Жеке адамның психологиясы туралы теория


Жоспары
1) Кіріспе
2) Негізгі бөлім
1. 1. Жеке адам туралы түсінік
1. 2. Жеке адамның психологиясы туралы теория
1. 3. Адамның негізгі түрткілері
1. 4. Темперамент туралы жалпы түсінік
3) Қорытынды бөлім
Кіріспе.
Психология ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: «псюхе» - қазақ тілінде «жан», «логос» - «сөз», «ұғым», «ой» деген сөздердің мәнін береді. Осы екі өзді қоссақ: жан туралы ғылым деген мағына туады. Мұндай ұғым психология тарихында көп уақытқа дейін орын алып келген. Оны-жан құбылыстарын зерттейтін ғылым деп түсінген. Жан туралы осындай ұғым адам баласының, қоғамның өсіп дамуының жоғарғы сатысында ақыл - ой қызметінің дене еңбегінен ажырап, екеуінің арасында айырмашылықтар туа бастаған кезде ғана жан туралы әр түрлі ұғым болған. Мысалы, ерте замандағы адамдар өздерінің дене мүшелерін, оларда болатын физиологиялық құбылыстарды (жүрек қызметі, қан айналысы, демалу т. с. ) жан деп түсінген. Себебі олар кейбір дене мүшелерінсіз күн көріп, тіршілік ете алмайтынын білген. Мәселен аяғы жоқ адамның тіршілік етуі қиын, баратын жеріне бара алмай, жауларын көргенде қашып құтыла алмайды. Ал егер қол болмаса тамақ тауып жей алмай, қару алып, жыртқыш аңдарға қарсы тұра алмайтын еді. Аш адамға жағымсыз сезімдер пайда болып, көңіл күйі болмай жөнді қызмет істей алмайды, ал тамағы тоқ адамның көңілі көтеріңкі болып, жағымды сезімдер туады, осыған орай олар кейде құрсақты да жан өрісі деп санаған. Адам тірі кезінде жүрегі соғып, қаны жүріп, дем алып тұрса, өлген соң бұл әрекет тоқтайтындықтан адамдар жүректің соғуын да, қанның жүрісін де жан деп білген. Сөйтіп, қорыта айтқанда, жан туралы жұрт арасындағы ең алғашқы ұғым тұрпайы материалистік сипатта болған.
Психологияда адамның жан дүниесінің ғылыми негізінде зеттеудің орнына, тек қана жан деген не, оның қандай қасиеттері бар, адам өлгенде онымен бірге жаны да өле ме, жоқ па, егер өлмейтін болса ол қайда кетеді, қандай адамның жаны тозаққа барады, бір иненің ұшына неше періште отыра алады немесе бір иненің көзінен неше періште өте алады дегендей құрғақ, ешкімге керексіз мәселелермен шұғылданатын ғалымдар көбейе түсті. Мұндай психология - жанды материямен ешбір байланысы жоқ абсолюттік ұшы-қиырсыз, еш уақытта өзгермейтін субстанция (негіз) деп білді.
Негізгі бөлім.
- Жеке адам туралы түсінік.
Жеке адам - әлеуметтік қатынастармен санала іс - әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым - қатынас жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән - мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен ( от басы, мектеп тағыда басқа ) тығыз байланыста. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алддымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай - ақ оның қандай көзқарасы, наным - сенімі, бағыт - бағдары, білімі мен іс - тәжірибесі, икем -биімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды - көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз. Ер жетіп, ес білетін кісінің өмір жолын, ұстаған бағытын білдіретін мотивтер ( түрткі, себеп ) көп.
Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол - адам саны ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.
Табиғаттағы ақыл - ой мен сана иесі - адамның өзіндік сипат - белгілері - оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым - қатынас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілермен байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі. Өзін қаршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып білу иесі (субектіге) айналады.
Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл - иесі ауысқан жынды да дара адам (индивид) болып саналады. Осындай ерекшеліктермен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым - қатынас жасайды. Осындай іс - әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір - қасиеттері қалыптасады.
Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс - әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл - әрекетіне оның мінез - құлқына, ниет - тілегі мен бағыт - бағдарынан айқын байқалады. Ниет - тілектердің мәні адамның тіршілігіне, іс - әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа байқалып тұрады.
Сыртқы нәрселер мен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдай мен ыңғайласып, адамға жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара өзгешелігін білдіретін қасиеттер - темпераменті мен мінезі, психикалық процестерді басынан кешіруі, сезі күйлері мен іс - қимылы және қабілеті бірдей адамдар жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез құлық ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп, отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз. Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл - ой сапасы, қызығуының баста бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды. Әр түрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай тұлғалық қасиеттері көрсетеді. Сондай - ақ, мұндай, тұрақты қасиеттер жеке адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгеріп те, жаңа сапаларға ие болып та отырады.
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. Оның бірі - әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл - адамдардың типтік мақсаттарыен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі - сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор - адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиолигиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор - адамның жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім - тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін - бірі толықтырып отырады.
Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі - оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар - мақсатымен, өмір - тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі - Австрия ғалымы З. Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстиктті әрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін - өзі сақтау инстиктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, өзінің мінез құлқын саналы түрде басқарады. Алайда, З. Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның белсенділігі сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға алмайды деп, «Эдип комплексі» дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек жазушысы Софоклдың «Эдип патша» атты шығармасының сырын уағыздайды.
Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен де, З. Фрейдтің адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін дәлелдеп беруінің өзі - айтарлықтай жаңалық. Дегенмен, оның белсенділік әрекеттің қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін. Пікірін көптеген шетелдік психологтар орынсыз деп санады. Атап айтатын болсақ, А. Кординер, Е. Фромм, К. Хорни т. б. Фрейд көзқарасының кемшілігін ашып көрсете алмаса да, өздерінше «жаңа Фрейдизн» деген ағымды тудырды.
«Жаңа Фрейдизн» ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады. «Жаңа Фрейдшілдердің» ойынша, тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығын іздейді, соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ие болады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады. К. Хорни адам қоғамынан аулақ болып, ғашығымен мұңдасып, оңаша сырласқысы келеді дейді. Сөйтіп, «жаңа фрейдшілдер» адамның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық өң береді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс-әрекеттері ғылыми - материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын. Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерін қанағаттандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекеттерімен ұштасады.
«Қажеттілік» дегенді қалай түсінеміз? Қажеттілік - адам белсенділігінің негізгі себебі және іс - әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім - тәрбие ықпалымен қалыптасып, адамның материалдық, рухани, қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұдай қанағаттандыру қоғамдық - даралық сипатта болып, қажеттілік тектік белгісіне орай табиғи және рухани - мәдени, ал сол заттарды ұстап - тұтыну сипатына қарай материалдық және рухани қажеттіліктер болып бөлінеді. Материалдық - заттық қажеттіліктерге тамақ, киім-кешек, тұрғын - үй, тұрмыс заттары жатады. Рухани қажеттілік адамның басқа адамдармен әңгімелесіп пікір алысу, білімін көтеріп, кітап, газет - журнал оқуы, өнер түрлерін үйренуі т. б. мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылы жүзеге асады. Қажеттіліктер тегі мен адам санасының тарих дамуына орай және оларды тұтыну обьектісіне сәйкес түрлі - түрлі болып бөлінеді.
1. 2. Жеке адам психологиясы туралы теориялар.
Жеке адам, оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ерте кезде, Грецияда пайда болған. Ең әдепкі кезде пайда болып жайылған теорияның бірі - материалистік теория, мұны жақтаушылар Греция философтары Аристарах Эпикур. Бұл теория бойынша, адамның әрекеттері, Қылықтары, оның жағымды сезімдерге ұмтылып, оларды қайтарып тастаумен байланысты. Олардың айтуы бойынша, адам өзінің тұрмысында, тіршілігінде әрқашан да жағымды сезімдерді тудырып, сол сезімдер үшін әрекет ету, соған ұмтылу, жағымсыз сезімдерді жоюға талпынады. Бұл теорияны жақтаушылар 18-ғасырдағы француз материалист - ағартушылар болып табылады. Олар жағымсыз сезімдерге қарсы шығып, дүниенің ең қызықты ешбір алаңсыз өмір сүріп, дүниенің бар қызығын көріп қалу, сол себептен адамдар өздерінің тұрмысында жағымды сезімдерге көбірек ұмтылып, оларды қайтарып тастауы керек дейді.
Француз психологтары мұқтаждық туралы физиологтялық теорияға негіз салды. Бұлар адамның мұқтаждықтары тәнде болатын түрлі биологиялық және физиологиялық ағымдармен байланысты, мұқтаждық адамның тәнінде болатын биологиялық жағдайларды санадан өткізіп таниды дейді. Бұл биологиялық теория, олар еш уақытта адамның мұқтаждығын биологиялық, физиологиялық ағымдарға апарып теңеуге болмайтындығын ескереді.
Сексуалдық теория. Немістің оқымысты психоналистік - психоневрологі З. Фрейд (1856 -1939) адамның мұқтаждықтарын ынтығуларға, яғни құмартуларға апарып теңейді. Оның айтуынша, адамның екі түрлі ынтығулары болады. Бірі - сексуалдық, яғни жыныстық ынтығы; екіншісі - «мендік», яғни өзін - өзі қорғауға ынтығу. «Мендік», яғни өзін - өзі қорғауға ынтығуы сексуалдық ынтығудан кейін пайда болады. Ол адамның өзін - өзі қорғануына, өзінің өмір сүруіне керекті ынтығу болып есептеледі. Фрейдтің айтуынша сексуалдық, яғни жыныс құмартулары өте ерте кезде пайда болады. Олар адамның әрекеттерінің, қылықтарының барлығына негіз болып, соларды басқарып отырады. Адам қасиеттері материалдық және рухани қажет болып екіге бөлінеді.
Адамда екі түрлі күш бар: бірі - биологиялық күш, ол жыныс ынтығуы, екіншісі - әлеуметтік. Біріншісі - санасыз, екіншісі - саналы. Осы екі күштің арасында күрес болады. Бірақ күресте биологиялық, санасыз күш жеңіп шығады, себебі - ол саналы күштен ертерек пайда болып, оның биологиялық жағы күштірек болып, адамды басқарып отырады. Адамның жыныс ынтығулар, яғни құмартулары өте ерте кезде пайда болып, бірнеше кезеңнен өткен. Мысалы, емшектегі балалардың да өзіне лайықты жыныс ынтығулары болады. Мұны баланың анасының емшегін емуінен байқауға болады. Не болмаса, жас балалардың жыныс мүшесін сипаса, оларда жағымды сезімдер пайда болады. Екінші кезеңде балалардың жыныс ынтығуы, өздерінің жеке тән мүшелерінің сұлу көркемдігіне құмартады, бұларды бір түрлі әуес көріп, өзін - өзі жақсы көре бастайды. Үшінші кезеңде баланың ынтығуы басқа жеке заттарға беріледі. Бала түрлі заттарды, болмыстарды жақсы көріп, соларға құмар болып, ынтығып отырады. Төртінші кезеңде балалардың ынтығулары өзіне қарама - қарсы жынысты адамдарға беріледі. Мұндай балаларда кәдімгідей жыныс сезімдері ояна бастайды.
Фрейдтің айтуынша, ынтығу іштен туады, ол биологиялық, яғни адам тәніне ерте бастан берілген, өзінен - өзі пайда болып отыратын күш. Бұл күш еш уақытта сыртқы жағдайдың әсерінен пайда болмайды. Сөйтіп Фрейдтің теориясы бойынша, адамның жыныс ынтығулары барлық әрекеттеріне негіз болып, оларды басқарып отырады. Өйткені ол әлеуметтік дамудың жемісі емес, биологиялық дамудың жемісі, адамның әрекетін мұқтаждықтары меңгермейді ынтығулары меңгеріп отырады, - дейді. Құмарту, ынтығу жайлы тағы бір теорияда адам әрекеттерінің негізі оның санасы, ойы, көңілі, қылығы, еркі тағы сол сияқты психикалық күйі делінеді.
Неміс психологы Курт Левин (1890 - 1947) адам сыртқы дүниедегі әсер етуші заттардың ықпалында болып, еріксізден - еріксіз әрекет етеді дейді. Егер адамның алдында суы бар графин тұрса, сол су адамға бір түрлі әсер етіп, өзіне тартады, адам еріксізден барып суды ішетін болады. Адам сыртқа әсер етуші заттардың құлы солардың ықпалында ғана болады деген тұжырым айтқан.
1. 3. Адамның негізгі түрткілері.
А. Мұқтаждық.
Адамның бір мұқтаждығының қанағаттанып, оның орнына басқа мұқтаждық пайда болуы оның өмір сүруіне, әрекет етуіне өте керекті шарт болып табылады. Егер адам өзінің мұқтаждықтарын қанағаттандырумен ғана тынатын болса, онда өмір сүрудің, тіршілік етудің айрықша керегі де болмас еді. Адамның қоғамнан да мұқтаждығы болмаса, қоғамның алға дамып отыруы да болмас еді. Сол себептен мұқтаждық, я қажеттілік адамның болсын, қоғамның болсын прогрессивтік түрде өсіп, алға дамып кетуіне өте керекті күш болып табылады. Адам баласы түрлі қоғамдарда өзінің мұқтаждықтарын еш уақытта толық қанағаттандырған емес.
Қоғамның өндірістік қатынастар мен өндіруші күштері, олардың дәрежесі қоғамның түрлі мұқтаждықтарына пайда болуына себепші болып отырады. Бірақ олардың өздері адам қоғамына сүйеніп, солардан пайда болады. Адамның санасы да, тілі де мұқтаждықтан пайда болған. Бір - бірімен қатысып, байланысып отыру үшін тіл қажет. Егер адамдарда мұқтаждық болмаса, тіл де, сана да, болмас еді. Бірақ тіл мен сана өздерінің дамуында адамның қажеттіліктеріне әсер етіп және қажеттіліктер пайда болдыруға себепші болып отыруы мүмкін. Адамның рухани мұқтаждықтарының негізіне материалдық мұқтаждықтар жатады. Ең алдымен, адам өмірінің материалдық мұқтаждығын орындауға жұмыла кірісіп, әрекет етіп отырады да, сонымен бірге бара-бара ол мұқтаждықтар рухани, моральдық мұқтаждыққы айналып отырады. Мысалы, адамдарда киімге мұқтаждық пайда болған кезде адамдар өзінің денесін суықтан сақтауға әрекет етіп киім табатын болған, бірақ бұл бара - бара қоғамның дамуында бұрынғы материалдық мұқтаждықтан рухани мұқтаждыққа айналады. Адамдар бара - бара киімді өздерінің абыройын жабу үшін, кейін сән үшін де кие бастайды.
Рухани мұқтаждықтар материалдық мұқтаждықтарға негізделіп пайда болғанмен, рухани мұқтаждығына әсер етіп және материалдық мұқтаждықтардың дамуына себепші болып отырады. Мұқтаждық, яғни қажеттілік адамның барлық әрекеттерінің қылығының себепшісі болып, оларды дамытушы күш болып табылады. Адам дүние табуда да, техниканы, өнерді, мәдениетті дамытуда болсын өзінің, қоғамның мұқтаждығына сәйкес әрекет етіп отырады. Егер адамда мұқтаждық, яғни қажеттілік болмаса, алдына мақсат қойып, істейтін ешбір әрекеті де, қылығы да болмайды. Түбінде адамның мұқтаждығы өз қылығының, әрекеттерінің негізі болып, соларды басқарып, меңгеріп отырады. Адам тіршілік етіп, әрекет ету үшін өмір сүру керек. Бірақ адам өмір сүру үшін тамақ, баспана, киім, су сияқты нәрселер қажет. Бұл жөнінде Маркс пен Энгельс «Неміс идеологиясы» дейтін шығармасында: «Адам тіршілік ету үшін өмір сүруі қажет. Адам өмір сүріп, тарихта жасауы керек. Бірақ бұл үшін ең алдымен ас, су, үй, киім және осы сияқты нәрселер қажет» дегенді айтады. Егер адамдар осы айтылған нәрселерді пайда болдырмаса, оларды жасамаса, осы айтылған мұқтаждықтарын қанағаттандырып отырмаса, адам адам болып күн көре алмай, өмір де сүре алмас еді. Жоғарыда айтылған нәрселерсіз адам өмір сүре алмайтын, тіршілік ете алмайтын мұқтаждықтар болып табылады.
Адам өмір сүруіне керекті жағдайды және негізгі мұқтаждықтарды екіге бөлуге болады: 1) материалдық мұқтаждықтар, оларға айрықша баспана, киім - кешек тағыда басқа осы сияқты нәрселер еніп отырады; 2) рухани мұқтаждықтар: бұларға адамның басқа адамдармен қатынасын, қоғамда болуы, бостандықта болуы, өзін еркін сезінуі т. б. кіреді. Адам түрлі заң есесінде тіршілік ету үшін онда зат алмасуы қажет. Адамның ішкі дене мүшелері әрекет етіп отыруы тиіс. Егер адам тамақтанбаса, өзінен қашқан қуатты қайтарып, орнына келтіре алмайды, ішкі дене мүшелері әрекет ете алмас еді. Адам өмір сүріп, тіршілік те ете алмайды. Егер адамда баспана, үй болмаса, денесін жылыта да алмайды, суық тиіп, тоңып, өліп қалады. Сол себептен біз бұл қажеттерді өте керекті, негізгі мұқтаждықтар деп атаймыз.
Адам - қоғамның жемісі. Адамдар бір - бірімен қоғамдасып, еңбек ету арқылы ғана адам болған, қоғамсыз, еңбексіз адам күн көре алмайды. Әр уақытта адам басқа адамдармен қатынасып, солармен бірге байланыста болып, еңбек етіп отыруы керек. Егер адам жалғыз өзі болса, ол тіршілік етіп, адам қалпында қалуы екіталай, сол себептен адамдардың бірі мен бірі қатынасып, қоғамшыл болып отыру рухани мұқтаждықтарының ең керекті негізгі түрі болып табылады. Адамның көңілдегідей әрекет етіп тіршілік жасауы үшін бостандық қажет. Егер адамда бостандық болмаса, ол еркін өмір сүріп, еңбек етіп, тіршілік ете алмайды. Сол себептен адамдардың бостандығын жою, абақтыға қамау, жер аудару сияқты әрекеттер оларға берілетін жазаның ең бір қатаң түрлері болып табылады. Хайуанаттарда да мұқтаждық бар. Бірақ олардың мұқтаждықтары - биологиялық мұқтаждық. Хайуанаттардың қылығының барлығы биологиялық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған, сол себептен адамдағы тән әлеуметтік мұқтаждықтар оларда болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz