Оңтүстік Қазақстан облысының физткалық - географиялық жағдайы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
1. Көксарай су реттегішінің құрылу тарихы ... ... ... ... ... ... .
1. Зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .
1. Оңтүстік Қазақстан облысының физткалық-географиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .
1. Көксарай су реттегіші өсімдіктерінің түрлері мен
қауымдастықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..
1. Су өсімдіктерінің балық шаруашылығындағы маңызы ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Сырдария өзенінің арнасы Қырғызыстан, Тәжікістан, Өзбекстан
мемлекеттерінің аумағы арқылы өтеді. Жалпы ұзындығы 2400. Қазақстандық
бөлігі -1600 шақырым. Оның 400-500 шақырымы Оңтүстік Қазақстан
облысының еншісінде . Сыр өзенінің суы бес бірдей ірі бөгет арқылы
ауыздықталған. Бұдан басқа тоспалар мен бөгеттер баршылық.Ең ірісі –
Тоқтағұл су қоймасы. Ол Қырғызстанның Нарын өзені бойында орналасқан. Бұл
бөгет суды ұзақ уақыт бойына реттеуге бағытталған. Қалған бөгеттер мен
бөгендер маусымдық реттеуге бағытталған . 1966 жылы Шардара су қоймасы
Сырдариядан тасыған суды реттеп отыру үшін салынған еді. Тасқын су
Арнасайға жиналатын. Сырдария өзені одақ кезінде біртұтас ирригациялық
немесе суармалы жерлерді суару үшін пайдаланатын. Басқа уақытта
сырдариядан халық шаруашылығына керекті мөлшерде ғана су жіберілген. Кейін
одақ тарап әр республика өз алдына дербес мемлекет болды. Олар Сырдария
су ресурстарын өз мүдделері ,өз пайдасына пайдалана бастады.
Нәтижеде Сырдария суының Қазақстан бөлігіндегі көлемі қыс айларында
көбейіп жаз айларында азайып отырды. Шардара су қоймасына жоғарыдан
келетін су көлемі көп болғандықтан Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда
облыстарындағы 400 мың тұрғыны бар 71 елді мекенді тасқын су қаупінен
сақтау үшін және артық суды Өзбекстанның Арнасай су қоймасына (38 -39
млрд текше метр су ) тастап тұрылды.
Бұл қиын жағдайдан құтылудың бір-ақ жолы бар болатын. Ол Шардара су
қоймасына симайтын суды қыс мезгілінде сақтап , көктем шыға сел жүру
аяқталысымен Сырдарияға қайта құйып, Қызылорда халқын таза ауыз сумен ,
дихандарын ағын сумен қамтамасыз етіп , артылған суын Арал теңізіне
жіберіп ,оны толтыру. Ол үшін Сырдария өзенінің суы қыс мезгілінде
қатпайтын жерден су қоймасын немесе реттегішін салу керек еді. Ол Шардара
су қоймасына симай Өзбекстанға кетіп жатқан және Оңтүстік Қазақстан
облысы мен Қызылорда облысының елді мекендеріне қауіп
төндіретін артық суды уақытша ұстап тұру үшін, керек кезінде
дарияға жіберіп тұратын су реттегіш міндетін атқаратын болды.
Осы жағдайда Қазақстан үшін Сырдария өзенінде Көксарай су
реттегіш құрылысы жобасын әзірлеу қажеттігі туындады. Көксарай су
реттегіші туралы шешімге Қазақстан Республикасының ел президенті
Н.Назарбаев нүкте қойып , 2008 жылдың көктемінде Сырдария өзенінде
тасқынға қарсы Көксарай су реттегішін салуды бастау туралы тапсырмалар
берді. Көксарай су ретегішінің қазіргі су сиымдылығы 3 млрд текше
метр , айдын аумағы 46,7 мың гектар [1].
Көксарай су реттегішінде өндірістік мақсаты бар 21 балық түрі
кездеседі және өршітіледі.
Бұл балықтар негізінен су қоймадағы табиғи қоректік заттар –
планктондар, балдырлар және жоғары сатылы су өсімдіктерімен
қоректенеді. Көксарай су реттегіші Орталық Азия және Қазақстанда
жаңа типтегі су қоймалары.
Су реттегіш – қоймалардың өсімдіктер түрлері олардың су
акваториясы бойынша таралуы , өсімдіктер қауымдастықтарының құралу
заңдылықтары, құнды – қоректік өсімдіктердің эколого-биологиялық
ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан зерттелмеген. Ғылыми әдебиеттерде
мәліметтер кездеспейді.
Осы айтылғандарға байланысты 2011 – 2013 жж. Біздер Көксарай су
ретегішінің өсімдіктерін зерттедік.
Су тасқынына байланысты құрылған Көксарай индустриалды су
реттегішінің өсімдіктер әлемін , олардың қауымдастықтар құру
заңдылықтары кең таралған және құнды өсімдіктер түрлерінің балық
шаруашылығы және су реттегіш экологиясына маңыздылығын зерттеу.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Көксарай су ретегіші өсімдіктерінің өндірістік балықтар үшін
қоректік және су қойманың экологиялық, биологиялық тепе-теңдігін
сақталудағы рөлін, су өсімдіктерінің биологиялық, экологиялық
ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеті:

1. Көксарай су реттегішінің өсімдіктер түрлерін анықтау;
1. Көксарай су ретегіші өсімдіктерінің қауымдастығы, олардың құралу
заңдылықтарын ашып көрсету;
1. Көксарай су ретегіші өсімдіктерінің доминант түрлерінің эколого-
биологиялық ерекшеліктерін көрсету;
1. Су өсімдіктерінің су қоймада өсетін балықтар үшін маңызын
қарастыру.

Ғылыми жұмысының нысаны: Көксарай су реттегішінің өсімдіктері ,
олардың таралу заңдылықтары.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: Көксарай су реттегіші жаңа типтегі су
қойма. Қазақстан Республикасының территориясында бірінші рет
құрылған. Ғылыми жұмыста су реттегішінің өсімдіктер түрлері, олардың
зерттелген қауымдастықтары зерттелуде. Өсімдіктер қауымдастықтарын
құрайтын басым (доминант) түрлердің экологиялық – биологиялық
ерекшеліктері және олардың су жануарлары және су қойманың
биологиялық тепе-теңдіктегі маңызы туралы жаңа ғылыми деректер
келтірілген.

1. Көксарай су ретегішінің құрылу тарихы

2008 жылдың көктемінде Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметіне
Сырдария өзенінде тасқынға қарсы Көксарай су ретегішін салуды бастау
туралы тапсырмалар берді, Үкімет қаулысымен Төтенше жағдайлар
министрлігіне резервтен техникалық жобасы, жобалау – сметалық
құжаттаманы әзірлеуді, Сырдария өзенінде тасқынға қарсы Көксарай
су ретегішінің құрылысын бастауды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін
кезек күттірмейтін шығындарға қаражат бөлді.
Құрылыстың атқарушы жобалаушысы етіп республика бойынша
мамандандырылған Казгипроводхоз институты ӨК жобалау белгіленді.
Құрылыстың техникалық және су реттегішті салудың ықтимал орны
толығымен зерделенді, инженерлік – ізденіс жұмыстарынан нәтижесінде
Сырдария өзенінің 3-4 млрд.,, текше метр су шоғырландыратын
Көксарай ойпаты анықталды.

Сурет 1. Көксарай - елдің алғашқы индустрияландыру жобасы
Казгипроводхоз институты ӨК орындағы техникалық – экологиялық
негіздемеге (ТЭН) келесі гидротехникалық құрылғылар кірді:
5. Су жіберетін мүмкіндігі бар негізгі гидротүйін – 2 300,0 мс .
5. Су жіберетін мүмкіндігі бар бұру арнасы – 500,0 мс,ұзындығы 16,0ш.
5. Су жіберетін мүмкіндігі бар жинақтаушы құрылыс – 500 мс.
5. Көксарай су реттегіші қоймасының кешкнін құрайтын ұзындығы 44.7ш
бөгет.
5. Су жіберетін мүмкіндігі бар су жібергіш құрылыс – 500 мс.
5. Су жіберетін мүмкіндігі бар жеткізуші арна – 500 мс,ұзындығы – 10,0ш.
5. Арыс – Шәуілдір жолы бойынша жүруді қамтамасыз ететін жеткізуші
арнадағы көпір.
Сырдария өзеніндегі Көксарай тасқынға қарсы су ретегішінің құрылысы:
12. сырдария өзенінің бассейнінде ықтимал су басу аумағына кіретін
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары аумағындағы елді
мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
12. су реттегіште жиналған таза 3 млрд. м қысқы су ағыны есебінен
республиканың су балансын реттеуге;
12. Кіші Арал Теңізіндегі су деңгейін ұлғайтуға ;
12. Арнасайға бөлу арқылы су ресурстары шығынын болдыртпауға
мүмкіндік береді, яғни 1995 жылдан 2008 жылға дейін Арнасайға
35 млрд. текше м. Тасталған, оны Аралды толтыру және Оңтүстік
Қазақстан мен Қызылорда облыстарының өсімін жақсарту үшін
пайдалануға болатын еді;
12. Шардара ГЭС – нің қысқы электр энергиясын өндіруді 20 – 25 %- ға
ұлғайтуға;
12. Сырдария өзенінің алқабы мен атырауында экологиялық жағдайы
жақсартуға мүмкіндік береді;
18. Су реттегіштің алабы істен шыққаннан кейін су басқан аймақтың 90%-
дан астамы жем – шөп дайындауға арналған Лиман алқабы және мал
жайылымыь ретінде пайдаланылатын болады.
Объектінің стратегиялық маңыздылығын ескере келе, 2008 жылғы 15
сәуірден бастап Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқоррғау
ММ Сырдария өзеніндегі тасқын суға қарсы Көксарай су реттегішінің
құрылысын бастады.[3]

Сурет 2. Көксарай су реттегіші

Көксарай су реттегішінің құрылысына бірінші болып ТЖМ Селденқорғау
құрылыс РМҚК бас мердігерінің арнайы техникалары келді. Сонымен
қатар, республиканың әрбір бұрышынан, мыңжылдық құрылысына қатысуға
келісім білдірген Базис корпорациясы, АҚСУ, АҚ, Спецзащита ЖШС,
Стройинвест ЖШС, МО-1 ЖШС сияқты көптеген құрылыс ұйымдары
жұмылдырылды.
Құрылысты жоспарлау, технологиялық карталарды әзірлеу, инженерлік-
геологиялық ізденістер мен геодезиялық есептеулер деректерін өңдеу
жөніндегі инженерлік қызмет құрылыс штабында орналасты. Құрылыс
зертханасы мен технологиялық сүйемелдеу тобы дәл құрылыс алаңдарында
орналасты. Технологиялық үрдіс бойынша түзетулер де тәулік бойы
енгізілеп отырды.

Сурет 3. Көксарай су реттегіші

Барлық жобалау мен құрылыс мәселелерді жедел тәртіпте
Қазселденқорғау ММ кезекті жиналыстарында қаралып отырды. Оңтүстік
Қазақстан облысының әкімі аппараты мен өзге де басқару органдарының
тығыз өзара іс – қимылдары барысында жер учаскелерін құрылысқа беру,
инертті материалдар карьерлерін ашу , электр тасымалдау, телекоммуникация
желілері, байланыс және т.б. мәселелер шұғыл шешіліп отырды.
Суармалы жүйенің пайдалы әсер коэффициенті деген ұғым бар. Осы
көрсеткіш облыс көлемінде 0,60-0,65 –тен жоғары көтерілген емес. Бұл
Сырдариядан алынған судың дақыл өсіп тұрған егіске жеткенше 35-40
пайызы топыраққа сіңіп босқа шығын болады деген сөз. Сондықтан қазір
суармалы жүйе тиімділігі төмен.

2.Зерттеу әдістері

Көксарай су реттегішінің өсімдіктер түрлері мен олардың
қауымдастықтарын зерттеу 2012 -2013 жж. өткізілді.
Зерттеу нысаны болып Көксарай су реттегіші және оның
төңірегіндегі ұсақ су қоймалары :суландырушы каналдар және Шардара
су қоймасының реттегішке жақын жайласқан бөліктері.
Реттегіштің индустриалды құрылу тарихы және гидрологиялық
ерекшеліктері баспада жарық көрген материалдар [1] және су реттегішті
жобалау құжаттары негізінде жазылды [3].
Көксарай су реттегішінің орналасқан орнының физикалық-
географиялық жағдайлары: климаты ,жер бедері, топырағы
гилрографикасы, Қазақстанның физикалық және географиялық [4]
мәліметтерінен алынды.
Өсімдіктердің түрі, туыс , тұқымдастары. Флора средней Азии 1-
10тт [5] және Флора Казакстана 1-6 тт[9] анықтағыштарымен анықталады.
Өсімдіктер қауымдастықтары жалпы ботаникалық зерттеу әдістерін
қолдану арқылы зерттелді.
Экологиялық профилдерді қолданып (1м және 100м ) учаскілерде
жеке өсімдіктер қауымдастықтары зерттеліп жазылды. Өсімдіктердің даму
фазалары , биологиялық – экологиялық белгілері және өсімдіктер
қауымдастықтарының құралу заңдылықтары анықталды.
Өсімдіктердің тығыздылығы жай көзбен алты балды Друде
шкаласын қолданумен анықталды. Өсімдіктер түрлерінің саны шаршы метр
санымен бағаланады. Фенологиялық бақылаулар И.Н.Бейдеман (1954)
әдісімен зерттелді [7] .
Жеке өсімдіктердің олардың қауымдастықтарының биомасса
әдістері мен өсімдіктердің түрлі даму кезеңдерінде 2-3 рет: мамырда,
шілдеде, қыркүйекте өлшенеді.
Өсімдіктер қауымдастықтарының дамуы тұрақты мекен-жайдағы
өсімдіктердің таралуымен анықталады.
Су өсімдіктері тұқымдарының өнімі түрлі экологиялық
жағдайларда өлшенді. Әрбір тұқымның салмағы анықталды.
Су реттегішінің физико-географиялық ,гидрологиялық және
гидрохимиялық жағдайлары зерттелді. Су тынықтылығы су тереңлігі жүгі
бар трос. РН – индикаторлы қағаз Multifan және Riphan, судың ағыс
тездігі қалқыш жәрдемінде 100 м аралықта 3 қайтара өлшенді.
Су қоймасының тұздық құрамы , еріген оттегінің мөлшері түрлі
өсімдіктер қауымдастықтарынан және өсімдіксіз айдыннан салыстырмалы
түрде зерттелді.
Тұрақты түрде судың , ауаның температурасы өлшеніп тұрылды.
Су өсімдіктері қойма жағдайында тұрақты және маршрут әдіспен
мерзімдер бойынша зерттелді.
Су түбіне бекінген өсімдіктердің айма-ай жыл мерзімі
бойында және вегетациялық дәуірінің соңында өлшеніп тұрылды. Суда
қалқып (ряска сальвиния) өсетін өсімдіктердің өнімділігі - әр аптада
екі реттен өлшенді.
Кейбір өсімдіктердің жер асты және жер үсті биомассалары
анықталды.
Зерттеу уақытында жиналған өсімдіктер түрлерінің
гербариялары жиналған материалдардың камералды өңдеуі Сырдария
университетінің Химия және биология факультетінің Жаратылыстану
ғылымдары кафедрасында өткізілді.

3.Оңтүстік Қазақстан оьлысының физикалық-географиялық жағдайы
.Географиялық орны және жер бедері.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік
бөлігінде орналасқан . Оңтүстік Қазақстан облысы солтүстіктен
оңтүстікке қарй 650 шаршы шақырымға және шығыстан батысқа қарай 550
шаршы шақырымға созылып жатыр.
Облыс аумағы 117,3мың шаршы шақырым немесе Қазақстан
территориясының 4.3 % -тін құрайды.
Облыс солтүстігінде Қарағанды , батысында Қызылорда , шығысында
Жамбыл облыстарымен және оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен ,
ал Оңтүстік – шығысында Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
Табиғи жағдайлары мен табиғат қорларына және халық
шаруашылығының дамуына байланысты облысты төрт негізгі ауданға
бөледі. Әрбір ауданның өзіндік климаттық жағдайлары және
топырақтық ерекшеліктері бар. Сондықтан егіншілік және мал
шаруашылығы жергілікті жағдайларға байланысты болады.
Жер бедері немесе рельефі.
Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері алуан түрлі.
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның орталық бөліктерінде , Шығыс
Тұран ойпаты және Тянь-Шаньның батыс бөліктерінде орналасқан. Жер
бедерінің шамамен 80 пайызы жазықтық , ал қалған бөлігін Тянь-Шань
және Жоңғар Алатауының тау тізбектері алып жатыр.
Солтүстік бөлігін Бетпақ дала алып жатыр, Қиыр Оңтүстігінде
Мырзашөл орналасқан. Солтүстік –шығысы мен орталық бөлігінде Қаратау
тау жоталары созылып жатыр, ең биік нүктесі Бессаз-2176 метр, Оңтүстік
–шығысында талас Алатауы, Шу өзенінің оңтүстігінен басталатын Мойынқұм
,батысында Қызылқұм шөлдері, Қаржантау сілемдері, биіктігі-2824 метр
және өгем жоталары орналасқан. Ең биік нүктесі-Сайрам шыңы -4238 метр.
Қаратаудан шығысқа қарай Қырғыз жотасы созылып жатыр-3617 метр. Мұның
солтүстік бөлігі Қазақстан территориясына кіреді. Осы жоталар арасында
шатқал арқылы Талас өзені ағып өтеді. Өгем өзенінен бөлініп жатқан
Келестің саласында Қаржантау жотасы бар. Жотаның оңтүстік-шығыс бөлігін
Қаржан немесе Жігірен өзендері алып жатыр. Жотаның орташа биіктігі-
2000 метр. Биік нүктесі Мыңбұлақ тауы-2384 метр. Қаржан таудан
солтүстік –батысқа қарай Қазығұрт және Қаралдай тауы алып жатыр. Бұл
таулар өте қатты ескіріп ,бұзылған[4].
Жазықтар мен таулардың орналасуы, олардың теңіз деңгейінен
биіктігі көптеген факторларға атап айтқанда , тау жыныстарының пайда
болуы мен құрамына , олардың жату пішіндеріне ,уақытына және оларға
жердің ішкі және сыртқы күштерінің әсер етуіне байланысты.
Қазақстанның биік таулы өлкелерінде тау түзілу процестері әлі
аяқталып біткен жоқ.
Таулы аймақтарда болып жатқан жер сілкінулер тектоникалық
қозғалыстардың әлі де жүріп жатқанын дәлелдейді. Оңтүстік Қазақстан
облысы қазіргі жер бедерінің қалыптасуына сыртқы күштер , атап
айтқанда ағын су мен желдің әсері көп . Ағын су жыныстарды ағызып
, ойпаң жерлерге үйеді. Жер бедерінің күрделілігі климаттың , су
мүшелерінің ,топырақтың, өсімдік пен жануарлар дүниесінің
қалыптасуына әсерін тигізеді.
Сырдария өзенінің орта бөлігі ағысының шығысынан оңтүстікке
қарай Тянь-Шань тауының атыраптарына –Талас Алатауы , Өгем Қыраттары
және Қаратау таулары кіреді. Бұлар биік емес аласа тауларға
жатады. Бірақ олардың шығыс бөлігінде жартастардың өте биік жерлері
де бар.
Облыс территориясы жер бедерінің ерекшелігі бойынша төрт
анық байланысатын бөліктерге бөлінеді:
1.Құмды шөл.
2.Шөлейт.
3.Дала.
4.Шоқылы және таулы жоталы.
Оңтүстік өлкенің бір өзгешелігі болып оның көптеген аумағын жазық
аймақтар алып жатыр. Территорияның басым бөлігі сусыз шөл және
құрғақ дала болып келеді. Оны көптеген өзен аңғарлары кесіп өтеді.
Климаты
Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы біркелкі
таралмаған. Қазақстан дүние жүзілік мұхиттардан , оның ішінде Оңтүстік
Қазақстан облысы орталық бөлігінде су обьектілерінен алыс
жатқандықтан шұғыл –континентті және құрғақтығымен көзге түседі.
Биік таулардың оңтүстікте көлбеу жатуы , ал солтүстігінде таулардың
аласалығы суық ауаның еркін кіруіне әсер етеді. Климаттық құрамына
географиялық ендіктің де әсері мол. Азия антициклонының әсерінен оьлыс
территориясында ашық және құрғақ ауа райы орнайды[4].
Оңтүстіктің климаты шұғы еонтинентті. Бұл температураның тез
өзгеруіне әкеліп соғады. Ауаның жылдық орташа температурасы облыс
бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжи отырып 8˚ С-ден 9˚С, 14˚С-
ге дейін жоғарылап өзгеріп отырады.

Қаңтар – ең суық ай, орташа температурасы облыс температурасы
бойынша 1˚С(оңтүстік)-10˚С-ге (солтүстік)дейін өзгереді. Температураның
абсолюттік минимумы -30˚С -35˚С-ге дейін төмендейді, ал кейбір
аудандарда -38˚С-39˚С дейін. Солтүстікте орташа температура -15˚С
және оңтүстігінде -11,5˚С. Абсолютті суық Созақта -41˚С тіркелген.
Ал жаз айларында оңтүстіктен келетін тропиктік ауа массаларының
әсерінен ыстық және құрғақ ауа райы орнайды. Ең ыстық ай – шілде,
шілдеде ауаның орташа температурасы Қызылқұмда (29-30˚С), таулы
жерлерде (20-24˚С), ең төменгі температура биік таулы аудандарда .
Жазда кейбір күндері оңтүстік бөліктерінде температура 45-47˚С-ге
дейін жоғарылайды,солтүстігінде 43-44˚С. Жаз айлары жылы болып келеді
және солтүстік аудандарда 8 айға созылады. Абсолюттік ыстық +47˚С
Шардарада тіркелген.
Жауын-шашын : климатты айрықша деңгейлігі құрғақшылық болып
табылады. Жауын-шашын мөлшері жазықты аудандарда 130-250 мм, ал таулы
аудандарда 400-600 мм. Жоғарға таулы аудандарда 700мм шамасында .
Бірақта жауын-шашынның түсуі бір қалыпты емес, өзгеріп отырады.
Негізінен көктем және күз айларында көп жауады. Мысалы, жазықты
аудандарда жылына 80-100 мм, ең ылғалды кездері 300-400 мм , таулы
аудандарда жауын-шашын мөлшерлері 300-500 –ден 1000-1400 мм-ге дейін
түседі. Көктемде және күзде жауын-шашынның екі максимумы
белгіленеді. Ең көп жауын-шашын наурыз және сәуірт айларында
түседі. Жазда төмен 5-7% . Күздің бірінші бөлігі құрғақ болады.
Қысқы – көктемгі жауын-шашын жылына 70-80%-ті құрайды.
Қар қалыңдығы жұқа және бірқалыпты емес . Қардың орташа
қалыңдығы 20-40 см , және ол екі айдан бес айға дейін
жатады..Қазақстанның оңтүстігінде , мысалы, Шымкентте 246 мм, жылы
айларда 177-212 мм түседі . Циклондық әрекет тауда өте сирек.
Жаз айларында шөлді аудандарда 2216 мм-ге дейін жауын түседі.
Кейбір жылдары жаумай да кетеді. , тіпті 3-4 айға дейін қар
жамылғысы 10-15 еліден аспайды. Еруі наурыз айында басталады.
Сондықтан да бұл облыстарда қар тоқтану қарқынды түрде жүреді. Күн
радиациясы 5-7 айға дейін жақсы түседі. Бұлттылық солтүстік
аудандар мен салыстырғанда 1,5 есе аз. Облыста оңтүстік және солтүстік
желі көп тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1,9-3,9 мсек. Желдің
қатты тұратын аймағы Ақсұрам , онда желдің жылдамдығы 5,1 мсек.
Шақпақ желі мен Арыстанды- Қарбас атақты желдер болып есептеледі.
Ылғалдылығына қарай облыс үш аймаққа Бөлінеді: өте құрғақты (0,1-
0,3), құрғақты таулы, биіктігі 1000 м (0,3-0,5) және таулы , биіктігі
1000 метрден жоғары (0,5 жоғары).

Оңтүстік Қазақстан орта Азиялық субтропикалық зонамен
шекаралас , күн горизонтта тұрғандықтан радияциялау балансы жақсы ,
солтүстік республикалармен салыстырғанда суық ауа массалары
оңтүстікке жылжыған сайын жылына бастайды. Сондықтан да бұл жерде
күшті аяздар сирек болады.
Ыстық климат Оңтүстік Қазақстанның жазықтарында құрғақ
болады. Бұл жағдай ауа температурасының ылғалдылығын анықтау
барысында солтүстіктен Оңтүстік Қазақстанға қарай өзгереді. Қыста
басқаша , Оңтүстік Қазақстанда ауаның ылғалдылығы солтүстікке
қарағанда жоғары. Бұл Оңтүстік Қазақстанның жылы қысымымен
анықталады. Бұл жерде ылғалдылық жаз айларында 1-8 төмендейді. Бұл
құрғақшылықпен және атмрсфералық құрғақ болуымен байланысты.
Оңтүстік Қазақстан облысы территориясына күн радиациясының
бөлінуі бұлтты күндерге байланысты, ал бұлтты күндер жылына 44-49
күнге созылады.[18].

Топырақ жамылғысы

Тегіс,сазды жазықтықтарда әртүрлі типтердегі сұр топырақтар тараған.
Топырақтың пайда болуы тау жыныстарының бөлшектеніп, қопсуынан
басталады. Топырақтың түзілуіне , оның қасиетіне түрлі факторлар
әсер етеді. Табиғатта жылу мен суықтық ылғал мен тірі жәндіктердің
әрекетінен үгілген тау жыныстарының үстіне өсімдіктер өсе бастады.
Күзге қарай қураған шөп, өсімдік, ағаш жапырақтары м шіріген бұтақтардан
топыраққа органикалық зат беріледі. Органикалық қалдық заттарды
бактериялар шірітіп, жаңа затқа-қара шірікке айналдырылды.
Топырақтардың ең құнарлысы ашық түсті сұр топырақ. Облыс
территориясы бойынша кәдімгі сұр топырақ, каштан, күлгін, қара сұр
топырақ , таулы және тау алды аудандарда шалғынды таулы ең құнарлы топ
кездесед [3].
Солтүстік шөлді аймақта (Бетпақ дала) негізінен қарашірігі 1% қоңыр
және сұр топырақты атырап болып келеді. Бұл жерлердің топырағы сұр,
қоңыр, қызыл шалғынды далалық болып келеді. Оңтүстік Қазақстанның шөл
және шөлейт зоналарында құмды және құмдақты топырақ таралған. Көп
жерлердің топырағы сортаң топырақ-Жер асты суларының минералды тұздары
жоғары көтерілуіне байланысты және су ресурстарын дұрыс пайдаланбау
себебінен топырақ құрамында тұзды аймақ пайда болады. Сырдария, Арыс,
Шу өзендерінің аңғарларында өзендердің су режимдерінің әсерінен
құрылған шалғынды –аллювиальды топырақтар таралған[15].

Батыс Тянь-Шань облыс территориясында топырақ биіктігі белдеулік
бойынша бөлінеді.
Тау алды және тау етегіндегі шөлейтті сұр қоңыр топырақ белдеуі.
Таудың құрғақ шалғынды қоңыр топырақ белдеуі.
Биік тауда альпілік және субальпілік тау шалғынды топырақ
белдеуі.
Оңтүстік Қазақстанның құрғақ аудандарында сортаңдар кездеседі.
Ең төменгі тік белдеуде Тянь-Шань жазықтық ашық қоңыр топырақ
таралған. Бұлар Қазақстан бойынша аз таралған. Бұл топырақта қара
шірік 0,7-1,5%. Қоңыр топырақ Қаратаудың етегінде ,Талас Алатауының
етегінде таралған.

4. Көксарай су реттегіші өсімдіктерінің түрлері мен қауымдастықтары

Су қоймалары өсімдіктеріне нағыз су өсімдіктері және
жағалаудағы гигрофильді шөптесін өсімдіктері жатады.
Көксарай су реттегіші және оның төңірегіндегі ұсақ су
қоймалары суландырушы каналдарды зерттеу нәтижесінде 33 түр өсімдік
түрі анықталды, олар 33 тұқымдасқа бөлінеді. Экологиялық топтар
бойынша төмендегіше бөлінеді: гигрофиттер 12, гидрофиттер 11,
гидатофиттер 9 .
Гигрофиттер су қоймалары жағалаулары және ылғалды мекен-
жайларға өсетін өсмдіктер ,гидрофиттер суға жартылай батып өсетін.
Гидатофиттер- Толығымен немесе негізгі бөліктері суға батып өсетін
өсімдіктер. Бұл топқа суда қалқып өсетін өсімдіктер және су бетіне
генеративті мүшелерін сақтайтын өсімдіктер де жатады.
Су реттегіш жағалауларында гигрофиттермен аралас мезофиттер
де кездеседі. Олар түие қамыс, шырмауық,мия. Бұлардан басқа
ксерофиттер де жиі (жусан,жантақ) кеждеседі.
Мезофиттер және ксерофит формаларының су реттегіші
жағалауларында кездесуі су деңгейінің тұрақсыздығымен түсіндіріледі.
Реттегіште жаз мезгілінде су азайып, деңгейі төмендеса ,көктем
мезгілінде су көбейіп су деңгейі көтеріледі. Жаз мезгілінде су
деңгейінің төмендеуі нәтижесінде су қойманың судан босаған
жағалауларына гигромезофильді өсімдіктер өсе бастайды.
Су реттегішінің алғашқы өсімдіктері : қамыс және қоға . Олар
негізінен Көксарай су реттегіші салынған ойпаттан пайда болған.
Тұқымдары жел арқылы таралатын анемохорлардың бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына кешенді географиялық сипаттама
Су кадастры
Санаториялық-курорттық емдеу
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Оңтүстік Қазақстан боллысының адвентивтік және синантроптық флорасы
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының топонимдер қалыптасуындағы рөлі
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағына
Ақмола болысының іргетасы
Пәндер