ЖҚА цистернасының беріктік есебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. Жанармай құятын автокөліктің (ЖҚА) қазіргі құрылысын талдау және оған шолу жасау . . . 5

2. ЖҚА конструкциясын тексеру және сипаттау . . . 14

3. ЖҚА-ның негізгі параметрлерінің есептеулері. . …17

3. 1. ЖҚА цистерналарының геометриялық

параметрлерінің есебі17

3. 2. ЖҚА цистернасының беріктік есебі17

3. 3. ЖҚА-ның тарту есебі21

3. 4. ЖҚА өнімділік есебі. . 21

4. ЖҚА техникалық пайдалану ерекшеліктері . . . 23

4. 1. ЖҚА жүргізілетін ТК және Ж ерекшеліктері. 23

4. 2. ЖҚА пайдалану барысындағы техникалық қауіпсіздік24

4. 3. Қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары25

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . …26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27
КІРІСПЕ

Автомобиль көлігі бойынша республикада арнайы жылжымалы құрам маңызды орын алады. Әсіресе, АЖҚ болған жағдайда КҚ жүк көтерімділігін пайдалана отырып, халықшаруашылық жүктерінің кең номенклатурасын тасымалдау едәуір жоғарылады; жеңіл жүктерді тасымалдау кезінде автомобильдердің тасымалдау қасиет максимальды пайдалану мүмкіндігі туады; тасымалдауды арзандату және ұзын өлшемді құрылыс жүктерінің тасымалдау үшін құрылыс қарқынын жылдамдату керек (фермалар, панельдер және т. с. с. ) ; кәсіпорындар мен тұрғындардың қызмет көрсету мәдениетін мүмкіндігінше жоғарылату.

АЖҚ-ның наменклатурасы едәуір кең. Курстық жобаның тақырыбы жанармай құятын автомобильді жобалау болып табылады (ЖҚА) . Мұндай автокөліктердің қажетті болуы жарақтандыруға үлкен талаптар қойылған, автокөлік жанармайын тиеп-түсіруге үлкен талаптар қойылады. Автокөлік жанармайын сенімді тасымалдау барысында, ЖҚА көлік құралдары мен басқа да техникаларға жұмыс жасау орнында ЖҚБ-дей (Жанармай Құю Бекеті) май құюды қамтамасыз етеді. Үлкен сиымдылықты ЖҚА (3 л дейін) ЖҚБ-гі контейнерлерге жанармайды жеткізу және түсіреді қамтамасыз етеді.

ЖҚА-ның ерекше жұмысының бірі бір уақытта автомобиль отынының бірнеше (әдетте екіден төртке дейін) маркасын тасымалдауға мүмкіндігінің болуы. Бұл әсіресе алыс қашықтықта (мәселен, қала сыртына) май құю жұмыстарын жасауға өте қажет.

1. Жанармай құятын автокөліктің (ЖҚА) қазіргі құрылысын т

алдау және оған шолу жасау

Жалпы көлік бойынша тасымалдауға жатпайтын ЖҚ-нан (Жылжымалы Құрам) басқа, автомобиль көлігінде жүктерді тасымалдау үшін АЖҚ-ның кең номенклатурасы (атаулары) ескерілген. Ашық түсті мұнай өнімдерін тасымалдау үшін (жеке алғанда автомобиль отыны) құрылымы мен сиымдылықтары әр түрлі автоцистерналар кең қолданылады.

Автомобильдер және автопоезд-цистерналар (АЦ және АПЦ) ашық түсті мұнай өнімдерін уақытша сақтау, айдаужұмыстары және тасымалдау үшін қолданылады. Сонымен қатар арнайы жарақтандырылған технологиялық жабдықтары бар, (жоғары айтылған операциялардан басқа) көлік және тағы басқа энергетикалық құралдарға құю жұмыстарын орындайтын ЖҚА-дер бар.

Жүк көтерімділігі жоғары болып келетін АПЦ (схемасы - автокөлік - тартқыш - жартылай тіркеме - цистерна (ЖТЦ) ) үлкен партиялы отынды үлкен қашықтыққа, яғни қала аралық және халықаралық тасымалдаулар үшін қолданылады. Тәуелсіз бөлімдерімен жабдықталған цистерналар бірнеше маркалы отынның түрін сақтау және бір мезгілде тасымалдауды қамтамасыз етеді. Экономикалық жағынан 5000 литр кем емес сиымдылықтағы АЦ тиімді, әдетте АЦ бөлімдерінің саны төрттен аспайды.

Қазіргі уақытта АЦ уақытта АЦ сан алуан түрлері шет елдер мен ТМД елдерінде құрастырылады. АЦ негізінен шассиі (тартқыш) мен цистернаның көлемі мен жүк көтерімділігі және тәуелсіз бөлімдерінің саны бойынша ерекшеледі. 1. 1-кестеде шет елдерден шығатын ЖТЦ негізгі параметрлері келтірілген келтірілген.

1. 1-кесте.

Шет елдік ЖТЦ маңызды параметрлері

Параметлердің аталуы

Gloster T17

(Германия)

Gloster T14

(Германия)

Trailmobile F14S

(АҚШ)

№: 1.
Параметлердің аталуы: Тасымалданатын мұнайөнімдерінің көлемі, л
Gloster T17(Германия): 20457
Gloster T14(Германия): 24094
Trailmobile F14S(АҚШ): 29600
№: 2.
Параметлердің аталуы: Өз массасы, кг
Gloster T17(Германия): 4420
Gloster T14(Германия): 4978
Trailmobile F14S(АҚШ): 5075
№: 3.
Параметлердің аталуы:

Габариттік өлшемдері, мм

Ұзындығы

Ені

Биіктігі

Gloster T17(Германия):

8530

2413

3200

Gloster T14(Германия):

9580

2438

2946

Trailmobile F14S(АҚШ):

10160

2400

3048

№: 4.
Параметлердің аталуы: Осьтер саны (доңғалақтар)
Gloster T17(Германия): 2(8)
Gloster T14(Германия): 2(8)
Trailmobile F14S(АҚШ): 2(8)
№: 5.
Параметлердің аталуы: Шинаның өлшемі
Gloster T17(Германия): 10. 00-20
Gloster T14(Германия): 10. 00-20
Trailmobile F14S(АҚШ): 10. 00-20

АЦ фирмасы МАСК (АҚШ жасалған) - МАСК CS 300P және МАСК МS 300P (1. 1 және 1. 2 суреттер) қалалық отын тасуға арналған.

1. 1-сурет. Автоцистерна МАСК CS 300P.

1. 2-сурет. Автоцистерна МАСК МS 300P.

Mid-Liner моделінің екі тобы капотты (CS) және капотсыз (MS) кампоновкасының толық массасы 11, 8-ден 15, 8 т дейін біртипті шассиі болады.

СS 300 Р үлгісі (база - 4210 мм, толық массасы - 12, 9 т) өзіндік массасы 4, 29 т және жүккөтерімділігі 7, 6 т болып келеді. Капотты шассиі ұзындау базалы болады және де тасымалдау кезінде ептілік пен алын көру жақсы қамтамасыз етілген.

Толық массасы 38 т болатын АПЦ базалық тартқыш Foden 3350 (Ұлыбританияда құрастырылған) (3-сурет) алыс қашықтықтарға жанар-жағармай отынының ірі (көлемді) партияларын тасымалдауларда қолданады.

1. 3-сурет. Базалық тартқышы Foden 3350 болатын автомобиль

отынын таситын автопоезд-цистерна.

Тартқыш кабинасында екі жатын орындары қарастырылған. Төбесі биік және ұзартылған бөлімдері бар тартқыштардың нұсқалары ұсынылады. Тапсырыс бойынша аэродинамикалық аққыш жинағы орнатылады. 24 094 л сиымдылықтағы цистерна шассиінде үш осі бар, жартылай тіркемеге орнатылады және екі тәуелсіз бөлімдері болады. Коррозияны болдырмау мақсатында цистернаның ішкі беті цинкпен қапталған. Цистернаны пайдалану шарттарына қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жерге ендіру құрылғылары (заземление) және өрт сөндіру құралдары орнатылған.

Scania (Швецияда құрастырылған) фирмасының үлкен жүк көтерімділікті АПЦ-н жайлы және сенімді сұйық отын тасығыш ретінде ұсынды.

1. 4-сурет. Жоғарғы жүк көтерімділікті автопоезд-цистерна

Scania (Швеция) .

1. 4-суретте құрамы автомобиль-тарқыш Т 124 LA (4х2) АПЦ және 29 600 л сиымдылықты (толық массасы - 40т) ЖТЦ көрсетілген. Бұл жұмыс көлемі 12 000 см 3 болатын қозғалтқышы бар кампоновкасы капотты тартқыш. Дөңгелек пішінді цистернада екі тәуелсіз бөлімдері болады және жартылай тіркеменің үш осьті шассиінде құрастырылған.

1. 5-сурет. Сұйық отын таситын аса үлкен жүк көтерімділікті

автопоезд Scania (толық массасы 60 т) .

1. 5-суретте толық массасы 60 т болатын АПЦ (схемасы: автомобиль - тартқыш - T 144 GB (6x2) + ЖТЦ) бейнелеген. Ол нашар жол жағдайында пайдалану пайдалану үшін құрастырылған. Тартқышта жұмыс көлемі 14 000 см 3 болатын қозғалтқыш орнатылған. Осыншама қуатты қозғалтқыштың орнатылуының себебі, тартқыш сиымдылығы 15 600 л болатын өзіне арналып құрастырылған цистернаны және сиымдылығы 20 450 л тіркеме-цистернаны нашар жол жағдайында тасиды.

1. 6-сурет. Сұйық отын таситын автопоезд-цистерна

Scania (толық массасы - 48 т) .

1. 6-суретте бейнеленген автомобиль - тартқыш R 144 LA 6x2/4 есебіндегі автопоезд және үш осьті жартылай тіркеме цистерна 31 100 л сұйық отынды тасымалдайды. Тартқышта жұмыс көлемі 14 000 см 3 болатын қозғалтқыш үстіне орналастырылған биік кабинасы (CR классты) болады және алдыңғы доңғалақтарында сыңар ірі бүдірлерімен үш осьті шассиі болады. Эллипс пішінді цистерна жартылай тіркеменің үш осьті шассиіне құрастырылған.

ТМД елдерінде, атап айтқанда ҚР мұнай өнімдерін автомобиль жолдарында тасымалдау үшін көбіне отандық өндірушілердің автоцистерналары қолданылады. Бұл дерек оның бағасының төмен болуы, техникалық күтім және жөндеу процесінің (ТК және Ж) қарапайымдылығы және біздің жол климаттық жағдайға бейімделген болуынан түсіндіріледі. Отандық АЦ және АПЦ, шет ел АПЦ цистерна көлемі, техникалық жабдықталған қуатты қозғалтқышы мен жайлы кабинасымен алда келеді.

Қазіргі уақытта КамАЗ, МАЗ және УралАЗ сияқты кәсіпорындар халықаралық стандартқа сай аса үлкен техникалық деңгейде жылжымалы құрам және АКҚ жаңа мольдерін шығару жүргізіліп жатыр.

«УралАЗ» автомобиль зауытында аз сериялы қозғалтқыш үстіне орнатылған кабинасы бар төрт осьті кез-келген жерде жүре беретін автомобиль құрастыру жөнге қойылып отыр.

1. 7-сурет. Кез-келген жерде жүре беретін автоцистерна,

шассиі Урал - 53236 негізіндегі автомобиль.

1. 7-суретте көрсетілген автомобиль - цистерна бір немесе екі (нұсқа) жатын орындарф бар жайлы кабинасымен IVECO жабдықталған және жолсыздық жағдайда базалық цистернасында 10 т отынды және тіркеме-цистернада 10 т отынды тасымалдауға арналған. Тартқыш ЯМЗ - 238 Б дизельді қозғалтқышымен (қуаты 300 л. с. ) сегіз сатылы ТБҚ және екі сатылы құлыптанатын бөлістіргіш қорабымен, агрегаттардың герметикалығын және шинадағы қысымды реттеп отыратын жүйелермен жабдықталған. Алдыңғы және артқы осьтері бір-біріне жақындатылған (алдыңғы екі осьтердің доңғалақтары - алып жүруші) және рычагты-балансировкалы механизмі бар рессорлә-подвескамен жабдықталған. Беріктігі жоғары рамасы бар. Екі тәуелсіз бөлімі бар цистерна, отынды айдайтын есептегіш және сорғы (насос) станциясымен жабдықталған.

Кама Автомобиль зауыты ұзын базалы шассиі бар КамАЗ - 53229 автомобиль негізінде жанармай құятын автомобиль ЖҚА - 17 шығарады (1. 8-сурет) .

1. 8-сурет. Ұзын базалы шассиі бар КамАЗ - 53229 автомобиль

негізінде ЖҚА - 17.

Пішіні эллипс болып келетін цистерна өрт сөндіргіш құралдар және жерге ендіру (заземление) құрылғыларымен жабдықталған, ал автомобиль бәсеңдеткіші (глушитель) радиатордың астында орнатылған.

ЖҚА-ның конструкциясының әртүрлілігімен қатар ТМД кәсіпорындарында 1. 9, 1. 10, 1. 11 және 1. 12 суреттерде бейнелеген сиымдылығы үлкен (22-30 мың л) сериялық ЖТЦ құрастыру алға қойылған. Бұның негізгі тартқышы МАЗ және КамАЗ ершікті тартқыштары болып табылады.

1. 9-сурет. Базалық тартқышы КамАЗ - 54115 болатын

жартылай тіркеме-цистерна ЖТЦ-22-9385-2У -01.

1. 10-сурет. Жартылай тіркеме-цистерна ЖТЦ-30-93866-3У-01

базалық тартқышы МАЗ 63229

1. 11-сурет. Жартылай тіркеме-цистерна ЖТЦ-30-9342-3У-01

базалық тартқышы МАЗ 63229

1. 12-сурет. Жартылай тіркеме-цистерна ЖТЦ-22-9397-4У-01

базалық тартқышы МАЗ 54323.

Келтірілген жартылай тіркеме-цистерналар бәр уақытта бірнеше маркалы отынды тасу үшін тәуелсіз бөліктермен және мұнай өнімдерінің түрлерін жинау жүйесімен жабдықталған. Тапсырыс арқылы мұнайөнімдерінің буын қалпына келтіргіш жүйені, сорғы станцияны және отынды айдау есептеуішін орнатады. Цистернаны аудару кезінде отынның ағып кетуін болдырмайтын тыныс алу клапандары болады. Бұл жартылай тіркеме-цистерналар бірқалыпты толық сыйымдылықты көлік болып саналады және нұсқауға сәйкес қолдану құжаты болады. Төмендегі 2-кестеде олардың негізгі техникалық сипаттамасы келтірілген.

1. 2-кесте.

Жартылай тіркемелер-цистерналардың техникалық сипаттамалары.

Параметрдің атауы
ЖТЦ-22-9385-2У-01
ЖТЦ-30-9385-2У-01
ЖТЦ-22-93866-3У-01
ЖТЦ-30-9342-3У-01
№: 1.
Параметрдің атауы: Цистернаның сыйымдылығы, л
ЖТЦ-22-9385-2У-01: 22 000
ЖТЦ-30-9385-2У-01: 30 000
ЖТЦ-22-93866-3У-01: 22 000
ЖТЦ-30-9342-3У-01:

30 000

(3х10 000)

№: 2.
Параметрдің атауы: Дербес бөлімдерінің саны
ЖТЦ-22-9385-2У-01: 2
ЖТЦ-30-9385-2У-01: 3
ЖТЦ-22-93866-3У-01: 3 не 4
ЖТЦ-30-9342-3У-01: 3
№: 3.
Параметрдің атауы: Пайдалы жүктемесі, кг·с
ЖТЦ-22-9385-2У-01: 18 000
ЖТЦ-30-9385-2У-01: 24 700
ЖТЦ-22-93866-3У-01: 18 200
ЖТЦ-30-9342-3У-01: 27 700
№: 4.
Параметрдің атауы: Жабдықталған ЖТЦ массасы, кг
ЖТЦ-22-9385-2У-01: 7 800
ЖТЦ-30-9385-2У-01: 10 000
ЖТЦ-22-93866-3У-01: 8 600
ЖТЦ-30-9342-3У-01: 11 000
№: 5.
Параметрдің атауы:

Қосылып ажыратылатын ЖТЦ толық массасы, кг

- тартқыштың ершікті тіркейтін құрылғысы

- жолда арба арқылы

ЖТЦ-22-9385-2У-01:

11 350

14 450

ЖТЦ-30-9385-2У-01:

14 700

20 000

ЖТЦ-22-93866-3У-01:

8 800

18 000

ЖТЦ-30-9342-3У-01:

14 700

24 000

№: 6.
Параметрдің атауы: Рұқсат етілген максималды жылдамдық, км/сағ
ЖТЦ-22-9385-2У-01: 80
ЖТЦ-30-9385-2У-01: 80
ЖТЦ-22-93866-3У-01: 80
ЖТЦ-30-9342-3У-01: 90
№: 7.
Параметрдің атауы: Насостың сорып беруі, л/мин
ЖТЦ-22-9385-2У-01: 750
ЖТЦ-30-9385-2У-01: 750
ЖТЦ-22-93866-3У-01: 750
ЖТЦ-30-9342-3У-01: 750
№: 8.
Параметрдің атауы: Насос арынының күші, м
ЖТЦ-22-9385-2У-01: 45
ЖТЦ-30-9385-2У-01: 45
ЖТЦ-22-93866-3У-01: 45
ЖТЦ-30-9342-3У-01: 45
№: 9.
Параметрдің атауы: Сору биіктігі, м
ЖТЦ-22-9385-2У-01: 5, 5
ЖТЦ-30-9385-2У-01: 5, 5
ЖТЦ-22-93866-3У-01: 5, 5
ЖТЦ-30-9342-3У-01: 5, 5
№: 10.
Параметрдің атауы: Ағызу уақыты (жинау, толтыру), мин
ЖТЦ-22-9385-2У-01: 30
ЖТЦ-30-9385-2У-01: 40
ЖТЦ-22-93866-3У-01: 45
ЖТЦ-30-9342-3У-01: 40
№: 11.
Параметрдің атауы:

Габариттік өлшемдері, мм

- ұзындығы

- ені

- биіктігі

ЖТЦ-22-9385-2У-01:

10 200

2 500

3 330

ЖТЦ-30-9385-2У-01:

12 330

2 500

3 335

ЖТЦ-22-93866-3У-01:

10 450

2 500

3 200

ЖТЦ-30-9342-3У-01:

12 332

2 500

3 335

№: 12.
Параметрдің атауы: Негізгі тартқышы
ЖТЦ-22-9385-2У-01: КамАЗ-54115
ЖТЦ-30-9385-2У-01: МАЗ-64229
ЖТЦ-22-93866-3У-01: МАЗ-54323
ЖТЦ-30-9342-3У-01: МАЗ-64229
№: 13.
Параметрдің атауы: Шассиі
ЖТЦ-22-9385-2У-01:
ЖТЦ-30-9385-2У-01:
ЖТЦ-22-93866-3У-01:
ЖТЦ-30-9342-3У-01: үшосьті бір
№: 14.
Параметрдің атауы: Мұнайөнімінің тығыздығы, кг/м 3
ЖТЦ-22-9385-2У-01: 820
ЖТЦ-30-9385-2У-01: 830
ЖТЦ-22-93866-3У-01: 830
ЖТЦ-30-9342-3У-01: 920

Отындық автомобиль және автопоездардың жаңа буынын бәсекеге қабілетті және техникалық деңгейін жоғарлату үшін, оларды өндіргенде (шығарғанда) 96/53 ЕЭҚ (Европалық экономикалық қауымдастық) нұсқауын ескеру керек. Бұл нұсқаудың талаптарына габариттік өлшемдерін сақтайтын тартқыштар және автопоездардың рационалды салмақтық параметрлерін алу жоспарындағы Минск автомобиль завадының дөңгелек формуласы 4х2 және 6х4 болатын ершікті тартқыштары, алдыңғы рамасының S пішінді саңылауы бар ЖТ (жартылай тіркеме) және бойлық иілгіштік автопоездар сәйкес келеді.

2. ЖҚА конструкциясын тексеру және сипаттау

Жанармай құятын автомобиль ЖҚА-10-5337-2У-02 (13-сурет) ашық түсті мұнай өнімдерін тасуға, уақытша сақтауға, айдауға арналған, сонымен қатар көлік және басқа да энергетикалық құралдарға механикаландырылған құю жұмыстарын жасауға арналған. Ол жылжымалы жанармай құю орны ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз жанармай құятын агрегат ретінде де кең қолдануға ие болды. ЖҚА өзін МАЗ-5337 автомлбилінің базалық шассиіне орнатылған цистерна ретінде ұсынады. 3-кестеде ЖҚА-10-5337-2У-02 техникалық сипаттамасы келтірілген.

2. 1-кесте.

ЖҚА-10-5337-2У-02 техникалық сипаттамасы

Параметрдің атауы
Параметрдің шамасы
№: 1
Параметрдің атауы: 2
Параметрдің шамасы: 3
№: 1.
Параметрдің атауы: Базалық шассиі
Параметрдің шамасы: МАЗ-5337
№: 2.
Параметрдің атауы: Цистернаның сыйымдылығы, л
Параметрдің шамасы: 10 000 (2 х 5 000)
№: 3.
Параметрдің атауы: Дербес бөліктерінің саны
Параметрдің шамасы: 2
№: 4.
Параметрдің атауы: Пайдалы жүктемесі, кг·с
Параметрдің шамасы: 7 300
№: 5.
Параметрдің атауы: Жабдықталған ЖҚА массасы, кг
Параметрдің шамасы: 8 700
№: 6.
Параметрдің атауы:

Келетін толық массасы, кг

- алдыңғы оське

- артқы оське

Параметрдің шамасы:

6 000

10 000

№: 7.
Параметрдің атауы: Конструктивті-рұқсат етілген толық массасы, кг
Параметрдің шамасы: 17 300
№: 8.
Параметрдің атауы: Рұқсат етілетін максималды қозғалу жылдамдығы, км/сағ
Параметрдің шамасы: 80
№: 9.
Параметрдің атауы: Насос (сорғы) маркасы
Параметрдің шамасы: 1 СЦЛ 20-24
№: 10.
Параметрдің атауы: Насостың майды сорып беруі, л/мин
Параметрдің шамасы: 750
№: 11.
Параметрдің атауы: Насос арыны, м
Параметрдің шамасы: 45
№: 12.
Параметрдің атауы: Насос жетегі
Параметрдің шамасы: Механикалық қораптағы қуат бөлігінен
№: 13.
Параметрдің атауы: Сору биіктігі
Параметрдің шамасы: 5, 5
№: 14.
Параметрдің атауы: Төгу (толытру) уақыты, мин
Параметрдің шамасы: 15
№: 15.
Параметрдің атауы: Отын сүзгісінің жұқалығы, мкм
Параметрдің шамасы: 20
№: 16.
Параметрдің атауы: Таратқыш қол крандарының саны
Параметрдің шамасы: 1
№: 17.
Параметрдің атауы: Есептегіштің маркасы
Параметрдің шамасы: ППО-40-066
№: 18.
Параметрдің атауы: Есептегіштің негізгі салыстырмалы қателігі, %
Параметрдің шамасы: 0, 5
№: 19.
Параметрдің атауы:

Габариттік өлшемдері, мм

- ұзындығы

- ені

- биіктігі

Параметрдің шамасы:

7 060

2 500

3 150

Базалық шассиі (1) кабина астында орналасқан қозғалтқышы бар МАЗ-5337 (база 3950 мм, жүккөтерімділігі 8т) автомобилі ретінде қсынылады. ЯМЗ-238 қозғалтқышының қуаты 132 кВт және толық жүк артылған ЖҚА қозғалу жылдамдығын 80 км/сағ жеткізуге мүмкіндік береді. Тарнсмиссиясы төмендетілген беріліс сандары бар сегіз сатылы беріліс қорабымен жабдықталған, яғни қозғалтқышқа алып жүруші дөңгелектерінің биік және басқа да күрделі жол бөліктерімен жүру үшін максимальды тарту күшін арттыруға мүмкіндік береді. Компоновкасы капотсыз болып келетін автомобиль жүргізушісінің жолды жақсы көруін қамтамасыз етілген, ал гидрокүшейткіш рулі арқылы басқару жақсартылған. Автомобиль алдынан арматураланған тіркемесімен (17) жабдықталған, артында күшейтілген серіппелі соқтықпа темірі бар, яғни ол ЖКО болатын соғысулар және соққылар кезінде автомобильдің қауіпсіздігін арттырады. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автомобиль өрт сөндіру жабдықтарымен (3) жарақтандырылған.

Профилі эллипс тәрізді цистерна (2) раманың кесе көлденең орналасқан резеңкелі жылжымайтын демпферге (13) бекітілген. ЖҚА тегіс емес жолдағы жүрісте, кенет тежеу немесе соқтығысу кезінде цилиндрдегі гидросоққыны жұмсарту үшін, тербелістер мен соөөыларды жұмсарту немесе бәсеңдету үшін демпферлар қолданылады.

Цистерна толық мөлшерлі сыйымдылықтағы көлік және нұсқаулығы көрсетілген құжаты болады. Екі тәуелсіз бөлімдерінің болуы бір уақытта әртүрлі сұйық отын маркаларын тасымалдауға мүмкіндік береді. Экологиялық қауіпсіздіктің өсуіне байланысты цистерна екі тыныс алу клапандарымен (4) жабдықталған, яғни цистернаны аудару кезінде отынның ағып кетуіне жол бермейді. Цистерна бөлімдерін отынмен толтыру үшін үстіңгі жағында екі қақпақпен (7) жабылатын мойынша (6) орнатылған. Қақпақтың герметикалылығын резеңкелі нығыздауыш сақиналары қамтамасыз етеді. Қақпақтары ашылу кезінде, бұрынғы конструкциядағыдай жоғары қарай емес, бір жағына қарай, яғни, сәл жоғары көтеріліп және тіреу (5) бойымен айнала ашылады. Мұндай қақпақ конструкциясы (құрылымы) алғаш рет VOLVO (Швеция) жанармай таситын автомобиль фирмасында, құрамы VOLVO-30FRC автомобиль-тартқыш және сыйымдылығы 30 000 л болатын LCO-1. 1L-30 ЖТЦ 1993 жылы сәтті қолданысқа енгізілді. Мұндай қақпақ мойыншасының құрылымын қолдану қамтамасыз етеді:

- оның үлкен диаметрінде мойыншаның биіктігінің төмендетілуі;

- қақпақты ашып-жабу кезіндегі аз күш жұмсалымы;

- сенімділігі жоғары тиек механизмі.

Қақпақтың ашылуы махавиктің (8) сағат тіліне қарама-қарсы айналуында болады, содан қақпақ жоғары көтеріледі және осыдан кейін мойынша толық ашылу үшін оңға қарай жылжытамыз. Жабылуы кері ретпен орындалады; жұдырықшалы механизмнің шертпегі қақпаұтың дұрыс жабылуын қамьамасыз етеді.

Мойынша және тыныс алу клапандарына қол жеткізу үшін цистернада қорапша тәрізді тұғыр (9), саты (11) және тұтқамен (10) жабдықталған.

Технологиялық жабдық жиынтығына насос (сорғы) станциясы (16) және отын айдағыштың есептегіші (15) кіреді. Сорғы станциясы цистерна бөлімдерін магистралды құбыр (14) арқылы толтыру (төгу) үшін арналған. Техниканың толтырылуы үшін краны бар бөлістіргіш қолшасы болады. Есептегіш айдалатын отынның дәл есебін алу үшін қойылады. Отынды сүзгілеу (фильтрлеу) үшін құбыр сүзгімен жабдықталған.

Тапсырыс берушінің талабына сай техникалық жабдық жиынтығында төменгі құйылу жүйесі және мұнайөнімдері буынын қайта қалыпқа келтіру жүйесі қойылуы мүмкін.

Осыдан кейін ЖҚА өзін сенімді, сапалы және экономды-рентабельді көлік құралы ретінде ұсынды.

3. ЖҚА-ның негізгі параметрлерінің есептеулері

Бұл тарау курстық жобаның есептеу бөлімі болып табылады. Төменде цистернаның негізгі параметрлерінің есебі, цистернаның болжамдық есебі, тарту есебі және ЖҚА-ның өнімділік есебі келтірілген.

3. 1. ЖҚА цистерналарының геометриялық параметрлерінің есебі

Міндетті түрде цистернаның пішінін және геометриялық параметрлерін: ұзындығы, ені және биіктігін анықтау керек. Бұл жағдайда цистерна пішіні эллипс түрінде қабылданады (түп нұсқаға ұқсас) . Цистернаның габариттік өлшемдері автомобиль шассиінің өлшемдерімен шектеледі. Біздің жағдайда, цистернаның МАз-5337 шассиіне орнату барысында, ұзындығы бойынша шектетулер мм , ені бойынша мм және цистерна биіктігі бойынша мм құрайды. Эллипс пішінді цистернаның бүйір жабыны оған, цистернаның бүйірлік қауіпсіздігін орнату үшін қысқартылып жасалынады. Цистернаның геометриялық параметрлерін анықтау үшін, берілгендегі цистернаның ені мен биіктігі, сонымен қатар тасылатын отынның көлемін қолданып, қажетті цистерна ұзындығын келесі формуламен анықтаймыз:

м (3. 1. 1)

мұнда, цистернаның берілген көлемі, м 3 ;

бүйірлік қию кезінде цистернаның тілік ауданының

кішіреюін ескеретін коэффициент, ;

м;

Бұл есептеу жолымен алынған цистерна ұзындығы ұзындығы шегінен аспайтынын көреміз. Сондықтан цистернаның габариттік өлшемдерін эллипс пішінді қимада см деп қабылдаймыз. Басқа да өлшемдер прототип бойынша қабылданады.

3. 2. ЖҚА цистернасының беріктік есебі

Сұйық отынды тасу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін цистерна конструкциясының беріктігіне көңіл бөлу керек. Ол үшін міндетті түрде цистерна қабырғаларының қалыңдығын есептеу, пісіру жігінің беріктігі және цистернаның автокөлік рамасына берік орнатылуын қамтамасыз ету керек.

Цистерна қабырғасының қалыңдық есебі, ЖҚА-ның бірден жфылдамдығының төмендеуінен болатын гидравликалық соққыдан алдыңғы қабырғасына келетін қысым арқылы есептелінеді. Тәжірибелік жолмен анықталғандай гидавликалық соққының максималды күші цистерна жартылай тола болған кезде болады. Демек, есептеу жартылай толтырылған цистернаның шарттарымен орындалады.

3. 2. 1-сурет. Цистернаға әсер ететін күштің схемасы.

А - тепе-тең жүрістегі ЖҚА;

Б - жылдамдықты бірден бәсеңдеткендегі ЖҚА.

3. 2. 1-суретте көрсетілгендей, қабырғаны қысатын отын күші, цистернаның (оның бөлімдері) ішкі бетінің ауданына біркелкі жайылған. Оның көлемін мына формуламен анықтаймыз:

кгс/ см 2 (3. 2. 1)

мұндағы, отын массасы, яғни жанармай толтырылған бөлімде,

кг ;

сәйкесінше цистерна биіктігі, ені және ұзындығы, мм .

кгс/ см 2

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тараз қаласының көше - жол торабының сипаттамасы
Химиялық, мұнай химиялық, мұнай газ өндіретін кәсіпорын өнеркәсібіндегі өрттер мен жарылыстар
Ортадан тепкіш сораптың сулбасы
Теңіздегі Шевройл газ өңдеу зауытында
Мұнай компанияларында франчайзингтік жүйенің дамуы
Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
Адвентизмнің негізінің қалыптасуы
Мұнай өнімдерін автоматты құю үрдісінің кешенін басқару
Башқұрт жікқабатының қалыңдығы 204 метр
Жылуөнімділігі 400 гдж жылжымалы бугенераторының конструкциясын жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz