Жапонияның Ұлттық банкінің операциялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
Ітарау Жапонияның Ұлттық банкінің қалыптасуы мен дамуы
1.1 Жапонияның Ұлттық банкінің қалыптасу негіздері 5
1.2 Ұлттық банктің мақсаттары мен атқаратын қызметтері 11
1.3 Жапонияның Ұлттық банкінің операциялары 14
ІІтарауЖапонияның Ұлттық банкінің динамикасы
2.1 Жапонияның Ұлттық банкінің ақша несие саясатын жүргізу
қадамдарына сипаттама 17
2.2 Ұлттық банктің көрсеткіштері мен ақша несие саясатын талдау
21
2.3 Ұлттық банктің ақша несие саясатын дамыту перспективалары
25
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер 29
Қосымша

Кіріспе
Коммерциялық банктердің реттелмейтін әрекеті іскерлік
белсенділіктің ауытқуына әкеледі, яғни инфляция кезеңінде банктер ақгалай
ұсынысты арттырады, күйреу кезеңінде олар дағдарыс туғызып ақшалай ұсынысты
төмендетеді. Сондықтан мемлекет ақшалай айналымды реттеу саясатын
қалыптастыру керек. Елдің барлық ақша жүйесін реттейтін және бақылауға
алатын басты орган орталық банк болып табылады. Бұл Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі, оның қаржы институттарын реттеудегі ролі
атты дипломдық жұмыс тақырыбының көкейтестілігі болып табылады.
Орталық банк ақша – несие саясатының негізгі мақсаты – ұлттық
валютаның тұрақты сатып алу күшін сақтау мен есептесу және төлем жүйесін
қамтамасыз ету. Сонымен қатар орталық банктің саясаты мемлекет экономикасын
реттеудің маңызды құрамдас бөлшегі болып табылады. ХХ ғасырдың екінші
жартысында экономиканы реттеудің сиқырлы төртбұрышы қалыптасты:
экономикалық өсудің тұрақты қарқымын қамтамасыз ету, ұлттық валютаның
тұрақтылығы, жұмыспен қамту мен төлем балансының тепе – теңдігін қамтамасыз
ету. Соңғы жылдары аталған мақсаттарға экологияның тепе – теңдікті
қамтамасыз ету мақсаты қосылды.
Орталық банктердің бастапқы атқаратын қызметі қолма-қол ақша
эмиссиясын жүзеге асыру боды, бүгінгі таңда бұл мақсат кейін шегерілді,
бірақ қолма – қол ақша барлық ақшалау массаның негізі болатындықтан естен
шығармау керек, сол себепті орталық банктің қолма – қол ақша эмиссиясы
бойынша әрекетін алдын – ала жоспарланған және жүйелі болуы шарт.
Курстық жұмыстың мақсаты –Жапонияның қаржы институттарын реттеуде
Ұлттық Банкінің ақша – несие саясатын анықтау.
Осыған орай, курстық жұмысқа төмендегі міндеттер алға қойылады:
- Жапонияның Ұлттық Банкінің мақсаттары, атқаратын қызметтері мен
мүдделерін қарастыру;

- Жапонияның Ұлттық Банкінін бақылау және реттеу қызметтерін зерттеу;
- Жапонияның Ұлттық Банкінің операцияларын қарастыру;
- Ақша – несие саясатын реттеуде Ұлттық Банкінің маңызын анықтау;
- Соңғы жылдардағы Жапонияның Ұлттық Банкінің әрекетін талдау;
Курстық жұмыс құрылымы:
- Кіріспе ( тақырып көкейтестігі, мақсаты мен міндеттері);
- Екі тараудан тұратын негізгі бөлім (курстық жұмыс тақырыбын зерттеу
мен талдау);
- Қорытынды (тақырып бойынша қорытынды нәтиже, мәселені шешу жолдарын
жетілдіретін нұсқаулар);
- Қолданылған әдебиеттер тізімі (арнайы әдебиеттер, БАҚ мақалалары,
ресми құжаттар);
- Қосымшалар (кестелер).

І тарау Жапонияның Ұлттық банкінің қалыптасуы мен дамуы
1.1. Жапонияның Ұлттық банкінің қалыптасу негіздері
JBIC (Japan Bank for International Cooperation) – 1999 жылғы 1
қазанда Жапонияда құрылған мемлекеттік қаржы мекемесі. Банктің Бас кеңсесі
Токиода орналасқан, 18 мемлекетте 21 кеңселері жұмыс істеп тұр. Негізгі
мақсаты – шет елдердегі инвестиция үшін қаржы ұсыну жолымен Жапония және
шет мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту және
халықаралық саудаға ықпал жасау. Банк сондай-ақ, жапондық экспорт пен
импортты, мемлекеттің шет елдердегі қызметін дамытуда да маңызды рөл
ойнайды.

Ұлттық банк- ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да
материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің
құралу көздеріне-банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен
табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің
жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі құқықтық формалары бар:
- оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын
унитарлық банк;
- акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам;
- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
- Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет-жарғылық
қордың жалғыз иесі. Негізгі қор-ғимараттардан, құрылғылардан көлік және
басқа құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты-банкіге тиесілі ақша
қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады.
Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен
толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін
операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар
мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер
амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір
бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі
республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық
салықтар мен төлемдерден босатылады.
Жапония Үкіметінің Ұлттық банкінің негізгі міндеті- үкіметтің ұлттық
валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, Жапон Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша
міндеттер жүктеледі:
- Үкіметтің экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға
интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие,
банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік
саясатты жасау және оны жүзеге асыру;
- ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
- банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді
жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие
берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.
Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық
операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық
нормативтік актілерді шығару, есеп жүргізу және банктердің есеп беруін
ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын
талдау;
- банк ісін бақылау мен қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі
валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Сол сияқты Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- ақша айналысы, несие, банктік есеп-айырысулар мен валюталық қатынастар
төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге және оның
әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің
саясатын жасау және жүргізу;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы
қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына
бақылауды жүзеге асыру.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым ролін атқара отырып,
орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк елдің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-
несие және валюта саясатын анықтайды. оның қызметінің басты мақсаты пайда
табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне
жетекшілік етуге бағытталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлектепен
біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің
тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі обьектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк- бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке
ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде ұлттық банкте барлық
кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі
Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы
жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық
банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен
несие ала алады.
Ұлттық банк- бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті
алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын
мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі
мынадай құқылық формалары кездеседі:
- мемлекеттің 100% қатысуымен құрайтын біртұтас банк реформасында
(мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);
- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің қатысынсыз
акционерлік қоғам формасында;
- орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
Ұлттық банк банктік қызметтерді қадағалау және реттеу кезінде тікелей
және жанама әдістерді қолданады.
Мұндай әдістердің қатарына жататындар:
- пруденциалдық нормативтерді және басқа да банктердің орындауы міндетті
нормалар мен лимиттерді қою, резервтік талаптар нормалары, оған қоса
күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың нормалары;
- банктердің орындалуы міндетті ережелер мен басқа да нормативті актілерді
шығару;
- банк қызметтерін тексеру;
- банктің қаржылық жағдайын сауықтыру жөніндегі ұсыныстар беру;
- бар кемшіліктерді жою жөніндегі міндеттеме хатты шектеу шараларын
банктерге қолдану;
- банкті ашудан бастап, рұқсатты қайтарып алуға дейінгі жазалау шараларын
ұйымдастыру;
Банктік қызметтерді реттеудің экономикалық әдістеріне Ұлттық банкінің
айналыстағы ақша массасын басқару үшін қолданылатын қызметтері жатады.
Банктік қызметтерге әсер етудің мұндай жанама жолдары икемдірек және
тезірек болып келеді.
Бір деңгейлі жоспарлы-орталықтандырылған банктік жүйе кезінде банктік
қызметті қадағалау және реттеудің әкімшілік әдістері басым болды. Ал екі
деңгейлі нарықтық типтегі жүйелерге экономикалық әдістердің басым болуы
тән.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығы да негізінен осы
әдістерге сүйенеді. Базалық ақшалардың өсуін тежеу мақсатында, жылдың әр
кезеңінде Ұлттық банк айналысқа бағалы қағаздарды шығару жолымен ақша
массасының өнімін стерилизациялап отырды.
Ұлттық банк мынадай негізгі қызметтерді атқарады:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада
мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және монеталардың монополиялық
элементі болып табылады, бағалы қағаздарды эмиссиялайды;
- Ел аумағында банктердің, еншілес банктердің ашылуына және филиалдары мен
өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты банктік операциялардың жекелеген
түрлерін жүзеге асыруға рұқсат қағазын береді;
- белгіленген тәртіпте банктердің бағалы қағаздарының эмиссиялау
проспектісіне мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиялау проеспектісіне
мемлекеттік тіркеуге дейін міндетті сараптама жүргізеді;
- банктердің қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және
пруденциалдық нормативтер белгілейді;
- Жалпы несиелер бойынша сыйақы пайыз мөлшерлемесін реттеуді жүзеге
асырады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директор, бас
аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық
бөлімшелері бар.
Ұлттық банктің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен
басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның
құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен
Президенттің бір-бір өкілі кіреді.
Жапонияның Ұлттық банкінің жоғары басқару органы басқарма болып
табылады және басқармаға мынадай негізгі қызметтер жүктеледі:
- мемлекеттік ақша-несие саясатын жасайды;
- банк қызметіне қатысы бар Қазақстан Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық
актілерін бекіту;
- банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім
қабылдау;
- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы
шешім қабылдау;
- алтын валюта активтерін басқарудың бағамын анықтау тәртібін бекіту;
- валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
- Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді
бекітеді;
- Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың
номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
- Ұлттық банктің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен
операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесімен бекітеді;
- сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
- Ұлттық банктің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты
қарастырады;
- Ұлттық банк туралы ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық
банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;
- банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін
бекітеді.
Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады.
Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.

1.2. Ұлттық банктің мақсаттары мен атқаратын қызметтері
Жапония Үкіметі Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты –Жапонияның ұлттық
валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Жапония үкіметінің Ұлттық Банкіне төлемдегі міндеттер жүктеледі:
- Жапонияның экономикалық дамуына және оның әлемдік
экономикаға кіруіне ықпал ететін ақша айналымы, несиелендіру, банк банк
төлемдері мен валюталық қарым – қатынасты ұйымдастыру саласында мемлекет
саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру;
- Тұрақты ақша, несие және банк жүйесін қамтамасыз ету;
- Банктер мен басқа да ұйымдар әрекетін реттейтін актілерді
қабылдау арқылы шетел шетел валютасын сату, сатып алу мен айырбастау
бойынша операцияларды жүргізетін ұйым клиенттері мен банк салымшыларының
мүдделерін қорғау мен олардың орындалуын бақылауға алу.
Жапонияның Ұлттық Банкі Жапониядағы ақша – несие саясатын қайта
қаржыландыру арқылы жүргізеді:
- Банктер мен шетел валютасын сату, сатып алу мен айырбастау
бойынша операциялар жүргізетін ұйымдар әрекетін бақылауға алады және
реттейді, оларға пруденциалды нормативтер белгілейді;
- Ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы Жапония шегіндегі банктердің
пайыздық мөлшерлеме деңгейін реттейді.
Ақшалай реттеу әдістерімен Жапония үкіметінде инфляцияны тоқтату
мүмкін болған жағдайда Ұлттық Банкі несие салымдарын шектеу мен банк
операциялары бойынша пайыздық мөлшерлерді өзгерту құқығына ие:
- Үкіметте есептесу тәртібі, жүйесі мен
түрін анықтайды, банк аралық есептесулердің капиталдық теңге арқылы уақтылы
және үздіксіз жүргізуін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің жұмысын
ұйымдастырады;
- Жапон үкіметінде валютаны реттейді және
бақылауға алады және барлық валюталық операцияларды жүргізуге құқықты;
- Барлық банктер мен шетел валютасын сату, сатып алу мен
айырбастау бойынша операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар мен клиенттер үшін
міндетті нормативті актілер шығарады;
- Заңда көрсетілген өкілеттілік бойынша валюталық
операциялардың жүргізілуі мен олардың ұсталуын бақылайды;
- Бақылау және реттеу қызметтерін қамтамасыз ету үшін
банктер мен шетел валютасын сату, сатып алу мен айырбастау операцияларын
жүргізетін ұйымдар үшін бухгалтерлік және басқа да есептер тізімі, түрі мен
мерзімін белгілейді;
- Төлемдерді реттеу мақсатында Жапония Үкіметімен келісіп банктер мен
барлық шаруашылық субъектілердің төлем, ағымдағы бюджет және тағы
басқа шоттарынан төлем жүргізу жүйелілігін белгілеуге құқылы;
- Ұлттық Банкіне жүктелген міндеттердің жүзеге асырылуына
ықпал ететін ұйымдарды құруға қатысуға құқылы;
- Банкнота мен монеталарды есепке алу, сақтау, тасымалдау
мен инкассация ережелерін белгілейді, банкнота мен монеталарды тасымалдау,
сақтауды қамтамасыз етуге қатысуды, банкнота мен монеталардың мемлекеттік
қорын қалыптастырады;
- Қазақстан Республикасы банктері мен өзіндік жеке балансын
тұрақты түрде жария етеді;
- Ішкі және сыртқы активтер бойынша есептеулер жүргізеді;
- Клиенттер мен банктер шоттарынан құжаттар болған
жағдайда, олардың келісімінсіз қателік жіберілген жағдайда қаржыны қайтару,
ұсынылған несие мен есептелген пайыз соммаларын қайтару мен несие келісім –
шартының жағдайлары орындалмаған жағдайда заем алушы шоттарынан қаржы алуға
құқылы;
- Жапониядағы басқа да банк жүйесі үшін мамандар
даярлауға қатысады;
- Ерекше жағдайда мемлекеттің бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға
несие – есептесу мен кассалық қызмет көрсетумен байланысты
операцияларды жүргізеді;
- Жапония Үкіметінің заңнамасына сәйкес басқа да
қызметтер, мүдде мен құқықтарды жүзеге асырады.
Ұлттық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас
органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың
мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген
өкілеттіктермен анықталады.
Ұлттық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы,
сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие банктердің банкі, соңғы
сатыдағы несие беруші ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық
саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие
саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең
өкілеттілік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Ұлттық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы
жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын
жүргізеді.
Ұлттық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі обьектісіне
экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның
динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің
өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады,
яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне
байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын
және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы
реттейді.
\

1.3. Жапонияның Ұлттық банкінің операциялары
Жапонияның Ұлттық Банкі шоттар мен құқықтық тәртібі, шоттарды ашу,
пайдалану мен жоба тәртібі мен жағдайларын бекітеді.
Жапонияның Ұлттық Банкі банк аралық есеп айырысуды уақтылы жүргізуін
қамтамасыз ету үшін төлемдерді шапшаңдату мақсатында клиринг және есептесу
ұйымдарын құруға құқылы.
Мемлекеттің Ұлттық Банкі мемлекеттік емес клиринг және есептесу
ұйымдарының әрекетіне лицензия береді және аталған ұйымдарды ашу, жұмыс
жасау мен қызметін тоқтату тәртібін реттейді.
Жапонияның Ұлттық Банкі төлемдегі операцияларды жүзеге асырады:
- жоғарғы санатты бағалы қағаздар менбасқа да активтермен қамтамасыз
етумен алты айдан аспайтын мерзімге несие береді;
- жоғарғы санатты чек, қарапайым және аударым векселдерін алты айдан
аспайтын мерзімде сатады және сатып алады;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алады және сатады;
- Жапония Ұлттық Банкі несиені қамтамасыз етуге жарамды деп есептеген
облигация, депозит сертификаттарды, дисконт және пайыздық бағалы қағаздарды
өтеу мерзімі бір жылдан аспайтын кезеңде сатып алады және сатады;
- депозит және есеп айырысу операцияларын жүргізеді, сақтау мен
басшылық ету үшін бағалы қағаздар мен басқа да құндылықтарды қабылдайды;
- Жанама қаржы құралдарымен операциялар жүргізіледі;
- кез келген валюта чектер мен векселдер ұсынады;
- қойылған міндеттерге сәйкес банк операциялары мен келісімдерді жүзеге
асырады.
Жапония Ұлттық Банкінің несиесін қамтамасыз ету үшін төлемдегі қаржы
құралдары қолданылады:
- әртүрлі пішіндегі алтын мен басқа да асыл металдар;
- шетел валютасы;
- өтеу мерзімі алты айдан аспайтын қазақстандық теңге мен шетел
валютасындағы жоғарғы соматтағы вексельдер;
- өтеу мерзімі бір жылға дейін қор биржаларында ресми бағаланатын
жоғарғы санатты қарыз қағаздары;
Сонымен қатар, директорлар кеңесі бекіткен жағдайларда басқа да
активтер мен тауарлы – нұсқама құжаттар да қамтамасыз ету құралы болуы
мүмкін.
Ұлттық Банкінің операциялары бойынша шектеулер .
Жапонияның Ұлттық Банкінің төлемдегі операцияларды жүргізуге рұқсат
етілмейді;
1. Банктік емес мекемелермен операциялар жүргізу мен жарлықта
көрсетілген жағдайлардан басқа банктер мен басқа да шаруашылық
субъектілерінің акцияларын сатып алуға.
2. Жапонияның Ұлттық Банкі мен оның бөлімшілері қызметін қамтамасыз ету
жағдайларынан басқа, жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүргізуге.
3. Ұсынылған несие мерзімін ұзарту немесе мерзімі аяқталған векселдер
қолданысына рұқсат етуге.

ІІ тарау Жапонияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегия
Сауда-саттық келіссіздері
Банкаралық несиелерді ресімдеу
Банкаралық несие
Инвестициялық банктердің портфелін қалыптастыру
Алтынвалюта
Ұлттық Банктің ақша - кредит саясатының құралдары
Коммерциялық банктер туралы ақпарат
Дамыған елдердің банк жүйесі
Банк жүйесінің дамуы
Пәндер