Автокөлікке техникалық күтім жасау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...

І. I. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... . 6
1.1 Аутоматтандырудың 6
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
1.2 Бағдарламалық қамтамасыз 8
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Жүйенің инфологиялық 12
моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.


II. ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН АЛУ МЕКЕМЕСІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН
ҚҰРУ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2.1 Жобаланатын ақпараттық жүйенің қамтамасыз ету түрлерін
сипаттау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
2.2 Жобаланатын жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етудің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..




ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
... ... ... ... ... ... ... .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .

КІРІСПЕ

Кез-келген мәліметтерқорын басқару жүйесінің мақсаты (МҚБЖ)- мәліметтер
қорын басқару, өңдеу және жүргізу болып табылады
Мәліметтер деп сақтауға қажетті кез-келген ақпратты айтады, ақпаратты
біз периодты түрде қарастыра алуымаз қажет.
Microsoft Access ақпаратты сақтауға және оны көрсетуге арналған жеке
компоненттерден тұрады. Бұл компоненттер болып кестелер, формалар, есеп
берулер, сұраныстар, макростар, модульдер табылады. Microsoft Access-тің әр
компонентінде жоқ дегенде 2 құрылу жолдары болады: Конструктор көмегімен
немесе Шебер көмегімен. Конструктор режимінде құрылады немесе құрылымды
өзгертеді, ал Шебер көмегімен дайын нұсқаулармен жұмыс істеу мүмкіндігі
бар.
Негізгі ақпарат кестелерде сақталады. Кесте – жазбалардың қасиеттері.
Бағандар кестеде өрістер деп аталады, ал жолдар – жазбалар деп аталады.
Кестедегі жазбалар мөлшері қатты дискінің көлеміне байланысты шектеледі.
Жазуға болатын өрістер саны – 255. Деректер базасында кестелер бірнешеу
болуы мүмкін. Кестелермен екі режимде жұмыс істеуге болады – кесте және
конструктор. Кестенің кесте режимінен конструктор режиміне көшуі және
керісінше саймандар тақтасында орналасқан Түр батырмасына шерту арқылы
жүзеге асырылады. Кесте режимінде көбінесе көреді, толықтырады және
деректерді өзгертеді, кестелердің конструктор режимінде жаңа кесте құруға
немесе бұрынғы өрістерді өзгертуге мүмкіндік бар.
Кестелерді құрудың 5 түрі бар:
- Кесте режимі – кесте режимінде жаңа кесте құруға мүмкіндік береді;
- Конструктор – Конструктор кестесінде жаңа кесте құруға мүмкіндік
береді;
- Кесте шебері – Шебер көмегімен жаңа кесте құруға мүмкіндік береді,
сонымен қатар өрістерді берілген шаблондар бойынша таңдауға болады;
- Кесте импорты – ағымдағы мәліметтер қорына іштегі файлдан кесте
импортын орындауға мүмкіндік береді;
- Кестелер арасындағы байланыс – ішкі файлдардағы кестелермен
байланысты кестелер құруға мүмкіндік береді;
Access өрістерінің түрлері:
Мәліметтер түрі Сипаттама
Мәтіндік (Үнсіздік Санауды қажет етпейтін сандар немесе мәтіндер,
бойынша жариялау) мысалы, телефон нөмірлері (255 символға дейін) 
Сандық Есептеулерді жүргізуге арналған әр-түрлі
форматтағы сандық деректер.
Күніуақыты 100 ден 9999 дейінгі күн мен уақытты сақтауға
арналған.
Ақшалық Математикалық есептеулерде қолданылатын дәлдікпен
15 мәнге дейін және бөлшек мәндерді 4 ке дейінгі
ақшалық мәндер және сандық деректер.
MEMO өрісі Сұхбаттарды сақтау үшін; 65535 символға дейін.
Счетчик Арнайы сандық өріс, Access автоматты түрде әрбір
жазбаның реттік нөмірін сақтайтын арнайы сандық
өріс. Счетчик өрісі түріндегі мәндерді жаңартуға
болмайды.
Логикалық Екі мәнді ғана қабылдау мүмкіндігі бар
(TrueFalse, ИәЖоқ)
OLE обьектісі өрісі Access кестесіне байланысқан немесе кірістірілген
обьект (мысалы, MS Excel электронды кестесі, MS
Word құжаты, суреттер, дауысты жазбалар немесе
екілік форматтағы басқа деректер).
Гиперссылка Әріптерден немесе сандардан және гиперссылка
адресін көрсететін жолдар. Гиперссылка адресі көп
дегенде үш бөліктен тұруы мүмкін: өріске немесе
басқару элементіне кірістірілетін мәтін; файлға
жол (UNC фоматты жолдар) немесе бетке (URL
адресі). Өріске немесе басқару элементіне
гиперсілтеме адресін қою үшін Қою, Гиперсілтеме
командасын орындаңыз.
Қою шебері Тізімінен немесе тізімі бар өрістен мәндерді
таңдайтын тұрақты мәндері бар немесе басқа
кестедегі мәндерді жинақтайтын өрістерді құрайды.
Бұл шындығында өріс түрі емес, өрісті сақтау
тәсілі.

Кілттік өріс (алғашқы кілт) – бұл бір немесе бірнеше өріс, олардың
мәндері кестедегі әр жазбаны анықтайды. Кілттік өрістер қайталанбау керек.
Кілттік өрістер кестелер арасындағы байланыстарды орнату үшін қажет
Индекс — бұл кестеде мәліметтерді табу және таңдуады тездететін Access
құралы. Кестенің кілттік өрісі автоматты түрде индекстеледі. MEMO типті
өрістерді кілттеу мүмкіндігі жоқ және Гиперсілтеме немесе OLE обьектілері
өрістері. Қасиеті
Мәліметтер арасындағы байланыстар типі:
- 1:1: бірден – бірге қатынасы. Мысалы: Әр студенттің транскрипт
нөмірі жеке.
- 1:К: бірі көпке. Мысалы: Бір жабдықтаушы бір тауармен жабдықтай
алады, бірақ әр тауарда тек бір ғана жабдықтаушы болады.
- К:К: көбісі көбіне А кестесіндегі бір жазбаға В кестесіндегі
бірнеше жазбалар сәйкес келуі мүмкін, ал В кестесіндегі бір жазба А
кестесіндегі бірнеше жазбаға сәйкес келуі мүмкін. Мысалы: Студенттер
және олар тыңдайтын курстар.
Курстық жұмыстын мақсаты – Жүргізуші куәлігін алу мекемесін
аутомататнлыру техннологиясы.
Есептері:
- Ақпараттық жүйені өндеу технологиясы қарастырылды;
- Бағдарламалық қамтамасыз етуі жайында сипатталды;
- Ақпараттық жүйе құрастырылды;
- РЕБ МАЙ ақпараттық жүйесі сипатталды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөліменен, қорытындысынан, қолданылыған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде ақпараттық жүйені өндеу технологиясы туралы
мағлұматтар, бағдарламалық қамтамасыз етуі, жобаланылған жүйенің
инфологиялық және датологиялық схемалары қарастырылды.
Екінші бөлімінде Жүргізуші куәлігін алу мекемесінің апараттық жүйесін
құру сипаттамасы берілді.
1 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

1. Автоматтандырудың сипаттамасы
Автокөлік жүргізуге толықтай құқұлы болу үшін, арнайы құжаттарды
қабылдайтын, емтихан тапсыратын және т.б. бөлімдері болады.
Құжаттарды қабылдау бөлімі - мұнда емтихан тапсыруға келген әр курсант
жайында ақпараттарды алады. Ол құжаттардың тізімі:
- Медициналық байқаудан өткені жайында қағаз;
- Жеке куәлік (данасыман);
- РНН (данасы);
- Авто ісін оқыған куәлігі.
Мұнда тек емтихан тапсыруға ғана емес, сондай – ақ жүргізушілік
куәлігін жоғалтқан және сол куәліктерін жаңарту үшін келетін жүргізуші
азаматтарды да қабылдайды.
Емтихан тапсыратын бөлім – бұл бөлімде емтихан тапсыру үш кезеңде
болады. Курсант сол аезеңдерден сүрінбей өтсе жүргізушілік құжатын алады.
Сонымен бұл кезеңдер мынадай болып бөлінеді:
- Жол жүру ережелері бойынша (ЖЖЕ);
- Автокөлікке техникалық күтім жасау;
- Автокөлікті жүргізу.
Осы кезеңдердің біріншісінде, яғни жол жүру ережелері бойынша (ЖЖЕ)
емтихан компьютерде, ал қалған екеуі (автокөлікке техникалық күтім жасау
мен автокөлікті жүргізу) бойынша практика ретінде өтеді. Курсан емтиханды
жақсы тапсырғаннан кейін, оған жүргізушілік куәлігін екі, үш жұмада
откеннен соң ғана береді. Қазіргі таңда жүргізушілік куәлігін алу үшін
емтиханнан өту қиынға түсіп отыр. Курсант жүргізушілік куәлігін өз
еңбегімен оқып алса, ол одан соң өзіне сенімді болады. Осыған
автоинспектрлердің қатты көз салып отырған себебі, сауатты және қабілетті
жүргізушілер қазіргі уақытта ауадай қажет. Оған қоса автокөлікті жүргізуге
асығып жүргізушілік куәлігін жылдамырақ алғысы келген азаматтар, ешбір
оқусыз сатып алынған куәлікпен қала ортасында көптеген ыңғайсыз жағдайларға
түсіп отырады. Осындай жағдайлардан арылу үшін емтихан сұрақтарын
күрделендіріп, курсанттар мұқият тексерулерден өтеді.
Курсантты қабылдау.
Қазіргі таңда курсантты қабылдау кезінде жоғарыда айтылып өткен
құжаттарды қажет етеді. Ол үшін болашақ курсант медициналық байқаудан өтуі
тиіс. Дәрігерлерден жүргізушілікке жарамдылығын тексеріп, (әйтпесе емделіп
қайта медициналық байқаудан өту) құжаттарын жинап, осы құжаттар арқылы ол
жүргізушілік куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға барады.
Емтихан тапсыру.
Емтихан басталғанда бірінші жолда жүру ережелері бойынша, компьютерде
отырып тапсырады. Тестіде 20 немесе 30 сұрақтан келеді. Жолда дүру
ережелері бойынша мынандай тақырыптар қарастырылады:
- Жүргізушілердің жалпы міндеттері;
- Жолаушы және жолдан өтушілердің міндеттері;
- Бағдаршам және реттеушінің белгілері;
- Жүрісті, маневрлердің басталуы:
- Бағдаршамдардан өту:
- Тоқтау мен авто тұрақтар;
- Жүріс физикасы;
- Автомагистральдар арқылы жүріс;
- Маршруттық транспорттардың приоритеті:
- Адамдарды және жүктерді тасу;
- Механикалық транспорттық құралдарды тікеуге алу.
Курсант осы тақырыптарда дайындалғаны дұрыс. Неғұрлым көп дайындалған
курсанттың жақсы тапсырып шығуға мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Автокөлікке техникалық күтім жасау.
Автокөлікті жүргізіп қана қоймай, сондай – ақ оған техникалық күтім
жасай білу керек. Бұл деңгейде жоғарыда айтып кеткендей курсант техникалық
күтім жасау білімі қаншалықты екендігін көрсетеді. Техникалық күтімнің (ТК)
үш түрі бар, олар: Күнделікті күтім (КК), техникалық күтім1 (ТК1) және
техникалық күтім2 (ТК2).
Оның мағынасы мынада: алдын – ала жоспарланған мерзімдерде белгілі бір
жұмыстарды – күнделікті, бірінші, және екінші техникалық күтімдерді жүргізу
жолымен ақаулардың пайда болуынан сақтандыру.
Күнделікті күтімге (КК) мыналар жатады: автокөлік жұмысының
қауіпсіздігіне көз жеткізу үшін оның жай күйін сыртынан жалпы бақылау,
автокөліктің сыртқы көрінісі таза болуы, жүргізушілер мен жолаушыларға
қауыпсыз санитарлық – гигиеналық жағдай туғызу үшін тазалау, жуу және
сүрту, суытқыш сұйықтың, майдың, отынның барлығын тексеру және оларды үстеп
құю.
Бірінші техникалық күтім (ТК1) ақауларды, бөлшектердің тез тозуын
болдырмауға және жөндеудің қажеттілігін айқындауға арналған. Оған: бақылау
(диагностикалау), реттеу, майлау, бекіту жұмыстары кіреді.
Екінші техникалық күтімнің (ТК2) атқарылатын жұмыстары сол ТК1 сияқты,
бірақ мұнда барлық жұмыстар күрделеу.
Әрине сынаққа алынып жатқанда бұның барлығын орындатуы мүмкін емес.
Себебі әрбір жүргізуші автокөлікке техникалық күтім жасай білгені абзал.
Қазіргі таңда автокөліктерге техникалық күтім жасайтын сервистік орталықтар
көп. Сондықтан жүргізушілердің көбісі автокөліктерін СТО – ға апарады.
Автокөлікті жүргізу.
Бұл деңгейде курсанттар автокөлікті жүргізу сауаттылығы және жолда жүру
ережелерін қолдану бойынша сынға алынады. Мұнда курсант арнайы
жабдықтандырылған автокөлікті қала ішін аралап жүргізуімен өзінің білімін
қасында отырған нұсқаушыға қөрсетеді. Нұсқаушы оған жіберген қателіктерін
айтып, түзеп, кеңесін береді. Егер курсанттың жүргізу барысындағы
қателіктері көп болса, онда сынағынан құлағаны.

1.2 Бағдарламалық қамтамасыз ету

Операциялық жүйе туралы жалпы түсінік.
Бағдарламаларды өңдеу, олардың таралуы компьютердің барлық
құрылғыларының дұрыс пайдалануы- өте күрделі процесс. Сондықтан
компьютерлер операциялық жүйе деп аталатын бағдарламалық қамтамасыз ету
деңгейінде жабдықталған. Операциялық жүйелер жәй интерфейс пайдаланылған
бағдарламаларды қамтамсыз етеді. Және барлық құрылғыларды басқару жұмысын
атқарады. Операциялық жүйелер компьютердің аппаратты жабдықтарымен
қолданылатындар арасындағы интерфейс есебінде сипатталуы мүмкін. Сонда
операциялық жүйе дегеніміз – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс
істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы
пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік
программалар. Операциялық жүйе – адам мен комьютер арасындағы байланысты
жүзеге асыратын ең басты және ең алғаш программа балып саналады. Ол басқа
бір программалар жіберетін сигналдарды қабылдап, оны машина тіліне
түсінікті тілге аударады.
ЭВМ-нің операциялық жүйесі:
- қандай да бір бағдарламалау тілдерімен байланыссыз автономды ортаны
бейнелейді;
- нақты аппараттық платформада жұмыс істейді, мысалы ІВМ РС(бір
платформа үшін бірнеше операциялық жүйелер бар болуы мүмкін);
- қосымшалар деп аталатын нақты қолданбалы бағдарламалардың жұмысын
басқарады.
Операциялық жүйе файлдары жүйелік дискіде сақталып, компьютерді
іске қосқанда оперативті жадқа дискіден автоматты түрде жүктеледі.
Оның негізгі қызметі – программаларлардың бірі-бірімен және
сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру, жылдам жадты бөлу,
компьютердің жұмыс істуі кезінде қате жіберілу сияқты оқиғаларды анықтау,
дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу
режимдерін орнату, пайдалушының программасын іске қосып, оны орындау, т.б.
Яғни операциялық жүйе – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін
жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты дискіде сақталып қойылады.
Сондықтан операциялық жүйені дискілік операциялық жүйе (DOS) деп те атайды.
Мәліметтер қоры ( МҚ ) – белгілі бір пәндік аймаққа жататын
объектілерді ( процестерді, құбылыстарды, оқиғаларды ), олардың қасиеттерін
және өзара қатынастарын бейнелейтін, өзіндік аты бар мәліметтер жиыны.
Пәндік аймақ дегеніміз мәліметтер қорын қамтуға тиісті нақты дүниенің бар
бөлігі болып табылады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі ( СУБД ) – мәліметтермен жан – жақты
қатынас құра отырып, олардың өңделуін қамтамасыз ететін база құру мен
сүйемелдеуге арналған бағдарламалық кешен ( комплекс ).
Microsoft Access 97 2000 СУБД – сы Windows 98 2000 ортасында жұмыс
істейтін, жаңа буынға жататын реляциялық мәліметтер қорының 32 – разрядты
басқару жүйесі болып табылады. Оның Windows – технолгиясының барлық жақсы
қасиеттерін сақтай отырып, тұтынушының жайлы жұмыс істеуіне бағытталған,
өте қолайлы графикалық интерфейсі бар. Access кестелер, формалар,
сұраныстар, басылымдар макростар және модульдер сияқты мәліметтер қорының
объектілерімен жұмыс істейді.
Кестелер – мәліметтерді сақату үшін жасалған, өрістерден (
бағаналардан ) және жазбалардан ( қатарлардан ) тұратын мәліметтер.
Кесте ( Tables ) – мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған негізгі
объект, мәліметтер жиыны. Ол өрістер( поля ) мен жазбалардан ( записи )
тұрады.
Жазба ( Record ) – кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол СУБД
мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады. Жазба сипатталатын бір
объект туралы толық мәлімет береді.
Өріс ( Field ) – кестедегі бағана немесе тік жол. Access – те өріс
мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады. Енгізу өрісі
деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін бір бағандағы жолды
айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізіледі.
Объектінің әрбір сипаты ( қасиеті ) белгілі бір өріс мәні болып
табылады. Әрбір кесте үшін бастапқы түйінді мәнді, яғни негізгі ( кілтті
)өрісті анықтауға болады, ол әрбір жазбаны басқаларын бөліп
идентификациялау үшін пайдаланады ( әрбір жазба үшін бірегей мағынаны
білдіреді ) және ол бір немесе бірнеше өрістен тұруы мүмкін.
Түйінді өріс ( ключевое поле ) – кестедегі жазбаларды таңдап алу үшін
мәндері қолданылатын негізгі өріс.
Кілт ( ключ ) немесе түін – кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер
арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын бір немесе бірнеше түйінді өріс.

Санауыш – кестедегі жазбалардың реттік нөмерлері орналасатын өріс.
Сұраныс – бұл деректерді таңдауда және өзгертуде талдау құралы.
Сұраныстардың көмегімен бірнеше кестелердегі деректерді көруге, талдауға
және өзгертуге болады. Сұраныстар сонымен қатар форма және есеп үшін
деректердің көздері болып табылады.
Сұраныстарды берудің бірнеше түрлері болады:
- Конструктор сұраныстың кез-келген түрін құруға мүмкіндік береді.
- Жай сұраныс Мастер көмегімен сұранысты өз қалауыңызша құруға
мүмкіндік береді.
- Қйылыс сұраныстары деректерді талдауды оңайлататын есептеулер және
көрсетілімдер жасау үшін қолданады. Қиылыс сұранысы статикалық
есептеулер жүргізеді, бұдан кейін қорытындылар екі жинақталған
деректер ретінде топтастырылады, оның біреуі бағандардың
тақырыптарын анықтайды, ал екіншісі жолдардың тақырыбын анықтайды.
- Қайталанатын сұраныстар жай кестеде немесе сұраныста қайталанатын
жазбаларды іздеу үшін құрылады, Записи без подчиненных пунктін
таңдағаннан - байланыстырылған сұраныста ешбір жазба сәйкес
келмейтін жазбаларға сұраныс жасайды. Мұндай сұраныс көп кестелі
деректер базасында қолданылады.
Форма әр түрлі мақсаттарда қолданатын өздігіне экреннығ арнайы форматын
көрсетеді, көбінесе кестеге деректерді еңгізу үшін және бір жазбаның
көрсетілуі үшін формалар деректерге жазбалар еңгізу, тұзетуге, қосуға және
өшіруге мұмкңндңк береді.
Форманы бірнеше әдістермен құруға болады:
– Конструктор сізге форманы өз бетіңізше құруға
көмектеседі.
– Форма шебері таңдалған өрістер негізінде автоматты түрде
форманы құруға мүмкіндік береді. Access бұл режимде
қолданушының қандай форма алғысы келетіндігін анықтап, оны
автоматты түрде құрастырады. Егер сізге бұл формадан бір
нәрсе ұнамаса, сіз оны Конструктор режимінде түзетуге
болады.
– Автоформалар форма шеберлерінің жиілік іс-әрекеті болып
табылады, сонымен қатар олар қолданушының қатысуынсыз
берілген форма түрін автоматты түрде құрайды.
– Диаграмма құрылған диаграммалы форманы құрайды.
– Құрама кесте Excel құрама кестесімен форма құралады.
Есеп – бұл баспаға шығарар алдында деректер топтамасын үшін эффективті
және гибкий әдісі және қолданушыға қажетті түрінде деректер базасы баспаға
шығарылады, Мысалы, оқу жөніндегі справка түрінде, емтиханның ведомостер,
қандай да бір түрде біріктірілген кестелер және т.б. Коструктор көмегімен
есепті өз бетіңізше құрауға болады. Көркемдеудің дайын нұсқауларын
дайындауға немесе Шебер көмегімен есеп құрауға мүмкіндік береді.
Есеп құрудың 6 әдісі бар:
- Конструктор сізге өз бетіңізбен есеп құруға мүмкіндік береді, бірақ
бұл ең дәрежелі қолданушы үшін де оңай болмайды.
- Есеп шебері сізбен таңдалған кестелер өрісінен есеп макеттері
негізінде автоматты түрде есеп құрайды. Есеп құрудың бұл әдісі ең
тиімді болып табылады.
- Бағанға автоотчет және жолдық автоотчет есеп құрудың ең қарапайым
әдістері: есеп құрылатын (сұраныс) кесте атын ғана көрсетсе болды,
қалғандарын есеп шебері жасайды.
- Диаграмма шебері есепті диаграмма түрінде құруға мүмкіндік береді.
- Почталық жапсырмалар – почталық тапсырмалар басуға арналған
форматталған есеп құруға мүмкіндік береді.
Access - те тұтынушыға өз есептерін ойдағыдай шығаруға мүмкіндік
беретін әртүрлі диалогтық құралдар бар, оларға меню командалары, сайманщдар
тақтасындағы батырмалар, суырылып шығатын түсініктемелік сөздер,
Конструктор (Design), Шебер (Wizards) бағдарламасы жатады.
Access – ті іске қосу Пуск - Программалар - Microsoft Access
командаларымен орындалатын немесе жұмыс үстеліндегі Access белгішесін
екі рет шерту қажет. 1 – суретте мәліметтер қорын ашуға мүмкіндік беретін
терезе көрсетілген. Осы терезедегі Жаңа мәліметтер қоры (Новая база
данных) жолы немесе мәліметтер қорында бұрын құрылған болса, онда
Мәліметтер қорын ашу (Открыть базу данных) пунктін таңдау қажет.

1 сурет - Мәліметтер қорын ашу терезесі

Access терезесінің жалпы түрі 2 – суретте көрсетілген.
Негізгі меню ағымдағы жұмыс режимінде өзгеріп отырады, оның құрамында
келесі пункттер болуы мүмкін: Файл (File), Түзету (Правка), Түр (Вид),
Кірістіру (Вставка), Терезе (Окно), Пішім (Формат), Жазбалар (Записи),
Сұраныс (Запрос), Іске қосу (Запуск), Байланыстар (Связи), Сүзгі (Фильтр),
Анықтама (Справка). Меню пунктін Alt пернесімен бірге команда атында асты
сызылған әріпті бір мезетте қатар басу жолымен немесе тышқанның сол жақ
батырмасын шерту арқылы таңдауға болады.

2 сурет- Access терезесінің жалпы көрнісі

Word мәтіндік редакторы.
WORD – та жұмыс істеу принциптері WINDOWS жүйесіндегі жұмыс
принциптерімен бірдей болып келеді. Атап айтқанда: бір мезгілде ашулы
тұрған бірнеше терезелермен және файлдармен жұмыс атқару, жүйелік менюді
белсенді қолдану және т.б.
WORD редакторы қазіргі заманғы мәтіндік процессорға қажетті барлық
сапалық қасиеттерге ие. Яғни, құжатты жасау және оны пішімдеу, қаріптермен
безендіру, кестелерді, мәтіндік эффектілерді, кескіндерді, матиматикалық
формулаларды және т.б. пайдалану. Сонымен қатар, әрине, мәтінді басып
шығаруға қажетті безендіру мүмкіндіктері де бар: колонтитулды енгізу,
парақтарды нөмерлеу және т.б.
WORD қосымша мүмкіндіктерінің бірі – Мастер және Шаблонды пайдалану.
Олар іскерлік хаттар, шарттар, есептемелік формалар сияқты құжаттардың
негізгі түрлерін безендіру процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

1.3 Жүйенің инфологиялық моделі
Мәліметтер схемасы мәліметтер базасының құрлымын жасап, оның графикалық
бейнесі болып қана қоймай, жұмыс істеу процесінде де кең қолданылады. МҚ
схемасын жасау көпкестелі формаларды, сұраныстарды және басылымдарды
жеңіл құрастыруға, сондай – ақ, кестелерді түзету кезінде байланысқан
мәліметтер тұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Схема кестелер арасындағы байланыстар анықталып, олардың нұсқалары
жасалады. Осылай құрылған схемалар өзара байланысқан кестелер негізінде
формалар, сұраныстар және басылымдар құрастыру кезінде мәліметтер
байланысын автоматты түрде пайдалануға мүмкіндік дереді. МҚ схемасы
гафикалық түрде арнайы терезеде өрістер тізімі арқылы көрсетілген, әртүрлі
кестелердің керекті өрістерін сызықтармен байланыстыру жолымен бейнеленіп
тұрады.
Осындай өзара байланысу бейнесі мәліметтердің екі тобы арасындағы
нақты байланысты көрсетеді. Бұлардың бірдің бірге ( 1:1 ), бірдің
көпке ( 1: К ) және көптің көпке ( К:К ) қатынасы сияқты бірнеше
түрлері бар.
Мысалы, жүргізуші құжатының объектісін сипаттау кезінде КУРСАНТ,
ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІ, ҚЫЗМЕКЕРЛЕР сияқты өрістерді пайдаланамыз. Осы
өрістердің арасындағы байланыстарға тоқтала кетейік:
1:1 – КУРСАНТ ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІ
1:К – КУРСАНТТАР ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІ
К:К – ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КУРСАНТТАР
Access бағдарламасы мәліметтер схемасын құру кезінде таңдап, алынған
өріс бойынша кестелер арасындағы байланыс типін автоматты түрде анықтайды.
Егер байланыс орнатылатын өріс басты және бағынышты кестелердің екеуінде де
қайталанбайтын түйінді өріске жататын болса, онда бірдің бірге қатынасы
түріндегі байланыс орнатылады. Ал, егер байланысу өрісі тек басты кестеде
ғана қайталанбайтын түйінді типке жататын болып, ал бағынышты кестеде ол
түйінді өріс типіне жатпайтын болса немесе ондағы құрамалы түйінді өріске
кіретін жағдайда, басты кестеден бағынышты кестеге қарай бірдің көпке
қатынасы байланысты орнатылады.
Басты кестеден байланыс өрісі ретінде түйінді болып,
саналмайтын типті таңдағанда, тек біреуге байланысы орнауы мүмкін. Мұндай
байланыстар басты кесте мен бағынышты кестенің екеуінен де алынған
өрістері бар формалар мен басылымдар құру кезінде қажет болады. Мұндай
байланыстар бірдей мәндері бар жазбалардың байланыс өрісінде біреуін
төмендегі 3 тәсілдердің біреуімен қамтамасыз етеді:
1)екі кестенің де байланысқан өрістерінің мәндері бірдей болған
жазбаларды ғана біріктіру;
2)екі кестенің де байланысқан өрістерінің мәндері бірдей болған
жазбаларды біріктіру.
3)екі кестенің де байланысқант өрістерінің мәндері бірдей болған
жазбаларды біріктіру.
1:1 немесе 1:К типіндегі байланыс түрлеріне мәліметтер тұтастығы
қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Санжар Моторс ЖШС жылжымалы құрамының шиналарын жөндеуге арналған учаскенің өндірістік қуатын оңтайландыру жобасы
ЖШС Вега автокөлік кәсіпорнының тасымалдау және өндірістік жұмысына талда
Автокөлік логистикасының техникалық сенімділігін тиімдендірілуінің жетілдіру жолдары
Автомобиль жолдарын пайдалану жағдайындағы қоршаған ортаның ластануы
Қазақстан Республикасы көлік логистикасының маңыздылығы мен техникалық сенімділігінің теориялық негіздер және даму жолдарыі
Автомобильді пайдалану және техникалық қызмет көрсетуді оқытудың тиімді әдістері мен формалары
Жүк тасымалдау көлігі
Қазақстан Республикасында автокөлік тасымалдауды ұйымдастырудың қазіргі жағдайы (Алматы қаласы мысалында)
Жабдықты пайдалану және техникалық қызмет көрсетуін ұйымдастыру
Аймақтарда автокөлікпен тасымалдауды ұйымдастыру мен басқаруды жетілдірудің тәжірибелік негіздері
Пәндер