Қылмыс ұғымы туралы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.
Кіріспе . . . 3, 4
І тарау. Заңдық жауапкершілік негізгі ерекшеліктері
1. Заңдық жауапкершіліктің түрлері және белгілері, түсінігі…… . . . 5
ІІ тарау. Заңды жауапкершіліктің жүзеге асырылу ерекшеліктері

2. 1. Заңдық жауапкершіліктің жүзеге асырылуы . . . 27
2. 2. Заңдық жауапкершілікті болдыртпайтын мән жайлар……… . . . 30, 31
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Заңды жауапкершілік жасалған құқық бұзушылыққа сәйкес қолданылатын, кінәлі жанның жеке, мүліктік немесе ұйымдастырушылық сипаттағы айырылушылықтарымен байланысты болатын мемлекеттік мәжбүр ету шаралары.

Заңды жауапкершілік - жеке адам, қоғам, мемлекеттің мұддесін кор-ғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген кұқықтық норманың санк-циясын қолданудан тұрады.

Заңды жауапкершіліктің заңды негізі - құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.

Заңды жауапкершілікке тән белгілер:

1) Құқықтық нормаларда мемлекетпен тағайындалады;

2) Мемлекеттік мәжбүрлеумен негізделеді;

3) Арнаулы өкілді мемлекеттік органдармен қолданылады;

4) Жаңа қосымша міндет жүктеумен байланысты болады;

5) Жеке, мүліктік, ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі теріс нәтиже түрінде көрінеді;

6) Құқық норма санкциясын жүзеге асыру нысаны, нақты жағдайда нақты адамға қатысты қолданылады;

7) Іс жүргізу нысанында жүктеледі;

8) Жасалған қылмыс үшін және соның деңгейіне сай қолданылады.

Заңды жауапкершіліктің фактілі негізі - құқықбұзушылық; заңды негізі - құқық нормасы және тиісті құқық қолдану актісі; мәжбүрлеу шаралар көлемі, нысаны. Мақсаты - субъективті құқықтар мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамды тәртіпті қорғау.

Функциялары:

1) Айыптау - мемлекеттің жазалау реакциясын сипаттау;

2) Құқықты қалпына келтіру - келтірілген зиянды, шығынды толтыру;

3) Тәрбиелік жеке превенция, жалпы превенция.

Қағидалары:

1) Әділеттілік;

2) Гумандылық адам намысына тиетін жаза қолданбау;

3) Заңдылық;

4) Негізделгендік;

5) Бұлтартпастығы;

6) Мақсаттылық, қажеттілік.

Заңды жауапкершілік әртүрлі негіздер бойынша жіктелінеді. Құқық салаларына байланысты:

  • қылмыстық құқыққа сәйкес қолданылады, ешкім сот үкімінсіз кінәлі деп саналмайды жауапқа тартылмайды; ең ауыр жаза;
  • әкімшілік қоғамдық тәртіпті бұзу немесе атқару-жарлық етуші органдардың қызметіне кедергі келтіруге қатысты және т. б. қолданылады;
  • азаматтық шарт бұзғандық үшін немесе шарттан тыс міндеттемелерді орындау барысында қолданылады. Зиянды толық өтеу - негізгі принципі;
  • тәртіпшілік еңбек, оқу, қызмет ету, әскери тәртіптерді бұзғандық үшін қолданылады; түсініктеме талап етіледі; әкімшілік немесе тәртіпшілік алқамен салынады;
  • материалдық еңбектік міндеттерін атқару барысында қызметкер, жұмысшыға келтірілген кәсіпорын, мекеме, ұйым зияны үшін туындайды.

І тарау. Заңды жауапкершілік негізгі ерекшеліктері.

1. 1. Заңды жауапкершіліктің ұғымы және түрлері.

Заңды жауапкершілік ұғымымен байланысты сұрақтар мемлекет және құқық теориясында дискуссоналды болып табылады. Заңды жауапкершілік туралы көптеген анықтамалар бар, оларды бір жақты салыстыру мүмкін емес.

Жауапкершілік кең мағынада тұлғаның қоғамға және мемлекетке, басқа тұлғаларға қатынасында өзінің міндеттерін дұрыс ұғынып, белгілі бір талаптарды орындауы.

Жауапкершілік тар мағынада немесе әлеуметтік - заңдық мағынада құқықбұзушылық жасаған тұлғаға заңда көзделген тәртіптпен мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын қолдану.

Заңды жауапкершілікке негіз болып құқықбұзушылық танылады1.

Заңды жауапкершілікті сипаттайтын негізгі белгілері:

1) ол ерекше мемлекеттік мәжбүрлеу аппаратына сүйенеді, бұл құқық нормасымен қарастырылған санкцияны жүзеге асырудың нақты нысаны;

2) қоғамға қауіпті құқық бұзушылық жасаған уақыттан бастап пайда болады;

3) іс жүргізушілік нысанында қолданылады.

Осы аталған белгілер заңды жауапкершіліктің міндетті белгісі болып табылады.

Адамның іс-әрекеті әр алуан әлеуметтік қағидалармен сәйкес реттеліп отырады. Адам өмір сүретін қоғамдық ортада оның сана-сезіміне, іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына әдептік қағидалар, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар өз әсерін тигізеді. Өзіне де, өзгеге де жалпыға бірдей әдеп сақтаған адамды жұртшылық тәрбиелі адам деп санап, мәдениетті, зиялы адам ретінде қошеметтеп, құрметтейді. Ал көпшілікке тән әдет-ғұрыптарды сақтамай, тәртіп бұзғандарға жұртшылық күдікпен қарайды, ондайлар көпшіліктің теріс пікіріне тап болады. Ұяты бар арлы адам басқалардың, қоғамның пікірін жоғары бағалап, әдепсіз қылықтардан, жаманаттан өзін аулақ ұстайды.

Адамгершілік принциптер мен қағидалар, әдет-ғұрып, дәстүр, сондай-ақ құқық ережелері т. б әлеуметтік қағидалардың негізі болып саналады. Бұған адамның күнделікті өміріне үңіліп қарасаңыз, көзіңіз жетеді. Мысалы, кім ұрлық жасаса, ол-ар мен ұяттан айырылған адам. Егер ата-ана баласына үнемі қамқор көзбен қараса, өзі де жоғары мәдениетті, парасатты адам болса, оның балалары да адамгершілігі жоғары, заң талаптарынан аулақ кетпейтін, кәдімгі жақсы адамдар қатарында болады. Мұнда құқықтық нормалар адамгершілік, ар-ұяттық принциптерге сүйенеді.

Егер адамдардың басым көпшілігі заң нормаларын сақтап, оның ережелерін дұрыс орындайтын болса, онда қоғам тыныштықта өмір сүретін болады. Мұндай қоғамда әрбір адам тыныштықта қалыпты өмір сүреді, өзінің денсаулығын, дүние-мүлкін сақтау жөнінде көп алаңдамайды. Егер қоғамдық ортаның қалыпты өмір сүруі төмендеп кетсе, онда ел ішінде адамгершілік қасиеттер де төмендеп, бірден қылмыс көбейіп кетеді.

Әрине, адамдардың басым көпшілігі адамгершілік нормаларды аяққа басып, тәртіп сақтамаса, қоғам бір қалыпты өмір сүре алмайды. Мұндай қоғамның болашағы да жоқ. Осындай жағдайды болдырмас үшін адамгершілік тәрбиені күшейтіп, адам санасына заң ережелерін сақтау міндетін орнықтырып, үнемі бақылап, қамқорлық жасап отыру қажет. Ал бұл үшін заңды іс-әрекет деген не екенін әр адамның білуі керек. Егер заң талабы іс жүзіне асырылатын болса, адамдар мінезінің төмендегідей белгілері байқалады.

Жалпы заңды жауапкершілік мынадай түрлерге бөлінеді:

1) Еңбек немесе тәртіптік жауапкершілік;

2) Қылмыстық жауапкершілік;

3) Азаматтық - құқықтық жауапкершілік;

4) Әкімшілік жауапкершілік.

Осы аталған жауапкершілік түрлеріне жеке -жеке тоқталып кетейік.

Еңбек және тәртіп жауапкершілігі туралы

Кеңестік Конституциядан Қазақстан Республикасы Конституциясының айырмашылығы-еңбек етуге міндеттілік белгілемейді. Еңбекке қабілетті әрбір адам қайда еңбек ететінін, қандай жұмыспен шұғылданатынын өзі шешеді. Егер адам кәсіпкерлік еңбекпен шұғылданса, еңбекпен, жұмыс уақытымен, демалыспен байланысты мәселелерді өзі шешеді. Егер адам мемлекеттік ұйымға, қоғамдық не жеке меншік мекемеге жұмысқа орналасса, онда жұмысшының міндеті мен жауапкершілігі еңбек заңына байланысты шешіледі. Мұнда мәселе жұмысшы мен жұмыс берушінің құқығына, міндеті мен жауапкершілігіне орай шешіледі.

Конституция азаматқа еңбек бостандығына, еңбектің, мамандықтың түрлерін таңдауға еркіндік құқығын береді. Бұл-азамат заң жүзінде тыйым салынғаннан басқа еңбектің кез келген түрімен шұғылдануына болады, ол мемлекеттік, жеке мекемелерге, кәсіпорындарға жұмысқа орналаса алады. Демек, Қазақстан азаматы шетелдік азаматтарға қарағанда жұмысқа орналасу жөнінде кең мүмкіндікке ие. Мысалы, шетелдік азамат, ереже бойынша мемлекеттік қызметке қабылданбайды. Республика азаматы бос тұрған қызмет және жұмыс орнын алу жөнінде басқалардан артықшылық құқықты пайдаланады. Адам құқығы жөніндегі халықаралық-құқықтық актіде адамға заң жүзінде еңбек етуге міндеттеу-еңбек етуге мәжбүрлеу, яғни құлдық еңбек деп таниды. Конституция белгілі бір жағдайда ғана азаматқа еңбек етуге мәжбүрлік жасайды. Сот үкімі бойынша, төтенше немесе соғыс жағдайында ғана еңбектенуге мәжбүр етуге болады. Әрине, бұдан еңбек етуге міндеттейтін заңның жоқтығы дені сау, еңбекке жарамды адам еңбек етуіне болмайды деген мағына тумауы керек. Кәмелетке толған әр адам өзін, өзінің отбасын еңбек етіп асырап-сақтауы керек. Бұл оның адамгершілік парызы. Бұл парыз-оның Конституцияда жазылғандай заңи парызы. «Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті»( Конституция, 27 -бап) .

Заң еңбекпен байланысты салада кез келген алалаушылыққа тыйым салады. Әрбір азамат өзінің еңбек жөніндегі құқығын басқалармен тең түрде пайдалана алады. Мұның өзі ешкімнің еңбек туралы құқығына шек келтірмейді, сондай-ақ жұмысқа орналасу кезінде ешкім өзінің жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дәулетіне, лауазымдық дәрежесіне, тұрған жеріне, діни ерекшелігіне және басқа да жағдайына қарай артықшылықты пайдалана алмайды деген сөз. Сонымен бірге еңбек құқығына шек келтіру деп саналмайтын кейбір жағдайлар да бар. Жұмысқа қабылданарда адамның мамандығы, кәсібі, мамандық ережесі еске алынады. Жұмыс процесінде іскерлік сапасы, еңбек ету үстіндегі ісінің нәтижесі де есепке алынуы мүмкін. Егер адам еңбек ету кезінде алалаушылыққа кездессе (жұмысқа қабылданарда, жұмыс процесінде т. с. с. ), онда ол сотқа шағынуға құқылы. Егер сот алалаушылыққа жол бермеу жөнінде шешім қабылдайды. Сонымен қоса, сот кінәлі адамнан жапа шеккен адамның көрген зиянын өндіріп алуды міндеттейді.

Жұмыскердің қандай құқықтары бар? Әрбір еңбек адамының құқықтары төмендегідей. Еңбек жағдайы қауіпсіздік пен гигиена талабына сай болуы керек. Бір түрлі еңбекке әр адам бір мөлшерде, тең еңбекақы алуы керек. Еңбекақы мөлшері заң белгілеген мөлшерден кем болмауы тиіс, бұл жөнінде заң еңбеккерді жұмыс берушіден қорғап отырады. Жұмыс уақытының ұзақтығы заңмен бнлгілінеді, жұмыс беруші оны өз еркімен ұзарта алмайды. Жұмысшының демалыс күндері, мейрам күндері, жыл сайынғы төлемелі еңбек демалысы кезінде демалуға және мамандығын дайындауға және мамандығын көтеруге құқығы бар. Жұмысшы еңбектегі міндетін орындаумен байланысты денсаулығына немесе еңбек ету ұжданына, мүлкіне зиян келтірілсе, оны төлеуді талап етуге құқықты. Егер жұмысшының еңбек құқығы бұзылса, онда ол сотқа дейін шағым етіп, өз құқығын қорғай алады. Жұмысшының кәсіподақтар ұйымына мүше болуға құқығы бар. Жұмыссыздықтан қорғануға, сондай-ақ жұмысынан айырылған кезде әлеуметтік кепілдік алуға да құқықты.

Заңда белгіленгеніндей, азамат 16 жасқа толған соң еңбек келісімшартын жасауға құқығы бар. Ал 15 жасқа толғандар еңбек келісімшартын ата-анасының немесе қамқорлыққа алған кісінің келісімі бойынша, немесе өз алдына еңбек етуге дайындала жүріп, бос уақытында оқу кезінде жасаса алады. Орта білім алған жағдайда немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастаған жағдайда да келісімшарт жасала береді. Сондай-ақ ата-анасының біреуінің келісімімен (қамқоршысы, қорғаншысы) жеке еңбек шарты 14 жасқа толған оқушымен жасалына береді. Жұмыс оқушының оқу процесіне, денсаулығына зиян келтірмейтін болуы керек.

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер Қысқарған жұмыс уақыты бойынша еңбек ете алады және де еңбек ақысы қысқартылмайды. 14-тен 16 жасқа дейінгі оқушылар үшін апталық еңбек уақытының ұзақтығы 36 сағат болып белгіленеді. 18 жастан төменгі жұмысшыларды түнгі жұмысқа және де жұмыс уақытынан тыс жұмысқа, зиянды және қауіпті жағдайдағы еңбекке пайдалануға болмайды.

Жұмыс берушінің төмендегідей құқықтары бар:

  • Заңға сәйкес еңбек келісімшартын жасауға, оны өзгертуге немесе тоқтатуға;
  • Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерден осы еңбек туралы Заңда көзделген, белгілі бір еңбек қызметімен айналысуға және (немесе) белгілі бір қызметті атқаруға мүмкіндігін растайтын құжаттар беруді талап етуді;
  • Өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
  • Қызметкерлерді көтермелеуге, оларды еңбек туралы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға;
  • Қызметкер сынақ мерзімін белгілеуге;
  • Егер жеке еңбек шартының талаптарында жазылған болса, қызметкерді оқып-үйретуге байланысты өз шығындарының орнын толтыруға құқығы бар;
  • Ұйымның жұмысын тоқтатуға және ереуіл ұйымдастыруға қатысқаны, өткізгендері үшін жұмысшыларды жұмыстан шығару сот шешімімен заңсыз деп танылады;
  • Еңбек келісімшарты бойынша жұмысшыдан еңбектің орындалуына талап етуге;
  • Өзіне келтірілген зиянды өндіріп беруді жұмысшыдан талап етуге;

әрбір жұмысшының міндеті:

  • Өзіне еңбектегі міндетін сапалы, адал орындау;
  • Еңбек тәртібін сақтау;
  • Жұмыс берушінің мүлкіне ұқыпты қарау;
  • Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарын орындау;
  • Жеке еңбек шартына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғайтын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

Заң жұмыс берушіге төмендегідей міндеттер жүктейді:

  • Жұмысшыға тиісінше қалыпты өндіріс жағдайын туғызу;
  • Еңбекті қорғаудың нормасы мен ережесін орындап отыру, өрт қауіпсіздігін, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитария ережелерін сақтау;
  • Жұмысшыға қатысты ұжымдық келісімшартпен, еңбек туралы нормативтік актімен таныстыру;
  • Қызметкерлер өкілдерінің ұсынысын қарауға және ұжымдық шарт жасауға;
  • Қызметкерлерді олардың еңбек міндеттерін орындауына қажетті құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;
  • Қызметкердің еңбек міндеттерін атқару кезінде оның денсаулығы мен өміріне зиян келтіргені үшін жауапкершілігін сақтандыруға;
  • Қазақстан Республикасының номативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіп пен жағдайларда қызметкерлерге келтірілген зиянды өтеуге;
  • Егер жұмысты жалғастыру қызметкердің өмірі мен денсаулығына қатер төндірсе, оны тоқтата тұруға;
  • Еңбекақыны дер кезінде төлеу;
  • Еңбек туралы заңдардың, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын сақтау.

Жұмысшы өз міндетін орындамаған жағдайда, заң оның еңбек тәртібін қарайды. Өзінің еңбек тәртібін бұзған жұмысшы тәртіпсіздік жасаған болып есептеледі. Тәртіп бұзушылықтың өзіндік белгілері бар:

  • Жұмысшы жұмыс берушінің алдында еңбек тәртібін бұзуы;
  • Өзінің еңбек міндетін дәлелсіз себептермен орындамауы немесе нормативтік актіде, өзінің еңбек келісімшартында көрсетілген міндеттердің нашар орындалуы;
  • Ұйымға, жалдаушыға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіруі. Мұндай зиян негізінен материалдық жағынан болады.

Ұйымның әкімшілігі алдында, жеке адамдардың алдында да келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген адамның тәртіп жөніндегі қылығы туралы мәселе келуі мүмкін. Мұндай мінез-қылықтарға тәртіптік шара қолданылады.

Тәртіпсіздік мінез-қылықтың әкімшілік мінез-қылықтан айырмашылығы бар. Тәртіпсіздік жасайтын азамат- тек жұмысшы (қызметші) оның үстіне ол жұмыс орнында немесе сол жұмыспен байланысты болады. Ал әкімшілік тәртіп бұзушылықты 16 жасқа толған және оданда ересек кез келген азамат жасауы мүмкін. Тәртіпсіздік мінезді жұмысшы ішкі еңбек орнында, белгілі бір жұмыс берушінің алдында көрсетеді, ал әкімшілік мінез-қылық мемлекеттік басқару орнында жалпы тәртіпті бұзу қылығымен ерекшеленеді. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзу (ұсақ бұзақылық ), жол ережесінің тәртібін бұзу, төлқұжаттық тәртіпті бұзу т. с. с. Тәртіп бұзушылыққа тәртіптік шара қолданылады. Әкімшілік тәртіпсіздікке ерекше әкімшілік жаза қолданылады. Мысалы, жүргізушілік құқығынан айыру, әкімшілік тұтқындау, ақшалай айып салу т. с. с. Тәртіпсіздік шараны жұмыс беруші еңбекке қатысы бар өзінің жұмысшысына қолданады. Әкімшілік жазаны арнайы орган өзіне берілген құқықпен тәртіп бұзушыға қолданады. Мұндай органдар-атап айтқанда, мемлекеттік, санитарлық және басқа инспекциялар, ал жұмыс беруші әкімшілік еңбек келісімшартындағы көрсетілген шаралар бойынша қолданады.

Әкімшілік жазалау шаралары белгіленген тәртіп бойынша қолданылуы тиіс. Мұның өзі әкімшілік шараларды әкімшілік басшысына жұмысшының өз басы жақпағанына қарай емес, тәртіпсіздік қылығына қарай қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті өздеріне тәртіптік өкімет билігі берілген лауазымды адамдар, арнайы органдар қолданады. Мысалы, мектепте мұндай билік оқу ісін басқарушыға емес, директорға ғана берілген. Тәртіпсіздік қылық үшін тек нормативтік құжаттарда көрсетілген шаралар ғана қолданылады. Бір тәртіп бұзушылық іске бір шара ғана қолданылатынын ескерген жөн.

Тәртіптік жазаны (немесе шараны) қолданғанда, оның белгілі бір мақсаттылығын, әсіресе оның әділеттілігін қатты ойластыру керек болады. Мұның өзі әрбір тәртіп бұзушыға жеке-жеке қарауды қажет етеді. Жұмысшының (немесе қызметшінің) жеке басы, өзінің ісіне қалай қарайтындығы, істеген қылығының ауыр, жеңілдігі, тағы басқа жайлар салмақтай қаралып, осыларды жан-жақты есепке алуы тиіс. Жаза қолданудан бұрын ол адамнан жазбаша не ауызша түсінік алуы керек.

Тәртіптік жауапкершілік екі түрге бөлінеді: жалпы және арнайы. Арнайы тәртіптік жауапкершілік мемлекеттік органдарда (ішкі істер туралы, ұлттық қауіпсіздік туралы т. б), сондай-ақ жұмысшылардың кейбір түрлері үшін жасалған жарғыларда белгіленеді.

Жалпы тәртіптік жауапкершілік ішкі еңбек жүйелерінің ережелерінде белгіленеді. Заң жалпы тәртіптік шараның төмендегідей түрлерін қарастырады: 1) ескету; 2) сөгіс; 3) жеке еңбек шартын бұзу;

Тәртіптік шара тәртіпсіздік қылық фактісі анықталғаннан кейін, бір ай өтпей тұрып қолдануы тиіс және тәртіпсіздік қылық болған күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданылмайды.

Өздерінің міндеттерін бұзғаны үшін жұмысшыға да, жұмыс берушіге де материалдық жауапкершілік жүктеледі. Жеке еңбек шартында тараптардың материалдық жауапкершілік шарты нақты көрсетіледі. Жеке еңбек шартының бір тарабы екінші тарапқа зиян келтірсе, оны еңбек туралы заңға сәйкес сот шешімінің негізінде не ерікті түрде өтейді. Жұмысшының денсаулығына зиян келетіндей болса, немесе еңбек қабілетіне зиян келетіндей зақымданса, жараланса, мертіксе, жұмыс беруші ол зиянды өтеуге міндетті. Сондай-ақ жұмыс беруші жұмысшыны заңсыз еңбек ету құқығынан айырса; заңсыз негізбен жұмысқа қабылдамаса, заңсыз жұмыстан босатса, жұмысшыны қаралайтын мағлұматтар таратса, онда ол материалдық жауапқа тартылады. «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асыратын еңбек туралы заңның бұзылмауына бақылау енгізілген. Мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыретіне мыналар жатады: шағымдар мен тексерулердің ізімен қараудың еңбек қатынастарын реттейтін еңбек туралы Заңның және басқа да нормативтік құқықтық актілердің бұзылмауына бақылау; еңбек туралы заңның бұзылуының себептерін анықтау және талдау; бақылау нәтижелері бойынша нұсқау беру т. б. Мемлекеттік инспекторлар берген нұсқаудың меншік түріне тәуелсіз барлық ұйымдарда орындалуы міндетті.

Қылмыстық жауапкершілік

Кез келген заң бұзушылық мінез-қылық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал қылмыс дегеніміз-қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді. Қылмыстың құрбаны кез келген әлеуметтік топтың адамдарынан: қарттар мен жастар, ер мен әйел, сау мен ауру, кедей мен бай, қазақтар, орыстар, тағы басқалар болуы мүмкін.

Қылмыскерлерден әсіресе жасөспірімдер зардап шегеді. Олар құрбандыққа тікелей де, жанама түрде де тап болады. Егерде адам қылмыс істесе, оның балалары зардап шегеді. Егер бала отбасында жақсы тәрбиеленбесе, үйде үнемі дау-жанжал болып тұрса, ол балаларға өте зиянды, жағымсыз әсер етеді. Көптеген қылмыскерлер дәл осындай отбасынан шығады.

Сонымен, қылмыс дегеніміз не?

Қылмыс-қоғам үшін қауіпті заң бұзушылықтың өрескел көрінісі, ол заң тыйым салған, заңмен жазаланатын, әрекетті немесе әрекетсіз өрескел қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып кездеседі.

Қылмыстық әрекет қоғамдық қауіпсіздік жағдайына қарай онша ауыр емес қылмыс, орташа ауыр, ауыр және ерекше ауыр қылмыс түрлері болып бөлінеді. Онша ауыр емес қылмыс үшін 5 жылға дейін мерзімге жазаланады. Ал орташа ауыр қылмыс үшін жаза - 5 жыл және одан да жоғары мерзім. Ауыр қылмыстың жазасы - 12 жылға дейінгі мерзім. Ал ерекше ауыр қылмыстың жазасы - 12 жылдан артық мерзім немесе өлім жазасы. Қылмыс адамның өміріне, денсаулығына, ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне, дүние-мүлкіне зиян келтіреді. Қылмыс мемлекетке қарсы да жасалады. Қайғы-қасіретті жағдайлар нәтижесіне байланысты да қылмыс жасалуы мүмкін. Кейбір адамдар жасаған қылмысын өзінің кәсібі деп есептейді. Қалыптасқан ұры («вор в законе») деген сөз бар. Ондай адамдарды кәсіби қылмыскер дейді. Мұндай қылмыстарды істейтін қылмыскерді біздің заманымызда қауіпті немесе өте қауіпті рецидивист (жырынды, баукеспе) дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыстық іс қозғау пәнінен практиқалық (семинарлық) сабақтар
Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері
Қылмыстық құқықтық ұғымы, белгілері
Қылмыс заты
Қылмыс құрамының ұғымы
Көп қылмыстардың заңдылық сипаттамасы және мазмұны
Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы
«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен лекциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz