Журналистиканың функциялары
Мазмұны
І.Кіріспе 3
Негізгі бөлім 5
І.тарау. Журналистиканың функциялары 5
1.1 Идеологиялық функция 5
1.2Тікелей ұйымдастырушылық функция 7
1.3.Мәдени-ағартушылық функция 9
1.4 Жарнамалық-анықтамалық функция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.5 Реакритивті функция 14
Қорытынды 16
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 19
І Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Журналистика – шығармашылық. Журналист –
ешқашан бір жазғанын қайталап жазбайды, бір айтқанын сол қалпында бұлжытпай
қайтадан айтпайды. Сондықтан да, теориялық деңгейде қабылдаған білімді
тәжірибе жүзінде игеру үшін аудиториядағы дәрісті лабораториялық
сабақтармен қатар өрбітіп, шығармашылық процесс ретінде пысықтап қою
жеткіліксіз. Сонымен қатар, болашақ журналистер кәсіби маман ретінде
қалыптасу үшін өндірістік журналистикадағы өрісіндегі кәсіби дағдыларды
тәжірибе жүзінде меңгеру мүмкіндігіне қол жеткізуі керек. Сол қисындардың
бәрі есепке алынған жан-жақты дамып жетілген оқу бағдарламасы болғанда ғана
студенттің өз жүрек қалауымен таңдаған мамандығына деген ынта-ықыласы
артып, сол пәнге ерекше зейін қоюына жол ашылмақ. Соның нәтижесінде ол
университет қабырғасында жүріп өз мамандығының өмірдегі қолданыс аясынан,
іс жүзіндегі тәжірибелі тәлімдерінен, дүниежүзілік деңгейдегі жаңашыл
бағыттарынан хабардар болуына қол жеткізбек. Демек, болашақ мамандықтарын
тәжірибе жүзінде көзбен көріп, қолымен ұстап, белгілі бір дәрежеде сол
іспен тікелей шұғылдану олардың қазіргі таңдағы қажетті сұранысына айналып
отыр деген сөз. Осыған қарай қазіргі қоғамдағы журналистиканың басты
міндеттерін анықтап, қарастырамыз.
Ғылыми әдістемелік негізі-П. Прохоровтың Введение в журналистику
оқулығына сүйіеніліп жазылды.
Осы еңбекте журналистиканың алты басты қызметін анықтайды.
Біріншіден, журналистика саласында өзара ақпараттық ықпалдасудың
негізгі де басты міндеті-яғни бұқаралық аудиториямен, әлеуметтік
институттармен байланыс орнату. Сондықтан журналистиканың табан тірер
функциясы–коммуникациялық (лат. communication – хабарлама жолы, байланыс
пішіні) функция. Бұл қызмет түрі пікірлесуге контакт орнатуға арналады. Бір
қарағанда таза техникалық термин болып көрінетін коммуникация ұғымы
ақпараттық мән-мазмұнмен толыққан кезде, жаңа сипатқа ие болады. Көп ретте
журналистиканы бұқаралық коммуникация құралы, mass media дейтіні де сол
себептен.
Екіншіден, журналистің қоғамдағы төртінші билік ретіндегі
ұйымдастырушылық қызметін атап өту қажет.
Үшіншіден, идеологиялық әлеуметтік бағдарлаушы ретіндегі, яғни
аудиторияның дүниетанымына, көзқарасына терең әсер ете алу қызметі.
Төртіншіден, қоршаған ортаны тану, құндылықтарды анықтауда бағыт-бағдар
беру, жеке тұлғаны әлеуметтендіру, ағарту және тәрбиелеу, мәдениет тарату
сияқты функциялары да ауызға алынып жүр. Сонымен қатар оның қоғамдық
процестерді реттеу және қадағалау, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау
және әрбір адамды кәделік мәліметпен қамтамасыз ету секілді қырлары да бар.
Бесіншіден, жарнамалық қызметі. Бұқаралық аудитория мен әлеуметтік
институттардың ақпараттық сұраныстарына сай олардың өмір сүруін қамтамасыз
ету. Барлық қырларынан алғанда, қоғамда болып жатқан барлық жағдайлармен
таныстыру.
Алтыншыдан, рекреативтілік қызметі. Компенсаторлық (өтемдеу) бағасын,
тонусты (лат. tonus – ширығу) түзеу қызметін (көңіл көтеру, дамылдату,
сергіту) жоққа шығаруға болмайды. Міне, осылардың бәрінің де журналистика
қызметіне қатысы бар.
Аталған функциялардан бөлек журналистиканың әлеуметтік жағынан алғанда
басты функциясын қарастырамыз. Әлеуметтік практиканың қоғамның заманға сай
қажетті ақпарат сұранысын бақылаушы функциясы. Ол қоғаммен үнемі байланыста
болуды білдіреді. Басқа функциялардан биік тұрады.
Зерттеу жұмсының мақсаты-журналистиканың басты міндеттеріне
(функцияларына) теориялық тұрғыдан сипаттама жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері-
-журналистиканың идеологиялық функциясына сипаттама жасау;
-журналистиканың тікелей ұйымдастырушылық функциясының мәнін ашу;
-журналистиканың мәдени-ағартушылық функциясы түсінігіне тоқталу;
-журналистиканың реакритивті функциясының мәнін ашу.
Негізгі бөлім
І тарау Журналистиканың функциялары
1.1 Идеологиялық функция
Идеология – күшті қару. Ол біраз уақыттан кейін қараның өзін ақ қылып
жібереді. Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы мемлекетке, ұлтқа зияны
тиетін әңгімелерді кейде білместікпен, кейде біле тұра қиямпұрыстықпен
айтады. Сондықтан, идеологиялық жұмысымызды тәуелсіз Қазақстанның ұлттық
мүддесіне сай етіп, жасап алуымыз керек. Ол үшін тыңдарман талғамынан
шығып, олардың рухани сұраныстарына жауап беретіндей дүниетаным көкжиегін
кеңейтіп, ой-өрісін дамытуға ықпал ететін шын мәнісіндегі кәсіби деңгейде
жасалған хабарлар, авторлық бағдарламалар керек. Өйткені, Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев айтқандай, “Демократияның, Қазақстанның бүкіл прогресшіл
даму перспективасының тағдыры бұқаралық ақпарат құралдарының қалай
дамитынына барынша тікелей байланысты болмақ” деген сөздерін басшылыққа
алынуы шарт .
Журналистиканың қоғамдық пікірді білдіру мен қалыптастыру міндеті
көбіне саяси науқандар кезінде айқынырақ көрінеді. Сайлау мен референдум
сияқты шараларда журналист маңызды рөл атқарады және пәрменді құрал болып
бағаланады. Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы маңызды буын -
ақпараттандыру, ақпарат неғұрлым көп болса, жиі берілсе және әр қырынан
қамтылса, соған қызығушылық туындайды және ықпалды болады. Бірақ оның үгіт-
насихаттық сипаты күшейіп, біржақты болғанын қолдау да журналистика
ұстанымдарына қайшы келеді. Журналист мүмкіндігінше бейтарап ақпарат
таратуға, деректі нақты беруге, әсірелеп, бояламауға міндетті. Ал, оны
тыңдаушы қалай қабылдайды, қандай түйін жасайды ол басқа мәселе.
Әлемдік тәжірибе ақпараттың мүмкіндігінше жақын болғандығын қолдап
келеді. Мысалы, радиожурналистикада республикалық арналардан гөрі
жергілікті радиоға деген сенім жоғары болатын көрінеді. Осы арада аймақтық
қамтылу мәселесіне назар аударған дұрыс болар. Қазақ радиосының өзі көбіне
Астана мен Алматы жаңалықтарына көп көңіл бөледі де, аймақтық хабарлар өте
аз қамтылады. Көп жерлерде арнаулы тілшілер жұмыс істемейді. Бұл, тыңдарман
сеніміне тікелей әсер ететін факторлардың бірі.
Қоғамдық пікір өзгермелі құбылыс, өйткені өмірде шешімін таппаған
жағдайлар көп, әркім өз көзқарасын білдіруге құқылы. Соңғы уақытта
журналистикада сол мәселелерді тікелей талқылау тәжірибесі дамытып келеді.
Бұл құптарлық жай. Дегенмен, сол көпжақты қоғамдық талқылаулардың деңгейі
әркез мазмұнды бола бермейді, хабар үдесінен шықпайтын жағдайлар да көп.
Кейбір журналисттер арналар боссөздікке ерік беріп, жеңіл сөзбен, әзіл-
қылжақпен толтырады. Өркениетті елдерде БАҚ-тың бұлжытпас ережелерінің бірі-
кикілжіңді пікірталас жолымен шешу, кез-келген дауда ортақ мүддеге қарай
жақындасу болып қалыптасқан. Эфирдегі ашық пікірталас белгілі бір ұстанымды
танып білуге, жан-жақты ақпарат алуға, мәселенің күшті және әлсіз тұстарын
айқындауға көмектеседі. Дегенмен, ол журналистің кәсіби шеберлігі мен
біліктілігіне де сын, көп жағдайларда дау айтылған күйінде қалып, оны шешу
жолдары белгіленбейтін, ортақ тұжырым жасалмайтын жағдайлар кездеседі.
Яғни, бас-аяғы жинақталып, айтар түйіні болмай, ойы қорытылмай қалады.
Журналистика қызметінде қоғамдық пікірді сараптап, жүйелеп отыратын
социологияның рөлі артып отыр. Журналистикабүгінде табысты дамуы
журналисттердің тікелей қатысты. Көптеген мақалалар мен хабарларда
аудиториямен тікелей байланыс орнату арқылы тыңдармандардың талап-тілегі,
сұранысы ескеріледі. Әсіресе, телевидениедегі музыкалық хабарлар сондай
өтініштер негізінде жинақталады. Белгілі бір оқиғаға қатысты журналистің
бірнеше адамға микрофон ұсынып, әр-түрлі әлеуметтік топ өкілдерінен жауап
алуы да қоғамдық пікірді зерттеп, білудегі таптырмайтын әдіс, әрі хабардың
әсерлілігін арттыратын элементтер.
Соңғы уақытта ақпарат арқылы қоғамдық сананы басқару туралы жиі
айтылатын болды. Рас, белгілі бір күштер БАҚ арқылы белгілі бір көзқарасты
таңуға бейім тұрады, мақсатты жұмыс жүргізеді. Журналист соның түпкі
мақсатына терең үңіліп, жат пиғылдың жетегінде кетпеудің жолдарын білуге
тиісті.
Журналистиканың ендігі бір маңызды міндеттерінің бірі-ол адам мен адам
арасында қарым-қатынас орнатуы, қарапайым әңгімелесу, шүйіркелесу. Адамның
күні адаммен және сәт сайын табиғатымыздан біреумен сөйлесуге, жауап алуға,
пікір білдіруге, ой таластыруға бейім тұрамыз, осындай қарым-қатынасқа
мұқтажбыз. Қоғамдағы осындай қажеттілікті қанағаттандырудағы радионың орны
орасан. Әсіресе, өтпелі қоғамда, жаңа ортада, саяси, болмаса экономикалық
күйзелістер кезеңінде адамдар бір-бірімен әңгімелесуге, тұмшалаған ойы мен
күдігін сыртқа шығаруға, өзгелермен бөлісуге, жоспарларын ортаға салуға
бейім. Мұндай қарым-қатынас эмоциональдық көңіл-күйіне әсер етеді,
жеңілдегендей сезіндіреді, қолдау мен демеу қанат бітіреді, жігерлендіреді.
Журналистикабұл бағытта да өсу үстінде, соңғы жылдары авторлық
бағдарламалардың қатары көбейді, тіпті журналистер бір арнаның немесе
газеттің келбетін, имиджін айқындайтын жағдайлар да кездеседі. Мысалы,
радио осындай тұлғалар арқылы тыңдарманына жақындай түсті. Журналистің
сөйлеу мәнері мен эмоциональдығына үйренген тыңдарман енді оған бүйрегі
бұрып, ыждаһатпен тыңдайтын болған, немесе, ұнатпаса бірден радиосын өшіре
қояды. Яғни, автор мен тыңдарман арасында эфир арқылы жылы қарым-қатынастың
орнауының өзі қажеттіліктен туындап отыр. Журналистке еліктейтін, пір
тұтатын жағдайлар да кездеседі. Бұл оның кәсіби біліктілігі мен
шеберлігінің жоғары екендігін, мәдениетті де әдептілігін дәлелдейді.
Өкінішке орай, керісінше жағдайлар да көп. Сөйлеу мәдениеті төмен, кім
болса соған тікелей эфирге шығуына жол ашылып, боссөздік, дөрекілік, тіпті
кейде жаргондар мен жүліктер лексикасына тосқауыл қойылмайтын жағдайлар
кездеседі. Ал, бір кездері радио сөйлеу мен мәдениеттіліктің эталоны
саналатын, талап өте жоғары қойылушы еді. Аты аңызға айналған
дикторларымызды тыңдап, соларға еліктеп мыңдар тәрбие, өнеге алды. Өткеннің
бәрін мансұқтай берудің қажеті жоқ. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен деген
халық даналығын естен шығармаған абзал.
Міне, осыдан келіп, журналистиканың келесі бір-тәрбиелік міндеті
туындайды. Журналистикапәрменді тәрбие құралы екендігін айтып жатудың өзі
артық. Тәрбие ісі табиғатынан күрделі, әрі сан қырлы міндет, радиода да бұл
процесс өз ерекшелігіне байланысты жүзеге асады. Көптеген хабарлар мен
ақпараттар өздігінен тәрбиелік мәнге ие болады, әрі оқырман мен тыңдарманға
жағымды әсер етеді. Дегенмен, кейбір хабарлар тікелей осы міндеттің жүгін
арқалайды. Мысалы, радиоарналарда құқықтық тақырыпты қамтитын хабарлар жиі
эфирге тарайды. Олардың мақсаты тек құқық саласында ақпарат беріп қана қою
емес, сонымен бірге құқықтық сананы қалыптастыру, заң бұзу жағдайларының
алдын алу, сауатты кеңес беру, көкейдегі сұрақтарына жауап қайтару болып
табылады. Сонымен бірге, саяси, немесе экологиялық сауаттандыруды мақсат
еткен хабарлар қатары да көп. Ождан бостандығы жағдайында діни тақырыпты
қамтитын хабарлардың да орны бөлек, тыңдарман сұранысына сай келеді. Оның
үстіне қазіргі Қазақстан жағдайында бұл айрықша мәнге ие болды. Өйткені,
діни ағымдар мен ұйымдар саны өсті де, халықтың бағдар жасауына, ақ-қарасын
ажыратуына қиындық туғызды, осыдан адасқандар қатары көбейді, тіпті діни
экстремизм нышандары да байқалып қалып жатады. Тіпті белгілі бір дінді ғана
уағыздайтын радиостанциялар ашылуда. Сонымен бірге, батыстық құндылықтарды
басым қоятын, жергілікті және ұлттық ерекшелік пен салт-дәстүрлерді мансұқ
ететін біржақты радиостанциялар да жұмыс істеп жатыр. Мұның барлығы
халықтың діни сауатын және мәдениетін көтерудің пәрменді шараларын
қарастыруға итермелейді. Бұл істе радионың мәні арта түседі.
Сонымен қатар, жасөспірімдер мен балаларға арналған арнайы хабарлардың
танымдық деңгейі жоғары болумен бірге, жас ұрпақтың тәрбиесіне де оң ықпал
етуін естен шығармаған абзал. Жас жеткіншектердің бойында отаншылдық рухын
қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу де күн
тәртібінен түскен емес. Қысқа ғана ақпараттық хабар болсын, талдамалы үлкен
бағдарлама болсын, мейлі шағын жарнама ролигі болсын, онда тәрбиелік пен
талғам болуға міндетті. Онсыз біз кертартпа күштер мен құндылықтардың
ықпалынан көп ұзамаймыз.
Сонымен қатар, журнаистиканың маңызды үгіт-насихаттық және
ұйымдастырушылық міндеттерін естен шығаруға болмайды. Кез-келген ақпаратқа
сәйкес іс-әрекет күтіледі. Хабар таратудың алдында нақты саяси,
экономикалық және мәдени міндеттер тұрады. Мысалы, сайлау науқанында дауыс
беруге, сөйтіп, белгілі бір бағдарламалар мен көзқарастарды қолдауға
шақырамыз, сенбілікті жариялау арқылы қоршаған ортаны күтуге, тазалыққа
үндейміз, болмаса мәдени мұраны қорғауға жұмыламыз, не болмаса жолдағы
тосын апаттардан сақтандырамыз, т.т.
Насихат нанымыңды қалыптастырса, үгіт сендіру арқылы іске жұмылдырады
деген орнықты қағида бар. Насихат санаға әсер етеді, үгіт түйсікке күш
салады. Дегенмен, екеуінің де түпкі мақсаты бір. Бұдан шығатын қорытынды
қандай жағдай болмасын, қай хабар болмасын радио қоғамның жетілуіне,
мәдениеттің өсуіне жолбасшы болуға тиісті[1].
1.2 Тікелей ұйымдастырушылық функция
Тұрғындарға қолайлы ақпараттық қызмет көрсететін журналистика сол қоғам
мүшелерін әлеуметтік басқарудың тетігі ретінде де бағаланады. Әңгіме жүр,
тұр деген ұрандармен мыңдаған адамдардың қоғамдық қылығын реттеу туралы
емес, таратылған ақпарат арқылы белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыру,
жігерлендіруде болып тұр. Мысалы, ертең мына мәселеге байланысты шеру өтеді
деп ақпарат таратсаңыз, орнын хабарласаңыз, оны естігендердің бәрі болмаса
да, көкейінен шыққандардың бір тобы сол шеруге қатысады, болмаса сенбілік
өткізу туралы үндеу қолдау табады, басқа да көпшілік іс-шаралар осылай
жүзеге асып жатады. Яғни, ақпарат тарату арқылы қоғамның дамуына ықпал
ететін іс-әрекеттерге көршілікті жұмылдыра алады. Әрине, ол үндеулер
қоғамды ірітуге, белгілі бір топтарды арандатуға бағытталмауы тиіс.
Қоғамның тұрақты дамуы, оның мүшелері арасындағы ынтымақ пен татулық,
адамгершілік пен достық қатынастар үшін журналист те әрқашан жауапты. Міне,
осыдан келіп журналистиканың интеграциялық міндеті туындайды. Журналистика
қоғамдық күштерді даму бағытына топтастырушы, өз ақпараты арқылы жаңа
межелерге жігерлендіруші. Ол қоғамның, отбасының нығаюы мен беріктігіне,
сол арқылы мемлекеттің күшеюіне ықпал етеді, биік мұраттар мен мәдениетті
орнықтыруға, соған жас ұрпақты тәрбиелеуге белгілі бір дәрежеде араласады.
Тікелей болмаса да, қоғамдық пікірді жеткізу мен қалыптастыру арқылы сол
нәтижелерге жетеді. Журналистика қарым-қатынас құралы, ол эфир немесе БАҚ
арқылы миллиондарды бір мезгілде байланыстырады, журналист үйінде отырған
жалғызілікті зейнеткердің әңгімеге деген сұранысын қанағаттандарады. Сол
сияқты коммуникацияның қырлары да көп, адам мен адам, топ пен топ, жас пен
кәрі, жаяу мен көлікті, бай мен кедей арасында қарым-қатынас бір мезілде
орнайды және олардың радиоақпаратқа реакциясы да әртүрлі болатыны заңдылық.
Дегенмен, қоғам, оның болашағы бәріне де ортақ, осы арадан ортақ
құндылықтар шығады.
Хабар таратудың басты мақсат-мұраты аудиторияның ортақ құндылықтарын
қалыптастыру, жалпыадамзаттық, ұлттық, жалпы қалалық немесе аймақтық
құндылықтарға баса назар аудару, ортақ тауқіметтерді бірлесіп шешуге үндеу,
кертартпа күштер мен ықпалды шектеу болып қала береді[2].
БАҚ-ның аудиториясы үлкен болған сайын, оның жауапкершілігі де өседі.
Тыңдармандардың ақпараттық сұранысы дегенде жас ерекшелігін, әлеуметтік
жағдайын, психологиялық көңіл-күйін, ұлттық және діни ұстанымдарын ескеру
оңай шаруа емес. Журналистиканың интегративті міндеті кез-келген хабардан
көрінеді. Публицистика болсын, өнер тақырыбы қозғалсын, спорт жаңалықтары
сөз болсын бәрінде топтастыру, адамдарды жақындастыру идеясы тұрады.
Кеңестік идеология заманында бізде бәрі жақсы, оларды бәрі нашар, кертартпа
деген ұстаным басым еді. Қоғамның дамуы қандай дәрежеде болмасын журналист
обьективті сараптама жасап, дұрыс тұжырымдар жасағаны абзал, мүмкіндігінше
көңіл-күйге берілуге болмайды.
Журналистиканың ақпаратты жанрлары аты айтып тұрғандай ақпараттық
функцияны атқарады, ал талдамалы жанрлары ақпараттық және талдамалы
функцияны атқарады. Соған сәйкес талдамалы жанрлардың құрылымдық, тілдік-
стильдік ерекшеліктері айқындалады. Өйткені, оның маңыздылығын, өзектілігін
жоймаған әлеуметтік мәні бар фактіге құрылатындығы ақпараттық функциясын
айқындаса, ал журналист тарапынан фактіге жасалатын сараптама, оқиғаға
немесе құбылысқа көзқарас таныту, пікір білдіру, баға беру талдамалық
функциясын іске асырады.
Комментарий. Бұл қандай да бір факті, оқиға немесе құбылыс жайлы
құзырлы адамның, маманның немесе журналистің пікірі, жасаған талдауы,
берген бағасы.
Комментарий– латынның талдау, түсіндіру деген сөзінен шыққан. Ол-
қоғамдық саяси деңгейдегі өзекті мәселенің, оқиғаның, құбылыстың мәнісін
түсіндіруге құрылған сараптамалық материалдардың бір түрі.
Комментарийдің негізгі жанрлық элементтері: автор тарапынан фактіге
жасалған талдау мен оған берілген баға.
Эфирден берілу ретіне қарай комментарийді екі топқа бөлуге болады:
1)Дербес комментарий. Эфирден өз алдына жеке бір хабар ретінде өтеді.
2)Шағын комментарий. Көбінесе жаңалықтармен бірге беріледі, немесе
үлкен бір хабардың құрамына еніп кетеді.
Тақырып аясындағы сөз болатын мәселенің сипатына қарай комментарий
оперативті және проблемалық болып екіге бөлінеді.
1)Оперативті (нақты-оқиғалы) комментарий. Ол күннің айтулы оқиғасына
арналады. Сондықтан да оқиғамен бірге іле-шала жедел эфирден ұсынылуы тиіс.
Соған сәйкес көлемі де ықшамды болып келеді, яғни, бір жарым, екі минуттан
аспауы керек.
3)Проблемалық комментарий. Оған заман ағымындағы толғақты мәселелер,
саяси бағыттағы маңызды шаралар, халықаралық деңгейдегі назар аударарлық
оқиғалар өзек болады. Оперативті комментарийде бір ғана оқиға немесе
құбылысқа түсініктеме берілетін болса, ал проблемалық комментарийде
деректер мен топшылаулар көбірек ұшырасады. Мұның өзі проблемалық
комментарийдің құрылымдық ерекшелігі болып табылады[3].
Әңгімелесу–журналистиканың ең бір негізгі және күрделі жанры,
көпшілікке арналған ауызша үгіттің ең басты формаларының бірі. Ол диалогқа
құрылатындықтан сыртқы сипаты жағынан сұхбатқа ұқсайды. Ал ішкі мазмұны
мүлде бөлек. Сұхбат нақты сұрақ пен нақты жауаптан тұрады. Ал әңгімелесу
кезінде сұрақ ең алдымен, сөзді бастап беру үшін, содан соң тақырыпты ашып,
оны жан-жақты тарқатып жеткізу мақсатында әңгімелесушінің кілтін тауып,
оның ойын өрбітіп, сөзін сабақтау үшін, соңында белгілі бір тұжырымға
келіп, ой түйіндеуіне мүмкіндік туғызу үшін қойылады. Сондықтан да
әңгімелесу кезінде сұрақ екінші кезекке ығысады да, жауап берушінің сөзі
үлкен мәнге ие болады.Өйткені, ол ағынан жарылып, сыр ақтарып, көңіл
түкпірінде жатқан ойларды ортаға салып, шешіліп сөйлейтін болуы керек.
Сондықтан да ол қойылған сұрақтарға жауап берумен шектелмейді, сол сауал
төңірегінде жан-жақты ойланып-толғанып отырып өз тарапынан көкейінде жүрген
кейбір мәселелерді қоса сөз етіп кеңінен көсіледі. Әңгімелесудің жанрлық
ерекшеліктері осыдан келіп туындайды. Бұл жанрдың көтерер жүгі салмақты
болғандықтан оған қойылатын талаптар да күрделі. Онда шебер сөйлеу, тіл
құнарлылығы, ой нақытылығы, тыңдаушысын бірден баурап алатын сыршыл
сипаттағы еркін әңгімелесу процесі жүзеге асуы тиіс.
Әңгімелесушінің жанды сөзі тыңдармандардың қызықты сұрақтары, емін-
еркін тілдесу процесі, қызу пікірталас-осының бәрі әңгімелесу жанрына
шынайылық сипат береді.
Әңгімелесудің сәтті шығуы аудиторияның сипаты мен психологиясын, оның
негізгі мұқтажы мен жалпы проблемасын дәл есептеп, тақырыпты дұрыс таңдап,
мүмкіндіктерді толық пайдалана білуге байланысты болады.
Радиоәңгімелесуде жанды сөз, оның эфирден берілу пішіні, дауыс ырғағы
айрықша рөл атқарады. Сондықтан да радиоәңгімелесуге арнайы мәтін
жазылмайды, ол көбінесе, суырыпсалмалық сипат алады. Радиоәңгімелесу үлкен
бір хабардың құрамды бөлігі бола алмайды. Өйткені, радиоәңгімелесудің өзегі-
арнаулы бір тақырып аясы.
Радиошолу. Бұл жанрға анықтама беру үшін оның өзіне тән
ерекшеліктерін атап өту қажет.
1. Фактологиялық сипаты. Шолуда фактілер автордың айқындалған
мақсатына сәйкес іріктеледі және топтастырылады.
2. Фактілер шолушы тарапынан өзара тығыз байланыста қарастырылады.
3. Тақырыптың зерттелу ауқымының кеңдігі. Егер комментарийге нақты
бір факті немесе бір ғана оқиға өзек болатын болса, шолуда бір мәселеге
қатысты барлық фактілер қамтылады, жинақталады.
4. Хронологиялық шеңбер аясында, белгілі бір сала бойынша
жасалады.
5. Негізгі мәнісі жалпылама қорытынды жасау болып табылады.
Шолу-белгілі бір оқиға өзегіндегі бірқатар мәселелерді, соның аясындағы
толып жатқан фактілерді, соның негізінде саналуан көзқарастар мен
пікірлерді қамтып, сараптап-саралай отырып обьективті баға беру, құбылыстың
алды-артын түгел шолып, нақты бір тұжырым жасауға арналған жанр. Сондықтан
да шолуды кез-келген журналист жасай бермейді. Шолуды шолушы-журналист
жасайды. Шолудың сәтті шығуы шолушы-журналистің көрегендігіне,
тапқырлығына, фактілерді іріктей білу қабілетіне, оны аудиторияға тартымды
етіп жеткізе білу шеберлігіне, журналистік позициясына байланысты.
Корреспонденция-ақпараттық және талдамалы жанрдың функциясын қатар
атқаратын жанр. Онда болған оқиғаның мәні мен сипаты баяндалып, тілші
тарапынан баға беріледі. Сондықтан да, оқиғаны кеңінен қамту мен қорытынды
ой айту корреспонденцияның негізгі екі элементі болып табылады. Ақпараттың
уақыт мөлшері 30-45 секунд көлемінде болса, ал корреспонденцияның көлемі
1,5-2 минутқа дейін созылады.
Корреспонденцияда факті хабарланады, сондай-ақ, факті туралы оны
хабарлаушының пікірі беріледі. Негізінен, корреспонденцияны тілші микрофон
алдында өзі баяндайды. Оқиға куәгерінің өз аузынан айтылған әңгіме
әсерлілігімен, нанымдылығымен тыңдармандарды баурап алады. Ал
корреспонденция диктордың оқуындағы мәтін түрінде берілсе, онда міндетті
түрде біздің тілшіміз хабарлағандайдеген мәлімдеме жасалады[4].
1.3. Мәдени-ағартушылық функция
Мәдени-ағартушылық міндеттері.Хабар тарату көп қырлы мәдени-ағартушылық
мақсатты жүзеге асыруда бірнеше кешенді міндеттерді қатар орындайды. Соның
негізгілеріне жеке тоқталайық[5].
Эстетикалық міндеті. Қазіргі заманғы хабар тарату ісіндегі оның үш қыры
назар аударуға тұрарлық.
1. Журналистиканың үздік үлгілері эстетикалық талапқа жауап беріп,
мәдениеттіліктің бір қыры болып табылады. Яғни, жүргізушінің жалынды сөзі,
диалогтардың психологиялық ширығуы, жанды пікірталас, тосын қисын мен жаңа
идеялардың айтылуы, тыңдарманның қиялын қозғап, оқиғаны көз алдына
елестететін дыбыстық бояулар, өзін оқиға ортасында сезінуі, хабардың ішкі
байланысы мен өрбу динамикасы, жып-жылмағай құрастырылуы, сөз, саз бен
табиғи шулардың өзара үйлесімділігі-осының бәрі эстетикалық талғамды
қалыптастыратын, сананы өсіретін әдіс-тәсілдер. Журналист неғұрлым
бейнелеуші құралдарын дұрыс қолданып, тыңдарман санасына күшті әсер ете
алса, соғұрлым эмоциясын күшті тітіркендіреді және әдетте көңіл аудара
бермейтін деректің өзі қатты тебірентеді. Қазіргі радионың көркемдік және
құрылымдық мүмкіндіктері шексіз. Ол белгілі әдіс-тәсілдерді құбылта
пайдалану арқылы деректі, оқиғаны соншалықты жанды, әрі әсерлі тыңдарманына
жеткізуге қабілетті. Оның үстіне, қазір тікелей эфир тәсілі, яғни жанды
эфир тәжірибеде кең қолданыс табуда. Мұның өзі журналистке көп артықшылық
береді, әсіресе интерактивті режимде диалогтар құрып, шексіз импровизация
жасауға, сөзді тауып айтуға, тыңдарманды қызықтыруға, бірге қуанып,
күйінуге, сөйтіп, эмоциялық ахуалды күшейтуге ешкім шектеу жасай алмайды.
Эфир уақытын дұрыс пайдалансаң, өзіңнің бағың, танымалдығың артып,
рейтингің өседі, кәсіби білігің мен эмоциялық күйің нашар болса, уақытты
зая кетіргенің, тыңдарманды жоғалтқаның. Эфир заңы, осындай қатал.
2. Журналистика өмірге келген кезден бастап өнердің әр саласын: музыка,
театр, әдебиетті насихаттап, танытып келеді. Көркем шығармаларды
радиоэфирге шығаруда көптеген ізденістер жасалынып, небір пішіндер мен
жанрлар дүниеге келді және олар шығарманың әрін кіргізіп, эстетикалық
талғамын көтеруге тікелей ықпал етті. Сонымен бірге, өзі де басқа өнер
салаларынан көп жайды үйреніп, әдіс-тәсілдерін байытты, рухани, мәдени және
эстетикалық құндылықтарды бірге меңгерді.
3. Аудиомәдениеттің үздік үлгілері жылдар бойы қалыптасты және оның
өзіндік дәстүрі бар. Әдебиет пен театрдағы барлық түрлер мен жанрлар дерлік
түрленген күйінде радиоэфирге жолдама алып жатты, сөйтіп, бірін-бірі
байытты. Радиопоэмалар, фельетондар мен очерктер, трагедиялар,
психологиялық драмалар, комедиялар, фарс пен радиоцирк, тіпті радиобалет әр
жылдары эфирге тарап тыңдарман қиялын шарпығанын қалай ұмытармыз.
Сөйтіп, өзінің көп жылғы тәжірибесінде басқа өнер салаларын насихаттап
қана қойған жоқ, сонымен бірге жеке дара өмір сүре алатын қабілеттілігін,
өзгелермен тең екендігін, шығармашылық әдіс-тәсілдерінің сан қырлы
екендігін дәлелдеді.
Журналистика қай уақытта болмасын білім мен таным көзі, әлемдік
мәдениеттің озық үлгілерін тарататын тиімді құрал. Сондықтан оның
ағартушылық міндетін де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қазақ даласында
жаппай сауаттылыққа жол салған, ұлттық інжу-маржандарымызды насихаттап,
келешек ұрпаққа жеткізген радио екендігін, ұлттық кадрлар мен зиялы
қауымның өсуіне ықпал еткен күш болғандығын ұмытпаймыз. Қазір де оның
ағартушылық міндеті шексіз, әсіресе орталықтан алыс елді мекендерге
кітаптар, газет-журналдар уақтылы жетпейді, телехабарлар тарамайды.
Көбіне, ойын-сауықтық хабарлар журналистика талаптарына толық жауап
бере алмайды, сондықтан оның аралық сипатына назар аударамыз. Яғни, мұнда
көпшілік мәдениет, шоу-бизнес, эстрада мен әзіл-сықақ театрлары элементтері
басым түсіп жатады. Оны жүргізушілерден журналистік қабілеттен гөрі,
әртістік және коммуникабельділік талап етіледі.
Міне, журналистиканың міндеттері сан қырлы екендігіне көз жеткіздік.
Оның эстетикалық табиғаты да шексіз, шығармашылық мүмкіндіктері де мол.
1979 жылы В.В. Егоров пен В.Н.Ружников былай деп жазады: “...радио мен
телевизия өнері ерекше жаңа түр ретінде барған сайын өзінің мол
мүмкіндіктерін ашты. Олар өзге де өнер салаларымен бірге, халқымыздың
рухани мәдениетінің молшылығы үшін белсенді араласып келеді. Газет,
журналдардан айырмашылығы - телевизия мен радиохабары телефильмдер мен
радиоспектакльдер - өнер шығармаларын жасау мүмкіндігі бар”[6].
1.4 Жарнамалық-анықтамалық функция
Жарнама – спектакль концерт жиналыс лекция немесе көрермендерге
арналған басқада мәдени шаралар спорттық жарыстар ойын - сауықтар туралы
хабарландырудың бір түрі.
Спирттік және салқын сусындар шығаратын ірі фирма өз тауарларын елде
жоқ бір әдіспен жарнамалауға бел байлайды.
Жарнама түсінігінің көптеген анықтамасы бар.Жарнама сөзі -
французша reclame, немісше werbung деген, латынның reclamoрекламо сөзінен
шыққан, үлгілеу айқайлау деген мағынаны білдіреді Ағылшын тілінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz