Электронды есептеуіш машиналардың даму буындары
Жоспары
Кірспе ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І бөлім. ИНФОРМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАР ТҮСІНІГІ
1.1 Информатика пәнінің
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2
Документалистика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 8
1.3
Кибернетика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...10
II БӨЛІМ. КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНИКА МЕН ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
2.1 Алғашқы ЭЕМ-ң құрылуы мен
шығуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .13
2.2 Электронды есептеуіш машиналардың даму
буындары ... ... ... ... ..15
2.3 PR-дағы компьютерлік технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.4 Ақпараттық
технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 22
2.5 Жаңа компьютерлік
технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
46
Кірспе
Информатикакның ғылым болып қалыптасуы және адам іс-әрекетінің барлық
салаларында компьютердің (ЭЕМ-ның) қолданылуы XX ғасырдың елуінші жылдарына
тұстас келеді. Бұл аталым француздың Informatique,
яғни Informacion (ақпарат) жәнеAutomatique (автоматика) деген сөздерінен
шыққан. Көптеген батыс Европа және АҚШ елдерінде басқа аталым – Computer
Science(компьютерлік ғылым) қолданылады.
Информатиканың көзі болып екі ғылым саласын санайды – документалистика
және кибернетика.
Қазіргі заманда информатика кешенді ғылыми – техникалық ғылым.
Информатика деген аталымға есептеу техникасын құру және жасау мәселелерін,
оны пайдалану заңдылықтарын, ғылыми ақпараттың құрылымы мен қасиеттерін,
оны алу, өңдеу, жеткізу және адам өмірінің барлық салаларында қолдану
заңдылықтарын зерттейтін пәндер кіреді. Олар – есептеу техникасы мен
жүйелерінің архитектурасы, аппараттық және программалық жасақтамалар,
алгоритмдеу және программалау, жасанды интеллект, есептеу тораптары мен
желілері және т.с.с.
Есептеу техникасы мен оның мамандары үшін теоретикалық информатиканың
негізгі есептері ірге болып табылады, ол программалық жабдық құрушы
программалаушыларсыз ешқандай ЭЕМ жұмыс істемейді. Сондықтан қолданбалы
информатика бөлімінде есептеу құралдарын зерттеу маңызды мәселе болып
табылады.
ЭЕМ ұғымына дәл анықтама беру күрделі сұрақ, себебі:
- электрондық ұғымы алғашқы элементтік базасы “электрондық”
шамнан шыққан, ал қазір онда оларды “микроэлектрондық” деп атау керек;
- “есептеу” ұғымы алғашқы машиналардың басым көпшілігі
шынымен де есептеу амалдарын орындауға негізделгендіктен болар, алайда
қазіргі ЭЕМ есептеу үрдістеріне барлығы 10-15% қана уақыт жұмсайды, басым
көпшілік операциялар мәліметтерді тасымалдау, салыстыру, енгізу - шығару,
т.с.с. болып табылады.
Сондықтан ЭЕМ-ді анықтауды оның функционалдық қызмет тұрғысынан
қарастырумен байланыстырған жөн, яғни пайдаланушыға қажеттілігі тұрғысынан:
- ЭЕМ құрамына кіретін минималдық құрылғылар жиынтығын, яғни
оның минималдық құрамын (негізгі бөліктерін) анықтау;
- ЭЕМ әртүрлі құрылымдық бөліктерінің жұмыс істеу
принциптерін және олардың арасындағы байланыстардың құрылысын анықтау;
Тақырыптың өзектілігі Информатиканың дамуында есептеу техникасы маңызды
роль атқарады. Информатиканың ХХ ғасырдың ортасында ғылыми пән ретінде
пайда болуы ақпаратты сақтауға және түрлендіруге бағытталған ЭЕМ-дің
шығуымен тығыз байланысты.
Жұмыстың өзектілігі Есептеу техникасы мамандары есептеу машиналарының
жаңа құрылымдарын және жұмыс істеу принциптерін құрастырады, олардың
элементарлық базасының сапасын жақсартады және түрлендіреді, компьютерлік
желілер құрады және т.б. Мұндай мамандардың қызметі информатика және
программалаумен тығыз байланысты болып келеді.
Зерттеу объектісі Есептеу техникасының даму кезендері мен есептеу
техникасының түрлері: электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ-дер ), есептеу
жүйелері, есептеу желілері. Және қазіргі кездегі ақпарат алмасу
технологияларының қарқынды дамуын жөніндегі ақпаратты жүйелендіру.
Жұмыстың мақсаты
- Алғашқы ЭЕМ-ң құрылуы мен шығуын таныстыру;
- Ақпараттық технологиялардың даму жолдарын ашып көрсету;
- Бұлтты және мобильді технологиялардың қоғамға тигізер пайдасын
көрсету.
Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың өзектілігі, зерттеудің
объектісі, мақсаты беріледі.
Информатикалық ұғымдар түсінігі атты бірінші бөлімде Информатика
пәнінің міндеттері, документалистика, кибернетика туралы тұжырымдамалары
ұсынылады
Компьютерлік техника мен технологиялардың даму тарихы атты екінші
бөлімде, алғашқы ЭЕМ-ң құрылуы мен шығуы, электронды есептеуіш машиналардың
даму буындары, ақпараттық технологиялар, жаңа компьютерлік технологиялар
жөнінде қарастырылады.
Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері, қағидалары тұжырымдалады,
ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

1. Информатика пәнінің міндеттері
Информатика – жаңа білім алу мақсатында есептеу техникасының көмегімен
жинақталған білімді сипаттау, беру, интерпретациялау, формальдау және
қолдану туралы ғылым. Кең мағынада, информатика– ақпараттық іс-әрекет,
ақпараттық процестер және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуын
зерттейтін ғылым.
Информатиканың негізгі міндеті – есептеуіш техникасының аппараттық және
программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады.
Информатиканың негізгі зерттеу объектісі – қазіргі заман қоғамындағы
адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және
компьютерлендіру үрдісі болып табылады.
Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – азаматтардың құқығын, мемлекеттік
басқару органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
ақпараттық қажеттілігі мен іске асырылуын қанағаттандыруға арналған ЕТ
құралдарының көмегімен ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және ғылыми-
техникалық ұйымдастырылған үрдіс.
Информатиканың іргелі ғылым тұрғысынан пәнін төмендегідей ұғымдар
құрады: ақпараттық ресурстар, олардың мәні, өмір сұру заңдары, қоғамның
басқа ресурстарымен әсерлесу механизмдері, әлеуметтік прогресске
көрсететін әсері. Ақпараттық ресурс білім мен ақпараттың симбиозы түрінде
алынады. Информатика АР-ды қоғамда алу, беру және қолданудың заңдарын
зерттейтін ғылым тұрғысынан ақпараттық үрдістерді нығайтуға, АР қолдануға
негізделген ЭЕМ-ді және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді (АЖ)
қолданудың теориялық негіздерін құрайды.
Практикалық (қолданбалы) информатика тұрғысынан пәндік аумақты келесі
ұғымдар анықтайды:
- есетеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;
- есептеу техникасы құралдарының программалық жасақтамасы;
- аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесуі;
- адамның аппараттық және программалық жасақтамалармен әсерлесу
құралдары;
Информатиканың алдына қойылатын міндеттерді анықтау үшін оның
қалыптасқан ғылымдар жүйесіндегі алатын орны маңызды рөл атқарады.
Информатиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны оның күрделі, кешенді, ғылыми-
жаратылыстану пән екендігін көрсетеді.
Информатика профильдік емес пән мамандықтарында зерттеуге қоятын
негізгі міндеттер:
- ақпарат, ақпарат құрылымы мен қасиеттері, оны алу сақтау, өңдеу және
жеткізу әдістері туралы іргелі ұғымдарды беру;
- АР-тың қоғамды ақпараттандыру үрдісіндегі рөлін анықтау;
- есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс
тәсілдері мен әдістерін жүйелендіру;
Информатика құрылымы
Теоретикалық информатика – бұл информатикадағы математиканың
математикалық логика саласына негізделген бөлімі. Мұнда алгоритмдер
теориясы, автоматтар теориясы, ақпарат теориясы, кодтау теориясы, формальды
тілдер мен грамматикалар теориясы және т.б. бөлімдер кіреді.
Есептеу техникасы – есептеу техникасын құру мәселелрін, оны пайдалану
заңдылықтарын архитектура деңгейінде зерттейтін бөлім.
Есептеу желілері – ақпараттық, есептеу, білім беру және т.б.
мәселелерді шешу мақсатында байланыстырылған компьютер желілерін
архитектура турасынан, яғни желі элементтерінің аппараттық және
программалық жасақтамаларын құру, қызмет істеу, сүйемелдеу принциптерін
зерттейтін бөлім.
Ақпараттық жүйелер - әр түрлі күрделі жүйелердегі ақпарат ағындарын
талдау, тиімділеу, құрылымдау, ақпаратты сақтау және іздеу мәселерін
зерттейтін бөлім.
Жасанды интеллект – адам интеллектілік қызметін машиналық модельдеу
мәселелірн зерттейтін бөлім: негізгі бағыттары – бейнелерді айырып тану,
компьютерлік лингвистика, сараптық жүйелер құру, талқылауды модельдеу.
2. Документалистика
Документалистика XIX ғасырдың аяғында өндірістік қарым-қатынастардың
қарқынды дамуына байланысты қалыптасты, оның негізгі пәні – құжаттар
айналымының (ақпараттардың) тиімділігін арттырудың құралдары мен әдістерін
зерттеу. Бұл информатиканың алғы тарихын анықтайды, ол ауыз сөздің,
жазудың, кітап басудың, радио, телефон, кино, фотография сияқты ғылым
жетістіктерінің, соңында магниттік ақпарат тасушылардың даму кезеңдерімен
сипатталады.
Құжаттарды автоматтандыруға арналған бағдарламаларға қысқаша тоқталып
өлейін. Дербес компьтерде құжаттарды жасау, өндеу үшін бірнеше
бағдарламалар құрылған:
• Microsoft Office Word(
• Microsoft Office Excell(
• Microsoft Office Publisher(
Бірақ оның ішіндегі ең негізгісі күнделікті қолданып жүретін мәтіндік
редактор Microsoft Word болып табылады. Бұл бағдарламада құжаттарды
толығымен жасап шығару, өндеу, түзетулер енгізу, жою және т.б.
мүмкіншіліктер толығымен қарастырылған.
MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып
шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол-мәтіндік және
графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операциялды орындай
алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.
Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген операция
бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік
фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра
отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография
жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал –
макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен
кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар ,
стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі ,
қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп
артылады.
Құжат даярлау үшін дербес компьютердегі тағы бір редактордың бірі
Microsoft Office Excell кестелік редакторы қолданылады. Microsoft Excel -
бұл құжаттарды тез арада таблица түрінде дайындауға арналған программа.
Ол математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін
қолданылады. Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар
тұрғызып, мәліметтер базасын даярлауға болады.
Құжаттар даярлауға Microsoft Office Publisher бағдарламасы біршама
көмегін тигізетіні мәлім. Бұл редактор арқасында түрлі сипаттағы құжаттар
жасауға болдады. Оның ішінде шығыс туралы есеп, факстік баяндамалар,
инвентарлық ведомосттер, буклеттер, бұйрықтар, қаулылар және т.б. іс-
қағаздары кіргізілген. Ең алдымен құжаттар даярламас бұрын Правка – Личные
данные командасын орындап өзіңіз және жұмыс істейтін мекеме туралы толық
ақпаратты енгізгеніңіз дұрыс. Ол сіз таңдаған құжаттың қаңқасы дұрыс
құрылуына әсерін тигізеді. Содан соң алдыңызда тұрған құжат нысанын
көрсетілген мәлімет негізінде толтыру қажет. Бұл бағдарламаны жүктеу ,
өндеу, жою, жабу Microsoft Office бағдарламасының барлығына тән жолмен
жүзеге асырылады.

зерттеу. Бұл информатиканың алғытарихын анықтайды, ол ауыз сөздің, жазудың,
кітап басудың, радио, телефон, кино, фотография сияқты ғылым

Автоматты жүйе құжаттың өтуіне бақылауды, егер құжат қайсы бір
бөлімшеде бөгеліп қалған жағдайда ескертуді жүзеге асырады. Белгілі бір
құжатқа рұқсат беретін тұлғалардың тізімін басшы бекітуі тиіс. Бұл тек
құжатты жасауды жеделдетіп қана қоймайды, қателерді болдырмауға мүмкіндік
береді.
Басқару қызметінде орын алған стандартты емес жағдайды көрсететін жеке
мәтінде құжатты жасауды талап ететін жағдайлар кездеседі. Компьютер мұндай
құжатты жасау кезінде дн көмектеседі.
3. Кибернетика
Екінші дүниежүзілік сөғыстан кейін әртүрлі жүйелердегі (жасанды,
биологиялық, әлеуметтік және т.б.) автоматты басқару және байланыстардың
жалпы заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылым – кибернетика екпінді дами
бастады. Оның негізін 1948 жылы жарияланған американ ғалымы Норберт
Винердің математикалық логикадан еңбектері қалады, ал бұл аталым
гректің kyberneticos –басқару өнерлілігі сөзінен шыққан.
Автоматтық басқару (Автоматическое управление; automatic control) —
объектіні адамның қатысуынсыз, автоматты түрде басқару [1] Автоматтық
басқару — қандай да бір объектіні (машинаны, приборды, жүйені, процесті)
берілген алгоритмге сәйкес адамның тікелей қатысуынсыз басқару.
АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ еңбек өнімділігін, басқарудың сапалылығы мен дәлдігін
арттыру үшін, қолайсыз жерлердегі немесе денсаулыққа залалды жұмыстарды
адамның қатысуынсыз атқару мақсатында қолданылады. Басқару мақсаты
басқарылатын объектінің реттелу шамасының уақыт бойынша өзгеруімен
тікелей байланысты. Басқару мақсатын жүзеге асыру үшін басқарылатын әр
түрлі объектілердің өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, объектіні басқару
тетігіне әсер етерліктей әрекет (басқарғыш әрекет) жасалады.
Басқарғыш әрекетбасқару қондырғылары арқылы жүзеге асырылады. Өзара
әрекетке түсетін басқару қондырғылары мен басқарылатын объектілер жиынтығы
б а с қ а р у д ы ң а в т о м а т т а н д ы р ы л ғ а н ж ү й е с і н қ ұ
р а й д ы. Бұл негізінен өндірістік т.б. кешендер құрамына кіреді. Уатт бу
машинасындағы (1784) центрден тепкіш реттеуіштен тұратын автоматты реттеу
жүйесі техникада кеңінен пайдаланылған алғашқы тұйық басқарудың автоматты
жүйесі болды. 20 ғасырдың 50-жылдарында өндірістік процестер мен
өнеркәсіптік кешендерді электрондық есептеуіш машиналар арқылы басқарудың
күрделі жүйелері дүниеге келді. Бұл жүйелер тобына басқарылатын шаманың
мәнін тұрақты етіп сақтайтын а в т о м а т т ы р е т т е у ж ү й е с і,
басқарылатын шаманы белгілі бағдарлама бойынша өзгертіп отыратын б а ғ д а
р л а м а л ы б а с қ а р у ж ү й е с і, басқару бағдарламасы алдын ала
берілмеген қ а д а ғ а л а у ы ш ж ү й е енеді. Басқарудың автоматты
жүйелері техниканың түрлі салаларында (көшірмелеуіш фрезалау станогын
басқаруға арналған қадағалауыш жүйе, металл кескіш станоктардағы
магниттік лента, перфолента немесе перфокарта арқылы бағдарламамен
басқаруға арналған жүйе) кеңінен пайдаланылады. Ол авиацияда, ғарыш және
әскери техникада үлкен маңыз атқарады. Басқарудың автоматтандырылған
жүйесін құру принциптерін және оларда өтетін процестердің заңдылықтарын
зерттейтін техникалық кибернетиканың бөлімі — а в т о м а т т ы б а с қ а
р у т е о р и я с ы. Ол бірнеше бөлімге (сызықтық, сызықтық емес жүйелер,
үздіксіз функциясы, дискретті функциялы, релелі, инвариантты, оптимальды,
экстремальды, үлкен жүйелер теориясы, жүйелердің сезгіштік теориясы)
бөлінеді. Негізгі проблемасы —басқарудың автоматтандырылған жүйесін
синтездеу және анализдеу.
АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ тек математикамен ғана емес, физикалық және
техникалық ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазақстанда автоматты басқару
теориясынан зерттеулер 60жылы басталды (Қазақстан Республикасы Ғылым
Академиясы, Қаз ҰМУ, ҚазҰТУ, Қарағанды политехникалық институты т.б.).
Республикада автоматты басқару теориясының негізін А.Қ. Беделбаев салды.

2.1 Алғашқы ЭЕМ-ң құрылуы мен шығуы
Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір
деректерге сүйенсек,есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда
болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция
болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар абак
деп, қытайлықтар суан-пан, жапондықтар серобян деп атаған. Бұл құралмен
есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы
жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды.
Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның
жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.
XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм
түсінігін енгізді және логарифм кестесін жариялады. Ал 1761 жылы ағылшын
Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған
логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак
Ньютон ұсынған болатын. Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің
бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ өткен ғасырдың екінші
жартысында пайда болған электронды калькуляторлар оларды қолданудан
ығыстырды. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние
жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен
дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың
машинасында көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып,
өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің
орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу
мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті
квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр
бірнеше рет жетілдірілді Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен
В.Т.Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазіргі қолданыста жүрген
калькуляторлардың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым калькулятор
есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда
есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады. Есептеуіш
техникалардың қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың
дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған программа бойынша адамның
қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғылар жасау болды.
Алғашқы программалық басқарылатын есептеу машинасын құрастыру идеясын
1821 жылы ағылшын математигі Чарльз Беббидж өзінің аналитикалық
машинасында ұсынған болатын. Беббидждің аналитикалық машинасы – ақпаратты
өңдеп қана қоймай, оны жадында сақтап, адамның тікелей араласуынсыз алдын-
ала жазылған программамен жұмыс істейтін алғашқы әмбебап құрылғы болатын.
Бұл машинада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар: бастапқы
сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған
сандармен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген программа
бойынша есептеу барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді
енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды. Басқару программасы
перфокарта деп аталған қатырма қағаздардағы тесіктердің көмегімен кодталды.
Бэббидждің идеясы өз уақытынан озық еді. Оның машинасы өте күрделі құрылғы
болғандықтан, ол кездегі техникалық мүмкіндік мұны жүзеге асыра алмады.
Беббидждің машинасы 1860 жылдары ғана құрастырылып іске қосылған болатын.
Осы машинаға қажетті программаны 1846 жылы ағылшынның әйгілі ақыны Джордж
Байронның қызы Ада Лавлейс жазды. Сондықтан Ада Лавлейсті алғашқы
программалаушы десе де болады.
Алғашқы ЭЕМ-ң құрылуы мен шығуы информатиканың ғылым ретінде даму
тарихына жол ашты, мұндай байламның бірнеше себебі бар. Біріншіден,
Информатика термині есептеу техникасының дамуымен тығыз байланысты, және
алғашында есептеулер туралы ғылым ретінде түсінілді. Екіншіден,
информатиканың жеке ғылым болып бөлініп шығуына есептеу техникасындағы
өңделетін және сақталатын ақпараттардың ортақ көрсетім пішімдері сияқты
маңызды қасиеті әсер етті. Барлық ақпараттар түріне тәуелсіз бір жүйеде,
яғни екілік пішімде сақталатыны және өңделетіні есептеу техникасының
информатиканың ғылым болып қалыптасуында белсенді рөл атқаруына себепші
болды.
2.2 Электронды есептеуіш машиналардың даму буындары
ХХ ғасырда электронды-есептеуіш машиналардың (ЭЕМ) пайда болуына
байланысты есептеуіш техника бұрын болмаған жылдамдықпен қарыштап дамып,
айналдырған 50 жылдың ішінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан
электронды-есептеуіш машиналардың даму кезеңін белгілі бір кезеңдерге бөлу
қалыптасқан.
І кезең (1945-1955 жылдар) ХХ ғасырдың бірінші жартысы радиотехниканың
қарыштап дамыған кезеңі болатын. Сол кездегі радиоқабылдағыштар электронды-
вакуумды шамдармен жұмыс істейтін. Алғашқы электрондық-есептеуіш
машиналарды құрастыру үшін осындай электронды-вакуумды шамдар қолданылды.
Электронды шамдармен жұмыс істейтін алғашқы электронды есептеуіш машина
1946 жылы Америка Құрама Штаттарында құрастырылды. Дж. Моучли және П.
Эккерт деген ғалымдардың басқаруымен құрастырылған бұл
машина ENIAC(Electronic Numerical Integrator and Computer - Электронды
санды интегратор және компьютер) деп аталды. ENIAC секундына 300 көбейту
немесе 5000 қосу амалын орындай алатын. Бұл сол кезге дейін қолданылып
келген Mark-1 секілді механикалық және электронды-механикалық элементтермен
жұмыс істейтін машиналардың жылдамдығымен салыстырғанда мыңдаған есе артық
болатын.
Американдық ғалым Джон Фон Нейман 1946 жылы жазған EDVAC машинасы
туралы алдын-алабаяндамасында электронды-машиналарды құрастыру мен
басқарудың жаңа принциптерін ұсынды. Осы принциптер негізінде 1949
жылы EDVAC (Electronic Discrete Variable Computer) машинасы құрастырылды.
EDVAC-тың ENIAC-тан айырмашылығы – онда өңделетін барлық мәлімет ондық
сандар түрінде емес екілік сандар түрінде кодталатын және есептеуге қажетті
мәліметтер мен оны өңдеуге қажетті программа жадтың бір жерінде сақталатын.
Біздің елімізде алғашқы ЭЕМ-дер 1951 жылы - МЭСМ (Малая электронная счетная
машина) және 1952 жылдары - БЭСМ (Большая электронная счетная машина) пайда
болды. Бұл екі машинаны да КСРО-ның көрнекті ғалымы Сергей Алексеевич
Лебедев құрастырды. БЭСМ сериясының компьютерлері сол кездегі ең қуатты
компьютерлердің қатарында болатын.
Бірінші кезеңнің электронды-есептеуіш машиналары он мыңдаған электронды
шамдардан тұратын. Сондықтан олар жүздеген киловатт электр энергиясын
пайдаланып, жүздеген шаршы метр жер аумағын алып жатты. Салмағы бірнеше
тоннаға дейін жететін. Ал олардың жылдамдығы секундына 20 мың операциядан
аспайтын. Бұндай машиналарға программаларді енгізу үшін перфокарталар мен
перфоленталар қолданылды. Бұл компьютерлер тек инженерлік және ғылыми
есептеулер жүргізу үшін қолданылды. Бұл машиналарға қажетті программалар
машиналық командалар тілінде жазылатын. Бұл өте қиын іс болғандықтан
программалауға таңдаулы мамандар ғана алынып оқытылатын.
ІІ кезең (1955-1965 жылдар) Электронды шамдардан тұратын бірінші
кезеңнің электронды-есептеуіш машиналары 50-жылдардың соңына дейін
қолданылып келді.
1959 жылдан бастап жартылай өткізгіш транзисторлардан тұратын ЭЕМ-дер
дүниеге келді. Транзисторлар электронды шамдармен салыстырғанда әлдеқайда
сенімді болатын, олар электр энергиясын көп пайдаланбайтын және орынды көп
алмайтын. Ал бұндай элементтерден жасалған компьютердердің жылдамдығы
секундына 200 мың операцияға дейін артып, ішкі жадының көлемі де бірінші
кезеңнің компьютерлерімен салыстырғанда жүздеген есе көбейді. Бұл
компьютерлердің жадындағы барлық мәліметті сақтау үшін магниттік дискілер
мен магниттік ленталар қолданыла бастады. Осы кезеңнен бастап Фортран,
Алгол секілді алғашқы программалау тілдері пайда болып, программалау
тілдері әлдеқайда түсінікті, қарапайым және қолайлы бола бастады.
ІІІ кезең (1965-1980 жылдар) 1958 жылы америкалық мамандар өте күрделі
технологияны қолдана отырып ауданы 1 см-ден аспайтын жіңішке пластинаға
ондаған, кейін жүздеген электронды схемаларды орналастыруды үйренді.
Бұларды интегралды схемалар (ИС) деп атады. Интегралды схемалардың пайда
болуы компьютерлік техниканың дамуына үлкен әсерін тигізді. Интегралды
схемалар компьютерлердің жылдамдығын айтарлықтай арттырды (секундына 1 млн
операциядан жоғары), оперативті жадының да көлемі жүздеген мың байтпен
өлшенетін болды, компьютерде бір мезгілде бірнеше жұмыс атқару мүмкіндігі
пайда болды. Осы кезеңнен бастап ЭЕМ-дерді қолдану аясы да артты.
Бұрынғы ЭЕМ-дер тек күрделі инженерлік есептеулер үшін және соғыстық
мақсатта қолданылса, ендігі компьютерлер өндірістің барлық саласында:
зауыттарда, білім беру мекемелерінде, денсаулық сақтау саласында т.б
жерлерде қолданыла бастады. Паскаль, Си, Бейсик секілді жоғары дәрежелі
программалау тілдері осы кезеңде пайда болды. Программалау ісі білім беру
мекемелерінде кеңінен оқытыла бастады. Алғашқы мәліметтер базасы, жасанды
интеллект жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері т.б. пайда болды.
IV кезең (1980 жылдан бері қарай) Өткен ғасырдың 70-жылдары мини-ЭЕМ-
дер жедел дами бастады. Бұл компьютерлер үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда көлемі
шағын және бағасы арзан болатын. 1971 жылы американдық Intel фирмасы
өзінің микропроцессорды ойлап тапқанын мәлімдеді.
Микропроцессор - бір пластинада миллиондаған электронды схемаларды
өзара байланыстыратын үлкен интегралды схемалардан жасалды.
Микропроцессор компьютерлердің жылдамдығын секундына бірнеше миллиард
операцияға дейін арттырды. Микропроцессорды енгізу-шығару, сыртқы есте
сақтау құрылғыларымен байланыстырудың нәтижесінде компьютерлердің жаңа түрі
– микро-ЭЕМ-дер дүниеге келді.
Үлкен интегралды схемалармен немесе микропроцессормен жұмыс жасайтын
қазіргі компьютерлер ЭЕМ-дердің IV кезеңіне жатады.
Қазіргі ЭЕМ-дердің ең көп таралған түрі - дербес компьютерлер болып
есептеледі. Алғашқы дербес компьютер 1976 жылы пайда болды. Apple-1 деп
аталған бұл компьютерді американдық Стив Джобс пен Стив Возняк ойлап
тапты.
Қазіргі дербес компьютерлер дисплей, жүйелік блок, пернетақта секілді
көптеген құрылғылардын тұрады және алғашқы пайда болған дербес
компьютерлерге мүлдем ұқсамайды десе де болады. Қазіргі дербес
компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы да осыдан отыз жыл бұрынғы
компьютерлермен салыстырғанда мыңдаған есе артты. Егер 1977 жылы пайда
болған Apple-2 компьютеріндегі микропроцессордың тактілік жиілігі 1 МГц
болса (1 МГц – секундына 1 миллион операция орындайды деген сөз) қазіргі
компьютерлерде қолданылатын Pentium-4 микропроцессорларының тактілік
жиілігі 3,4 ГГц-ке дейін жетеді. Қазіргі компьютерлердің программалық
жабдықтамалары қолданушыларға программалау тілдерін білмей-ақ олармен
(компьютерлермен) жеңіл қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Бұны
Windows, Macintosh OS секілді танымал операциялық жүйелердің пайда болуымен
байланыстыруға болады. Қазір әлемде дербес компьютерлердің жылына
миллиондаған данасы сатылады. V-кезең V кезеңнің ЭЕМ-дері деп жақын
болашақта пайда болатын компьютерлерді айтуға болады. Ғалымдар болашақтың
компьютерлері бүгінгі компьютерлермен салыстырғанда әлдеқайда қуатты,
қолданыста ыңғайлы және интеллектуалдық қабілеті өте жоғары болады деп
болжамдайды. Бұл компьютерлерге барлық мәліметті қазіргідей пернетақтамен
емес, дауыстап командалар беру арқылы енгізіп, олардың адам секілді
машиналық көру, есту, иіс сезу қабілеті болады деп болжамдалуда.
2.3 PR-дағы компьютерлік технология
Компьютерлік технология жиырмасыншы ғасырдың соңында, ғылым мен
техниканың ерекше дамып, ғылыми-техникалық революцияның негізі қаланған
кезеңде кең өріс ала бастады. В.М.Глушковтың пайымдауынша, компьютерлік
технология кешенді ғылым мен инженерлік, немесе арнайы пәндерден тұрады,
шығармашылықты, жобалауды, ойлап табуды, баға берудің, жасап шығаруды,
компьютерленген жүйені функционалдау (іске қосу), олардың әлеуметтік
тәжірибедегі әсері мен қолдану аясының негізі болып табылады. ЮНЕСКО-ның
құжаттарында компьютерлік технология терминіне үлкен мағына берілген:
ақпарат жинау, талдау мен өңдеу, оған қоса ақпаратты өңдеу құралдары,
микропроцессорларды басқа да электрондық жүйелермен үйлестіре білу.
Компьютерлік технологияның тарихи даму жолына жасаған талдау, оның
мынадай бағыттарда дамығанын көрсетеді. Компьютерлік технологияның дамып,
жетілуін оның қай жерде, қалай қолданылуы мен бағытталуына қарай айқындауға
болады. Ол ақпараттық технологиялардың күннен-күнге өркендеуіне байланысты
жаңарып отырады. Мысалы, графикалық редакторлауға жаңа түс, материал немесе
жаңаша бояулардың әдістері енгізілсе, бұның өзі үлкен жаңалық болып
есептеледі.
Компьютерлік технологияны былайша топтастыруға болады: көркем
компьютерлік технология; инженерлік-компьютерлік технология; иллюстративті-
компьютерлік технология, іс-құжаттық компьютерлік технология, когнитивті-
компьютерлік технология және т.б.
Компьютерлік технологияның бағыттары:
Солардың ішінде Компьютерлік технологияны көркем өнерде
қолдану дегенді – бағдарламалық әрі дербес компьютердің аппарат құралдарын
кең көлемде көркем сурет өнерінің дәстүрлі түрлерінде пайдалану деп түсіну
қажет. Компьютерлік технология түрлерінің атқаратын міндеттері әртүрлі.
Көркем-компьютерлік технология негізінен кескіндеме, сурет, сәндік-
қолданбалы өнер, көркем және кітап графикасы, мүсін және т.б. графикалық
пәндерге бағытталады. Әйтсе де, ол компьютерлік пәндерді толығымен ауыстыра
алмайды. Өзіне тән Adobe Photo Shop, Adobe illustrator, Corel Draw.
Fractal Design Painter, 3D Studio Max және т.б. мүмкіндіктеріне қарай
бағытталап жасалған арнайы бағдарламалармен шектеледі.
Иллюстративті-компьютерлік технология белгілі бір ақпаратты (текст,
аудио жазбалар және т.б.) көруге бағытталады немесе оқуға көмекші құрал
ретінде пайдаланылады. Компьютерлік технологияның бұл түрі арқылы білім
алушы бағдарламаны үйренеді және мультимедиа технологиясының көмегімен кез-
келген пәндегі ақпараттарды алып қарауға мүмкіндік алады. Иллюстративті
компьютерлік технология, сондай-ақ ғылыми ізденістердің нәтижелері мен
графикалық мазмұнда жиі қолданылады.
Іс-құжаттық компьютерлік технология офистік тапсырмаларды шешуде:
графиктер мен диаграммалар құрастыру, кесте таблицаларды көркемдеу және
т.б. құжаттарды өңдеуге графикалық көркемдеу, факстарды, фирмалық стиль
жасау және т.б. қолданылады.
Когнитивті-компьютерлік технология болса, бағдарламалық қамсыздандыру
мен бағдарламаның интерфейстерін жасауға, әсіресе, тестік шешімдерді
қабылдайтын бағдарламаларға бағытталады.
Сонымен, жоғарыда айтылғанның бәрі жаңа компьютерлік технологияны
күнделікті өмірде (киноиндустрия, компьютерлік моделдеу және дизайн, білім
беру саласы, полиграфия, үш көлемдегі графика және анимация, сәулет, видео
өндіріс, мультимедиа және т.б.) кең көлемде пайдалануға болатынын
дәлелдейді.
Ғалымдардың пайымдауынша, соңғы жылдары мәтіндік
өркениеттен бейнелеу өркениетіне ауысу байқалады. Мәселен, егер ғалым
В.Паранджанов, И.Г.Песталоццийдің іліміне сүйене отырып, білім беру
саласында бейнелеу жолымен білім беру кеңінен қанат жая бастады деп
ескертсе, суретші П.Вайбел өнер мен жаңа компьютерлік технологиялардың
арасындағы байланыс сонау Леонардо-да-Винчи заманында-ақ тамырын тереңге
жайғанын, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында суретшілер мен компьютер
мамандарының бірлесуі арқасында күш жиғанын айтады. Компьютер виртуалды
шынайылықты көрсетумен шектелмей, оны трансформациялайтынын атап көрсетті.
П.Вайбелдің сөзімен айтқанда: Жаңа компьютерлік технологиялар суретшілер
қабылдауына әсер еткені сонша, өнер саласы толығымен өзгерді. Адам
баласының қабылдауы – технологиялық процестердің, компьютерді қолдану көп
нәрсеге шындық тұрғыда қарау, ойлау және қиялдау – барлығы бірнеше мыңдаған
жылдардағы эволюцияның өнімі. Бұл келтірілген деректемелерді компьютерлік
технологиялардың өнер саласына қатысты бір қыры ғана деп қабылдауға болады.
Ал жалпы адамның компьютерлік технологиямен жұмыс жасау техникасы жылдар
бойы, қызықты өркендеу дәуірлері арқылы дамыды. Ақпаратты тіркеу және
сақтау әдісі де сонау тасқа белгі, ою, өсімдіктер мен папирустардың
қабығына сурет салу кезеңінен бастама алады. Қазіргі заманда ақпарат
тасушылардың міндетін қағаз, фотопленка, магниттік таспалар, магниттік
дискілер, оптикалық дискілер, желілер атқарады, оларға ақпарат лазерлік
сәулелердің көмегі арқылы жазылады және қолданыс табады.
Компьютерлік технологияның даму деңгейі, алдымен, түбегейлі жаңару мен
жетілдіру тенденциясына апаратын ақпараттық және бағдарламалық құралдардың
жағдайымен айқындалады. Ақпараттық-бағдарламалық сипаттама арқылы білім
жүйесіндегі дидактикалық процесті дамыту бағытына септігін тигізіп отырады.
Компьютерлік технология құрамы үш бағытты қарастырады: жеке техниканы
пайдалану арқылы ақпараттық жүйенің техникалық жағдайын қамтамасыз ету,
ақпаратты бағдарламалық өңдеуден өткізу техникасы және негізгі ақпаратты
белгіленген бағдарлама бойынша техникадан өңдеп шығару.
Барлық өндірістік міндеттер, алдымен, функционалдық жүйе бөліктерімен
біріктіріледі. Ал, функционалдық жүйе бөліктері басқарудағы міндеттермен
және іс-әрекеттің түрлерімен белгіленеді. Жүйе бөліктері немесе міндеттері
өндірістік, маркетингтік, қаржылық, есептік, кадрлық, шұғыл болып
келеді. Функционалдық міндеттерді атқаруда үш жүйе бөліктері қызмет
атқарады: бағдарламамен қамтамасыз ету, ақпаратпен және техникамен
қамтамасыз ету.
2.4 Ақпараттық технологиялар
Ақпараттық технология деген терминді В. Тлушков енгізді. Ол оған
мынандай анықтама берді: Ақпараттық технология дегеніміз — ақпаратты
өңдеумен байланысты үрдістер. Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі
қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз — ақпаратты оқытушыдан
тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың берген
анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: Ақпаратгық технология
дегеніміз — ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен
әдістер жиынтығы.
Public relations қоғамдық феномен сияқты әлдеқашан пайда болып,тез
дамыған. Бірақ та IT- технологиялар бұл өте күрделі процесс, қоғамдық
өмірідің барлық саласына әсер етті, және бұл процесс PR саласына әсер
етпеуі мүмкін емес еді.
Әрине, бірінші кезекте PR-ға ақпараттық технологияның әсері PR-дың
каналдарының кеңейуіне пайдасы зор. Тіпті бұл "канал" сөзі ақпараттық
кеңістікте қолданылады, интернет болып табылады.
Қазіргі таңда бірде-бір PR-акциялар интернетсіз іске аспайды. Бұл
таңғарларлық жағдай емес, интернетті пайдалана отырып аудиториядағы
адамдардың санын он есеге, жүз есеге көбейтуге болады. Орташа статистикалық
есеппен алғанда презентация кезінде аудиторияда бірнеше ондаған адам болады
екен. Ал далада өтетін PR-акцияларда бірнеше жүз адам болады. Бір апта
уақытта көрмелерге бірнеше мың адамдар кіріп-шығады екен. Ал интернетті
пайдалана отырып осы статистикалық мәліметті он есеге көбейтуге болады.
Бірақ та тез нәтижеге жету мүмкін емес, сонда да үлкен мүмкіндік бар.
PR мамандары электронды почтаны мына жағдайларда пайдаланады:
- Тапсырыс берушілердің сұранысына жауап беру үшін;
- Ұйым ішінде ақпарат тарату үшін;
- Ақпараттық бюллетендерді жіберу үшін;
- Дискуссиялық топтарға қатысу үшін;
- Журналистермен байланысу үшін.
Ақпарат тарату құралдарын бағалау олардың неғұрлым қолайлысын, болмаса
олардың жиынын таңдап алумен аяқталады. Жекеше коммуникация құралдары
арасында таңдау клиентурамен тікелей байланыс жасайтын фирма қызметкерлері
арқылы хабарлама беруге түсуі ықтимал; содай-ақ қажетті ақпарат таныс және
жақын адамдардың пікірі, тәуелсіз мамандардың толғамдары арқылы таратылуы
мүмкін. Соңғы екі арнамен хабарлама мақсатты аудиторияға күрделі түрде
беріледі, дегенмен тұтынушылардың солардан алған ақпаратқа сенімі көбірек
болады. Көпше коммуникация құралдары арасында бұқаралық ақпарат құралдарын
бәліп алған дұрыс, оладың көмегімен ауқымды аудиторияны да, сондай-ақ
тұтынушылырдың арнайы топтарын да қамтуға болады.
Ақпарат тарату құралдары, біріншіден, олардың жауапты хабарламаны
таратуға жарамдылығы тұрғысынан қарастырылады. Екіншіден, олардың
әрқайсысын пайдалануға байланысты шығындарды бағалау қажет. Үшіншіден,
ақпарат тарату құралдары қамтитын ауқымды зерттеген жөн. Төртіншіден, бұл
құралдарды бәсеклкстердің қайсысы және қалайша пайдаланатынын білу де
маңызды. Ақыр-соңында бұл құралдардың барлығын икемділігі, коммуникациялық
хабарламаның ұзақтығы тұрғысынан талдау қажет.
Коммуникацияның жасанды каналдарының пайда болуы,олардың санының ұдайы
артуы мен ақпаратты берудің техникалық әдістерінің
күрделенуі,сонымен қатар табиғи каналдардың маңызының азаюы фиксацияланған
тарихи тенденция болып табылады.Адамдардың дифференцияланған қоғам
жағдайындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz