Әйелдермен жасалған қылмыстарды тергеу кезінде бөлек тергеу әрекеттерін жүргізудің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ЗАҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қылмыстық іс жүргізу және
криминалистика кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы Әйелдермен жасалған қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасының

Ғылыми жетекші: з.ғ.к.,
доцент Тұрашев Е.Н.

Студент:
Алайдарова А.С.

Қорғауға жіберілді

“___” _______________2008 жыл
э.ғ.к.,__________________.
________ қолы

аСТАНА
ЖОСПАР

Кіріспе
1-тарау. Әйелдермен жасалған қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасының негізгі элементтері.

1.1. Криминалистік зерттеудің объектісі ретінде әйел тұлғасының
психологиялық ерекшеліктері
1.2 Әйелдермен жасалатын қылмыстарды жасалу және ашу тәсілдері

2-тарау. Әйелдермен жасалған қылмыстарды тергеу кезінде бөлек тергеу
әрекеттерін жүргізудің ерекшеліктері

2.1 Қылмысты жасауда айыпталушы (кінәланушы) әйелден жауап алу
тактикасының ерекшеліктері
2.2. Қылмыс жасағандығы бойынша әйелді айыптау (күдіктену) кезінде тінту
тактикасының ерекшеліктері
2.3 Қылмыстық іске тартылған әйелдің қатысуымен тергеу әрекетін жүргізудің
тактикалық ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қылмыс қазіргі мемлекеттердің өзекті мәселесі болып табылатын қиын
әлеуметтік құбылыс. Жиырмасыншы ғасырға дейін әйел қылмысы ерекше көңілді
талап еткен емес, себебі әйелдер қылмысты аз жасайтын еді. Әйелдің
қылмыстылығы бөлек түсінік ретінде 20 -ғасырдың басында пайда болды. Оған
қарамастан сол уақытта сол секілді, қазірдің өзінде қылмыстылық барлық
мемлекеттерде жыныстық жатқызылуына қарамастан қарастырылуда, алайда
тергеу және соттық тәжірибе көрсеткендей әйелдің қылмыстылығының өзінде
ерекше қасиеттері бар бөлек жүйе болып табылады.
Әйел қылмысының ерлер қылмысының деңгейінен 5-7 есе төмендігіне
қарамастан, соңғы 5 жылда өзгерістер байқалуда, қылмыс жасаушы әйелдердің
саны 2 есе өсті, онымен қатар ерлер жасаған қылмыс 1,7 есеге өсті. Әйелдер
арасындағы қылмыстың сипаты да өзгерген. Егер бұрын әйелдер қылмысының
зорлық сипатындағы қылмыстар аз болған болса, онда 1999 жыл мен 2003 жыл
аралығындағы кеезеңде анықталған ауыр қылмыстар, әйелдермен жасалған
қылмыстар 3 еседен астамға өсті [1]. Әйел қылмысының мәселесі біздің
республикада да өзекті болып табылады.
Әйелдің қылмысы ерлердің қылмысынан пайдакүнемдік және зорлық, сондай-
ақ өзге қылмыстармен қатынасымен ерекшелінеді. Нақты, тек әйелге тән кіші
орта немесе белгілі бір кезеңдегі жағдайдың әсерінен туындаған әрекеттің
стеоретипі көрінетін қылмыстар байқалады. Тергеу тәжірибесі көрсеткендей
қылмыстар жасау кезінде, сондай- ақ оны тергеу кезінде әйел әрекетінің
ерекшелігін қалыптастыруға оны тергеу үрдісінде әйел мен еркек арасында
тек психоолгиялық және физиологиялық айырмашылық ғана емес, сондай-ақ
әйелдің қоғамдағы әлеуметтік ролі, жанұяда қалыптасқан қатынас, қоршаған
ортамен оның өзара қатынасының ерекшелігі, биологиялық факторлар және
басқалары әсер етеді.
Арнайы әдебиеттерді және тергеу тәжірибесін зерттеу алдын ала
тергеудің объективті жағдайының әсерінен айыпты (күдікті) тұлғасының
эмоционалдық және зияткерлік шегінде өзгерістер болады деген қорытынды
шығаруға болады.
Кейбірінде ой қызметі күшейеді, кейбірінде осы қызмет төмендеп,
эмоционалдық әсер етуі жоғарылайды. Күмәнсіз, әйелдермен жасалған
қылмыстарды зерттеу кезінде бөлек тергеу әрекеттерін жүргізу барысында осы
өзгерістерді және мүмкін басқа реакцияларды ескеру қажет.
Қылмысты сәтті тергеу үшін маңызды орынды кез-келген тергеу
әрекеттері алады, мысалы, сұрау, іздеу, өзінің сипаты бойынша қиын, көп
жоспарлы әрекет, өзіне іс-жүргізушілік, криминалистикалық, психологиялық,
ұйымдастырушылық және этикалық аспектілерді қосатын тергеу эксперименті.
Онымен қатар, жиі жоғарыда аталған тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде
жынысы, ерлерге тән әрекет қасиеті сияқты осындай фундаменталдық, био
әлеуметтік қасиетін адамның дұрыс бағаламағандықтан, әмбебап секілді
қабылданады, ол өз кезегінде әйелдермен жасалған қылмыстарды тергеудің
сапасына әсер етеді. Қарастырылып жатқан категорияны бөлек тергеу
әрекеттерін жүргізудің ерекшелігі дипломдық жұмыстың тақырыбының
өзектілігін негіздейді.
Осы жұмыстың мақсаты қылмыстың тұлғасы және жасау тәсілі және
қылмысты жасыру секілді кримиалистік сипаттамасының элементтерін ескеріп
бөлек тергеу әрекеттерін жүргізудің ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Осы жұмыстың маңыздылығы қылмысты ашу және тергеу әдістерін жетілдіруге,
қылмыстылықпен күрестің тиімділігін жоғарылатуға бағытталғандығымен
анықталады.
Жұмыстың теориялық және методологиялық негіздері болып мынадай
ғалымдардың: Т.В. Аверьянованың, А.Г. Абуова, Р.С. Белкина, А.И. Винберг,
Л.В. Виницкого, А.И. Возгрина, В.И. Громова, Гинзбург, Л.Я. Драпкинаның,
А.В. Дулованың, Доспулова, А.М. Кустова, С.Е. Еркенова, А.М. Строгович,
Н.П. Яблокова және басқалардың еңбектері табылды.
Дипломдық жұмыстың эмперикалық базасы болып Қазақстан Республикасының
бас прокурорымен ұсынылған 2005-2007 жылдарға арналған қылмыстарды тергеу
нәтижесі бойынша статистикалық деректердің нәтижелері табылды.
Жұмыста бар теориялық ережелер әйелдермен жасалған қылмыстарды ашу
және тергеу бойынша тергеуші жұмысының тиімділігін жоғарылату бойынша
тәжірибелік шаралар жасау мақсатында сұрау, іздеу немесе тергеу
эксперименті секілді бөлек тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасы туралы
білімдерді пайдалану негізінде қолдануға болады.

1 Тарау. Әйелдермен жасалған қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасының негізгі элементтері.
1.1. Криминалистік зерттеудің объектісі ретінде әйел тұлғасының
психологиялық ерекшеліктері
Әйелдермен жасалған қылмыстарды тергеу, егер оны жүргізу кезінде
қылмыскер-әйелдер тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін ескерген жағдайда
тиімді болар еді. Осы ерекшеліктер дайындау, жасау және олармен жасалған
қылмыстарды жасалу барысына әсер етеді және тиісінше бөлек тергеу
әрекеттерінің тактикасының ерекшелігін анықтайды. Осы ерекшеліктерді есепке
алудың қажеттілігі туралы арнайы әдебиеттерде бірнеше мәрте көрсетілген
болатын. Жекелегенде, айыптаушы тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін
зерттеу қажеттілігіне көңілді көрнекті орыс юристі Л.Ф. Кони аударады:
Сотта оны зерттеу (мұнда – айыпталушы) егер оларға оның қылмыстық
әрекетінің қозғалтқыш ниеттенуіне алып келетін немесе керісінше оның
әрекеттері тікелей қарсылықта болатын айпталушының қасиеттері
түсіндірілетін болса әділ сот үшін қажет.
Әйел қылмыстылы феноменін жүйелендіру бойынша талпыныс ХIХ ғасырдың
аяғында жүргізілген болатын. Цезаре Ломброзо өзінің әйел қылмыскер және
жезөкше атты жұмысында ол қылмыскерлердің бірнеше типін анықтады: бір-
бірінен тұлғаның ерекшеліктерімен ерекшелінетін туылғаннан, кездейсоқ,
құмарлық бойынша қылмыскерлер, өзін-өзі өлтірушілер. Қылмыскер-әйелдердің
аталған типтердің әрбірінің стпаттамасында мынадай белгілерін бөліп
көрсетті:
- қылмыс жасаушылардың антропологиясы мен психологиясы арасында
толық ұқсастық бар;
- қылмыстың көптігі. Туылған қылмыскерлердің көбісі қылмыстың бір
емес, ал бірнеше категориясын жасаумен ерекшеленеді, ал олардың
кейбіреуі қылмыстың екі типін орындаушы болып табылады, ал
қылмыскер-ерлерде әрекеттері бірін- бірі өзара жоққа шығарады,
мысалы, бару және өлтіру;
- қатаңдық. Туылғаннан қылмыскер әйелдер, ерлерге қарағанда қатаң;
- сезімділік және мінезінде ерлердің сипаттарының болуы.
Қылмыскерлердің барлық қылмыстарына міндетті түрде жезөкшелік
қосылады.
- Аффект және аналық махаббат, ол бірге қатысушылар ретінде
балаларына қылмыс жасатуы растайды;
- Дамудың соңғы шетіне дейін жетіп және кішкене ашуға тиісті емес
күшті реакциясының болуы табылады.
- Себеп табу мүмкін емес қоршаған ортаға қатысты көрінетін жек
көрушілік;
- Мұндай әйелдер үшін олардың күшті жыныстық сезіміне қарамастан
махаббат қылмыстың мотиві болып аз кездеседі. Махаббат, жек көру
сяқты өздерін жақсы көрудің тоймас нысаны болып табылады.
- Байу мақсатында көрінетін аш көзділік пен сараңдық өте жиі
қылмыстың себебі болып табылады.
- Киімдер мен әшекейлерге машықтық;
- Тумысынан қылмыскерлерге діншілдік жиі кездесетін құбылыс;
- Қарама-қайшылық. Асқан ізгілік тасқынын жиі байқауға болады, ол
әдеттегі өшіктігі мен қатыгездігімен тез қарама-қайшылықты
құрайды.
- Қылмыскерлерде сезімдікке берушілік тәтті – жалған түрде көрінеді;
- Ақыл. Мұнда тербелістер байқалады: біреулерінде – зияткерлік
мүмкіндіктер жоғары, басқаларында – оларға қарағанда орташа.
- Азғырушылық. Өте жиі өздері қылмыстық ниеттің орындаушысы болып
табылмайды, мысалы дене күшінің жеткіліксіздігінен;
- Қылмыскерлердің мінезіндегі ерекшелігі болып қасарысулығы
табылады, онымен олар анық сенімді дәлелдердің болғанына
қарамастан өздерінің кәніларын жоққа шығарады;
Өздерін әшкерелеу. Қылмыскерлерде өздерінің кәнісін қасарысып жоққа
шығарғанмен қатар, әйел мінезінде жиі кездесетін қарама-қайшылықтың
арқасында аяқ асты ерікті өздерін әшкерелеу тілегі пайда болады.
Кездейсоқ қылмыскерлер тумысынан қылмыскерлерге қарағанда үлкен топты
құрайды және мынадай ерекше белгілермен сипатталады:
- дене белгілері. Қандай да бір дегенеративтік белгілердің жоқ
болуы;
- мінез сапасы. Олар өкіну сезіміне беріледі және жақсылық жолына
қайтып және қылмысты жиі қайталайды;
- сендіру. Өте жиі әйелдер ашынасының немесе қандай да бір қоршаған
адамдардың немесе туыстар тарапынан сендіру арқасында жасайды;
- білім. Білімі бола тұра, бірақ өмірін жетістікте қамтамасыз етуде
мамандығы бойынша сәттілікке жетпегендіктен олар қылмысқа барады;
- еліктіру мен азғыру. Еліктірудің нәтижесінде басқа меншікті
қылмыстар табылады;
- Бала кезінде күтімсіз қалдырылуы;
- Жаман қатынас. Жиі зорлау қылмыстарға әйелдер жасайтын және бір
бірімен- қатынастағы зорлаулар әкеледі;
- Ішімдік ішу.
Кездейсоқ қылмыскерлер үш категорияға бөлінеді. Біріншісі, қалыпты
әйелдерге қарағанда, қылмысқа бейімделген. Бірінші категорияға сендірудің
астында қоршаған адамдардың денсаулығына және өміріне қарсы қылмыскерлер
жатады, екінші категорияға – басқа меншіктің құқықтарын бұзатын әйелдер
жатады.
Құмарлық бойынша қылмыскерлер тумысынан, не кездейсоқ қылмыскерлерге
де ұқсайды. Олар мынадай белгілермен сипатталады:
- артықшылығы жасының жас болуы;
- азғындау белгілері әдетте жоқ;
- көбісіне еркек мінезінің белгілері байқалады;
- Альтруистік сезім мен құмарлық. Оларда жақсы әсерлер басым және
әрқашанда туысқа деген махаббатты сезінеді;
- құмарлық қылмыстың себебі секілді. Қылмысқа әкелетін ең күшті
құмарлық махаббат құмарлығы табылады;
- аналық және жанұялық махаббат аз болса да, бірақ та қылмыстың
себептері болып табылады;
- Киімдерге және әшекейге деген құмарлық;
- Құмарлық бойынша өзін ойлаушылық қылмыстар аяқ асты құмарлық
жарылысының әсерінен емес, ал әйел импульсінің бастауының қалыпты
әсерінен жасалады. Олардың қылмыстары әр түрлі аурулармен,
бақытсыздықтармен және басқалармен туындаған қызғаншақ сезімінің
қалыпты өсудің жемісі болып табылады.
Соңында, өзін-өзі өлтірушілер мынадай белгілермен сипатталады:
- дене қиналысының нәтижесінде өзін-өзі өлтіру;
- кедейлік;
- махаббат;
- екі және көп өзін-өзі өлтірулер;
- жан ауруының нәтижесінде өзін-өзі өлтіру.
Барлық аталған белгілерден Ч. Ломброзоның тұжырымдамасына бөлген
дұрыс деп санаймыз: Қылмыскердің антропологиясы мен психологиясының
арасында толық ұқсастық бар, Осы тұжырымдаманың мәні мынаған келтірілді:
антропологиялық бағыт әйелдер қылмыс жасауға бейім, туылғаннан бар
физиологиялық және психологиялық ауытқулардың күшінен қылмыстық қызметке
биологиялық бейім. Осындай көзқарас әйел қылмыстылығының себебіне
антропология саласының бірқатар мамандары бірнеше мәрте айтқан болатын.
Жекелегенде, П.Ы. Тарновская – антропология мектебінің өкілдерінің бірі
қылмыскердің-әйелдің антропологиялық зерттеуге алды және әйелдердің
қылмыстылығының себептерін және олардың қылмыс жасауға деген
психофизиологиялық бейімделгіштігін негіздеді.
Л.Л. Меликишвилидің пікірі қызық. Психолого-мотивациялық
бағыттылығынан әйел қылмыстылығының ерекшелігіне мәнді түрде жауап беретін
тұлғалардың типтерін бөлді: қорғанатын, нығайту, кекшіл және бағынышты.
Ескере кететіні, кейбір типтер заңды әдебиетте қарастырылып, бірақ
қылмыскер-әйелдерге қатысты жеткілікті түрде қолданылған жоқ.
Қылмыскер-әйелдердің типтерін анықтаған соң Л.Л. Меликишвили әрбіріне
сипаттама берді:
Қорғанатын түр. Мұндай тұлғалар тұрақты мазасыздық жағдайында жүреді,
ол қоршаған адамдарға қатысты жау және сенімсіз қатысқа әсер етеді, ол өз
кезегінде басқалардан алшақтауға деген тілекке алып келеді.
Осындай әйелдердің өмірлік қағидасы болып затын өзінің менін,
өзінің әлеуметтік және биологиялық мәртебесін қоршаған адамдар тарапынан
болуы мүмкін (көптеген жағдайларда қияли) агрессиясынан қорғау табылады.
Әдебиетте осындай әйелдермен жасалған қылмыстар қандай да бір
рационалдық мақсаттарға жетудің құралы болып табылмайды, қоршаған ортаның
мүдделеріне қарсы өзінің Менін көрсетуге талаптануын көздейді. Бірақ
автордың ойы бойынша осындай тип әйелдері үшін қылмыс жасау бір жағдайда
құрал болса, бірде мақсат болып табылады. Барлығы еріктің күшінен,
қалаудан осы талапқа деген қатынасына байланысты. Бірақ нақ осы зорлық
қылмыстар осындай типтегі әйелдермен жасалған, өзінің авторитетін,
басшылығын, өзінің көзқарасын нығайтқысы келетін қылмыскердің күшін емес,
оның әлсіздігін көрсетеді. Кей жағдайлара арасындағы қатынасты орнатуда
не дамытуда сәтсіздікке ұшыраған тұлға ашыну жағдайында қылмыс жасайды.
Аралас типтегі қылмыскерлер жеке ұстамына деген мінез-құлық бағытын
анықтайтын жеке ішкі құндылықтар сызбасының барлығымен сипатталады. Осы
әйелдер жағымсыз қайғыруға көңілді қойуға бейім; олар есепте сақ, айқын,
келтірілген ренжісті ұзаққа дейін есте сақтайды, ойластырғанды орындауға
ұзақ уақыт дайындалып және ыңғайлы сәтті күтуі мүмкін. Жиі қылмыс
жасағанда қаттылықты көрсетеді. Осы типтің өкілі қылмыс жасаған кезде
құқыққа қарсы әрекеттің мәнін жеткілікті түсінеді, әдетте құрбанды жоюға
немесе тек дене түрінде емес, сондақ-ақ психологиялық сипатта оның
мәртебесін тез түсіруге әрекет жасайды. Кекшіл әрекеті, күшін көрсетуге
тырысу ( жиі қияли) негізгі және басты қағидалар болып табылады. Тұлғаның
ішкі, жиі тұлғаның сипаттары деп аталатын дүниесі оның психологиялық
қасиеттері мен ерекшеліктері табылады. Психологиялық өзара байланысы кіші
құрылымдар бір уақытта тұлғаның деңгейлері болып табылады: бірінші -
биологиялық шартталған кіші құрылым (нерв жүйесінің табиғи қасиеттері жасқа
байланысты, жыныстық, кейбір психиканың потологиялық және патология
алдындағы қасиеттері, (темперамент); екінші деңгей – тұлғаның нақ
қасиеттері болған оған ерекшелік беретін бөлек психологиялық үрдестердің
барлық жеке қасиеттері (жадындама, эмоцияны, сезінгіштігі, ойлау,
қабылдау, сезіну және ерік көріністерінің жекелігі); үшінші - тұлғамен
алынған білімдер, үйреністер, әдеттер, дағдылар (осынынң барлығы алдыңғы
кіші құрылымдардың элменттеріне негізделеді) кіретін әлеуметтік тәжірибе;
төртінші деңгей - әлеуметтік-психологиялық талдау тұрғысынан бағаланатын
тұлғаның бағыттылығы (бүтіндей алғанда бағыттылық, құштарлық, тілеу,
қызығушылық, идеалдар, жеке өмір танымы мен өмір түсінігі бағыттылықтың
жоғары нысаны (сенім). Сонымен бүтіндей адам – тұлға зерттеледі.
Теорияда әйел қылмыстылығының ір түрлі түсіндірмелері кездеседі.
Оларды әйел қылмыстылығының ерекшелігіне әсер ететін басты үш топқа
біріктіруге болады: биологиялық (немесе психофизиологиялық), әлеуметтік
және мінез-құлықтылық (немесе психологиялық).
Алайда әйел мен еркектің мінез-құлықтық қалыптасуы шартында,
тұрмыстағы және өндірістегі олардың орнын, олардың талаптарының
сипаттамаларындағы, орнатылымдарында және бағытының құндылықтарын, олардың
мотивацияларында және мақсаттарында, қоршаған кіші ортамен қарым-
қатынасындағы ерекшеліктерінде белгілі айырмашылықтарды ұмытпаған дұрыс.
Әрбір әйел үшін оның әрекетін анықтайтын екі маңызды сәт бар- бұл
қоғамдағы әлеуметтік ролінен басқа, жанұйялық қатынасы.
Осыған орай қылмысты таза тұрмыстық жанжал негізінде жасайды, себебі
қылмыстың себебін қалыптастыруда жиі әсер ететін оларға жоғары
эмоцианалдылық, әсерленгіштік тән. Сондықтан, қарастырылып жатқан
қылмыстың себептері эмоцианалдық бояуда болады, ол агрессияда,
импульсивтілікті, жарылғыштылықта болады. Сонымен әйелдердің
психофизиологиялық ерекшеліктері қылмыстық ниетті іске асыруға
көмектесетін қандай да бір түрде ішкі шарты болуы мүмкін.

1.2 Әйелдермен жасалатын қылмыстарды жасалу және ашу тәсілдері
Қылмыстық қызметтің құрылымында дайындалу, жасау және жасыру бойынша
әрекеттері бөледі. Криминалистік зерттеудің объектісі бола отыра осы
әрекеттер оны жасау нүктесінен қарастырылып, осы белгісі бойынша жүйеге
немесе егер, қылмыстың жасалу тәсілі мен жасыру тәсілі бөлек қарастырылған
жағдайда екі жүйеге біріктіріледі. Қылмысты жасау тәсілі мен қылмысты
жасыру тәсілін В.П. Колмаков біріншінің мазмұнында қылмыстық нәтижеге
бағытталған әрекеттік және әрекетсіздікті ғана қоспай, сондай-ақ қылмыс
жасалған көмекші материалдық заттарды (құрал), қылмыс орнына ену үшін
олармен қолданылған айлалар, қылмыскер үшін ыңғайлы сыртқы шарттарды да
қосты. Қылмысты жасыру тәсілі жасалған фактіні бүркеуге және осы қылмыстың
ізін жоюға бағытталған қылмыскердің әрекеттері ретінде қарастырылады.
Б.Н. Коврижных өз кезегінде қылмыстың жасыру тәсілінен бөлек оны
жасыру тәсілінің бөлектігінің бар екендігін таныған болатын, бірақ
біріншісін де екіншісін де қылмыс тәсілі түсінігінің элементі ретінде
қарастыруды ұсынды, оған қылмысқа дайындалу бойынша әрекеттерді қосты. Осы
оймен В.Л. Овечкин келісті, ол қылмыс тәсілін қылмысқа дайындалу
тәсілі, жасау тәсілі және қылмысты жасыру тәсілінің жиынтығы ретінде
анықтады.
Э.Д. Куранова қылмысты жасау тәсілін қойылған мақсатқа және
қылмыстық ойластыруда жүзеге асырылатын шарттарға сәйкес кәнілімен таңдап
алынған дайындалу, жасау және жасыру бойынша әрекеттердің жиынтығы
ретінде анықтауды ұсынды.
Г.Г. Зуйков тұжырымдағандай қылмысты жасау тәсілінің құрылымын өзара
байланысқан жиынтық ретінде болатын қылмысқа дайындалу, жасау және жасыру
бойынша әрекеттерді құрайды.
М.С. Уткин қылмысты жасау тәсіліне анықтама бергенде оны барлық үш
элементтің – дайындалу, жасау және жасыру жиынтығы ретінде қарастырды,
онымен қатар қылмысты жасау тәсіліне кірмейтін қылмысты жасыру бойынша
әрекеттердің бөлек жиынтығының бар екендінгін туралы ойды жоққа шығармады.
Оның ойы бойынша бұл сол қылмысты немесе қылмыскерді жасыру бойынша басқа
тұлғалардың қылмыстың уақынан кеш және онымен ойластырылған жоспарға
кірмей жасалған әрекеттері болуы мүмкін.
Осы ережеге негізделіп қылмысты жасау тәсілдерін жіктеді:
1) кіші құрылымдық немесе жоғары кәсіби тәсілдер (дайындалу,
жасау, қылмысты жасыру);
2) кәсібилігі төмен немесе бірінші типтен азайған ( қылмысқа
дайындалу және жасалуы);
3) кәсібилігі төмен немесе екінші типтен азайған ( қылмысқа
дайындалу және жасау);
4) Білікті емес немесе, қылмысты жасау бойынша әрекеттерден
тұратын оңайлатылған.
Р.С. Белкин қылмыстың тәсілі түсінігін өзара байланысқан жиынтық
күйінде болатын бір қылмыстық оймен біріктірілген қылмысқа дайындалу,
жасау және жасыру бойынша іс-шаралар ретінде анықтады. Қылмыстық
ойластырудың жоқ фактісінің көрінуі Р.О. Белкиннің ойы бойынша мыналармен
байланысты:
- қылмысқа дайындалу және жасау кезінде субъект қылмысты жасыру
бойынша әрекеттерді жоспарламайды немесе оларға талғаусыз қарап немесе оны
бәрі бір жүзеге асыру мүмкін емес деп жорамалдап, одан аяқ асты пайда
болған ниетке немесе ол үшін аяқ асты пайда болған ыңғайлы жағдайларға
байланысты кейін қылмысты жасаған соң қылмысты жасыру шараларын
қолданады.
2) қылмысқа дайындалу және жасау барысында субъект оның іздері табиғи
немесе өзге апаттық факторлардың әсерінен өздері жоғалып кетеді деп сеніп
қылмысты жасыру бойынша әрекеттерді жоспарламай, одан кейін өзінің
күткеніне алданып қылмысты жасыру бойынша шараларды қабылдайды.
3) қылмысқа дайындалу және жасау кезінде субъект бірінші жағдай
секілді қылмысты жасыру бойынша әрекеттерін жоспарлайды, бірақ осы
әрекеттер оның тілеуінсіз, істің аяқталуына мүдделі тұлғалармен жасалады
(осындай тұлғалар ретінде субъектінің алдыңғы қылмыстар бойынша
көмекшілері, олармен қылмысты жасыруда шаралар қабылданбаса байланысы
бойнша оларды әшкерелеуден қорқатын немесе достары немесе қылмысты тапқан
және кінәлінің жасыру бойынша шаралар қабылдайтын қылмыс субъектісінің
туыстары болуы мүмкін);
4) қылмысқа дайындалу және жасау кезінде субъект басқа тұлғалармен
жасыру бойынша әрекеттерді жасауды жоспарлайды, алайда олармен қандай да
бір себептермен жүзеге асырылмағандықтан өзі ертеде жоспарланбаған және
бір қылмыстық ойлауға сәйкес келмейтін жасыруға шаралар қабылдауға тура
келеді;
5) қылмысқа дайындалу және жасау кезінде субъект жасыру бойынша
қандай да бір әрекеттерді жасауды алдын ала жоспарлайды, бірақ өзгерген
жағдайларға байланысты бір қылмыстық ойға сәйкес келмейтін және жоспармен
қарастырылған жасырудың оптимальды нұсқасын қамтамасыз етпейтін өзге
шаралар қабылдауға мәжбүрлі (мұнда қылмыстық қызметтің элементтерінің
арасында логикалық байланыс байланыстың жоғалуы, бір әрекеттің басқа
әрекетпен алмастырылуы айтылған).
Әйелдермен, сондай-ақ олардың қатысуымен жасалатын зорлық қылмыстар
ертеде көрсетілгендей өлтіру (РФ ҚК 105 бап), анасымен жаңадан туылған
баласын өлтіру (РФ ҚК 106 бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
(РФ ҚК 111 бап), қорлау (РФ ҚК 131 бап).
Тәжірибе көрсеткендей, әйел зорлық қылмыстарды жасау кезінде қылмысты
жасау сәтінде барлық жасалып жатқан әрекеттер моральдық немесе дене
қиналысын келтіретіндігін түсінеді, оның болуын қалау, зардап шегушінің
қиналысын елемейді.
Күшті нервтік-психикалық қиналысында, физиологиялық аффект жағдайда
әйелдерде өздерінің әрекеттерін бақылауға деген мүмкіндігі төмендейді,
кінәланушы зорлық қылмысты жасау кезінде зардап шегушіге ерекше
қиналыстар келтіріліп жатқандығын, тәсілдерін таңдауға және әрекет қаруын
таңдауды ұғыну мүмкіндігі жоқ болуы да мүмкін.
Кейбір жағдайларда қылмысты жасау тәсіліне ерекше қаттылық және
зардап шегушіні қорлаулар бірге жасалуы немесе олар қылмыстың қосымша
мақсаты болуы да мүмкін. Бірінші жағдайда ертеде айтылғандай
ауырлататын мән-жайлар салғырттық, басқалардың қиналысына сеезінбей
сияқты, екіншіден - мәжбүрленушіге келтірілген қиналыстан айыпталушыға
рахат береду опасыз ниеттен туындап және сондықтан жоғары қоғамдық
қауіпті болып табылады.
Қазіргі кезеңде әйелдермен жасалатын қылмыстардың қаттылығы өсуде.
Көптеген психологтармен дөкер және арсыз қылмыстар нақ осы әйелдер
жасайтындығы тұжырымдалған.
Әйелдермен жасалатын қылмыстардың ішінде кең таралғаны тұрмыстық
және жанұялық қақтығыс, сондвай-ақ махаббаттық және интимдік қайғыру
негізінде асалатын қылмыстар саналады. әйелдер әдетте жанұялық- тұрмыстық
сипаттағы қылмыстарды қызғаныш, кек алу, опасыздық немесе балаларынан
ақысын алу сипатында жасайды. Оның ішінді:
30-45 жастағылар 45 %
46-58 жастағылар 13%
59жастан жоғарылар 1%
Жасын атасығын келмегендер – 1%
Алынған көрсеткіштерге сәйкес, сұрауға атысқандардың ішінен жазасын
өтеп жатқан 30-45 жастағылар 45% құраса, 18-29 жастағылар 39%, 46-58
жастағылар 13% және 59 жастан жоғарылар мен жасын атағысы келмегендер 2%
құрайды.
Ал жазасын өтеушілердің ұлтына қарай бөліп көрсететін болсақ, бұл
жерде негізгі үлес орыс ұлтына тиеді (45,3% ) одан кейінгі орында қазақ
ұлтының өкілдері (32,7%). Ал басқалары, оның ішінде өзбек, молдаван,
украин, түрік, сыған, татар, тәжік ұлтарының үлес салмағының өте аз
болғанына қарамастан, олардың арасында қылмыс жасау деңгейі жоғары. Мысалы,
респонденттердің 2,1 % -өзбек 2,8 % украйн, 2,4% сыған, 3,1% татар және
1,6% шешен азаматшалары. 1990 жылдары қазақстандағы неміс ұлты өкілдерінің
тарихи отанына жаппай көшуінің нәтижесінде, олардың да үлес салмағы азайып
қалған болатын. Бірақ та, жазасын өтеушілердің арасында неміс ұлты
өкілдерінің үлес салмағы 1,5% құрайды. Бұл олардың санының республикадағы
үлес салмағына шаққанда үлкен көрсеткіг болып табылады. (Сурет-2)
Жазасын өтеушілердің 29,1% толық емес орта (8-9 сынып) білімді болса,
толық орта білімділер (10-11 сынып) 39,9% арнайы орта оқу орындарын (КТУ,
училище, колледж) бітіргендер 20,1%, жоғары оқу орындар, магистратура,
аспирантура бітіргендер 10,9% құрайды. Яғни, адамның білімі неғұрлым төмен
болса, соғұрлым қылмысқа да жиі барады және сирек түседі деп айтуға болады.
(Сурет -3)
Адамды өз отбасының, отбасындағы үйлесімділіктің болуы, балаларының
болуы да өте маңызды факторлардың бірі болып табылады. Респонденттердің
38,1 % тұрмыс құрмаған болса, 20,6% тұрмыста, 15,1% ажырасқан, 16,7% жесір,
8,2% азаматтық некедегілер және 1,2% қылмыстық жауапкершілікке
тартылғаннан кейін ажырасып кеткен. Біз бұдан тұрмыс құрмағандардың
қылмысқа жиі баратынын көреміз. Бұны басы бос адамның бос уақытының
көптігімен және оны қоршаған адамдармен де, олардың айналысатын істермен де
байланыстыруғма болады. Ал қылмыстық жауапкершілікке тартылғаннан кейін
ажырасып кеткен әйелдердің серіктерінің өздерінің өмірін қылмыскер әйелмен
байланыстырғылары келмейтінімен және олардың жеке шешімдерімен түсіндіруге
болады. 624 респонденттің яғни, 64,3% балалары болса, 347 респонденттің
яғни, 35,7%балалары жоқ. Бір жағынан баласы бар әйелдерді қылмысқа не
итермелейді деген сұрақ туса, екінші жағынан сол балаларының қымы үшін,
оларды асырау үшін немесе оларды қорғау үшін осындай жолға барды ма деп
жауап қайтаруға болады. (Сурет -4)
Респонденттердің 65,7% толық отбасымен өскен болса, 26,8% толық емес
отбасыларында (тек әкесімен немесе тек анасымен) өскен.
Осы аспектіде бірінші орында қылмысты жасау тәсілі қойылады. Зорлық
категориясына жатқызылатын қылмысты жасаудың сипатты тәсілдері болып
денеге зақымдар келтіру және қылқындырулар жатады. Өртеу және уландыру
жағдайлары аз, тіпті тұншықтыру тәсілі кездеспейді. Қылмыстың құралына
жиі тұрмыстық бағыттағы құралдар қолданылады (ыдыс-аяқтар, кастрюля,
сковорада және т.б.), қол заттары (тас, таяқ), сондай-ақ шанышқыш- кескіш
және шапқын заттар (пышақ, балта, күрек).
Соңғы жылдары бізбен жүргізілген зерттеу көрсеткендей бұзақылық
немесе пайдақорлық ниетте қарақшылық шабуыл барысында бұзақылықтан адам
өлтіруші әйелдердің саны көбейуін көруге болады. Осыған орай, әйелдермен
қылмыс жасалу кезінде қарулар, гранаталар және көлік құралдары
қолданылуда, ол ауыр қорлық қылмыстарды әйелдер өткір тәсілдерімен,
ерекше қаттылықпен және жоғары қоғамға қаупті деңгейде жасайтындығын
көрсетеді. Қылғындыру кезінде бұлшық күштер, жіп, сым, көрпе, киім және
т.б. қолданылады. Көптеген жағдайларда кінәлілер құралдарда ерекше
талғамдылықты көрсетпеген, қылмыс орнында кездейсоқ пайда болған заттары
пайдаланған. Өлікті бөлшектеп, оны көміп (кейде сөндірілмеген әкті
құйумен) немесе өртеу жағдайлары тіркелген.
Тапсырыс өлтірулердің кең таралғандықтан жалдану бойынша тұлғаға
қарсы ауыр қылмыстар жасаушы әйелдердің санының, материалдық сый беру үшін
өсуі байқалуда.
Өте жиі зорлық қылмыстар ертеде қылмыстық жауаптылыққа тартылған
әйелдермен жасалады. Қылмысты жасауда әрбір үшінші жағдайда олар
арақпен масс күйінде болған.
Әйелді зорлауда әдетте қатысушылар, ұйымдастырушылар айдап салуцшылар
болады. Олар құрбанды таңдайды, оның психологиялық, моральдық немесе дене
өңдеуінде, мүмкін арақ, наркотикалық немесе психотроптық заттар
қабылдаумен қатысулары мүмкін. Әдетте осындай қылмыстар екі немесе бірнеше
адамның тобымен және кәмелектке толмаған қыздармен жиі жасалады.
Зорлық қылмыстарды жасаудың ерекшелігі қылмыскер психикалық емес, ал
дене зорлығын өқолданады, мұндай қоғамға қауіпті әрекетте құрбанға ақарсы
дене ер күшін қолдану сипаты тән болады. Жалпыға мәлімді осындай
қылмыстың түрлері ұрлық сияқты ұйымдасқан қылмыстық топтарда қатысушы
ретінде жасалады. Осындай жағдайда әйелдің мақсаты әлеуметті құрбанды
тауып , қылмыс жасау үшін алдын ала келісілген жерге алдап ендіру және
т.б. табылады. Алайда толық әйелдерден құрылған топтар да кездеседі,
осындай жағдайда ұрлықты немесе қарақшылықты дайындау, жасау және жасыру
бойынша барлық әрекеттер тікелей әйелдер жасайды.
Әйелдермен жасалатын кең таралған категориясы пайдакүнемдік табылады,
кең таралғаны ұрлық, өзіне алу, немесе жұмсап қою, қарақшылық, салықтар
мен салымдарды төлеуден жалтару, наркотикалық немесе психотроптық заттарды
заңсыз дайындау, алу, сақтау, тасымалдау, поштамен жіберу немесе сату
жатады.
Кейбір пайдакүнемдік қылмыстар ұйымдастырылған қылмыс тобына
біріктірілген әйелдермен жасалады.
Сонымен, әйелдің қылмысы еркектен тек саны бойынша емес, сондай-ақ
сапалық белгілері мен де ерекшеленеді: қылмысты жасау тәсілдері бойынша.
Өз кезегінде әйелдермен жасалатын қылмыстардың тәсілдері қылмысты жасау
құралдары, оны жасаудың көлемі, маңызды жаққа бағыттылығымен, қылмыстық
істің сипатымен, қылмысты жасау кезінде әйелдің атқаратын ролі бойынша
ерекшеленеді.
Айтылған қылмыстарды жасаудың тәсілдерін біріктіруге мүмкіндік
береді:
- қылмыстық-құқықтық негіз бойынша:
1) әрекеттер,
- әйелге тән қылмыстың өзіндік құрамы (РФ ҚК 306,132 баптары);
- әйел мәжбүрленуші ретінде болатын қылмыс ( РФ ҚК 31, 145, сондай-ақ
132 баптың 1 тармағы);
әйел атқаратын роліне байланысты тәсілдер мынадайға бөлінеді:
1) тікелей әйелмен жасалатын;
2) ұйымдастырылған (немесе ұйымдастырылмаған) топта әйелдің ролі
қатысушыға әкелінеді;
- мазмұны жағынан бағыттылығы бойынша әйелдермен қылмысты жасау
тәсілдерін мыналарға жіктеуге болады:
1) жәбірленушіге тікелей әсер ететін (зорлық, пайдакүнем-зорлық,
пайдакүнемдік қылмыстар);
2) криминалистік маңызды ақпаратқа әсер ететін (негізінен
пайдакүнемді және пайдакүнемді-қорлық қылмыстар, анда-санда зорлық);
3) криминалистік маңызды ақпаратқа әсер ететін (негізінен зорлық
пайдакүнемді-зорлық, анда-санда пайдакүнемді қылмыстар);
4) аралас немесе әр түрлі бағытты жиынтық тәсілдері;
Қолданылатын құралдарға байланысты қылмысты жасау тәсілдері мынадай
көмегімен жасалған: 1) тұрмыстық мақсаттағы заттармен (кастрлюлялар,
сковородкалар, жіптер, сымдар және т.б.);
3) қол заттарымен (тас, таяқ);
4) Шанышқы-кескіш және шапқыш заттармен (пышақтар, балта, күректер);
5) Оқпен ату қаруы, жарқыншақты граната;
6) өзгелерді жатады.
Криминалистикада ұсынылған қылмысты жасыру тәсілін жіктемелер бар,
бірақ жалпы қабылданғаны жоқ.
В.Л. Овечкин қылмысты жасыру тәсілдерін топтарға бөлуді ұсынды:
1) қылмыс туралы алдын ала тергеу органдарымен ақпаратты алуға
кедергі болу нысаны болатын тәсілдер;
а) қылмыс туралы ақпараттың материалдық бастауларының тасымалдануы; б)
қылмыс туралы материалдық бастаулардың бүркеу;
в) қылмыс туралы материалдық, кей жағдайларда жақсы ақпарттың
бастауларын жою;
г) тергеу органына келуден бас тарту;
д) жауап беруден бас тарту;
ж) жеткізбеу;
2) қылмыс туралы алдын ала тергеу органдарымен ақпаратты алуға кедергі
болу нысаны болатын тәсілдер және оның орнына қате ақпарат беру:
а) фальсификация;
б) инсенировка;
в) қылмысты жасыру мақсатында өтірік ақпарат беру;
г) қылмысты жасыру мақсатында өтірік жауап беру.
Онымен қатар, В.Л. Овечкин әділ ескергендей тергеу тәжірибесінен
белгілі қылмысты жасырудың нақты типі жіктемеде аталғандардың біреуіне
жатқызылуы мүмкін.
Әйелдермен жасалған қылмысты жасыру тәсілдері ерлермен қолданылатын
ұқсас тәсілінен ештеңесімен ерекшеленбейді.
Жою қылмыстың ізін жоюға немесе қылмыскердің ізін жоюға
бағытталғандығына қарай бөлінеді. Онымен бірге, дәлелді ақпаратты жоюмен
қатар оның тасымалдаушыларын да жою айтылады. Жою толығымен немесе жартылай
болуы мүмкін. Жартылай жою фальсификациясымен, кейде онымен тығыз
байланыста болады. Қылмысқа қатысушылардың жадында іздерін жартылай жою
физиологиялық және психологиялық себептерден болуы мүмкін. Психикалық әсер
етудің бір тәсілі болып қылмыскер -әйелдер сәтті тәжірибеде қолданатын
гипноз табылады.
Бүркену қылмысты жасау тәсілі, кінәлі тұлға, объект-тасымалдаушылардың
мақсаты және оның шеңбері туралы көріністі өзгерту мақсатында жасалады.
Бүркенудің тәсілдері болуы мүмкін: объектінің тасымалдануы (мысалы:
бар немесе жазылғанға сәйкес олардың болуға тиісті орындарынан, сақтаудың
бұзылғандығынан немесе құжаттың қозғалысын бұзған жағдайда пайда болатын),
қылмыс субъектісінің сыртқы бейнесінің өзгеруі (парик, бояну, киім өзгерту,
жасын өзгерту), объектінің мақсатында емес қолданғандығы туралы көрініс
тудыру, оған қосымша жасалған әрекеттерді жасыру (мысалы бұзу әрекетінің
дыбысын өтіп бара жатқан поездын шуымен жасыру). Әйелдер жиі еркектерге
қарағанда қылмысты жасыру үшін сыртқы түрін өзгерту әрекетіне барады.
Психологиялық еркектерге қарағанда сыртқы түрін өзгертудің әртүрлі
тәсілдерін, тіпті пластикалық операция жасауға дейін қолдануға барады.
Әйелдердің қылмысты жасыруда заттардың орналасуын, құндылықтарды сақтау
орындарын, сондай-ақ кінәлі мен мәжбүрленушінің арасындағы байланысты
бұрмалайтын әрекеттерді өзгерту жолымен жаңадан ойлап тапқыштығын
ескермеуге болмайды.
Фальсификация - қолдан жасау жалған ақпарат немесе оны тасымалдаушы
құру. Фальсификация жолымен қылмысты жасыру тәсілдеріне:
- біле тұра өтірік жауап беру;
- біле тұра өтірік хабарлау, өтініш жасау, жеткізу;
- өтірік іздер және өзге заттық дәлелдер жасау;
- құжаттардың толық немесе жартылай қолдан жасау;
- объектілерді ауыстыру, қайталау;
- оның сыртқы түрін өзгерту мақсатында объектіні жартылай жою;
- мақсатын фальсификациялау және т.б.
Фальсификацияның құрастырылған тәсіліне өтірік алиби – қылмыскермен
тергеуге қажетті уақытта басқа жерде болғаны туралы өтірік ақпаратты құру
табылады.
Тергеу тәжірибесінде өтірік алиби құрудың екі тәсілі мәлім. Кінәлі
қатысушылармен немесе алибидің куәлері ретінде болатын және өтірік жауап
беретін тұлғалармен ымырада болады. Кейбір жағдайларда жауапқа
дұрыстылықты беру үшін осы тұлғалар қылмысты жасар бұрын алдын ала немесе
кейін кездесіп және одан кейін жауап берген уақытта кінәліге қажетті бірге
болған уақытын өзгерте салады.
Әйелдер кекшіл, қызғаншақтық, көре алмаушылықтан немесе басқа
себептерден қылмыс жасаумен байланысы жоқ тұлғанының кінәлігі туралы жасау
жолымен өтірік ділелдер жасауы мүмкін, басқаша оны оқиға орнын немесе
дәлелді жасау жағдайымен жасанды көмегімен жала жабу деп атайды.
Пассивті тығылудан басқа қылмысты жасыру тәсілі белгілі уақыттың
шығынын талап етеді. Көптеген жағдайларда қылмыскер оны ж жасағаннан кейін
жасыруды жүзеге асырады және онымен қатар уақыттың жетіспеушілігі болады.
Бұл қылмысты жасыру тәсіліне, жааныстың салақтығымен толық болмауына,
жасырудың уақыттық әрекетін есептемеуге әсер етеді.
Әйелдермен жасалатын қылмыстарды жасырудың тәсілдері арнайы
әдебиеттерде сипатталған қылмысты жасырудың тәсілдерін қайталайды. Алайда
қылмыскер -әйелдердің мінездерінде бар ойлап тапқыштық, психологиялық әсер
етудің дұрыс пайдалана білу және т.б. сияқты арнайы ерекшеліктері бар.

2-тарау. Әйелдермен жасалған қылмыстарды тергеу кезінде бөлек тергеу
әрекеттерін жүргізудің ерекшеліктері
2.1 Қылмысты жасауда айыпталушы (кінәланушы) әйелден жауап алу
тактикасының ерекшеліктері
Жауап алу тергеу әрекеті ретінде РФ ҚІЖҚ 187-191 баптарында
қарастырылған, онда осы әрекеттің рәсімдері бойынша негізгі талаптар
реттелген. Жауап алудың орны мен уақытын (ҚІЖК 187 бап), жауап алуға
шақырудың тәртібі (ҚІЖК 18 бап), жауапты жүргізудің жалпы ережелері (ҚІЖК
18 бап), жауап алудың хаттамасы (ҚІЖК 191 бап) реттейтін қлмыстықғ
қылмыстық іс жүргізу кодексінің ережелерін талдау қандай да бір
ерекшеліктерді әйелдерден жауап валу кезінде заңнама қарастырмайтындығын
көруге болады.
Тергеу тәжірибесін зерттеудің нәтижесіне сәйкес дәлелді ақпарат
алудың құралы ретінде жауап алу қылмыстық істердің 100 пайызында
қолданылады. Онымен қатар, криминалистік әдебиетте көрсетілгендей, барлық
қауіпті қылмыстар ашылмайтындығы, ал ашылған қылмыстарды жеткілікті сапалы
еместігінің себептерінің бірі жедел және тергеу жұмысшыларынан жауап алуды
тактикалық сауатты құра алмауында болып отыр. Әйелдермен жасалған
қылмыстарды тергеу жүргізілетін қылмыстық істері осыған қосылады.
Жауап алуды жүргізу, басқа да тергеу әрекеттерін жүргізу сияқты осы
әрекеттің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін әзірленген
криминалистік тактикалық тәсілдердің негізінде жүзеге асырылады. РФ ҚІЖК
189 бабының 2-тармағына сәйкес тергеуші жауап алудың тактикасын таңдауда
ерікті.
Жауап алу алдын ала тергеу өтетiн жерде жүргiзiледi. Тергеушi қажет
деп тапқан жағдайда жауап алуды жауап алынатын адам тұратын жерде жүргiзуге
құқылы.
Жауап алу кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқасында
күндiзгi уақытта жүргiзiледi. Жауап алу үзiлiссiз төрт сағаттан артық
жүргiзiлмеуге тиiс. Жауап алуды демалу мен ас iшуге арналған кемiнде бiр
сағат үзiлiстен кейiн жалғастыруға жол берiледi, мұның өзiнде жауап алудың
бiр күн iшiндегi жалпы ұзақтығы сегiз сағаттан аспауға тиiс. Медициналық
дәлелдер болған жағдайда жауап алудың ұзақтығы дәрiгердiң жазбаша
қорытындысының негiзiнде белгiленедi.
Жауап алудың алдында тергеушi жауап алынатын адамның жеке басын
анықтауға тиiс. Егер жауап алынатын адамның iс бойынша iс жүргiзiлiп
отырған тiлдi бiлетiндiгiне күмән туса, оның қай тiлде жауап бергiсi
келетiнi анықталады. Жауап алуға шақырылған адамға одан кiм ретiнде,
қандай қылмыстық iс бойынша жауап алынатыны хабарланады, осы Кодексте
көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi, бұл туралы хаттамаға
белгi қойылады және жауап алынатын адамға iс бойынша өзiне белгiлi мән-
жайларды айтуды ұсынудан басталады. Егер жауап алынатын адам iске мүлде
қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтса, оған бұл туралы ескертiлуге тиiс.
Жауап алу барысында тергеушi жауап алынып отырған адамға заттай дәлелдер
мен құжаттарды көрсете алады, ал еркiн баяндау аяқталғаннан кейiн қылмыстық
iс материалдарындағы айғақтарды жария ете алады, дыбыс және бейнежазбаларды
немесе кино түсiру материалдарын тыңдатып, көрсете алады. Мылқау немесе
саңырау куәдан, жәбiрленушiден, сезiктiден, айыпталушыдан жауап алу оның
белгiлерiн түсiнетiн және онымен белгiлер арқылы сөйлесе алатын адамның
қатысуымен жүзеге асырылады. Мұндай адамның жауап алуға қатысуы хаттамада
көрсетiледi. Жауап алынатын адамның психикалық немесе өзге ауыр науқасы
болғанда одан жауап алу дәрiгердiң рұқсатымен және оның қатысуымен жүзеге
асырылады. Тергелетiн iстiң мән-жайлары бойынша бұрын берiлген айғақтарды
нақтылау немесе толықтыру қажеттiлiгi пайда болған жағдайда қайтадан
(қосымша) жауап алу жүргiзiлуi мүмкiн.
Тактикалық тәсілдер жауап алуда туындайтын жағдайлардың барлығы үшін
бірдей бола бермейді.
Кримилатистика әрқашанда нақты жағдайға сәйкес келетінін таңдауға
мүмкіндік беретін жұмсақ ұсыныстар жүйесін ұсынады. Осы ерекшелікке Р.С.
Белкин көңіл бөлді, оның ойы бойынша тактикалық тәсілдердің қатты әмбебап
негізін табу мүмкін емес. Онымен қатар, криминалистикалық ғылым
тергеушіні еңбекті ғылыми негіздеумен, онда абстрактілі ұсыныстармен емес,
ал нақты тактикалық әрекеттермен жеткілікті қатты байланысты ұсыныстармен
қаруландыру керек.
Қылмыскер-әйелдерден жауап алу кезінде қолданылатын барлық тактикалық
тәсілдер барлық әр түрлілікке қарамастан, біртұтас психологиялық
орнатылымға біріктірілген, оны тергеуші ескеру қажет, нақтылай келгенде:
адамға сәтті әсер ету үшін процесстің қатысушыларының ұстанымын анықтайтын
және бірінші орында нақты немесе іштей тергеушіге қарсы тұратындардың қиын
психикалық заңдылықтарын білу керек.
Жауап алу кезінде психологиялық байланысты орнатуды дұрыстаудың
қиындықтары ұзақ уақытқа дейін осы проблеманы жақсы зерттеген
криминалистермен зерттелуде. Жекелегенде, Л.В. Дулов психологиялық
байланысты дұрыс бағытта әңгімені дамытуды қамтамасыз ету бойынша
жоспарланған, мақсатқа және оның мақсаттарына жетуге бағытталған қызмет
ретінде анықтайды.
Бұл авторға психологиялық байланысты орнату барлық тергеу әрекеттерін
жүргізуде тұрақтылықты қамтамасыз етеді деген қорытындыны негізделген етуге
мүмкіндік береді.
А.Б. Соловьев психологиялық байланыс коммуникативтік байланыстың
тәсілі, тергеушіге деген эмоционалдық сенімнің пайда болуы ретінде
қарастырады. Психологиялық байланысты орнатуда мұндай жақындау қылмыс
жасаған әйелдерден жауап алу кезінде ерлерге қарағанда пайдалылақ, себебі
басқа жыныстыға қарағанда олар эмоцианалдырақ, және нақ осы тергеушіге
эмоционалдық сену тергеушіге қатысты жауап алынып жатқан адам сезінетін
теріс бірқатар орнатылымдарды шарасыздан түсіп қалады.
Г.Г. Доспуловтың ойы бойынша, психологиялық байланыс - тергеушінің
куәмен, жәбірленушімен, айыпталушымен және күдіктіммен, тергеушінің дұрыс
ұстанымы мен жауап берушінің дұрыс әрекетінің негізінде пайда болатын
іскери келісілген өзара қарым-қатынасы. Жиі осындай бірлесе қызме ету
қасақана пайдакүнемдік қылмыс (мысалы, сеніп берліген мүлікті талан-тараж
ету) жасаған әйелден жауап алуда пайда болуы мүмкін, себебеі ол
тергеушінің оған деген дұрыс қатынасында тергеуші күзетке алу туралы сот
алдында өтініш қозғамайды деген есеппен негізділген түрде болжауынан.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында тергеулік әрекеттердің қатты
реттелгендігіне қарамастан осы әрекеттердің әрбірін жүргізудің нұсқалары
жеткілікті кең. Одан басқ, Л.А. Зорни байқағанай, тиімді жауап алудың
тактикалық алаңы шексіз болуға тиіс. Осы сөздердің растауына ергеу
тәжірибесінде қолданылатын, тактикалық тәсілдерді бірқатар жіктеулерін
келтіруге болады:
1. заңнамалық реттілігіне байланысты ҚІЖК қарастырылған және
қарастырылмаған:
- тергеу әрекетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу
Криминалистік әдістеме
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ АЛДАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жыныстық қылмыстар үшін жауаптылық мәселелері
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
Мәйіт эксгумациясы (процессуалдық, ұйымдастырушылық және криминалистикалық мәселелері)
Жаңа туған сәби өлігіне сот-медициналық сараптама
Мәйітті жерленген жерінен қазып алудың жалпы ұғымы
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру туралы
Пәндер