Есімдіктер - мағынасы тым жалпы сөздер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.1 Есімдіктің лексика-семантикалық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..6
2.2 Морфологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
21
2.3 Синтаксистік
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Кіріспе

Есімдер тобына жататын сөз табының бірі – есімдіктер. Есімдіктер заттың
атын, сынын, я олардың аттарын білдірмейді, бірақ солардың (зат есім, сын
есім, сан есімдердің) орнына жұмсалады.
Есімдіктер белгілі белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу
арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған
сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады. Мысалы: Ол
Прутковтың барлық афоризмін білетін (С. Ерубаев); Сен қымсынба, артыңда біз
бармыз (М. Әуезов) дегендердегі есімдіктердің қайсысының болса да мағынасы
нақтылы емес. Өйткені бірінші сөйлемдегі ол деген сөзден тек бір адамның
Прутковтың барлық афоризмін білетінін ғана аңғарамыз болмаса, ол адам кім?
–Бейсенбай ма, әлде Мұрат па? Жоқ, тіпті біз білмейтін басқа бір адам
ба?Әйтеуір, оның кім екенін бірден айқын біле алмаймыз. Екінші сөйлемдегі
сен, біз дегендердің де мағыналары нақтылы емес, олар жалпылама түрде ғана
айтылған.
Ондай болатын себебі: Ол деген сөз мен және сен деген ұғымнан басқаның
бәрін білдіреді. Демек, көзбе-көз я бетпе-бет сөйлесіп тұрған екі адамнан
басқаның бәрі (адам ба, зат па –бәрі бір) –ол болады. Ал, мен тек бірінші
жақ (сөйлеуші я айтушы) болады да, сен –тыңдап (сөйлесіп) тұрған адам,
демек, сөйлеушімен (менімен) әңгімелесіп отырған адам болып шығады.
Сонымен, жоғарыдағыдай дара тұрған сөйлемдердегі есімдіктердің дәлді
мағыналары бірден айқын болмайды.
Есімдіктердің дәлді мағыналары, егер екі я онан да көп адам сөйлесіп
отырған жағдайда (диалогта) қолданылса, сол сөйлемдерден бұрын айтылып, я
аталып өткен сөйлемдермен байланысты аңғарылады. Ал егер ондай есімдіктер
монолог түрінде айтылған я жазылған сөйлемдерде қолданылса, олардың дәлді
мағыналары, яғни олар туралы мәлімет, сол сөйлемдерден бұрын айтылған я
жазылған сөйлемдермен байланысты тыңдаушы мен айтушыға (оқушыға) ғана
белгілі болады. Демек, есімдіктердің дәлді мағыналары бұрын айтылған я
жазылған сөйлемдермен байланысты анықталады. Мысалы: Мен жаратпаған атшыға
қарап едім, ол тек отыр дегендей басын шайқап, ернін тістей қойды (С.
Көбеев) деген мысалды алсақ, сөйлемдегі ол деген сөздің дәл кім екенін
бірінші сөйлемдегі атшы деген сөзден аңғарамыз. Сол секілді: кімді айтса,
сол келеді деген мақалдағы кімді, сол деген есімдіктердің де кімді нақтылы
білдіріп тұрғанын, яғни дәлді мағыналарын бұрынғы сөйлемде аталған адамға
қарап барып аңғарамыз. Шынында, ол, мен, деген есімдіктерді алсақ, әркім я
әр адам ол да, мен де бола алады.
Есімдіктердің мағыналары қаншама жалпы болғанымен, олар яғни есімдіктер
қандай сөздердің орнына қолданылуына қарай, сол сөздердің негізгі
мағыналарына сәйкес (заттық, сындық, сандық т.б.) зат немесе заттық
белгімен байланысты ұғымдарға ұштасып жатады. Мысал үшін сен, ол жіктеу
есімдіктерін алайық. Егер осы есімдіктердің негізгі мағыналарын саралап
қарайтын болсақ, қандай сөздердің орнына қолданылуына байланысты,
біріншіден, заттық ұғымды білдіретін сөздердің орнына қолданылатын
есімдіктер, екіншіден, заттың белгісін білдіретін сөздердің орнына
есімдіктер болып іштей екі жікке бөлінеді. Сонда сен, ол кім? Не?
Есімдіктері заттық ұғымды білдіретін сөздердің, бұл, сол, қай? Есімдіктері
белгі атауларыны болып шығады. Осындай екі жік сөздерді, біріншіден,
заттық ұғымды білдіретін сөздердің орынбасарлары – субстантивтік
есімдіктер, екіншіден, заттың белгісін білідретін сөздердің орынбасарлары –
аттрибутивтік есімдіктер деген екі салаға бөлінеді.
Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленуінде, жалпы алғанда, есімдерге
ұқсастықтар болғанымен, өздеріне тән ерекшедіктері де бар. Мысалы,
субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп
те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданыла беретін болса,
аттрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында, нағыз сын есімдер ретінде
қолданылып тұрғанда грамматикалық жағынан түрленбейді, демек, грамматикалық
формаларының ешбірін де қабылдамайды.
Есімдіктердің бәріне ортақ, тән деп есептерліктей я танырлықтай белгілі
бір жүйелі формалары немесе өзгеру тәсілдері жоқ. Бұл ерекшелік негізінде
есімдіктердің іштей субстантивтік және аттрибутивтік болып мағыналары екі
жікке бөлінуімен байланысты.

2.1 Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты

Есімдіктерді дербес сөз табы деп тануда негізінен лексика-семантикалық
принцип басшылыққа алынады. Өйткені есімдіктердің мағыналары өзге сөз
таптарының мағыналарына қарағанда көптеген өзіндік ерекшеліктерімен
оқшауланып, айрықша көзге түсіп тұратын мағыналар болып келеді. Бірақ
есімдіктерді жеке сөз табы деп танудың негізгі принципі олардың лексика
–семантикалық белгісі дегенде, есімдіктердің өзіндік кейбір грамматикалық
ерекшеліктерін сырт қалдыруға болмайды.
Есімдіктер – мағынасы тым жалпы сөздер. Есімдік сөздер сөйлемнен тыс
жеке –дара тұрғанда немесе сөйлем ішінде қолданылғанымен өзіне қатысты
басқа сөздер және оқиғалардан бөлек алғанда, мағыналары қашан да дәл
нақтылы болып келмей, өте жалпылама қалыпта кездесіп отырады. Мысалы: мен,
сен, сол, кім?, не?, өзі, бәрі, біреу, ештеңе т.б. есімдік сөздердің
мағынасына көңіл бөлейік. Бұл сөздерде дәл осылай жеке –дара тұрғанда ешбір
мағыналық дәлдік, мағыналық нақтылық жоқ. Мен деген есімдік түптеп келгенде
–1 –жақ –сөйлеуші, сен деген есімдік 2 жақ –тыңдаушы, кім?, біреу
–дегендер әйтеуір адам, ештеңе –әйтеуір бір зат т.б. сияқты жалпылама
берілетін ұғымдарды ғана көрсете алады. Бұлардың түп негізінде сөйлеуші,
тыңдаушы, адам, зат т.б. сияқты заттық ұғымдар аңғарылғанымен, олар
нақтылы түрде айқын, анық болып берілмейді, өте жалпылама қалыпта
ұғынылатын мағыналар есебінде беріледі.
Мен өлсем де –өлемін жөнімменен
Тәннен басқа немді алар өлім менен (А.Байтұрсынов).
Біз қазақ тіліндегі сөздің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдана білу
болып табылмайды. (Байтұрсынов). Мен үшін сондай достың бірі сенсің
(Исабеков). Ол тірі пендеге зәбірі жоқ құдай деген қоңыр адам (Аймауытов)
деген сөйлемдердегі есімдіктердің қайсысының болса да мағынасы нақты емес.
Есімдіктердің мұншалық тым жалпы мағынада қолданылуын, әрине, олардың
реальдық нақтылықтан қаншалық абстракциялану дәрежесіне жету шегінің
көрінісі деп ұғынған жөн.
Абстракцияланудың тым жоғары дәрежеде болуымен тығыз байланысты бұл
мағыналық жалпылық барлық есімдіктерге бірдей тән қасиет болып саналады.
Есімдіктердің жалпылама мағыналары белгілі бір сөйлемдерде, контексте
қолдану ретіне қарай және сөз тіркестері мен сөйлемдерде берілген ойдың
жүйесіне қарай әр қилы нақтылы мағыналарға ие болып отырады.
Жүніс сегіз жаста еді. Ол оқт да, жаза да білмеуші еді (Дулатұлы).
–Түндегі бір даурыққан хабар екен ғой? –Естісең, сол (Аймауытов). Біраздан
соң өзі де кіріп келді (Исабеков). –Кіммен күрес деп отырсыңдар?
–Шәкіманмен (Аймауытов) дегенде ол жіктеу есімдігі Жүніс деген, сол
сілтеу есімдігі хабар деген, кіммен? сұрау есімдігі Шәкіманмен деген
реальдық нақтылы мағыналарға ие болып тұр.
Есімдік сөздердің мағыналық ерекшелігінің келесі бір өзіндік белгісі –
олардың әрқашан субъектімен байланысты болуы. Есімдік сөздер әрқашан
сөйлеуші немесе сөйлемдегі субъектінің субстанцияларға, құбылыстарға және
олардың сапалары мен қасиеттеріне қатынасын көрсетуші сөздер болып
саналады. Бұл қатынастар есімдіктердің өз ішінде тікелей нұсқау, аралық
қатынас, белгісіздік т.б. сияқты болып келе береді. Қатынастардың осылайша
әрқилы болып келуі ешқашан субстанциялар мен құбылыстардың қасиеттері мен
сапаларына байланысты тумайды, қайта керісінше, оларға арналған субъектілік
қатынастың негізінде, қатынастың субъектімен тығыз байланыста болуы
негізімен тығыз байланыста болуы негізінен барып пайда болады. Мысалы:
жіктеу және өздік есімдіктерінде ондай қатынас сөйлеушінің сөйлемдегі
субъектіге тікелей нұсқау амалымен беріледі. –Кідірмей-ақ, Қартқожа, сен
құнаныңа мініп, бұ кісіге ер дағы, Балдекең аулына дұрыстап апарып сал,
-дегенде сөйлеушінің қатысы тыңдаушымен тікелей жасалып тұрғанын көреміз,
сен сөзі тыңдаушыға –II жақ (Қартқожаға) тікелей нұсқау ретінде айтылып
тұр.
2.2 Есімдіктердің тематикалық кейбір (семантикалық) топтары, сөйлемдегі
қызметі

Ал мағыналық тобына қарай тіліміздегі есімдіктер мына секілді жеті топқа
бөлінеді. 1) жіктеу, 2) сілтеу, 3) сұрау, 4) өздік, 5) белгісіздік, 6)
болымсыздық, 7) жалпылау есімдіктері.
1) Жіктеу есімдіктері.
Есімдіктер ішінде сан жағынан аз болғанымен (8),, адамға қатысты әрі
пікір алысуда жақтық қатынаста өте жиі жұмсалатыны – жіктеу есімдіктері.
Олар: мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Бұлар
тілімізде жиі қолданылуымен қатар, орасан зор қызмет атқарады. Жіктеу
есімдігінің ішінде ол есімдігінің ерекшелігі – көпмағыналылығында, яғни ол
жіктеу есімдігі болуымен қатар және жіктеу есімдігінің ІІІ жағы, кейде
сілтеу есімдігі ретінде де жұмсала береді: Ол уақытта, ол кісі т.б.
Жіктеу есімдігінің және бір ерекшелігі – бастауыштық жақтық мағынасына
қарамастан жіктеу есімдігі болған баяндауыш сол баяндауыштың жақтық
мағынасына қарай жалғанады. Мысалы, оқушы менмін, оқушы сенсің, оқушы
сізсіз дегенде бастауыш ІІІ жақта, баяндауыштар І, ІІ жақта тұр. Сонымен
қатар І, ІІ жақта ерекше жағдайда болмаса, жіктеу есімдіктері
тәуелденбейді, ІІІ жақ жіктеу есімдігі тәуелдене береді (ол - өнім, оның,
оныңыз, онысы).
Жіктеу есімдіктерінің септелуінде де ерекшелік бар. Яғни сіз және жіктеу
есімдігінің көпше түрі басқа есім сөз топтары секілді септелсе, жеке түрі
мына үлгіде септеледі:
А. Мен, сен, ол Ш. Менен, сенен, одан
І. Менің, сенің, оның Ж. менде, сен,де, онда
Б. Маған, саған, оған К. Менімен, сенімен, онымен
Т. Мені, сені, оны

Сонымен қатар, жіктеу есімдіктерінің синтаксистік қызметі ерекшелігінде,
олар өздігінен атау түрінде пысықтауыш қызметін атқара алмағаны болмаса,
барлық сөйлем мүшесі бола алады. Мысалы: Мен сені көргенде, одан қатты
қысылдым. Бұл сөйлемде жіктеу есімдіктері бастауыш толықтауыш болып отыр.
Сол сықылды жіктеу есімдіктері атау формасында тұрып анықтауыш болу
әдеттегі жағдай. Ол одан кеше келген. Қай? – ол.
Септеу үлгісіндегі екінші ерекшелік – барыс септігінде “н” дыбысының
пайда болуы. Барыс септік жалғауының түрлері мен даму жүйесі жайлы көптеген
пікірлер кездеседі. Бұл пікірлерді жүйелей келгенде, негізінен үш салаға
топтауға болады.
а) Барыс септік жалғауы басында -ғару болған да, кейіннен -ғар формасына
түсіп, одан -ған түріне ауысады. Сонда -ғару -ғар -ған болып
қалыптасқан.
ә) Барыс септік жалғауының соңғы “н” дыбысын ингредиент деп тану. Бұл
негізінде оғар оға оған дегенге тура келеді.
б) Шалғай метотезис арқылы “н” және “ғ” дыбыстарының орын алмасуы, яғни
онға оған болып қалыптасуы.
Бұл пікірлердің қай-қайсысы болса да айтушы үшін орынды да, белгілі
дәрежеде тілдік фактілерге арқа сүйей айтылған пікірлер болып саналады.
Бірақ оның өзінде де “н” дыбысын ингредиент деп тану немесе шалғай
метотезис деп қарау ыңғайсыз сияқты болып көрінеді. Өйткені ингредиент деп
танылатын мен, сен, ол сөздерінің соңындағы “н” өзінің шығу тегі, белгілі
бір ізі бар морфема болып саналады. Ал -ған дегендегі “н” мүлде басқаша.
Екінші, қазақ тіліндегі метотезис - әдетте көрші екі дыбыстың орындары
ауысып (түпкіртүкпір т.б.) қолданылуында ғана кездесетін заңдылық. Мұнда
ешбір көнелік не жаңалық дегендей, немесе мағыналық ерекшелік дегендей із
қуалай сырын ашатын өзіндік белгілер де, ерекшеліктер де жоқ. Бұл тек айту
дағдысында кездесетін бірлі-жарым алшақтықтар болып танылады.
Үшінші, -ғар ерте кезде -ғару формасынан қысқарған деген пікірде екі
түрлі жағдай бар:
-ғар қосымшасын -ғару формасынан қысқарды деу;
-ған қосымшасын -ғар қосымшасынан пайда болды деу.
Бұл екі пікірдің алдыңғысын толық мақұлдауға болады. Өйткені -ғару
-ғар ізі ескі қолжазба ескерткіштерден бастап бүгінгі түрік туыстас
тілдердің қазіргі айтылу нормасынан да көптеп кездесетін дағдының бірі боп
саналады. Ал соңғы пікір біраз ойлануды қажет етеді. Өйткені, ең алдымен,
қазақ тілінде, тіпті жалпы түрік туыстас тілдерде де “р” дыбысының “н”
дыбысына ауысу дағдысы жоқ. Екіншіден, “р” дыбысының орнына “н” дыбысын
қолданудың соншалық қажет болатындай тұрақты себебі де жоқ. Сол себепті
-ған қосымшасын -ғар қосымшасынан шықты деген пікір әлі де болса анықтай
түсуді қажет етеді.
Біздің ойымызша, барыс септігінің -ған формасы -ғар формасынан шықпаса
керек. Бұл формаларды тілдің даму үдерісінің белгілі бір кезеңінде бірқатар
пайда болып, күні бүгінге дейін қатар өмір сүріп келе жатқан формалар деп
қараған жөн. Бұлай деп айтуымызға осы екі формадан жеке-жеке салаға бөліне
өрбіп тараған көптеген қысқарған формалардың -ғар -ңар -ңа -ңә -ңе
және -ған -ға -га -гә -ге сияқты формалардың бар екені берік
тиянақ бола алады.
Септеу үлгісіндегі үшінші бір ерекшелік - көмектес септігінде “ы”, “і”
дыбыстарының пайда болуы. Бұл көмектес септігінің тұлғалық құрамы ме-ні-мен
деген сияқты жеке бөлшектерден тұрады. Сонда ме деген - түбір морфема да,
-ні деген бір кездері дербес мағыналы сөз болған нәң (“вещ”) дегеннен
шыққан -нің морфемасының фонетикалық өзгеріске түсе ықшамдалу дәрежесінің
бір көрінісі болып табылады. Ал соңғы -мен тұлғасы – көмектес септік
жалғауы. Бұл тұлға – ертеде толық мағыналы шылау сөздерден мынанменен
манмен деген сияқты жолдармен пайда болған қосымша.
Жіктеу есімдіктері сөйлемде бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш
қызметін атқарады. Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған
тілі едім (Дулатов). Маған әкеліп араб мен парсыны қосты (Дулатов).
Бірдемені бұтып-шатып жазды да, міне, сені қазақыландырдық дейді (Дулатов).
– Бүгін сіздің баяндамаңыз болады екен, - деп бір жапырақ қағазды ұсынды
(Аймауытов). Біз сендерлік! (Аймауытов) деген сөйлемдердегі мен, біз
есімдіктері бастауыш болып, маған, сені есімдіктері толықтауыш болып,
сіздің есімдігі анықтауыш болып, сендерлік есімдігі баяндауыш болып тұр.
1. Сілтеу есімдігі.
Сілтеу есімдіктері есімдіктер ішінде сілтеу, меңзеу, нұсқау, көрсету
мағынасында жұмсалып, қай? қайсы? деген сұрақтарға жауап береді. А.Ысқақов
Қазіргі қазақ тілі, 1974 ж. еңбегінде сілтеу есімдіктерін білдіретін
мағыналарына орай топографиялық, хронологиялық, детерминативтік,
анафорикалық, препаративтік және дейктика предикативтік деп бөледі.
Топографиялық сілтеу есімдіктері кеңістік аралығына байланысты, оның өзі:
осы, бұл, мына, мынау, міне жақындығы, ал: ол, сол, анау, сонау, сана, түу
сәлде болса алыстағы зат не құбылыстарды нұсқау үшін қолданылатын сілтеу
есімдіктері [1,232-б.].
Мұның ішінде сона, сонау, түу есімдіктері көзбен көруге болмайтын, тек
көңілмен сезінетін нәрселерді нұсқау үшін жұмсалса, детерлинитивтік мәндегі
есімдіктер (міне, әне, осы) нұсқасында ерекше назар аударатын сілтеу
есімдіктерін жатқызған. Хронологиялық мәндегі есімдіктер уақыт аралығына
байланысты қолданылатындары: бұл, осы, мынау, анау, сол т.б. Сілтеу
есімдіктеріндегі анафоралық мәндегі деп отырғаны ғалымның тыңдаушыға,
сөйлеушіге уақыт белгілі болған (бұрын белгілі болып есептелінген) мағынада
қолданылатын сілтеу есімдіктері болса, предикативтік мәндегі есімдіктерге
уақыт аралығы баяндалғаннан кейін, түсіндірілген соң мезгілді білдіретін
сілтеу есімдіктерін жатқызады. Ал мына секілді: ол, бұл, анау, мынау, сол,
осы сілтеу есімдіктері көбінесе алдын-ала ескертілген зат не құбылыста
көзбен көріп тұрған жағдайда қолданылатындықтан дейктика препаративтік
мәндегі есімдіктер деп жіктеген.
Ал жалпы алғанда сілтеу есімдіктерінің мына секілді грамматикалық
ерекшеліктері барын ескеру қажет: 1) бұл, сол, ол есімдіктері көптік жалғау
жалғанғанда л дыбысының түсуі, ал тәуелденгенде л н дыбысына айналады
(бұным, бұның т.б.); 2) анау, мынау, сонау, осынау, яғни у жұрнақты сілтеу
есімдіктері тек тәуелденетініп барып септеледі; 3) мына, ана, сона, осына
сілтеу есімдіктері тікелей тәуелденбейді, жіктелмейді, бірақ септеледі,
тәуелдік жалғау жалғанады; 4) әне, міне, сілтеу есімдіктері сөйлемнің басқа
мүшелерімен байланысқа түспейді әрі ешқандай грамматикалық түрленбейді,
олар көбінесе қыстырма сөз ретінде жұмсалады: міне, олар да көрінді т.б. 5)
–дай, -дей жұрнақтары сілтеу есімдіктеріне қосылып: мынадай, сондай,
осындай, анадай, ондай сияқты сөздер жасалады. 6) Міне, әне, сонау, осынау,
түу есімдіктері бастауыш, толықтауыш болмайды; 7) бұл, ол есімдіктері
баяндауыш бола алмайды; 8) міне, әне сілтеу есімдіктері анықтауыш бола
алмайды.
а) Сілтеу есімдіктері зат есім сөздер орнына қолданылады. 80-ші жылдарда
жер аударылып барған Михаэлис деген бір білімді кісімен, қазақ ғұрпындағы
қағидаларды жиюға елге шыққан Гросс деген екеуімен Абай таныс болған. Бұлар
Абайдікіне қонаққа келіп кетіп жүрген (Байтұрсынов). Бір жылы жолдасымен
Рақымберді қолға түсіп қалып, соны іздеп жалғыз шықтым. Осындағы “бұлар”
есімдігі “Михаэлис”, “Гросс” деген, “соны” есімдігі “Рақымберді” деген зат
есім сөздердің орнына қолданылып тұр.
ә) Сілтеу есімдіктері сын есім сөздердің орнына жұмсалады. Кіші үйдің
боз інгені бүгін тағы өлді. Мойнақтан ол үй енді таза болды (Аймауытов).
б) Сілтеу есімдіктері сан есім сөздердің орнына қолданылады. Копия алу
үшін болыстың ауылына Сәрсенбай, Дүйсебектер бірнеше мәрте барса да, әр
түрлі себептер айтып бермей жүргенде, он бес күн өтіп кетті. Бұл күндердің
ішінде арыз бойынша начальниктен жоғарыда айтып өткен қағаз да келіп қалған
еді (Дулатов).
в) Сілтеу есімдіктері есімдік сөздердің орнына қолданылады. Әңгімедегі
пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады
(Байтұрсынов). Әйтсе де Қартқожаның бірдемесі жетпей тұрғандай болады,
көңілі бірдемені іздейді де тұрады. Ол іздегені қалада емес, далада тәрізді
көрінеді (Аймауытов) дегенде, “сол” есімдігі, “не” деген сұрау есімдігі, ол
есімдігі “бірдемені” деген белгісіздік есімдіктерінің орпнына жұмсалып тұр.

г) Сілтеу есімдіктерінің жеке етістік сөздер орнына қолданылу дағдысы
кездеспейді. Бірақ сілтеу есімдіктері түгел бір сөйлемнің және ондағы
берілген әрқилы ойлардың, іс-әрекеттердің орнына қолданылғанда, ондағы
ауыстырылып, алмасатын мағыналардың жетекші мәні сол етістік сөздердің
бойына топталады.
Әуезе (әңгіме) ақын айтқанынан өткен уақиғаның әңгімесін естиміз, айтыс-
тартыста уақиғаны біреудің айтқанынан есітіп білеміз, көзбен көріп те
білеміз. әуезе мен айтыс-тартыс арасындағы зор айырыс осы (Байтұрсынов).
Жармұхамет кешіккен соң, оның үйінде күтіп отырған болыс пәтеріне қайтты.
Мұны көріп тұрған Берікбол мен Малтабар сарттың дүкенінен шықты (Дулатов).
Шариғат, шариғат деп халықтың көзін бояудан басқаны білмейсіңдер, онан да
зекетті молда алғанда халыққа пайда келе ме, жоқ мектеп пайдасына жұмсалып,
елдің көзі ашылған жақсы ма?
Соны неге айтпайсыз? (Дулатов) дегендегі осы, мұны, соны есімдіктері
алдағы айтылған ойлар мен баяндалған оқиғаларға, іс-әрекет, амалдар орнына,
соларды ауыстыра қолданылып тұр. Ал ауыстырыла қолданылған сөйлемдердегі
негізгі мағыналар сол сөйлемдердегі “әңгімені естиміз”, “көзбен көріп те
білеміз”, “пәтеріне қайтты”, “елдің көзі ашылған” деген сияқты сөз
тіркестеріне түсіп, ондағы етістіктер негізгі ойлар мен амалдардың мағыналы
ұйтқысы есебінде көрініп тұр. Бұндай жағдайлардың бәріне де сілтеу
есімдіктері әрқашан субстантивтенген мәнде қолданылады.
Жоғарыда келтірілген мысалдар мен ондағы заңдылықтарға қарағанда, сілтеу
есімдіктері белгілі бір контексте қолданылу мақсаттарына қарай көптеген сөз
таптарының, яғни зат есім, сын есім, сан есім, есімдік және сөйлемдегі
ойлар мен амалдардың орнына да қолданыла алатын сөздер болып шығады.
Дегенмен бұл заңдылықты барлық сілтеу есімдіктеріне бірдей тән заңдылық
деп қарауға болмайды. Сілтеу есімдіктерінің ішінде бұған бағына қоймайтын
ерекше мәнді сөздер де кездеседі. Яғни сілтеу есімдіктерінің құрамында
қолданылу мақсаты әр түрлі болғанымен, негізгі мағынасы өзгеріске
ұшырамайтын, сол себепті ешқандай сөз не амалдардың орнына қолданылуды
қажет етпейтін сөздер бар. Әне бір жерде түтіннен аулақ шығып, бір топ кісі
екі жар отырып күрес салып жатыр. Міне біреулер бастары түйісіп, төмен
қарасып жатыр, ойнағаны әлде дойбы, әлде карта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есімдіктер туралы
Есімдік туралы
Жіктеу есімдіктер
Қазақ поэзиясындағы есімдіктер
Қазақ тіліндегі есімдіктердің пайда мен есімдіктердің даму тарихы туралы ғалымдардың пікірінен мағлұмат беру және есімдіктердің өзіндік ерекшелігін танытудың жолдарын айқындау
Ахмет Байтұрсынов және морфология мәселелері
Есімдік сөз табының ғылыми негізі
Қазақ тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы
Қазақ тілі сабағында есімдіктерді оқыту әдістері
ЕСІМДІК. ЕСІМДІКТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Пәндер