Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім

2.1. Компьютердің даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2.2. Компьютер жұмыс істеу принципі және 
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . 8

2.3 Дербес компьютер архитектурасы:
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2.4. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
... ... ... ... ... ... .11

2.5. ДК сыртқы құрылғыларының классификациясы
... ... ... ... ... ... ... ... 19

2.6. Компьютерді
жинау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .23

2.7 Компьютерді құрастыру және
бөлшектеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...24

2.8.: Компьютерді
орнату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 26

3.Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 29

4.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 0

КІРІСПЕ
Қоғамда ақпараттандыру үдерісінің қарқынды дамуы еліміздің
экономикалық жүйесіне ған емес, сонымен қатар әлеуметтік, білім беру,
медицина сияқты басқа да салаларға дамудың өзіндік жаңа бағыттарын енгізе
бастады. Атап айтқанда, техникалық жаңалық ретінде бұрын жаңа станок, жаңа
құрылғылардың пайда болуын айтсақ, енді компьютер, дербес компьютер,
яғни электрондық есептеуіш техникасымен байланысты әңгімелейтін болдық.
Компьютер деген не?
Компьютер сөзі ағылшын тілінен аударғанда есептеуіш, яғни есептеуге
арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының
күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық –
бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.
Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы Марк-І
машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы
буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы
электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар
пайдаланылатын ЭЕМ және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық
деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.
Қазіргі кезде компьютерлер көмегімен сандық есептеулер жүргізіліп қана
қоймайды, баспаға кітаптар әзірленеді, музыка, суреттер, кинофильмдер
жасалады, заводтар мен ғарыштық кемелерді басқару жүзеге асырылады және
т.б.
Қазіргі заманғы компьютер – бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға,
өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы. 
Бүгінде компьютерлердің бесінші буыны ЭЕМ-нің суперкомпьютерлер,
мейнфреймдер, серверлер және дербес компьютерлер сияқты негізгі түрлерін
ұсынады.
Алғашқы дербес компьютер, яғни жеке пайдалануға арналған компьютерді
1981 жылы IBM фирмасы ұсынды. IBM құрастырушыларының сәтті технологиялық
шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары арқасында
компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты пайда болды1. 
Құрылысы бойынша компьютерлер бірнеше түрлі болады: үстел үстінде тұратын
(DeskTop), ұтқыр (NoteBook), қалтаға салуға келетін (Pocket PC), алақанға
сыятын (Palm PC) және т.б.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Компьютердің даму тарихы
Компьютердің жұмыс істеу негіздерін зерттеуде алдын ала, компьютердің
даму тарыхынан бастаған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, компьютердің даму
тарихы, оқушыларды тек ғана қызықтырып қоймай, оның бізге қанша ғасырлар
және қандай ғалымдардың еңбегімен келгенін біледі.
Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып адамдар әртүрлі есептеуді
жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды,
ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп немесе қатарлап тізіп
есептеулер жүргізді. Заттардың саны жерге сызған сызықшалармен, ағаш
таяқшалардан жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіншектермен
есептелді.
Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралдары есепшот болып
табылады. Есепшоттың пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта
алмайды. Деректерге қарағанда есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында,
ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі
Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар
"Абақ" деп, қытайлықтар "Сунпан", жапондықтар "Серобян" деп атаған. Бұл
құралдар мен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарды жылжыту
арқылы жүргізілген. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып
келеді. Есепшот Ресейде ХVІ-ХVІІ ғасырларда пайда болған.
XVI ғасырдың басында Шотландиялық математик Джон Непер "логарифм"
түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы
әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу
құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана ағылшын Д.Робертсон
жүгіртпесі бар новигациялық есептеулер жүргізуге арналған лоғарифм сызғышын
жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған
болатын.
1642 жылы француз математигі Блез Паскаль бірінші рет қосу машинасы
деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық
есептеу машинасын құрастырды.
Паскальдің машинасында көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды.
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып,
өзінің механикалық есептеу машинасы - арифмометрді құрастырды. Бұл бағытта
орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті .
Есептеуіш техникалардың қарқынды дамуы XIX ғасырдан басталынды.
"Адамсыз есептеулер автоматының" авторы Чарлз Бәббидж еді, оның қазіргі
компьютердің атасы деп атайды.
1833 жылы ол бағдарлама арқылы басқарылатын "Аналитикалық машина"
жобасын жасады. Деректерді енгізу мен олардың құрылғылары болды. Басқару
бағдарламасы перфокарта деп аталған қатырма қағаздардағы тесіктердің
көмегімен кодталды.
Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бәббидж машинасына бағдарлама
жазған Ада Лавлейс бірінші бағдарламашы деп саналады.
XIX ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші-перфорациялық
машинаны құрастырды. Перфокарталар бағдарламаны көрсету үшін емес, сандық
аппараттарды сақтау үшін қолданылды. Ол 1880 жылы АҚІП-та жүргізілген халық
санағының құжаттарын санауға пайдаланылды.
Өз машинасының көмегімен Холлерит көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін
есептеулерді жасап шығаратын фирманың негізін қалайды, кейін дүние жүзінде
әйгілі компьютер шығаратын
ІВМ фирмасына айналды. 1944 жылы американ математигі    Говард   
Айкен    "Говард" университетінде бағдарламамен басқарылатын, релелік және
механикалық әлементтерге негізделген "МАРК-1" автоматты есептеуіш машинасын
құрастырды.
Электронды есептеуіш машипалар
XX ғасырдың І-ші жартысында радиотехника қарқынды дамыды.
Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың
техникалық негізі болды. Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы
Пинсельван университетінде жасалды, оны ЕМАС деп атады.
ЕМАС-тың конструкторлары - Дж.Моучлимен Дж. Эккерт. ЕМАС -тың салмағы
30 т. Және оның 18 мың электрондық шамдары болды, ол бір секундта 5 мың
қосу, азайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алды.
Алғашқы ЭЕМ-дер тек бір данадан болды. Дамыған елдерде ЭЕМ-нің сериялық
шығарылуы 1950 жылдары басталады.
Бұрыңғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей
Алексеевич Лебедевтың басшыльпымен жасалды, оны МЭСМ (Малая Электронная
Счетная Машина) пайдалануға енгізілді.
ЭЕМ-нің дамуын бірнеше буындарға бөліп көрейік.
•Электрондық шамдар пайдаланылған ЕМАС және барлық басқа ЭЕМ-дер - ЭЕМ-
нің бірінші буынына жатады (1940-1955 жылдар).
•1955 жылдардан бастап келесі, екінші буындағы ЭЕМ-дер пайда бола
бастады. Оларда электрондық шамдардың орнына жартылай өткізгіштер -
транзисторлар пайдаланылды. Олар секундына бірнеше 10 мыңдаған
операцияларға жетті. Бағдарламалау тілдері Фортран, Алгол, Кобол қолданыла
бастады.
•Интегралды схема негізінде құрастырылған ЭЕМ-дер бұл үшінші буындағы
ЭЕМ-дер. Есте сақтау құрылғыларының жаңа түрі магниттік-дискілер пайда бола
бастады. 1971 жылы АҚШ-тың "ИНТЕЛ" фирмасы компьютердің фирмасы
компьютердің негізгі бөлігі - процессордың жұмысын орындауға қабілетті, өте
үлкен интегралдық схеманы алғашқы микропроцессорды жасады. Ол ДК деп атады.
•Қазіргі кездегі ЭЕМ-дер бұл төртінші буындағы ЭЕМ-дер 1980 жылдан
бастап АҚШ-тың ІВМ фирмасы ДК шығару бойынша дүниежүзілік нарықта жетекші
болып саналады. Ал, 1990 жылдан бастап Аррlе Согогаtіоn фирмасының
Масіntosh маркалы компьютері көпшілікке таныла бастады.
2.2. Компьютер қалай жұмыс істейді және қайда қолданылады?
Компьютер жүйелік бағдарламалар, қолданбалы бағдарламалар және
бағдарламалау жүйелерінен құралатын бағдарламалық жасақтама көмегімен жұмыс
істейді. 
Жүйелік бағдарламалардың негізгісі компьютердің мәліметтерді өңдеу
жөніндегі барлық жұмысын ұйымдастыратын, компьютердің барлық құрылғыларын
басқаратын, компьютер құрылғылары және адам мен компьютер арасында мәлімет
алмасуды жүзеге асыратын амалдық жүйе (АЖ) болып табылады. 
Дербес компьютерлер ең кеңінен қолданылатын компьютерлер қатарына жатады,
олардың қуаттылығы үнемі ұлғайып, ал қолданылу аясы кеңейіп келеді. 
Дербес компьютерлерді желіге біріктіруге болады, бұл ондаған, тіпті
жүздеген пайдаланушыларға оңай ақпарат алмасып, бір мезгілде ортақ деректер
қорына қол жеткізе алуға мүмкіндік береді. Электронды пошта құралдары
көмегімен компьютерлерді пайдаланушылар телефон тораптары арқылы басқа
қалаларға мәтіндік және факсимилді хабарламалар жөнелтіп, ірі мәліметтер
банктерінен ақпарат ала алады. 
Компьютерге қажетті бағдарламалық жасақтамалар мен қосымша құралдарды
орнатып, сіз одан өзіңізге жұмыста таптырмайтын көмекші жасап ала аласыз. 

Дербес компьютерлер тұмыстық, оқу жүйесіне арналған және кәсіби деп
аталатын үш түрге бөлінеді. Тұрмыстық компьютерлер – компьютерлердің
қарапайым түрлері. Олардың жадтарының сыйымдылығы үлкен емес, орындайтын іс-
әрекеттері де шамалы болатын.

80-жылдардың бас кезінен бастап 90-жылдардың бас кезіне дейін оқу
орындарында информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін оқып-үйрену
үшін жад көлемі 64, 128 Кбайт шамасындағы Корвет, Ямаха, т.б. оқулық
компьютерлер пайдаланылып келді.

Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануға болатын, қазіргі
кезде оқу орындары толық қамтамасыз етілген, жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары
және әрекет жылдамдығы үлкен дербес компьютерлер әмбебап не кәсіби дербес
компьютерлер деп аталады. Мұндай машиналарды және олардың негізгі құрылғысы
– процессорларды шығарумен алғашқы рет дүние жүзінде Apple, IBM, Intel,
т.б. фирмалар айналысқан болатын.

2.3Дербес компьютер архитектурасы.

Дербес компьютерлер тұмыстық, оқу жүйесіне арналған және кәсіби деп
аталатын үш түрге бөлінеді. Тұрмыстық компьютерлер – компьютерлердің
қарапайым түрлері. Олардың жадтарының сыйымдылығы үлкен емес, орындайтын іс-
әрекеттері де шамалы болатын.

80-жылдардың бас кезінен бастап 90-жылдардың бас кезіне дейін оқу
орындарында информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін оқып-үйрену
үшін жад көлемі 64, 128 Кбайт шамасындағы Корвет, Ямаха, т.б. оқулық
компьютерлер пайдаланылып келді.

Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануға болатын, қазіргі кезде
оқу орындары толық қамтамасыз етілген, жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары және
әрекет жылдамдығы үлкен дербес компьютерлер әмбебап не кәсіби дербес
компьютерлер деп аталады. Мұндай машиналарды және олардың негізгі құрылғысы
– процессорларды шығарумен алғашқы рет дүние жүзінде Apple, IBM, Intel,
т.б. фирмалар айналысқан болатын.

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары классикалық Нейман архитектурасына
негізделген:

жүйелік блок (микропроцессор, жады, қоректену блогы, енгізушығару
порттары, сағат таймер);

пернетақта;

монитор;

принтер;

магниттік дискіде жинақтауыш (дискжетек, CD-ROM).

Енгізу және шығару порттары компьютердің сыртқы баспа, модем сияқты
құрылғылармен жалғастыру үшін арналған. Порттар жалпы мақсаттық параллель
және асинхронды тізбекті болып екі түрге бөлінеді. Олардың сәйкес түрде
белгіленуі: LPT1–LPT3, COM1–COM3.

Таймер – кәдімгі сағат рөлін атқаратын интегралдық схема. Оның қызметінің
бірі – монитор экранында кескіндерді қалпына келтірудің уақытша аралықтарын
беру, яғни синхрондау, т.б.

Информацияны жазу және сақтау компьютердің жеке дискілерінде не қатты
магниттік дискіде орындалады. Жазу құрылғыларын дискжетек не дискі
жүргізуші деп, жинақты дискілерге жазатын не олардан оқитын құрылғыны CD-
ROM деп атайды. Винчестер компьютердің ішіне орналастырылған дискжетекке
бекітіліп қойылған, сондықтан ол дискжетектен алынып-салынбайды.

Дербес компьютерлердің құрамында бұларға қоса тышқан құрылғысы да бар.
Тышқан – көрсеткіші (курсоры) екі не үш түймесі бар, компьютерге электр
өткізгіш сым арқылы жалғастырылатын төртбұрышты кішкене пластмассалық
қорап.

Магниттік дискіде жинақтауыш – информацияны қатты дискіге немесе иілгіш
магниттік дискіге жазу не онда жазылған информацияны машина жадына енгізу
құрылғылары.

Компьютер құрамында сызбаны қағазға басып шығару, суреттерді және
графикалық информацияны компьютерге енгізу, компьютерді бір-бірімен телефон
жүйесі арқылы жалғастыру құрылғыларының болуы да мүмкін.

Пернетақта арқылы компьютер жадына берілген түрлі программа, мәтіндер және
т.б. енгізіледі.

Жады оларды және өңдеу кезіндегі аралық мәндер мен өңдеу нәтижесін уақытша
сақтап тұрады.

Монитор жүйелік блоктан келген информацияны электрондық экран бетіне, ал
принтер оны қағазға басып шығарады. Монитор құрылғысын дисплей деп, ал оны
пернетақтамен бірге терминал деп те атайды.

Дербес компьютердің жұмысын басқарушы операциялық жүйенің түрлері көп.
Олардың ішінде IBM PC компьютерлерінде пайдаланылатын жүйелердің бірін MS
DOS деп атайды. Олардан кейін MS WINDOWS атаулы операциялық жүйе жарыққа
шықты. Компьютермен жұмыс істеуді жеңілдету үшін бұл операциялық жүйеде
тышқан құрылғысы пайдаланылады.

2.4. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
Компьютер – бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және
қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы .(1- сурет)

ДК құрауыштары 1-сурет

IBM PC негізгі құрылғыларына жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір
жатады.
Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
- ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы (сканер), дигитайзер, сандық
фотокамера, сызбалық планшет);
- ақпаратты шығару құрылғылары (басып шығарғыш (принтер), плоттер);
- енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар (модем,
дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш). 
Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын қамтиды1:
- жүйелік (аналық) тақша*;
- процессор*;
- оперативті жады*;
- тұрғылықты диск*;
- алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі;
- CD және DVD диск жетектері;
- бейнесызбалық бейімдеуіш;
- дыбыстауыш (дыбыстық бейімдеуіш);
- желілік тақша;
- енгізу-шығару порттары (ажыратқыштар)*;
- қоректендіру блогы*. 
(Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік
тақташа арқылы өңделеді).

(1.1-сурет). Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері
қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш
жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада
құрастырылған микро схемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын
слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.
Әдетте компьютер сипаттамасының басында, орталық процессордың (central
processing unit, CPU) типі мен жиілігі, оперативті жады (random access
memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең
бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды.
Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік
бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ процессор
баяу, жады мардымсыз болса, осы байлықтың барлығы түкке де жарамай қалады. 
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу
құрылғысы болып табылады (1.2-сурет).Процессор микросхема ретінде ұсынылған
және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар
бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым
шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.
Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц)
өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. 
микропроцессор (1.2-сурет)

Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған
желдеткіш (кулер) орнатылады.
Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory
мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді (1.3-сурет). Кез
келген бағдарламаның, амалдық жүйенің де, жұмыс істеуі үшін іске қосу
кезінде бағдарламаның бір бөлігін қотаруға оперативті жадының біршама
көлемі талап етіледі.
(ОЗУ 1.3-сурет)
Бұл тұрғылықты дискіге қатынамастан бағдарламаның маңызды
мәліметтеріне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Компьютерде бір
мезгілде неғұрлым көп бағдарлама жұмыс істесе, соғұрлым үлкен оперативті
жады талап етіледі. Бағдарламаның жұмысы аяқталған кезде немесе компьютерді
өшіргенде оперативті жадыда сақталған мәліметтер жойылып кетеді.
Оперативті жадының көлемі мегабайтпен (Мб) өлшенеді. Қазіргі заманғы
қосымша бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу үшін 64 Мб оперативті жады
көлемі қажет және іске қосылған бағдарламаның әрбірі жады талап етеді.
Пәрмендерді пайдаланатын бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар
(мысалы, компьютерлік ойындар) одан да көбірек жады көлемін қажет етеді.
Қазір компьютерлерге ең аз дегенде 256 Мб оперативті жады орнатылады. 
Егер компьютерде орнатылған жадыдан үлкен жадыны талап ететін бағдарламаны
іске қосатын болсақ, онда оның жұмыс істеу жылдамдығы бірден құлдырайды,
тіптен компьютер мүлдем тұрып қалады. Өнімділік тұрғысынан, компьютерде
неғұрлым үлкен жады орнатылса, соғұрлым жақсы.
Оперативті жады ішкі жады болып саналады да, сыртқы жадыға мысал
бола алатын тұрғылықты диск немесе ықшам дискіден ерекшеленеді. Тіпті
компьютер өшірілгеннен кейін де ақпарат сыртқы жадыда сақталады.
Диск жетектері – бұл алуан түрлі тасымалдаушылардан мәліметтерді
шығарып оқуға және жазуға арналған физикалық құрылғылар. Диск жетектері
ішкі (жүйелік қорапқа қоса салынған) немесе сыртқы болады және кабель не
өткізгішсіз жалғастыру арқылы компьютерге қосылады.
Ішкі диск жетектерінің әрқайсысына екі кабель жалғанады: мәліметтер кабелі
(жалпақ сұр түсті кабель немесе “желек” (шлейф) және қоректену кабелі
(жіңішкерек болады). Мәліметтер кабелі диск жетегін аналық тақшаға,
қоректену кабелі – қоректену қорабына қосады. Дәл осындай кабельдер сыртқы
диск жетектерінде де бар: мәліметтер кабелі компьютер порттарының біріне,
қоректену кабелі – қорек көзіне қосылады.

Тұрғылықты диск (1.4- сурет)

Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) –
бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы(1.4-сурет) .
Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дискілермен жабдықталған.
Оларға қосымша бағдарламалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әр
түрлі мәліметтер сақталады.
Компьютерді сатып ала отырып, сіздер тұрғылықты дискінің сыйымдылығы
сипаттаманың алғашқы жолдарында (оперативті жады көлемі және процессордың
жылдамдығымен қатар) келтірілгенін көресіздер.
Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да,
мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді. Қазіргі заманғы тұрғылықты
дискілердің сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан да үлкен болады.

Алмалы дискілерге арналған диск жетегі 3,5-дюймдік дискеттерді оқиды
(1.5-сурет). Бұл дискілер ауыстырылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ)
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Электрлі есепту машинасының даму тарихы
Компьютер архитектурасының тарихы
Есептеуіш техниканың даму тарихы мен кезеңдері. Эем-нің даму тарихы
Қазіргі кездегі дербес компьютерлер
Есептеуіш машинаның тарихы
ЭЕМ (дербес компьютер)
Компьютер
ЭЕМ-нің даму кезеңдері
Пәндер