Кәсіпорын табысының экономикалық мәні
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
1.1. Кәсіпорын табысының экономикалық мәні
1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі және функциялары
1.3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы және орналастырылуы
2. Ка-Биско ЖШС табысын талдау
2.1. Ка-Биско ЖШС сипаттамасы және экономикалық қызметін бағалау
2.2. Кәсіпорынның табыстылығының абсолютті көрсеткіштерін талдау
3. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
3.1. Кәсіпорын табысына әсер етуші негізгі факторлар
3.2. Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық
пайдалылығы табыс табумен анықталады. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі
атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар
тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады.
Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша
қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс
кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен
шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет
ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының
қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.
Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің рентабельділік
(табыстылық) деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық
жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен
салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін
бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын
кәсіпорындар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң
түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық
басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген
ынтасын арттыруға септігін тигізеді. Өндірістік активтерге немесе
инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған
кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық
сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.
Тек табыс қана бірімен бірі тығыз байланысты үш мәселені шешуге
қабілеті жетеді: не өндіру қажет, кім үшін және қалай өндіру керек? Табыс
табу және оны арттыру кез келген шаруашылық жүргізуші субъектінің қызмет
етуінің мақсатына айналды, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайларында
ол оның өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болып табылады.
Осылайша, табыс пен рентабельділік кәсіпорынның өндірістік және қаржылық
қызметін бағалау үшін аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Ол оның
іскерлік белсенділігінің және қаржылық тұрақтылығының деңгейін сипаттайды.
Алайда, қажетті шығындарды шығармай, бәріміз білеміз, мақсат еткен нәтижеге
қол жеткізу мүмкін емес. Өз кезегінде табыс алмай, кәсіпорынның дамуын және
әлеуметтік мәселелерді шешуді жүзеге асыру мүмкін емес.
Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың
кәсіпорын қызмтіндегі ролі мен оны арттырудың жолдарын іздестіру болып
табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей
сұрақтарға жауап беруді көздейді:
- кәсіпорын табысының экономикалық негіздерін қарастыру;
кәсіпорын табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
кәсіпорындардағы табыстың артуын түрлі факторлардың және қаржылық
тәуекелдердің әсерін анықтау.
Зерттеу объектісі ретінде кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық,
қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорынның табысының жалпы
ұғымына және оның кәсіпорын қызметіндегі ролі мен функцияларына, сондай-ақ
табыстың қалыптасу және орналастыру тәртіптері қарастырылады.
Екінші тарау барысында Ка-Биско ЖШС сипаттамасы, оның экономикалық
қызметін бағалау және осы кәсіпорынның табыстылығының абсолютті
көрсеткіштерін талдау жүргізілді. Үшінші тарауда қазіргі таңдағы
кәсіпорындардың табыстылығын арттырудың негізгі жолдары мен табыстың
көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шаралары
қарастырылады.
Курстық жұмыс барысында отандық және шет елдік танымал ғалымдардың
еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспасөз беттерінде
жарияланған ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды.

Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір
күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас
бойынша табыс дегеніміз – бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып
табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс – бұл кәсіпорынның
есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы
болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-
шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен
басым болатын жағдайын білдіреді.
Біз білетіндей, кәсіпорын табыстары оларды алудың және қолданудың
сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді:
негізгі қызметтен алынған табыс;
өзге де табыстар.
Негізгі қызметтен алынған табыс өнімді өткізумен, қызметтер көрсетумен
және жұмыстар орындаумен байланысты қаражат кірістерін қамтиды.
Өзге табыстарға өткізілімнен тыс операциялардан, мүлікті сатудан түскен
қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған табыс жатады.
Бухгалтерлік есеп теорияшылары табыс ұғымымен байланысты келесідей
мәселелерді атап көрсетеді.
Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар
орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, демек кәсіпорын әлі табыс алған
жоқ. Бұл мәселе кәсіпорынның өндіріс барысына салынған, алайда әлі бітпеген
капитал айналымының экономикалық мәні мен меншіктік құқықтың сәйкес
келмеуінен туындайды.

орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, алайда кәсіпорынның балансында
табыс көрсетіледі. Бұл жағдайда құндылықтар толық құны бойынша дебиторлық
борыш құрамында тіркеледі. Қаржылық тұрғыдан қарастырғанда кәсіпорынның
өзінің алған табысын пайдалануға нақты мүмкіндіктері жоқ.
Кәсіпорын өзінің табыс сомасына үлкен сомаға ірі көлемдегі құндылықтар
сатып алды. Бухгалтерлік есеп бойынша табыс бар, алайда кассада немесе есеп-
шоттарда нақты ақша қаражаттары жоқ. Бұл жағдайда кәсіпорын ақша
қаражаттарымен қамтамасыз етілмеген салықтық, пайыздық, дивидендтік
төлемдерді жүзеге асыруына тура келеді.
Жоғарыда аталған жағдайдың шегіне жеткен нұсқасы – бухгалтерлік есепте
табыс көрсетілген кәсіпорын банкрот деп жарияланады. Мұндай жағдай
кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған табысты өтімсіз
активке салумен сипатталады. Нәтижесінде кәсіпорынның өтімділігі жойылады
да, банкроттық жағдайға ұшырайды.
Кәсіпорынның мүлкі есепті кезеңде ұлғайғанмен, табыс жоқ. Құндылықты
қайтарымсыз және өтелімсіз берген жағдайларда кәсіпорынның табысы емес,
қосымша капиталы ұлғаяды. Мұндай жағдай мүлікті қайта бағалау немесе
инвентаризация барысында артық құндылықтарды анықтау нәтижесінде де
кездеседі.
Кәсіпорын нақты түрде шығын көруде, бірақ бухгалтерлік есепте номиналды
есептік табысты көрсетеді. Мысалға, кәсіпорын қандай да бір өндірістік
активке ірі көлемдегі қаражаттар салды, ал бұл актив бірнеше жылдан кейін
ғана толық өтеледі. Нәтижесінде, активтік бүкіл өтелім кезеңі бойында
кәсіпорын зиян көруде болады, ал бухгалтерлік есеп тұрғысынан осы кезеңдер
ішінде ай сайын табыс көрсетіледі.
Кәсіпорынның біртұтас тұлға ретіндегі құны мен оның активтерінің құнының
жиынтығының арасында айырмашылықтар болады. Бұл көрсеткіштердің айырмасы
гудвилл немесе фирманың құны деген ұғыммен белгілі. Әдетте бұл
көрсеткіш оң нәтижені көрсетеді, яғни кәсіпорынды бөлшектеп сатқан жағдайда
оны толық сатқандағы жағдаймен салыстырғанда көп қаражат өндіріп алуға
болады. [1, 87 б.]
Табыспен байланысты барлық көзқарастарды зерттеудің нәтижесінде
ғалымдар мынадай қорытындыға келді: бухгалтерлік есепте көрсетілген табыс
қаржылық-шаруашылық қызметтің нақты нәтижелерін көрсетпейді. Бұл, өз
кезегінде, бухгалтерлік және экономикалық табыс деген түсініктерді бөліп
қарастыру керек деген тұжырымға алып келді. Біріншісі – тауарлар мен
қызметтерді өткізудің нәтижесі деп қарастырылса, екіншісі – капиталдың
жұмыс істеуінің нәтижесі деп қарастырылады.
Табыстың осындай екі түрлі тұжырымдамасы батыс елдерінде кеңінен даму
алды. Батыстық негіздерге сүйенсек, табыс концепциясы үш түрлі мақсат үшін
маңызды:
салықтарды есептеу үшін;
кредиторлар мен акционерлердің мүдделерін қорғау үшін;
тиімді инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін.
Табыстың бухгалтерлік тұжырымдамасы тек бірінші мақсатқа қол жеткізу
үшін ғана қолайлы және үшінші мақсатты қамтамасыз ету үшін мүлдем қолайсыз
болып табылады.
Табыстың түрлі ғылыми тұжырымдамаларын талдай отырып, табыс ұғымына
келесідей анықтама беруге болады. Табыс деп тауарды өткізу, қызметтер
көрсету және жұмыстар атқару нәтижесінде қалыптасқан қосылған құнды айтады.
Өзге мүліктерді сату, өткізілімнен тыс операциялардан түскен қаражаттар
және басқа да қаражат кірістері кәсіпорынның пайдасын арттырады.
Бүкіләлемдік банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру және аудит
бойынша әдістемелік нұсқаулығында табыс ұғымы келесідей түрде анықталады.
Табыс дегеніміз – қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың
ұлғаюы болып табылады; бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа
жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді.[2, 34 б.]
Ықшамдалған түрде бұл ұғым 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан
Республикасы Президентінің заңдық күші бар Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есеп беру туралы №2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабы былай
дейді: Табыстар – бұл есепті кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе
міндеттемелердің азаюы болып табылады.
Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыс алу әсте мүмкін
емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және
әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда табыстың кәсіпорын
қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады.
Нарықтық жағдайларда кәсіпорындардың басты мақсаты табыс табу
болғандықтан, осы көрсеткішке қол жеткізу басқару құрылымдарының басты
міндеті болып табылады. Кәсіпорынның табыстылығын (рентабельділігін)
басқару стратегисының мазмұны оның қызметінің табыс орталықтары мен шығын
орталықтарын анықтаумен сипатталады.[3, 56 б.]

Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей,
жоспарлы-директивті экономика жағдайларында оның ролі төмендетілген
болатын. Табыс табу кез-келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде
төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс кәсіпорынның қозғаушы
күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін
анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез-келген
кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика
кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып
табылады. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің
меншікті қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы
кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар
банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен,
сонымен қатар, капитал салымдары бнктердің ұзақ мерзімді несиелерімен
жабылуы мүмкін.
Нарықтық экономикада кәсіпорын табысының ролі оның атқаратын
функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды
категориясы ретінде ретінде табыс бірқатар маңызды функцияларды
атқарады.[2, 63б.]
Біріншіден, табыс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш
болып табылады. басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның табыстылығы деген
деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда,
бұл көрсеткіш кәсіпорын иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы
жағдайдың дәлелі бола ала ма? Әрине, жоқ, себебі кәсіпорынға кез-келген бір
табыс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың (кәсіпорын иелерінің,
қызметкерлердің, кредиторлардың) қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері
қажет. Табыс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері
кәсіпорынның өзіне байланысты болса, кейбіреулері кәсіпорынның қолынан
келмейтін шаралар болып табылады.
Екіншіден, табыс ынталандырушы функция қызмет атқарады. Кәсіпорындардың
қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, табыс нарықтық
шаруашылық өмірде шешуші роль атқарады. Табыс кәсіпорындардың басты
мақсаты деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің
экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің
игіліктерге ұласуы табыстың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада
қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне (соның ішінде салық салу жүйесіне де)
байланысты.
Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар
жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында
қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму
перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша
шешімдер қабылдайды.[4, 72 б. ]
Пайданы баланстық және таза деп. 2-ге бөлуге болады. Баланстық пайда
негізгі қызмет түрлері бойынша, кәсіпорын мүлкін сату бойынша және өнім
өткізуден тыс операциялар бойынша есептеледі:
Пө.=Пн.қ.с.+Пө.т.
(1)
Пө – өнім өткізуден пайда;
Пн.қ.с– негізгі құралдарды және өзге де материалдық құндылықтарды сатудан
түскен пайда;
Пө.т. – өнім өткізуден тыс операциялардан алынатын пайда.
Пө=ӨӨ-Шө
(2)
ӨӨ - өнім өткізуден алынатын түсім, қосмша құн салығы мен акциздерді
есепке алмағанда;
Шө – өнім өткізу және өндіру шығындары.
Негізгі құралдарды сатудан түскен пайда осы мүлікті сатудан түскен
табыс осы мүлікті сатудан түскен түсім мен оның баланс бойынша қалдық құны
арасындағы айырмасымен анықталады.
Өнім өткізуден тыс операциялардан алынатын пайда табыс пен осы
операцияларға кеткен шығындар айырмасы ретінде анықталады.
Таза пайда — баланстық пайдадан пайдаға салынатын салықтық
нормативтен тыс, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдерді, мемлекеттік баж
салығығын, салықтарды төлеу тәртібін бұзғаны үшін айыппұлды алып тастау
арқлы анықталады.
Кәсіпорын пайдасын бөлу — бюджетке және пайданы пайдалану бағытының
статьялары бойынша жұмсауды айтады. Таза пайда келесі бағыттардан көрінеді:
1) Кәсіпорынның өзіндік дамуын қаржыландыру;
2) Тұтынушылық және әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету;
3) Әлеуметтік, мәдени саланы қаржыландыру;
4) Жалақылардың үстіне, еңбекақы қорына аударымдар жасау;
5) Қайырымдылық қажеттер және т.б. мақсаттар. [2, 79б.]

Кәсіпорын табысының қалыптасуы және оның орналастырылуы (үлестірілуі,
пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және
стратегиялық мақсаттарымен анықталады. Кәсіпорынның жалпы табысы оның
ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше
жағдайлардан алған табыстарының жиынтығынан қалыптасады. 1-суретте
кәсіпорынның жалпы табысының қалыптасу үлгісі берілген.
Сурет 1 - Кәсіпорынның жалпы табысының қалыптасуы [3, 46 б.]
Жалпы табыстың құрамында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған
табыстары кіреді. Бірінші кезекте жалпы табыс өнімді өткізуден, яғни
негізгі қызметтен алынған табысты қамтиды. Бұл табыс жалпы өнімді өткізуден
түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді және өнімді өндіруге,
өткзуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.
Екіншіден, жалпы табыстың құрамына тауарлық емес өнімдерді сатудан
алынған табыс, яғни кәсіпорынның балансында есептелетін қосалқы
өндірістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің, көлік шаруашылығының және басқа
да шаруашылықтардың) табыстары кіреді.
Үшіншіден, жалпы табыстың құрамына негізгі қорларды және өзге де
мүліктерді сатудан түскен табыс кіреді.
Сондай-ақ, жалпы табыс өткізілімнен тыс алынған табыстар мен
шығындарды, яғни тауарды немесе қандай-да бір активті сатудан тыс
операциялардың нәтижесін, қамтиды.
Кәсіпорынның қарамағында қалатын жалпы табысы әрі қарай үлестіру
объектісі ретінде қарастырылады. Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін
мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге, ал қалған
бөлігін кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау
деп түсінуге болады. Табысты үлестіру заңдылығы – салықтар мен басқа да
міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі.
Содан кейін қалатын табысты үлестірудің бағытын анықтау кәсіпорынның
құзіретіне жатады. [3, 79 б.]
Табысты үлестірудің негізгі принциптері келесілер:
кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, қаржылық және инвестициялық
қызметтерден алынған табысы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен
кәсіпорын арасында бөлінеді;
мемлекет қазынасына түсетін табыстың бөлігі салықтар және алымдар ретінде
мемлекеттік бюджетке түседі. Салықтардың құрамы, мөлшерлемелері және сәйкес
деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде белгіленеді;
салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс мөлшері
өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық,
инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы
қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек;
шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс әуелі кәсіпорынның әрі
қарай дамуын қамтамасыз ететін қорларға, ал қалған бөлігі тек тұтыну
қорларына кетеді.
Кәсіпорын қарамағында қалатын табыс (таза табыс) екі бөлікке бөлінеді.
Бірінші бөлігі тұтыну қорларына, екінші бөлігі жинақтау қорларына
бағытталады.
Тұтыну қорларына бағытында қолданылатын табыс кәсіпорынның мүлкін
арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізуге,
сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Кәсіпорынның
капиталын ұлғайтуға орналастырылған табыс өндірілген өнімнің көлемін
арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық
субъектінің келешектегі әлуетті (потенциалды) табыстылығын арттырудың алғы
шарты болып табылады.
Сондай-ақ, табыс тек өндіріс процессіне орналастырылып қана қоймай,
сонымен қатар, жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік мұқтаждықтарын
қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, оларға
қосымша сыйақылар төлеуге, басқа да әлеуметтік сала объектілерін
қаржыландыруға жұмсалады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлер тарапынан еңбекке
деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. [4, 113 б.]
Жинақталу қорларына бағытталатын табыс алуан түрлі қосымша қорларды
қалыптастыруға жұмсалады: әлеуметтік сақтандыру қоры, резервтік қорлар,
экологиялық қор және тағы да басқа қорлар. Бұл кәсіпорындардың келешекте
болуы ықтимал күтпеген шығындар мен зияндардың орнын толтыруға, қоғам
өміріне өндіріс барысынан келетін зияндарды өтеуге, сондай-ақ, қолайлы
жағдайлары туындаған кездерде резервтік қорлардағы қаражаттар есебінен
қосымша күтпеген табыстарды алу мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмегін
тигізеді.
Көптеген отандық компаниялардың, банктердің, экономиканың түрлі
салаларындағы тауар өндірушілердің табысты қызмет ету, ұдайы өндірісті
барынша кеңейту мәселесі, бір жағынан, және банкроттылық пен шығынға ұшырау
мәселесі, екінші жағынан, бүгінгі таңда тіпті көкейтесті болып отыр. Тек
табыстың өсуі мен жаңа технологиялар енгізу ғана кәсіпорынның нарықтық
қызметін қаржыландыруды, оның ұдайы өндірісін дамытуды қамтамасыз ете
алады. Табыстың арқасында кәсіпорынның бюджеттің, банктердің, басқа
кәсіпорындар мен ұйымдардың алдындағы міндеттемелері орындалады. [ 2, 90
б.]
2. Ка-Биско ЖШС табысын талдау
1. Ка-Биско ЖШС сипаттамасы және экономикалық қызметін бағалау
Қазiргi уақытта “Ка-Биско” ЖШС Қазақстан Республикасының Жауапкершілігі
шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы Заңына және
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Заңына сәйкес қызмет етуде.
Кәсiпорында 187 адам өнiмдi еңбек етуде. Өндiрiстiк күштердiң жыл сайын
6500 тонна кондитер өнiмдерiн шығаратын мүмкiндiгi бар. Қазiргi уақытта
кәсiпорында: бисквит, карамель, ирис, шоколад, кәмпит, зефир шығаратын 4
цех жұмыс iстеуде.
Фабриканың зертханасы шикiзаттың және өндiрудiң барлық сатысында өнiмнiң
сапасына бақылау жасап отырады. Салқын тасымалдауыштарды экологиялық
қауiпсiз салқын тасымалдауыштарға ауыстыру арқылы салқындату жүйесi
жетiлдiрiлдi. Өндiрiстi автоматтандыру деңгейi де тұрақты дамуда.
Қолданыстағы механизмдердiң 100-ден астамы күрделi жөндеуден өткiзiлдi.
Осының бәрi цехтар бiр қалыпты жұмыс iстеуiн, технологиялық процестердiң
параметрлерiнің қатаң сақталуын, цехтардың бар қуатын күшейтудi, қазiргi
заман технологияларын қолдануды қамтамасыз етедi.
Шоколад дайындайтын цехтың жыл сайын 360 тонна какао бұршағын өңдеу
мүмкiндiгi бар. Нәтижесiнде жоғары сапалы какао майы, ұнтақталған какао
ұнтағы, шоколад глазурi өнiмдерi дайындалады. Бұдан басқа, фабриканың
кондитерлiк өнiмдер ассортиментiне төмендегiлер кiредi: шоколад - вафелдi,
пралине, помадалы және желе, көп қабатты кәмпиттер; мұздақ, жемiс-жидек
толтырылған, бұлғанған, помадалы және қабатталған салмалары бар,
глазурленген карамельдер; сегiз түрлi ирис, желатиннен жасалған мармелад,
капол және қант қосылған желелi мармелад пен глазурленген мармелад, ақшыл-
қызғылт зефир және глазурленген зефир, десерттiк тақта шоколадтар, сүт
қосылған, ащы қоспалар қосылған және салмалары бар шоколадтар, кеуектi
шоколадтар; негiзi желатиннен жасалған мармелад, жаңғақ пен жүзiмнен
жасалған драже; бөлшектеп өлшенген, глазурленген вафли; түрлi қаптамадағы
қантты және затяжное печеньелерi; диабетпен ауыратындардың тұтынуына рұқсат
етiлген нәрлiлiгi төмендетiлген қант алмастырғыштарынан жасалған “На
здоровье” сан алуан түстi брендiнiң құрамына кiретiн шоколад, кәмпит,
печенье, вафли, драже; шығыс тәттiлерiнiң төрт түрi бар. Өнiмнiң сексеннен
астам түрi салмағы 20-500 г полипропилендi, картонды, флатты қаптамаға
бөлшектеп салынып шығарылады.
“Ка-Биско” ЖШС өз әрiптестерiне шығарылатын өнiмдi сатуда мейлiнше
қолайлы жағдай жасауды өзiнiң ең маңызды мақсаты деп бiледi. Сондықтан
көтерме саудагерлерiмен бiрлесе жұмыс iстеу үшiн оларға ұтымды экономикалық
және ұйымдық ынталандыруларды ұсынады.
Өндiрiстiк инфрақұрылымның құрамында логистиканың тиiмдi сызбасы
қолданылуда. Ол экспорттық және импорттық операцияларды үлкен мөлшерде iске
асыруға, тұтынушыларға өнiмдi жеткiзудi тиiмдi ұйымдастыруға, тұтынатын
кондитерлiк өнiмдерi қарбалас кезде жан-жақты қамтамасыз етуге мүмкiндiк
бередi. Қойма орындары ауа тазартатын қондырғыларымен қамтамасыз етiлген.
Жүк таситын автокөлiк жылу өткiзбейтiн қораптармен жабдықталған. [11, 5 б.]
Ка-Биско кәсіпорнының шаруашылық және қаржылық қызметінің жалпы
сипаттамасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және оның Жарғысымен
анықталады:
1 Серіктестіктің заңдық статусы.
1.1 Серіктестіктің ресми мәртебесі Қазақстан Республикасының әділет
органында Серіктестік заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезде
белгіленеді.
1.2 Серіктестіктің меншік формасы - жеке меншік.
1.3 Серіктестік өз жұмысында Конституцияны, Қазақстан Республикасының
заңнамасын және осы Жарғыны басшылыққа ала отырып қызмет жасайды.
2 Серіктестіктің қызметі:
2.1 Серіктестіктің негізгі мақсаты, заңды қызметін жүргізу арқылы таза
табыс табу.
2.2 Қызметінің мәні: тамақ өнімдерін өндіру.
2.3 Тамақ өнімдерін көтерме бағамен сату және бөлшектеп сату.
2.4 Адам денсаулығын қорғау жөніндегі әрекет.
2.5 Қолданымдағы заңнамада тыйым салынбаған қайсібір қызмет түрлерін
көрсету.
3 Серіктестіктің мүлкі оның жеке меншігі болып табылады.
3.1 Серіктестіктің мүлкі:
а) акцияларды орналастыру кезіндегі төлемнен;
б) қызметтен түскен табыстардан;
в) ҚР заңнамасы тыйым салмаған негіздер бойынша алынған өзге мүліктерден
құралады.
4 Серіктестіктің жарғылық капиталы 20 000 000 (жиырма миллион) теңгені
құрайды. Серіктестіктің Жарғылық капиталы құрылтайшылардың ақшалай және
материалдық жарналары негізінде құралады.
5 Серіктестіктің органдары ол:
5.1 Жоғары орган - Құрылтайшылардың жалпы жиналысы;
5.2 Басқару органы- Директорлар кеңесі;
5.3 Атқарушы орган (алқалы) - Басқарма, оны Төраға басқарады да,
Басқарманың Төрағасы (бұдан әрі Серіктестік Президенті) деп аталады;
5.4 Ішкі аудит қызметі.
6 Құрылтайшылардың жалпы жиналысы құзыретіне кіретін мәселелерге келесі
мәселелер жатады:
6.1 Серіктестік Жарғысына өзгертулер мен толықтырулыр енгізу немесе оның
жаңа редакциясын бекіту;
6.2 Серіктестікті өз еркімен қайта құру немесе тарату;
6.3 Серіктестіктің жарияланған капиталын өзгерту туралы үкім шығару;
6.4 Есеп комиссиясының мүшелерінің сан құрамын, өкілеттілігінің мерзімін
айқындау, коммисиясының мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіліктерін
мерзімінен бұрын тоқтату.
6.5 Директорлар кеңесінің мүшелерінің санын, өкілеттілігінің мерзімін
айқындау, мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын
тоқтату, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақы шарты
мен мөлшерін анықтау.
6.6 Серіктестікте аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарды айқындау. Жылдық
қаржы есебін бекіту.
6.7 Серіктестіктің жылдық қаржы есебінен түскен таза табысты бөлу тіртібін
бекіту, таза табысты құрылтайшылар арасында бөлу туралы шешім қабылдау.
8. Атқарушы орган. Серіктестіктің ағымдағы қызметіне басшылықты атқарушы
орган жүзеге асырады, ол алқалы атқарушы орган болып табылады
Серіктестіктің атқарушы органы ҚР Жауапкершілігі шектеулі және қосымша
жауапкершілікті серіктестіктер туралы Заңымен Қазақстан Республикасының
басқа заң актілерімен және осы Жарғымен Серіктестіктің басқа органдары мен
лауазымды тұлғалар құзыретіне жатқызбаған Серіктестіктің қызметі
барысындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы. Атқарушы
орган Құрылтайшылардың жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің
орындауға міндетті.
9 Серіктестік қызметінің тоқтатылуы:
9.1 Серіктестікті қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөліп шығару, қайта
құру) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан
Республикасының Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті
серіктестіктер туралы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
9.2 Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Серіктестікті ерікті түрде тарату туралы
шешімді кредиторлардың келісімдері бойынша және олардың бақылауымен тарату
рәсімін белгілеп Құрылтайшылардың жалпы жиналысы қабылдайды. Ірі
акционерлер өздерінің өкілін Серіктестікті тарату комисиясының мүшесі етуге
құқылы.
9.3 Серіктестікті мәжбүрлеп тарату үшін мына төмендегі банкрот болғаны
туралы арызы болған жағдайда.
9.4 Серіктестікті құрған кезде, жою мүмкіндідігі жоқ, заң актілерінің
бұзылуына байланысты Серіктестіктің тіркелуі жарамсыз деп танылған жағдайда
сот мәжбүрлеп тарату туралы үкім шығара алады.
9.5 Серіктестікті тарату бойынша осы Жарғыда көзделмеген жағдайда заң
актілері белгілеген өзге негіздер бойынша тарату мүмкін.
9.6 Серіктестікті тарату туралы негіздер бойынша, егер заң актілерінде
өзгеше көзделмесе, мүдделігі бар тұлғалар Серіктестікті тарату туралы талап-
арыздарын сотқа табыс етеді.
9.7 Соттың Серіктестікті тарату туралы шешімімен немесе осы баптың екінші
тармағында көрсетілген негіздер бойынша Құрылтайшылардың жалпы жиналысының
Серіктестікті тарату туралы шешімімен тарату комисиясы (таратушы)
тағайындалып оған Серіктестікті тарату рәсімін жүзеге асыру бойынша
міндеттер жүктеледі. Аталған құқықтар Серіктестікке, Серіктестік
тағайындаған уәкілге немесе сот тағайындаған өзге органға (тұлғаға)
жүктелуі мүмкін.
9.8 Серіктестікті тарату рәсімі және оның кредиторларының талаптарын
қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдармен реттеледі.
Ка-Биско ЖШС қызметінің техникалық-экономикалық сипаттамасы мен
көрсеткіштерін талдаудың нәтижелері төмендегі 1 кестеде келтірілген.
1 кесте – Ка-Биско ЖШС қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін
талдау [13, 4 б.]
№ Көрсеткіштер Өлшем 2009 2010 Ауытқулар
бірлігі
+;- %
1 2 3 4 5 6 7
1 Өткізілген өнімнен тскен мың. 79700 83610 3910 104,9
табыс теңге
2 өткізілген өнімнің мың. 70167 73054 2887 104,1
өзіндік құны. теңге
3 Жалпы табыс мың. 9533 10556 1023 110,7
теңге
1кестенің жалғасы
4 Кезен шығыны мың. 2333 1216 -1117 52,1
теңге
5 Негізгі қызметтен түскен мың. 7200 9340 2140 129,7
табыс теңге
6 салық салғанға дейінгі мың. 7200 9340 2140 129,7
табыс теңге
7 таза табыс мың. 5040 6538 1498 129,7
теңге
8 өнім рентабелділігі % 0,06 0,08 0,02 -
9 сату рентабелділігі % 4,8 3,6 -1,2 -
10 Жұмыскерлер саны адам 88 187 99 212,5
11 Еңбек күші % 57,3 35,0 22,3 -
рентабельділігі
12 негізгі құралдардың мың. 49826 55789 5963 112
орташа жылдық құны. теңге
13 қор қайтарымдылығы теңге 1,60 1,50 0,1 93,8
14 қор сыиымдылығы теңге 0,63 0,67 0,4 106,3
15 қормен қарулану мың. 566,2 298,3 -267,9 52,7
теңге
1-кестеге келетін болсақ, бұл кәсіпорынның технико-экономикалық
көрсеткіштерін көрсетеді. Өзіміз көріп отырғанымыздай, бірінші көрсеткіш
бойынша әрине өнімді өткізу ол кәсіпорынның соңғы қадамы. Бұл өнімді
өткізудің жұмысының эффектісі, оның цехтарының, түскен табыстың талдауының
және басқа қаржы көрсеткіштерінде байқалады. Бізде өнімді өткізуден түскен
табыс 2010 жылмен 2009 жылды салыстырғанда 3910 мың теңгеге өсті, ол 4,9%
құрайды.
Екінші көрсеткіш өнімнің өзіндік құны кәсіпорын жұмысының қалай жүріп
жатқанын сипаттайды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz