Еңбеккерлердің құрамының есебі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. “НИМЭКС” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІКТЕГІ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕМДЕР
ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Еңбеккерлердің құрамының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Жалақыдан ұсталатын
ұсталымдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5
1.3 Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін
ұйымдастыруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЕҢБЕККЕ ТӨЛЕМ АҚЫСЫ ЕСЕБІН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Негізгі көрсеткіштерді талдаудың мәні және оның мазмұны
... ... ... ... ... ...11
2.2 Шығындардың, сату көлемінің және табыстарының
арақатынасын талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3 Қаржылық қор бірлестігі, есеп рентабельділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
3. “НИМЭКС” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІККЕ ЕҢБЕККЕ ТӨЛЕМАҚЫ ЕСЕБІНІҢ
АУДИТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
3.1 Аудит, оның пайда болу мерзімі және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
3.2 Аудиттік ақпараттық базасының
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 24
3.3 Нақты тексерудің
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..29
КІРІСПЕ
Нарықтық экономикаға көшу кезінде экономиканың барлық сапаларында
түбегейлі өзгеріс болды. Сонымен қатар еңбек ақы төлеу жүйесі де өзгеріске
ұшырады. Мемлекет пен кәсіпорындар және жұмысшылар арасында еңбек ақы
төлеуді ұйымдастыруда жаңа қатынастар пайда болды. Нарықтық экономикаға
көшу кезеңі еңбек қатынастарын реттеу формаларынада өзгеріс енгізді. Ендігі
жерде еңбек қатынастарын реттеуші формалары заңгерлер арқылы тарифтік және
ұжымдық келісімдермен реттелетін болды.
Әрбір кәсіпорын өз алдында тұрған мақсаттарына жету үшін өзіне қолайлы
еңбек ақы төлеу жүйесін таңдауға құқылы.
Еңбек ақы төлеудің өзекті мәселелері – ол еңбеккерлерге еңбек ақы
төлеу мөлшерлерін төмендету және жоғарлатуға байланысты: еңбеккер әр
уақтада жоғары еңбек ақы алуға ынталы, бірақ жұмыс беруші еңбекақыны
төмендетуге сол жолмен өнімнің құнын арзандатуға әрекет етеді.
Еңбек күшін тиімді пайдалануда бірінші әсер ететін фактор –ол
еңбекке ақы төлеу жүйесі. Ал осы жоғарыдағы фактор еңбеккердің жұмыс орнына
келуге негізгі себеп болып табылады. Сол үшін бұл мәселені күрделілігін
бағалап болмайды. Еңбек және еңбекке ақы төлеу еңбектің сапалылығына және
санына жедел бақылау жүргізуге және еңбек ақы фондына әлеуметтік төлемдер
кезегінде өз алдына белгілі бір ерекешілігі болады.
Еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі. Еңбеккерлерге материалдық көмек
көрсетеді. Алынған табыстың құрамы негізінен еңбек ақы төлеу жүйесін
таңдауына байланысты болып келеді.
Таңдап алынған тақырыптың маңыздылығына кез-келген мемлекеттің еңбек
ақысына және өмір сүру кезеңіне байланысты болып келеді. Еңбек ақы көпшілік
адамдардың негізгі табыс көзі болып есептелінеді. Сол себепті еңбек ақымен
байланысты мәселелер жұмыс болып есептелінеді.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорын есебінің және
аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық
тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет:
Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды
мінездеме беру.
Еңбек ақы есептеу сондай-ақ одан ұсталынатын ұсталымдар және аударылатын
аударымдардың заңдылығын көріп шешу.
Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп жүргізуін еңбек ақы төлеудің
ұйымдастырылуының артықшылықтарын үйрену.
1. НИМЭКС жауапкершілік шектеулі серіктестіктегі еңбек ақы төлемдер
есері
1.1 Еңбеккерлердің құрамының есебі
Шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкрлерді жұмысқа қабылдап
және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс
барысында әртүрлі ауыз-түйістер болып тұрады. Қызметкерлердің құрамдық
өзгерісінің есебін кадырлар бөлімі (кадрлар жөніндегі инспектор немесе
басшы осыған өкілетті етіп қойған басқа бір адам ) жүргізеді, ол бүкіл
субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын
және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын,
кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс стажын,
білім және басқа белгілерін есепке алады [1].
Жұмыс беруші қабылдаған кезде ( заңды немесе жеке тұлға, еңбеккер мен
еңбек қатынасын қалыптастырады ) еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек
келісім-шарттарын жасайды.
Жеке еңбек келісім шарты – жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы
жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттың мерзімі, еңбек
тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да
мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады. Әдетте, жалақысының деңгейі жұмыс
беруші белгілейді және ол жеке еңбек келісімшартында тіркеледі.
Жеке еңбек келісім - шарты бойынша тараптардың жауапкершілігі,
міндеті, құқықтары белгіленеді. Жеке еңбек келісімшартында өндіріс
саласының кемшіліктері, нақты міндеті, жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі,
шарттың мазмұны мен сипаты ашылады [1,3].
Кез келген 16 жасқа толған азамат, осындай жеке еңбек шартын жасауға
құқылы, ал егерде ата-анасы рұқсат берсе, онда ол 15 жастан және өте сирек
14 жастан еңбек етуі мүмкін.
Жеке еңбек келісім-шартында мыналар қарастырылады:
- белгісіз мерзімге;
- белгілі мерзімге;
- белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
- еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша
атқаруға.
Заңда келісім-шарттың максимальды және минимальды мерзімі
белгіленбеуі мүмкін. Егер де жеке еңбек келісім-шартында мерзімі айтылмаса,
онда ол белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келісім –
шарты екі данада жазбаша түрде жасалады және оған екі жақ-та қол қояды.
Оның бір данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге беріледі. Еңбеккер өз қызметіне
келісім-шартта көрсетілген күнннен бастап кіріседі, онда оның нақты жұмысқа
шыққан күні есептелінеді.
Жеке еңбек келісім-шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскерден
(қызметкерден) еңбек кітапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын,
зейнеткерлік келісім-шартын, білімі туралы құжатын талап етуге құқылы. Жеке
еңбек келісім-шарты не қол қойылған соң, жұмыс беруші бұйрық шығаруы тиіс.
Жеке еңбек келісім-шартынан басқа жұмыс беруші қызметкерлермен
азаматтық - құқықтық келісім-шарт (мердігерлікті, тапсырысты және қызмет
көрсетуді және т.б) жасауына болады. Олар жеке бір нақты тапсырманы орындау
үшін жасалады. Азаматтық-құқықтық қатынаста қызметкер белгілі бір
тапсырманы орындаған кезде сол ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағынбайды
[2,3].
Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда ˝Еңбек шартының тоқтатылуы туралы
бұйрық (өкім)˝ қолданылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері барлық
қызметкерге екі дана етіп толтырады. Бірі кадрлар бөлімінде қалдырылады, ал
екіншісі бухгалтерияға беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы (
мастері) немесе ЖШС басшысы қол қояды. Бұйрықтың негізінде ЖШС-тің
бухгалтериясы қызметкермен есеп айырысады. Жұмыстан өз еркімен шыққанда
қызметкер үлгінің бет жағына арыз жазады.
Жұмысшылармен қызмешілердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін
сақтап жүруін бақылау , жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу еңбек
төлеі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөніндегі статистикалық есеп
беру үшін “Жұмыс уақыты есебінің табелінде” жұмыс істеп жүргендердің барлық
категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Табельді
өкілеттігі бар адам бір дана етіп жасайды, олар тиісінше құжатталған соң
бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс
күнінің толық істелмегені туралы, мерзімінен артық жұмыс істегені туралы
және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде дұрыс
толтырылған құжаттар (жұмысқа жарамсысдық парағы (листогы), мемлекеттік не
қоғамдық міндеттерді орындағаны туралы анықтамалар т.б) тіркеу әдісімен
жүзеге асырылады [3,4].
Жұмыс уақыты есебінің табельдері деректерді автоматты түрде өңдеу
жағдайында қолданылады. Ішінара реквизиттермен толтырылған табель
бланкілері компютерлік техника құралдарының көмегімен жасалуы мүмкін.
Мұндай реквизиттерге жататындар : ЖШС-тің құрылымдық бөлімшелері, цех,
қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, кәсібі (қызмет орны), табельдік
нөмірі тб. Жұмыс істеген немесе жұмыс істемеген уақытын белгілеу үшін
мынадай шартты белгілер қолданылады.
1.2 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар
Жалақы - бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында және қызмет
нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін
алады.
Еңбек тиімділігі арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап
айтқана: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын
ескере отырып, ˝Еңбекақы төлеу туралы˝ ережесін дербес әзірлей алады,
сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін ,
“Қызметкер туралы” ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге
еңбек тәртібін ұйымдастырумен еңбек келісім-шартын жасау үшін ғана емес,
сондай-ақ, ол шығыстармен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке
және ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.
Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгіленген жалақасының деңгейі заңда
белгіленген ең төмеңгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек.
Іс жүзінде еңбек ақы ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады
– кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (істеген күніне қарай
төлеу) [2,6].
Мерзімді еңбек ақысы деп, нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының
(айлығының) мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге
есептелетін жалақының нысанын айтады. Мерзімдік еңбек ақының нысаны жай
мерзімділік және сыйақылы-мерзімділік болып бөлінеді.
Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген (иеленген) тарифтік
мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыты бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы
есептейді. Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша
еңбек ақы сыйақылы-мерзімділік төлем болып табылады.
Кесімді еңбек ақы төлеген кезде алдын – ала белгіленіп қойған
деңгейде әзірлеген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне
есептейді (дана , ткм , килограмм тб) . Кесімді еңбек ақы нысаны келесідей
еңбек ақы жүйесіне бөлінеді:
Тікелей кесімді еңбек ақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын
қою арқылы белгіленеді ;
Кесімді-сыйлық – бұл қосымша марапаттау төлемін қарастырады,
белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;
Кесімді – прогрессивті (үдемелі) еңбек ақы төлемі. Еңбек төлемінің
бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін
көтермелеу ретінде пайдаланылады.Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін
жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді;
Жанама кесімді еңбек ақы төлемі. Мұнда қосалқы және басқада
жұмысшылардың еңбек төлемі қызметін көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі
жұмысшылардың төлем-ақысына шаққандағы процентімен анықталады ;
Еңбек ақы төлемінің аккортық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек
төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің орындалуы және алдын-
ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік
бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек
топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін
арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың
материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланылады [7,8].
Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар. Жұмыс беруші еңбеккердің жалақысынан
әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды : міндетті
зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару
парақтарын (сот үкімінің қағаздары бойынша), сондай-ақ еңбеккерлердің өзі
берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың
(еңбекерлердің) келісімінсіз : қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда
істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталады.
Табыс салығын ұстау. Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігі болып
саналады.Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға
жұмсалады.
Атқару құжаттары бойынша ұсталымдар. Сот шешімдері, нотариалдық
органдардың атқару жазбалары, сондай-ақ даусыз түрде өндіріп алу туралы
әкімшілік органдарының қабылдаған қаулыларға сәйкес берілетін атқару
құжаттары бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлемінен де, сондай-ақ тұрақты
сипаты бар барлық қалған төлемдерден де, оның ішінде сыйлықтардан,
зейнеақылардан, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша берілетін
жәрдемақылардан т.б. алынады. Келіп түскен атқару құжаттары арнайы тізімге
тіркеліп және әрбір төлеуші бойынша бухгалтериядан олардың жеке есебі
жүргізіледі [2,3,4].
Жинақ зейнеткерлік қорға міндетті зейнекерлік жарнасы еңбеккерлердің
жалақысынан, сыйлығынан, қосымша төлемдерінен, үстемесінен және басқада
табысынан 10% мөлшерде ұсталынады және оны жұмыс беруші атарған қорға
аударады.
Еңбек төлемінен алынатын кәсіподақ мүшелік жарналарының шегерімдері
қызметкерлердің жазбаша түріндегі арыздары бойынша жүзеге асырылады.
Қызметкерлердің еңбек төлемінен ұсталынған мүшелік жарналары тиісті
кәсіподақ ұйымдарының шоттарына аударылады.
1.3 Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру
Өндірім мен еңбек төлемінің есептері өндірілген өнім саны аяқталмаған
өндіріс пен шығарылған жарамсыз өнім туралы уақытында және дәл деректер
алуды қамтамасыз етуге; әрбір қызметкердің өндіріміне сәйкес еңбек ақы
төлемінің мөлшерін дұрыс және уақытында анықтауға; өндірілген өнімнің
материалдар мен өңдеуге жіберілген шала өнімдердің санына сәйкестігін
бақылауға; өндірістегі тетіктердің бөлшектердің және агрегаттардың
қозғалыстарын қадағалап отыру үшін қажет.
Өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастыруға, еңбек төлемінің
қолданылатын жүйесіне, өнім сапасын бақылауға, есеп пен басқа да жайларын
компютерлендіру деңгейіне қарай бастапқы құжаттар есебі мен үлгісінің
әртүрлі әдістерін қолданады. Әр түрлі өндірістегі өндірім мен еңбек төлемі
есебінің ұйымдастырылуын қарастырайық.
Жаппай – толасыз өндірісте және еңбекті бригадалық әдіспен
ұйымдастыруда өнім өндірімі мен еңбек төлемінің есебі, әдетте соңғы
операциялардан кейін өнімді қабылдап алудан бастап жүргізіледі.
Бригаданың әр бір мүшесінің өнім өндіру мастер немесе бригадир
толтыратын өндірім туралы айлық рапортта көрсетіледі [3].
Жұмысшыға еңбек төлемі оның операциялары бойынша өндіріміне сәйкес
есептелінеді. Бұл мақсаттар үшін төмендегі өндірім рапорттары мен
ведомостарын қолданады.
Бригаданың өндірімі туралы рапорт өндірілетін өнімнің белгілі бір
түріне жазылады, оның бір данасына өңделуі бойынша баға белгілейді. Ай бойы
немесе басқадай мерзімде бригада өндірімі – соңғы операциялардан
қабылданған өңделген тетіктер ретінде рапортта күн сайын көрініс тауып
отырады. Соңғы операциялардан кейін қабылданған өнім, жұмыс істеген уақыты
және жұмысшылардың разряды – осы үшеуі еңбек төлемінің есептелуіне негіз
бола алады.
Өндіріс туралы рапортты (жинақтау рапортын) жаппай өндірісте әр түрлі
мезгіл сайын қайталанып отыратын жұмыстарды істеуге келгенде бір немесе
бірнеше жұмысшының өндірімі мен еңбек төлемінің есебі үшін қолданады.
Өндірім есебінің тізімдемесін ай бойы бір текті жұмыс істеген бір топ
жұмысшыға (бригадаға жазады. Өндірім есебінің ведомосын ай бойында әртүрлі
жұмыс істеген бір топ жұмысшыға жазады.
Металургиялық және химиялық өнеркәсіпте бір не бірнеше аппараттың
немесе агрегаттың жұмысын жүргізетін бригада өндірімі есебінің тізімбемесін
қолданады; тау-кен өнеркәсібінде істелген жұмыстар есебінің тізімдемесін
жүргізеді.
Сериялық өндірісте өндірім және еңбек төлемі есебін бір сменадағы
өндірім рапортымен сәйкес келетін етіп, оларды маршруттық парағында
жүргізген жөн. Егер өнімдерді өңдеу ұзақтығы бір сменадан аспайтын болса,
бір рапортпен шектелуге болады. Маршруттық парақты тетіктердің топтарына
(партияларына) жазады, ол өндіріс процесінде өңдеу операцияларының бір-
біріне өтетін топ тетіктермен бірге ілесіп жүреді. Бұл жұмысшылардың
өндірімі мен еңбек төлемдеріне дұрыс есеп жүргізіп, бақылау жасап отыруға
септігін тигізеді. Бір сменадағы өндірім туралы рапорт өнімнің нақты
өндірімін көрсетуге арналған және еңбек төлемін есептеуге негіз болып
табылады. Маршруттық парақтардың деректе бойынша рапарт жазылады [3,6].
Маршруттық парақты өндірістегі тетіктердің қозғалысын жедел есептеп
отыруға, және өндірім мен еңбек төлемінің біріңғай құжаты ретінде
қолданады. Ол өндіріс процесінде тетіктер бабына ілесіп отырады. Маршруттық
парақтың жұмысшыларға еңбек төлемін есептейтін бір сменадағы өндірім
рапортымен сәйкестілігін сақтап, жұмысшылардың өнім өндірімін және
жалақыларын есепке алудың біріңғай құжаты ретінде қолданады.
Жеке және ұзақ сериялық өндірісте өндірім мен еңбек төлемінің есебі
кесімді жұмысқа жасалған нарядына жүргізіледі. Орындалатын тапсырманың
ұзақтығына қарай нарядтары сменаға немесе одан да ұзағырақ (бір айға
дейінгі) мерзімге жазады. Оны жазуға учаскенің технологиялық карталары мен
өндірістік бағдарламасы негіз болады.
Өндірісте байқалған жарамсыз өнімге “Жарамсыз өнім туралы актісін”
немесе аптаға ашылатын “Жарамсыз өнім есебінің тізімдемесін” жасайды. Егер
жарамсыз өнімді бұған жазықсыз жұмысшы жөндесе , онда оларға әдеттегідей
наряд жазылады да оған “Жарамсыз өнімнің жөнделуі” деген таңба басылады.
Еңбек жағдайының өзгеруінен туындаған бағаларға қосылатын төлемге
және өндіріс технологиясында ескерілмеген жұмыстарға қосымша төлем парағын
немесе ерекшелік белгілері (қағазға көлденең түскен қызыл жолақ) бар
кесімді жұмысқа жасалатын нарядтар толтырады. Парақтарда өндірім туралы
негізгі нарядтың немесе рапорттың нөміріне сілтеме жасап, қосымша төлемнің
әр бір түріне жеке жұмысшыға не бригадаға жызады.ЖШС те жұмыстың тоқтап
қалу және үзілістердің болу себебі ашылып , жұмыс уақытынан артық жұмыс
істегендердің табелімен бірге кәсіпорынның бухгалтериясына беріледі.
Қосымша төлемдер туралы мәліметтерде бухгалтерия ауытқушылық себептерін
тауып, қажетті шаралар қабылдау үшін цнх (кәсіпорын) басшылығына үнемі
ұсынып отыруға міндетті.
Мерзімінен тыс жұмыстар есебін мерзімінен тыс жұмыс істеген
адамдардың тізімінен тыс істелген жұмыстарға төлем төлеу үшін бухгалтерияға
береді.
Кідірістер уақытының есебі кідірістер есебінің парақтары негізінде
жүзеге асырылады, оларда кідіріс уақытын, себептерін және кінәлі адамдарын,
төлем проценттерін және жұмысшы туралы басқада мәліметтерін (тегін, атын,
әкесінің атын, разрядың, табельдік нөмірін) көрсетеді. Параққа мастер мен
цех бастығы қол қояды.
Қабылданып, тексерілгеннен кейін құжаттардың деректері еңбек төлемін
есептеу жөніндегі есеп айырыс-төлемнің тізімдемесін жасауға негіз болады
[3].
Есеп айырысу-төлем тізімдемесінің жасалуы. Бухгалтерияға келіп түскен
жұмыс уақыты мен өндірілген өнімнің есебі жөніндегі құжаттарды тексеріледі
де , тек содан соң есептік өңдеуге жіберіледі.
Әр бір жұмысшыға бір ай ішінде құжаттар жазылуы мүмкін. Бір айлық
жалақыны есептеу үшін жалақы есебінің жинақ карточкасы қолданылады. Онда
қызметткердің тегі, аты, әкесінің аты, табельдік нөмірі, цез, учаске,
құжаттарының толтырылған күні мен нөмірі, сағаттық нормасы, әрбір құжат
бойынша есептелінген жалақы сомасы, төлемдердің басқада түрлері
көрсетіледі. Карточка деректерін есеп айырысу төлем тізімдемесін жасау үшін
пайдаланады. Есепті жүргізу компьютерлендірілген жағдайда жинақ
карточкалары, сондай-ақ есеп айырысу төлем тізімдемелері де әдетте, бір
ғана жұмыс күнінде жасалады.
Еңбек төлемі боынша есеп айырысу “Корпорация НИМЭКС” ЖШС мынадай
құжаттарда: есеп айырысу-төлеу тізімдемесінде, оны сонымен қатар жалақы
беру үшін де пайдаланылады; есеп айырысу тізімдемесінде және жеке
толтырылған төлем тізімдемесінде; әрбір жұмысшыға жасалған еңбек төлемінің
арнайы есеп айырысуларында (бөлек парақтарда); жыл бойы пайдаланатын
кітапқа тігілген есеп айырысуы тізімдемелерінде жүргізіледі.
Еңбек ақыны есептегенде 3350 шоты кредиттеледі де, мына шоттар
дебеттеледі:
1340-шоты “Аяқталмаған құрылыс” күрделі құрылыспен шұғылданатын және
сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомаларына ;
7110-шоты “Тауарларды (жұмыстарды , қызметтерді) сату жөніндегі
шығындар” өнім өткізумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен
шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына ;
7210-шоты “Жалпы және әкімшілік шығындар” жалпы шаруашылық және
әкімшілік – басқармашылық қызметкерлеріне есептелінген еңбек төлемінің
сомаларына;
8110-шоты “Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы” негізгі өндірістегі
жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
8310-шоты “Қызметкерлердің еңбек ақысы” цехтар (жалпы өндірістегі)
қызметкерлерге есептелінген төлемінің сомаларына.
Басшылықтағы тұлғалармен есепайырысудың есебі. Басшылықтағы
тұлғалармен сеп айырысу үшін 3350 “Басшылықтағы тұлғалардың қарызы” шоты
арналған, онда мынадай тұлғалармен
есептеседі (басқарма мүшесі мен төрағасы, бақылау кеңесінің мүшесі
және ревизиондық комиссияның мүшесі және т.б.) Басшылықтағы адамдарға
есептелген еңбек төлемінің сомаларына 7210-шоты дебеттеледі де, 3350 шоты
кредиттеледі, ал оны төлеген кезде 3350 шоты дебеттеліп, 1010 шоты
кредиттеледі.
Есеп айырысу – төлем тізімдемесі – жиынтық құжат, онда есептелген
еңбек төлемінің барлық түрі және жұмыс істеп жүргендерге берілетін басқа да
төлемдер сондай-ақ күші бар заңдарға сәйкес жасалған ұсталымдар мен
шегерімдер жинақталады. Оны еңбек төлемі жөніндегі есеп айырысу деректері
негізінде жасайды. Тізімдеменің қызметкерлердің тегін, аттарын, әкелерінің
аттарын, олардың табельдік нөмірлері мен қызмет орындарын , разряттарын
немесе айлық ақыларын көрсетеді.
Тізімдеменің “Есептелді” деген бөліміне құжаттармен негізделген кесімді,
мерзімнен тыс т.б. төлемдердің есептелген сомалары еңзіледі. Ұсталынды
және есепке алынды деген бөлімінде табыс салығының сомасы, сондай-ақ
атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалары; несиеге сатылған тауарлар
үшін есепке алынған сомалар, еңбек төлемінің есебіне кіретін аванс және
басқа ұсталымдар еңгізілді. Салықты өткен айдың жалақысынан ұстайды. Айдың
аяғында тізімдемеге әрбір жұмысшыға берілуге тиісті сомасын шығарады [3,9].
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің еңбекке төлем ақысы есебін
талдау

Кез келген деңгейдегі шаруашылық субъектісін басқару үшін, оған
ғылыми жағынан негізделген жедел талдау жүйесін тұрақты түрде жүргізіп
отырудың керектігі жөнінде аз айтылып жүрген жоқ.
Сондықтан да көптеген экономикалық әдебиеттерде оның ролі мен алатын
орны туралы жан-жақты баяндалған. Бірақта ол өндіріс процесін басқаруда әлі
де болса тұрақты сипатқа ие болмай келеді. Осындай олқылықтарды жою үшін
академик Ветров А.А. біршама талпыныс жасаған болатын. Ветров А.А. ,
Стоянов Е.С жедел талдауға оң баға бере отырып, аталған талдаудың жаңа
қырын ашуға талпынған. Олар өздерінің анықтамаларында тиімділік пен
өнімділікке қатысты белгілеріне басты мән берген. Ал бұл белгілер өз
кезегінде , жедел талдау мен тығыз байланысты, атап айтсақ: функционалдық,
ұйымдастырушылық және арнайы белгілерімен.
Экономиканы дамыту мен қызмет етудің жетекші критериясы болып жалғыз
ағымдағы тапқан пайдасы ғана емес, сондай-ақ оның стратегиясы да болған
жөн. Бұл экономикаға мемлекеттің ықпалын және оның негізгі бағыттарын ,
елдің өз өндірісіне қызмет етуі үшін қолайлы жағдайларды туғызудың
кезектілігі және қажеттілігі келіп жеткендігін көрсетеді.
Өзінің спецификалық ерекшеліктеріне байланысты жедел талдау жоғарыда
келтірілген талдау әдісіндегі барлық қызметтерін орындап қана қоймай, оған
қоса инфляция жағдайында тез өзгеретін шаруашылық жағдайларын да ескереді,
демек барлық экономикалық процестердің басын біріктіріп, шын мәніндегі
оптимизациялауға кіріседі. Мұнда, кейбір ішкі өзгерістерді жеке-дара
алғанда, басқарушы есептің күшті және әлсіз жақтарын бағалау керек. Сонымен
аталған талаптардың бәріне жауап беру үшін шаруашылық субъектісі өз
қызметіне жедел басқарудың талдауын жүргізеді.
Жедел басқарушылық талдау – бұл ішкі ресурстардың ситуациялық
процесін және жоспарлаудың қисынды өзгерістерін, үйлесімділігін, яғни ШС-
нің бизнесіндегі ағымдық жағдайын бағалауға бағытталған талдау болып
табылады. Мұндай ресурстардан стратегияға қарай жоспарлаудың қисынды
әдісі Қазақстанның жағдайында да оң белең ала бастады.
Жедел басқарушы талдаудың шешуші кілті ол шаруашылық субъектісінің
күшті және әлсіз жақтарын анықтау болып табылады. Ал бұл өз кезегінде
шаруашылықтың ресурстарына , есептік жүйесіне және басқада стратегиялық
маңызы бар жағдайларына сүйенеді. Сондықтан да мұны көп жағдайда басқарушы
талдаудың мақсата немесе мәселені шешудің басты кепілі деп санайды.
Онда басқа, шарушылық субъектісінің күшті және әлсіз жақтарын
анықтауда, алдымен жекелеген бизнес-бірліктерінің және жекелеген
жауапкершілік орталықтарының күшті және әлсіз жақтарын зерттеуден бастайды.
Өйткені, әрбір жауапкершілік орталықтары бойынша күшті және әлсіз
жақтарының тізбегі қатаң түрде дербес тіркеледі.
Бірақта, экономикалық әдебиеттерде әлі де болса жедел талдаудың
әдістері толық қарастырып отырған жоқ, сондықтан оны есептік немесе
аналитикалық-бақылау қызметі ден дербес қарауға болмайды. Аналитикалық
бақылаудың осы бағыты өте аз зерттелгендіктен, оны қаржылық-экономикалық
талдаудан, оның жедел талдауын бөліп қарауға болмайтын сияқты. Бірақ, жедел
талдаудың мақсаты өндірісті басқарудың талдауымен әрқашан үйлесе бермейді
және ол біршама ауқымды болып келеді. Мұнда жедел талдаудың технологиясы-
әртүрлі қызметтердің түрлерін үйлестіру кезінде, басқаруды жақсартатын
қуатты құрал болып табылады.
Өйткені, жедел талдауды ұйымдастыру жүйесінің нәтижесі көптеген
критерийлерімен байланысты екені белгілі. Бұл жерде жедел талдаудың
көмегімен тек талдауда қолданылатын сол немесе басқа әдістерінің
басымдылығы емес, сондай-ақ жалпы ШС тиімділігі мен өнімділігі де
анықталады, сонымен қатар ол ішкі де , сыртқы да факторларына сүене отырып,
іс-әрекет жасайды және бір мезгілде ШС сол немесе басқа операцияларының
әрекеттері қаншалықты мақсатқа, үнемділікке, шындыққа сай екендігі
анықталады. Осы тұрғыдан алғанда, жедел талдау, шаруашылықтағы
операцияларды фотографиялаумен айналысатын сияқты және сол сәтте олардың
барлық жақтарын түсіріп алып, ШС-де болып жатқан нақты жағдайларын
салыстырып және соған сәйкес қортындылар жасайтын сияқты. Сондықтанда оны,
кейле әдебиеттерде жағдайлылық талдау деп атайды. Нақты шаруашылық
субъектілерінде әрекеттілік, үнемділік, рентабльділік, жаңалықтарды ендіру
сияқты нәтижелік критерийлердің әртүрлі комбинациялары кездеседі.Мысалы:
Ұйымдастыру жүйесі табысты болғанымен, бірақ оның өнімділігі мен үнемділігі
болуы мүмкін, немесе керісінше. Жедел талдау процесінде бұндай экономикалық
дамудың ерекшеліктері назардан тыс қалмайды.
Жедел талдауды пайдаланудың арқасында, басқарушылық шешімдерді
қабылдаудың мүмкіндіктері артады және ҮШ шығындарын бөліп көрсетуді
көздейді. Сонымен қатар, басқарушылық шешімдердің өзгеруімен бірге өзгеріп
отыратын шығындардыда бөліп көрсетіледі және олар белгілі бір білімдер мен
ептілікті қажет етеаді. Онымен қоса ол қолма-қол ақшаның болашақтағы ағынын
жақсартудың бірден – бір кепілі болып табылады. Қандай да бір жағдайдың
өзгеруіне шығындардың сезгіштігі “шығындар қозғалысы” деп аталатын
жинақтаушы термині арқылы көрсетіледі.
Шығындар қозғалысының маңыздылығын көрсететін бір мысалға тоқталайық.
Кез-келген шаруашылық субъектісінбе басқарудың маңызды мақсатының бірі,
жасалған операциялардан қолма-қол ақшаның максималды санын табу болып
табылады. Басқарушылар максималдыақша ресурстарын алуға болатын, өндіріс
көлеміне жету үшін, барлық күш жігерін жұмсайды. Сондықтан, өндіріс
көлемінің деңгейінде шығындардың қозғалысы туралы мәліметтер, оптималды
шешімдерді жоспарлауда жетекші роль атқарады.
Осы кезге дейін, біз саналы түрде белгілі бір шығындарға “жарлықты
жапсырудан” қашқақтап келдік. Егер шаруашылық субъектісінде жұмсалатын
шығындар қолма-қол ақша ағынының болашақтағы өсіміне қолайлы септігін
тигізсе, онда ондай шығындардың мәселесә шешілуі тиіс деп келдік. Бірақта
тәжірибеде шығындардың барлығы ұқсас, біркелкі қозғалыста болады,
сондықтан олардың жіктемесі осы қозғалысы бойынша біріктіріп жасау керек.
Мысалы; әртүрлі топтар бойынша шығындарды жіктеу және орналастыру олардың
ең маңыздысын анықтауға көмектеседі. Олар, яғни топтастыру жіктемесі
“шығындар-көлем-табыстар” тіркемесі бойынша , яғни зиянсыздық нүктесі,
ауытқулар және т.б. осы сияқты нысанда көрсеткен маңызды.
Тиімділікті және өнімділікті жедел басқару үшін, өзінің талдау
процедурасына өткен кезеңдерде алынған өндірістік және еңбек ресурстарын
кіргізеді [8,12].

Шаруашылық серіктестігінің шаруашылық қызметіндегі басты экономикалық
көрсеткіштердің келесі тобы – шығыстар, сатылған өнімнің көлемі және
табыстар болып бөлінеді және солардың ара қатынасын, яғни оптималды
деңгейін сақтап басқарудың ең тиімді деңгейін сақтап басқарудың ең тиімді
жағдайын қалыптастыру керек. Егерде өндіріс көлемі анықталса, онда ол
тапсырыстар портфеліне сәйкес, талдаудың арқасында, баланстық пен таза
пайданың белгілі бір деңгейін анықтауға және соның көмегімен НИМЭКС ЖШС
өздерінің шығындарын және сату бағасын есептеуге мүмкіндік алады.
“Шығын-көлем-табыс” тіркесінің арақатынасын талдау – бұл
менеджерлердің қолдарында бар ең күшті құралы болып саналады. Кейде
өндірістік левериджі (тетігі) деп те атайды.
Бірақта, басқару моделі, сату көлемінің, шығынның және табыстың
арақатынасын зерттеуге негізделеді және оны тым көбірек тар мағынасында,
талдаудың сындарлы нүктесі ретінде түсіндіріледі. Сындарлы көлемі, бұл сату
көлемінің тап сол нүктесі, онда барлық өнімді сатқаннан түскен түсім мен
шығын теңдестіріледі, яғни ол жерде табыс та , зиян да болмайды. Бұл
жағдайды “түйісу” немесе зияндық нүктесі, немесе теңдік нүктесі деп атайды.
Ақша ағымы бойынша бейнелейтін болсақ, онда ондағы зиянсыздық нүктесі бұл
не ақшалай қалдықта, не овердрафта жоқ жағдайды көрсетеді. Әдебиеттерде осы
нүктені ВЕР ретінде, яғни рентабльділік нүктесі ретінде өте жиі
кездестіруге болады.
ШС қысқа мерзімдік басқару режимінде қабылданатын шешімдердің
көпшілігі осы ара қатынасты зерттеуге негізделеді.
Экономикалық әдебиеттерде қозғалып отырған мәселені шешу үшін ,
маржиналдық әдісін де қолданады.
Маржиналды табыс тәсілі (жалпы табыс) – бұл әдіс теңдік тәсілінің
баламасы болып саналады.
Маржиналдық табыс тек қана тұрақты шығыстарды жабу үшін ғана емес,
сондай-ақ пайда алуға да жеткілікті болғаны абзал. Бұл кезде зиянсыздық
нүктесін анықтау процесі бірден екі мәселені шешуге мүмкіндік береді [11].
ЖШС өзінің зиянсыздық нүктесін анықтағаннан кейін, одан әрі қарай
қызмет ету үшін, ол өзінің беріктілік зонасын анықтауға кіріседі, яғни
рентабльділік деңгейін ойластырады. Бұл арада басшының алдында мынадай
мәселелер тұрады: біншіден, сату бағасын немесе сатылған өнімнің көлемін
өсіру; немесе, яғни екіншіден, айнымалы немесе тұрақты шығындардың деңгейін
төмендету; үшіншіден, олардың комбинациясын жасау; төртіншіден, кәсіпорын
өзіне қолайлы өндіріс көлемін табу. Осы мәселелерді шешу барысында ,
болатын әртүрлі өзгерістердің сезгіштігін де талдау керек. Бұл әдістің мәні
маржиналдық табыстың тұжырымдамасынан шығады.
Зиянсыздық нүктесі (3Н) табу үшін тұрақты шығынды, маржиналды
табыстың үлесіне бөлінеді.
Шығындардың, сату көлемінің және табыстардың ара қатынасын талдаған
кезде, біз мынадай шектеулерге тап боламыз, атап айтсақ:
- Шығын мен сатудан түскен табыстар өндіріс деңгейіне тікелей тәуелді болып
келеді;
- Жалпы масштабы бойынша еңбек өнімділігі, өзінің бір қалаптылығын
сақтайды;
- Айнымалы шығын мен баға тұтас есептік кезең бойында өзгермейді;
- Өндірілетін өнімнің құрылымы айтарлықтай өзгеріске ұшырайды;
- Өндірісте дайын өнімнің қалдықтары болмайды, өткені олар қандай көлемде
өдірілсе, сондай көлемде түгел сатылады;
- Айнымалы мен тұрақты шығындарының бағытын нақты өлшеу мүмкіндігі туады;
- Зиянсыздық әдісі өндірістің левериджін зерттейтін тәсіл, және ол болашақ
кезеңнің шығындарына басты назарды аударады [11,13].
2.3 Қаржылық қор бірлестігі, есеп рентабельділігін талдау
Зиянсыздықтың деңгейіне қол жеткеннен кеін, кез келген шаруашылық
субъектісі өзінің рентабльділігін ойлайды және сол табалдырықты қалай
аттаудың жолдарын қарастырады, демек өз шаруашылығының беріктілігін жасауға
кіріседі.
Мұдай жағдайлар өндірістік тетіктердің эффектілігімен байланысты
болып келеді. Өндірістік тетіктің эффектісінің негізінде тұрақты
шығындардың ШС қаржылық нәтижесіне тигізетін әсерін зерттеуден басталады.
Тұрақты шығындарды жабуға арналған табыстар жеткіліксіз болған жағдайда, ШС
зиян шегеді. Тұрақты шығындарды жабуды қамтамасыз еткеннен кейін, яғни
қажет өндіріс көлемінің деңгейіне қол жеткеннен кейін, оны одан әрі қарай
арттырудың табыс алу жолдарын іздестіреді.
Сонықтан зиянсыздықты талдау кезінде, рентабльділіккеқалай жетудің,
яғни табыстылықтың табалдырығын калай аттаудың шараларын іздестіреді, ол
кезде рентабльділіктің көрсеткіші нөльге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz