Педагогикалық технологиялардың қызметтері


Мазмұны
І. Педагогикалық технология
- Жаңа педагогикалық технологияның оқу-тәрбие процесіндегі ролі . . . 3
1. 2. Тұтас педагогикалық процесс теориясы - педагогикалық
технологияны пайдаланудың әдіснамалық негізі . . . 9
- Педагогикалық технологиялардың қызметтері . . . 11
- Педагогикалық технологияның жүйесі . . . 12
ІІ. Педагогикалық технологияны пайдалану ерекшеліктері . . . 14
2. 1 Дамыта оқыту технологиясы . . . 19
2. 2. Деңгейлеп оқыту технологиясы . . . 21
2. 3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы . . . 23
2. 4. Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін
дамытудағы модульдік оқытудың ролі . . . 24
III. Шетел тілін оқытуда педагогикалық технологиялардың
алатын орны . . . 27
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29
І. Педагогикалық технология
1. 1. Жаңа педагогикалық технологияның оқу-тәрбие процесіндегі ролі
Қазақстанның білім беру жүйесінің мақсаты - әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру болып отыр. Білім беру жүйесіндегі инновациялық процестердің жүзеге асып дамуы - бұл білім беру жүйесінің дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін арттырудың шарттары. Сондықтан да қазіргі таңда балаға деген көзқарас пен қарым-қатынаста баланы обьект деп қарамай оны дамушы тұлға ретінде қабылдап, балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысы да осыған лайық өзгерістерге ұшырап, қазіргі педагогикадағы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны енгізудің қажеттілігі туып отыр. Ал жаңа технологияны пайдаланудың мақсаты-міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жету.
Технология сөзі (techne - өнер, шығармашылық, logos - ілім) грек тілінен аударылғанда:
а) өндіріс процесінде шикізат, материал немесе жартылай фабрикаттың формаларын, қасиеттерін, жағдайларын өңдеу, дайындау, өзгерту әдістерінің жиынтығы, мысалы: металдар технологиясы, химиялық технология, құрылыстық жұмыстар технологиясы;
ә) өңдірістің сәйкес келетін құралдарымен шикізат, материал немесе жартылай фабрикатка әсер ететін тәсілдер туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Екі түбірдің бірлігінен өңдірістік процестерді жүргізу құралдары мен тәсілдері жөніңдегі білімдер жиынтығы, шеберлік туралы ғылымды немесе ілімді білдіретін сөз құралады.
40-50-ші жылдары оқу процесіне техникалық оқыту құралдарын ендіру басталғанда «оқыту технологиясы» ұғымы пайда болып келесі жылдары бұл ұғым «педагогикалық технологияға» өзгертілген. 50-60-шы жылдардың ортасында бұл ұғым еліміздің және шетелдің педагогикалық басылым беттерінде, халықаралық конференция материалдарында кеңінен талқыланып, оған түсінік берудің екі бағыты анықталды. Алғашқы бағыт техникалық оқыту құралдарымен байланысты болған, ал екінші бағыт «оқыту технологиясы» ретінде белгіленді. 60-шы жылдары оқытуға технологиялық тәсіл қалыптасады. Оның қалыптасуы американдық психолог Б. Скиннер негізін қалаған материалды меңгеруді ақпараттың бөліктерін жүйелі бағдарлама ретінде құрастыру және оны бақылау арқылы басқарудың тиімділігін арттыруды ұсынған бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. Бағдарламалық оқыту идеясының мәні оқу процесінің ерекшеліктері, заңдылықтары туралы білімді жоғарланудан тұрады. 70-ші жылдары компьютерлік-бағдарламалық құралдарды қолдану аркылы ақпаратты өңдеудегі өзара байланысты процестерінің құрылымы ретінде түсіндірілетін «оқытудың ақпараттық технологиясы» туындады. Кейінірек жоғары білім беру саласында мамандарды дайындаудың болашақтағы жүйесінің бірі өзін ақпараттық, бағдарламалық, әдістемелік құралдардың күрделі кешені ретінде көрсететін дистанциялық оқыту технологиясы пайда болды. 80-ші жылдары техникалық және компьютерлік жүйелердің дамуы салдарынан «педагогикалық технология» және «оқыту технологиясы» ұғымдары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде жете түсіндіріле бастады.
Ғылым жетістіктеріне негізделген технологиялар ғасырында білім беруді технологияландыруға көшудің қажеттілігімен келіспеу мүмкін емес, себебі әр баланың жеке тұлғалық тұрғысынан дамуы, білім беруді дифференциациялау және барлық білім беру жүйесін ізгілеңдіру мен демократияландыру сол арқылы жүзеге асырылады. Соңдықтан қазіргі заманғы педагогика ғылымындағы педагогикалық процесті технологияландыру білім беруші мен білім алушының жеке тұлғасын өздігінен дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру мақсатын оқыту мен тәрбиелеудің субъектілік негізіне ауыстыратын тәсілді іздестірумен байланысты. Осыған орай мектептің ғана емес, қоғамның алдыңда да күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың қандай жаңа үлгілері бар, оларды салыстырып, дұрыс жол табуға үйрену мәселелері маңызды болып тұр. Бұл сұрақтарға шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер, әдіскерлер, психологтар мен педагогтардың көпжылдық педагогикалық ізденістерінің нәтижесі ретінде туыңдаған педагогикалық технологиялар жауап беруге талпынады. Педагогикалық технологиялар бір орталық төңірегінде айналады. Бұл орталық -бала, олар тұтас шығармашыл тұлғаны дамытуға, сонымен қатар ізгілік рухын ұғынған және оған құрмет сезімімен карым-қатынас жасауға бағытталған.
Қазіргі уақытта көптеген зерттеуішлер жаңа педагогикалық технологияларға терең қызығушылықпен қарап, білім берудегі технологиялық тәсілді дәстүрліден анағұрлым тиімдірек деп есептейді. Осыған байланысты «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология» ғылыми айналымға еніп келе жаткан, салыстырмалы түрде жаңа ұғымдар болғандықтан, оған әртүрлі анықтамалар берілген. Бұл ұғымға Б. Т. Лихачев, В. П. Беспалько, С. Сполдинг, В. В. Сериков, В. М. Монахов, М. В. Кларин, И. Я. Лернер, П. И. Пидкасистый, В. В. Гузеев, Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин және басқа зерттеуші ғалымдар түсініктеме берген. Төменде бірнешеуін мысалға келтіреміз.
В. П. Беспалько педагогикалық технологияны қойылған білім беру мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқытудың теориялық негізделген процестерін жаңадан өндірудің, еске түсірудің құралдар мен әдістер жиынтығы ретінде анықтайды /1/.
В. М. Монахов бұл ұғымға басқаша түсініктеме береді. Ол «педагогикалық технология - мұғалім мен оқушы үшін жағымды жағдайды қамтамасыз ететін оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізуде барлық бөлшегіне дейін ойластырылған бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі. Технологияның міндеттерін түсіндіре отырып: Педагогикалық технологияны жобалаудағы жетекші қағидасы - оқушының жеке белсенділігі болуы. Мұнда ең бастысы - білімді меңгеруге іштей дәлелденген, қалыптасқан қызығушылығы мен ынтасы, білім алу іскерлігі» - деп жазады /2/.
П. И. Пидкасистыйдың пікірінше, оқыту технологиясының маңызды ерекшелігі - оқыту циклінің ұдайы өндірістілігі, яғни оны кез-келген мұғалімнің «қайталау мүмкіндігі» және «кері байланыс, білімді объективті бақылау» болып табылады. Оқыту технологиясы дидактиканың алдын ала тапсырылған сипаттамаларымен өндірістік дидактикалық процестерді құрастыру, тиімді жүйелерді дайындау мен қағидасын айқындау бойынша ғылыми зерттеу саласы, бағыты ретінде түсіндіріледі /3/.
Технология - бұл іс-әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыруда құралдарды талдау ережесі (В. В. Гузеев) /4/. В. В. Гузеев қазіргі кезеңдегі технологияның бұрынғыдан айырмашылығын көрсете отырып, былай деп жазады: «Бұрын бір құралды құрастырып, оны ұқсас жағдайларда бірнеше жылдар бойы қолдануға болатын. Қазір ұқсас жағдайлардың бар екенінің өзі қарама-қайшы келеді».
Педагогикалық технология - педагогикалық процесті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі) (Г. Т. Хайрулиин) .
Педагогикалық технологиялар алуан тұрғыдан берілген анықтамаларды талдау нәтижесі оның көпшілігінің жалпы қорытынды түрінде берілгенін, педагог әрекетінің салыстырмалы түрде кейбір жақтары ғана зерттелгенін көрсетеді, бала тұрғысын тұтас қалыптастыру мәселесі толығымен қарастырылмайды.
Педагогикалық технологияны жаңа бағытта зерттеу адамның қайталанбайтындығын қолдаумен, тұлғаның өзін-өзі белсендендірумен, жеке тұлғаның дамуын ойлаумен байланысты. Әрбір оқушы оқу материалы бойынша жеке қозғалыс жолын таңдауға, оның мақсатына, қажеттілігіне және қызығушылығына жауап беретін қоғамдық тәжірибені меңгеруге ерікті.
Осы тұрғыдан Н. Д. Хмельдің берген анықтамасы тиімді болып табылады: Педагогикалық технологиялар-теориялық білімдерді тұтас педагогикалық процестің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол процесс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені.
Ал педагогикалық технология педагогикалық процеске қатысушылардың барлық көрінісінде белсенді іс-әрекетін көздейтін, белгіленген қасиеттері бар өнімді алуға мүмкіндік жасайтын процестермен әдістердің бірізділігі мен жиынтығы ретінде қарастырылады. Кез-келген педагогикалық технологияның негізгі түйіні соңғы нәтижені нақты анықтау және оның жетістігін бақылау болып табылады.
Анықтамаларды салыстыру теория, әдіс, әдістеме, оқыту технологиясы, педагогикалық технология ұғымдарының дербестілігін және сонымен бірге оқыту процесін сипаттау үшін олардың өзара байланыстылығын, бір-бірімен толықтыратындығын көрсетеді.
Технологияларды процессуалды, сандық және есептік компоненттер көбірек ұсынылады. Әдістемелер мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативті-бағдарлық жақтары көрсетілді. Педагогикалық технологиялар оқыту әдістемесінен өзінің өңдірістілігімен, нәтижесінің тұрақтылығымен ажыратылады (А. М. Кушнир) /8/.
Оқыту әдістемесі тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі әдістерін енгізеді, бірақ оларды белгілі бір логикалық тізбекке тұрғызбайды. Ал технология барлық уақытта тәсілдердің белгілі бір алгоритмін, логикасын, бірізділігін ұсынады.
Дәстүрлі әдістемелерде оқытудың мақсаттары бағдармалар талаптары бойынша жалпылама көмескі айқын емес болып келеді, онда білім алушылардың нақты жағдайлары, білім деңгейлері дұрыс ескерілмейді.
Басқаша айтқанда, педагогикалық технологиялар білім алушы тұлғасын дамыту құралы болып табылады және педагогикалық процестің ерекше сипаттамасын бейнелейді.
Ғылыми негізделген технология педагог пен оқушының іс-әрекетінде оқыту теориясы мен әдістерінің проекциясы болып табылады. Теория деңгейінде оқыту әдісі туралы жазу жеткілікті, технология деңгейінде оның барлық компоненттерін ашып көрсету қажет. Технология әдістемеге қарағанда кеңірек. Әдістеме білім беру технологиясын пайдалану элементтеріне негізделген. Педагогикалық технология педагогикалық процеске қатысушылардың субъект-субъектілі өзара әрекеті арқылы оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі белсендендіруге бағытталған. Оқыту әдістемесі педагогтың тәжірибесіне сүйенеді, ол оның шығармашылына, әртістілігіне жақын. Технология «қаңқасы», ал әдістеме оның «қабығы» болып табылады.
Бұл тұрғыда В. Зайцевтің көзқарасы қызығушылық тудырады: «Педагогикалық технология - әдістеме емес. Бұл кеңірек ұғым» жобалауға. Оның ойынша: педагогикалық технология 4 құрастырушыдан: нәтиже беретін белгіні бағалаудан, диагностикадан (негізгі факторды бөліп көрсету ретінде), әдістемеден (диагностика нәтижесін ескеріп құрастырылған) және оқытуды қарқындату құралынан тұрады.
Бүгінде білім беру мекемелері жұмыстарының теориясы мен практикасында педагогикалық технологиялардың алуан түрлі варианттары пайдаланылады. Технологиялардың көп түрлілігі оны жүйеге келтіруді және топтастыруды талап етеді. Бұл мәселемен А. Я. Савельев, В. Безрукова, Ю. Ксензова, Г. К. Селевко, В. В. Юдин және басқалар шұғылданған.
Қазіргі уақыттағы технологиялар екі үлкен түрге жіктеледі: өздерінің мақсаттық бағдарына қарай тармақталып, бөлінетін өндірістік, өнеркәсіптік және әлеуметтік-тұлғалық. Өндірістік технологиялар алдын ала берілген параметрлі материалды өңдеумен және өндіріспен байланысты. Ал әлеуметтік-тұлғалық технологияның объектісі адам болып табылады. Технология түрлері мен олардың тармақты бөліктерін көрнекілікпен қабылдау үшін 1-суреттегідей сызба-нұсқада көрсетуге болады.
Қазіргі уакытта айқындық үшін макротехнологиялар мен микротехнологияларды бөліп қарастырады. Макротехнологияға көптеген авторлар педагогикалық процесс стратегиясы мен дамуын анықтайтын, ұжымдық шығармашылық іс-әрекет, ынтымақтастық, дамыта оқыту, тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологияларын, т. б. жатқызады. Микротехнологиялар педагогикалық әрекеттестік тактикасы, нақты тәсілдері ретінде қарастырылатын ойын технологияларын, пресс-конференция, диспут т. б. ұйымдастыру технологиялар жатқызады. Сонымен қатар кейбір ғалымдар (Д. Г. Левитес және т. б. ) педагогикалық технологиялар пәндік бағдардағы және тұлғалық-бағдардағы техникалар деп жіктеуді ұсынады (9) .
В. С. Безрукова (10) барлық педагогикалық технологияларды оларды құрастыру негізше жататын идеялары бойынша 4 топқа топтастырады:
1-сурет. Технологиялар түрлері (Н. Д. Хмель)
- танымдық процестерді қатал басқару технологиясы (модульдік технология, В. Ф. Шаталов технологиясы, П. М. Эрдниев технологиясы, М. И. Махмутовтың проблемалық оқыту технологиясы, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин бойынша оқыту технологиясы, ЭЕМ электрондық есептеу машиналары негізіндегі акдараттық технология, Блумның «мақсаттарды жүйелеу», Д. Ховардтың «ертеңгі күн мектебі» және т. б.
- «еркін тәрбие» идеясын басшылыққа алатын технологиялар (Ш. А. Амоношвилидің ізгілікті-тұлғалық оқытуы, вальдорф педагогикасы, «Л. Н. Толстой мектебі», «отбасылық мектеп» және т. б. ;
- «мектептің жойылуы туралы теориясына» (Батыста «мектепті дескулизациялау идеясы ретінде» қалыптасқан, яғни мектептегі оқыту мазмұнын нормаланып формалды болуын, жыл және күн режимін сақтауға, оқытушылар мен директор билігін т. с. с. сын көзбен қарау идеяларына негізделген технологиялар (шоғырландырып оқыту, парктік технология, дистанциялдық оқыту, мәдениеттер диалогы мектебі, артпедагогика технологиясы және т. б. ) ;
- тұлғаның, оның потенциалды танымдық мүмкіндіктерін босату мақсатында невропсихикалық ықпал жасау идеясына негізделген технологиялар топтары (суггестия, иландыру, түсінде ұйықтап жатқанда оқыту, биоритмалогия негізіңде оқыту, гипноздық оқыту, медитация, аутотренинг және т. б. ) ;
Г. К. Селевко (11) педагогикалық технологиялардың өзгеше жіктеуін ұсынады:
а) Педагогикалық қарым-қатынастарды ізгілендіру мен демократияландырута негізделген технологиялар (ынтымақтастық технологиясы, Ш. А. Амоношвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, Е. Н. Ильинаның әдебиетті адам қалыптастыру пәні ретінде оқыту жүйесі және т. б. ) ;
ә) оқушылардың іс-әрекетін белсендендіру мен күшейтуге негізделген технологиялар (ойын технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, В. Ф. Шаталовтың тірек белгілері негізінде оқыту технологиясы, Е. И. Пассовтың коммуникативті қарым-қатынас негізінде оқыту технологиясы және т. б. ) ;
б) оқыту процесін тиімді ұйымдастыру мен басқару негізіндегі технологиялар (бағдарламалық оқыту, дифференциалды оқыту технологиясы (В. В. Фирсов, Н. П. Гузик), оқытуды жекелендіру технологиясы (А. С. Границская, Инге Унт, В. Д. Шадриков), тірек нұсқаларын пайдалана отырып, түсіндіре отырып басқарудағы переспиктивалык алдын-ала оза оқыту (С. Н. Лысенкова), оқытудың топтық және ұжымдық тәсілдері (И. Д. Ривин, В. К. Дъяченко), компьютерлік (акдараттық) технологиялар және т. б. ) ;
в) оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар (П. М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру, В. С. Библер мен С. Ю. Кургановтың «Мәдениеттер диалогы», Л. В. Тарасовтың «Экология және диалектика» жүйесі және т. б. ) ;
г) баланың табиғи дамуына сүйенетін, халық педагогикасының әдістерін пайдаланатын табиғи үйлесімділік технологиялары; Л. Н. Толстой бойынша оқыту; А. Кушнир бойынша сауаттылыққа тәрбиелеу, М. Монтессоридің өздігінен дамыту технологиясы және т. б. ;
д) альтернативтік; Р. Штейнердің вальдорф педагогикасы, С. Френенің еркін еңбек технологиясы және т. б. ;
ж. ) кешенді технологиялар: А. М. Тубельскийдің өзін-өзі анықтау мектебі, И. Ф. Гончаровтың «Орыс мектебі», Е. А. Ямбургтың «Бәріне арналған үшін мектебі», М. Балабанның «Парк мектебі» және т. б.
Педагогикалық технологиялардың жоғарыда айтылған түсініктемелері мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, бұл барлық технологиялардың айырықша ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады;
- оқытудың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын, нақтылы анықталуы;
- нәтижелердің жетістігіне бағытталуы;
- тәрбиелеу мен оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әр-бір кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы;
- мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау;
- тәжірибенің қайталануы мен алмасуы;
Сонымен белгілі технологиялардық жіктеулеріне жасалған шолу бір қалыпта қатып калған емес, ол қазіргі технологиялардың көп түрлігіне бағдар беруге негіз болып және оны кеңейту, сапаландыру, тармақтандыру толықтыру бағытталған.
Дәстүрлі оқыту технологиясы алдымен XVII ғасырда қалыптасып, қазірге дейін әлем мектептерінің көпшілігіндегі оқытуды сынып-сабақтық ұйымдастыру деп түсіндіріледі. Дәстүрлі оқыту технологиясының тұжырымдамалық негізін Я. А. Коменский қалыптастырған педагогиканың қағидалары құрайды (7) : ғылымилық, табиғи үйлесімділік, бірізділік, жүйелілік, түсініктілік, беріктік, саналылық, көрнекілік, теория мен практиканың байланысы, білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескеру. Сынып сабақтық жүйе тәрбиелеу мен оқыту процесін жетілдіру қажеттілігіне байланысты туындаған.
1. 2. Тұтас педагогикалық процесс теориясы - педагогикалық технологияны пайдаланудың әдіснамалық негізі
Кез-келген педагогикалық. технология әдіснамалық, философиялық теория негізінде дайындалады. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық технологиялардың көпшілігі оқушылардың тұлғасын жоғары құндылық ретінде жағымды қабылдауда, өзара әрекеттестікте теңдік қалыпта, сенімге кіруде көрінетін ізгілікті бағытты бейнелейді.
Н. Н. Хан педагогикалық тұрғыдан дұрыс құрастырылған технологияның маңызына ерекше көңіл аудара отырып, «педагогикалық технология педагогикалық процестің тұжырымдамасына сәйкес байланысты болуы керек; оның бір деңгейін (технологиялық) көрсетуі; технология оқу-тәрбие процесі, оның мәнді ерекшелігін жүзеге асыруға арналған, яғни оның құралдар жиынтығы болып табылуы, оқыту технологиясының құрылымы оқу процесінің түп нұсқалы жобасы болуы; яғни қатысушылардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру мен жүзеге асыруға байланысты, педагогикалық технология құралдар жиынтығын мұғалімнің, оқушының да меңгеруін талап етуі; педагогикалық дұрыс құрастырылған технология оқу-тәрбие процесінің тиімділігін, педагог пен оқушының шығармашылығын арттыруға тиіс» - деп көрсетеді (13) .
Педагогикалық процесс анықтамасынан оқушынардың тұлға болып қалыптасуының шарты болып табылатын педагогикалық процестің оқу мен оқудан тыс бірлігінің қажеттілігі туыңдайды. Барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде басқа адамдармен ынтымақтастық оқушылар үшін іс-әрекеттің алуан түрлерінің тәсілдерін тезірек меңгерудің тұлға болып қалыптасудың шарты болып саналады.
Педагогикалық процесс жүйе астынан тұрады («педагогтар-оқушылар», «оқушылар-оқушылар», «пән мұғалімі - оқушылар» және т. б. ) . Бірақ, тұтастық барлық жүйе астының тығыз өзара әрекеттестігін талап етеді. Н. Д. Хмельдің пікірінше, педагогикалық процесс «егер субъектінің өзара әрекеттестігі ретінде арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті болса, тұтас құбылыс ретінде көрінуі керек». Тұтас педагогикалық процесте педагогикалық технологияларды пайдалануда субъектілердің әрекеттестігімен арнайы ұйымдастырлған іс-әрекетке байланысты оның барлық жүйе асты жұмыс істейді.
Н. Д. Хмельдің педагогикалық технологияның мәнін ашып түсіндіруінен педагогикалық зерттеулердің технологиясын көрсететін төмендегі критериилер негізделген:
а) түпкі ойдың тұжырымдылығы;
ә) зерттеушілердің айқын әдіснамалық бағыты;
б) нақты педагогикалық құбылыстарға жүйелілік тұрғыдан қарауы;
в) технологияда педагогикалық процестің екі жақты сипатының бейнеленуі;
г) педагогикалық процесте субъектілер және олардың өзара әрекеттестік орнының анықталуы;
д) алынған нәтижелердің диагностикалығы;
е) кез-келген оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жағдайында технологияның өндірістігі;
Бұл критерийлердің барлығына ғалымның тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы сәйкес келеді
Қазақстан ғалымы дайындаған педагогикалық процесс теориясы (бұл процестің мәні, құрылымы, заңдылықтары, қозғаушы күштері, қозғалтқыш және тәрбиелік механизмдері т. б. ) тәрбиелеу мен оқыту технологиясының әдіснамалық негізі болып табылады.
Бұл технологияның шынайы іске асырылған 20-шы жылдар ғалымдарының (Н. Н. Крупская, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий) педагогикалық ізденістерінен бастау алған, 80-90-шы жылдары жаңашыл педагогтар (Ш. А. Амонашвили, В. Ф. Шаталов, С. Н. Лысенкова және т. б, ) тәжірибесінде жалғасын тапқан, мектептерде оқушылардың ұжымдық шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруда теориялық дәлелденген және практикада қабылданған (В. Н. Дьяченко, Ғ. М. Құсайынов, Н. Н. Хан
және т. б. ) ынтымақтастық педагогикасы болып табылады. Мұғалімдердің педагогикалық технологияны тиімді қолдануы оның кәсіби іс-әрекет объектісінің заңдары мен заңдылықтарын, қозғаушы күші мен механизмдердің терең және негізді түрде білуіне тікелей байланысты. Мұғалім педагогикалық процесті жүзеге асыру теориясымен технологиясын меңгере отырып, іс-әрекет пен қатынасты (өзара әрекеттестікті) алдын-ала дайындалған оқушылармен (отбасында) ғана емес, бүкіл сыныппен ұйымдастыра алады. Басқа қазіргі педагогикалық технологиялар мұғалімдер арқылы осы технологияға негізделіп (мысалы проблемалық оқыту, ойын арқылы оқыту және т. б. ) «құрастырылуы» мүмкін.
Жалпы алғанда, педагогикалық технология түрлерін таңдау білім беру саясатына, білім беру реформасына, дидактикалық тұжырымдамаға немесе оқыту теориясы, мақсаты мен тәрбиелеу және оқыту міндеттеріне, педагогтың кәсіби және жеке-тұлғалық қасиеттеріне, әдіснамалық бағытына байланысты жүзеге асырылады.
1. 3. Педагогикалық технологиялардың қызметтері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz