстың бюджеті олардың арасындағы өзара өтемелі операцияларды
ескерместен облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып
табылады.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың олардың өз бетімен жұмыс
істеуінің үш деңгейі бойынша өз ерекшеліктері бар: облыстық бюджет
деңгейінде, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеті деңгейінде
және аудан бюджеті деңгейінде. Жергілікті бюджеттердің кірістері
республикалық бюджеттің кірістері сияқты салықтық және салықтық емес
түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін салық
түсімдері Бюджет және Салық кодекстерінің регламенттеуші ережелеріне сәйкес
республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері түрлерінен ерекшеленеді
[2].
Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан
Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде
бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай
рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
2) толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды
есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан
шегiнуге жол бермеу;
3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет
көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан
Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi
жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын
өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан
Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi,
бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы
туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да
ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк
қаржы бақылауын жүргiзу;
5) дәйектiлiк принципi - бюджеттiк қатынастар аясында бұрын
қабылданған шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы;
6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттiк
бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу
қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу
үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе
бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi
қамтамасыз ету;
7) басымдық принципi - бюджеттiк процестi республиканың немесе
аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге
асыру;
8) жауапкершiлiк принципi - бюджет процесiне қатысушыларды Қазақстан
Республикасының бюджеттiк заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту [3].
2 ҚР-ның бюджет жүйесі буындары арасында кірістер мен
шығыстардың жағдайын талдау
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары және оның
қалыптасу көздері
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар— бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік
кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер,
сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік
кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты
өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды
жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады. Бюджеттің құрылымы
мына бөлімдерден тұрады:
-кірістер:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансферттер түсімдері;
- шығындар;
- операциялық сальдо;
- таза бюджеттік кредит беру:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
- қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
- бюджет тапшылығы (профициті);
- бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

шығыстарының абсолютті және относителді тез өсуі оған тән сипат болып отыр.
Бұл инфляциялық процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының
кеңеюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету
қажеттігінен туып отыр.
Бюджеттің кірістері — бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан,
алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын
түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі
капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне" сәйкес республикалық
бюджетке -түсетін кірістер мыналар болып табылады:
- салықтық түсімдер, алымдар және басқа да міндетті тәлемдер: корпорациялық
табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, соның ішінде Қазақстан
Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орыңдалған жұмыстар мен
көрсетілген қызметтерге және Қазақстанның аумағына импортталатын тауарларға
салынатын қосылған құн салығы, импортталатын тауарларға акциздер, газ
конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын акциздер, жер қойнауын
пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, экспортқа шығарылатын
шикі мұнайға салынатын рента салығы, Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым, телевизиялық және
радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін
алынатын алым, теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді, азаматтық
әуе кемелерін, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары
құрылғыларды, дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым,
қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін,
радиожиілік сеьстрін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін
төлем, әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары, отандық тауар
өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар, консулдық алым,
Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін
бергені үшін мемлекеттік баж, жүргізуші куәліктерін және көлік құралдарын
мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін алынатын мемлекеттік баж,
мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрекет
жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж және басқа алымдар мен төлемдер;
- салықтық емес түсімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер
(республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы
бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне
дивидендтер, заңи тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден
алынатын кірістер, Үкіметтің депозиттері, екінші деңгей банктерінің
шоттарында орналастырылған мемлекеттік сыртқы қарыздар, республикалық
бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер), қару-жарақ пен
әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін
басқа да кірістер); республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден
түсетін түсімдер және осы мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып
алуларды өткізуден түсетін ақша түсімдері; мемлекеттік мекемелер салатын
айыппұлдар, өсімпұлдар, санк-циялар, өндіріп алулар және республикалық
бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер);
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік
мүлікті, мемлекеттік босалқы қорлардан, резервтерден тауарларды,
материалдық активтерді сатудан түсетін ақшалар);
- ресми трансферттердің түсімдері (облыстық бюджеттерден, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен алынған ресми трансферттер,
Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер).
Бюджеттің шығыстары — бұл бектілген бюджет шегінде қайтарылмайтын
негізде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджеттің шығыстары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
- қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік: мемлекеттің қорғанысын
ұйымдастыру және қамтамасыз ету, лаңгестікке және экстремизм мен
сепаратизмнің басқадай көріністеріне қарсы күрес, Қазақстан аумағында
қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
паспорт және виза жұмысын жүзеге асыру, жедел іздестіру, тергеу қызметі,
азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру, экономикалық және қаржы
сфераларындағы құқық қорғау қызметі және басқалары.
- құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі: әділет сферасындағы қызмет,
азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау, зандылық пен құқықтық
тәртібін қамтамасыз ету, соттың сараптамалық қызметі, сот жүйесінің жұмыс
істеуі және басқалары.
- білім беру: білім берудің республикалық ұйымдарында дарынды балаларға
жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу, республикалық
деңгейде орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, жоғары кәсіби жөне
жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды даярлау,
республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау,
білім берудің республикалық ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету,
республикалық маңызы бар білім беру ұйымдарында балаларды оңалту және
басқалары.
- денсаулық сақтау: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету,
ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру, ерекше қатерлі инфекцияларға
қарсы іс-ерекет, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның
компоненттері мен препараттарын өндіру, санитарлық-эпидемиологиялық
қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын республикалық деңгейде
және мемлекеттік шекара мен көлікте қамтамасыз ету, сот-медицина және сот-
психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалары.
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру: бюджет қаражаттары
есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы
бар азаматтарға зейнетақы төлемдері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар,
мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар,
экологиялық апат аумақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек, әскери
қызметшілерге құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы
мүшелеріне медициналық қызмет көрсету, құрбандарына және одан зардап
шеккендерге төлемдер, көші-қон іс-шаралары, баланың туылуына байланысты
әлеуметтік төлемдер және басқалары.
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер
қатынастары:
- өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және қызметі:
- көлік және коммуникациялар:
- экономикалық қызметті реттеу: стандарттау, метреология және
сертификаттау, патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау,
мемлекеттік инновациялық саясат, мемлекеттік экспорттық және импорттық
бақылау, саудалық және демпингке қарсы реттеу, бәсекелестікті қорғау және
табиғи монополияларды реттеу.
- басқада бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар
қалалар, астана бюджеттеріне, Ұлттық қорға берілетін ресми трансферттер,
үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу, мемлекеттік кепілдіктер
бойынша міндеттемелерді орындау [4].
Республикалық бюджеттен сонымен бірге барлық мемлекеттік органдардың
және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметтін қамтамасыз етуге (кадрларды
қайта даярлауды және бұл мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің
біліктілігін арттыруды қоса алғанда), бюджеттік инвестициялық жобалар мен
бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ қолданбалы ғылыми
зерттеулерге, мемлекеттік басқарудың орталық органдардың заңнамалық
актілері мен көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да
қаржыланд Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы
теріс операциялық сальдо, ал бюджет кірістерінің бюджет шығындарынан асып
түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.Ағымдағы бюджеттік
бағдарламалардың жалпы көлемі бюджет кірістерінің келемінен асып түспеуге
тиіс.
Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттердің және бюджеттік
кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар:
1) қаржы активтерін сатып алуды;
2) мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.
Қаржы активтерін сатып алу—заңи тұлғалардың, соның ішінде
халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын мемлекеттік
меншікке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер— мемлекеттік
меншіктегі заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың, мүліктік
кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың
қатысу үлесін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың
жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік
мүлікті сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерін
сатып алу мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің
арасындағы айырма ретінде айқындалады.Қаржы активтерін сатып алу жөне
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілеріне және әлеуметтік-экономикалық дамудың
орта мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджет тапшылығы (профициті) таза бюджеттік кредит беруді және қаржы
активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы
операциялық сальдоға тең. Теріс белгімен алынған шама бюджет тапшылығы, оң
белгімен алынған шама бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығының
жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді
жоспарымен белгіленеді. Бюджет тапшылыгын қаржыландыру—қарыз алу және
бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды
қамтамасыз ету. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты
қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты етеу сомасынан
асып түсуі ретінде белгіленеді. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң
белгімен белгіленеді жөне бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.
Бюджет профицитін пайдалану—қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге
бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын
жұмсау. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған
қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуі
ретінде белгіленеді. Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен
белгіленеді және бюджет прфицитінің шамасына сай келеді.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді болжауға болмағандықтан
жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын
қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және
жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы
органдардың резервтері құрылады.
Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резервті;
2) шұғыл шығындарға арналған резервті;
3) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана
бюджеттерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің
кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті кіріктіреді.
Үкімет резервінің және жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы
көлемі тиісті бюджет түсімдері қөлемінің екі пайызынан аспауға тиіс.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен ақша
бөлу тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті
бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде тиісінше Үкіметтің және жергілікті
атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын
шешімдері бойынша жүзеге асырылады.
Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған
жағдайда Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде
Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы
мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет
немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы
ұсыныстар енгізеді.
Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген
ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған
жағдайда, бюджет бағдарламасының өкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған
бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды
қамтамасыз етеді. Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың
резервтерін пайдалану тәртібін Үкімет белгілейді [5].
2.2 ҚР-ның Ұлттық қоры және оның экономикадағы рөлі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкiндегi шотында шоғырландырылатын, мемлекеттiң қаржылық актив түрiндегi,
сондай-ақ, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiк түрiндегi
активтерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Қазақстан
Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық
дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердiң және, материалдық емес
активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердiң қорлануына, экономиканың мұнай
секторына тәуелдiлiгiн және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын
төмендетуге арналған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру функциясын жүзеге
асыру үшiн пайдаланылатын бiр бөлiгi кепiлдiк берiлген трансферттi
қамтамасыз етуге қажеттi мөлшерде айқындалады.Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзiлiк және iшкi тауар мен
қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегi және шет елдердегi
экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының
басымдықтары ескерiле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық
тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негiзгi мақсаттары
мен мiндеттерi сақтала отырып айқындалады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерi:
- мұнай секторы кәсiпорындарынан алынатын тiкелей салықтардан
(жергiлiктi бюджеттердiң есебiне жатқызылатын салықтарды қоспағанда)
құралады,оларға: корпорациялық табыс салығы, үстеме пайдаға салынатын
салық:роялти,бонустар,өнiмді бөлу бойынша үлес;
экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы;
қызметін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша жүзеге асыратын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz