Аддиктивті мінез - құлықтың жіктемесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1 Теориялық бөлім. Аддиктивті мінез-құлықтың бір формасы ретіндеқұмарлық ойындарға тәуелділікті теориялық зерттеу . . .

1. 1 Аддиктивті мінез-құлық түсінігі және оның дамуына әкелетін факторлар

1. 2 Аддиктивті мінез-құлықтың қалыптасу кезеңдері . . .

1. 3 Аддиктивті мінез-құлықтың жіктемесі . . .

1. 4 Ересектердің құмарлық ойындарға тәуелділік ерекшеліктері . . .

1. 5 Компьютерлік ойындардан тәуелділік ерекшеліктері . . .

2 Эксперименттік бөлім . . . .

2. 1. Зерттеудің мақсаты, болжамы, міндеттері, зерттеу жүргізілген орын

мен зерттелушілер сипаттамасы . . .

2. 2 Психодиагностикалық әдістемелер сипаттамасы

23 Эксперименттік және бақылау топтарының мәліметтері бойынша корреляциялық талдау . . .

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде психологтар адамның мінез-құлқының ауытқушылық мәселесіне үлкен назар аударады. Ақиқат өмірге көңіл толмаушылық және одан алыстау тілегі адам өмірінің күрделі мәселелерінің бірі. Бірақ алыстау формалары мен тәсілдері әртүрлі және жиі жағдайда патологиялық сипатқа ие. Адам өмірі, оның жағдайы және мінез-құлқы әртүрлі факторларға (есірткі, алкоголь, тамақ, жұмыс, азарттық және компьютерлік ойындар және т. б. ) тәуелді болады. Сондай формалардың бірі - аддиктивті мінез-құлық.

Бұл жұмыс адамдардың азарттық ойындарға тәуелділігі немесе гэмблинг тәуелділік сұрақтарын зерттеуге арналады. Азарттық ойындарға деген құмарлық ұзақ және бай тарихқа ие. Берілген сұрақты талқылаудың эмоционалды қысымдылығын елестету үшін Ф. Достоевский, А. Куприн, Дж. Лондон и А. Грин сияқты танымал жазушылардың шығармаларын қарауға болады, өйткені олар өздері азарттық ойыншылар болған. Ұтып алу және ұтылып қалу жағдайындағы көптеген оқиғалар және мәліметтер ойынға деген құмарлықпен байланысты. Ойынға тәуелді адамның өмірі қалыпты өмірден өзгеше болады және толығымен жаңа құндылыққа бағынады.

Азарттық ойындарға деген тәуелділік (ойынмания, лудомания және гэмблинг-тәуелділік) бүкіл әлемге жайылған, соның ішінде Қазақстанда да көптеп кездеседі. Азарттық ойындарға жасерекшелік құрамы (жеткіншектік кезеңнен кәрілік кезеңге дейін), материалды қамтамасыздығы, қарым-қатынас шеңбері, этникалық тобы және т. б. жағынан әртүрлі адамдар қабаты тартылады. Бұл жәйт азарттық ойындардың әртүрлі формалары мен түрлерінің адамдардың түрлі категориясының кіріс деңгейі мен қызығушылықтарына байланысты қарастырылған кеңдігімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, азарттық ойындарды кез келген адам ойнай алады, өйткені азарттық ойындардың көпшілігі ерекше шеберлікті қажет етпейді.

Бұл мәселе қазірігі дамыған коммуникация кезінде ерекше өзекті болып отыр. Интернет жүйесінің пайда болуымен, компьютер бар үйдің барлығында казино әрбір үйде қол жетерлік нәрсе. Бүгінгі күні жұмсақ жиғаздан тұрмай-ақ азарттық ойындарды үйде ойнауға болады. Мұндай интернет-казинолардың тартымдылығы жасерекшелік бойынша шектеулердің болмауы, ойыншылардың толығымен жасырындылығының кепілдігі. Мұндай мүмкіншіліктердің болуы жас ерекшелік бойынша шектеу қойылған балалар мен денсаулық жағдайына байланысты ойын клубтарына бара алмайтын кәрі адамдардың ойнауына жағдай жасайды. Екінші жағынан, ойынға деген кіші отбасы мүшелерінің қызығушылықтарының дамуына жағдай жасайтын кейбір теледидарлық лотереяларға бүкіл отбасының қатысуы кең таралған.

Сонымен бірге соңғы кездері компьютерлік ойындарға деген тәуелділіктің пайда болғанын айту қажет. Мұндай тәуелділіктің таралуы компьютерлік технологияның адам іс-әрекетінің барлық аймағына енуімен және компьютерлік ойындардың жоғары деңгейде шынайы дамуы мен күрделігімен шартталған.

Азарттық ойындардың ежелгі тарихы мен кең таралу мәселесіне қарамастан, адамда мұндай аддикцияның пайда болуы мен дамуы толықтай қарастырылмаған және зерттелмеген.

Осыған байланысты, зерттеу жұмысының мақсаты азарттық ойындарға тәуелділіктің пайда болуы мен дамуын, патологиялық ойыншылардың психологиялық портретін анықтау, мәселенің мүмкін болар шешімдерінің теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу болып табылады.

Қойылған мақсаттарға жету үшін жұмыста келесі міндеттерді шешу қарастырылады:

  • адамның аддиктивті мінез-құлқының әртүрлі түрлері мен дамуын теориялық зерттеу;
  • азарттық және компьютерлік ойындарға патологиялық тәуелділердің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және анықтау;
  • көрсеткіштерді бақылау тобы көрсеткіштерімен салыстыру;
  • лудомания мәселесін шешудің мүмкін болар нұсқасын анықтау.

Зерттеу объектісі: азарттық ойындарға тәуелділік шеккен адамдар.

Зерттеу пәні: аддиктивті мінез-құлықтың бір формасы ретіндегі құмарлық ойындарға тәуелділік.

Зерттеу болжамы: азарттық ойындарға тәуелділердің тұлғалық сипаттары сау зерттелушілерден өзгеше болады.

Зерттеу әдістері:

1) А. Маслоудың өзін-өзі таныту сұрақтамасы;

2) К. Леонгард пен Г. Шмишектің бейімделген мінездемелік сұрақнамасы;

3) Ч. Д. Спилберг пен Ю. Л. Ханиннің реактивті және тұлға мазасыздығы деңгейін анықтау шкаласы.

4) Құмарлық ойындарға (компьютерлік, ойын автоматтарына) тәуелділікті анықтауға арналған авторлық сауалнама.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: алғаш рет қазақстандықтардың құмарлық ойындарға тәуелділердің психологиялық ерекшеліктері зерттелді.

Зерттеудің теориялық мәні: құмарлық ойындарға тәуелділік және аддиктивті мінез-құлық туралы психолог ғалымдар еңбектерінің жүйелі талдануы осы мәселенің теориялық құрастырылуына белгілі бір ғылыми үлесін қосады.

Зерттеудің практикалық құндылығы: зерттеу мәселесінің эксперименттік тұрғыдан зерттеліп, талдануы барысында алынған нәтижелер осы мәселені іс-жүзінде шешуге белгілі бір көмегін тигізеді, психокоррекция мен психологиялық кеңес беруде және осындай тәуелділіктердің психологиялық тұрғыдан алдын алуда бағыт-бағдар береді.

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ. АДДИКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ БІР ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ ҚҰМАРЛЫҚ ОЙЫНДАРҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

1. 1 Аддиктивті мінез-құлық түсінігі және оның дамуына әкелетін факторлар

Аддиктивті мінез-құлықты анықтау үшін мінез-құлық нормасы, мінез-құлық патологиясы және девиантты мінез-құлық ұғымдарын қарастыру қажет.

Тәуелділіктің болмауы индивидтің мінез-құлық нормасына сәйкес екендігін көрсетеді. К. К. Платонов пікірінше, норма - бұл топтың бөлісетін елесі түріндегі топтық сана құбылысы және бұл нормалар өзара әрекеттеседі және оларды бейнелей отырып, қалыптастырады, әлеуметтік рөлдерін есепке ала отырып, тұрмыстарына оптималды жағдай жасайтын олардың мінез-құлықтарына қойылатын талаптар жайлы пікірлері.

Мінез-құлықтық патология (П. Б. Ганнушкин бойынша) адам мінез-құлқында бейімделе алмаушылыққа, тоталдылық, тұрақтылыққа деген бейімділіктің болуы. Бейімделе алмаушылыққа бейімділік дегеніміз адамның қоғамда толық мәнді бейімделуіне мүмкіндік бермейтін, қоршаған адамдармен өзараәрекетте қақтығысу, қанағаттанбау, шындыққа қарсы келу, әлеуметтік-психологиялық жекелену түріндегі мінез-құлық шаблондарының болуы. Патологиялық мінез-құлық стереотиптері көп жағдайда бейімделе алмаушылыққа әкеледі және оның «кез-келген жерде» көрініс беруі тотальдылықтың белгісі болып табылады. Тұрақтылық бейімделе алмаушылық сапаларының ұзақ уақыттық көрінуі. Мінез-құлық патологиясы психопатологиялық факторлармен шартталған, сонымен бірге әлеуметтену процесі барысында қалыптасқан мінез патологиясына негізделеді.

Адамның девиантты мінез-құлқын қоғамда қабылданған нормаларға қарсы келуші және психикалық процестердің үйлеспеуі түрінде көрінетін, бейімделе алмаушылық, өзіндік кемелдену процесінің бұзылуы немесе өз мінез-құлқындағы адамгершілік және эстетикалық бақылаудан бас тарту түріндегі қылықтар жүйесімен немесе жекелеген қылықтарымен белгілеуге болады (В. Д. Менделевич, 2003 г. ) .

Аддиктивті мінез-құлық (ағылшынның addiction сөзі - қазақшасы бұзылуға бейімділік дегенді білдіреді) - деструктивті, девиантты мінез-құлықтың бір формасы, өзінің психикалық жағдайын өзгерту құралдарына байланысты шындықтан кетуге талпынумен көрінеді (Большой психологический словарь, 2003 г. ) .

Аддиктивті мінез-құлықтың болуы микро және макро ортаның өзгерген жағдайына бейімделушіліктің бұзылуын көрсетеді. Короленко және Сигал (1991) бойынша, аддиктивті мінез-құлық шындықтан өз психикалық жағдайын өзгерту арқылы кетуге талпынумен сипатталады.

Аддиктивті мінез-құлықтың анықтамасы оның барлық формаларына қатысты. Психикалық жағдайды өзгерту арқылы шындықтан кету әртүрлі тәсілдерді қолданумен жүзеге асады. әр адамның өмірінде оны қанағаттандырмайтын, өз психикалық жағдайын өзгерту қажеттілігімен байланысты кезеңдері болады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін адам әдетке, стереотипке айналатын жекедара жолды қарастырады. Аддикция мәселесі адамның психикалық жағдайын өзгертумен байланысты шындықтан кету идеясы басымдылық жасап, орталық идея болған кезде басталады. Адам өзі үшін маңызды мәселелерді шеше алмайтын процесс басталады. Сонымен қатар, оның рухани дамуы да тоқтайды (Короленко, Дмитриева, 2001 г. ) .

Шындықтан кету механизмі келесідей көрініс береді. Адам таңдаған тәсіл әрекет жасады, ұнап қалды және санада жақсы жағдайды қамтамасыз ететін әрекет жасаушы құрал ретінде шегенделеді.

Ары қарай шешімді қажет ететін кедергілер автоматты түрде мәселеден жағымды кету жолымен алмастырылып, «кейінге» шегеріледі. Біртіндеп ерік күші әлсірей бастайды, өйткені аддиктивті мінез-құлық еріктік функциялардың жүзеге асуын төмендетіп, қарсылық көрсетудің аз тәсілін таңдауға итермелейді. Қиындықты жеңудің төмендеуі, оларды меңгеруден қашу шешілмеген көптеген мәселелердің туындауына әкеледі.

Аддиктивті мінез-құлықтың дамуына әкелетін факторлар

Аддиктивті мінез-құлық процесінің пайда болуына және дамуына биологиялық, психологиялық және әлеуметтік әсерлер жағдай жасайды (Короленко Ц. П. Дмитриева Н. В., 2000 г. ) .

Биологиялық алғышарттар әрбір адам үшін анықталған әртүрлі әсерлерге елеңдеу тәсілі, мысалы, ішімдікке. Алғашқыда ішімдікке психикалық жағдайды өзгертуші зат ретінде елеңдеуші адамдар, алкогольдік аддикцияның пайда болуына бейім болатыны анықталған. Америка ғалымдары аддиктивті мінез-құлық формаларына тұқымқуалаушылық факторлардың әсер ететін генетикалық бейімділіктің болатынын айтады.

Қоғамның дезинтеграциясы және уақытында бейімделу мүмкіндігінің болмауына байланысты өзгерістердің өсуі аддиктивті мінез-құлықтың әлеуметтік факторы болып табылады.

Аддикцияның пайда болуында балалар травмасы, балаларға зорлық-зомбылық көрсету факторы үлкен мәнділікке ие.

Кәмелетке толмағандардың мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың көпшілігі: қараусыздық, құқық бұзушылық, психоактивті заттарды қолдану, осының барлығының дамуының бір көзі бар - әлеуметтік бейімделмеушілік, оның тамыры бейімделмеген отбасы болып табылады. әлеуметтік бейімделмеген бала, жеткіншек күрделі өмірлік жағдайда құрбан болады, оның толық қанды дамуы құқығы дөрекілікпен бұзылған. әлеуметтенудің терең деңгейдегі кемістігі бар отбасы ерікті немесе еріксіз түрде балаларды психоактивті заттарды қолдануға және құқық бұзушылыққа итермелейді. Криминологтар жағдайы төмен, дисфункционалды келесі отбасы түрлерін бөліп көрсетеді:

Жалғанаманшылық (псевдоблагополучная) отбасы айқын көрінетін деспоттық сипатпен ерекшеленеді, ата-аналардың біреуі басқа отбасы мүшелерін өзіне бағындырады, қатал, физикалық жазалау қолданылатын өзара қатынас орын алады.

Толық емес отбасында ата-ананың отбасындағы дефектісі бала, жеткіншек тұлғасының қалыптасуына және әлеуметтенуіне теріс әсер етуі мүмкін.

Мәселелі отбасы ата-ананың арасындағы отбасындағы басшылыққа деген тартысымен, отбасы мүшелерінің қандайда бір бірлескен іс-әрекеттің болмауымен, ата-ана және балалар арасындағы бөлектенумен сипатталады.

Аморальды отбасы . Мұндай отбасында ата-ана немесе басқа мүшелерінің құқық бұзушылық, ішімдікке салыну, алкоголизм, жиі қақтығыстар, төбелестер, ата-аналарының жағымсыз мінез-құлықтары байқалады.

Криминогенді отбасы. Мұндай отбасының мүшелері қылмыс жасағандар. Кейбір жағдайда отбасы мүшесі немесе тұтастай отбасының негізгі іс-әрекеті қылмыстық іс -әрекет екенін айтуға болады.

Психологиялық факторға тұлғалық ерекшеліктердің қалыптасуындағы әртүрлі өмір кезеңіндегі психикада бейнеленген психологиялық жарақатты жатқызамыз.

Аддиктивті, ауытқыған мінез-құлықтың туындауына жағдай жасайтын фактор ретінде жүйке-психикалық ұстамсыздық, мінез акцентуациялары (гипертимды, ұстамсыз, комформды, истероидты, эпилептоидты типтер), топтасудың мінез-құлықтық сипаты және т. б. жеткіншектік шақтың ерекшеліктері жатады (Личко А. Е., 1986, Жмуров В. А., 1994, Шабанов Я. Д., Штакельберг О. Ю., 2000, Овчарова Р. В., 2000 и др. ) . Мұндай факторларға бұл кезеңге тән реакциялар: эмансипация, топтасу, қызығушылық (хобби) және қалыптасып келе жатқан сексуалды қызығушылық ерекшелерін жатқызуға болады (Личко А. Е., 1986) .

Аддиктивті мінез-құлық формасына бейім жеткіншектердің мінез-құлқының негізгі түрткісі төзу мүмкін емес шындықтан қашу болып табылады. Бірақ көп жағдайда мектептегі және ата-аналармен, мұғалімдермен, құрбыларымен болған тұрақты табыссыздықтарды уайымдау, жалғызсыздық, болашақта сұранысқа ие болмау және тұлға ретінде қалыптаса алмау және т. б. көптеген сезімдердің болуы.

Соңғы кездерде аддиктивті және компульсивті мінез-құлыққа жататын синдромдар саны көбейіп кетті. Компульсивті мінез-құлық дегеніміз қарқөынды қозу және эмоционалды заряд алу үшін қолданылатын әрекеттер және соңынан адамда дискомфорт сезімін туғызады, тұлға өзін күшпен басқарады (Гоголева А. В., 2002 г. ) . мінез-құлықтың мұндай паттерндері ішкі (ойлар, бейнелер, сезімдер) немесе сыртқы (жұмыс, ойын) болып бөлінеді. Компульсивті мінез-құлық ішкі тұлғааралық мәселелерді шешпей, қысқа уақыт аралығына жақсы көңіл-күйді имитациялауға мүмкіндік береді. Егер бұл стресті меңгерудің жалғыз тәсілі болса, мұндай мінез-құлық патологиялық деп саналады (Кулаков С. А., 2000) .

Тұлғаның аддиктивті ерекшеліктерін талдай отырып, В. Д. Менделевич Е. Бернға негізделеді және оның теориялырын сүзгілеу арқылы тұлғаның аддиктивтілігінің мәнін ашады. Е. Берн бойынша, адамда ашығудың алты түрі бар: сенсорлық стимуляция аштығы, мойындау аштығы, байланыс бойынша немесе физикалық сипауға ашығу, сексуалды ашығу, құрылымдық немесе уақытты құрылымдау бойынша ашығу, бастамашылық бойынша ашығу.

Аддиктивті тұлғада ашығудың әр түрі асқынады. Олар аштық сезімін шынайы өмірде қанағаттандыра алмайды және дискомфорттан құтылуға талпынады.

Сонымен, аддиктивті тұлғаның мінез-құлқындағы негізгісі шынайы өмірден қашуға талпыныс, күнделікті, міндеттерге және регламентацияларға толы «іш пысыратын» өмір алдындағы қорқыныш, эмоционалды күшті бастан кешулерге өмірге қауіп төндіретін жолдар арқылы бару, өз іс-әрекетіне жауап беруге дәрменсіздік болып табылады.

1. 2 Аддиктивті мінез-құлықтың қалыптасу кезеңдері

Аддиктивті мінез-құлықтың қалыптасуы кең жекедара өзіндік ерекшеліктермен сипатталады, бірақ тұтастай қарастырғанда бірнеше заңды кезеңдерді бөліп қарастырамыз. В. Каган (1999) аддиктивті мінез-құлықтың қалыптасуының нанашақорлық (алкогольді және алкогольді емес) нұсқасының үш кезеңін бөліп көрсетеді:

1 кезең . Алғашқы дәм тату. Әдетте біреудің әсер етуімен немесе компанияда жүзеге асады. Бұл жерде қызығушыфлық, еліктеу, топтық конформизм және топтық бекітілу маңызды рөл атқарады. Терең мотивация адам санасының өзгеруіне байланысты туындаған қажеттіліктен шығады: жас ерекшелік жағынан неғұрлым кіші болған сайын алғашқы дәм татудан кейін аддиктивті мінез-құлық ашылған процеске айналады және сананы өзгертуге деген қажеттілік аз деңгейде болса, әлеуметтік қолдау алған тәсілдермен қанағаттандырылады. Бұл кезеңдегі құралдарды таңдау ырықсыз және субмәдениеттің этномәдени ерекшеліктеріне, топтың тәжірибесіне, құралдың қолжетерлігіне тәуелді болады. Әртүрлі себептерге байланысты (қызығушылықты қанағаттандыру, жазалау қорқынышы, қауіптену, уайымдау, топтан шектетілу және т. б. ) алғашқы дәм тату шылым шегу және мәдени шектелген алкоголизациядан басқа жалғасын таппайды.

2 кезең . Іздену аддиктивті мінез-құлқы. Алғашқы дәм татудан кейін психоактивті заттардың әртүрін - алкоголь, дәрілер, есірткілер, тұрмыстық және өндірістік химикаттарды тәжірибеден өткізу кезеңі басталады. Бұл әдетте кіші жеткіншектік кезеңге тән. Жеткіншектердің біреулері үшін қолдану топқа жату белгісі ретінде, кейбіреулеріне - сананы өзгерту фактісі, үшіншілері үшін - тудыратын эффект сапасы және «кайф» ерекшелігі маңызды. Әдетте бұл кезең топта өтеді және алкогольдік типте көрінеді - көңіл көтеру үшін, қабылдаудың ұшқырлығы, сексуалды барьерді меңгеру, қатынастарды көрсету («иіскемесең, сыйламайсың) . Жаңа заттарды іздестіру және оларды қолдану тәсілдерін тәжірибеден өткізудің белсенділігімен сипатталады. Бұл кезеңнің өту шамасына қарай қандайда бір құралды немесе олардың спектрін жекедара қалау қалыптасады. Бұл әдетте 15 жастан кейін жүзеге асады. Жекедара психикалық тәуелділік әлі жоқ болса да, бірақ топтық психикалық тәуелділік қалыптасуы мүмкін. Мұндай полисубстантты аддиктивті мінез-құлықтан В. Каган (1999) моносубстанттыны бөліп көрсетеді, яғни, алғашқы дәм татулар және тәжірибеден өткізу үшін басқа құралдарды іздестіру мәдени дәстүрдің басымдылығымен анықталады (Ресейдің ауылды аудандардағы-самогон, басқа этноәлеуметтік ортадағы - гашиш, опиаты және т. б. ) .

3 кезең . Аддиктивті мінез-құлықтың ауруға айналуы. Шартты түрде әлеметтік, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық және биологиялық деп бөлуге болатын, әртүрлі факторлардың әсер етуі арқылы жүзеге асады.

Әлеуметтік факторлар - қоғамның тұрақсыздығы, психоактивті заттарға қолжетерліліктің болуы, позитивті әлеуметтік және мәдени дәстүрлердің болмауы, өмір деңгейлерінің алшақтығы, миграциялылықтың интенсивтілігі, тығыздығы және т. б.

Әлеуметтік-психологиялық факторлар - топтық және ұжымдық мазасыздықтың жоғары деңгейі, отбасымен және басқа да позитивті-мәнді топтармен байланыстың әлсіздігі, топтық санада девиантты мінез-құлықтың қиялдануы мен батырлануы, балаларға және жеткіншектерге арналған көңіл көтеру орталықтарының болмауы, ұрпақтар арасындағы байланыстың әлсіздігі.

Психологиялық факторлар - тұлғалық идентификацияның жетілмеуі, ішкі диалогқа түсе алушылықтың әлсіздігі немесе жетіспеушілігі, психологиялық стреске төмен қарсы тұра алушылық, мінез-құлықты басқара алудың шектеулілігі, ішкі қақтығыстарды шешудің құралы ретінде сананы өзгертуге жоғары қажеттілік, тұлғаның конституционалды акцентуациялық ерекшеліктері.

Биологиялық факторлар - психоактивті заттардың табиғаты және «агрессивтілігі», индивидуальды толеранттылық, детоксикация процесінің ағзада бұзылуы, мотивация жүйесінің өзгеруі және аурудың өту барысын бақылау.

Психоактивті заттарды (алкоголь, есірткі және т. б. ) қолданумен туған аддиктивті мінез-құлықтың ауруға өту процесі келесі кезеңдерден өтеді:

1 кезең . Психикалық тәуелділіктің қалыптасуымен және тереңдеуімен сипатталады, қолданудағы үзіліс психикалық үйлесімсіздікке, жабырқаушылық, мазасыздық, қолданған затқа деген әуестіктің ұшқырлануымен туындаған дистрофияға әкеледі. Бұл кезеңде қабылданатын заттың мөлшерінің артуына деген қорғаныс рефлекстері әлсірейді және өшеді, толеранттылық жоғарылайды, әлеуметтік бейімделе алмаушылық тереңдейді.

2 кезең . Бір заттарға деген физикалық тәуелділік қалыптасады (алкоголь, опиаттар, бірнеше стимуляторлар) және басқаларын (кокаин, марихуана) қолданудағы психикалық тәелділікпен сипатталады. Егер бұл кезеңде физикалық тәуелділік туындамаса, онда бұл кезеңнің негізгі белгісі ретінде психикалық және физикалық бұзылулармен болатын созылмалы интокцикация көрінеді. Созылмалы интоксикацияның белгісі қолданылатын заттың типіне байланысты болады.

3 кезеңге өту (толеранттылықтың төмендеуі, абстинентті психоздар, терең әлеуметтік деградация) әдетте жасөспірімдік кезеңде жүзеге асады.

1. 3 Аддиктивті мінез-құлықтың жіктемесі

Аддикцияның химиялық және химиялық емес формалары бар. Химиялық формасына алкоголизм, нашақорлық, токсикомания, шүылым шегу жатады. Химиялық емес аддикцияға - компьютерлік аддикциялар, азарттық ойындар (гэмблинг), махаббаттық, сексуалды аддикциялар, қатынас аддикциясы, ургентті аддикциялары, жұмысқорлық, тамаққа деген аддикция (шектен тыс көп тамақ жеу, ашығу) .

Аддиктивті мінез-құлықтың жіктемесіне келесі аддикция түрлері жатады.

Химиялық аддикциялар

Химиялық аддикциялар аддиктивті агент ретінде психикалық жағдайды өзгертетін әртүрлі заттарды қолданумен байланысты. Бұл заттардың көпшілігі улы және органикалық бұзылуларды тудырады. психикалық жағдайды өзгертетін кейбір заттар зат алмасуға араласып, физикалық тәуелділікті тудырады.

Алкогольдік аддикция

Химиялық аддикциялардың ішінде ең жақсы зерттелгені алкогольдік аддикция болып табылады. Жағдайдың парадоксальдылығы «зерттелді» деген ұғым алкогольдің адам ағзасына тигізетін улы әсеріне қатысты. Процестің аддиктивті буынын жаншу адамдар неге алкогольді шектен тыс қолданады деген сұраққа жауап бере алмайды.

Алкоголизм - созылмалы психикалық ауру, спиртті ішімдіктерді ұзақ уақыт бойы қолдану негізінде дамиды. Мұндай ауру жеке психикалық бұзылу емес, бірақ оның барысында психоздар пайда болуы мүмкін. Алькогольдік мас болу эндогенді психоздардың туындауына себеп болады. Бұл аурудың соңғы сатысында деменция (кемақылдық) дамуы мүмкін.

Алкогольден психологиялық тәуелділік алкоголь қалаған эффектіні тудыра алады деген сезімге шегенделеді. Алкогольді қолдану эффектісі көп жақты, бірақ оларды бөліп көрсету қарапайым және шартты сипатқа ие. Алкогольдің негізгі дифференцацияланған эффектілерін бөліп көрсетеді. Оған көтеріңкі көңіл-күй тудыратын эйфориялық эффект, алкогольдің релакс тудыра алатын транквилизаторлық қабілеті, қиялды стимуляциялаумен жүретін кайф-эффект жағдайы, арман аймағына өту, шындықтан кету жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аддективті мінез-құлық ерекшеліктері
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы мәлімет
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс
Аддиктивтіліктің түрлеріне психологиялық талдау
Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы ақпарат
Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының әсерін теориялық тұрғыда негіздеп, оның түзету жолдарын ұсыну
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс туралы ақпарат
Аддиктивтіліктің түрлеріне психологиялық талдау жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz