Кәсіби бағдар берудің мазмұны


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар

берудің теориялық аспектілері 5

1. 1 Білім беру жүйесінде кәсіби бағдар беру түсінігі 5

1. 2 Кәсіби бағдар берудің мазмұны 6

2 Кәсіби бағдар берудің негізгі бағыттары 9

2. 1 Оқушылардың саналы түрде мамандық

таңдауында ата-ананың алатын орны 9

2. 2 Қолданбалы курстар мәселесі және оны оқыту 11

3 Тәжірибелік бөлім 15

Қорытынды 26

Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Кіріспе

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім - тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау педагогика ғылымы мен озат тәжірибенің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.

Өскелең ұрпақтың білімі әлеуметтік - мәдениетке сәйкес болуы қажет. Елбасының 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауының «Осы заманғы білім беру және білікті кадрлар жүйесін дамыту» деп аталатын бөлімде: «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.

Ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды шарты бұл әлеуметтік бәсекелестік үрдісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім» - деп атап көрсеткен.

Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.

Балаларға мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер П. П. Блонский, Г. Н. Стычинский, В. А. Сухомлинский, Ю. П. Сокольников, А. П. Сейтешов Г. А. Уманов, Л. К. Кермов және олардың шәкірттері баланы жас кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-аналар, психологтар мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап көрсеткен.

Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері көмегімен баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада қызмет атқаруға икем екенін болжамдап береуге болады.

Атап айтсақ, темпераментті зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тестері, Басса-Дарки, Шмишек, Филипс жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері, таным процестерін зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін анықтау әдістемелері көмегімен әр адамның жеке даралық психофизиологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға болады.

Сонымен қатар коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу және барлық бағаланған қасиеттерді дамыту және қалыптастыру жолдары да анықталған.

Дегенмен мектеп тәжірибесінде психологиялық қызметтің енді аяқ алып келе жатқанына байланысты оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету сирек кездеседі. Психолог бар жерде олардың арсеналында қажетті психодиагностикалық әдістемелер тапшы. Ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдар беру проблемасын шешу жолдары онша айқындалмаған.

Сондықтан осы актуалдық проблеманың бір мәселесіне толығырақ түсініп, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу жолдарын анықтап алу үшін жұмысымның тақырыбын «Жоғары сынып оқушыларын мамандықты тандауға бағдарлау» деп анықтадық

Зерттеу жұмысының мақсаты: жоғары сынып оқушыларын мамандықты тандауға бағдарлау

Зерттеу мақсатына сайкелесі міндеттері анықталды:

Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен, әдістемелермен жұмыс істеу;

  • Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық аспектілерін ашу;
  • Білім беру жүйесінде кәсіби бағдар беру түсінігіне талдау жасау;
  • Қолданбалы курстар мәселесі және оны оқыту ерекшеліктерін көрсету;
  • Кәсіби бағдар берудің негізгі бағыттарына талдау жасау;
  • Оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауында ата-ананың алатын орнын көрсету;
  • Тәжірибелік жолмен жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің ерекшеліктерін көрсету;
  • Арнайы әдістемелері зерттеу.

Зерттеу объектісі жоғары сынып оқушылары

Зерттеу пәні жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдар беру ісіне қатысты психологиялық және педагогикалық құбылыстар, байланыстар.

Зерттеу болжамы: егер жоғары сынып оқушылары мектепті аяқтау алдында болашақ мамандығына аяқ басатын кезінде дұрыс бағдар алатын болса, олардың таңдауы сәтті болып келешекте елімізге жоғары кәсіби және өз кәсібін шын ниеттен жақсы көретін маман әкеледі.

Зерттеу базасы: Павлодар облысында Ленинский ауылының № 33 орта жалпы білім беру мектебінің 9 -11 сынып оқушылары

1 Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық аспектілері

1. 1 Білім беру жүйесінде кәсіби бағдар беру түсінігі

Бағдарлы оқыту - оқушылардың қабілеті, бейімділігі және қызығушылығы бойынша білім беру процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқытудың дифференциациялау мен жекешелендіру құралы

Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті - баланы белгілі бір мамандық иесі болуға даярлау, болашақ мамандығы қандай соған байланысты бейімдей оқыту

Қолданбалы курс - бағдарламадан тыс жоспар құрылып, педагогикалық кеңесте қорғалып, бекітіледі

Бағдарлы оқытудың мектептегі жүргізілу жағдайы

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2 бағытта: жаратылыстану - математикалық, қоғамдық - гуманитарлық бағытта бағдарлы оқыту жүріп жатыр.

Бағдарлы оқыту жыл басында оқушылар мен ата-аналар өтініші, мектеп кеңесінің шешімімен дәйектелді. Мектепте бағдарлы оқыту пәндерін жүргізетін білікті педагог кадрларға бөлініп берілді

Қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі жылдамдап отырған заманда адамның интелектуалдық еңбек үлесі өседі және білім деңгейіне, шығармашылық даралығының дамуы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талап жоғарылайды.

Ал біз атаған мәселелер осы мақсатқа бағытталған. Ең бастысы - оқушыларды қабілетіне және бейімділігіне қарай дамытуға мүмкіндік береді.

Кәсіби бағыттылық оқушының кәсіптік жағынан өзін-өзі айқындауының маңызды бөлігі ретінде мамандық таңдауға белсенді қарым-қатынасынан көрінеді.

Кәсіптік бағыттылықты қалыптастырудың адами алғышарттары жоғары кластарда туындайды танымдық қызығуылық дамиды, жеке мәнді мақсат қою талабы, кәсіби мүдде пайда болады.

Алайда, жалпы практика анализі көрсетіп отырғандай, көптеген мектеп түлектері өзін-өзі және таңдаған мамандығын нашар біледі. Жастар арасында ғылыми қызмет абыройы, педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылық баяу өсуде. Мұндай негативті құбылыстарды жою үшін “ерекше педагогикалық тәсілдер, жұмыстың мазмұнды және құқықты формалары қажет болып отыр, жас адамға шынымен көмек көрсететін, қоғамдағы өз орнын табуға көмектесетін жаңаша тәсілдер мен формалар керек болып отыр”.

Бұл міндетті шешуде мектептен тыс мекемелер айтарлықтай роль атқарады. Олардың тәрбиелік патенциалы оқушының мамандыққа деген қызығушылығы мен мектепте мұндай мүмкіндіктің болмауы, әсіресе ауылдық мектептер, УПК-лар мен базалық мекемелер арасындағы қайшылықты шеше алады. Қазіргі кәсіптік бағдарлау жүйесін шын мәнінде шектеп отырған оқушының жинақталған моделіне есептелген мектеп жүйесі мен оқушылардың, объективті сұранысы арасындағы қайшылықты да жоя алады

ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған шақта тәуелсіз Қазақстан дуниежүзілік білім кеңістігінде өз орнын айқындауды, еліміздің экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп отыр.

Сол кеңістікте білім берудің негізі - мектеп болса, ұстаз- мектептегі оқушының жан-жақты жеке тұлға болып қалыптасуының шығармашылық күш-қуаты. Осы орайда «оқушыны субьект ретінде қарау керек» деп бүгінгі білім стандарты мен Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да қарастырылған.

Жаңа ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін оқытудың жаңаша түрін ұйымдастыру қажет. Осыған орай орта білім берудің жоғары сатысындағы бағдарлай оқыту оқушыларды кәсіби дайындыққа дейінгі терең білім алудың кәсіптік оқытудың алғашқы бастамасы болып табылады.

Сол арқылы білім берудің мазмұнын саралау, кіріктіру және кәсібилендіру негізінде оқыту орта білім берудің бәріміз білетін үшінші сатысын құруға жаңаша көзқарас туындады. Мұнда білім мазмұнын айқындайтын қолданбалы курстар мәселесі аса маңызды.

1. 2 Кәсіби бағдар берудің мазмұны

Кәсіби бағдар берудің мәселесі және оны оқыту білім беру жүйесіне қолданбалы курстарды енгізу мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан, заман талабы қойып отырған жаңа білім беру үрдісіне, бейінді, бағдарлы оқытуға, байланысты екені белгілі. Жоғары сынып оқушыларының қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық бағыттардағы бағдарлы оқытуды таңдауы мектептің педагогикалық ұжымы үшін ең жауапты және маңызды қадам болып табылады. Бұл өз кезегінде мұғалімдердің жүргізетін оқу- тәрбие үрдісіндегі әдістемелік жүйесін жаңартуды немесе қайта қарауды талап етеді. Маңызды әрі жауапты бұл шара тек:

-мұғалімнің кәсіптік бейімделуіне әдістемелік жетекшілік жасау;

-өз бетімен үздіксіз білім алуды жолға қою;

-педагогикалық ұжымның дұрыс психологиялық- педагогикалық ахуалын қалыптастыруға арналған іс- шаралар жүйесін ұйымдастырып, жүргізу сияқты т. б. жұмыстар атқарылғанда ғана нәтижелі болмақ. Осыны жақсы түсіне отырып, біз мектепішілік білім жетілдіруді ұйымдастырудың құрылымдық жүйесінің түрін анықтап алдық. Мұнда пән бірлестігінің алатын орны ерекше. Пән бірлестігі:

- Оқу бағдарламасына сай үлгілі технология мен әдістемені талқылайды және сынақтан өткізеді;

-Жаңа оқу бағдарламаларын дайындайды;

-Әр түрлі оқу материалдарын талқылаумен, талдау жасаумен, рецензиялаумен айналысады;

Инновациялық іс-шаралар барысының анализін жасайды;

- Өз бағдары бойынша оқу жұмысының ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету талаптарының өзгеруін болжайды;

- Ғылыми әдістемелік жұмыс сапасын арттыру мақсатында әртүрлі жұмыс атқарады және ұсыныс енгізеді;

- Оқу бағдарламаларын, материалдарды талқылайды, талдайды, тәжірибеге енгізеді, мониторинг өткізеді, т. б.

Бұл жүйе бойынша пән бірлестігінің мүшелері жеке тұлғалық ( диалог, белгілі бір жұмысқа көмек, кеңес беру, жеке, шығармашылық есеп, шеберлілік), топтық ( дөңгелек үстел, ой шабуылы, қызықты шоу, аукцион, презентация, тренинг, т. б. ) және ұжымдық ( әдістемелік ринг, әдістемелік марафон, әдістемелік ұсыныстар аукционы, дебаттар, пікірталас, т. б. ) сипаттағы іс-шараларды ұйымдастырып өткізеді. Бұл іс-шаралардың қолданбалы курстардың бағдарламаларын дайындау мен оны оқытуға әсері мол екені тәжірибе жүзінде дәлелденді.

. Өйткені бағдарлы оқытуды ұйымдастыруда 9- сынып оқушыларына бағдарлы оқыту бағдарламаларын дұрыс таңдауға мүмкіндік беретін бағдаралды дайындық жүргізу мен 10-11 бағдарлы сынып оқушыларына ұсынатын берілген бағдарлы стандарттың деңгейіндегі негізгі бағдарлы пәнді оқуға қолдау жасайтын қолданбалы курстар аса маңызды. Осы ретте оқушылармен жүргізетін сабақта оқу жұмыстарын мына бағыттарда ұйымдастыруға болады:

-ғылыми көзқарас негіздерін қалыптастыру;

-білімге саналы қарым- қатынасты тәрбиелеу;

- танымдық белсенділікті дамыту;

- ой еңбегінің мәдениетін жетілдіру;

-өз қабілет- қарымы деңгейінде шешен тілде қарым- қатынас жасай білуі;

- белгілі мамандыққа орай ой- өрісті кеңейту және мамандықты саналы түрде таңдауға даярлық жасау.

Мұның бәрі оқушылардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған қолданбалы курстардың тақырыбы мен мазмұнына байланысты. Мысалы, 2006-2007 оқу жылында ресурстық орталықтағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9- 11 сынып оқушыларына бес қолданбалы курстың бағдарламасы жасалып, оқытылып жатыр. Олар:

« Нормативті қазақ тілі »;

« Ресмилік қазақ тілі »;

« Мәнерлеп оқу »;

« Балалар әдебиеті »;

« Жамбылтану ».

Аталған қолданбалы курстарды таңдау мен бағдарлама мазмұнын құрастыру кезінде курс бойынша қалыптастырылатын білім, білік және дағды қай кезде де пайдаға асатыны мақсатты түрде орайластырылды.

Біз осылардың ішінен « Ресмилік қазақ тілі » атты қолданбалы курсының бағдарламасына тоқталып көрейік. Кәсіби бағдар берудің бағдарламасы құжаттарды толтырудың мемлекеттік ережелеріне сүйене жасалған.

