Бала тәрбиесі бір өнер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Шағын мектепте педагогикалық процесті- ұйымдастырудың көкейкесті мәселелері

МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе

І ТАРАУ. Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.
1. Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың мәні,
маңызы, ерекшеліктері
2. Шағын мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастырудағы
мұғалімнің алатын ролі.

ІІ ТАРАУ. Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастыруды ЖЕТІЛДІРУ
жолдары
1. Қазіргі білім беру жағдайындағы шағын мектептің көкейкесті
мәселелері және оны шешу жолдары.
2. Қазіргі шағын мектептердегі педагогикалық процесті ұйымдастырудың
ерекшеліктері.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты: Шағын мектептерде педагогикалық процестің
маңыздылығын анықтау.
Кез келген қоғамның өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орнын
алуы оның білім деңгейіне байланысты. Сондықтан Қазақстан өз тәуелсіздігін
жариялаған күннен бастап білім беру ісін реформалауға кірісті. Білім
туралы Заң қабылданып, жалпы білім беру жүйесіне бағытталған
тұжырымдамалар, мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар және төл
оқулықтардың жазылуы - орта мектеп өміріне қатысты реформалардың жүргізіліп
жатқандығының айқын куәсі.
Қазіргі кезде, яғни, өтпелі кезеңде өмір сүріп отырған республикамыз
әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басынан кешіруде. Бұл дағдарыс білім
беру жүйесіне, әсіресе, ауыл мектептеріндегі білім сапасына кері әсерін
тигізбей отырған жоқ. Бұрынғы ірі шаруашылықтар ұсақ кооператив, фермерлік
шаруа қожалықтарына ұласуына байланысты ауыл тұрғындары жұмыссыздыққа
ұшырап, қалалы жерлерге қоныс аударуда. Соның салдарынан орта мектептердің
көпшілігі шағын жинақталған мектептерге айналды.
Соңғы алынған мәліметтер бойынша республикамызда жалпы орта білім
беретін 8246 мектептің 3906-сы шағын жинақталған мектеп. Осы айтылып
отырған шағын жинақталған мектепке мынадай түсінік беруімізге болады:
1) оқушы саны өте аз мектеп;
2) қатар оқитын сыныбы жоқ мектеп;
3) оқушы саны аз болғандықтан, әр деңгейдегі сынып оқушылары
біріктірілген мектеп.
Шағын жинақталған мектептердегі мұғалімнің жұмысы орта мектепте бір
сыныппен жұмыс істейтін мұғалімге қарағанда әрі ауыр, әрі қиын екендігі
белгілі. Сол себепті мұндай мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру аса
шеберлікті қажет етеді. Соңғы кездердегі ғалым-әдіскерлеріміздің жүргізген
зерттеулеріне жүгінсек, шағын жинақталған мектептердегі бір мезгілде
қатарынан оқылған әр деңгейдегі сынып оқушыларының білім деңгейі жалаң
оқыған сыныптың оқушыларына қарағанда тиянақты да терең екендігі байқалады.
Өйткені қатар оқылған сыныптардағы оқушылар тапсырманы өз бетінше істейді
және теорияны тәжірибемен байланыстырады. Олар мұғалімнің басшылығымен әр
түрлі өздігінен істейтін жұмыстың түрлеріне төселіп алады.
Шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын ертеректен бері
жүргізіп келе жатқан шетелдіктердің, атап айтсақ Батыс Еуропа, Австралия,
АҚШ, Канада, Қытай, Жапон, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінің іс-
тәжірибелерімен таныса отырып, шағын жинақталған мектептерге жаңа
педагогикалық технологияныңаса қажет екендігіне көз жеткіздік.
Сыныптардағы оқытуды көлденең және тік түрінде ұйымдастыруға
болады. Мысалы, бір сыныпта мазмұны ұқсас тақырыптарды біріктіріп отырып
жүргізеді немесе әр деңгейдегі оқушылар жұптаса отырып әр пәндердегі ұқсас
тақырыптарды біріктіре жұмыс жасайды. Көлденең және тік бағыттарда
оқытуды ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігін аса қажет етеді. Мұның түрлі
тәсілдерін қарастыруға болады. Химия пәні бойынша қазіргі оқытылып жатқан
аударма оқулықтарда тапсырманы алмастыру әдісі арқылы 8-11 сынып
оқушыларына Периодтық заң, Атомның құрылысы тақырыптарына тік бағытының
бір вариантын қолдануға болады. Сегізінші сынып оқушылары тақырыпқа талдау
жүргізеді, ал 11-сынып оқушылары бұл тақырыптарды қайталайды. Сабақты
жүргізу барысында дидактиканың түрлі міндеттері: жаңа материалды түсіндіру,
тақырыптағы берілген маңызды түсініктермен жұмыс жасау, жалпы оқыту және
оқушылардың пәндік біліктілігі, сонымен қатар химиялық есептеулер мен сара
мандық біліктері мұғалімнің басшылығымен шешіледі.
Қазіргі кездегі заман талабына байланысты шағын жинақталған
мектептерге сабақ беретін мамандарды даярлау - кезек күттірмейтін істің
бірі.

І ТАРАУ. Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың мәні,
маңызы, ерекшеліктері

Қазақ мектебінің мәселесі - қазақ елдігінің ұлттық, мемлекеттік
деңгейдегі ең басты мәселесі. Ұлы жазушы М.Әуезовтің Ел боламын десең,
бесігіңді түзе, -деген ұлағатты сөзінің мәні ерекше.
Қазақтың дарынды, таңғажайып талантты ақыны М.Жұмабаев: Әрбір елдің
келешегіне негіз - балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебінде салмақ.
Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе. Бұл ескірмейтін
игі сөз, өзгермейтін шындық. Тарихты ақтарған кісі мұны біледі.
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде
құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік, хәм өз жанымызға,
үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге
болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт.
Осы сөздерді оқып отырып, ұлылардың ұлылығының өзі - осылай өз
заманының шегінде қалып қоймай, әр дәуір, әр кезеңде қайта жаңғырып жаңа
ой, жаңа соз айтуында, кейінгі буынның көкейіндегісін, көңіліндегісін
табуында ғой деп ойлайсың. Ғасыр басында айтылған Мағжандай ақынның, ел
азаматының сөзі бүгінгі күні де көкейіміздегі ойды тап басып тұр.
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық негізін қалыптастырып,
дамытудағы, оны жалпы адамзаттық мән-мазмұнымен байыта түсуге бағытталған,
әлеуметтік жаңа ахуал қалыптасып келеді. Бір кездерде идеологиялық
институтқа айналдырылған мектеп қазіргі мәдениеттің шамшырағының
қасиеттерін өз бойына жинақтай бастады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп
отырғандай, жалпы адамзаттық өркениет пен ұлттық мәдениетке бағытталған
мектептің негізінде халқымыздың сан алуан жылдар бойы арман-мүддесін жүзеге
асыратын мемлекеттік саясат қажет.
Білім беру саласында мемлекет үшін жеке адамның, әрбір азаматтың
мүддесін жоғары қою идеясы іргелі қағида болуы тиіс. Жеке тұлға мүддесінің
жоғары тұратындығы - әрбір азамат өзінің мәдениетін түлетуі, сақтап
дамытуы. Сондықтан мектеп қандай болуы керек? Қандай бағытта ұрпаққа білім
беріп, тәрбиелеу керек, деген сұрақ туады.
Жаңа кезеңде бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу
керек. Бала тәрбиесі бір өнер. Сондықтан ұлттық мәдениетті- ұлттық
педагогиканы, әдет-ғұрып, халық мұрасын пайдалану арқылы имандылық пен
ізгілікті, рухани байлықты қастерлейтін, Отанын қадірлейтін адам тәрбиелеу.
Ол үшін білім беретін мектебімізді жаңа типпен, білім беруді жаңаша әдіс-
тәсілмен жүргізуіміз керек. Мектеп бұрынғыша үш сатылы болып қалғанмен,
оның әрқайсысына жүктелгеи міндеттерінің өзгеруіне байланысты жаңа
құрылымды оқу орнына айналуда.
Білім мазмұнындағы басты жаңалық - білім беруді ізгілендіруде саралап
оқыту. Яғни, баланың талантына, дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық
тәрбие, салт-дәстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып, жеке тұлға
қалыптастыруға бағыттау. Басты мақсатымыз: баланы әуелі мейір, шапағатқа,
онан соң ақыл-парасатқа, ақырында еңбекке баулу болып отыр. Өйткені,
адамзат өміріндегі жинақталған әлеуметтік тәжірибе - мәдени мұра десек,
білім мазмұнын оның психологиялық-педагогикалық заңдылықтары негізінде
іріктеліп, оқушының танымдық мүмкіндігіне бейімделіп берілген.
Сондықтан оқушыларды қабілетіне сай топтап оқыту, мемлекеттік білім
мазмұнын сақтай отырып, жоғары сыныптарды гуманитарлық, политехникалық және
көркемдік-эстетикалык бағыттарға жіктеп оқыту, сондай-ақ төменгі сыныптарға
риториканы енгізу, шешендік сөз, логиканы оқыту, бастауыш сыныптардан
бастап компьютермен таныстыру, информатиканы оқытудың мәні ерекше. Әсіресе,
нарықтық қатынасқа көшуге байланысты еңбекке тәрбиелеудің жаңа мазмұны мен
әдістемесіне нақты өзгерістер енгізу дағдылары мен икемділікті
қалыптастыру, мамандықты саналы таңдау адамның адамгершілік және
интеллектуалдық жағынан қалыптасуына игі қадамдар жасау. Еңбек тәрбиесіне,
оқушылардың бойында жерге, өндіріске, қоғамдық пайдалы еңбекке деген
сүйіспеншілікті қалыптастыру, нарық қатынасы, шаруашылық есеп, еңбек
өнімділігі, өнімнің өзіндік құны туралы түсініктер беру, оларды жалпы
бизнеске баулу болып отыр. Мектеп кәсіпкерлер ассоциациясы құрылып жұмыс
істей бастады. Жаңа экономикалық жағдайда маркетинг және менеджмент
курсы ұйымдастырылып, жүргізілуде.
Жалпы адамның сана-сезімі, көзқарасы, оның дүииетанымы әлемдегі шешуші
факторлардың бірі болып келе жатқаны сөзсіз. Демек, мектепте психология
пәнін оқытудың маңызы өте зор, біз оқушыларды күнделікті өмірде болып
жатқан құбылыстарды дұрыс талдауға, қоғамдық-әлеуметтік және саяси
оқиғаларды сараптауға үйрету үшін мектептерде жеке пән ретінде оқыту -
бүгінгі күннің басты талабы. Себебі: өзіңді тани білу, өзіңді-өзің
тәрбиелеуге ықпал етсе, өмірде орныңды адаспай, қателеспей тануға септігін
тигізсе, жолдастарымен дұрыс қарым-қатынаста болуға мүмкіндік берері
сөзсіз. Сондықтан ұлы ойшыл Сократтың айтуынша, Өзіңді таны деген
қағидасында телегей-теңіз мағына бар. Әлемдік өркениетке ұмытылған сәтте
бұл уәж алдымыздан шығып отыр. Өйткені біз, ең алдымен, ұлттық
ерекшеліктеріміз халықтық психологияны терең біліп алмай, іргелі
мемлекеттермен терезе теңестіре алмаймыз.
Сонымен егемен еліміздің мектебі өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басуда.
Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктерімен, ақпараттарды қабылдау
қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы
білім беру бағдарламаларының нақтылануымее байи түсуде.
Сабақтардың сапасын жетілдіру мен көтере түсу үшін сыныптан тыс жұмыс
және факультативтік оқуларды жүргізу тиімді болып отыр.
Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып
қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне
сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным-мағлұматтары,
дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға
ауысып отырды. Адамзат қоғамының, ғылым -білімінің дамуына байланысты
тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің
қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып,
педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің
ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп
жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та
бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғары дәрежелі білім беретін
кәсіптік оқу орындарының жұмысы мен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелерін
зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас пікірлер,
оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана
терминологиялық тұрғыда айтылып келеді. Өйткені, оқулықтар мен оқу
құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі анықтамалардың өзі
авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин
жөніндегі мұндай талас пікірлер педагогика ғылымының дамуына игі әсерін
тигізбейді.
Қазіргі кезеңде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде.
Осыған орай, педагогиканы тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек
қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы — тәрбие. Педагогика
қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан педагогика
жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие — жастарды әлеуметтік
өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету
процесі.
Педагогика пәнін және оны зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең
алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы,
философияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, экономикалық
теорияларда — қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, ал
педагогикада — тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Ұғымдар (категориялар) — объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және
қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің
санамыздың сатылары.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара
байланысын танимыз. Педагогикада мақсат, құрал, тәсіл, даму және
қалыптасу сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ, олар барлық ғылымдарға
ортақ ұғымдар. Біз оларға да оқу, тәрбие тақырыптарына сәйкес тоқталамыз.

Педагогикалық ұғымдардың бірі — тәрбие. Тәрбие жайында осы уақытқа
дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек
адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда
бала пассивті объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің
субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау
рөлін атқармайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай
деп анықтама берушілер де кездеседі. Бұл жерде балаға толық ерік беру
мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің рөлі бүркемеленіп, елеусіз
қалып отыр.
Кейбіреулер тәрбиені практикалық тұрғыдан бір жақты жалаң тәжірибеге
сүйеніп түсіндірмекші. Мұндай пікірді қуаттаушылар прагматистер. Олардың
айтуынша тәрбие баланы тұрмыс қалпына бейімдейді, сондықтан ол өзінің күнін
көруге пайдасы бар білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруі қажет. Осы
жағдайда бала жеке басының қамын ойлап, өзімшілдік мүддесін
қанағаттандырады деп дәлелдейді.
Педагогика ғылыми тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория,
өйткені тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырып
түсіндіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі
мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай, бір жерде тұра берген болар
еді деді В. И. Ленин. Сондықтанда Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік
категория деп тұжырымдайды.
Тәрбие жайында К. Д. Ушинский: ...мектеп, тәрбиеші не ұстаздар —
адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес оның сонша күшті, ал мүмкін
және әлде қайда күшті тәрбиешілері: табиғат, үйелмен, қоғам, халық...
және оның тілі болады, — деді.
Ушинскийдің түсінуі бойынша бұл факторлардың әсері
педагогикалық талаптардан басқа (әр түрлі дәстүр, үйелмен ішіндегі
қарым-қатынас және т. б.) себептерге де байланысты. Тәрбие терминің
әрдайым тар мағынада тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада өмір тәрбиелейді
деп қолданады. Мұның тәрбие жайындағы жалпы ұғымды анықтауда зор мәні
бар.
Тар мағынада тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата-аналармен
бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие
жұмыстарымен бір ғана мұғалім және ата-аналар шұғылданып қоймайды.
Тәрбие — көптің ісі. Сондықтан тәрбие мәселелерімен кәсіподақ ұйымдары,
қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық болып айналысады.
Олай болса тәрбиені кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп
пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін
ықпалы деп түсіну керек.
Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын,
білімін, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру
мен дамыту процесі. Оқыту - қоғамдық құбылыс түріндегі мақсатты
бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі,
қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған
ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту, білімдерді аға ұрпақтың
өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын,
қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес
дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні
осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі - өзара
әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен
ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатқа
ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері,
басты екі мақсатқа незілделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын
дидактикалық мақсаттары:
- білім беру - бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін
меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің,
дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, денелік және еңбек
қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
- тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін,
белсенді шығармашылыгын және әлеуметті кемелденген жогары адамгершіліктегі
үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және оқыту процесі
немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту
жағдайларының толық педагогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің
үзіндісі, актісі ретінде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-
әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін ''қызмет'' ұғымы тығыз
байланысты. Оқытудың қызметі окыту процесінін мәнін сипаттайды.
Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның
қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші
кезектегі біршама мәндісі - оқушыларда білімділерді, дағдыларды және
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру
қызметі). Оқытудың екінші қызметі - оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
(тәрбиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған
орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай
біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын
және оның өз бетінше ойлауын дамыту қызметі атқарылады (дамыту қызметі).
Адамның дамуы - бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық
сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын
білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың профориентациялау қызметінің де мәні
зор.
1.2 Шағын мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастырудағы
мұғалімнің алатын ролі.

Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі
мол шығармашылықты сүйеді. өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен
әлеуметтік іс - әрекетіне дайындау – мұғалімдерді көп іздендіріп,
ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта немесе
жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен
оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы
тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің
теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола
алады.
Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен
жүйеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы
түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың
жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұиысында
белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет –
оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете
білуге үйрету және тәрбиелеу.
Ұзтаз бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман
дамуынан артта қалмастан, өзін - өзі жан –жақты дамыту үшін саяси – идеялық
дәрежесін, ғылыми – теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе –
күн жетілдіріп отыруға талаптанады.
Мұғалім өз мамандығына байланысты ғылыми – теориялық мәселелерді,
жоғары оқу орнына қойылатын талаптарға сәйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің
теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан
– жақты дамытатын, тәрбиелеуге шамасы келмейді. Ал мұндай жағдайды
болдырмау үшін мқғалім үнемі ізденіп істейді. Сондықтан оның шығармашылық
іс - әрекеттері, мысалы, арнаулы әдебиеттер мен пәндік журналдарда
жарияланатын ттың мәселелермен таныс болуы, ғылыми семинарлар мен
конференцияларға белсене қатысып үлес қосуы ой - өрісін кеңітеді.
Қазіргі кезде ғылымның соңғы табыстарына негізделіп мектеп өмірінде
жүзеге асырылатын ең басты мәселелер: оқытудың ғылыминегіздерінің өмір және
еңбекпен байланыстылығы; оқытудың политехникалық принципі; арнаулы
факультативтік курстар; бағдармалап және дифференциялық оқыту; қоғамдық
пайдалы және өнімді еңбектің оқу мен тәрбие жүйесінде орын алатын; сқыту
машиналарын кеңінен қолдану т. б. болып отыр. Осы мәселелерді іс жүзінде
асыру мұғалімнің тікелей психологиялық педагогикалық білім деңгейіне
байланысты. Сондықтан ло балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып,
физиология, психология және педагогика ғылымдарындағы құбылыстардың негізгі
ұғымдарын, заңдылықтарын, принциптері мен ережелерін және олардың табиғи
байланыстылығын, атақты физиологтар И.М. Сеченов, И. П. Павлов, белгілі
психологтар А.А. Давыдов, А.А. Смирнов, М. Н. Скаткин, тағы басқа
ғалымдардың еңбектерін өол үзбей оқып терең меңгереді. Сонда ғана мұғалім
шығармашылық еңбектің тамаша шебері бола алады.
Мектеп өмірінде осыған керісінше фактылар да жиі кездеседі. Кейбір
мұғалім өздігінше теориялық білімін одан әрі дамытумен шұғылданбайды,
жаңалықтармен сирек танысады. Осының нәтижесінде өмір ағымынан артта қалып,
өз жұмысында ұлкен олқылықтар, керек десе, қателіктер жібереді. Бақылау
мәліметтеріне қарағанда мұндай мұғалімдердің оқушыларға жүйелі тәрбие
берудің орнына ұзақ, зеріктіретін, нақыл сөздерді көп айтып, моральдық
нормалар мен талаптарды үстіртін үйретумен шектелетіндігі және әр баланың
табиғи дербес ерекшеліктерін (нышан, темперамент, мінез) еске
алмайтындықтары байқалып келеді.
Міне, мектептерде педагогикалық процесті мақсатқа сәйкестік принциппен
жүзеге асыру үшін әрбір мұғалім тәрбие әдістерә мен тәсілдерін саралап
алумен бірге, тиімді етіп қолдануды да қамтамасыз ету тиіс. Осындай
жағдайда оқушылардың дара қасиеттері мұғалімдердің басшылығымен
жүргізілетін түрлі жұмыстарының ықпалымен дамып жетіледі.
Педагогикалық процесте озат тәжірибені кеңінен қолданудың маңызы зор.
өйткені терең білім мен тәрбие беру, педагогикалық озат тәрбиені зерттеу,
жинақтау және таратудың нәтижесі мұғалімдердің шығармашылық ісінің жемісі.
Психология ғылымдарының докторы, профессор Ш. А. Амонашвили 20 жылдан
астам алты жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөнінде
зерттеу жұмысын жүргізіп, бастауыш сыныптар мұғалімдері үшін Как живете,
дети?, Здраствуйте, дети! атты құралдарын жазады. Осындай
щығармашылықпен еңбек етіп, оқыту мен тәрбие проблемаларына елеулі үлес
қосып жүрген жаңашыл мұғалімдердің іс – тәжірибесі мектептер үшін зор
сүйеніш.
Кейбір педагог – ғалымдардың зерттеу мәліметтері бойынша шығармашылық
тұрғыдан педагогикалық міндеттердің үш түрін атауға болады.
Тактикалық (тактика – қандай болса да мақсатқа жетудің жолдары немесе
әдістері) міндеттер жүйесі арқылы стратегиялық міндеттер анықталады.
Мысалы, тәрбиелеу және оқушыларды еңбекке баулу мәселелері жөнінде мұғалім
мынадай тактикалық міндеттерді іске асыруы тиіс. Олар: оқушылардың өмірге,
түрлі іс - әрекеттеріне көз қарасын белсенділігін, ынтасын арттыру, сынып
құжаттарында оқушылардың әлеуметтік пікірін қалыптастыру, оқушылардың
өзіндік басқаруының рөлін көтеру және т. б.
Статистикалық (стратегия - қандай болса да мақсатқа жетудің басшылық
өнері) міндеттерді шешу ұзақ уақытты талап етеді. Мысалы, мұндай
міндеттерге жеке адамның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуы, оқушыларды өмірге,
еңбекке баулу және олардың өзара қарым – қатынасы және т. б. жатады.
Бұл міндеттерді шешу үшін оқушылардың, олардың ата – аналарының, сол
сыныпта істейтін мұғалімдердің және шефтердің іс - әрекеттерін нақты
жоспарлап, үйлесімді етіп, іске асыру қажет.
Оперативтік міндеттер – бұл іс әрекеттерін тікелей орындау, яғни
тактикалық міндеттерден оперативтік міндеттерге көшіп, мәселелерді
балалардың қатысуымен дереу шешу.
Әрине, бұл міндеттерді оқу – тәрбие процесінде шешу мұғалімдердің
іскерлігіне, тәжірибелігіне, терең және берік біліміне тәуелді.
Сабақты ғылыми - әдістемелік деңгейде өткізу үшін мұғалім өзінің
жұмысын жоспарлауы тиіс. Оқыту жұмысы тақырыптық жоспар оқу бағдарламасы,
оқулық, оқу құралдары негізінде жарты немесе толық оқу жылына жасалады.
Сабақ жоспары – бұл әр сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізі
формасы.
Сабақ жоспары бойынша мұғалім:
a) қосымша тақырыбы бойынша оқулықты, оқу құралын және түрлі
қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін (дайындығын)
тексереді;
b) алдын – ала есептер шығарады, жаттығуларды дайындап,
тәжірибелерді істейді.
жабдықтарды тексереді.
Сабақты егжей – тегжейіне жете қарап өткізуді дұрыс ойластыру,
оның мақсатының табысты болуының кепілі. Сабақты жоспарлау негізінде өткен
сабақтардың нәтижелерін, есепке алып, мұғалім әрбір сабаққа дайындалады. Ең
алдымен сабақ тақырыбын және оның міндеттерін анықтайды. Сабаққа
дайындалудың басты компененттерінің бірі – оқу материалын таңдап алу. Бұл
жерде сабақтың идеялық – теориялық бағыты анықталады, сабақта негізгі
идеялар, ұғымдар заңдылықтар, тарихи және политехникалық мәліметтер
айтылады. Мұғалім сыныпта оқушылардың танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруды
ойластырады, оқытуды ұйымдастырудың формалары мен функцияларын пайдаланады.

Сабақта оқыту әдістерін тақырыптың мазмұнына, оқушылардың
мүмкіншіліктерінесәйкес таңдап алу, сол сияқты көрнекі және техникалық
құралдарды күні бұрын дайындау сабақ мақсатының жемісті болуының негізгі
шарттарының бірі.
Келесі сабаққа дайындалу үшін бүгінгі өткен сабақты талдау қажет.
Талдауда қандай мәселелерді еске алған жөн:
- тақырып мазмұнын оқушылар қалай игереді;
- сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі;
- сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешіледі;
сабақтың жақсы жақтары мен кемшіліктері;
- сабақ процесінде болған кемшіліктерді келесі сабақтарда болдырмау
жолдары.

Сабақты осындай тәсілдерді пайдалана өткізу мұғалімнің ғылыми -
әдістемелік, зор педагогикалық шеберлігін сипаттайды. Ал, педагогикалық
шеберлік дегеніміз оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекше өнері.
Педагогтық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдарын атауға
болады.
Ең алдымен мұғалім ғылыми философиялық ілімді табандылықпен оқып
үйренуге тиіс. өйткені мектептегі оқу және тәрбие жұмысының жемісті, әрі
нәтижелі болуы мұғалімнің жалпы сауаттылығымен идеялық ұстамдылығына
байланысты.
Мұғалім мамандығы бойынша өз пәнін қазіргі заманғы ғылым мен
техниканың өскелең талаптарына сәйкес дәрежеде білуге тиіс. Ғылым дамыған
сайын болжамдардың дәлелденіп, теорияға айналуы және жаңа фактылар мен
заңдылықтардың ашылуы кеңейген сайын мұғалімге қойылатын талапта арта
түседі.
Мұғалім институттан алған білім көлемімен шектеліп қалмайды. Ол
өз пәніне байланысты әдебиеттерді үнемі зерттеп, терең білуге тырысады,
оларға библиография жасап отырады. Мұның бәрі оқу жұмысын ұйымдастырудың
негізгі принциптері мен формаларын шығармашылықпен пайдалануға зор
мүмкіндіктер береді.
Мұғалім пән аралық байланыс принципин іске асырудың сара
жолдарын іздестіреді. Сондықтан, ол өз пәніне тікелей қатысы бар пәндердің
оқу материалдарын бағдарламаға сәйкес жетік білуге тиіс.
Мысалы, 8 сыныпта Д. И. Менделеев жасаған периодтық заң химиялық
элементтердің пеиродтық жүйесі және заттардың құрылысы өтіледі. Осы
материал бойынша оқушылар алғашқы ұғымды 7 сыныпта физика курсының электр
тарауын оқығанда алған болатын. Сондықтан мұғалім химия сабағында заттардың
құрылысымен оқушыларды жан – жақты таныстыру үшін Электр тарауындағы
атомның ядро моделі, сутегі, гелий, литий элементтерінің атом құрылысын
атомдардағы электрондардың саны мен ядро заряды жайындағы мәселелерді
олардың естеріне салады. Оқушылар сабақ процесінде мұндай бір – бірімен
байланысы бар пәндердің материалдарын жеңіл ұғады.
Шектес пәндер материалдарын сабақ үстінде жүйелілік және логикалық бір
ізгілікпен байланыстырып өту үшін мұғалім арнаулы жоспар жасап онда оқу
бағдарламаларына лайық пән аралық тақырыптарды сыныптар бойынша іріктеп
алады да олардың өту мерзімдерін нақты көрсетеді.
Мұғалім өз пәнін терең біліп қана қоймай, оны оқытудың әдістері мен
тәсілдерін де үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Ол озат мұғалімдердің іс
тәжірибелерімен танысады. Педагогикалық оқуларға, ғылыми – практикалық
конференцияларға қатысады. Мұғалім әсіресе өз мамандығына байланысты және
жаңадан шыққан әртүрлі әдістемелік еңбектерді үнемі оқып зерттейді, тиімді
етіп пайдаланудың әдістерін, сара жолдарын іздестіреді.
Оқыту процесінің маңызды компененттерінің бірі – бақылау, баға қою
және есепке алу. Бұл ұғымдардың әрқайсысының өзінше мәні және ерекшелігі
бар. Олар оқу тәрбие процесін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына
байланысты.
Бақылау – бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс
әрекетін меңгерудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен
қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық педагогикалық мәні
оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне,
қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау
үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылаупроцесінде мұғалім оқушыларға
ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі тиіс. Егер кейбір кейбір сқушы
тапсырманы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі, өрескіл сөздер айтып
ескерту жасауға болмайды.
Сабақтың барлық сабақтың кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыфларды
іс - әрекетіне ынталандыру және олардың белсенділігін дамыту тиіс.
Бақылаудың процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі
бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алу өте қажет. Осыған
байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады. Олар тақырыптық
бақылау, тарулар бойынша оқтын – оқтын бақылау,қорытынды бақылау.
Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасында белгілі тақырыптар бойынша
өткізіледі. Сабақтың тақырыбы жіне әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың
білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге,мұғалім жаңа
тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен
толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамалардығ ,ылымиережелерді оқушылардың
есіне салады.
Тараулар бойынша оқтын – оқтын бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу
бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бақылаудың
мақсаты оқу бағдарламасы негізінде бақылау жұмыстары және түрлі техникалық
құралдар (оқыту машинасы. Компьютер, электронды есептеуіш машинасы т.б.)
арқылы әрбір тоқсанның аяғында пәндер бойынша оқушылардың алған білімінің
көлемін және сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау.
Қорытынды – пәндер барлық бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау
процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады,
оқушылардың жыл бойында алған теориялық және практикалық білімдері
анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың
жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан
педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығады. Бақылау
әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері
байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және
графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап
бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы
бағдармалап бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдармалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және
бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық
білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша
20 – 25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын
жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған
сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға
сәйкес келеді.
Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды
оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір
сыныпта оқушылардың оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұзтазы, ақылшы
кеңесшісі болып саналады.
Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған
сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқущының ата – аналарын және
жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген
талаптарын отртақтастырып отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын қоғамның
белсенді және сапалы құрылысшылары етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын,
адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің, жан – жақты
жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен
тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс.
Сынып жетекшенің міндеті – сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие
жұмысы өзінің мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені
ұйымдастыратын басты тұлға – мектептегі сынып жетекшісі.
Халқымыз қадым заманнан ұзтазды ерекше құрметтеген десек, Ыбырай
Алтынсарин, Спандияр Көбеев, кезінде жаппай сауаттандыру жұмыстарының басы
– қасында жүрген Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынұлы сынды
зиялыларымыздың ұзтаздық абыройлары асқақ, беделі жоғары екендігін білеміз.
Кеңестік дәуір деген атпен тарихта қалған өткен кезеңде де ұстаз
мамандығына деген қызығушылық басым болды. Мектеп қабырғасында жүргенде
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кім болам? атты шығарма
жаздырды. Ол кезде 9 сыныпта оқитынмын, рйланбастан ұстаз боламын деп
жазғаным әлі есімде.
Қазіргі кезде мұғалім мәртебесі жайлы жиі әңгіме қозғалып жүр. Бедел
сатып алатын дүние – мүлік емес, ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЕШЕНДІК ӨНЕР ТҮРЛЕРІ
Бала тәрбиесі және отбасы
Бастауыш мектеп кезеңі
Мағжан жұмабаевтың тәрбие туралы көзқарасы
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны
Мағжан Жұмабаев - қазақтың ұлы ақыны
Еңбек тәрбиесі
Қазақ салт-дәстүрлері
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
Пәндер