Валюталық операцияларды тіркеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе5

1 Шетел валютасындағы операциялар және оларды есепке алудың теориялық негіздері7

1. 1 Валюталық бағам түсінігі мен түрлері7

1. 2 Валюта бағамының белгіленуі және бағамды болжау9

1. 3 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялары реттеу нормативтері13

2 «Валюталық бағам өзгерісінің әсері» ХҚЕС қолданылу тәжірибесі18

2. 1 Валюталық шоттарды ашу тәртібі18

2. 2 Валюталық операциялардың түрлері және олардың есебі21

2. 3 Шетелдік валютамен операцияларды қолданыстағы валютамен көрсету25

3 Қазақстан Республикасындағы валюталық режимді ырықтандыру тұжырымдамалары29

3. 1 Қазақстанда валюталық режимді ырықтандыру мəселелері29

3. 2 Валюталық режимді ырықтандыру бойынша іс-əрекеттердің бір ізділігі33

Қорытынды35

Пайдаланылған ақпарат көздері38

Кіріспе

Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын - валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы.

Қазақстандағы нарықтық реформалардың ерекшелігі болып валюталық саясат мәселесі, негізінен валюталық қатынастарға тәуелділік, яғни ұлттық валюта бағамын қалыптастыру және оның әлемдік валюталық нарықта тұрақты қызмет атқаруы басты мәселе. Еліміздің валюталық саясатты жүзеге асыру механизмі жан-жақты және толық зерттелмегендіктен, сонымен қатар оның қазіргі негізгі талаптарға сай келмеуі, таңдалған тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Валюта саясаты мәселесі, ұлттық валютаның айырбас бағамын қалыптастыру және әлемдік валюта нарығында оның тұрақты жұмыс істеу проблемалары тәрізді валюталық қатынастарға Қазақстандағы нарық реформаларының байланыстылығы оның ерекшелігі болып саналады.

Валюта бағамы үшiн қажеттi:

• тауарлармен, қызметпен сауданың жанында валюталардың ауыс-түйiсi, капиталдар және қарыздардың қозғалысында. Экспортшы шетелдiк валютаны ұлттыққа айырбастайды, өйткенi басқа елдердiң валютасы осы мемлекеттiк аумақтағы заңды сатып алушы және төлеу құралы ретiнде айнала алмайды. Импорт шетелде сатып алған тауарлардың төлеуi үшiн ұлттық валютаны шетелдiкке айырбастайды. Қарыздар сыртқы заимдар бойынша берешектi өтеу және пайыз төлеу үшiн шетелдiк валютаны ұлттыққа алады;

• әлемдiк бағалар және ұлттық немесе шетелдiк валюта бейнеленген әр түрлi ел құндық көрсеткiш ұлттық рыноктердi салыстырулар;

• фирмалар және банктердiң шетелдiк валютасындағы есептердiң периодты қайта бағалауы. Валюталық курстiң мәнi бұл құн дәрежесi. Ақша баға валюта бағамы.

Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандару мәселесін зерттеудің өте өзекті екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін зерттеу және оның мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Осыған орай, елдегі қазіргі валюта саясатын жетілдіру және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру мәселелерін аталған ретте зерттеу мен оған ғылыми негізделген ұсыныстар жасау айырықша көкейтестілікке ие болып, осы зерттеу тақырыбының өзектілігін толық растайды.

Курстық жұмысты жазудағы мақсатым - осы жоғарыда аталған маңызды мәселенің бірі болып табылатын валюталық бағам өзгерісі бойынша жалпы түсінік беру. Түрлерін ескере отырып, валюталық операцияларды есепке алу. Валюталық бағамның белгіленуі және бағам болжамының жасалуы туралы, «Валюталық бағам өзгерісінің әсері» ХҚЕС жүргізілу мақсаты қарастырылады.

1 Шетел валютасындағы операциялар және оларды есепке алудың теориялық негіздері

1. 1 Валюталық бағам түсінігі мен түрлері

Әрбір елдің валюталық жүйесінің негізгі элементі - оның ұлттық валютасы. Елдің макроэкономикалық операцияларының барлық есебі ұлттық валюта арқылы жүргізіледі. Валюта бағамы (курс) - ұлттық валюта бірлігінің шетелдік валюта бірлігіне қатынасы. Валюталық бағам екі валютаның баға қатынасы ретінде заңды түрде бекітілуі немесе өзара котировка процесінде анықталуы мүмкін.

Іс жүзінде экономикалық даму қарқыны мен экономикалық бағдарламаларды бағалау үшін валюталық бағамның бірнеше түрлері қолданылады. Сол арқылы макроэкономикалық өзгерістерге қалай әсер ететіндігін анықтауға болады.

  • Номиналды валюталық бағам - екі валюта арасындағы бағам, яғни ұлттық валюта бірлігінің шетелдік валюта бірлігіне шаққандағы бағамы.
  • Нақты валюталық бағам - өз елінде немесе ұлттық валюта айырбасталатын басқа елдегі баға өзгерісі деңгейін ескере отырып, есептелетін номиналды валюта бағамы.

Нарық түрлеріне байланысты валюта бағамының келесі түрлері ажыратылады:

  • Спот-бағам- бағам жөніндегі келісімге қол жеткізілгеннен кейін 2 күннің ішінде валюталар айырбасталатын бағам.
  • Форвардтық бағам- бағам жөніндегі келісімге қол жеткізілгеннен 3 күннен кейін белгілі бір кезеңге дейін валюталардың айырбасталатын келісімді бағамы.
  • Фьючерстік бағам- мәміле шартында белгіленген күні активтің орындалу бағасы.
  • Нарықтық бағам- Қазақстан Қор Биржасындағы немесе Ұлттық Банк сайтындағы ресми бағам.

Халықаралық экономикада негізінен валюталық бағам ретінде спот-бағам қабылданады.

Валюта бағамының бірлігі дегеніміз - барлық валюталық операциялар үшін бір ғана тиімді бағамды қолдану.

Валюталық бағамның белгіленуіне (реттелуіне) байланысты 3 түрі болуы мүмкін:

  • белгіленген (фиксированный) валюталық бағам;
  • тұрақсыз валюталық бағам, белгілі коридор шегінде тербеліп тұрады;
  • сұраныс пен ұсынысқа қатысты еркін қалқымалы валюталық бағам. [7]

Баға кесу (котировка, франц. coter - баға белгілеу, баға белгіленімі) - құнды қағаздардың, шетел валюталарының бағамын немесе биржалардағы тауарлардың бағасын белгілеу. Бағаны, әдетте, тауар, қор немесе валюта биржасының баға белгілеу комиссиясы белгілейді және тауарлардың көтерме сауда бағасының, құнды қағаздар бағамы мен валюталар бағасының биржалық бюллетеньдерінде жарияланады. Толық баға кесу сатушылар да, сатып алушылар да ұсынатын баға белгіленімін қамтиды. Котировка мынадай түрлерге ажыратылады: акциялар котировкасы - қор биржасында акциялардың нарықтық бағасын белгілеу; валюталық баға кесу - нарықтық валюта бағамын не орталық банк (Қазақстанда Ұлттық банк) және ел үкіметінің нормативтік-құқықтық актілері айқындайтын бағамды белгілеу; түрлі валюталардың бір-біріне қатынасы бойынша бағамының ара салмағын тіркеу процесі әрі нәтижесі. Ол не шынайы бағамды (валюталар құнының бір-біріне шынайы қатынасын көрсететін), не нақ сол мезет үшін неғұрлым тиімді бағамды белгілеу мақсатымен жүргізіледі. Оның негізгі үш түрі бар:

а) ұлттық валютаның басқа валютаға қатынасы бойынша айқындалған тіркеулі бағамын әкімшілік жолмен белгілеу. Бұл ретте тым жоғарылатылған ара салмақ та, тым төмендетілген ара салмақ та экспорт-импорт операцияларының көлеміне әсерін тигізеді. Тіркеулі бағамның артықшылығы мынада: валюта операциялары бойынша жасалған мәмілелердің тәуекелдігі барынша аз болады. Алайда тіркеулі бағам кезінде белгіленген бағам шынайы экономикалық жағдайға сай келмейтін ахуал туындауы ықтимал;

ә) валюта бағамын осы валютаға сұраным мен ұсынымның арасындағы айырманы нақты бейнелейтіндей бағаның ара салмағын шынайы тұрғыда көрсететін валюта бағамын еркін белгілеу; алайда мұндай еркін белгілеу кезінде валюта бағамының болжауға келмейтіндей деңгейдегі елеулі өзгерісі салдарынан тәуекелдік жоғары болады. Бұл орайда валюта биржасында жекелеген ойыншылардың қаржы мүмкіндігі есебінен валютаның олар үшін нақ сол сәтте қажетті ара салмағын қалыптастыруға ықпал ететін валюталық алыпсатарлықтың туындауы ықтимал;

б) бағамның аралас белгіленуі, мұнда қатысушылар еркін сауда-саттықты бағамдардың ара салмағына қол жеткізгенге дейін жүргізуі мүмкін, сонан соң сауда-саттық не тоқтатылады, не бағам орталық банктің (Қазақстанда Ұлттық банктің) валюталық инвестициялары есебінен теңестіріледі. Мұндай әдіс қысқа мерзімде валюталардың ара салмағын белгілеу кезінде бағамдардың айтарлықтай ауытқуын болдырмауға мүмкіндік беріп, қаржы қызметінің субъектілеріне осындай мәмілелердің салдарын неғұрлым дәл болжауға септігін тигізді. Валюталық баға кесу түрлі валюталардың бағамын тіркеу тәсілі ретінде, бір жағынан, елдер арасындағы экономикалық сәйкессіздікті болдырмауға, екінші жағынан, қаржы операциялары бойынша серіктестерге экономикалық қысым көрсетуге мүмкіндік береді; бағам котировкасы - шетел валютасының немесе құнды қағаздардың бағамын нарықтық бағам негізінде белгілі бір кезеңге ресми тіркеу; кесімді котировка - құнды қағаздардың жекелеген түрлерінің котировкасы, оны биржа рыногының неғұрлым маңызды қатысушылары биржадан тыс жүзеге асырады және олар биржадан тыс шұғыл мәмілелер жасасу үшін пайдаланады; облигациялар котировкасы - қор биржасында сатылатын және сатып алынатын облигациялардың бағамдық бағасын белгілеу; ресми котировка - валюта мен құнды қағаздардың белгілі бір күнгі бірыңғай бағамы (бағасы), оны ақпарат құралдары биржадан тыс хабарлайды және ол биржадан тыс есеп айырысулар үшін пайдаланылады; тауар котировкасы - биржаның баға белгілеу комиссиясы тіркеп, жариялайтын биржалық тауарлар бағасы. [10]

1. 2 Валюта бағамының белгіленуі және бағамды болжау

Валюталық баға кесу (котировка валюты) - бұл бір валюта (базалық) бірлігінің басқа валюта (кесілетін немесе контрвалюта) бірлігімен берілген құны, немесе трейдердің қандай да бір валютаны сатып алуға немесе сатуға мүмкіндік алатын баға болып табылады. Сатылатын валюталық жұптың белгіленуінде (мысалы, eur/usd) базалық валюта бірінші, ал кесілетін валюта - екінші жазылады.

Валюталық баға кесу сандық және графиктік формада ұсынылады. Техникалық анализдің негізі форекс баға кесулерінің тарихын гравик түрінде зерттеу болып табылады. Баға кесу графиктері өз кезегінде барлар (ағылшын жүйесі), жапондық шамдар (японские свечи) және сызықтық график түрінде ұсынылуы мүмкін. Трейдерлер арасында неғұрлым жиі қолданылатыны оларды талдаудың визуалды қарапайымдылығы арқасында жапондық шамдар болып табылады. Егер валюталық баға кесу графигі жоғары жылжыса, онда бұл базалық валютаның жоғарылауын көрсетеді. Егер де керісінше төмен қозғалыс болса, онда бұл базалық валютаның арзандауын білдіреді.

Ереже бойынша, валюта нарығында баға кесу екі бағадан тұрады:

  1. Бұл валютаны сатушылар оны сатуға дайын валюталық баға кесу
  2. Бұл валютаны сатушылар оны сатып алуға дайын валюталық баға кесу

Біріншісі - Bid бағасы, екінші баға Ask немесе Offer деп аталады. Ask пен Bid арасындағы айырмашылық спрэд деп аталады.

Әрбір валюталық мәміле құрамына екі валютамен жасалатын операциялар кіреді, сондықтан олардың қайсысы базалық валюта немесе белгіленетін валюта, және баға кесу валютасы немесе контрвалюта екенін білу өте маңызды. Трейдер «базалық» валютаның белгіленген көлемін сатып алады немесе сатады да, валюта бағамының өзгеруіне тәуелді баға кесу валютасының көлемін өзгертеді. Баға кесу валютасы бөлім, ал базалық - алым болып табылады. Алымы өскен жағдайда, базалық валюта өз позициясын күшейтеді де қымбаттайды, ал егер алымы азайса, онда базалық валюта өз позицияларын босатып, арзандайды.

Валюталық баға кесудің, бір валютаның басқа валюта бірлігіндегі бағасы ретінде, үш түрі болады. Көптеген елдерде валюта котировкасының екі түрі қолданылады:

1) тікелей котировка - ұлттық валюта бірлігінің шетелдік валюта бірлігінің белгілі бір шамасына қатынасы → 147, 63 теңге - 1 АҚШ доллары;

2) жанама котировка - шетел валюта бірлігінің белгілі бір шамадағы ұлттық валюта бірлігіне қатынасы;

3) кросс-котировка - екі валюта бірлігінің бір-біріне қатынасы олардың әрқайсысының үшінші валютаға, негізінен АҚШ долларына қатынасы арқылы анықталады → 1 $ - 120 теңге, 1 $ - 31, 8 рубль, 1 - 4, 75

Валютаны белгілеу үшін 3 әріпті код қолданылады. Алғашқы 2 әріп елді білдіреді, соңғысы сол елдің валютасы. Мысалы, USD - АҚШ доллары; JPY - Жапон иені, KZT - Қазақстан теңгесі.

Ең жиі қолданылатыны - тікелей котировка.

Рынокта шет елдік валютаға сұраныс пен ұсынысты салыстыру процесінде белгіленетін валюталық бағам котировкасы уақыттық өлшемді де білдіреді. Қазіргі кезде банктер үшін екі жұмыс күні жеткілікті болып есептеледі, осы кезде құжаттар алмасу, тиісті шоттарды жабу, аударымдар жасау жүргізіледі. [8]

Кейде «американдық шарттар» (сол секілді «еуропалық шарттар») терминін кездестіруге болады, ол Құрама Штаттарында орналасқан тұлға көзқарасы бойынша тура баға кесуді білдіреді. Сәйкесінше бағам котировкасы шетел валютасының бір бірлігіне американдық долларлар мен центтердің белгілі бір көлемімен өрнектеледі. Мысалы, баға кесу - 1, 28 доллар бір еуро үшін.

Валюта бағамын ресми түрде Орталық Банк белгілейді, бейресми түрде банкілер белгілейді. Валюта биржалары сақталған елдерде валюта бағамын белгілеу күннің белгілі бір уақытында тіркеледі. Алайда биржалық белгіленім негізінен анықтамалық сипатта болады. Валюта нарығының көбінде бағам белгілеу кезінде фиксинг - валютаның банк аралық бағамын әрбір валюта бойынша сұраным мен ұсынымды салыстыру жолымен айқындау рәсімі қолданылады. Сонан соң сатушының бағамы (жоғары) мен сатып алушының бағамы (төмен) белгіленеді. Банкілер сатылатын шетел валютасын сатып алынатын валютадан гөрі қымбатқа бағалайды. Валюта бағамын белгілеу шетел валютасымен төленетін төлем құралының түріне, клиентке чекті, аударма векселін (траттаны) сату күнімен салыстырғанда нақты төлем төлеу мерзіміне қарай сараланады. Мерзімді мәміле бойынша белгіленімнің қолма-қол мәміле бойынша белгіленімнен өзгешелігі бар. Олардың арасындағы айырма форвард бағамы төмен болғанда спот бағамынан шегерім арқылы (таңбалануы: дисконт - dіs немесе депорт - D) немесе ол жоғары болса, сыйлықақы арқылы (таңбалануы: pm немесе репорт - R) айқындалады. Сыйлықақы валютаның мерзімді мәміле бойынша белгіленген бағамы қолма-қол мәміле бойынша белгіленген бағамынан жоғары болады дегенді білдіреді. Дисконт форвардтық операция бойынша бағам қолма-қол мәміле бойынша белгіленген бағамнан төмен екенін көрсетеді. Валютаның мерзімді мәміле бойынша сандық тұлғада белгіленетін бағамы (сыйлықақы мен дисконт әдісімен емес) аутрайт (out-rіght) деп аталады.

Валюталық баға кесу әрдайым өзгеріп отырады, олар ағымдағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасына тәуелді болады.

Валюта бағамы, бұл ақпарат кәсіпорынның экономикалық қызметі мен қаржылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті болып табылады. Жеке тұлғалар үшін де валюта бағамын болжау маңызды болып келеді, себебі ол жинақтауларды қажетті пропорцияда бөлуге мүмкіндік береді.

Жинақтар қай валютада жұмсалатын болсаң, сол валютада сақталу керек деп саналғанымен, валюта бағамының қозғалысын болжау кәсіпқойлардың еншісі болғандықтан, ақша қаражаттарын әр түрлі валютада сақтауға тура келеді.

Сондай-ақ көптеген саяси шешімдер мен процестер валюта бағамын болжау мақсатында жан-жақты талдау жүргізу кезінде айтарлықтай түсінікті және айқын бола түседі (негізінен басқа валюталарға қатысты доллардың және долларға қатысты еуроның болжамы маңызды) . [8]

Қазіргі заманғы экономикалық ғылымда болжам жасаудың негізгі екі әдісі бар. Бұл іргелі (фундаментальный) және техникалық талдау. Қысқаша бұл екі әдісті былайша сипаттауға болады: «фундаменталдар» бағаларды қозғайтын себептерді зерттейді, ал «технарьлар» бағалық қозғалыстардың өзін зерттейді.

  1. Болжаудың фундаменталды әдісі.

Айырбас бағамына әсер ететін факторлар:

Айырбас бағамдарының өзгерісін болжау барысында көптеген факторларды ескеру керек, олар келесі белгілер бойынша топталады.

  • Экономикалық факторлар:

Салыстырмалы пайыздық мөлшерлемелер. Пайыздық мөлшерлемелер инвестицияларды түрлі валютада бағалау көрсеткіші ретінде жүреді. Егер шетел валютасындағы ссудалар ұлттық валютадағы ссудаларға қарағанда жоғары пайызбен берілетін болса, онда ақшаны несиеге шетел валютасында берудің мәні бар. Осылайша, инвесторлар өз капиталын салуға неғұрлым тиімді орын табу үшін салыстырмалы пайыздық мөлшерлемелерді салыстырумен айналысады. Тәжірибе жүзінде инвесторлар тарапынан жоғары сұраныстың болуы нәтижесінде пайыздық мөлшерлемелері жоғары валюталар бағасы басқа валюталармен салыстырғанда өсіп отырады.

Сатып алу қабілетінің паритеті. Бұл көрсеткіш әр түрлі валюталардың салыстырмалы сатып алу қабілетін көрсетеді. Ол белгілі бір тауар жиынтығына түрлі елдерде негізінен американдық доллар болып есептелетін «базалық валютада» қайта есептегендегі бағаларын салыстыру жолымен анықталады.

Экономикалық жағдайлар. Экономикалық жағдайлар ұзақ мерзімді жоспарда айырбас бағамына әсер ететін негізгі фактор болып саналады. Бұл жерде мына көрсеткіштердің өзгеру тенденциялары неғұрлым маңызды болып келетінін ескеру қажет:

  • Төлем балансы
  • Экономикалық өсу
  • Инфляция деңгейі
  • Ақша ұсынысы
  • Жұмыссыздық
  • Салық ставкалары

Капитал сұранысы мен ұсынысы. Капитал нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың күтілмеген өзгерістері банкаралық нарықтың пайыздық мөлшерлемелеріне әсер етеді, бұл өз кезегінде айырбас бағамының ставкасына әсер етеді.

Саяси факторлар. Валюта нарығына ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді перспективада да төмендегідей саяси факторлар әсер етуі мүмкін:

  • Экономикалық саясат
  • Елдегі саяси жағдайдың тұрақсыздық деңгейі
  • Қаржы биліктерінің, әсіресе Орталық Банк саясаты
  • Орталық Банктің ел валютасын қатайту немесе босату мақсатында валюта нарығы қызметіне қатысуы

Нарықтың көңіл-күйі. Бұл фактор айырбас бағамының қысқа мерзімді өзгерісіне әсер етеді және нарық қатысушыларының айырбас бағамының қозғалысы перспективасына көзқарастарымен анықталады. Трейдерлер нақты бір елдің экономика жағдайы туралы жаңалықтарға мән береді. Жиі олар өзгерістерді немесе өкіметтің маңызды жарғыларын алдын-ала болжап, нақта оқиғалар орындалғанға дейін валюталарды сата немесе сатып ала бастайды. Мұндай жаңалықтар жалпыға мәлім болған кезде, нарық көңіл күйін валюта бағамы қозғалысының олардың жариялану сәтіндегі бағыты анықтайды.

  1. Техникалық талдау

Техникалық талдауды жақтаушылар өз болжамдарын алдыңғы уақыт периодтарындағы нарық қозғалыстарының графиктерін зерттеу негізінде жасайды. Нарық қозғалысы ретінде негізгі үш ақпарат түрі түсіндіріледі: валюталық бағам динамикасы, белгілі бір уақыт аралығындағы жалпы мәмілелер көлемі және сауда сессиясы ішінде жабылмаған позициялар көлемі.

Техникалық талдау негізгі үш қағида негізінде жасалады:

Нарық қозғалысы барлығын ескереді. Бұл тұжырымның мәні, айырбас бағамына әсер ететін кез келген фактор - экономикалық, саяси, психологиялық, алдын-ала оның графигінде есепке алынады. Сондықтан бағалар графигін зерттеу - болжам жасаудың міндетті шарты.

Бағалар бағыт бойынша қозғалады. Тренд - бұл бағам қозғалысының белгілі бір бағыты. Техникалық талдаудың негізгі тапсырмасы - трендтерді оларды саудада қолдану үшін анықтау. Трендтердің үш типі бар:

  1. Бұқа (Bullish) - бағаның жоғары қозғалысы
  2. Аю (Bearish) - бағаның төменге қозғалысы
  3. Боковой (Sideways, Flat) - баға жоғары немесе төменге шамалы

ауытқумен бір деңгейде болады.

Техникалық талдаудың барлық теориялары мен әдістемелері тренд қайта айналым туралы ерекше белгі бермейінше, бір ғана бағыт бойынша қозғалады деген тұжырымдамаға негізделген.

Тарих қайталанады. Техникалық аналитиктер бұны ғасырдан ғасырға адамның психологиясының өзгеріссіз қалуымен түсіндіреді. Тура мәнінде техникалық анализ нарықпен байланысты белгілі бір оқиғалардың тарихымен, яғни адам психологиясын зерттеумен айналысады. Басқаша айтқанда, болашақты түсіну өткенді зерттеу арқылы жүреді. [13]

1. 3 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялары реттеу нормативтері

Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық қызметі тауарлар мен әрекеттерді экспорттау-импорттау, Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасында оларды өткізу, еліміздің ішінде бейрезидент тұлғалардың шаруашылықпен ауналысудағы тауарлық емес сипаттағы мәміле кезінде теңге және шетел валютасында банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты.

Әрбір егеменді мемлекетте заңды төлем құралы ретінде сол елдің ұлттық валютасы қолданылады. Сондықтан сыртқы сауда, қызмет, несие, инвестиция, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті жағдайы төлеуші немесе сатып алушылар шетел валютасын сатып алу немесе, сату нысанында бір валютаны басқа валютаға айырбаутау болып табылады. 21 ҚХЕС сәйкес валюталық операция - бұл шетел валютасында деноминацияланатын немесе ондағы есепті талап ететін операция.

Валюталық нарықтар - шетел валюталарын, сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасқан бағам бойынша ұлттық валютаға сатып алып сататын немесе айырбас жүргізілетін ресми орталықтар.

Валютаны айырбастау операциялары ежелде «ауыстыру ісі нысанында» ерте заманда және орта ғасырларда пайда болып, бірақ қазіргі түсініктегі валюталық нарық ХІХ ғасырда қалыптасты. Олар келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны
Валюта нарығы және валюталық реттеу туралы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасындағы валюта саясаты және валюталық операцияларды жүргізу
Валюталық бақылау
Валюталық операциялардың сипаттамасы
Ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша қаражаттарының есебі
Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандыру тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және олардың құқықтық қамтылуы
Ақша жүйесінің қалыптасу негіздері
Валюталық саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz