Еуразияның физикалық картасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Еуразия материгінің физикалық – географиялық жағдайы

1.
Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .8
2. Жер бедері
3. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, беткі және ішкі
сулары
1.4. Топырақ жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар әлемі

ІІ Еуразия құрлығының табиғи жағдайлардың су объектілерінің орналасуына
әсері
2.1. Еуразия материгінің жер бедерінің ерекшеліктері және су
объектілердің таралуына әсер етуі
2.2. Қазіргі су объектілерінің Еуразия құрылығында таралуы

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі:

Физикалық – географияда Еуразия құрлығының су объектілерінің
табиғи жағдайлары әсері толығымен зерттелмеген. Сондықтан курс жұмысының
тақырыбы өзекті.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Еуразия құрлығының су объектілерінің табиғи жағдайлары әсерін
аңықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

1. Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;
2. Тақырыптың негізгі сұрақтарын және мақсатын аңықтау;
3. Еуразия құрлығының су объектілерінің табиғи жағдайлары әсерін
аңықтау.

Курстық жұмыстың тәжірибелік мақсаты: Бұл тақырыпты орта білім беретін
мекемелерде 7 сыныпта оқылатын Материктер мен мұхиттар курсында
қолдануға болады.

Курстық жұмысының құрлымы мен көлемі.
Курстық жұмыс 22 беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, 16 атаулардан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
және қосымшадан ( карталар, суреттер) тұрады.

І Еуразия материгінің физикалық – географиялық жағдайы

Еуразияны құрайтын екі дүние бөлігі – Еуропа мен Азия арасындағы
шартты түрдегі шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жем өзені арқылы Каспий
теңізінің солтүстік жағалауы, Кума – Маныч ойысы мен Азов, Қара теңіздері
және Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстыратын бұғаздар арқылы
өтеді.
Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі Челюскин мүйісі (77°43'с.е.)
мен оңтүстіктегі шеткі нүктесі – Пиай мүйісі (1° 16'с.е.) аралығындағы
қащықтық 8000 км. Кейбір аралдар солтүстік полюске таяу орналасса, Малай
архипелагының аралдары экватордан оңтүстікке қарай 11° о.е. – ке дейін
созылып жатыр. Материк аумағы батыстан шығысқа қарай аса зор. Батыстағы
шеткі нүктесі Рока мүйісі (9 34 б.б.) мен шығыстағы шеткі нүктесі Жежнев
мүйісі (169 40 б.б.) аралығындағы қашықтық 16000 км – ге жуық.
Материктің біраз жері шығыс жарты шар ауқымының шығып, батыс жарты да
қамтиды. Географиялық орнының осындай ерекшеліктеріне сәйкес материкте
солтүстік жарты шарға тән барлық климаттық белдеулер мен табиғат
кешендерінің толық жынтығы кездеседі.
1. Климаты
Еуразия климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттың
барлық белгілері байқалады. Еуразия материгі солтүстік жарты шардың барлық
климаттық белдеулерін кесіп өтеді тіпті оңтүстік – шығысындағы аралдар
оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуін алып жатыр. Материкте
климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, батыстан
шығысқа қарай да өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен
түсіндіріледі.
Материктің географиялық орнына, әр түрлі ендіктерде орналасуына
байланысты күн сәулесі поляр шеңберінен солтүстікке қарай орналасқан
бөлігіне аз түссе, оңтүстікке қарай оның мөлшері артады. Сондықтан
материктің солтүстік жарты шардың суықтық полюсі орнайды, ал
оңтүстігінде қыс мүлде болмайды. Жазда Еуразияның қиыр солтүстіктен басқа
бөліктерінде жер беті қатты қызып, ауа температурасы едәуір жоғары болады.
Еуразияның жылдық радиация осылай өзгереді: арктикалық аралдарда 60 ккал,
Еуразияның батыс бөлігінде 70 – 140 ккал, оңтүстікте – оңтүстік – оңтүстік
шығыс Азияда 120 -180 ккал, ал Аравияда дүниежүзіндегі максималды
көрсеткішке дейін жететін 200 – 220 ккал. Жылдық радиациялық баланс
Еуразияның шеңберінде 10 – 80 ккал дейін өзгереді.
Жер шарындағы жауын - шашынның ең көп түсетін жері Еуразиядағы
Гималайдың оңтүстік – шығыс беткейі болғанымен, жалпы алғанда, материктің
көпшілік бөлігінде әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік – батысында, климат
өте құрғақ. Бұл құрлық аумағының өте үлкен болуына, мұхиттар мен ондағы
беткі ағыстардың ықпалына, ауа массаларының қасиеттеріне, жер бедерінің
сипатына байланысты.
Материктің батысы мен солтүстігінде жазық өңерлердің басым болуы
Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды теңіздік ауа массалары мен Солтүстік
Мұзды мұхит үстінен келетін суық желдердің оңтүстікке қарай еш кедергісіз
қозғалуына мүмкіндік береді. Материктің шығысы мен оңтүстігінде биік
таулы белдеулердің орналасуы Тыңық және Үнді мұхиттарынан келетін
муссондардың құрлық ішіне тереңдеп енуіне кедергі жасап, таулардың жел жақ
беткейлеріне ылғалдың мөлшерден артық түспеуіне себепші болады.
Еуразия материгінде едәуір үлкен аумақты алып жатқан биік таулы
аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеу бойынша өзгереді. Биіктік
климаттық белдеулер Альпі, Кавказ, Тянь – Шань, Гималай тауларында айқын
байқалады. Тибет пен Памирге жылдың басым бөлігі аязды, ал жазы құрғақ
болатын биік таулық климат тән.
1.2. Жер бедері

Еуразияның жер бедері алуан түрлі. Материктің теңіз деңгейінен орташа
биіктігі 840 м, оның ауданының жартысынан астамын таулар құрайды. Еуразияда
дүние жүзіндегі аса биік тау жүйелері орналасқан. Мұндағы 14 шыңның
абсолюттік биіктігі 8000 м – ден жоғары. Олардың 11 – і Гималай
тауларында орналасқан, ең биігі – Джомолунгма (Эверест) – 8848 м. Таулардың
аралығын кең байтақ жазықтар алып жатыр. Еуразияның жер бедірінің тағы
бір ерекшелігі, биіктік ауытқуларының зор болуы теңіз деңгейінен ең төмен
жатқан Өлі теңіз (-403) бен Джомолунгманың биіктігі арасындағы
айырмашылық 9251 м – ге жетеді. Еуразия жер бедерінің аталған
ерекшеліктері материктің даму тарихы мен оны құрайтын жер қыртысындағы
өзгерістермен байланысты.

1 – сурет

Еуразияның физикалық картасы

Материктің негізін құрайтын Еуразия литосфералық тақтасы әр түрлі
геологиялық жастағы құрлымдардың жымдасуынан түзілген. Олардың ең
ежелгілері: Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай, Корей және Оңтүстік Қытай
платформалары. Олардың аралығындағы қозғалмалы бөліктерде болған кейінгі
тау жасалу әсерінен платформалар әр түрлі өзгерістерге ұшырап, бір –
бірімен жалғасады. Соның нәтижесінде материктің көлемі ұлғайды. Кейінрек
оған ежелгі Гондавана материгінің сынықтары (Арабия мен Үндістан
платформалары) соқтығысты. Еуразия литосфералық тақтасының соқтығысуы
жүрген оңтүстік бөлігінде өте күшті тау жасалу жүрді. Соның нәтижесінде
аса биік, құрылымы күрделі Кавказ, армян және Иран таулы қыртаттары,
Памир, Тибет таулы қыраты, Гималай таулары қалыптасты. Материктің шығысында
Тыңық мұхиттық тақта Еуразия тақтасының астына сыналап енетін бөлікте
аралдар доғалары мен мұхиттық терең шұңғымалар түзілді. Бұл аймақтағы
жер қыртысы осы уақытқа дейін өте қозғалмалы болып келеді.

3. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, беткі және ішкі
сулары

Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі төрт мұхиттың сулары шайып
жатыр. Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер
мен шығанақтарды, бұғаздар жүйесін құрайды. Материктің әсіресе батысы мен
шығысы күшті тілімделген. Материктің батысы мен оңтүстік – батыс
жағалауын шайып жатқан Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің материк
табиғатына тигізетін әсері мол. Гольфстримның жалғасы болып табылатын
Солтүстік Атлант жылы ағысының тропикалық белдеулерден алып келген жылы
сулары әсерінен Еуропаның солтүстік – батынысындағы мұхит сулары қыста
қатпайды. Тұрақты соғатын батыс желдері Атлант мұхиты үстінде
қалыптасатын жылы әрі ылғалды ауа массаларын Еуропа жағалауларын әкеледі.
Атлант мұхитының ең таяз бөлігі Балтық және Солтүстік теңіздері мен Британ
аралдарының жағалауларында орналасқан. Мұхиттың ең таяз жері – Солтүстік
теңіздері Доггер – Банка қайраңы.

Еуропаның оңтүстік – батысында мұхит ені 12 км болатын Гибралтар бұғазы
арқылы Жерорта арқылы Жерорта теңізіне жалғасады

Солтүстік Мұзды мұхит пен оның теңіздері Еуразияның солтүстік
жағаларына ұласып жатыр. Солтүстік Мұзды мұхит – ең суық, ең таяз,
ауданы жағынан ең кіші мұхит. Теңіздердің барлығы дерлік материктік
қайраңда орналасқан. Кейбір шеткі теңіздер аралдар арқылы бөлініп жатыр.
Мұхиттағы теңіздердің ең үлкені – Норвег теңізі, ең кішісі – Ақ теңіз.
Мұхиттың орталық бөлігінде қатар орналасқан су асты жоталарымен бөлінген
бірнеше терең қазаңшұңқырлар бар. Гренландия теңізінің солтүстігінде
мұхиттың ең терең (5527 м) жері орналасқан.

Солтүстік Мұзды мұхит атына сәйкес климатының қаталдығымен сипатталады.
Ол мұхиттың солтүстік полюс маңындағы орнына қалыптасады. Еуразия жер
бедерінің солтүстікке қарай жазық болуы арктикаық ауа массаларының
оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін емін – еркін өтуіне мүміндік береді.
Оның ықпалын еуропалық бөлікте Атлант мұхитынан келетін жылы ауа
массалары азайтады. Қыста мұхит үстіндегі ауаның температурасы
шығысқа қарай -40 °- қа дейін төмендейді, жазда 0 ° - қа жақын. Мұз бен
қар жамылғысы қысқа поляр күндерінде Күн сәулесінің басым бөлігін
шағылыстырып, климаттың қаталдығын арттыра түседі.

Тыңық мұхит және оның теңіздері Еуразияның шығыс жағлауларын шайып
жатыр. Жағалаулары аса күшті тілімделген аралдар көп. Жағалық теңіздердің
біраз бөлігі материктік қайраңда орналасқан. Шығысқа қарай жүрген
сайын, олар терең теңіз қазаңшұқырлармен алмасады. Теңіздер мұхиттан
аралдар доғасының тізбегі арқылы бөлінген. Олардың шығыс жағалауын бойлай,
жіңішке, өте тереі мұхит шұңғымалары созылып жатыр. Мұхит түбінің мұндай
ерекше құрылымы тек Тыңық мұхиттың батыс жағалауларына ғана тән.

Тыңық мұхит үлкендігіне, барлық климаттық белдеулерді кесіп
өтетіндігіне және мұхит табаны бедерінің күрделі болуына байланысты
жағалауларындағы материктердің әсіресе Еуразияның табиғатына күшті әсерін
тигізеді. Мұхиттың жағалық бөлігіндегі ағыстардың күрделі жүйесі және
муссондық құбылыс Еуразия климаттық қайталанбас белгілерін. Әсіресе
мұхиттың экватордан солтүстікке қарай орналасқан бөлігіндегі ағысар
жүйесіне кіретін Солтүстік пассат, Курасио, Солтүстік Тыңық мұхит ағысы
Еуразия жағалауларына жылу мен ылғал әкеледі.

Климаттық ерекшелігіне байланысты су бетінің температурасы
солтүстікте – 1 ° - тан, экватор маңында + 29 ° С – қа дейін жоғарылайды.
Мұхит айдынында буланудан гөрі түсетін жауын – шашын мөлшері басым
болғандықтан, су бетіндегі тұздылық басқа мұхиттарға қарағанда
төменірек болады.

Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстік жағалауларына ұласып жатыр. Теңіздері
мен шығанақтары жіңішке материктік қайраң арқылы су асты жоталарымен
бөлінген терең қазаңшұқырларға жалғасады. Мұнда ұсақ жанартаулық аралдар
көп кездеседі. Мұхиттың ең шалғай теңізі – Қызыл теңіз Еуразия мен Африка
аралығында, литосфералық тақталардың түйісу аймағында орналасқан. Мұнда
Дүниежүзілік мұхитының жағалауға жақын бөліктеріндегі ағыстар жыл
мезгілдеріне қарай, жазғы және қысқы муссондардың ауысуына байланысты:
жазда батыстан шығысқа қарай, қыста шығыстан батысқа қарай бағытын
өзгертеді.

Аса ірі Еуразия материгінің көршілес орналасуы мұхит табиғатына да
үлкен әсер етеді. Қысы жылы, ашық ауа райымен сипатталса, жазы ыстық,
жаңбырлы және дауылды болып келеді. Үнді мұхиты мен оның теңіздері – жер
шарындағы ең жылы су алаптары. Судың беткі температурасы үнемі + 25 ° С,
+ 30 ° С болады, ең жоғары температура (+34° С)Парсы шығанағында
байқалады. Ал оңтүстікке қарай температура төмендейді. Судың беткі
қабатындағы тұздылық барлық жерде салыстырмалы түрде жоғары. Мұхиттағы
тіршілік дүниесі алуан түрлі әсіресе солтүстіктегі материктік қайраң
мен маржандық рифтер таралған аудандарында айрықша бай болады. Үнді
мұхиттыңдағы ежелден белгілі асыл тастарды теңіз түбіне сүңгіп жинау
кәсібі күні бүгінге дейін сақталған. Жалпы алғанда, Үнді мұхитының алуан
түрлі биологиялық байлығы әлі толық зерттеліп игерілмеген.

Ішкі сулары. Дунай – Еуропадағы ең ірі өзендердің бірі. Оның ұзындығы
– 2850 км, бассейн көлемі – 817 мың. км2.

Дунай Шварцвальд массивінде екі бұлақтардан, 1000 м биіктікте
басталады. Бавар тау қыраты арқылы ағып, Чехия мен Шығыс Альпінің солтүстік
байрайынның арасымен өтеді. Осылай Дунай өзені Венаға дейін 200 м биіктікте
жоталар мен үстірттермен ағады. Венаға дейін ағатын учаскіні Дунайдың
жоғары ағысы болып саналады. Мұнда Дунайға көп салалар қосылады, оның
бастылары (Иллер, Лех, Изар, Инн) Альпіден ағып және оларды мұздықтар
қоректендіреді.

Батыс Азияның ірі өзендерінің бірі – Тигр (оның ұзындығы – 1950 км)
және Ефрат (оның ұзындығы - 2700 км) – ортақ сағасына Персия шығанағына
құяды. Бұл өзендер Армян таулы өлкесінде басталып және Месопатамия жазығына
шығып, көп салаларға бөлінеді. Шамамен сағасынан 190 км – де олар Шатт
–эль – Араб деп аталатын өзенге құяды.Барлық өзендер көктемде еріген
қармен, жаңбырмен қоректенеді.

Янцзы – Дүниежүзіндегі аса ірі өзендердің бірі. Оның ұзындығы 5530 км,
бассейн көлемі -1726 мың км2. Янцзы Тибет таулы қыратының орталық
бөлігінен алады. Жоғары ағысында өзен Цзиньшаньцзян деп аталады. Таудан
шығып Қызыл Бассейн деп аталатын үлкен тектоникалық қазаншұңқырға құяды,
содан Оңтүстік –Шығыс Қытайдың аласа болып келетін таулардан ағады.

4. Топырақ жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар әлемі

Арктикалық белдеудің қиыр солтүстігіндегі аралдарды арктикалық шөл
зонасы алып жатыр. Жазы өте суық және қысқа. Аралдарды түгелдей дерлік мұз
жауып жатыр. Мұздан бос жерлерде мүк, қына, балырлар өседі, топырақ
қалыптасып жетілмеген. Жануарлардан ақ аю мен ақ түлкі кездеседі,
жағалаулары жазда құс базарына айналады. Соңғы кезде ақ аю саны азаюда.
Мұнда бұталы өсімдіктер жерге төселіп өседі. Жануарлардан бұлан, қоңыр
аю, қоян сияқты орман жануарлары мен саңырау құрды кездестіруге болады.
Исландияда мұз басу дәуірінен бері сақталған қойөгіз тіршілік етеді.

Қоңыржай белдеуде ағаш текті өсімдіктердің өсуіне жағдай бар.
Тайгада тек қана қылқан жапырақты ағаштар өседі. Тайганың топырағы
күлгін, көбінесе батпақты болып келеді. Климаттың батыстан - шығысқа
қарай қаталдануына байланысты Скандинавия түбегі мен Финляндияда,
Ресейдің еуропалық бөлігінде қарағай мен шырша өседі. Ал Ресей жерінің
Оралдан шығысқа қарай жатқан бөлігі Сібірде суыққа төзімді майқарағай,
сібір қарағайы және қыста қылқандарын түсіретін ағаш балқарағай таралған.

Тайга мен биік таудағы ормандар неғұрлым жақсы сақталғандықтан,
жануарлар дүниесі де салыстырмалы түрде бай. Мұнда зубр, бұлан, марал,
елік жыртқыштардан қоңыр аю, қабан тіршілік етеді. Қиыр шығыста қорғауға
алынған ірі жыртқыш Уссурий жолбарысы сақталған.

Орманды дала және дала зоналары Шығыс Еуропа мен батыс Сібір
жазықтарының оңтүстігінде тұтас жолақ түрінде Алтайға дейін созылып, Қиыр
Шығыста қайта жалғасады. Бұл зоналарда өте құңарлы қара топырақ
таралған. Сондықтан зоналар түгелге дерлік жыртылған. Жануарлардан
саршұнақ, дала күзеңі, дала тышқандары тіршілік етеді.

Шөлейт және шөл зоналары Каспий маңы ойпатынан басталып, Қазақстан мен
Орта Азияны тұтас жолақ түрін қамтып, Моңғолия мен Қытайдың тауаралық
ойыстарында таралған. Шөлейтке күрең топырақтар тән, тұзы бетіне шығып
жататын сортаңдар да кездеседі. Шөлейттерде кең таралған жусандармен
қатар селеу, бетеге, бұйырғын және т.б. өсімдіктер өседі.

Субтропиктік белдеуі қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен
бұталар, субтропиктік дала, шөлейт және шөл, субтропиктік ауыспалы ылғалды
муссондық ормандар зонасы алып жатыр.

Қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы Жерорта
теңізінің биік таулармен қоршалған жағалауын алып жатыр. Мұнда орманның
құнарлы қоңыр топырағы таралған. Ормандарды кесу нәтижесінде өсімдіктер
сиреген, сақталып қалған бөлітерінде тас емен, тығын емені, қолшатыр
тәрізді жерортатеңіздік пиния қарағайы, лавр ағашы, лавр шиесі, грек
жаңғағы, зәйтүн, кипарис.

Субтропиктік дала, шөлейт және шөл зонасында қоңыржай белдеудің осындай
зоналарына қарағанда жазы өте ыстық болады. Бұл шөлдерде минералды заттарға
бай сұр топырағын қолдан суару арқылы Орта Азияның оңтүстігі мен Қытайда
цитрустардан, анар мен жүзімнен, жер жаңғағы мен бақша дақылдарынан мол
өнім алынады.

Тропикалық шөлдер Арабия түбегі мен Үндістандағы Тар шөлін алып жатыр.
Еуразия шөлдеріндегі құма пальмасы, тікенекті бұталар өседі. Жануарлардан
Арабияда желаяқ бөкендер, жабайы есек онагр, бір өркешті жабайы түйе
нар, тарғал қорқау қасқыр мен шиебөрілер кездеседі, кемірушілер өте көп.

Субэкваторлық белдеу жауын – шашынның түсуі мөлшері жыл мезгілдері
бойынша белдеу ішінде әркелкі болады. Сондықтан мұнда субэкваторлық
ауыспалы ылғалды ормандар мне саванналар таралған. Үндістан және Үндіқытай
түбектерінің жауын – шашынның жылдық мөлшері 800 мм – ден аспайтын ішкі
бөліктерінде саванналар тән болады. Мұнда астық тұқымдастарға жататын
биік шөптер арасында пальмира пальмасы, хош иісті сандал ағашы, тик және
майлы ағаштар өседі.

Субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандар Үндістанның батыс жағалауы мен
Ганг, Брахмапутра өзендерінің төменгі ағысын, Үндіқытай түбегі жағалауы
мен Филипин аралдарының солтүстігін қамтиды. Саванналар мен субэкваторлық
ауыспалы ылғалды ормандарда қызыл және қоңыр қызыл топырақ жамылғысы
таралған, жануарлар дүниесі де ұқсас.

Экваторлық белдеудің ылғалды ормандары Еуразияның оңтүстігіндегі
аралдарды алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алакөл мұнай кен орнының геологиялық құрылысы
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
Жерсілкіну түрлері
Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай
Шығыс Қазақстан облысының ластану факторлары
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Қазақстан мен таиландтағы туризм дамуының қазіргі жағдайы.
Пәндер