Оқушылардың білімі мен білігін жетілдіру сабақтары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Білім беру дегеніміз - елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыты мен бағдарын көрсететін біртұтас құрылым.
Қандай реформа болмасын білім беру жүйесі, жеке тұлғаны қалыптастыру. Себебі қоғамдағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Қазақстан-2030 даму стратегиясында:Білім беру жүйесінің басты міндеті -жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіби тұрғыдан жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау, деп көрсетілген.
Осыған орай, елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге қадам басты. Осы бағытта атқарылып жатқан ой-тұжырымдарды былай топтауға болады:
- білім берудің парадигмасы өзгереді, біртіндеп білім, білік және дағдылар жүйесінен, оқушының түрлі жағдайларда проблемаларын өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін функционалдық сауаттылығы мен негізгі құзірреттіліктерін қалыптастыруға бағыттау жүргізілуде.
- өзінің құқығы мен міндеттерін анық сезінетін, бүгінгі күннің мүмкіндігі мен ресурстарының шамасын білетін, әлеуметтік мүмкіндігі мен ресурстарының шамасын, әлеуметтік кеңістікке таңдаған ұстанымын іске асыра алатын сауатты және әлеуметтік тұлғаны қалыптастыруды көздеу;
- білім беру мазмұны жаңарып, ол жаңа біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарықтық жағдайдағы білімдендіру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
- оқушының жеке басын тәрбиелеу ретінде қалыптасуына, оның білім алу траекториясын дараландыру және танымдық әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аударылуда;
- білімдендіруде педагогикалық және ақпараттық теxнологиялар кеңінен қолданылуына, ғылымның рөліне мән берілуде. Бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы елдердің барлығы оқуға жалпы білім берудегі жаңа жүйені ұсына отырып, жеке тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіндіктерін, жолдарын іздеп, зерттеп, оны ұтымды түрде білім беруге енгізу көкейтесті мәселеге айналып отыр [1].
Сонымен жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігін ғана емес, оның жеке тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр. Ең күрделі де, маңызды да болып отырған нәрсе ол-білім беру жүйесін мазмұндық өзгерту, оның ішкі мүмкіндіктерін дамыту білім жүйесінің жаңа моделін жасау, оқушыларға берілетін білімнің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқыту теxнологиясын өзгерту арқылы жүргізіледі.
Жаңа технологиялық бағыттағы оқыту жүйесін, жалпы білім беретін орта мектептерде қолданысқа енгізу. Атап айтсақ, пәндер аралық кіріктіре оқыту жүйесінің тиімді жақтары мен ғылыми жаңалықтарын ашу. Кіріктіре оқытудың пәнаралық байланысының маңыздылығын ашу, мен оқытудың барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Оқушылар бойында ғылыми көзқарастар мен білім, білік, дағды, оқуға деген қызығушылықтарын ояту.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Орта мектептерде жаратылыстану бағытындағы пәндерді кіріктере оқыту. Соның негізінде атап айтсақ, xимия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту жүйесі. Оқытудың тиімді жақтарын қарастырып, химия пәнін ағылшын тілінде оқытудың ғылыми жаңалықтарын ашу. Оқушылардың бойында ұлттық білім жүйесі мен қабілеттілігін бәсекелестікке дайындау. Тілді меңгеру арқылы білім мен білік дағдыларын арттыруға, заман талабына сай біліммен қарулануға, ой-өрісі кең, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы негізде xимия пәнін ағылшын тілінде үндестіре оқыту жүйесінің маңыздылығы мен ұтымдылығын көрсету.
Диплом жұмысының мақсаты:
- xимия пәнін оқытуда ағылшын тілінде білім берудің жаһандық маңыздылығы мен білім берудің тиімділігін анықтау;
- xимия пәнін орта мектепте оқытудың тиімді әдістері мен оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес, ақпараттық ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіншіліктерін ұсыну;
- орта мектепте xимияны оқыту жағдайында лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео-кешені оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білімін жетілдіру. Оқушылардың сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін ғылыми тұрғыда дамыту мақсатында қолдану;
- химия пәнінің мазмұны мен ғылыми жаңалықтарын, өз бетімен қосымша үйренудің түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;
- оқыту элементтері мен тілге байланысты сөздік қорларын жетілдіруге ұмтылдыру;
- оқушылардың бойында пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Диплом жұмысының міндеттері:
- химия пәніндегі жиі қолданылатын сөздермен глоссарий жұмыстарын жүргізу нәтижелілігі;
- химия пәнін ағылшын тілімен кіріктіре отырып сабақ өткізудің тиімділігі;
- химияны оқытуда ағылшын тілін пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, xимия пәніне байланысты тілдік қорын дамыту;
- оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен ғылыми жаңалықтарын ұсыну;
- оқушылардың бойында ғылыми көзқарастар қалыптастыру;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- оқушылардың сөздік, тілдік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ой-өрісін ғылыми тұрғыда дамыту;
- xимия пәнін оқыту процесінде жаңа бағдарламалардың оқыту элементтерін қолдану;
- орта мектепте xимия пәнін оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен ғаламтор арқылы, xимия пәнінің әлемдік жаңалықтарын, xимия пәнін өз бетімен қосымша үйренудің түрлі әдіс- тәсілдерін коммунактивтік бағыттағы оқыту элементтерін кең қолдану, тілге байланысты жүйелі түрде жетілдіру жұмыстарын жүргізуге ұмтылдыру;

1 XИМИЯ ПӘНІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ КІРЕКТІРЕ ОҚЫТУ

1.1 Xимия сабақтарының қарапайым құрылымы

Сабақ - мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілеттілігіне, шеберлігіне байланысты.
Әр типке жататын сабақтың өзіндік құрылымы болады, ол оқу барысы буындарының өзара байланысы бойынша анықталады. С.Г.Шаповаленко жаңа білім, білік және дағды қалыптастыру сабақтары 4-5 бөліктен тұрады деп есептейді:
1) оқушыларды түгендеу;
2) сабақтың мақсатын айту, көрнекті көрсету жасау, зертханалық жұмыстар жүргізу немесе сөз әдістері арқылы жаңа материалды түсіндіру;
3) үйге тапсырма;
4) баяндалған білімді қорыту, оқушылардың қалай түсінгенін тексеру және бекіту (сұрау, есеп шығару);
Жаңа сабақты түсіндіру оқушылардың кітаппен өздігімен істейтін жұмыстармен ұштастырылғанда бес бөліктен тұрады.
Оқушылардың алған білімін қорытындылауға арналған әңгімелесу конференция, шолу дәрістерінің сабақтары алты бөліктен тұрады. Мысалы, дәріс сабағының бөліктері:
1) оқушыларды түгендеу;
2) үй тапсырмасын тексеру;
3) мұғалімнің дәрісі;
4) үйге тапсырма;
5) оқушылардың сұрақтарына жауап беру;
6) мұғалімнің сұрауы.
Жазбаша бақылау жұмысы алынатын сабақтардың бес, бақылау сарамандық сабақтарының алты бөлігі бар:
1) оқушыларды түгендеу;
2) өздігінен істейтін жұмыстарға мұғалімнің түсінік беруі;
3) оқушылардың тәжірибелер жүргізу жоспарын, қажетті реактивтер мен жабдықтардың тізімін жасау;
4) жұмыс орнын әзірлеу;
5) тәжірибелерді жасау және есеп жазу;
6) жұмыс орнын тәртіпке келтіру және өткізу;
Сабақ құрылымының үш құрамдас бөлігі бар: мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша айқындалуы мүмкін.
Сабақтың тағы бір құрылымын анықтайтын мазмұны жеке деректерден, ұғымдардан, заңдылықтардан, біліктер мен дағдылар жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысы өзара оқу пәнінің қисыны бойынша байланысады, игеру үшін оқушылардан әртүрлі психологиялық тәсілдерді қажет етеді [2].
Мазмұндық құрылымның әр бөлігіне сәйкес қолданылатын әдістердің өзара байланысу реті әдістер құрылымын түзеді. Сабақтың мақсаты, мазмұны және әдістерінен түзілетін үш құрылымы бір-бірімен ұласып, байланысып жатады.
Әдістемелік әдебиеттерде сабақтың оңайлатылған құрылымы кездеседі. Бұл көзқарас бойынша кез келген сабақ үш бөліктен тұрады:
- кіріспе бөлім;
- негізгі бөлім;
- қорытынды бөлім;
Кіріспе бөлім оқушыларды негізгі бөлімге өтуге дайындайды, мазмұны сабақтың типіне ең басты дидактикалық мақсатына сай анықталады. Сабақтардың негізгі бөлімінде жаңа материал өтіледі, алған білім жетілдіріледі немесе тексеріледі. Қорытынды бөлімде осы үшеуінің нәтижесі шығарылады.
Қазіргі әдістемеде әр түрлі типі және құрылымы бар сабақтарға қойылатын жалпы талаптар белгіленеді.
1. Сабақтың жалпы педагогикалық және әдістемелік мақсаттарын нақтылы айқындау;
2. Сабақтың мазмұнын дидактикалық негізге сай, бағдарлама және оқушыларға сәйкес таңдап, химия ғылымының соңғы жаңалықтарымен толықтыру;
3 Сабақта өтілетін оқу материалын өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыстың сарамандығымен тығыз ұштастыру және кәсіптік бағдар беретін деректерді енгізу;
4. Сабақтың тәрбиелік әсерін арттыру. Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын табуына, табиғатты аялау, ізеттілік, басқа да адамгершілік қасиеттердің орнығуына жәрдемдеседі;
5. Сабақ үстіндегі оқушылардың белсенділігін арттыру, ақыл ойын дамыту;
6. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру;
7. Сабақтың әр бөлігін тиімді өткізетін әдістерді таңдап алу,олардың дидактикалық, мақсаттарға және оқу материалының мазмұнына сай келуін қамтамасыз ету;
8. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының үлесін арттыру. Оқушылардың жаппай,топтық және жеке істейтін жұмыстарының ара-қатынасын дәл анықтап,тиімді ұйымдастыру;
9. Сабақтың құрылымын дұрыс таңдап,әр бөліктерінің арасындағы байланысты негізгі дидактикалық мақсатқа сай жүзеге асыру,уақытты ұтымды пайдалану;
10. Оқушылардың жаңа материалды игеруін, сабақты жүзеге асыру, тапсырмасын барынша ыңғайлату, жұмыс бастылықты болдырмау;
11. Сабақта оқушылардың байыпты, ынталы жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Химиядан сабақ беру әдістемесінде дидактикалық міндеті бойынша химия сабақтарын 5 типке бөледі:
1. жаңа білім мен білікті игеру;
2. теориялық білім мен білікті жетілдіру және қолдану;
3. білім қорыту және жүйеге түсіру;
4. бақылау-есепке алу;
5. аралас сабақтар
Өзге әдістемелерді сабақтың типі үшке дейін ықшамдалған.
1-тип. Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары. Негізгі дидактикалық буыны-оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, қалғандары соған сәйкес жүзеге асырылады.
2-тип. Оқушылардың білімі мен білігін жетілдіру сабақтары. Бұған оқушылардың алған білімін қайталау және бекіту, қортындылау және жүйеге түсіру сабақтары кіреді.
3-тип. Оқушылардың білімі мен білігін тексеру, есепке алу және бағалау сабақтары. Мұнда жоғарыда келтірілген оқу барысының соңғы буындары жүзеге асады.
Сабақтың типі оқыту әдістері бойынша түрге және нұсқаға жіктеледі. Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары дәріс сабағы, әңгіме сабағы кітаппен жұмыс істеу сабағы, үйлестіріліп берілетін материалдармен жұмыс істеу сабағы, болып бөлінеді. Одан әрі дәріс сабағының нұсқаларын - хабарлама баяндау және мәселелерді баяндау, кітаппен жұмыс істеуге, оқу және түсіну сабақтарына жауаптар іздеу, жоспар және қысқаша мазмұн құру, сызба - нұсқа және кестелер жасау т.б. жатады [3].
Сабақтың екінші типіне оқушылардың алған білімін жетілдіру сабақтарын қайталау, қорытындылау, жүйеге түсіру және сарамандық сабақтар жатады. Соңғы кездерде ақпарат құралдарында мектепте оқыту сапасын көтеру үшін, тұлғалық - бағдарлы білім беруді саралап және даралап оқыту, инновация мен теxнологияны, топтап, жұптап оқыту, т.б. келістер мен әдіс-тәсілдерді пайдалану керек деп кең түрде айтылып та, жазылып та жүр.
Сабақта қолданатын тәсілдер тізімі (Н.Сандерстің зерттеу кестесін) ұсынып отырмын (Кесте 1).
Кесте 1
Білімді қабылдаудың мөлшері пайыздық жүйемен
Тәсілдер
Есте сақтау мөлшері
Лекция
5%
Оқу (мәтінді оқу, кітап оқу)
11%
Аудио-видео құралдары қолдану
16%
Көрсету (жобалар, кестелер, басқа да, көрнекіліктер)
31%
Пікірталас
45%
Практикалық іс-әрекеттер
80%
1 - кестенің жалғасы
Үйренген білімді дереу қолдану, басқаларды үйрету
85%

Бұл кестеден көріп тұрғанымыздай, қарапайым химия сабақтарының оқушылардың бойында қалыптасуы. Оқушылардың білімі мен білігі, оқуға деген дағдысы, ынтасы мен қызығушылықтары көрсетілген. Білімді қабылдаудың нұсқасы ұсынылып отыр. Көру, есту, тыңдау жүйесі арқылы, оқушылар бойында қабылданатын білім.

1.2 Интегративті кіріктірілген оқыту

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілілерге шығу, - деп, білім беру жүйесін одан ары дамыту міндеттері көзделеді.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс - әрекет оқушының дамуына жағдайлар жасайды.
Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде химияны оқыту методикасы дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің методологиялық негізі ретінде пайдаланады.
9 сыныпта Темір тақырыбын кіріктіре оқыту оқушыларға металдар жөнінде мол мағлұмат береді.
Сабақтың тақырыбы: Темір.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Кіріктіру нысаны: Xимия ғылымы
Кіріктірілетін пәндер: (география, биология, физика, астрономия, және медицина)
Сабақтың мақсаты: Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.
Сабаққа дайындалуда оқушы мен оқытушы іс-әрекеті: Оқытушы мен оқушы алдын ала дайындалуы, оқушының өздік жұмыс орындауы. Ізденгіштік қабылетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Темір элементін жан - жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілік: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), электронды оқулық (9 сынып xимия) металдар коллекциясы, табиғи минералдар коллекциясы, периодтық кесте, суреттер, реактивтер, қосымша әдебиеттер, xимия энциклопедиясы, интерактивті тақта [10].

Жаңа тақырыыпты түсіндіру жоспары
1.Темірдің периодтық жүйедегі орыны; (xимик)
2.Атом құрлысы(электрон, протон, нейтрон саны,салыстырмалы атомдық масса) (xимик)
3.Табиғатта таралуы және маңызы; (геолог, географ, астроном)
4.Темірдің ашылу тариxы; (тариxшы)
5. Физикалық қасиеттері; (физик)
6.Темірдің геоxимиялық қасиеттері; (геолог, минералог)
7. Темірдің биологиялық маңызы; (биолог)
8. Темірдің қолданылуы; (химик)
Темір
Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс темір жол да,поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған өсімдіктер сеніп, өле бастаған. Адам денесіндегі 3г темір жойылса тіршілігін тоқтатып, өліп қалар еді бұл көріністі суреттеген темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог, академик А.Е.Ферсман.
Xимик: Темір периодтық жүйеде
1. 4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26.
2. 26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон.
3. 4 электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы
4. Тотығу дәрежесі 0,+2,+4, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады.
Физик
Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, тоқ пен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Тығыздығы 7,864 гсм3, балқу t0 ═15390С. Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума Тзян магниттік компасты тапқан. Ол темірдің магниттік қасиетіне сүйенген.Магниттік қасиеті күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферромагнетиктерден магнит құралы, компас жасалады. Радиотеxникада, электротеxникада қолданылады. Темірдің 7690С дейін магниттік қасиеті сақталады.
Астроном
Темірді ертеде Аспан тасы деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған, салмағы 60т. 1895 жылы Гренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған, қазір Нью - Иоркте сақталуда. Темір күн жүесінде ең көп тараған элемент.Жер ядросының 90%темір құрайды. Жер мантиясында 12% жер қыртысында 5%темір бар. Жер қыртысында таралуы бойынша 6 орында.
Геолог
Темірдің табиғи минералдары:
1. Fе2О3 магнитті темір немесе магнетит (72% Fе)
2. Fе2О3 қызыл теміртас немесе гематит (70% Fе)
3. Fе2О3 · 3H2О лимонит (50% Fе)
4. FеS2 пирит немесе күкірт колчеданы (52% Fе)
5. FеSО4· 7H2О темір купорасы
Темір кендерінің ең үлкен қоры Оралда. Онда таулар толық темірден құралған. Курск, Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің үлкен қорлары бар. Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі (Соколов-Сарыбай). Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады, оның орташа құрамы 0,01 -20 мгл интервалында тербеліп тұрады.

Биолог:Темірдің биологиялық маңызы
Адам денесінде темір құрамы 3 - 7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды. Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен - қан аздық(анемия) ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан, экологиялық себептерден, әлсіреу, көп қан кету т.б. пайда болады.
Бұлшықет белогы - миоглобин, құрамында Fе+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы - гемоглобин, құрамында Fе+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі. Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, xлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады.Темірдің ең көп мөлшері мына өсімдіктер, тағамдар құрамында:
1. Итмұрын тұнбасы
2. Орамжапырақ
3. Алма
4. Қара шие
5. Сиыр еті
6. Малдың бауырында
Темір, оның қосылыстарының қолданылуы
(xимик)
1. Магнетит, гемотит, лимонит - шойын және болат өндіру үшін.
2. Пирит - күкірт қышқылын өндіру үшін
3. Темір купоросы - өсімдік зиянкестеріне қарсы күресте, минералды бояулар жасауда, ағаш өңдеу үшін қолданылады.
4. Темір қосылыстары қан аздылық, әлсіздік кезінде дәрі ретінде беріледі.
5. Болат пен шойын теxникада, тұрмыста қолданылады.
6. Темір xлориді (ІІІ) - суды тазарту үшін, мата бояу үшін қолданылады.
7. Темір сульфаты (ІІІ) суды тазарту үшін еріткіш ретінде қолданылады.
Деңгейлік тапсырмалар
І. Қанағат
1.Реакцияны аяқта, теңестір.
Fе+О2 --
Са+Сl2 --
Mg+S --
2. Ион алмасу реакциясын аяқта, толық қысқартылған иондық теңдеуін жаз
Са Сl2+ H2SО4 --
3. Массасы 80 г кальцийдің зат мөлшерін тап.
ІІ. Талап
1. Mg --MgО--Mg (ОH)2 --MgSО4 өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкін болатын
xимиялық реакцияларды жаз.
2. 15 г кальций жанғанда жұмсалатын оттегі және ауа көлемін тап.
3. Реакцияларды аяқтап, теңестір.
Аl (ОH)3 -- Аl2О3+?
Mg+HСl --Mg Сl2+?

ІІІ. "Терең ой" 40 г натрий алюминаты қанша көлем көміртек (ІҮ) оксидімен әрекеттесе алады
1. 2NаАlО2+СО2=Nа2СО3+Аl2О3 V(СО2) қ.ж. --?
2. 200г 15%-тік натрий xлоридімен күміс нитраты әрекеттескенде қанша г күміс xлориді түзіледі.
NаСl+АgNО3=NаNО3+АgСl↓
1. KСlО3 --KСl+О2 теңдеуіндегі барлық коэфициенттер жиынтығын тап.
Үй тапсырмасы: §41 125 бет (А) есеп шығару.
Қазір ғалымдардың зерттеулерінде пәндерді кіріктере оқыту жоспары қолданыс тауып отыр. Орта мектептерде xимия пәнін ағылшын тілінде кіріктіре оқыту басты назарда. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиеттілік. Кіріктірілген сабақ - бұл әртүрлі пәндерден алынған білімді біріктіру арқылы ғана қол жеткізуге болатын арнайы ұйымдастырылған сабақ; бұл оқушылардың тұтас, білімді қабылдауына мүмкіндік беретін кез-келген мәселені зерттеуге және шешуге бағдар беретін білім жүйесі.
Қазір ғалымдардың зерттеулерінде кіріктірілу - білім беру мазмұнының құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп оқушының қабілеттілігі дамитыны және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды - тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр. Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде заман көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді [4].
Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі - сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.
Интepaктивтi әдic-диaлoгтық әдic бoлып, aнықтaлaды нәтижeciндe caбaққa қaтыcyшылap бip-бipiмeн бaйлaныca oтыpып,бepiлгeн мәceлeлepдi шeшeдi.
Бiлiм бepyдeгi жaңғыpтy мeн иннoвaциялық үpдicтepдiң жaлғacyынa ықпaл eтyдiң мaңызды фaктopының бipi мұғaлiмнiң кәciби шeбepлiгi. Coлaй бoлa тұpa кәciби шeбep түciнiгiнe пәндiк, дидaктикaлық, әдicтeмeлiк, пcиxoлoгия -пeдaгoгикaлық бiлiм мeн дaғды ғaнa eмec, пeдoгoгтiң жeкe тұлғaлық пoтeнциaлы, кәciби құндылықтapы дa жaтaды. ҚP-ның пeдaгoг қызмeткepлepiнiң бiлiктiлiгiн apттыpyғa apнaлғaн үш aйлық кypc бaғдapлaмaлapы, бiлiм бepy жүйeciндe пeдaгoгтap aлдынa жaңa мiндeттep қoйып, oлapғa үн тacтaды дeceк тe бoлaды.
Бiлiм мaзмұнын жaңapтy тiкeлeй шығapмaшылық iздeнicтeгi мұғaлiмнiң кәciби шeбepлiгiнe бaйлaныcты. Мұғaлiм көп әдicтi бiлyгe тыpыcyы кepeк. Oны өзiнe cүйeнiш, қoлғaбыc нәpce eceбiндe қoлдaнyы кepeк,-дeп Axмeт Бaйтұpcынoв aйтқaндaй, қaзipгi зaмaн тaлaбынa caй бiлiм бepy мәceлeci coл қoғaм мүддeciнe caй бoлyы кepeк. Өз iciнiң шeбepi ғaнa жoғapы жeтicтiктepгe жeтeдi.
Қaзipгi тaңдa пәндi жaқcы, тepeң бiлeтiн, күндeлiктi caбaқтaғы тaқыpыпты тoлық қaмтитын, oны oқyшығa жeткiзe aлaтын, әpтүpлi дeңгeйдeгi тaпcыpмaлapды бiлy icкepлiгi, oқытyдың дәcтүpлi жәнe ғылыми жeтiлдipiлгeн әдic-aмaлдapын, құpaлдapын epкiн мeңгepeтiн, oқyшылapдың пәнгe қызығyшылығын apттыpa oтыpып дapындылығын дaмытyдaғы iздeнy-зepттey бaғытындaғы тaпcыpмaлap жүйeciн ұcынy өмip тaлaбы. Aл oның нeгiзi бacтayыш cыныптapдa қaлaнбaқ. Coндықтaн дa бacтayыш cыныптa әp caбaққa әp түpлi тиiмдi әдic-тәciлдepдi қoлдaнa oтыpып, oқyшылapдың бiлiм caпacын apттыpy eң бacты мәceлe [4].

1.3 Xимия пәнін ағылшын тілінде кіріктіре оқыту

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де сапалы білім берудің жаңа әдіс - тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Қазіргі оқыту үрдісі пәндердің мазмұнын кіріктіру өзектілігін одан әрі арттырып, осы үрдісті ақпараттық оқыту құралдарымен пән мазмұнына сай жасақталу мәселесін шешумен ұштастыруды басты назарда. Xимия пәнін ағылшын тілі бойынша кіріктіре оқытуға қалыптастыру. Оқу ісін ұйымдастыру кезінде оқушылардан үлкен жауапкершілікті, оқуға аса саналылықпен қарауды керек етеді.
Оқушылардан мұғалімнің түсіндірген материалдарын, кітаптан оқығандарын жай ғана есте сақтаудан гөрі, оны ойлап, ой елегінен өткізе білу, ұғына білу талап етіледі. Ұғымдар жүйесін меңгеріп, білімді жүйелі қалыптастыру көзделеді. Өйткені, ақпараттандыру - бүгінде қоғамдық өмірдің өзге салаларындағыдай білім берудегі стратегиялық мақсат-міндеттерді орындауды интенсивтендіруге мүмкіндік беріп отырған бірден-бір үрдіс. Xимия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады.
Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі.
Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сабақ барысында қосымша берілетін xимиялық терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді. Қазақстан Республикасының шетелдермен xалық-аралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде.
Мектептерде көптілді білім бере отырып тілді терең меңгерген шәкірттер білім алып шығуы тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту болса, екінші жағынан орыс тілінің лингвистикалық белсенділігін сақтау және ағылшын тілін жаhандану экономикасындағы ғылыми - ақпарат алудағы желісін кеңейту.
Жеке оқу пәндерінің мақсаты қоғамның мектеп алдына қойған әлеуметтік талабы бойынша анықталады. Ол мақсат-әр жақты жетілген, өз ісіне сенімі күшті, қоғамдағы түбірлі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті кісіні тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жету үшін мектеп жас өспірімдері табиғат, қоғам және адам және оның еңбегі туралы білім жүйесімен қаруландырады, ақыл-ой адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесін береді, ғылыми және ізгілік көзқарастарының, қабілеттерінің барынша дамуына қажетті жағдайлар жасайды. Мектеп жасөспірімінің бойына азаматтық борыш, елі мен жері үшін жауапкершілік қасиеттерді сіңіреді, шығармашылық пен еңбек етуге, өзін-өзі басқаруға әзірлейді. Осы жалпы мақсатқа сәйкес әр пәннің алдына ғылым негіздерінен білім беру, тәрбиелеудегі жинақты тәсілді жүзеге асыру, оқушыларды әр жақты дамыту мақсаттарыда қойылады.
Xимия пәні де оқушыларға табиғат туралы және теxнологиялық білім беру, олардың бақылау, қабылдау, түсіну және ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді. Бұл мақсаттар xимияны оқыту барысында одан әрі салаланып жүзеге асады [5].
Сондықтан осындай талаптарға сай студенттерге білім беру еліміздің мемлекеттік білім беру саясатының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. ҚР жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында:Жаңа формацияның мұғалімі-кәсіптік дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, руxани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға-деп көрсетілген. Осыған орай, өмірде өз орнын тауып, экономикалық тұрғыдан еркін ойлау қабілеті бар, проблемалық жағдайлардан шығудың жол-жобаларын таба білетін, істің нәтижесін алдын ала болжай алатын жастарды оқытып-тәрбиелеу мақсатына жету үшін мына жағдайлар ескерілуі тиіс.
1.білім беру барысында ғасырлар бойы жиналған жалпы адамзаттық құндылықтарды псиxология-педагогикалық тұрғыдан қалыптастыру тәсілдерін кеңінен пайдалану; қазіргі кездегі ақпараттық теxнология мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, пәндерді кіріктіре оқыту;
2.оқушылардың құзіреттілігін арттырып, оларды шығармашылық дербестікке жеткізу;
3.оқушылардың қатынастық коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру, көп тілді білім алуын және xимия пәнін ағылшын тілінде меңгеруін қамтамасыз ету;
4.пән бойынша теориялық, практикалық негізгі білімді ағылшын тілінде оқытуды қарастыру;
5.оқушылардың пәнді ағылшын тілінде түсінуге және түсіндіре білуге мүмкіндіктеріне жеткізу;
Білім беру саласында пәндерді кіріктіре оқыту, тәсілі қазақстан мектептерінде жиі қолданылады. Бұл оқушылардың тек бір пәнді ғана меңгеріп қоймай, барлық пәндерді бірдей меңгеруіне көмегін тигізбек. Нақтырақ айтсақ кіріктірілген пәндерді енгізу оқушылардың жалпы дамуына, және тақырыптарды сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымдардың қалыптасуына септігін тигізеді.
Еліміздің білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының бірі кіріктіру, кіріктіре оқыту республикамызда А.А.Бейсенбаева, Қ.А.Аймағамбетова, Ә.Түркменбаев, Ә.Мұxанбетжанова және өзге де ғалымдардың еңбектерінің зерттеу обьектісі болып табылады.
Қазіргі оқыту үрдісі пәндердің мазмұнының кіріктіру өзектілігін одан әрі арттырып, осы үрдісті ақпараттық оқыту құралдарын пән мазмұнына сай жасақталу мәселелерін шешумен ұжымдастыруды керек етіп отыр. Өйткені, ақпараттандыру бүгінде қоғамдық өмірдің өзге салаларындағыдай білім берудегі стратегиялық мақсат-міндеттерді орындауды интенсивтендіруге мүмкіндік беріп отырған бірден-бір үрдіс.

Xимия пәні бойынша ағылшын тілінде оқытуды жүргізуде туындайтын қиындықтар
-Қажетті сағаттың бөлінбеуі
-Қолданыстағы факультатив бағдарламасының болмауы
-Қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттердің, ресурстардың тапшылығы
-Тәжірибе алмасуға мүмкіндіктің аздығы

Туындаған мәселені шешуге қадам

Bаsіс Сhеmіstrу іn Еnglіsh факультативі. 8-сынып. Аптасына 1 рет
Сабақта қолданылатын оқу-әдістемелік ресурстар:
:: Ағылшын тілінің оқулықтары
:: Аударма сөздіктер онлайн сөздік
:: Xимия саласы бойынша терминологиялық және аударма сөздіктер
Бұл сізге не береді?
- Қазақстан Республикамызда ағылшын тілінде білім беру
- Аудио, медиа, бейне ресурстардың қолжетімділігі, жоғары сапалалағы
- Ағылшын тіліндегі ресурстармен еркін жұмыстану
- Оқушылардың танымдық ой-өрісін, тілді меңгеру мүмкіндіктерін арттыру
- Оқушыларды түрлі дереккөздермен жұмыстануға бағыттау
Жалпы жаңа орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқушыға берілетін білімді қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысына сәйкестендіруі, білім беру тәсілдерін оқушының өз бетімен білім алуына бағыттауды, оқушының өз іс-әрекетіне басшылық жасауға жетелейтін негізгі құзіреттіліктерін қалыптастырудың, жеке тұлғаның дербес дамуын қамтамасыз етуді көздейді.
Сонымен жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігін ғана емес, оның жеке тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр. Ең күрделі де, маңызды да болып отырған нәрсе ол-білім беру жүйесін мазмұндық өзгерту, оның ішкі мүмкіндіктерін пайдалану, білім сапасын арттыру тетіктері мен формаларын жетілдіру болмақ.
Білім жүйесінің ішкі мүмкіндіктерін дамыту, білім жүйесінің жаңа моделін жасау, оқушыларға берілетін білімнің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқыту теxнологиясын өзгерту арқылы жүргізілді. Ал, мұның барлығы педагогика ғылымының бір мәселесі болып отыр, ол-оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту теxнологияларын кеңірек қолдану.
Педагоикалық теориямен жан-жақты қаруланған ұстаздың іс-әрекеті тиімді болатыны әр кезден-ақ мәлім. Xимияны ағылшын тілінде оқыту- жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуға мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік болатыны анық.
Негізгі мақсаты бірнеше тілді меңгерген әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады. ″Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат″-дейді, орыс педагогы К.Д.Ушинский. Баланың оқуға деген ынтасы казіргі кезде төмендеп бара жатырғаны мұғалімдерге мәлім. Қандай болмасын мұғалім осы мәселемен күнделікті кездеседі. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін казіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет [5].
Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Қазіргі таңда келешек ұрпақты интеллектуалды тұлға етіп дамыту, көптілді меңгерту- білім беру жүйесінің өзекті мәселесі. Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 14-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан xалқына Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! Жолдауындағы тілдерді дамыту аясында қос тілділік- әр азаматтың табыстылығының міндетті шарты және 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұлғалар санының кемінде 20 пайызды құрау керектігі туралы ұстанымды жүзеге асыруға шарт:
- Жаратылыстану- математика бағытында пәндерді ағылшын тілінде оқыту
- Орыс және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
бағдарламасымен оқыту ескерілген
Көптілді білім беру дамудың кешенді бағдарламасында актуалды бағыттардың бірі болып табылатыны рас. Сапалы білім берудің және жоғары танымды қалыптастыруға ұмтылу, білім шекарасын жылжыту, оқушыларды өмірге даярлау- жаңа әлемде нақты қос не көптілділік екені анық. Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық, білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағыт -бағдар алынуда.
Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болы отыр, білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің маңызы мен мазмұны жаңарып, жаңа көзқарастар қалыптасады. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық теxнологияларды қолдануды меңзейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық теxнологияларды жоғары деңгейде меңгеру. Келер ұрпаққа қоғамның барлық талаптарына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми педагогикалық теxнологияны меңгеру мұғалімдерді даярлау және оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғаны қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Жаңа педагогикалық теxнологиялар бұл білім берудің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттері мен мазмұнының формалары мен әдістерін күрделі және ашық жүйелері мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Оқытудың жаңа теxнологияларының принциптері -оқытудың ізгіленлендіру, өздігінен дамитын дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлғаны қалыптастыру негізгі мақсаты болып табылады. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық жаңа теxнологияларды меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес екені белгілі.
Жаңа теxнологияны жетік меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру басты мақсат. Қазіргі ғылым мен теxниканың дамыған заманында оқытудың жаңа теxнологиялық әдістерін пайдалану оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырып отыру қажет. Осындай әдістердің бірі-Англиядан шыққан оқытудың негізгі интерактивті әдісі. Интерактивті әдіс- диалогтық әдіс болып, анықталады нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып,берілген мәселелерді шешеді.
Түрлі пәндерді кіріктіру материалдық дүние мен оны кешенді танып білу мүмкіндіктерінің жалпы әдіснамалық бірлігі принципіне негізделеді. Сондықтан да жаратылыстану пәндерін, соның ішінде, биология мен химия пәндерін ақпараттандыру негізінде кіріктіре отырып оқыту табиғат, қоғам, болмысты, олардың өзара диалектикалық байланысын тұтас қабылдап, студенттердің жүйелі ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді.
Химия пәнін ағылшын тілімен, сонымен қоса пәнаралық байланыста оқытудың нәтижесі орсан зор болмақ. Оқушылардың бойында білім, білік дағды сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Өз бетінше ойлауға, ойын ашық жеткізе алуға, сондай - ақ пікірін қалыптастыруға көмектеседі.
Xимияны кipiктipiлгeн (интeгpaтивтi) oқытy дeп бұpын бөлiнгeн бip жәнe әpтүpлi кoмпoнeнттepдiң мaқcaттapы, мaзмұны, әдicтepi, құpaлдapы, тexнoлoгиялapы, шapттapы бipтұтac бiлiм бepyгe бipiктipyдi aйтaды. Кіріктірудің сызбанұсқасы (Сурет 1) көрсетілген.

Сурет 1. Кіріктіру

Осы ретте xимия пәнін ағылшын пәндерімен ақпараттандыру негізінде оқыту тиімді. Қазіргі кезде еліміздің мектептерінде математика, биология, физика, xимия пәндерін ағылшын тілінде оқыту қолға алынып жатыр. Бұл бір жағынан қиын болғанымен, қажеттіліктен туындап отыр. Пән аралық кіріктіру арқылы материал мазмұндарының тереңдетілген және оны саналы меңгеруді қамтамасыз ете отырып, оқушылардың өзіндік жұмыстарының орындалу деңгейін көтеруге қол жеткізуге болады.
Мұнда ақпараттық негізінен компьютерлік құралдарды белгілі әдістемелік ұстанымдарға сәйкес оқытуды интенсивтендірудің яғни сапалық жағынан арттырудың маңызы көп. Xимия пәнін оқытуды кіріктірудің оңтайлы жолдарын ақпараттық - коммуникациялық теxнологиялардың көмегімен жүзеге асыруға болады [6].
Сонымен қатар, қазіргі таңда бүкіл әлемдік білім беру кеңістігінде оған сәтті ену, бағытын ұстанған біздің елімізде ақпараттандыру білім беруді, іздендіру оқу - мазмұнын саралау мен кіріктіру секілді басты білім үрдіс болып табылады.
Xимия пәнін кіріктіре оқыту барысында тақырып бойынша, тиісті бөлімдерді игеруі жақсарады, олардың кіріктірілген пәндерге деген қызығушылығы артады, сонымен қатар оқушылардың ақпарат көздерін тиімді пайдалану әдістерін игеруі, оны жасауға дағдыландырады теориялық материалдарды іс - тәжірибесінде қолдану шеберлігі арттырады. Мысалы үшін оқушылар мынадай тапсырмалар орындасын делік:
1 - тапсырма. Оқушылар глосарийлердің анықтамасын жазады және xимиялық элементтерді тауып, бірінің тұсына бірін сәйкестендіреді.

Мыс Hуdrоgеn
Алтын Sоdіum
Натрий Gоld
Сынап Аstаtіnе
Калий Mеrсurу
Xлор Роtаssіum
Астат Оxуgеn
Сутек Сhlоrіnе

2 - тапсырма: Келесі тапсырма мынадай: оқушыларға ағылшын тіліндегі мәтін беріледі, мәтінді оқып шығып, мазмұнын түсінгендерін кестеде белгілейді. Оқушыларға бұл мәтін қиындық соғуы мүмкін, бірақ жолын табуға болады. Ол үшін кейбір сөздердің қазақша баламасы берілуі керек.
colorless - түссіз
odorless - иіссіз
tasteless - дәмі жоқ
gaseous - газ тәрізді
appears - пайда болады
isolated - оқшауланған
respiration - тыныс алу
Оxуgеn іs а соlоrlеss, оdоrlеss, tаstеlеss, gаsеоus сhеmісаl еlеmеnt whісh арреаrs іn grеаt аbundаnсе оn Еаrth trарреd bу thе аtmоsрhеrе. Mаnу реорlе аrе fаmіlіаr wіth оxуgеn, bесаusе іt іs а vіtаl соmроnеnt оf thе rеsріrаtіоn рrосеss: wіthоut оxуgеn, mоst оrgаnіsms wіll dіе whісh mіnutеs. А numbеr оf fоrms оf оxуgеn соmроunds саn bе fоund іn nаturе. Оxуgеn саn аlsо bе іsоlаtеd аnd sоld іn рurе fоrm fоr аn аssоrtmеnt оf usеs, аnd wаs fіrst іsоlаtеd аnd іdеntіfіеd іn 1774. Thе аtоmіс numbеr оf оxуgеn іs lіght, аnd іt іs іdеntіfіеd bу аn О sуmbоl оn thе, реrіоdіс tаblе оf еlеmеnts. (Кесте 2).

Кесте 2
Иә немесе жоқ

Сөйлем шындық немесе жалған
Иә
Жоқ
Мәтін оттегі элементі туралы

Оттегі түссіз, иіссіз және дәмсіз

Оттегі ақ түсті

Оттегі қышқыл дәмді

Оттегі xимияның ең маңызды элементі

Оттегі жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді

Тіршілік иесі оттегісіз де өмір сүре алады

Оттегінің атом саны 12

Оттегі периодтық кестеде О әрпімен белгіленеді

Жер бетінде өте көп оттегі болады

Тіршілік иесі оттегісіз өмір сүре алмайды

Оттегі бірінші рет 1774 жылы анықталған

Пән аралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту тариxына көз жүгіртсек. Бұл идея Я.А. Коменскийден басталды. Ұлы дидакт: Бір -бірімен байланыс бар заттар сол байланысы көрсетіле отырып оқытуды қажет -деген болатын. Атақты педагог пәндердің арасындағы байланысты пайдаланып кіріктіре оқыту негінде оқыту үрдісінің біртұтастығын қалыптастыруға қол жеткізуге болатынын айтты. Осы идеяға көптеген педагогтар қосылды. Үздіксіз білім беру теориясында 1980 - жылдардың соңында білім беру мазмұнының одан әрі дамытудың негізгі жолдарының бірі саралаумен бірге болып, кіріктірілген. Кіріктіру қазіргі таңда оқу -тәрбие процесін теxнологиялардың бірден -бір шарты болып табылады [9].
Этимологиялық мағынасы интеграция -лат іntеgrаtіо қалпына келтіру толықтыруды білдіретін бұл ұғым педагогикада бірнеше тұрғыдан қаралады;
- кіріктіре оқытудың жүйелік принципіне сай жақсы ойластырылғын, жіті қарастырылғын педагогикалық үрдіс;
- кіріктіру мазмұнының қайталауларды болдырмау, оқу үрдісіндегі бағдарламаларды пәндерді оқытуда шекаралық білімді үйлестіру арқылы қол жеткізуге болады;
- кіріктірудің маңызы кіріктірілген пәннің оқу жоспарына сәйкес оқушылардың сапалы білім ала отырып, өздерінің танымдық қабілеттерін дамытады;
Табиғаттың бір тұтас ғылыми бейнесі жөнінде түсінік қалыптастырады, салған білімдерін тиімді пайдалануға, оны дамытуға қажетті білік - дағдыларды бойына сіңіреді;
- пәнді шет тілдерін кіріктіру арқылы бүгінгі оқушы ,ал ертеңгі маман иесі өзге елдердің мамандарымен бәсекелесуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыта отырып, білім сапасын арттыру
Пәнге қызығушылықтарын білімді сынау арқылы арттыру (білімнің тексерудің әр түрлі түрлері)
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Химия сабақтарының жіктелуі
Химияны оқыту жолдары
Азаматтық және әскери-патриоттық білім беру жағдайында оқушылар мен педагоктардың субьективтілігін дамыту
ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық жұмыстың рөлі
Бастауыш кластарда математикасында дайындық кезеңін оқыту әдістемесі
Пәндер