2 Кәсіби бағдар берудің негізгі бағыттары

2. 1 Оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауында ата-ананың алатын орны

Мектеп, жанұя, қоршаған орта жасөспірімді болашақ қоғамның мүшесі ретінде қалыптастырады. Өскелең ұрпақтың болашақ еңбек жолына дайындығы негізінен отбасы тәрбиесіне байланысты. А. Д. Сазановтың айтуы бойынша еңбек ету-зорлық түрінде емес, творчестволық мағынаға ие болуы керек, және мұндай еңбекке әрбір жанұя өз баласын дайындауы қажет.

Творчестволық еңбек-ол адам өз жұмысын жақсы көргенде, одан қуаныш тапқанда және өз еңбегінің қажеттілігімен, пайдасын көргенде, сондай-ақ еңбек адамды тұлға ретінде көрсететін негіз болғанда, өз қабілетін аша алғанда орын алады.

А. Д. Сазанов: оқушыны еңбекке тәрбиелеуде тек жұмысқа дайындық қана алмайды, ол еңбек тәрбие алады, адамдарға қарым-қатынасы қалыптасады-деп есептеген. Жұмыстан қашатын, басқалардың жұмыс істеп жатқанына қаннен қаперсіз қарап тұратын, басқалардың еңбегінің жемісін жегенді ұнататын адамды А. Д. Сазанов нағыз тәрбиесіз адам деп есептеген. Керісінше, ортақ еңбек, ұжымдық жұмыс бір-біріне көмек көрсету-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасын қалыптастыру.

Еңбек еткен адам тек дене тәрбиесі дамуын ғана емес, сондай-ақ психикалық, рухани тәрбие алады деп есептейді А. Д. Сазанов.

Сондай-ақ А. Д. Сазанов ата-аналардың назарын еңбекке баулу, қоғамға пайдалылығымен қатар адамдардың жеке өміріне де әсер ететіндігіне аударған.

Бірақ жанұяда еңбекке тәрбиелеуде квалификация берілмейді. Жастар квалификацияны мектепте, зауытта, ұжымда, курста ала алады. Алайда ата-ана жанұялық тәрбие квалификация алуға еш байланысы жоқ деп есептеуі керек. Керісінше жанұялық тәрбие адамның болашақ квалификациясында негізгі орын алады.

Отбасы қызметі- құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым - қатынас сипатына да әсер етеді.

Отбасы қызметі негізі екі тұрғыда қарастырылады:

әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер.

Отбасында көрініс алатын мінез - құлық феномені және процестері.

Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір - біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір - бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.

Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік - психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір - біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.

Баланың ата - ана және құрбыларымен қарым - қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез - құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы - құрдастарымен қарым - қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс - әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.

А. Д. Сазанов: “Жанұяда дұрыс еңбек тәрбиесін алған бала болашақта өзінің арнайы дайындығында да үлкен жетістікпен әкетеді. Ал жанұясында ешбір еңбек тәрбиесін алмаған бала болашақта еш квалификация лһала алмайды, еңбек жолында жолы болмайды, олардан нашар жұмысшы кадрлар шығады”-деп жазады.

Бұл ұлы кеңес педагогының идеялары бүгінгі күніде актуалды. Еңбекке тәрбиелеу жанұяда ерте жастан басталып, ойын түрінде болуы керек. Бала өзінің ойынщықтарының таза болуына, әрі реттеліп тұруына, өзінің ойнайтын жерінің тазалығына жауап беретінін түсінуі керек. Өсе келе жұмыстары қиындай түседі. Бірақ балаға өте көп жұмыс тапсыруға болмайды. Оларға берілетін жұмыс баланы әліне сәйкескелуі керек.

Баланың еңбек сүйгіштігі, тәрбиелілігі, еңбекке жауапкершілігі, т. с. с. барлығы жанұя мүшелерінің еңбекке деген қарым-қатынасына байланысты қалыптасады.

Егер жанұяның әрбір мүшесі өз жұмысына жауапкершілікпен қараса, бар күшін сүйікті жұмысына арнаса, адал еңбек етсе, оны көріп өскен баланың бойында әрине еңбекке деген дұрыс қарым-қатынас, адамдар еңбегіне силастық қалыптасады. Әрине, тек өзінің жақсы іс-әрекетімен ата-ана тәрбиеде қажет еткенде ғана баланың бойында еңбекке қызығушылық орнайды. Ата-аналар жүйелі түрде баланың жастық ерекшелігін ескере отырып оны тек жұмыс істеуге ғана емес, сондай-ақ ойлау еңбегіне де тәрбиелеу керек. Әке мен апа-жасөспірімнің ең жақын адамдары, ол ең бірінші ата-анадан кеңес сұрайды, өзінің болашақ еқбек жолын таңдағанда әрине бұл кеңестің дұрыс болғандығы қажет.

Ата-ананың өз мамандығына деген қарым-қатынасы блаға әсер етеді. Кейде аата-аналар балаға дұрыс еңбек тәрбиесін бере алмайды, оны болашақ еңбек жолына дайындай алмайды. Бұл жерде мектеп негізгі орын алуы қажет. Ата-ананы баласының болашақ мамандығын таңдауға дайындау-ұстаз бен ата-ана жұмысының негізгі кезеңі. Әрине бұл жұмыс пен мектептің іс-әрекеті аяқталмайды.

Ұстаздың жанұямен жұмыс істеуі үшін оның оқушы жанұясымен жақын таныстығы керек. Осы мақсатта әртүрлі әдістер қолданылады, алғашқыда әрине әңгімелесу бақылау, сауалнама жүргізу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Бірақ жанұяны зерттеудің негізгі жолы-осы жанұяны көру. Бұл жанұя туралы түсінік береді, жанұяда қандай көмек қажеттігі туралы, ата-ананың балаға еңбек тәрбиесіне ісері туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Педагог оқушының үйіне барғанда өз алдына қоятын мақсаты: ата-ананы баласының кәсіби қызығушылығын бақылауға және қажет кезде бағдар беруге үйрету: жасөспірім қандай әдибеттер оқу қажеттілігі жайлы, оған пайдалы жұмыстармен айналысу т. с. с. кеңестерберу. Сондай-ақ ата-анаға кәсіби бағдар беретін оқулықтар оқуға бағдар беру.

Баланың жанұясында болып, ата-анамен баласы туралы әңгімелесіп, мұғалім ата-анамен жақын қарым-қатынас орнатады, және олардың назарын баласының болашақ мамандығын таңдауға бөледі.

Кейбір жанұяда ата-аналарының өз мамандығына деген қарым-қатынасы баланың қызығушылығын оятып, болашақта осы мамандықты таңдауға да әкеледі. Сондықтан ата-аналар балаларына өз еңбегі туралы оның қоғамдағы орны туралы жұмысынан алатын рахаты туралы жиі әңгімелесуі қажет. Бірақ балаға міндетті түрде белгілі бір мамандық таңдауға итермелеуге болмайды. Ата-ана баланың мүмкіндігін, икемділігін анықтауға көмектесіп, оны еңбек жолын таңдауда дұрыс беруі керек.

2. 2 Қолданбалы курстар мәселесі және оны оқыту

Курстың мақсаты- оқушыларды мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жазып, оның түрлерін білуге үйрету, құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, оларға қойылатын талаптарды, олардың безендірілуін жете меңгерту, іс қағаздар стилінің өзіндік лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру болып табылады.

Курсты оқып, үйрену нәтижесінде оқушылар мына мәселелерді білуі тиіс: іс жүргізу стилін; іс жүргізу, құжаттау саласындағы маңызды нормативті құжаттарды; құжаттардың рәсімделу ережелерін; құжаттарды сауатты, дұрыс толтыру мен рәсімдеуді; іс жүргізу қызметінің құрылымын; реквизиттерді дұрыс, сауатты орналастыруды; болашақ мамандықтарына қажетті құжат түрлерін, т. б.

Курстың білім беру мазмұны үлкен сегіз модульден тұрады. Олар:

  • Мемлекеттік тілде іс жүргізуді және іскерлік корреспенденцияларды ұйымдастыру;
  • Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптар;
  • Қазіргі іскерлік хаттар;
  • Іс қағаздарының мәтінін құру туралы нұсқаулар;
  • Анықтамалық- ақпараттық материалдарды құжаттау;
  • Еңбек қатынастарын құжаттау;
  • Хат алмасу;
  • Іс жүргізуді, құжаттармен жұмысты ұйымдастыру.

Ал әр үлкен модуль нақты тақырыпқа бөлініп, 34 сағатқа есептелген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа типтегі мектептердегі кәсіптік бағдар берудің мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Мектепте кәсіби бағдар беруді жүзеге асырудың формалары
Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері
Кәсіптік бағдар
Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістемесі
Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері
Кәсіптік білім берудің мәні мен мазмұны
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІҢ МЕКТЕПТЕ КӘСПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кәсіби бағдар беруге арналған кеңестер
Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz