Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І бөлім. Мектепалды даярлықтың теориялық негіздері
1. 1 Қазіргі ғылыми- педагогикалық әдебиеттерде мектепалды даярлықтың
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 5
1. 2 Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

ІІ бөлім. Мектепалды даярлық топтарында математиканы оқытуды ұйымдастыру
2.1 Мектепалды даярлық таптарындағы оқушыларды қарапайым математикалық
түсініктермен таныстыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21 2. 2 Қарапайым
математикалық түсініктерді оқытудың әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..37
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38

Кіріспе

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау барысында
әрбір баланы мектептегі оқу мен қатынас ортасы өзгеру жағдайына еркін
араласатындай етіп дайындау- аса маңызды міндет. Болашақ бастауыш сынып
мұғалімі ретінде осы міндеттің орындалу барысын зерттеу, оны орындаудың
тиімді жолдарын іздестіру мақсатында мен Мектепалды даярлық топтарында
математиканы оқытуды ұйымдастыру тақырыбын курстық жұмыс ретінде таңдап
алдым.
Қазіргі мектептің бірінші сыныбына келген балалар ерік- жігері күшті,
еңбексүйгіш қасиеттері мол, жұмыс қабілеттері жоғары, арнайы білімдік және
икемділік сипаттары көзге түсерліктей болуы қажет.
Мектепке дайындық мәселесі Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
2030 жылға дейінгі Жолдауы тұрғасынан айрықша мәнге ие болады. Бұл
құжаттама білім беру ісі республика дамуындағы басым бағыттардың бірі
ретінде көрсетілгені белгілі. Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының
жаңа редакциясы мектепке дайындықты баланың жеке басын дамытуға,
денсаулығын нығайту және мектепке оқуға лайықты дайындалуына бағытталған
біртұтас білім беру жүйесінің бастапқы баспалдағы ретінде қарастырған.
Мектепке дейінгі білім беру саласының алғашқы сатысы мектепке дейінгі
ұйымдарда жүзеге асырылатыны бәрімізге мәлім. Алайда, материалдық базаға
сәйкес бөбектеріміз толық балабақшамен қамтылмайды. Сол себепті мектепке
дайындығы әртүрлі бүлдіршіндер келіп қадам басады. Бүлдіршіндердің
психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, білімділік, икемділік
дағдыларын 6- жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай етіп, білімнің
тұңғиық теңізіне қадам бастыру мектепалды даярлық топтарының оқытушыларына
жүктеліп отыр.
Нысана – Педагогика пәні.
Зерттеу нысаны – Мектепалды даярлық тобының теориялық негіздері және
мұғалім жұмысының мазмұны.
Зерттеу пәні – Мектепалды даярлық тобы.
Зерттеу мақсаты –Мектепалды даярлықтың теориялық негізін меңгере
отырып, мұғалім жұмысының мазмұнымен танысу. Мектепалды даярлық тобы мен
бастауыш буын арасында сабақтастықты ескеріп, оқушыларды оқу жұмысына
дайындаудың тиімді әдіс- тәсілдерін қарастыру.
Зерттеу міндеттері - Мектепке дайындықтың ерекшелігі бұл кезеңде
баланың адамгершілік қасиетерінің, білімділік дағдылары мен
икемділіктерінің негізгі қалыптасатындығында, білуге, үйренуге деген
құштарлықтарының жоғары дәрежеде болуында. Сондықтан балалардың білімдерін
жинақтау мен жүйелеу, балалардың айналадағы құбылыстар туралы негізгі
түсініктері мен қарапайым ұғымдарын қалыптастыру. Мектепке дайындық
барысында балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл- әрекеттерінің ықтиярлы
басқарылу қабілетін, ақыл- ой еңбегінің мақсаткерлік дағдысын
қалыптастыруға тиіс. Сөйтіп, бала мектепте оқудың жаңа жағдайларына еркін
ене алатындай дайындықтан өткізу.
Міндеті:
– Мектепалды даярлық тобының теориялық негізін меңгеру, жинақтау.
– Мектепке дейінгі тәрбие мұғалім жұмысының мазмұнымен танысу.
– Оқушыларды оқу жұмысына дайындаудың тиімді әдіс- тәсілдерін қарастыру.

Болжам – Мектепалды даярлық тобы мен бастауыш буын арасында
сабақтастықты ескеріп, бүлдіршіндерді оқу жұмысына дайындаудың әдіс-
тәсілдерін үйрену.
Методология - Мектепалды даярлық топтарының оқытушыларына қойылатын
талаптарды, мақсаттарды, жүктемелерді нақты таныстыра отырып, оны орындау
барысындағы тиімді жаңа педагогикалық технология-ларды оқушыларды дайындау
барысында қолдану тәсілдерін көрсету.
Сонымен, қорыта айтқанда мектепке дайындық баланың қоршаған ортамен
қарым- қатынас жасауына қажетті арнайы білімінің, икемділіктерінің
қалыптасуын қамтамасыз етуге тиіс.

І бөлім. Мектепалды даярлықтың теориялық негіздері
1. 1 Қазіргі ғылыми- педагогикалық әдебиеттерде мектепалды даярлықтың
мәселелері.
Болашақ ұрпақтың танымдық белсенділігін дамыту ақыл-ой
тәрбиесінің бір міндеті ретінде күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей
келеді. Ақыл-ой тәрбиесінің бұл аспектісі баланың ойлау операциясының,
танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. 6-7
жастағы баланы оқу - тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты рөлді ең
алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады.
Ғалымдар С. Л. Рубинштейн, Д. П. Годовикова, Т. А. Куликова, А. И.
Сорокинаның еңбектерінде 6-7 жастағы балалардың білуге құштарлығыньң,
танымдық қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, танымдық түрткісінің
дамуы танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған. А. Л. Усова
өзінің Балабақшадағы оқыту атты еңбегінде мектепке дейінгі балалардың оқу
әрекетіндегі танымдық белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген
теориясын басшылыққа алуды ұсынды.
Бұрынғы кездері- ақ А. П. Усова атаған үш деңгейді есепке ала отырып,
5-6 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы
педагогтардың үлесіне тиіп, ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты
болса, 1999 жылдан бастап ол жастағы балалар балабақша бөбектерінен бөлініп
мектептегі мектепалды даярлық тобының ұстаздарына жүктеліп отыр. Сондықтан
бүгінгі күні педагог- тәрбиеші мамандарына түпкілікті білім беруімен қатар,
кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық
біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде. Оның дәлелі
ретінде Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 22-бабында (1999),
Балаларды міндетті мектепалды дайындау тұжырымдамасында (2000) кадрларға
қойылатын талаптар атап көрсетілді.

• Балалардың мектепке дайындық ісін ұйымдастыруда дидактикалық жетекші
басты қағидалар басшылыққа алынады; бұл қағидалар 5-6 жасар
балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне
сәйкестендірілуге тиіс;

• Білім, икемділік және дағды мақсаттық нысана ретінде ғана емес, жеке
адамның толымды дамуының амалы ретінде қалыптастырылады;
• Тәрбиелеу мен оқытуда балалардың жасы мен даралық ерекшеліктерін
ұштастыра қарау қағидасы; бұл қағида балалардың қалыпты сезімталдық
күйлері мен толымды психикалық дамуларын қамтамасыз етеді;
• Мектепке дайындықтың мақсаты- баланың тән саулығы мен психикалық
саулығына, сезімталдық көңіл- күй дұрыстығына қамқорлық;
• Балалардың дербес, баланың даралық және бірлескен іс- әрекетін
тиімді үйлестіру қағидасы; баланың жуық арада дамуына көз жібере
отырып, балаға жекелей әсер ету мүмкіндігін жүзеге асыру;
• Баланың шаршауы мен жалығуын болдырмау үшін және оқытудың дамытқан
сипатын қамтамасыз ету мақсатында оған оңтайлы жүктеме ойластыру
қағидасы;
• Баланың мектепке дайындығы үлкендер мен бүлдіршіндердің өзара
бейімделген түсіністік қағидасы бойынша жүру керек;
• Мектепке дейінгі білімнің мазмұны Қазақстанның қоғамдық
дәстүрлерімен үйлеседі және жалпы адамзаттық (дүниежүзілік)
мәдениетке бағдарланады;
• Отбасы мен балабақша арасында сенімділік, іскерлік байланыс орнату,
ұстаздар мен ата- аналардың ынтымақтастығы; бұл қағида балаларды
оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіздігін, баланың мектепке лайықты
дайындығын қамтамасыз етеді;
• Балалардың мектепке дайындығы оқу- тәрбие ісін, мектепке барар
жастағы балаларға тән әрекеттерді (ойын, қолөнерге машықтану,
бейнелеу өнері, саз өнері, театрландырылған көріністер т.б) ширақ-
серпінділікпен ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;
• Баланың бейімділігін, қаблеттілігін, қызығушылығын ескере отырып,
оқыту ісін саралау қағидасы;
• Қазақстан Республикасының жалпы білімдік мектебінің оқу
бағдарламалары мен мектепке дайындық бағдарламасының сабақтастық
қағидасы.
Ең басты талап баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап,
дене физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну. Түсініп қана
қоймай жалпы мәдениетін және кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру
қажет. Ол үшін балаларды қабілеттері бойынша, олардың жеке ерекшеліктері
білімдерінің негізіндегі психологиялық дайындығы бойынша іріктей білу
керек. Психологтар Д. В. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. И.
Божович, Л. Л. Венгерлердің зерттеулері 5-6 жасар мектеп жасына дейінгі
балалардың басым көпшілігінің мектептегі жүйелі оқытуға жантанымдық
дайындығы жетіспеушілінің жиі кездесетінін көрсетті. Неміс, чех, болгар,
румын, француз авторларының мәліметі бойынша олардың саны 5% тен 33% -ке
дейін жетеді. Осынған орай мұғалімдер мен психологтар екі міндетті шешуі
тиіс. Біріншіден, оқуға психологиялық дайын балаларды анықтау, екіншіден,
тәрбиенің кемістігін жою мақсатымен белгілі параметр бойынша қажетті
психикалық даму қажеттілгінің жетіспеушілігі бойынша іріктеу.
Қазіргі уақытта мектепке дайындықты анықтау бағытындағы тест түрлері
өте көп, бірақ жантанымдық даму дәрежесінің диагностикасына бөгет болатын,
сәбилік шақ бойынша орташа есептеудің жетіспеушілігі ерекше сезіледі.
Берілген жұмыста, ғалымдардың пікірінше, 6- 7 жастағы балалардың
мектепке даярлық контесінің даму, дәрежесін экспрестік- зерттеу
әдістерінің неғұрлым тиімді түрлері келтірілген.
Әдіс Санк- Петербургте 500 балалармен жүргізіліп тексерілген.
Стандартталған әдістерде, психикалық дамуды бағалау 6- 7жастағы балалардың
жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, даярлық тобына топтау және іріктеу
әдіснамасы негізделеді.
Бұл әдіснаманы топтық, сондай- ақ жекелей тест өткізу үшін де
қолдануға болады. Тест тапсырмалардың бірнеше түрін атауға болады. Мысалы:
• Филипиндік тест. Н. И. Озерецкийдің ұсынған қарапайым тапсырмалары
кіреді. Бұл баланың қаншалықты қарапайым түсініктерді түсінетіндігін,
қабылдау дәрежесін тексеруге мүмкіндік береді.

• Ұсынылған әдіснама танымдық қабілеттер дамуының дәрежесі мен қол
буындары қимылдарының сәйкестігі анықталады. Ол үшін балаға екі шеті 1
мм арақашықтық түзуімен шектелген диаметрі 5 см дөңгелек қию
ұсынылады. Тапсырма орындауға 1 минут беріледі. (Солақай балалар бұл
тапсырманы сол қолымен орындайды. Бұл іс қағазында көрсетіледі.).
тапсырманы орындалуына байланысты дәрежелерін анықтайды. Бұл тест
Дөңгелекті қию деп аталады.

• Жыланша. Қимыл жылдамдығын және қол буындарының координациясының даму
дәрежесін анықтау. Тесттің шарты бойынша балаға, жыланша неғұрлым
көп нүктелер салып былғау (яғни дөңгелектер ішін нүктелеу).
Ерікті әрекет даму дәрежесін (өзінің әрекеттерін ырықты басқару
іскерлігі) және ырықты зейін диагностикасы үшін А. Вагнер мен
В. Холмовскаяның жасаған, Векслердің Шифровка тесті мен Өрнек
әдіснамасын қолдану ұсынылады.

• Зейіннің ырықтылығының даму дәрежесі мен қимылды көру координациясын
анықтау үшін жүргізілетін тест Шифровка деп аталады.
Зерттеулінушілерге қарындаш беріп: Бұнда қара. Сен жұлдыз, дөңгелек,
үшбұрыш т.б кескіндерді көріп тұрсың. Үлгіге қара. Дөңгелекте қандай
белгі салынған? (екі сызық). Бірінші дөңгелекті толтыр. Екінші кескін-
жұлдызшы. Үлгіге қара. Жұлдызшыда не бейнеленген? (таяқша). Жұлдызшыны
толтыр,- деп тапсырмалар беріледі. Орындалуға байланысгы балалардың
зейіндерінің ырықтылығының даму дәрежесін анықтайды.

• Лабиринт-1. Қолдың динамикалық даму дәрежесін анықтау.
Зерттелінушіге лабиринттің барлық иректерін, оның қабырғасына (шеткі
түзулер) тигізбей үздіксіз сызық жүргізу ұсынылады. Екі лабиринттің
сызықтарын үздіксіз жүргізуге 1 мин. 30 сек. беріледі.

Даму және мектептегі оқуға дайындау тесттерінің мазмұнына қысқаша
тоқтала кетсек:
Филипиндік тест, (морфологиялық дайындық).
Озерецкий шеңберін қию.
Озерецкий лабиринт (психомоторлық пісіп жетілу).
Озерецкий змейкасы
5. Шифровка (Векслердің тесті) ерікті қимылдардың даму
дәрежесі мен зейіннің ырықтылығы.
6. Өрнектер.
7. Жетіспейтін бөлшектер (зейіннің дамуының дәрежесі).
8. Лабиринт (Векслердің субтестері).
9. Төртінші артық (ойлаудың түрлері және интеллектуальды
ерекшеліктер).
Танграм №7 жэне №10
Интервью.
Сандар (есті зерттеудің көру тәсілдері)
Нүктелер
Сөздер ( есті зерттеудің есту әдістері)
Буындар.
16. Суретші (қиялдың ерекшеліктері).
17. Лесенка, Баспалдақ.
Міне, осы тест тапсырмаларын орындата отырып, олардың мінез- құлқын,
зейіннің ырықтылығын, қиялының дәрежесін, есту, көру, ойлау қабілеттерінің
дәрежесін, қимыл, іс- әрекеттерін, икемділіктерін зерттейді. Зерттеу
нәтижесін төмендегідей кестеге түсіреді.

№ Зерттеулерде
қолданлған А В С Д Е
тестер
1 Дөңгелекті қию Артта Тигізу Тигізу Шектен Талаптың
қалушылық жоқ бар шығу орындалмауы
2 Лабиринт 1- қатеге 2 қате 3-5 қате6-8 қате9- дан көп
дейін
3 Жыланша 34 ұпайдан 27- 33 18- 26 12- 17 11 ұпайға
жоғары ұпай ұпай ұпай дейін
4 Шифровка 24 ұпайдан 18- 23 12- 17 8- 11 7 ұпайға дейін
көп ұпай ұпай ұпай
5 1- өрнек қатесіз қатесіз 1-4 қате5-7 қате8 қатеден көп.
6 2- өрнек қатесіз қатесіз 1-2 қате3-4 қате8 қатеден көп

Зерттеу барысында кестеге түсіре отырып, мінез- құлқын, зейіннің
ырықтылығын, қиялының дәрежесін, есту, көру, ойлау қабілеттерінің
дәрежесін, қимыл, іс- әрекеттерін, икемділіктерін анықтап. Нәтижесін
шығарған соң, ақылдаса отырып топтауға мүмкіндік алады.
Зерттеулер баса назарын балалардың психологиялық дайындығына аудара
отырып, олардың дайындық деңгейлеріне қарай топтап бөлгенді жөн көреді.
Шынымен де, мектепалды даярлық тобының өзіне балалардың әртүрлі дайындық
деңгеймен келетінін байқаймыз. Мектепалды даярлық топтары мемлекет
тарапынан тегін білім алуды қамтамасыз етеді, ал мектепке дейінгі
балабақшалардағы дайындыққа келер болсақ, барлық балаларды балабақшамен
толықтай қамтылды деп те айта алмаймыз. Қазақстан мемлекетінің 2005- 2010
жылға арналған білім бағдарламасы үш жасқа толған балаларды балабақшамен
толық қамтуды жоспарлаған болатын. Алайда, материалдық базаға сәйкес бұл
жоспар дер кезіңде іске аспай жатыр. Міне, осыдан келіп мектепалды даярлық
тобына психологиялық болсын, білімділік жағынан болсын дайындықтары әртүрлі
балалар келіп түседі.
Міне, осы мәселелерді қарастыра, бір- бірімен тәжірибе алмастыра
отырып, балаларды мектепке дайындауды жетілдіру мақсатында халықаралық
конференциялар өтіп отырады. Сол конференциялардың бірі-2005 жылдың 14-16
кыркүйегі арасында Қостанай қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігінің
жоспары бойынша Мектепалды дайындыққа- 5 жыл: түйінді мэселелер және
болашағы атты халықаралық конференция.
Конференция жұмысына Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан
делегациясы, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ өкілдері, Step by step Республикалық білім
орталығының, Қазақ білім беру академиясының, Республикалық білім беру
жүйесіндегі жетекші және ғылыми- педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру институтының өкілдері қатысты. Конференция бағдарламасында Ресей,
Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан оқытушылары мен ғалымдары,
сонымен қатар, Қазақстанның барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларының
өкілдері Мектепке дейінгі баланың лайықты өмір бастамасын қамтамасыз ету
мәселері бойынша баяндамалар жасады. Мектепалды дайындығы тәжірибелерінен
материалдар жариялады. Республикадағы мектепалды балалардың білім деңгейін
көтеру мақсатында түрлі тақырыпта қызықты сұхбаттар өткен болатын.
Осы конференцияда мектепалды оқушылардың білім деңгейін көтеру
мақсатын алдыға қоя отырып, талаптарын ескеріп, оны жүзеге асыру үшін
физиологиялық даму жақтарын байланыстыра ең әуелі баланың дамуының
психологиялық ерекшеліктерін ескеруді қажет деп тапты. Себебі: мектеп
жасына дейінгі кезеңде бала ағзасының дамуы қарқынды түрде өтеді. Бала
организмінің жалпы өсуімен қатар жекеленген мүшелерінің анатомиялық түрде
дамуы, олардың функцияларының жетілуі де байқалады. Сондай- ақ баланың
бұлшық еттері әрі қарай қалыптасып, тыныс алу, қан айналу жүйелері дамып,
ми салмағы 1100- 1350- 1500 граммға дейін өседі. Үлкен ми сыңарларының
қабықтарының реттегіш ролі, ми қабығы астындағы орталықтардың бақылау ролі
артады. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, -2 сигнал жүйесі
қарқынды дамиды.
3 жастан 7 жасқа дейін көру, есту, тері- қимыл сезгіштігі едәуір
жоғарлайды. Көргіштігі артып, түстердің түрін ажыратулары жоғарылап,
фонематикалық және жоғары дыбыстарды естуі дамиды. Осыған сәйкес олардың
қабылдауында, олай болса ойлауында ерекшеліктер пайда болады. әрқайсысына
тоқтала кетсек:
Қабылдауы:
Қабылдаудың дамуы үшін сенсорлық эталондар жүйесін меңгерудің зор
ролін А. В. Запорожец және оның қызметкерлерінің еңбегі дәлелдеді.
Сенсорлық эталондарға - спектр түстері (7 негізгі түс), геометриялық
формалар (үшбұрыш, төртбұрыш), музыкалық дыбыстар (до, ре, ми), тіл
фонемалары жатады. Үшбұрыш- үй сияқты, дөңгелек- доп тәрізді, қызыл-шие.
Егер бүлармен арнайы таныстырмаса, баланың теңеулері де эртүрлі деңгейде
болады.
Қабылдаудың дамуына байланысты ойлау әрекеттері дамиды. Олардың
эстетикалық қабылдауы музыка, сурет салуға байланысты дамиды. Қабылдаудың
дамуына байланысты ойлау әрекеттері дамиды. Балалардың қабылдауы сәбилік
шақта ойлау заттық (құралдық) негізде болса, енді ол практиканы қолданбай
тұрып, ой елегінен өткізуге машықтанады.

Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы ойлаудың сөздік
формаларының дамуы сөз бен практикалық іс- әрекеттің өзіндік қатынасының
өзгертуінен туады. Егер де ерте сәби шақта іс- әрекет кезінде сөйлеу орын
алса, ал енді алдын- ала сөйлеуі қалыптасады. Алдымен, бала іс-әрекетін
сөйлеу арқылы жоспарлай алады, кейіннен істелетін жұмысты тек пікір айту
түрінде ауызша істей алуға келеді. Бұның өзі баланың логикалық (жүйелі)
ойлай алуына әкеледі. (Мысалы: суға салған әртүрлі заттардың қасиеттері
туралы) пікір айта алуы балада абстрактылы (жалпылама) ұғымдар қалыптасты
деген емес (ол әлі ерте), бұл жерде оның бейнелік жағы басым.
Бала қабылдауының ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. Біз сенсорлық
эталондар бала қабылдауын тәртіпке келтіріп, қабылдауға жеңілдік туғызады
дедік.
Мектеп жасына дейінгілер уақытты және кеңістікті қабылдауда көп
қиналады. Оң қол, Сол қол дегенді шатыстырады, фигуралардың суретін
салуда көлем, бұрыш, енінің өзара кеңістіктегі арақатынасын ажырту қиынға
түседі. Ал, уақыт жайында кеше, бүгін, ертең, арғы күні осыларды
шатыстырады. Мысалы, біз кеше барамыз деуі әбден ықтимал. Әсіресе
ертеңгісі, түс, кеш үғымдарын шатастырады.

Зейіннің тұрақтылығы
5-6 жастағы 30-40 мин, 6-7 жаста 1-1,5 сағат. Арнайы есте қалдыру аз.
Тек нақты бейнелерді, суретке түсіргендей есте сақтауы Эйдитикалық ес деп
аталады.
Қиялы.
Ойын, ертегі негізінде қалыптасады. Балалардың қиялы жан- жақты,
шашыраңқы болып келеді.
Жалпы педагогикалық- психологиялық зерттеулерге жүгінсек, баланың
мектепке дайындығы үш астардан тұрады: денелік, арнаулы және психологиялық.
Әрқайсысын саралап айтсақ, оқуға психологиялық дайындық- көп қисынды үғым.
Ол білім мен үйренудің тұтас, барлық негізгі құраушылары қатысатын құрал
ретінде қарастырылады. Баланың психикалық жетілуін, мектепте оқуға
дайындығын әуендік, еріктік интелектуалдық, әлеуметтік және сөздік
дайындығынан көруге болады. Әуендік дайындық жағымды эмоциялық
орнықтылықты, мектептегі сабақтарға оң қатынасты, оқушының ішкі тұрғысы
қалыптастыру, яғни баланың оқушының өзіне елестетуі, жаңа әлеуметтік жағдай
және онымен байланысты міндеттерді қабылдауы. Еріктік дайындық (өзін-өзі
қалыптастыру) - бұл баланың тыңдай білуі, түсінуі, ереже бойынша жұмыс
істеуі. Интеллектуалдық дайындық мектепке дейінгі баланың ойлауын дамыту
деңгейімен тікелей байланысты. Бастауыш мектепте жақсы оқуға негіз болатын
6-7 жасар бала мектепке барар алдында көрнекі- әрекеттік ойлау
қабілеттілігі құрылуы тиіс. Әрі қарай ол білім негізі болып қалыптасады.
Көрнекі - әрекеттік ойлау дәрежесі жоғары бала, көрнекі үлгімен жұмыс
істегенде, заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда қойылған міндеттерді
шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады. Ойлау дайындылығы
баланың жан- жақтылығымен нақты білім қорын ғана қарастырмайды, сонымен
қатар оқу әрекеттеріне тиімді танымдық қызметтерді құруды қамтиды. Мектепте
оқытуға әлеуметтік дайындық- бұл баланың ұйымда жұмыс істей білуі,
жолдастарымен араласуы, басқа балалардың ойымен санасуы.
Балалардың психологиялық, әлеуметтік дайындығы өздігінен біз
ойлағандай оңайлықпен нәтижелі болмайды. Себебі бала дамуының екінші шыңы
алты жастан басталатын көрінеді. Олай болса алты жасар бала- алғыр бала. Ол
шапшаң қабылдағыш, елгезек, зерек бала. Бірақ олардың есте сақтау қабілеті
төмен, сондықтан ұмытшақ келеді. Қабылданған информациясы зейіннің
тұрақсыздығынан тез өшіп қалады. Балаға берілетін информация олардың
талап- тілегін қанағаттандыратындай, ерекшеленген, іріктелген

болмаса, субьект тез жалығады да одан бас тартады.
Сондықтан берілетін түсінік, мағлұматтар олардың жас,
психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай мөлшерленіп, өлшемі дәл
анықталғаны абзал.
Информацияны жеткізушінің (мұғалім) тілі, үні балаға жағымды,
түсінікті болып, оның жанына, жүрегіне жол таба біліп, қабылдаушының жүйке
жүйесін шаршатпағаны жон. Информация қысқа әрі нұсқа, түйінді, балаға
қажетті болғанда ғана оны субъект бар жан - тәнімен сүйіп тыңдап,
қабылдайды. Алты жасар бала ойын баласы. Көпжылдық жүргізілген зерттеулер
барысында байқағанымыз: мектепке де, балабақшаға да қамтылмаған алты
жастағы ойын баласы тәулігіне 12 мың қадам жасайды екен. Ал эксприменттік
байқау кезінде әр баланың күніне қанша қадам жасайтынын өлшеп көргенде
(шагомер көмегімен) 10 мыңнан асыра алмапты. Бұл ең жоғары көрсеткіш. Сонда
тәулігіне ең кем дегенде 2 мың қадамға кететін қуат бала бойында сақталып
қалатын болса, оның арты не болмақ? - деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа
да зерттеу барысында ғалымдар тәжірибелі педагогтармен пікір алмаса отырып
шешімін тапқан болатын.
Д. Б. Элькониннің айтуынша бұрынғы кезде балалар тек 5-6 жасқа дейін
ойнап, кейін үлкендермен жұмысқа кірісіп, материалдық игілікті өндіруге
үлес қосқан. Қазіргі кезде балалар 15-16 жасқа дейін ойнайды. Себебі:
тұрмыстың нашар кезінде халық баласын көп еркелете алмаған, екіншіден
әлеумет қоғамы басқаша болды. Бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда дамып
жетілген елдердің бәрінде де бала 12- 13 жасынан әлі келетін еңбекке
жегілуі керек екендігі айқындалып отыр. Сол үшін ойын баласын 6 жастан
бастап мектепте оқыта отырып, ойлауын, өмірге деген жауапкершілігін,
қимылын, іс- әрекетін тәрбиелеу қажет.
Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым- қатынас арқылы
мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау
дайындығын дамытады.
6-7 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы
дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді. Баланың өзіндік
ішкі позициясы қалыптасып және екі қажеттілік арқылы сипатталады: танымдық
қажеттілігі; екіншісі белгілі бір әлеуметтік қатынасқа байланысты
қажеттілігі.
Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта оқытушымен,
ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай
жетістіктерге жету үшін оқытушы алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп
қарап, баланың мініез-қүлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным
үрдістерінің (түсінігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейіннің) дұрыс
бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әрі дамытып отыру керек. Сондықтан
осындай ерекшелігін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жүргізу қажет.

1. 2 Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері.
5- 6 кезеңді көптеген психологтар мектепке дайындық немесе
мектептегі оқуға жетілу деп қарастырады. А. Анастазидің (1982) ойынша
мектептегі оқуға жетілу баланың жеке басының қасиеттерімен қатар іскерлік,
дағды, білім, қабілет, мотивация дамуларымен тығыз байланысты. Атақты
балалар психологы И. Шванцер (1978) мектепке оқуға жетілуге ерекше мән
берген, оның ойынша бұл баланың мектептегі оқуға қатыса алуына мүмкіндік
алатын ерекше баспалдағы. Ал Л. И. Божович оқуға даярлық кезеңін бір-
бірімен тығыз байланысқан психикалық фуикциялардың байланысы негізінде
оқуға қажетті мүмкіндіктің тиімді деңгейі - деп қарастырған. Көптеген
зерттеуші мамандардың пікірінше (Н. Г. Веселов, Е. И. Рогов, В. Г.
Каменская, Н. В. Дубровинская, т.б) 6- 7 жасар балалардың мектептегі оқуға
даярлығы төмендегі үш асппектіге байланысты:
* Анатомиялық- физиологиялық;
Психикалық;
Арнаулы даярлық;
Анатомиялық- физиологиялық даярлық балалардың денсаулыгымен
байланысты: оның генотипі мен физиологиялық жетілуі, перинатальдық даму
кезеңінен туындаған себептері, әртүрлі созылмалы аурулары.
Психикалық даярлық- психикалық функциялары мен механизмдерінің:
• Интеллектуальды
• Жеке басының
• Эмоционалды- еріктік процестерінің деңгейлері.
Арнаулы даярлығы- баланың дербес ерекшеліктері негізінде оқуға қажетті
іскерлік пен дағдыларының қалыптасуы. Мысалы: арнаулы гимназияларда, немесе
кемістіктеріне байланысты. Баланың психикалық дамуына өз әсерін тигізетін,
әрекеттің бірі-психологиялық жаңа білім. Бұл процесс, даму кризисі
дағдарысы деп аталады. Даму дағдарысында балада мынадай өзгерістер
байқалады:
➢ баланың әрекеті өзгере бастайды;
➢ өзін- өзі әлсіз сезінеді:
➢ мінез тұрақсыздығы байқалады;
➢ эмоцияның басымдылығы.
Мектепалды даярлық тобына келген 5-6 жасар баланың дағдарысы күрделі
кезеңнен тұрады. Бұл адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі жаңа жағдай
болып табылады. Баланың бұл кезде бар өмірі өзгеріске түседі. Бұл қауырт
кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қоятыны
белгілі. Ол оқушының азын- аулақ алған білімі талаптарды орындауға
мүмкіншілік бермейді. Осыдан келеді де, оқушылардың мүмкіндіктерімен
мектептің қойылатын талаптары арасында қарама-қайшылықтар туады. Себебі оқу
басталғаннан жүктеменің көлемі өседі. Баланың өткен кезеңімен салыстырғанда
ұзақ уақыт қозғалмай іс- әрекет жасауы. Осы кезде балалар үшін көп уақыт
керек. Бұл ағзаның барлық жүйенің қатты жұмыс істеуін қажет ететін ұзақ
үрдіс. Баланың ағзасында жаңа тәртіптер мен іс- әрекеттерге үйрену
өзгерістер туғызады. Американдық психолог P. Бернстің айтуы бойынша-
қойылатын тәртіптер мен талаптар балалар үшін қаталдық пен ащы өмір болып
есептеледі екен. Бұл кездерде ата- аналардың қателіктерінен де олардың
психологиясының өзгеруіне әсер етеді. Кейбір ата- аналар баланың мектепке
барғанына баса назар аудармайды, ал кейбіреулері баланың күнделікті үй
тапсырмасын орындауын ғана қадағалайды. Тіпті болмай бара жатса, өздері
орындап та бере салады. Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған кішкентай
бүлдіршін күнделікті сабақтан бестік баға алып келіп жатса, ата- ана өз
жұмысының нәтижесін көргендей түсінеді. Ал, мектепке барған бала білімнің
маңызын, өз алдындағы жауапкершілікті түсініп оқып жүр ме, әлде баға үшін,
я болмаса марапаттау үшін бе оған мән бермейді. Оқушы мектепке қадам
жасаған сәттен бастап- ақ өз өміріндегі үлкен белесті, жауапкершілікті,
оның өмірде алатын орнын, өзін жеке тұлға ретінде сезіне алуы керек. Ол
үшін ата- ана баламен қарым- қатынас жасағанда оның көзқарасын сұрап,
баланың пікірін сыйлай білу керек. Бала өзін үлкен сезінсе, алдына қойған
міндеттерді де жауапкершілікпен орындайды. Талаптардың орындалу керек
екенін, жауапкершілікпен қарау керектігін түсінгенмен бала мектепке бірден
төселіп кете алмайды. Өйткені бала ойын әрекетінен оқу әрекетіне бет
бұрады. Көптеген зерттеушілер осы жастағы дағдарыста мынандай мәселерге
көңіл бөлген:
❖ Әрекеттің орындалуы. Бала әрекетіне ата- анасы немесе үлкендер
қарсы шығатынын түсіне бастайды. Тежелу процесі бала санасының
дамуына байланысты болады. Бұл кезеңде ата- ананың баласына деген
күтімі ерекше орынға ие. А. С. Выготскийдің айтуы бойынша тек ата-
ананың не жақын адамның көмегі, түсінігі, махаббаты, жылы сезімдері
арқылы ғана бала мұндай кризистен шыға алады. Э. Эриксонның айтуы
бойынша баланың дағдарыстан шығуы, оның қоршаған ортамен қарым-
қатынасына да байланысты.
❖ Ішкі жан дүниесінің қиындығы немесе шынайы сезімдерін білдірмеу.
Бұндай жағдайда баланың мен- концепциясының қалыптасып келе
жатқанын аңғарамыз. Осы кезден бастап бала қиялы мен фантазиясына,
ішкі сезімдеріне байланысты әрекеттерді өзі таңдай бастайды. Бірақ
әрекет үнемі нәтижелі бола бермейді. Бала әрекетін үлкендер
қолдамаса, бұл процесс балаға соққы беріп, бала өз менің қорғай
бастайды.
❖ Әлеуметтену. Конфликт кезінде бала озінің дұрыс емес екенін
түсінген жағдайда эмоциясын, көз- жасын басқа адамдарға көрсетпеуге
тырысады. ( Еске сала кетсек өз ренішімізді, әлсіздігімізді
көрсетпеу- бұл әрекеттің әлеуметтік детерминанты.). Әсіресе бұл
процесс ұл балаларға негізделген. Бұндай әрекетті бала ішінде сақтау
арқылы балада қозу процесі басым болып, әртүрлі сыртқы ықпалдарға
ашулы реакциямен жауап қайтаратын болады және баланың бойын үнемі
қорқыныш, үрей билеп үнемі мазасызданады.
7 жас дағдарысы баланың уайымдауы ғана емес оның әрекетіне байланысты
болады. 6- 7 жас аралығындағы балалардың әрекеті күрт өзгеріп, оларды
тәрбиелеу қиынға түседі. Психологтар мен ата- аналардың айтуы бойынша
балаларда агрессия пайда болып, кез- келген құбылысқа көз жасымен, ашумен
жауап қайтарады. Бұрын салмақты болған балалар ұстамсыз, дөрекі бола
бастайды. Қоршаған ортамен қарым- қатынасы өзгере түседі. Агрессиялық жауап
қайтару ішкі эмоционалды қажудың сыртқа шығуымен байланысты болады. Бұндай
агрессия бала бойын 6-7 жастан бастап, 8- 9 жасқа дейінгі кезеңдерді
билейді. Бала өскен сайын агрессия мөлшері де азая түседі.
Кей кезде бала тек қана агрессиямен шектелмейді. Мысалы: баласын
жазалаған ата- анасы бөлмеден шықпауға немесе белгілі бір әрекет түріне
тыйым салады. Бүған көнбеген бала бейсаналы түрде ата- анасына қырсығып,
ызаларына тиетіндей түсініксіз әрекет жасайды: қымбат заттарды шағып,
киімдерін жыртып, тыға бастайды. Өйткені ол қоршаған ортаның ішінде ерекше
көзге түскісі келеді. Мұндай жағдайлардан баланың жүйелік-психикалық
дамуында кемшіліктер туындайды.
6-11 жасарлық балалар психикалық және әлеуметтік дамуда ерекше орынға
ие. Біріншіден, оның әлеуметтік статусы өзгереді. Ол мектеп табалдырығын
аттап оқушы атанып, жаңа міндеттер пайда болады. Мектепке дейінгі баланың
басты әрекеті - ойын болса, ендігі уақытта ойын әрекеті күрделеніп оқу
әрекетіне айналады.
Екіншіден- баланың психикасында көптеген өзгерістер байқалады-баланың
ойлау процесі күрделеніп, логикалық ойлау туындайды. Ес процесінің
функциялары күрделене түседі. Сөйлеу әрекетінде сөздік қоры кеңейеді. Кез-
келген психикалық процестер өзгеріп күрделенеді.
Ж. Пиаже осы жас аралығындағы баланың даму деңгейін, белгілі заттарды
нақты талқылау (операция) кезеңі деп аталады. Пиаже бойынша-бұл уақыт ойлау
процесінің дамуының үшінші кезеңі.
7-12 жас аралығындағы балалардың есте сақтау қабілетінің өзіндік
ерекшеліктері бар: белгілі бір затпен теңеу арқылы жеңілдетіп есте
сақтайды, логикалық ойлау процесі жүзеге асырылады. Баланың даму деңгейіне
байланысты Ж. Пиаже ойлау процесінің үш негізгі ерекшеліктерін атап
көрсеткен:
консервациясы;
классификациясы;
сериациясы.
Логикалық ойлау процесінің қалыптасуы негізінде бала ересек адамдардың
ойлау процесімен теңеседі. Логикалық ойлау арқылы бала өзінің ісіне, өз-
өзіне баға бере алады.
6-11 жас аралығындағы сөйлеу процесі белсенді түрде жүзеге асырылады.
Баланың сөйлеу процесі мақсатқа негізделу арқылы атқарылады. 6- 11 жасар
балалардың сөйлеу процесінің ерекше түрі жазбаша сөйлеу. Жазбаша және
ауызша сөйлеу процесінің арасында өте күрделі, үздіксіз байланыс бар.
Жазбаша сөйлеу- адамға түсіну үшін қолайлы. Мысалы: егер де адам бір
мағлұматты түсінбей қалса ол жазбаға қарап қайта- қайта қарау арқылы
түсінеді. Ал сөйлеу негізінде адам сөзін қайта- қайта қайталай бермейді.
Жазбаша сөйлеу- сөйлеу процесінің ішіндегі ең күрделі түрі. 6- 11 жасар
балаларда жазбаша сөйлеу процесінің қалыптасуына тек қана сөйлеу ғана емес
сонымен қатар қиял, ес, зейін, танымдық процестер әсерін тигізеді.
6-7 жастағы балаға тән белгі: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала
мектеп оқушысына айналады. Бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық
шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл
белгілер оның мінез- құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты
үйлесім түрінде қатар жүреді. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің
негіздері тап осы кіші мектеп жасында қалыптасады.
Алты жастан бастап балада ағзалық, психикалық ерекшеліктерінде
өзгерістер басталады. Алты- жеті жасар балалардың қабілеті ұйымдасқан және
жүйелі түрде дамиды. Алты- жеті жастағы балалардың когнитивті процестерінің
мүмкіндіктері де артады. Алты жастағы балалар үшін үйде немесе мектепте
ұйымдастырылатын сурет салу, саз балшықтан әр түрлі заттардың кескінін
жасау, тақпақ үйрету тағы басқа осы сияқты жұмыстар балалардың таным
қабілеттерін дамыта түседі. Мектептегі жүйелі оқытуға көшу, баланың
қоршаған ортадағы бағдарын өзгертеді. Осы кезең балаға адам әрекетінің жаңа
сферасында, яғни оқу кезінде жетістіктерге жетуге көмектеседі.
Сонымен, 6-7 жасар кезең- бала өміріндегі ерекше өзгеріссіз өтпейтін
дағдарыс кезеңі. Мінез- құлықтарындағы, сана- сезімдеріндегі күрделі
өзгерістерді ескере отырып, дұрыс ұйымдастырылған психологиялық-
педагогикалық ықпалдар арқылы 6- 7 жасар балалардың когнитивтілігі мен
креативтілігін қалыптастыруға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясы көбінесе, бала
әрекетінің негізгі мазмұны - ойынға байланысты болады. Ойын арқылы бала
өзін қоршаған дүниемен қарым-қатынас жасайды. Ойынның мазмұны баланың
тікелей байқағанын , болмаса үлкендердің және ересек балалардың
әңгімелерінде естігенін немесе үлкендердің қызметін қайта жаңғыртумен
байланысты болады.
Алты жастағы балалар үшін үйде немесе балалар бақшасында
ұйымдастырылатын сурет салу, саз балшықтан әртүрлі заттардың кескінін
жасау, тақпақ үйрету тағы басқа осы сияқты жұмыстар балалардың эстетикалық
сезімін оятумен бірге, оларды біліммен және іскерлікпен байыта түсетін
болады. Мектепке бару бала өміріндегі шешуші кезең, өмір мен іс-әрекеттің
жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-
қатынастарға көшу болып табылады.
Оқушы орнының өзгеше ерекшелігі оның оқуының міндеті, қоғамдық мәні
бар іс - әрекет екендігінде. Оқу үшін бала мұғалімнің, мектептің, үй ішінің
алдында жауап береді. Оқушының өмірі мектеп балаларының бәріне бірдей және
қатал ережелер жүйесіне бағындырылады. Оқудың негізгі мазмұны барлық
балаларға ортақ білімдерді меңгеру болып табылады.
Оқушы мен мұғалім арасында қарым - қатынастардың мүлде ерекше типі
қалыптасады. Мұғалім баланың жақтыратын не жақтырмайтын үлкен адамдарының
бірі емес, ол балаға қоғамдық талаптар қоятын нақтылы адам болып табылады.
Сабақта алынатын баға - баланың жеке өзімен қарым-қатынас емес, оның
білімдерінің, оның оқу міндеттерін орындаудың нақты өлшемі. Жаман бағаны
тіл алумен де, өкінумен де түзеп болмайды.
Мектеп баласына оқу іскерлігін қалыптастыратын қасиеттер комплексі өте
қажет. Бұларға оқу міндеттерінің мәнін, оның өмірде кездесетін міндеттерден
айырмашылығын түсіне білу, іс- әрекеттерді орындау тәсілдерін ұғыну, өзін-
өзі бақылау мен өзіндік бағалаудың дағдылары кіреді.
Осындай жұмыс формаларының бәрі де алты жастағы баланың қабілеті мен
кейбір ерік күштерін тудырады.
Педагогикалық әсер ету үлкендерге еліктеймен бірге жеке әдетті де,
әлеуметтік сипатты әдетті де қалыптастыруға көмектеседі. Алты жастағы
балалардың өздерінің жолдастарымен қарым- қатынасын, сөйлеген сөздерін
талдағанда үлкендермен сөйлескен сияқты, олардың олардың өздерімен сөйлесіп
байқағанда алты жастағы балаларда сапалықтың алғашқы формалары барлығын
байқауға болады. Олар өздерінің әрекеттеріне сол сияқты өздерінің
айналасындағылардың қылықтарына да баға беретін болады.
Баланың ойы, ойлауы, сөйлеуі, бақылауы- олар мектеп жасына дейінгі
балаларға ең керегі. Оларды дамытып отыру керек, бірақ олардың жиынтығы
баланы жеке тұлға ретінде көрсете алмайды
Оқыту тек дамудың алдында ғана жүреді. Сонда ол тақаудағы даму
өрісіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психолог-педагог ғалымдардың балаларды мектепке дайындау туралы көзқарастары
Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын оқыту үдерісінде қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері
Жаңа тұрпатты мұғалімнің біліктілік сипаты педагогикалық мамандықтар бойынша МЖМББС-ның мазмұндық негізі
Арнайы білім берудегі қазіргі арнайы құралдар
Мектепке оқуға дайындықтың психологиялық негізі
1- сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау ата - аналар үшін ақысыз
Дене әрекеті дамуының алғы шартының деңгейі
Әскери педагогика құрылымы
Пәндер