ДАРЫНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
І. ДАРЫНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 5
1.1 Дарындылық туралы жалпы түсінік 5
1.2 Дарындылық проблемасы өткен ғасырдағы психологтардың еңбектерінде 11
ІІ ДАРЫНДЫЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ГЕНЕЗИСІ 17
1.3 Дарындылықтың негізгі түрлері 17
1.4 Дарындылық генезисі 22
ҚОРЫТЫНДЫ 32
Қолданылаған әдебиеттер 33

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасырдың соңғы жарты жылдығында
барлық өркениетті елдерде дарынды балаларды анықтап, зерттеу, оқыту және
дамыту жұмыстары өркендеді. Өйткені жеке тұлғаның әлеуметтік, саяси-
экономикалық, мәдениеттік процестерде ролі өзгерді. Қазіргі кезеңде
өндірісті басқару, ғылым, мәдениет, өнер сферасының саласында өз бетінше,
шығармашылық тұрғысынан ойлайтын, іскер, алғыр жас маманды қалыптастыру
талап етілуде.
Көптеген дискуссиялы проблемаларға қарамастан, оқытудың ғылымы
(генетика, физиология, психология, социология) және реалды практикасы оқыту
табыстылығындағы индивидуалды ерекшілектері бар балалар мен оқушылардың
шығармашылық потенциалын құрайтын мүмкіндіктерінің бар екенін дәлелдеді.
Шығармашылық потенциал бойынша барлық балалардың әр жас кезеңіне сай,
дифференцияциясы ақыл-ой кемшілігінен бастап жоғары таланттылық пен жалпы
дарындылыққа дейін әр түрлі.
Өкінішке орай,қазіргі кезде мектептегі және жоғарғы оқу орындарындағы
оқыту орташа үлгерімді оқушыға, студент пен маманға бағдарланған. Мемлекет
ақыл-ойы кем балалар мен оқушыларды зерттеу, анықтау (диагностика) мен жеке
оқытуға көптеген қаржы жұмсауда. Бірақ жоғары шығармашылық потенциалы бар
оқушылар, талантты және дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қатысты
біртұтас зерттеу бағдарламасы жоқ.
Дарынды балаларды анықтау бойынша зерттеу жұмыстарының ғылыми мәні:
шығармашылықтың табиғаты мен психологиялық механизмдерін ашуға, барлық
оқушылар мен балаларды оқыту мазмұны мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру үшін
шығармашылық заңдылықтарын қолдану мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.
Дарынды оқушыларды оқыту мен дамыту адамның шығармашылықты дамуының идеалды
моделін құрайды.
Осы проблема бойынша зерттеу жұмыстары мен практикасының көрсетуі
бойынша дарындылық дамудың кез келген этапында баяуап, кейде мүлдем тоқтап
қалуы мүмкін. Осыған байланысты, дарынды тұлғаның дамуына арнайы
психологиялық көмек пен қолдау қажет.
Дарындылықты дамыту мен диагностикалау проблемасы қазіргі кезде
жастардың профессионалды бағдары деп аталатын қоғамдық институтта маңызды
болып келеді. Адам қоғамында мұндай институттың қажеттілігі әрдайым болды,
бірақ мұны саналы түрде кеш ұғынылды. Барлығымызға белгілі, бұл белгілі
психофизиологиялық қасиеттері бар адамдарды таңдауда талап етілген адамның
іс-әрекет түрлерінің дамуымен байланысты.
Балалар мен оқушылардың дарындылығын анықтауда өткізілген зерттеу
жұмыстары, тәжірибелері дарынды балаларды, олардың ата-аналары мен
мұғалімдерін психологиялық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік және
экономикалық көмекпен қамтамасыз ету керек екендігіне, ол үшін мемлекеттік
бағдарлама құру қажеттілігіне куә болып отыр.
Қоғам әр уақытта да шығармашылықты жеке тұлғаны керек етсе де, тек 20
ғасыр ортасында ғана талант пен қабілеттілік психологиясы бойынша
зерттеулер ауқымды жүре бастады. Бұл мәселенің қолға алынуына таланттылар
мен дарынды балалар бойынша Дүниежүзілік кеңес құрылғанда ғана (1975 жылы)
жоғары қызығушылық туды. Ол дарындылық құрылымын анықтау бойынша,
мамандарды дайындайды. Әр түрлі елдерде дарынды балаларға деген әлеуметтік,
психологиялық және педагогикалық көмек көрсетуге арналған әдейі
бағдарламалар өңделуде. Біраз елдерде дарындылық орталықтары мен
институттары табысты жұмыс жасауда. Бұл мәселені шешуде музыкалық
мектептер, мектептен тыс мекемелер, әр түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын
мектептер мен сыныптар өз үлестерін қосып келеді.
Дарынды балаларды анықтап, зерттеу және оларды қолдау жұмысы әр түрлі
деңгейдегі пәндер олимпиадаларында, конкурстарда, интеллектуалдық жарыстар
барысында орындалуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің Дарынды балаларға арналған
мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы (1996 жыл) бұйрығымен аса
қабілетті оқушылармен белсенді жұмыс жүргізу жандана түсті. Осыған сәйкес
Жас таланттарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы өңделді. Берілген
бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
бойынша (№ 256. 1998 жылдың 24 наурызы) білім беру Комитеті жанынан
Республикалық Дарын ғылыми-практикалық орталығы ашылды. Бұл кейінгі үш
жылдықта теория мен практикада белгілі нәтижелерге жеткізді.
Қазақстан Республикасында дарынды балаларды айқындау, қолдау және
дамыту тұжырымдамасы, нормативті құқықты құжаттандыру пакеті өңделді,
көптеген облыстарда ғылыми-практикалық орталықтар құрылды, дарынды балалар
үшін жаңа типті мектептер ұйымдастырылды (ғылыми негізделген аралас
профильді республикалық сырттай оқу мектептері, ғылыми олимпиадалық қоры
бар мектептер. 1,2.
Бүгінгі таңда педагогикалық оқу орындарында мұғалімдерді дарынды
балалармен жұмыс жасауға арнайы дайындамайды (тек жеке тұлға теориясын
анықтауға байланысты, психология курсында жалпы қабілеттілік және
дарындылық туралы жалпы түсінік беріледі). Мұғалімнің біліктілігін
квалификациясын жетілдіру жүйесінде де (эпизодтық семинарларды санамағанда)
педагогтардың арнайы дайындығына зейін аударылмайды.
Қалалық және ауылдық мектептердегі мұғалімдерді зерттеу жұмыстары,
олардың дарынды балалармен жұмыс жасау дайындығы, балалардың даму белгілері
бойынша, оларды дифференциациялап оқытудың кейбір елестері ғана бар
екендігін көрсетеді.
Алайда, көптеген мұғалімдерде дарындылық феномені туралы негізгі
ұғымдарға байланысты түсініктері де жоқ. Сонымен қатар, дарынды балалармен
жұмыс жасауда ғылыми әдістемелік кеңес беретін орталық, не психологиялық-
педагогикалық арнайы әдебиеттер жоқ. Осы аталған мәселелер, көрсетілген
қайшылықтар, бұл зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді.

Зерттеу мақсаты: Дарындылықтың психологиялық ерекшеліктерін анықтау,
арнайы дамыту жүйесін қалыптастыру.

Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
1.Берілген тақырып бойынша әдебиеттерге шолу жасау.
2.Дарындылық мәселесіне қатысты авторлардың көзқарастарын салыстыру.
3.Оқушылардың дарындылық негізіне сипаттама беру.
4.Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту жолдарын атап көрсету.

Зерттеу жұмысының негізгі болжамы : Дарындылықтың дамуы мен қалыптасуы
біріккен іс-әрекетке тәуелді келеді.

Зерттеу пәні: дарындылық

Зерттеу объектісі. 4 сыныптың дарынды оқушылары

Зерттеу методологиясы.
Л.С. Выготский, Н.С. Лейтес, С.Л.Рубинштейн, В.Крутецкий, Б.М. Теплов
т.б. жеке тұлғаның интеллектуалды дамуын, дарындылығы мен қабілеттілігін
дамыту туралы жүйелік идеялары; С.М. Жақыповтың Оқыту процесінің
психологиялық құрылымы еңбегі,
Зерттеу жұмысының құрылымы. кіріспе, І және ІІ тарау, қорытынды,
әдебиеттер тізімі, қосымшалар.

І. ДАРЫНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Дарындылық туралы жалпы түсінік

Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен
жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ – бұл ізденіс, үміт,
күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әр түрлі
іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді,
музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т.б.). Бірақ уақыты келе, бұл
қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне
айналмайды, ол адам жай ғана орташа кәсіпкерге айналады.
Қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдай бойынша,
кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда
аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана
жетуге болады. Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата-аналар,
мұғалімдер алдында да жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды
мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын
анықтау.
Әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты адам қандай да қызметті орындауы
қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін
сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті
түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден -
әркімде өз алдында, қайталанбас көрінісін жеке адам қабілеті деп атаймыз.
Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның
сәттілігінен не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық – адамда
обьективтілікті жан-жақты бейімділік – нақты іс-әрекетті орындауға талпыну,
қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір
бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы,
адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер
түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-
әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-
бірімен үйлесім таба алады.
Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет,
қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық
көріністер болуы қажет: ең алдымен – еңбек сүйгіштік, табандылық, батылдық.
Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімге қол
жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетін, жеке басына сапаларын
айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.3
Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік,
талант, данышпандық, шабыт кіреді.
Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар
бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер
ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу,
шығармашылық, көркем-өнер, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық
қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік,
жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар,
сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-
шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі
анағұрлым жоғары.4
Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта
алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей
шұғылдана алу уақыты, басқа қатарларымен салыстырғанда әлдеқайда ұзақ
болады. Дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет
болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше,
әрекетін тоқтатпайды.5
Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мен ептілік, дағдыларды
игеріп, жетілдіріп дамытуға тікелей тәуелді.
Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға
байланысты. Осыдан, біреу математикаға құмар, екінші – тарихқа және
біреулер – қоғамдық жұмыстарға, лидер болуда өз дарындылығын іске қосып,
оны нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі.
Дарынды балалар - жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет,
техникаға т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны
бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық
дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері
осыған негізделген).
Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдық
шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Басқалардан бұрын
балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласындағы, одан соң сурет
салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикаға
дарындылық тезірек байқалады. Баланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым
арнайы қабілеттіліктің көркемдігі арасында алшақтық болатын жағдайлар аз
емес. Ақыл-ой қабілеті тым ерте дамыған, ерекше айқын жетістіктерге жеткен
балаларды вундеркиндтер деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең үздік деген
жетістіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Туа
біткен бейімділіктер индивидумдық психологиялық ерекшеліктердің
қалыптасуының күрделі процесінің бір шарты ғана, оның бәрі қоршаған ортаға
байланысты. Балада ерекше қабілеттіліктер болуының нышандары оның жасынан
ажырағысыз: олар көбіне кемелдену қарқынына және жастық өзгерістерге
байланысты. 8
Дарындылықтың бағалануы тестілеуге ғана негізделмеуі керек – оның
дәрежесі мен өзіндік ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында, балалардың
белгілі бір мазмұндағы іс-әрекетті атқаруы кезінде байқалады. Ерте бастан
мамандандыру күн ілгері және шамадан тыс болмауы керек. Дарынды балалардың
анықталып кемелдендірілуі мектептер (мысалы, музыка, математика мектептері)
факультативтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер, студиялар, мектеп
оқушыларының олимпиадаларын, балалардың көркем өнерлерінің конкурстарын
өткізу және т.б. жағдай жасайды. Дарынды балалардың дамуының теңелуіне жол
беруге болмайды. Мұндай балалардың оқу жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу
нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Дарынды балалар туралы
қамқорлық қабілеттердің дамытылуын жалпы білімдік дайындықпен және тұлғаны
кемелдендірумен ұштастырылуын көздейді.
Баланың дарындылығы деп – бірдей өмір шартында, өз құрбыларымен
салыстырғанда оқуға қабілеттілік және шығармашылық құбылыстары жоғары болып
табылуы түсіндіріледі.6
Дарындылық – бұл дарын сөзінен шыққан және ол дамудың аса
қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған
келесі түсінік беріледі: Дарындылық – бұл адамның белгілі іс-әрекет
аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары
деңгейі. Дарындылық түсінігі қабілет түсінігіне өте жақын.
Қабілеттілік сөзі орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды.
Д.Н.Ушаковтың талқылау сөздігі бойынша :
- табиғи дарын
- бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі
Біз қабілеттілік сын есімінің бірінші сөздік мағынасында (мысалы,
қабілетті оқушы, қабілетті жас ғалым) қолданамыз. Осындай жағдайда бұл
терминдер, яғни дарындылық және қабілеттілік өте тығыз байланысты,
мәндес, оларды айыра алмай да қаласың. Бірақ жоғарыда келтірілген
қабілеттілік сөзінің басқа да мағынасы бар. Ол – жинақталған тәжірибе
нәтижесі және ол толығымен соған бағытталады (Н.С.Лейтес). 6,7
Қабілеттілікке философиялық энциклопедиялық сөздікте мынадай
түсінік берілген: Қабілеттілік – бұл субъективті жағдайда белгілі бір іс -
әрекеттің табысты орындалуындағы жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері.
Қабілеттілік индивидте бар білім, дағды, үйренуге бағытталмайды. Ол кейбір
іс-әрекеттерді орындауда басқалардың әдістері мен тәсілдерінен тереңдегі
мен беріктігінен көрініс береді және оған жетуге мүмкіндік беретін ішкі
психологиялық регулятор болып табылады.
Дарындылық – бұл бірдей өмір шартында, қатарларымен салыстырғанда
үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылықтың ерекше
көрініс беруі. Дарындылық – бұл тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана
емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір ішкі талап-
мақсаттар. Сонымен қатар, дарындылық – бұл әлеуметтік құбылыс. Өйткені,
адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз
болып отыр. 8
Әлеуметтік ортаның дарындылыққа байланысты жүргізілген әр түрлі
зерттеулерінің нәтижесі (әлеуметтік–экономикалық қатынастар, қаржылық
қамсыздандыру, әлеуметтік – күнделікті шарттар т.б.) әр түрлі. Осыған
байланысты келесідей тұжырым жасауға болады: әлеуметтік – экономикалық
шарттар дарындылықтың дамуына әсер етеді, өйткені, олар адамның өмір
деңгейін анықтайды. Қоғам экономикалық дамыған сайын, ол адам дамуы үшін
қолайлы болып келеді.
Дарындылықтың дамуындада жанұя өте маңызды жағдай болып келеді, соның
ішінде:
1. жанұя құрылымы мен оның эмоционалды климаты;
2. бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас стильдері;
3. ата-аналардың бала дарындылығына қатынасы.
Жанұя құрылымы мәселесіне жүгіне отырып, балалардың көбі (87%), толық
жанұяларда тәрбиеленген деп айтуымызға болады. Жиі, 70% жағдайында жанұяда
балалармен және ата-аналармен қатар, туыстарының ішінен біреулер: әжелер,
апалар және ағалар, жиендері тұрады. Зерттелген балалардың ешқайсысында
кіші сіңілі – қарындастары немесе інілері болмады. Р.Зайонц зерттеулері
көрсетуі бойынша интеллектуалды дарындылық, жанұядағы балалар санынан
тәуелді. Р.Зайонц бойынша, жанұяда іні мен қарындас, сіңлілер көп болған
сайын интеллектуалдылықтың коэффициенті орташа болып келеді.
Жанұя құрылымы, көп жағдайда туыстар арасындағы қатынастар және
жанұяның эмоционалды климаты жүйесімен байланысты. Өзара қарым-қатынастың
мазмұнды жағы туралы айта келе, көптеген зерттеушілер балаға қарама-қарсы
жынысты ата-ананың әсері мәнді деп көрсетеді. Көптеген зерттеушілер дарынды
балаға жылылық, оны қабылдау, сүю және сыйлау қажет деп санайды. 9
Бала мен ата-ананың қарым-қатынас стилі туралы мәселе аса ауқымды
зерттелген. Ғалымдар баланы қатты бақылауға алу, күш көрсету, қысым көрсету
сияқты стильдер дарынды тұлғаны дамытуға мүмкіндік бермейді деп санайды.
Р.Хесс және В.Шипман өзара әрекетті ата-аналық стильдері императивті
және инструктивті деп бөлді. Императивті стиль үшін мынадай бұйрықтар
сәйкес келеді: Мен айтқан секілді жаса ..., Тыныш отыр.... Ата-аналар
баласының айтқандарын бұлжытпай орындауын күтеді. Олардың қатынасы
ересектің беделіне негізделеді. Мұндай стиль балада пассивтік және
тәуелділік пен конформизмді дамытады.
Инструктивті стильде ақпарат көбірек болады, ал талаптар мынадай
болып негізделеді: ойыншықтарыңды жина, ал мен еденді сыпырамын.... Ата-
аналар баласымен өзінің теңі ретінде әңгімелеседі. Олардың талаптары,
заңдылықтары саналы түрде жүреді. Бұл, балада инициативалықты дамыту
(бастау) және қаттылықты тәрбиелейді.
Ата-аналардың бала дарындылығына деген қатынасы маңызды болып
табылады. Бұл фактор – бала мүмкіндіктерін іске асыруға әсер ететін
негізділердің бірі. Бұл жағдайда қарым-қатынас типтері мынадай болып
келеді:
4. теріс
5. ашуландырушы (игнорирующее)
6. дұрыс-оң
7. гиперсоциализация (ата-аналар дарындылықты, өз-өзін таныту мүмкіндігін,
өз баласының қабілеті арқылы жасауы немесе өздерінің орындалмаған
потенциалды мүмкіндіктерін іске асыру). 10
Дарынды балаларда әділеттілік сезімі болады. Адамгершіліктің ерте
дамуы қабылдау мен таным процестерінің дамуы алға басуымен байланысты.
Олар қоршаған ортадағы әділетсіздікке өте сезімтал болады, өздеріне
және айналадағыларға үлкен талаптар қояды.
Дарынды балалар есептерді шығаруда ойын элементтерін енгізеді, қиялы
дамулы болады, шығармашылығы, фантазиясы терең дамыған (ойдан шығарған
достары, аға-інілері, апалары).
Дарынды балаларда әзіл-сықақ сезімі өте дамулы, күлкілі, сәйкес
келмеушіліктерді, сөздерді жасыру т.б.ойындарды ұнатады.
Дарынды балалар эмоционалды баланс жетіспейді, олар балалық шақта
шыдамсыз болады.
Дарынды балалар энергиясы көп болуымен және олар аз ұйықтауымен
ерекшеленеді. Олардың моторлы координациясы мен қолдарын басқару, танымдық
қабілеттерінен артта қалады. Оларға практика қажет. Мұндай балалардың
интеллектуалды және дене-физикалық дамуының арасындағы ерекшелік оларды
толғандырып, өзбеткейлігінің дамуына әсер етуі мүмкін. Дарынды балалардың
көру процесі 8 жасқа дейін тұрақсыз, оларға жақын қашықтағы фокусті
алыстағыға алмастыру қиынға соғады.
Дарынды бала қарым-қатынас жүйесінде де ерекшеленеді.
Мектепке дейінгі шақта, олардың жүргізуші іс-әрекеті – рольдік
ойындар. Балаларға құрбыларымен жеткілікті түрде айқын және тұрақты
көрінетін қарым-қатынасқа деген қажеттілік туылады. (М.И.Лисина, Л.Н.
Галигузова),
Дарынды балалардың мінез-құлықтары мен жеке тұлғасының кейбір
ерекшеліктері, оларды құрдастарының түсінбеуіне, олардың өзара қарым-
қатынасында дау-жанжал кездесуіне және тіпті басқа балалардың оларды
шеттетуіне әкелуі мүмкін. Оған мыналар себеп болады: серіктесін тыңдай
алмау, доминанттылыққы ұмтылу, бірге ойнайтын ойындарда өзіне ұйымдастырушы
ролін алу, өз білімін көрсетуге ұмтылу, ересектердің зейінін өзіне
аудартуға әрекет ету, табысы өзінен төмендеу балаларға қатысты шыдамсыздық
таныту, комформсыздық, басқаларды дұрыстау әдетінің болуы Л.Хоменгуерт
дарынды балаларды шеттетудің тағы бір мүмкін болатын себебін көрсетеді:
ойы жоғары болуына орай, дарынды балаларға өз құрбыларының ойындары
қызықсыз болуы мүмкін.
Өз құрбыларымен өзара әрекетінде қиындықтар кездескендіктен немесе
олардың себептерін түсінбеуінен, балалар ересектермен және үлкен балалармен
достасуға ұмтылады. Бірақ үлкен балалармен қарым-қатынасы кезінде, оларда
қияндың тууы мүмкін. Себебі, үлкен балалардың дене-физикалық дамуы озық
болады, сондықтан дарынды балаларға мұндай қоғамда лидер болу қиынға
түседі. Қозғалу дағдыларының дамуы алға басқан үлкен балалар сияқты бір
нәрсені жасай алмағандықтан, дарынды бала өздерінің адекватты еместігі мен
өзіндік бағалаудың төмен болып қалыптасуына әкелуі мүмкін. Өйткені, олар
өздерінің жетістіктеріне өте сыншыл болып келеді. Адамдармен қарым-
қатынасында өзінің мүмкіндіктері туралы пікірлері кесірін тигізеді.
Сондықтан дарынды баланың өз әрекетін іске асыруда Мен концепциясы
маңызды болып табылады. 11
Дарынды баланың интеллектуалдық қажеттілігі эмоционалды күйдің
күрделілігіне, неврозға және тіпті психозға әкелуі мүмкін. Ал невроздар өз
кезінде депрессияға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бала өзін айнадаланы танып
білуге неге ұмтылатынын түсіне алмайды. Ол шындық пен ойдан шығарудың
арасындағы шкаланы бұзатын өзінің қиялындағы әлемге кетуі мүмкін.
Бала қаншалықты дарынды болса да, оны оқыту керек екенін ұмытпау
қажет. Оларды тұрақтылыққа, еңбек етуге, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету
керек.
Дарынды бала қысымды, шеттетуді, айқай-шуды көтермейді. Баланы
мектепке дейінгі уақыттан бастап шығармашылық еңбекке қатыстырып,
шығармашылыққа қолайлы жағдай туғызу қажет.
Таланттарын дамыту үшін дарынды балалар өз уақытын еркін жұмсап,
кеңейтілген оқу жоспарымен оқытылу керек. Бала өз мұғалімі жағынан назар
аудару мен индивидуалды қолдау көрсетуді сезуі қажет. Бұл жерде нені емес,
қалай оқыту маңызды болып табылады. Дарынды баланың айтылған ойлар мен
болжамдарды талдай алу мүмкіндіктері, табиғи аналитикалық және сыншыл ой-
тұжырымның дамулы екендігіне сәйкес келеді.
Қазіргі жағдайда дарынды балалармен жұмыс жасаудың 1 түрі – балалар
шығармашылық үйлерін құру болып табылады. 12

1.2 Дарындылық проблемасы өткен ғасырдағы психологтардың еңбектерінде

Бүгінгі таңда дарындылық мәселесінің өзектілігі соншалықты,
психология ғылымының докторы Н.С.Лейтестің айтуы бойынша, оны анықтау және
қолдау маңызды екенін қазір дәлелдеудің қажіттілігі шамалы. Дарынды
балаларға қоғамдық, мемлекеттік назар аудару, бір жағынан, дарынды адамдар
басқа өзінің жерлестерімен салыстырғанда, елдің ғылыми-техникалық,
ақпараттық және мәдени дамуында үлкен ықпал етуге қабілетті. Екінші
жағынан, жастардың жоғары энергетикалық белсенділігі және әруақытта болатын
интеллектуалдық инициативтілік, басқарушылық зейіні мен көмегі болмағанда
жеке тұлғалық және әлеуметтік қауіпті әрекеттерге ұшыратуы мүмкін. 11
Қандай балаларды дарындылықты анықтау мен қолдау жүйесі қамтиды? Осы
мәселелер бойынша, барлық ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық жұмыстар,
монографиялар, мақалалардың көптігіне қарамастан, бұл сұраққа жауап әлі де
жоқ. Дарынды балалармен жұмыс жасауда кез-келген ұжымның іс-әрекеті аса
кеңірек, практикада көп қолданылатын түсініктің феномендік анықтамасынан
басталуы кездейсоқ емес.
Зерттеушілерді дарындылықты қандай фактор туғызатыны толғандыруда.
Бұл сұраққа берілген жауапқа дарынды балаларға қоғамның, мұғалімдер мен ата-
аналардың қарым-қатынасы тәуелді болып табылады.
Қазіргі уақытта дарынды балаларды зерттеуде философиялық,
психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Бұл мәселе
өз тамырымен ғасырлар түбіне кетуде.
Адамның психикалық ерекшеліктері туралы және қабілеттер туралы
ойларды ежелгі грек философтары, ғалымдары және әр түрлі елдердің
прогрессивті педагог-психологтарының жұмыстарында кездесетіруге болады.
Талант, данышпандылық туралы бағалы ойлар қатары ежелгі грек
философтарының трактаттарында кездеседі.
Бірақ адам психикасы барлық ақиқат құбылыстарының ішінде зерттеуге
күрделі болғандықтан, даралық ерекшелік табиғаты мен кейбір адамдарда
ерекше қабілеттің болуы деп түсіндіріледі. Осылай, Платон пікірі бойынша,
адам, өнер мен білім көмегімен емес, құдай әсер етумен ақындыққа ие болады.
13
Данышпандық және талант туралы ілімдер алғашқы кезде психологиялық,
әлеуметтік–педагогикалық практикадан автономиялы түрде зерттелді.
Қоғамдық өндіріс, ол уақытта кәсіпқойлықты онша талап етпеді.
Сондықтан қабілеттіліктің ерте дифференциясы туралы мәселесі кµтерілген жоқ
еді. Ал данышпандық және талант табиғаты шығармашылық мәселесімен
байланысты зерттелді.
Ерте уақыттан бастап, ХІV ғасырға дейін данышпандық тек өнерде
көрініс береді деген тұжырым қалыптасты. Мемлекеттік іс- әрекеттенушілерге,
әскери басшыларға, ғалымдарға данышпандық атағы берілмеді. Бірақ бұл
көзқарасты қайта қарастыруға талпыныс болды. Аристотель көркем
шығармашылықтың интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысын ескерген.
Созерцательная деятельность разума терминін енгізе отырып, ол адам іс-
әрекетінің түрлерін ерекшелеуге талпынды. Сананың мазмұнды іс-әрекеті
(ғылыми және көркемдік), оның ойынша кез-келген басқа іс-әрекеттен жоғары
рақымдылық іс-әрекеті (саяси және әскери) басқалардан әдемілігімен,
кеңдігімен ерекшеленеді. Осыған қарамастан Аристотельде шығармашылық
процесі белгілі бір деңгейде мистикалық көрінісін жоғалтады. Оның пікірі
бойынша шығармашылық бақылауға жүктелген. Ол өнер шығармашылығы қажет болып
табылатын ережелер, нормалар қатарына негіздеуге талпынды. Аристотель
көркем шығармашылықты оқу қажет деген талап қойды. 4
Ертедегі грек философтары данышпандылықты құдай күшімен пайда болды
дей келе, тәрбие мен білімнің маңызды екенін айтты. Бірақ олар талантты
дамыту үшін қоршаған орта мен оқытудың маңыздылығын құдайылық
қабілетілігімен салыстырғанда қосалқы, екіншілік деңгейдегі іс деп санайды.
Жаңа дәуірде дарындылықтың табиғатын испаниялық дәрігер Хуан Уарте
мәнді түрде түсіндірді. Ол Испаниялық империяның жаңа дәуірдегі
перспективасын мемлекеттік қызметте максималды түрде ерекше дарынды
балалармен байланыстырды. Оның зерттеуінің негізгі міндеті кәсіптік таңдау
мақсатымен қабілеттілігі даралық ерекшеліктерді зерттеу болып табылады. Бұл
зерттеу дифференциалды психологияның пайда болуына үлкен әсер етті.
Х.Уарте іс-әрекеттің кез-келген түрінде анықталатын негізгі
қабілеттіліктер сапасы ретінде қиял, ес және интеллектті бөліп көрсетті.
Оның ойынша, бұл қабілеттіліктің адамда көрініс беруі ми темпераменті
бойынша анықталады. Ол белгілі бір ғылым, өнер саласында талап етілетін
қабілеттіліктерге талдау жасаған. Осы мақсатпен қолбасшы, дәрігер, заңгер,
теологтар тағы басқа психологиялық портретін құрастырды. Х.Уарте талант
табиғаттан, генофонға тәуелді дей отырып, оның дамуы үшін тәрбие мен еңбек
қажет екенін айтты. Адамның табиғи қабілетіне сәйкес келетін мамандықты
таңдауда шатаспас үшін, кіші жасында көмектесетін әдейі ақыл-ойы мен білімі
жоғары адамдарды бөліп көрсету керек. Жеке тұлғаның қабілет және дарындылық
мәселесін Орталық Азия мен Қазақстанның көптеген ғалымдары мен ағартушылары
зерттеген.
Арабтың сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Ферғани, Әл-
Фараби, Ибн Сина, Беруни тағы да басқалар) философия, логика, химия,
астрономия, география, медицина, психология, сонымен қатар жасөспірімдерді
тәрбиелеуді дамыту үшін үлкен үлес қосты. 12
Осылай, Әл-Фараби Бақытқа жету туралы трактатында этикалық
сұрақтармен қатар, адам қабілеттілігіне , оқуды жақсарту мақсатындағы түрлі
тәсілдерді қолдануға назар аудартады.
Ғылымды дифференциациялаумен байланысты (ХІХ ғ.) психология мен
педагогикада адам психологиясы мен қабілеттілігі туралы зерттеу жұмыстары
жүре бастады. Қабілет түсінігінің алғаш негізін қалаушылардың бірі –
англиялық психолог Френсис Гальтон (ХІХ ғ.) . Ол адамдардың даралық
ерекшеліктер мәселесін зерттеді. Ф.Гальтон өзінің Таланттың тұқым
қуалаушылығы; оның пайда болуы мен заңдылығы атты еңбегінде қабілеттің
пайда болуының әдістемелік базасын негіздеді және келесі заңдылықтарды
бөліп көрсетті.
- Егер адам аса жоғары қабілеттерге ие болмаса, бір де бір адам қоғамда
жоғары дәрежеге ие болмайды.
- Тек жоғары қабілетке ие болатын адамдардың өмірбаянын талдай келе,
қабілеттің кез-келген деңгейі тұқым қуалаушылыққа негізделген деген
қорытындыға келеді. 13, 14
Э.Мейман (ХІХ-ХХ ғ.ғ.) дарындылықтың теориялық негізін зерттеуді
жалғастырды. Ол дарындылықтың туа біткен аспектілерін зерттей отырып,
осының негізінде нышан типтерін бөлді. Осымен қатар, Мейман табиғи,
жасанды моменттерді біріктіруге ұмтылды. Бұл феномен түрлерінен
дарындылықты ес, қиял тағы басқа даралық ерекшеліктерді зерттей отырып,
олар бөлек адамдарда кездесетінін анықтады, әрі адамдардағы дарындылықтың
деңгейін анықтауға көңіл бөлді. Э.Мейман дарындылықтың педагогикалық
аспектісін: тәрбие мен дарындылықтың, табыстылық және жұмысқа
қабілеттілігінің байланысын зерттеген. 15
Дифференциалды психологияның зерттелу көзі - адамның жекелігі болып
табылады, бұл істің бастауында неміс психологы В.Штерн (ХХ ғасырдың бірінші
жартысында) тұр. Ол ойлау қабілетін бағалаудың шараларын зерттеп, ойлау
қабілеттерін зерттеу үшін пайдаланған.
В.Штерн бойынша ақыл-ой қабілетінің белгілері ойлаудың қандай да бір
жаңашылдыққа бағытталуы (ақыл-ой қабілетін естен ерекшелейді) және сыртқы
жағдайға тәуелділікті мінездемелейтін (өмір талаптары , міндеттері) және
өзіндік шығармашылық мәні бар данышпандықты ақыл-ой дарындылығынан
ерекшелейтін үйренусішілік болып табылады. Үйренусішілік қабілеттің
жалпылық белгілері, ақыл-ой дарындылығын мінездемелік ерекшелігі бойынша,
ақыл-ой қабілеті бар ғана облыстың мазмұнын қамтумен шектелетін талант
ұғымын ерекшелейді. 16
Адам тек түрлі шарттардағы және түрлі облыстардағы жаңа талаптарға
оңай үйренісе алатын болса ғана, ақыл-ой дарындылығымен қамтамасыз етіледі.
Бұл белгілердің бөлінуі зерттелушілерде санадағы зерттеуді емес, ақыл-ой
дарындылығын зерттеуге мүмкіндік береді. Ақыл-ой дарындылығының
диагностикасын жасау үшін тесттер сериялары жасалды (Бине – Симон
әдістемесі).
В.Штерн психологиялық теорияда алғаш рет жеке тұлға біртұтастылығы
принципіне негізделген, қабілеттілік пен дарындылықты барлық психикалық
процестер мен жеке тұлғалық сапалармен тығыз байланыста қарастарады. 16
ХІХ ғасырда халықтық ағартуға байланысты, қазақтың орыс мәдениеті
негізделуіне, балаларды жүйелі дамыту және оқыту қажеттілігі туылғаннан
қазақ педагог-ағартушылары мен қоғамдық қызметкерлері әрекет ете бастады.
Осылай, Ы.Алтынсарин табиғи ойлау тек өзін қоршаған ортаны қамтамасыз
етуге қабілетті, ал оларды дамыту үшін және оның көрмегенін біліп, үйренуге
тек білім беру ғана қабілетті деген. Біз осыны саналы түрде түсінеміз және
осыған қарамастан өз балаларымыздың орысша-қазақша мектептерге береміз.
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбие мен оқытудың шешуші ролі туралы
мәселені өз шығармаларында Ш.Уәлиханов қарастырды. Оның ойынша, ақыл-ой
қабілеті мен деңгейі адам мәдениетінде негізінен тәрбиеге жүктелген.
Қазақтардың ақыл-ой қабілеті туралы, ең жоғары пікірде болды, қырғыз-
қазақтар табиғатынан ақылды және таң қаларлықтай әсерленгіш.
Абай Құнанбаев адамдарды қоршаған ортадағы обьективті шынайылылықтың
табиғи бөлігі дей отырып, балаға туғанынан білімге ұмтылу дарыны беріледі,
бірақ өсе келе, ол біртіндеп бұл дарынды жоғалтады. Ақынның тұжырымы
бойынша, сана мен ақыл-еңбек іс-әрекеті, еңбек процесінде қалыптасады.
Осылай, қазақ ағартушылары қабілеттің туа біткенімен келісе отырып, жеке
тұлғаның қалыптасуында тәрбиенің күші, еңбек іс-әрекеті және қоршаған
ортаның әсері бар деген. 12
Педагогикалық теория негіздерінің дамуына Қазақстанда ХХ ғасыр
басында өмір сүрген қоғамдық қайраткерлер, педагогтар (Ж.Аймауытов,
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев және т.б.) маңызды әсер етті. Олардың
психологиялық-педагогикалық және әдеби еңбектерінде баланың қызығушылығы
мен қабілетінің қалыптасуы, олардың оқудағы мәні туралы пікірлері дамиды.
12, 18
Ж.Аймауытов өзінің Психология және мамандықты таңдау оқулығында
эксперименталды зерттеу негізінде жастарға мамандықты дұрыс таңдауға
кеңестер береді. Оның айтуынша, кәсіпкерлікте, темперамент, қабілет, мінез
және ерік сияқты жеке сапаларды ескеру керек.
Ж.Аймауытов адамда нәрестелік шағынан бастап белгілі бір мамандыққа
тұқымқуалаушылық қабілеті болады, - дейді. Ол жастарға қоғамнан табиғатына
сәйкес орынды алуға кеңес береді. 12
М.Жұмабаев Педагогика кітабында, жалпы адамның рухани дамуы туралы
айта отырып, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесін бөліп көрсетеді.
Жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесін ол интеллектуалды қабілеттердің дамуымен
тығыз байланыстырады. Ақыл-ой тәрбиесі, оның пікірінше, мыналарды жүзеге
асыру керек: интеллектуалды мәдениет, таным мотивтері, ақыл-ой іс-
әрекетінің дағдыларын дамыту керек. 18
Дарындылық теориясының негіздері Совет психологтарымен өңделген.
Л.С.Выготский, Б.Т.Ананьев, В.Крутецкий, Н.С.Лейтес, В.М.Теплов және т.б.
психологиялық концепциялары интегралды жеке тұлғалық білім ретінде
дарындылыққа жүйелік көзқарас қалыптастырды және адам қабілетінің
құрылымдық компоненттерін анықтады. Дарындылық мәселесіне шетел ғалымдары
К.Абрамс, Ф.Гальтон, М.Кране, Э.Мейман, Дж.Рензулли, Э.Торндайк, К.Тэкээк,
В.Штерн т.б. да өз зертеулерін арнаған. Олар дарынды балаларды
эксперименталды және қолданбалы зерттеу бөлігіне көп үлес қосқан және олар
осыған байланысты тест әдістерін өңдеген. 7,11,13,16,19,20
Қабілеттілік және дарындылық мәселесін совет психологиясында 40-50
жылдары Б.М.Теплов ерекше зерттеген. Ол қандай да бір күрделі іс-әрекеттің
орындалуы үшін, тек қана қабілеттілік емес, оның толық қатары қажет екенін
дәлелдеген. Іс-әрекеттің табысты орындалу мүмкіндігіне тәуелді болатын
қабілеттіліктің өзіндік сапалы байланысын, ғалым дарындылық деп атады.
Б.М.Теплов дарындылық түсінігінде белгілі іс-әрекеттегі табиғи нышан
болмысына ерекше көңіл аударды. 21
Сол жылдардағы оқулықтар мен оларға қосымшасының авторлары да осындай
көзқараста болды. Л.А.Рудик дарындылық терминімен қабілеттіліктің дамуына
алғышарт болып табылатын, туа біткен қабілеттілік деп, ал Н.Д.Левитов
аналитикалық- физиологиялық нышан бейнелейтін қабілеттіліктің табиғи қоры
деп, ал Г.И.Иванов дарындылықты – адам дамыған кезде қабілеттілікте
көрінетін туа біткен ерекшеліктер деп түсіндіреді.
В.А.Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеу
жұмыстарында былай дейді: Егер қабілеттілік сөзімен белгілі психикалық
қасиеттерді атайтын болсақ, дарындылық деп – адамдағы қабілеттердің өзіндік
байланысын, бірлігін атау керек. Ол сонымен қатар бұл феноменді зерттеу
кезінде іс-әрекеттегі қоғамдық - тарихи өзгерістерді және олардың
табыстылығын бағалауды ескеру керек. 4
Дарындылыққа А.Т.Асмолов жұмыстарында мәнді, аса терең түсінік
берілген. Ол бұл феноменнің табиғатын түсіндіруге көңіл бөлген. А.Т.Асмолов
ғылыми зерттеулерде үш түрлі көзқарас бар екенін көрсетеді, яғни генді,
әлеуметтік, тарихи–эволюциялық қатынасқа, герменевтикалық парадигма
біріншілік түсіндірушілер дарындылық мазмұнында генетикалық алғышарттар
негізі дейді. Екіншілік түсінікті жақтаушылар адамнан психиканы тіптен
бөліп шығып, өз зерттеулерінде дарындылықтың қалыптасуына бағытталған
әлеуметтік манипуляция әдістерінің ізденісіне көңіл бөліп, қоршаған орта
факторын басым етеді.
А.Т.Асмолов тарихи-эволюциялық қатынастың герменевтикалық
парадигмасы ретінде белгіленген позициясы дарындылық феноменін қарастыра
отырып, генетикалық нышанды болжайды, бірақ детерминациялайтын күш ретінде
емес. 14 Бұл позиция дарындылықтың мәдени мінезін басым етіп,
Л.С.Выгодскийдің мәдени-тарихи теориясына бағытталған. Дарынды және басқа
балалар арасындағы терең айырмашылық (натуралды) табиғи процестерге емес,
оларды түрліше қолдануға белгілі мәдени тәсілдерді қолданылуға
бағытталған. 15
Жақындағы перспективада осы түсінік бойынша аса маңызды теориялық
зерттеулер жүргізіледі деп күтуге болады. Бірақ қазірде тап осы теория
балалар мен олардың педагогтары принциптеріне дискуссиялық қарым-қатынасты,
біріккен ізденіс іс-әрекетіне негізделген. Дарындылықты дамытуға арналған
бағдарламалардың табыстылығын түсіндіре алады.
Дарындылық және қабілеттілік түсініктерінің мінездемесімен байланысты
шығармашылық, талант, данышпандық сияқты феномендерге тоқталмауға болмайды.
Шығармашылық – бұл жеке тұлғадағы қабілеттілік, мотив, білім дағдының бар
болуы. Олар арқылы жаңалықпен, оригиналдылылықпен ерекшеленетін продукт
құрылады.
Талант - қабілеттіліктің жоғары деңгейі. Ол шығармашылық есеп шешуді
талап ететін суретші, ойлап тапқыш ғалым, кез-келген маман төрағасы, еңбегі
продуктісінің оригиналдылығымен мінезделеді. Талант кез-келген аумақта
қабілеттіліктің бірнеше қатарымен орындалады.
Данышпандық – қоғамдық өмірде тарихи мағынасы бар шығармашылықта
көрінетін дарындылықтың жоғары сатысы. Данышпан өз аумағында жаңалық
туғызады. 12,22,23

ІІ ДАРЫНДЫЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ГЕНЕЗИСІ

2.1 Дарындылықтың негізгі түрлері

Дарындылық түрлерінің дифференцияциясы сыныпификацияға негізінделген
критерий бойынша анықталады. Дарындылықта сандық және сапалық аспектіні
бөлуге болады.
Дарындылықтың сапалық мінездемесін талдау бойынша түрлерді адампың
психикалық мүмкіндіктерінің спецификасына және оладың қандай да бір іс-
әрекетте көрінуіне байланысты бөлуді ұсынады. Дарындылықтың сандық
мінездемесін талдау адамның психикалық мүмкіндіктерінің деңнейін сипаттауға
мүмкіндік береді.
Ғалымдар дарындылық мәселесін зерттей келе, оның жалпы және әдейі
немесе арнайы түрін бөліп көрсетеді. Дарындылықтың 2 түрі де іс-әрекеттің
әр түрлілігі мен формасында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Осылай,
жалпы ақыл-ой дарындылығы іс-әрекеттің барлық түрімен қамтамасыз етілгенде
ғана орындалады. Олардың табысты орындалуы үшін белгілі ақыл-ой сапасы,
ақыл-ой құндылығы қажет болады. 14
Арнайы дарындылық, өзі ерекше ашылып көрінетін белгілі іс-әрекет
түрлерімен байланысты (математикалық, техникалық, музыкалық, сурет салу
өнері, ақындық дарындылық және т.б.).
Кәсіптік қабілеттерді зерттеумен танымал ғалым Ч.Спирмен ақыл-ой
энергиясының жалпы факторы бар екенін көрсетті. Ол фактор түрлі іс-
әрекеттің табысты шешілуін анықтайды. 12
Жалпы ақыл-ой дарындылығы ақыл-ой жетістігі талап етілетін жағдайдың
бәрінде болады (жалпы сұрақ -әр түрлі жаттығуда индивидтің ақыл-ой қабілеті
мүмкіндігінің бірдей болмауы). Мектептің жалпы білім беру шартындағы
оқушылар арасындағы ақыл-ой қатынасы бойынша ерекшеліктер жоспарда бірінші
орынға шығады.
Мектепте орташа оқитын оқушыны бағалау негізінде бағдарлау өткен
уақыттарда қалды. Қазір біздің қоғамның жаңа дамуында құрбыларын интеллект
белгілерін көрсете отырып, озық еткен балаларға көңіл аудару – мектептің
көкейтесті міндетінің бірі болып табылады.
Жалпы ақыл-ой қабілеттілігіне біршама психологтардың зерттеу
жұмыстары арналған. "Ақыл-ой мүмкіндігінің біртұтас сипаттамасын, жиі
интеллект сөзімен белгілейді. Психологияда бұл термин аумағында дау-
жанжал туылуда: интеллект құрылымының күрделілігі анықталуда, оның әр түрлі
сапалы түрлері бөлінуде. Бірақ бұл терминнен бас тарту дұрыс емес секілді
көрінеді. Ол таным және шығармашылық мүмкіндіктердің өзіндік деңгейін
белгілеуге арналады (ақыл-ой сферасында), яғни көбіне ақыл-ой дарындылығы
түсінігінің термині ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарындылық туралы түсінік
Дарынды балаларды тәрбиелеу жолдары
Дарындылық мәселесіне шетел ғалымдары
Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi жайлы
Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі
Оқушылардың дарындылық мәселесінің теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілетін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту
Дамыта оқытудың шығармашылық қабілеттерді қалыптастырудағы ғылыми-теориялық негіздері
Дамыта оқыту шығармашылық қабілеттердің теориялық мәселелері
Шағын кешенді мектептерде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
Пәндер